Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Саяси плюрализм 2 страница




2.Тұлға саясаттың субъектісі. Тұлға деп қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары қалыптастырған,саналы іс-әрекет ете алатын,өз жүріс-тұрысына жауап беретін,еңбек етіп,қарым-қатынас жасаушы,айналадағыны танып-білуші жеке адамды айтады. Субъект (лат.жату)деп белсенді іс-әрекет жасаушы,сана мен жігері бар жеке адам н/е әлеуметтік топты айтады.Саясаттың субъектісі дегенде өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып,басқалардың санасына,іс-әрекетіне,жағдайына ықпал ететін,саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін,саясатты жасайтын адам,ұйым не әлеуметтік топты айтады.Саясат субъектісінің құрамы,іс-әрекеттерінің түрлері мен тәсілдері,көздеген мақсат-мүдделері және т.б.қоғамның нақты,тарихи ағдайымен айқындалады.

3.Геосаясаттың пайда болуы және мәні.Негізгі геосаяси теориялар. Геосаясат- сыртқы саясатты географиялық факторларға(аумағына,ауа райына,қазба байлықтарына т.б.)байланысты жүргізілетін саясат.Бұл теорияның негізін қалаушы Ф.РатцельғХ.Маккиндер т.б.қоғамның экономикалық,саяси,әлеуметтік жағдайы мен даму барысы географиялық орталықтарға байланысты дейді.

1.ХІХ ғ-ғы Батыс Еуропадағы саяси ой-пікірлер. Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қатты дамыды.Онда қоғам Шғыс елдерімен салыстырғанда көп жағдайда қарама-қарсы өрістеді.Грецияда ол кезде саяси бытыраңқы күн кешкен ел еді.Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар құрды.Патшалық өкіметтің орнына аристократиялық және құ иеленушілік демократия орын алды.Билеу түрі сан алуан болатын және жиі ауысып отырды.Саяси өмір қызу өрбіді,ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді.Сондықтан олардың саяси санасы мифтан теорияға тез ауысты.

2.Саяси жүйе: түсінігі,құрылымы және функциялары. «Жүйе»ұғымын ХХғ-дың 20 ж-дары алғаш енгізген неміс биологы Л.Фон Борталанфи(1901-1972). Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп,қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін,әлеуметтік топтар,таптар,ұлттар,мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығын айтады.Зерттеушілер саяси жүйенің мынадай негізгі 4 бөлігін айтады: 1)саяси институттар мемлекет,саяси партиялар,кәсіподақтар, кооперативтер,жастар,әйелдер,т.б. ұйымдар мен бірлестіктер жатады.Бұл ұйымдардың бәрі таптық,топтық,ұлттық,жыныстық,кәсіби,жас мөлшеріне қарай және т.с.сбайланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат-мүдделерді білдіріп,қорғау үшін құрылады; 2)саяси қатынастар -оған таптардың,этникалық бірлестіктердің,тұлғалар мен қоғамның,азамат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді.Олардың басқа қатынастардан айырмашылығы мұнда олардың саяси және мемлекеттік билікке қатынасы көрініс береді; 3)саяси ережелер -олар саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды.Олардың ең маңыздысына Конституция және соған сүйенетін заңдар мен басқа нормативтік актілер жатады; 4)саяси мәдениет -ол саяси сана мен іс-әрекетте,саяси көзқарастарда,бағдарламаларда, шешімдерде,саяси ережелерге қатынаста көрініс табады.Саяси мәдениеттің реттеушілік қызметі адамдардың іс-әрекетіне және олардың ұйымдарына ететін әсерінен білінеді.

3.Қазіргі қоғамдағы биліктің бөлінуі.

1.Билік және билік қатынастары теориясы. Билік-өз еркін жүзеге асыру мүмкіндігі,адамдардың іс-әрекетіне қандай да бір амал арқ/ы ықпал жасау.Саяси биліктің қызметтеріне:қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру;оның саяси өмірін ұйымдастыру;саяси институттар;мемлекеттік басқару органдары мен аппараттары;әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару;өкімет органдары;саяси емес процестерге басшылық жасау;саяси және басқа қатынастарды бақылау және түптеп келгенде,белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін,саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты,ашық не жабық қоғамды құру,қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау;дау-дамай,миеленістерді ашып,оларға шек қою және дер кезінде шешу;қоғамдық келісімге,мәмілеге келу және т.б. Функциялары: 1) Қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру; 2)Қоғам мен мемлекетті басқару; 3)өкімет органдарына басшылық жасау; 4)саяси қатынастарды бақылау; 5)саяси шиеленістерді шешу.

