Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ккккккккккккк 10 страница




Құқықтық шығармашылық – бұл құзіретті мем-лекеттік органдардың және лауазымды адамдардың, не барлық халықтың (референдумы) қабылдауы туралы (құру, өзгерту не нормативті-құқықтық актілерді жою.

Құқықтық шығармашылық – бұл қиын және жауапты процесс, олардың нәтижесі барлығына және әрбір адамға қатысты. Сондықтан, оның жолында мынандай қағидалар бұлжытпай орындалуы қажет:

· Демократизм (халықтың құқық нормасын талқылауында және құрғанда қанасуы);

· Заңдылық (құқықтық шығармашылықты іске асыру, заң жүзінде қатаң белгіленген процедураларға сай жүргізілуі);

· Кәсібилік (жазылған және қабылданған заң жобалары объективті жағынан қамтамасыз етілуі керек, ал олардың мәтіндері (текстілері) – заңды техниканың талаптарына сай болып, заң шығару процесіне қатынасушылар кәсіби негізде жауап берушілер);

· Ғылыми сипаттағы құқықтық шығармашылық (юриспруденциядағы) және басқа қоғамдық ғылымдардағы жетістктер және олармен жасалған құқық нормаларын құруға арналған әдістемелерді есепке алу қажеттігі);

· Жариялық («Қандай болмасын нормативтік-құқықтық актілер» адам мен азаматтың құқығы мен бостандығына тиісті болса қолдануға болмайды, егер олар жалпыға бірдей ашық түрде арнайы жарияланбаса» РФ Конституциясы ст. 15 б.3);

· Шығарылған нормативті актілердің құқық туралы маңызды көзқарастарға сай болуы (құқықтың заңдылықтың талаптары, т.б.).

 

Құқықшығармашылық – құқықтың қалыптасу тәсілі ретінде

Құқықтық шығармашылық — пісіп жетілген қоғамдық даму қажеттіліктеріне сәйкес, нормативтік құқықтық актілерді жасау мен қабылдау бойынша мемлекеттік органдар мен екілеттелген қоғамдық, ұйымдардың ғылыми негізделген шығармашылық қызметі.Құқық шығармашылық – бұл мемлекет органдардың заңи нормалары қабылдау, өзгерту және жоюмен байланысты қызметі. Құқық шығармашылық субъектісі ретінде тиісті өкілеттігі бар мемлекеттік органдар мемлекеттік емес құрылымдар, сондай-ақ референдумда заң қабылдаған кезде азаматтар бола алады. Құқық шығармашылық қызмет конституция, заңдар және регламентпен белгіленген көлемде жүзеге асады. Құқық шығармашылық жаңа құқық нормасын қабылдаумен өзгерістер мен түзетулер енгізу арқылы ескі заңдарды жетілдірумен сипатталады. Құқық шығармашылықтың белгілері: - ол белсенді, шығармашылық мемлекеттің қызметі; - оның негізгі өнімі – құқық нормалары; - бұл қоғамды басқарудың маңызды құралы; - құқық шығармашылықтың деңгейі және мәдениеті, қабылданған нормативтік актілердің саласы – бұл қоғамның өркениетінің және демократиялығының бір белгісі. Құқық шығармашылықтың қағидаттары – бұл құқықтық нормаларды қабылдау, жою немесе ауыстырумен байланысты қызметтің негізге алушы идея, бастаулар, ережелер, құқықты шығаратын органдар үшін бағыт. Құқық шығармашылыққа келесі қағидаттар тән: 1) ғылымилық; 2) кәсібилік; 3) заңдылық; 4) демократиялық; 5) ашықтық; 6) жеделділік. Құқық шығармашылық субъектілеріне байланысты келесі түрлерге бөлінеді: 1) референдум жүргізу барысында халықтың тікелей құқық шығармашылығы; 2) мемлекет органдардың құқық шығармашылығы; 3) жекелеген лауазымды тұлғалардың құқық шығармашылығы; 4) жергілікті өзін - өзі басқару органдарының құқық шығармашылығы; 5) локальді құқық шығармашылық; 6) қоғамдық бірлестіктердің құқық шығармашылығы. Құқық шығармашылық мәніне байланысты келесі түрлерге бөлінеді: - заң шығармашылық (жоғарғы өкілдік органның құқық шығармашылығы); - құқық шығармашылықты тапсыру (Парламенттің тапсырысы бойынша атқарушы органның норма шығармашылық қызметі); - заңға тәуелді құқық шығармашылық - бұнда норманы Президент, Үкімет, министрлік, жергілікті органдардың ұйым жетекшілерінің қабылдауы. Құқық шығармашылық қызметі екі негізгі бөліктен тұрады: бірінші, әрекеттік заңи мәнінен тәуелсіз құқық шығармашылықтың ұйымдастырушылық мәселелерінен тұрады (заң жобасын дайындау, оны талқылау). Бұнда заңның жобасын дайындауда мемлекет еркін алдын ала қалыптастыруды көздейді. Екінші, құқықтық бастауларға негіз болады, заң жобасын дайындау туралы шешімді қабылдаумен байланысты. Заңда мемлекеттің еркі ресми бекітіледі де, заң жобасы жалпыға міндетті құқықтық актіге айналады.

