Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Нннннннннннннннн




Нормативтік құқықтық актілердің мерзіміне, кеңістікте, тұлғалар щеңбері бойынша әрекет етуі

Нормативтік күқықтык кесімдердін уакыт, кеңістікте және түлғалар бойынша колданылуы Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңымен реттелінеді жэне онын 7-тарауы осы імәселеге арналган. Аталмыш заңның 36-бабы бойынша зандар, Президештіңжарлықтары, Үкіметтін қаулыларында күшіне ену уақыты, мерзімі көрсетілмесе, олар жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң өзінін күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы Парламентінің жэне онын палата- ларының каулыларында күшіне ену мерзімдері көрсетілмесе, ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Казакстан Республикасы Конституциялык Кеңесінін каулы- лары кабылданган күннен бастап күшіне енеді.

Баска да мемлекеттік органдар мен Жоғарғы Соттын, жергі- лікті органдардын кабылдаған нормативтік күкыктык кесімдері өзінін мәтінінде күшіне ену мерзімі көрсетілмесе, ресми түрде жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң озінін күшіне енеді.

Нормативтік кұкыктық кесімдердің кеңістік жағынан кол­данылуы жоғарыда көрсетілген заңның 41-бабы аркылы іс жүзіне асады. Атап айтканда зан нормасы бойынша нормативтік құқықтык кесімдерде кеңістік шеңбері көрсетілмесе, Кдзакстан Республикасының барлық аумағында колданыдады және күші бар.

Нормативтік құқықтык кесіңцердің түлгалар бойышиа қол- данылуы занның 42-бабынца нақтылы бекітілген. Казахстан Республикасының нормативтік күкықтык кесімдерінін күші Қазақстан Республикасы азаматтары мен занды түлғаларына, оные аумағында шетелдіктер мен азаматгыктары жок адамдар- ға колданылады. Бұған зан кесімдеріне және Қазакстан Респуб­ликасы бекіткен халыкаралык шарттарда көзделген жағдайлар косылмайды. (Мысалы, дипломатиялық иммунитетке ие субъектілер),

Кейбір нормативтік күкыктық кесімдер тек Қазақстан Рес­публикасы азаматтарыныд кейбір бөлігін, топтарын ғана қам- туы мүмкін, мысалы, мүгедектер, зейнеткерлер, әскери қызмет- керлер, студентгер және т.б. азаматтар.

Нормативтік құқықтық актілердің жүйелілігі

Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеу – құқық нормаларын тәртіпке келтіруге және жүйеге келтіруге және бұл өңдеу оларды біртұтас келісілген жүйеге келтіруге бағытталған әрекеттер.

Қазіргі кезде нормативтік актілерді жүйелеудің мынадай түрлері қолданылады: кодификация, инкорпорация, консоли-дация.

Кодификация – мемлекеттің құқықтық-шығармашылық органдарының жаңа жинақталған, жүйеленген нормативті-құқықтық актілерді, әрекеттегі заңдарды терең және жан-жақты өңдеу арқылы құратын әрекеттері.

Кодификациялық жұмыстар – олардың терең талдануы-ның бағытына байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді: жалпыға бірдей (заңдардың көпшілік бөлігі негізгі өңдеуге жарайды және нәтижесінде жинақталған кодификацияланған актілер заңдардың негізгі сапалары бойынша құрылады); сапалық белгі – белгілі сапалық құқық нормаларын не қосымша сапалық заңдарды қайта өңдеу және біріктіру (қылмыстық кодекс, азаматтық кодекс, азаматтық іс жүргізу кодексі, т.б.).

Арнайыланған – әр түрлі нормативтік актілердегі шашыл-ған нормативтік не басқадай жекелеген құқық институтын және оларды тұтас кодификацияланған актіде біріктіру (орман кодексі, әскери кодекс, әкімшілік құқық бұзушылардың кодексі).