2.Саяси партиялар:түсінігі,функциялары және құрылымы. Партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған,ортақ мүдде,бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады.Партиялар мен партиялық жүйелер қазіргі көптеген дамыған қоғамдарда саяси жүйенің негізгі элементтері болып табылады. Саяси партиялардың тегі ежелгі замандардан басталады. Олар құрамы бойынша шамалы және тар ауқымда тіпті Ежелгі Грекияда болды. Бастапқыда олар аристократиялық саяси үйірмелер мен клубтар ретінде болды, олардың қатысушылары билік және билікке ықпал ету саласында өзара бақталасты. Қазіргі мағынасындағы саяси партиялар алғаш Еуропада пайда болды, кейіннен әлемнің басқа аймақтарына таралды. Алғашқы көпшілік (массовые) партиялар Англияда (либералды-1861ж.), Германияда (Жалпы Герман Жұмысшылар Одағы -1863ж.) пайда болды. ХХІ ғасырдың соңында бұқаралық партиялар негізінен социал – демократиялық бағыттағы партиялар Батыс Еуропаның көпшілік елдерінде қалыптасты.Саясаттанушылар көпшілік саяси партиялардың пайда болуының негізгіекі себебін атайды:1. Саясатқа қатысу саласын елеулі түрде кеңіткен жалпыға бірдей сайлау құқығының таралуы. 2. Тап тартысы, жұмысшы табының ұйымдық дамуы, ол өз партиясын құра бастады.Оған қарсы саяси партиялар да пайда болды. Партиялық жүйе деп мемлекеттік мекемелерді қалыптастыруға шынымен мүмкіндігі бар,елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алатын саяси паритялар жиынтығын айтады.Ел ішінде қанша партиялар болуы және олардың қайсысы партиялық жүйеге енуі сол елдің тарихи дәстүріне,әлеуметтік-экономикалық шиеленістер сипатына,негізгі әлеуметтік күштердің арасалмағына байланысты.Оған халықтың бір ұлтты әлде көп ұлтты,бір дінге әлде көп дінге бағынуы да әсер етеді.Билік үшін күреске қатысып жүрген саяси партиялардың саны жағынан олар көппартиялық,екіпартиялық ж/е бірпаритялық болып топтастырылады. Көппартиялық деп мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдаланы отырып басқару түрін айтады.Ондайларға Австрия,Бельгия,Дания,Нидерландыдағы көппартиялықты жатқызуға болады. Екіпартиялық жүйеде басқа да кішігірім партиялар болуы мүмкін,бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партияның арасында жүреді.Бұған мысал ретінді АҚШ-тағы республикалық және демократиялық,Ұлыбританияда-консерваторлар мен лейбористер,Германияда-христиандық демократтар мен социалдар жатады. Бірпартиялық жүйе өзінен басқа,әсіресе бәсекелес партияларды болдырмайды.Ондай партия бұрын КСРО-да болды,қазір Қытай,КХДР,Кубада бар.

3.Қазіргі заманғы сайлаудың жүйелері:олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.

1.Паритялық жүйелер,олардың типтері.Қазақстандағы партиялық жүйенің ерекшелігі. Партиялық жүйе деп мемлекеттік мекемелерді қалыптастыруға шынымен мүмкіндігі бар,елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алатын саяси паритялар жиынтығын айтады.Ел ішінде қанша партиялар болуы және олардың қайсысы партиялық жүйеге енуі сол елдің тарихи дәстүріне,әлеуметтік-экономикалық шиеленістер сипатына,негізгі әлеуметтік күштердің арасалмағына байланысты.Оған халықтың бір ұлтты әлде көп ұлтты,бір дінге әлде көп дінге бағынуы да әсер етеді.Билік үшін күреске қатысып жүрген саяси партиялардың саны жағынан олар көппартиялық,екіпартиялық ж/е бірпаритялық болып топтастырылады. Көппартиялық деп мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдаланы отырып басқару түрін айтады.Ондайларға Австрия,Бельгия,Дания,Нидерландыдағы көппартиялықты жатқызуға болады. Екіпартиялық жүйеде басқа да кішігірім партиялар болуы мүмкін,бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партияның арасында жүреді.Бұған мысал ретінді АҚШ-тағы республикалық және демократиялық,Ұлыбританияда-консерваторлар мен лейбористер,Германияда-христиандық демократтар мен социалдар жатады. Бірпартиялық жүйе өзінен басқа,әсіресе бәсекелес партияларды болдырмайды.Ондай партия бұрын КСРО-да болды,қазір Қытай,КХДР,Кубада бар.Партиялар:Ұлттық-демократиялық»Желтоқасн»партиясы; Қазақ-ң республ-қ «Азат»партиясы; Қазақ-ң социал-демократиялық партиясы; Қазақ-ң социалистік партиясы; «Қазақстанның Халық конгресі»партиясы; «Қазақстанның Халық бірлігі»одағы; «Ауыл»партиясы; «Ақ жол», «Асар», Руханият партиялары. «Нұр-Отан» партиясы.