 

Құқық нормасын нормативтік құқықтық актінің бабына мазмұндау тәсілдері: тура, бланкетті және сілтемелі.

Құқық нормасы өзінің білдірілудегі көрінісін нормативтік құқықтық актілер бабынан табады. Алайда құқық нормасы мен құқықтық нормативтік актінің бабы бара-бар емес. Көбінесе олар бірдей болмайды яғни үйлеспейді. Құқық нормасы жүріс-тұрыстың ережесі, ол жорамал диспозиция және санкциядан тұрады. Ал, нормативтік актінің бабы - құқық нормасын жүзеге асыратын құрал. Ол мемлекеттің ерік-ықтиярын білдірудің нысаны.

Құқық нормасы мазмұн бола тұра, оның нысаны ретінде көрінетін нормативтік акт бабымен түрлі-түрлі арақатыстылықта болады.

Заң қабылдаушы жүріс-тұрыс ережесін баяндауда құқық нормасының логикалық құрылымына жататын үш элементтің бәрін де бір нормативтік актінің бір ғана бабына сиғызуы мүмкін; нормативтік актінің бір бабына бірнеше құқықтық норманын да орналастырылуы ықтимал; құқық нормаларының элементтері өр түрлі нормативтік актілердің әлденеше баптарында мазмұндалуы мүмкін; құқық нормалары элементтерін бір ғана сол нормативтік актінің бірнешелеген баптарында да баяндалуы мүмкін.

Мазмұндау тәсілі бойынша құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатыстылығы (байланысы) үш нұсқада болуы ықтимал:

а) тікелей тәсіл - құқық нормасы нормативтік актінің бабында тікелей баяндалған жағдайда осы тәсіл орын алады.

ә) сілтеме тәсіл - нормативтік актінің бабы бүкіл норманы баяндамастан, осы нормативтік актінің басқа бабына сілтеме жасағанда осы тәсіл орын алады. Мысалы, ҚР Конституциясының 45-бабы 2 тармағы;

б) бланкеттік тәсіл - нормативтік актінің бабы норманы баяндамайды және нақты бапқа сілтеме жасамайды, оның орнына, қандай бір нормативтік актінің бүкіл бір түріне сілтеме жасай салғанда осы тәсіл орын алады. Мәселен, ҚР Конституциясының 6-бабы, 3 тармағы.

Құқықтық тәртіп, оның заңмен және заңдылықпен қатынасы

Заңды нормалардың әрекет ету қалпындағы нормаларды құқықтық тәртіп деп атаған, онда саналы-ерікті жағымды құқық нормалармен реттелген және әлеуметтік маңызы бар адамдардың және олардың ұжымдарының тәртібі заңды салдарға әкеледі.

Құқықтық тәртіп әрекетте және әрекетсіздікте әрекет етуі мүмкін. Құқықтық әрекетсіздік тура сондай, тікелей сипаттағы құқықтық тәртіп және құқықтық әрекет. Мұнда ол әрекет ретінде құқыққа сай не сай емес болуы мүмкін. Мысалы, құқық субъектісінің тәртібімынадай: маңызды саналы тыйым салуды сақтау, оларды бұзу құқықтық әрекетсіздікке жатады. Адамға құқықтық ұйғарыммен тапсырылған міндетті орындамау құқыққа деген жауапсыздық болып саналады. Осыған қосымша әрекетсіздік құқықтыққа айналады (құқыққа сайлық не құқыққа сайлық емес) тек оның мазмұнын субъективтік құқыққа, құқық нормаларындағы нақтылы заңды міндеттерге не келісім шарт жағдайына (контрактіге) қосқан кезде.