Кодификация – кодекстерді, уставтарды және заңдар негізін құрумен белгілі болады:

· Кодекс – құқық нормаларының қатаң түрде белгілен-ген тәртіппен заңды актілерді біріктіруші, қоғамдық қатынастардың қандай болмасын саласын (аясын) реттеуші;

· Устав (ереже) – жекелеген ведомстволардың, министр-ліктердің, ұйымдардың жұмысын реттеуші нормалары бар акті;

· Заңдардың негіздері – одақтық (федералды) мемлеке-тіне белгілі аядағы мемлекеттік басқарудағы не құқық саласындағы маңызды ережелерді белгілейтін нормативті-құқықтық акт.

Инкорпорация – жүйелеудің нысаны, бұл процесте әрекеттегі нормативтік-құқықтық актілер тұтас бір жинаққа бірігеді не белгілі тәртіппен мазмұндарын өзгертпей жинақ болады (әрекеттегі заңдарды сырттай өңдеу).

Нормативті-құқықтық актілердің инкорпорациясы субъектілеріне байланысты арнайылыққа және арнайы еместікке бөлінеді.

Арнайы инкорпорация арнайы өкілеттігі бар мемлекеттік органдармен шығарылады және өзіне тән «құқықтың қайнар көзі» ретінде қызмет етеді. Инкорпорацияның мынандай түрлері болады:

· Хронологиялық инкорпорация бұл процесте норма-тивтік-құқықтық актілердің қабылдану тәртібіне байланысты құқық салаларынан тәуелсіз топтасады (мысалы, мынандай басылымдарды «Собрание законодательства РФ», «Собрание актов Президента и Правительства РФ» әр түрлі жекелеген министр-ліктердің және ведомстволардың), жинақтардың ерекше түріне Заңдар жинағы (Свод законов) жатады.

· Пәндік инкорпорация сапалық белгі бойынша нормативтік материалды топтастыру түрінде жүргізіледі, яғни құқықтық институттар мен мемлекеттік әрекеттер аясында, т.б.

Арнайыланған емес дегеніміз – ұйымдар не жекелеген адамдар өздерінің ынтасымен және өздерінің тәрбиелік мақсаттарымен әрекеттегі нормативтік актілерді тәртіпке келтіруі. Сондықтан оны өз қызметі үшін пайдаланушылар үшін міндеттілік сипатта болмайды. Бұл заңдарды сырттай өңдеу, яғни ведомстволар, ғалымдар және тәжірибешілер қолдануы үшін жасаған әр түрлі пәндік-тақырыптық заңдардың жинақтарына анықтама шығаруы.

Консолидация – қоғамдық қатынастардың бір және бірнеше шеңберде әрекет ететін бірнеше нормативтік-құқықтық актілердің қосылып жинақталған біртұтас нормативтік-құқықтық актіге айналуы және актілердің мазмұндары өзгерусіз қалады.

Көбінесе құқықтық тәжірибеде көптеген әр түрлі кездерде қабылданып, қоғамдық қатынастардың біржақты аясын реттейтін нормативтік актілерді, сондайға өкілеттілігі бар құқықтық шығармашылық органдары не лауазымды адамдар бірге жинап, солардың негізінде біртұтас нормативті актілер жасайды. Мұндай жағдайда бұрынғы құқықтық ұйғарымдар сыртқы жағының көрінісінен өзгеріп белгілі редакциялық өзгерістерге түсетіні түсінікті, бірақ олардың бастапқы мазмұны және бағыты өзгермейді. Сонымен, нормативтік-құқықтық актілерді консолидациялау қандай болмасын қоғамдық қатынастар қалпындағы көпшілік әр түрлі нормативтік ұйғарымдарды алып тастау мақсатында және құқықтық реттеудегі бірлікті қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.

 