2.Азаматтық қоғам және оның негізгі қырлары. Күнделікті өмірде саясат туралы көптеген сөз тізбегі қолданылады. Олар коғам саясаты, экономикалық, мемлекегтік, партиялық саясат, нарықтык, рухани, діни, халыкаралык саясат, т.б. Демек, қоғам көлемінде сан алуан саясаттар іске асырылады екен, ал осы саясатгарды қоғамда жүргізетін адам жай адам ғана емес, әлеуметтік мүддені, материалдық және рухани құндылыктарды билік аркылы белетін, өзара қатынаста болатын адамдар. Олай болса адамдардың әлеуметгік бірлігі, нақтылы адамның саяси өмірі белгілі қоғамдык. салада өзара байланыстылықта өтеді. Олардын нәтижесі — мүддені, адамның іс-әрекетін материалдандыру. Сонымен қатар саяси сала қоғамның дамуы мен өмір сүруінің факторы есебінде коғамдық және саяси өмірдің процестеріне де әсер етеді.
3.Саяси модернизация.Саяси дағдарыс. Модернизация- қазіргі,жаңа жағдайға байланысты жаңару,өзгеру,икемделу.Саясатта саяси жүйенің,әдіс-тәсілдердің,бағдарлама,тұжырымдамалардың өзгеруі.Заман талабына сай жаңару қоғамның жылдам дамуына мүмкіндік беріп,тұрақтылығын қамтамасыз етеді.Ондай өзгерістер жасалмаса,саяси тоқырауға ұшыауға болады. Модернизация Қазақ КСР-інен өз мемлекеттілігін демократия қағидасында құрған егеменді, Тәуелсіз Қазақстан Республикасына өткен соң, мүмкін болған саяси модернизация кезеңінде түбегейлі өзгерістер әкелетін тың бастамалар жасау сол уақытта әлемге мүлде белгісіз республиканың тағдырына деген жауапкершілік жүгі Елбасының үлесіне түсті.Әбжіл тарих сындарлы кезеңде посткеңестік кеңістіктегі қайта құрылулар үдерісінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шоқтығы биік көшбасшы тұлғасын қалыптастырды.1993 жылы алғашқы Конституцияның қабылдануы бұған дейін қызмет еткен 1990 жылғы Конституциямен салыстырғанда, аса маңызды қадам болды. Тәжірибе көрсеткендей, бұрынғы Конституцияның бірқатар баптары мемлекеттік құрылыс эволюциясына, әлеуметтік саланы, экономикалық реформалар мен саяси қатынастарды модернизациялауға құқықтық тұрғыдан кедергі жасап келген болатын. Саяси жүйені модернизациялауда саяси партиялар, мемлекеттік емес ұйымдар және басқа қоғамдық институттар басты рөл атқарады. Қазіргі кезде 16 миллионнан астам тұрғыны бар біздің елімізде саяси көңіл күйді жан-жақты білдіріп отыратын 10 саяси партия тіркелген.Президент өзінің 2005 жылғы 18 ақ­пандағы “Қазақстан экономикалық, әлеу­меттік және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында “біздің Конституциямыз әлі де өз мүмкін­діктерін толық пайдаланған жоқ, саяси модернизация үдерісі, ең бастысы, заң шығарушы биліктің қолданыстағы Консти­туция шеңберінде саяси беделін күшейтуді талап етеді” деп атап көрсетті.

1.Саяси идеологияның мәні,деңгейлері және функциялары. Саяси идеология – «қоғамдық санадағы түрлі формада болатын идеялар, елестер, түсініктер жүйесі (философиядағы, саяси көзқарастардағы, құқықтағы, моральдағы, мәдениеттегі, діндегі) Идеология қоғамдық тұрмыстың адам санасында қабылдануының айнасы деп те қарастыруға болады, және ол пайда болғаннан кейін-ақ ол қоғамның дамуына белсенді түрде әсер етеді: дамытады (прогрессивті идеология), оған кедергі келтіреді (реакционды идеология) Таптық қоғамда идеология әрқашан таптық болады. Идеологиялық күрес саяси және экономикалық күреспен қатар таптық күрестің негізгі формаларының бірі болып табылады. Идеология ерекшеліктері:Жалпы алғанда, идеология ұғымына келесідей анықматаманы беруге болады. Идеология – саясат субъектілерінің белгілі бір шындыққа қатысты көзқарастары мен идеялары жүйесі, мақсаттары, мүдделері, ұмтылыстарының теоретикалық жүйесі. Идеология терминін алғаш рет ғылымға еңгізген француз философы Лестют де Граси еді. Оның 1801-1815 жылдар аралығында жазылған 4 томдық «Идеология элементтері» бар. Ол өз еңбегінде сана көріністерінің этикалық, моральдік және саяси негіздерін, оның логикалық, психологиялық түсіндірмелерін табуға талпынады.

