Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ссссссссссссссссссс




Сот органдарының және Конституциялық Кеңестің актілері, олардың нормативтік құқықтық актілер ішіндегі орны.

Сот актісі- бұл құқықтық қолдану актісі. Мұнда құқық турулы дау немесе өзге даулы мәселені шешу үшін іс жүргізуде сотпен материалдық және процесуалдық құқық нормаларын қолданғанның аяқталғаны және қорытындысы көрінеді.

Сот қабылдайтын актілердің төрт түрі бар.

1) сот қаулысы;

2) сот шешімі;

3) сот ұйғарымы;

4) сот бұйрығы.

Сот қаулысы –бұл іс жүргізу кезінде азаматтық істі қарап және шешкен соң сот шығаратын акт. Азаматтық процесте бірінші сатыдағы сот қаулысы сотпен (жеке-дара,алқы құрамда) жасалатын іс жүргізу әрекеттерін рәсімдейтін және тікелей заң зардаптарын туғызатын сот актісі.

Заңи (іс жүргізушілік) мәні, міндеттілігі және өзге маңызды құқықтық белгілері бойынша сот актілері бір-бірінен ерекшеленбейді, яғни іс жүргізушілік нысандарына қарамастан, олардың барлығының орындалуы міндетті болып табылады.

Заңды күшіне енген мынадай сот актілері:

- бірінші сатыдағы соттың шешімі, соның ішінде сырттай шығарылған шешім;

- іс бойынша өндірісті қысқарту туралы сот ұйғарымы;

- төрелік соттың (арбитраждың) шешіміне шағымдану туралы және төрелік соттың (арбитраждың) шешімін мәжбүрлеп орындау туралы арызды қарау нәтижелері бойынша соттың ұйғарымы;

- бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертілген немесе жаңа шешім шығарған апелляциялық не­месе қадағалау сатыларының ұйғарымы, ше­шімі, қаулысы жаңадан анықталған мән-жайлар бо­йынша қайта қаралуы мүмкін.

Бірінші сатыдағы соттың өзге сот актілері (мы­салы, талап арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым, талап арызды кері қайтару ту­ралы ұйғарым, іс жүргізу мерзімін қалпына келтіру туралы немесе қалпына келтіруден бас тар­ту ту­ралы ұйғарым, сот шешімін түсіндіру ту­ралы ұй­ғарым, жеке ұйғарым және тағы басқа) жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарал­май­ды.

Заңды күшіне енбеген сот актісіне жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз беруге жол берілмейді.

Конституциялық Кеңестiң отырысында қабылданатын кез келген акт оның шешiмi болып табылады.

Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi Конституциялық Кеңестiң конституциялық өкiлеттiгiн жүзеге асыратын қорытынды шешiмдер және Конституциялық Кеңестiң өзге де өкiлеттiгiн жүзеге асыратын басқа да шешiмдер болып бөлiнедi.

Конституциялық Кеңес шешiмдерiнiң нысаны

Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi мынадай нысанда қабылданады:

1) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген құқығының құрамдас бөлiгi болып табылатын қаулылар, соның iшiнде нормативтiк қаулылар;

2) қорытындылар;

3) жолдаулар.

Конституциялық Кеңестiң шешiмдер қабылдауы

1. Конституциялық Кеңес шешiмдердi алқалы түрде қабылдайды.

2. Конституциялық Кеңес шешiмдi өз мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру арқылы, ал Конституциялық Кеңестiң тiптi бiр мүшесi талап етсе де - жасырын дауыс беру арқылы қабылдайды.

3. Егер шешiм қабылдау кезiнде Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң дауыстары тепе-тең бөлiнген болса, Конституциялық Кеңес Төрағасының даусы шешушi дауыс болып табылады, ол барлық жағдайларда өз даусын ең соңында бередi. Конституциялық Кеңес Төрағасының орнын оның уәкiлдiк беруi бойынша Конституциялық Кеңестiң тиiстi мүшесi ауыстырған жағдайда бұл ереже қолданылмайды. Бұл жағдайда Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе бастапқы дауыс беруге қатыспаған мүшесiнiң қатысуымен қайтадан дауыс беру өткiзiледi.

4. Конституциялық Кеңестiң мәжiлiсi кезiнде оның отырысқа қатысқан мүшелерiнiң ешқайсысының да қалыс қалуға немесе дауыс беруге қатыспауға хақы жоқ.

5. Конституциялық Кеңес қабылдаған шешiмдер оларға Төраға қол қойғанға дейiн дауыс беруге қатысқан Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң қолдарымен алдын ала расталады.

Конституциялық Кеңес мүшесiнiң ерекше пiкiрi

Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмiмен келiспеген оның мүшесi өз пiкiрiн жазбаша түрде бiлдiруге хақылы.

Конституциялық Кеңестiң қосымша шешiмi

1. Конституциялық Кеңес мына жағдайларда қосымша шешімдер қабылдайды, егер:

1) Конституциялық Кеңестің шешіміне түсіндірме беру туралы мәселе қойылса. Мұндай жағдайда қосымша шешім конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың не Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімін орындауға міндетті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өтініштері бойынша қабылданады;

2) Конституциялық Кеңестің шешімінде жіберілген редакциялық сипаттағы дәлсіздіктер мен қателерді түзету қажет болса. Мұндай жағдайда Конституциялық Кеңес қосымша шешімді өз бастамасы бойынша қабылдайды.

2. Қосымша шешiм Конституциялық Кеңес шешiмiнiң шынайы мазмұнына, мағынасы мен мақсатына қайшы келмеуге тиiс.

3. Қосымша шешiмдi Конституциялық Кеңес отырысында қабылдайды, отырысты өткiзу тәртiбi Конституциялық Кеңестiң регламентiмен белгiленедi.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-04-23; Просмотров: 761; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.