Нормативтік құқықтық актілер: ұғымы және жалпы сипаттамасы

Нормативтік заңды актілер – бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын, құқық нормаларынан құралған және белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар. Нормативтік актілерді нормашығарушылық құзіретке ие органдар қатаң анықталған тәртіп бойынша қабылдайды. Нормативтік құқықтық акт - бұл өкілетті орган қабылдаған, құқықтық нормалардан тұратын құқықтық акт. Нормативтік актіні қатаң белгіленген нысанда норма шығармашылық құзіреті бар орган шығарады. Оның белгілері: - нормативтік актілер мемлекеттік өкілетті органдарының бекіткен немесе халық референдумда қабылдаған нормалар; - нормативтік актілер ерікті орындалмаса, оны еріксіз орындату мемлекеттік органның міндетті; - нормативтік актілер ресми түрде, заң, қаулы, жарлық ереже түрінде шығады. Олардың заңды нысаны болады. Заң күші бойынша нормативтік актілер заң және заңға тәуелді актілер деп бөлінеді. Заң – бұл заң шығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше тәртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, жоғары заң күшіне ие және маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт. Заңға сәйкес актілер – бұл заң нормаларынан құралған, заңдардың негізінде және оларды орындау мақсатында қабылданған актілер. Оларға мыналар жатады:78 1) Президенттің құзіреті шегінде қабылданған жарлықтар мен өкімдер; 2) Парламенттің құзіреті шегінде қаабылданған қаулылар мен өкімдер; 3) мемлекеттік аумақтық және жергілікті органдардың актілері (мемлекеттік билік пен басқарудың аумақтық органдары немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары қабылдайды және осы аумақта өмір сүріп жатқан барлық тұлғаларға таралады); 4) ведомстволық актілер (белгілі бір органның құзіреті шегінде қабылданады және осы ұжымның мүшелеріне ғана таралады). Нормативтік актілер құқық шығарушы субъектісінің құқық жағдайының ерекшелігіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді: - мемлекет органдардың актілері; - қоғам бірлестігінің актілері; - референдумда қабылданған актілер; - бірлескен сипаттағы актілер. Нормативтік актілер таралу саласы бойынша келесі түрлерге бөлінеді: - республикалық; - жергілікті; - локальді. Нормативтік актінің күшінің мерзімі бойынша келесі түрлерге бөлінеді: - тұрақты; - уақытша.

Нормативтік құқықтық актілерді жариялау және заң күшіне ену тәртібі

Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк-құқықтық актілердi қолданысқа енгiзудiң мiндеттi шарты — оларды ресми жариялау. Жергілікті мемлекеттік органдардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялануға жіберіледі және интернет-ресурстарында міндетті түрде жариялануы тиіс.

Барлық заңдар, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми жариялануы оларды қолданудың мiндеттi шарты болып табылады.
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлер жинағы, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағы ресми басылымдар болып табылады. 2. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялауды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен конкурстық негiзде мұндай құқық алған мерзiмдi баспа басылымдары да жүзеге асырады.

Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауды баспа басылымдары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен және олар жариялайтын мәтiндер Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне сәйкестiк сараптамасынан өткiзiлген жағдайда жүзеге асырады.

Нормативтiк құқықтық актiлер мәтiндерiнiң кейiннен ресми жариялануының белгiленген тәртiбiнiң сақталуын бақылауды әдiлет органдары жүзеге асырады.

Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауды жүзеге асыру құқығын беру тәртiбi осы баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiнде аталған, нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау қажеттiлiгi туралы өз бетiнше шешiм қабылдайтын ресми басылымдарға қолданылмайды. 2-1. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау олар күшiне енгеннен кейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде жүзеге асырылуға тиiс. 3. Құқық қолдану тәжiрибесiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми жарияланымдары пайдаланылуы тиiс. 4. Нормативтiк құқықтық актiлердiң бейресми жариялануына олар ресми жарияланғаннан кейiн ғана жол берiледi.

Нормативтік құқықтық актінің қолданылу мерзімі

Егер актінің өзінде немесе оны күшіне енгізу туралы актіде өзгеше көзделмесе, нормативтік құқықтық акт мерзімсіз қолданылады.

Бүкіл нормативтік құқықтық акт немесе оның жекелеген бөлігі (жекелеген бөліктері) үшін уақытша қолданылу мерзімі белгіленуі мүмкін. Бұл жағдайда нормативтік құқықтық акт немесе оның бөлігі қандай мерзімде күшін сақтайтыны көрсетілуге тиіс. Актіні шығарған орган бұл мерзім өткенге дейін актінің қолданылуын жаңа мерзімге ұзарта алады немесе оған мерзімсіз сипат бере алады.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-04-23; Просмотров: 1691; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.025 сек.