Көптеген әлеуметтік тәртіп түрлерінің ішіненең алдымен өзінің құқықтық,құқықтық қосымшалығымен кеңістік қалпынан тәртіп бөлініп шығады. Ол әрекеттегі заңдардың нормаларымен қатаң реттелген және соның негізінде құқыққа сай болу мүмкіндігі бар (құқық нормаларының талаптарына сай келеді) құқыққа сай еместігі не құқыққа қарсы (құқық нормаларының талаптарын бұзушы) және заңдылық талапсыздық (құқықтың кеңістік қалпындағы, бірақ ешқандай салдар туғызбайтын және сондықтан ешқандай заңдылық бағаға жатпайтынын).

Құқықтық тәртіптің сипатты белгілеріне жататындар: әлеуметтік маңыздылығы, оның саналы-еріктегі сипаты, тәртібінің мемлекеттің тексеруінде болуы, жағымды не жағымсыз заңдылық салдардың болуы.

Сонымен, құқықтық тәртіп дегеніміз, тек құқықтық нормалармен алдын-ала белгіленген және құқықтық нәтижесі барлар. Құқықтық тәртіптің, оныңмаңызды екі түрі бар: құқықтық тәртіп және құқыққа қарсылық.

 

Құқықтық мәдениеттің түсінігі және деңгейлері

Құқықтық мәдениет – бұл экономикалық саяси, әлеуметтік және қоғамның дамуындағы рухани деңгеймен қамтамасыз етілген жалпы мәдениеттің бір түрі, адам баласында жиналып қалған құқықтық бағалылықты пайдаланудағы игерудің мүшелерін көрсетеді, себебі ұрпақтан-ұрпаққа беріледі.

Әдебиетте құқыққа, мәдениеттің неден қалыптасатыны жөнінде көптеген комплекс факторлар көрсетіледі. Ондай факторларға жататындар: құқықтық ойлау мәдениеті (құқық нормаларын білу, оларды тәжірибеде пайдалана білу); құқықтық сана мәдениеті қоғамдық құқықтық құбылыстардың табиғатын түсіну және құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеуге қажет екенін саналы түрде мойындау, құқықтық тәртіп мәдениеті (игерілген құқық нормаларына сай, саналы қылықтар жасау).

Таралу деңгейіне байланысты (әрекеттілігіне) қоғамың, топтың және ұйымның,сонымен қатар жеке адамдардыңда.

Құқықтық мәдениеттің әлеуметтік қажеттілігі, оның орындайтын функцияларынан көрінеді. Олардың негізгілеріне мыналар жатады: бағалылықтағы, танымалдылықтағы, прогностік, реттеушілік, коммуникативтік, құқықтық-әлеуметтендіру және әлеуметтік-құқықтық шындыққа ықпал жасайтын бағыттар.

Құқықтық мәдениетті қалыптастыру процесінің негізгі бағыттарына жататындар: іскерлікті қалыптастыру және үйреншікті тәртіпті үгіттеу нысанында – құқықтық насихат, құқықтық тәрбие, құқықтық оқыту және білім. Жеке адамның құқықтық санасы көп жағдайда, әлеуметтендіруді қалыптастырады. Ол жеке адамның мәдениетінің қалыптасуына үлкен ықпал жасайды.

 

Құқықтық тәрбие ұғымы, мақсаттары, әдістері

Құқықтың тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялык пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау -ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана өоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады.

Құқықтың тәрбие негізі отбасынан басталады. Қоғамдағы тәртіпсіздік пен қылмыстың көзі - маскүнемдік. Азғындықтың құзына итермелейтін жағдайлардың алғышарты осыдан басталады. Мектеп жасындағы жастар арасында бұл теріс құбылыстың орын алып отырғаны жасырын емес.
Оқушылардың тәртіп бұзуының бір жағы отбасында жатыр. Бізде отбасы әр қилы: маскүнемдікпен күн өткізетін, ұрыс -керістен көз ашпайтын, басқалардың, мемлекеттің есебінен арам жолға барып қалғысы келетін отбасылары бар. Осындай отбасында өскен баланың оқуға, еңбекке қалай қарайтыны өз-өзінен түсінікті емес пе? Мұндай отбасында тербиеленген бала қылмыс жасауға бір табан жақын тұрады. Арамтамақтық өмірді жақсы көреді, өзімшіл болады.

Оқушылар арасында құқықтық тәртіпті бұзушылықтың алдын-алу үшін жүргізілетін шаралар:
- тәртіп бұзушының теріс мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал ететін жағдайды жою;
- оқушының тәрбиесін, өмір жағдайын, ортасын сауықтыру;

- оқу,еңбек іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру;

- отан қорғау, туған елдің күш-қуатын молайту, сөз, баспа-сөз бостандығы мәселелері жөнінде тәрбиелік іс-шараларды откізу.

Құқықтың тәрбиенің бір үшы жыныстық тәрбиеге де байламысты екені даусыз. Көңілі сүйген адамына үйлену, отбасы құрау, бала сүю және оны бағып-қағуға қамқорлық, айырылысқан жағдайда балаларға жәрдем көрсету - бәрі де жастардың жете түсінуін, ұғынуын қажет ететін заңдар мен міндеттер. Қазіргі студент - ертеңгі маман, өндіріс жетекшісі, басшы. Демек, кәсіптік оқу орнын тәмамдаған оған кәсіби мамандықпен қатар құқықтың тәрбие де ете керек. Педагогика мен тәрбиенің халықтық ұстанымын ғылыми тұжырымдаған орыс педагогы К.Д.Ушинскийдің: "өмірде де, ғылымда да барлық халықтарға бірдей тура келетін тәрбие жүйесі жоқ. Әр халықтың ұлттық тәрбие жүйесі әр-түрлі. Өз еліне басқа елдің тәрбие жүйесін енгізу мүмкін емес, себебі халықтардың өмір сүру моделі де, тәлім-тәрбие моделі де әр басқа" дегенін қайда қоймақпыз.
Ауыл жастарының арасында құқықтық тәрбие жұмысын ұйымдастыруда олңылықтар бар. Жастар арасындағы насихат пен құқықтың тәрбие мәселесі жөнінде жоғары ұйымдары таранынан белгіленген шаралар жүзеге асырылып, қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру қажет.
Мектептер жаңа компьютерлермен жабдықталған, құқықтық тәрбие де өз жүйесін тапқандай. Мәдени шаралар жүргізуге арналған саз, құрал-жабдықтары бар.

Құқықтың тәрбие тура жолмен жүруге үйрететін әділеттілік әдістеріне сүйенеді. Адам мұндай жағдайда өзінің ар-ұятына жүгінеді.Оқушы өзінің айналасындағы адамдарды, әлеуметтік игіліктерді қате бағалауы мүмкін. Мұның өзі оның көбіне көп құқықтың тәрбиені бұзуына әкеліп соқтырады.
Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасында Отан қорғау мен оның қауіпсіздігіне ерекше мөн бергені мәлім. Қарулы күштерінің бір тармағы ретінде ішкі әскердің де іргетасы қаланды. Ішкі әскер барлық қазақстандықтардың, қарапайым азаматтардың мүддесін қорғаушы - құқықтың тәртіп әскері. Бұл мектеп, отбасы және қоғам жұртшылығының құқықтық тәрбие жұмысын жүргізудегі басты бағытының бірі - оқушылар арасында заң тәртібін бұзушылықтың алдын алу шараларын жүргізуге кең жол ашып отыр.

Құқықтың мәселелерді сөз ету, оны тыңдаушысына жеткізіп бере білу аса қиын өнер. Бүған тек қана білімді болу жеткіліксіз, сонымен бірге тәжірибелі, көпті көрген, адамдардық жүрегіне барар кілтті таба білер тәрбиеші болу маңызды.

Оқушылардың мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Осыжылдары адамгершілігі, дүниетінымы, сенімдері, ұжымшылдығы, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы, адалдығы мен шыншылдығы, қайырымдылығы мен ұстамдылығы, жігерлілігі мен батылдығы қалыптасады.

Бұлардың мазмұнына мемлекет заңдары және қоғамда өмір сүру ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімсіздік, қоғамдьщ тәртілті сақтау да енеді. Құқықтық мәдениет екі тұрғыдан қаралады:
1. Құқықтық мәселелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер әрекетін оқушының білуі.
2. Тұлғаның педагогикалық және психологиялық мәнінің құқықтық санаға әсері.
Адамның құқықтың мәдениеті күрделі. Әңгіме адам, оның санасы, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы туралы болғанда, көптеген сұрақтар туындайды.

Құқықтық қоғам демократиялық принциптерге сүйене отырып, әр адамның шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімі, ұмтылысын толық және еркін жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

 

Құқықтық тәртіп, қоғам тәртібі, олардың бір-бірімен байланысы

Қоғамдық тәртіп - адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетінің қоғамда қалыптасқан құқық пен мораль нормаларына немесе қандай да болсын ұйымның талаптарына сай келетін нұсқасы. Қоғамдық тәртіп қоғамның қалыпты тіршілік етуінің қажетті шарты болып табылады. Қоғамдық тәртіп арқасында адамдардың мінез-құлқы мен іс-қылығы тәртіпке келтірілген сипатқа ие болады. Мұның өзі ұжымдық қызметті және әлеуметтік ұйымдардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Қоғамда әрқашанда жалпыға бірдей міндетті тәртіп пен белгілі бір ұйым мүшелеріне ғана міндетті арнаулы тәртіп (әскери тәртіп, еңбек тәртібі, т.б.) жолға қойылады. Коғамдық тәртіп әрқашанда қоғамдық қатынастармен айқындалады және ол осы қатынастарды қорғауға қызмет етеді. Саналы тәртіп, пайдакүнемдік пиғылдағы және мәжбүрлі тәртіп түрлеріне бөлінеді. Саналы тәртіп — қоғам мүшелерінің мінез-құлық нормаларын терең сезініп игеруі. Тәртіпті адам қоғамдық өмірде қабылданған мінез-құлық нормаларын ұстау қажеттігін іштей түйсініп әдеп ретінде қабылдайды. Оларды сақтай алмаған жағдайда ұяттан қысылып, өзін кінәлі сезінеді. Қоғамдық тәртіп қоғам мүшелерінің жеке мүдделерінің, олардың қажеттерінің және олар орындайтын әлеуметтік мінез-құлық нормаларының бір-бірімен ұштасу дәрежесімен айқындалады. Егер бұл нормалар жеке адам іс-әрекетінің іштей құлшынысына айналмаса, онда мұның өзі мінез-құлықтағы түрлі ауытқуларға апарып соқтырады.

Құқықтық тәртіптің түсінігі. Құқықтық тәртіп- бұл субьектілердің құқықтық мінез-құлығымен сипатталатын қоғамдық қатынастар жүйесі; бұл әлеуметтік байланыстардың реттелу жағдайы, заңдылықтың шынайы қоғамдық қатынастарға айналуының нәтижесі.

Құқықтық тәртіптің ерекшелеіктері:

а)ол құқық нормаларында жоспарланған;

ә)осы нормаларды жүзеге асырудың нәтижесінде туындайды;

б) мемлекетпен қамтамасыз етіледі;

в)қоғамдық қатынастардың ұйымдастырылуына жағдай жасайды;

г)заңдылықтың нәтижесі болып табылады.

 

Құқықтық тәртіп, оның заңмен және заңдылықпен қатынасы

Заңдылықтың түсінігі және қағидалары. Заңдылық-бұл қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының құқық нормаларын қатаң түрде сақтауы.

Заңдылық үшін екі жақ тән:

а)мазмұнды жағы-бұл құқықтық, әділ,ғылыми негізделген заңдардың болуы;

ә)формальды жағы – бұл оларды орындау, себебі, орындаусыз, кемшіліксіз заңдардың болуының өзі де жеткіліксіз.

Заңдылықтың субъектілері болып қоғамдық қатынастардың барлық қатысушалары табылады, нақты айтқанда: мемлекет және оның органдары; қоғамды және басқа да ұйымдар; еңбек ұжымдары; лауазымды тұлғалар; азаматтар. Заңдылықтың объектісі болып заңды міндетті тұлғалардың жүріс-тұрысы, олардың санасы, еркі мен әрекеттері табылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-04-23; Просмотров: 1388; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.037 сек.