2.Қоғамдық саяси үрдістер мен қозғалыстар:мәні,функциялары,түрлері. Саяси процесс деп әлеуметтік қауымдастықтың,саяси ұйымдар мен топтардың,белгілі бір саяси мақсатқа жету үшін бірігіп жасаған іс-әрекетінің нәтижесінде қоғамның саяси өмірінің бір қалыптан,жағдайдан екінші жағдайға келіп ауысуын,өзгерісін,қозғалысын айтады. Саяси үрдістің басты мәселесі-азаматтардың әр түрлі мүдделерін біріктіріп,жинақтайтын саяси шешім қабылдауда және оны іске асыру.

3.Қазақстандағы құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның қалыптасуы.

1.Әлеуметтік-реформалық және коммунистік идеология:олардың арасындағы ұқсастықтар және әртүрліліктер. Идеология деп адамдардың үлкен әлекметтік топтардың іс-әрекетіне бағдар беріп,олардың мақат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.Түрлері: Коммунистік (лат.коммунис-жалпы)идеялар ХІХғ-дың орта кезінде дүниеге келген.Негізін салғандар Карл Маркс пен Ф.Энгельс.Олар жан-жақты дамыған,еркін адамды қалыптастырғылары келді.Ол үшін тап күресі жүргізілуі,жұмысшы табы буржуазияны құртуы керек.Олардың ойынша,социализмді орнататын бірден-бір құрал-социалистік республика.Она жасай алатын бірден-бір күш-жұмысшы табы.Мемлекеттік биліктің таптық сипаты болады.Социалистік революция нәтижесінде ескі мемлекет түбірімен қиратылады да,оның орнына жаңа мемлекет-пролетариат диктатурасы орнайды.Барлық тарихи прогресс қоғамдық-экономикалық формациялардың жүйелі түрде ауысуымен байланыстырылады.Олар жеке меншікті жойып,қоғамдық меншікті орнатқысы келеді.Коммунистік қоғамда мемлекет,саясат болмайды деп санады.

2.Саяси үрдіс түсінігі және типологиясы. Саяси процесс деп әлеуметтік қауымдастықтың,саяси ұйымдар мен топтардың,белгілі бір саяси мақсатқа жету үшін бірігіп жасаған іс-әрекетінің нәтижесінде қоғамның саяси өмірінің бір қалыптан,жағдайдан екінші жағдайға келіп ауысуын,өзгерісін,қозғалысын айтады. Саяси үрдістің басты мәселесі-азаматтардың әр түрлі мүдделерін біріктіріп,жинақтайтын саяси шешім қабылдауда және оны іске асыру. Саяси процесс типологиясы:1. саяси еркіндікті іске асыру объектісіне қарай: а)ішкі-азаматтардың саяси блсенділігінің индустрияланған түрлерінен,олардың іс-әрекетінен,билік құрылымының ұйымдасуынан белгілі болады;б)сыртқы-мемлекеттің дүниежүзілік дәрежеде жүргзетін әрекеттер. 2. саяси билікті ұйымдастыру жүйесінің сапасына қарай: а)демократиялық-тікелей н/е өкілдері арқылы халық билейді;б)антидемократиялық-билік авторитарлық көсем,монархтың,бір билеуші партияның,әскери топтың қолында болады; 3. атқаратын қызметінің жариялылығы бойынша: а)ашық; б)жасырын; 4. әлеуметтік және саяси құрылымның өзара байланыс түріне байланысты: а)тұрақты; б)тұрақсыз;

3.Халықаралық саясаттың мазмұны,табиғаты және принциптері.

1.Саяси қарама-қайшылықтар мен дағдарыстардың мәні,функциялары,әртрлілігі.

2.Саяси лидерліктің типтері,стильдері. Саяси лидер-партияның,саяси ұйымның немесе қозғалыстың басшысы. Оған халықтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерлерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Саяси лидер болудың 2 жолы бар:көпшілік халықтың мақсат-мүддесін кездейсоқ дөп басып, ойынан шығу;ол мүдделерді талмай зерттеу нәтижесінде

Саяси жетекшілік мынадай принциптерде жіктелінеді; 1)Тарихи принцип – мұнда жетекшінің тұрпатын дәуірмен байланыстырады, ол өмір сүрген әлеуметтік ортаның жемісі ретінде қаралады. 2)Ықпал ету көлеміне қарай жалпы ұлттың, аймақтық, қалалық, аудандық саяси жетекші болып бөлінеді. 3)Таптық принцип - бұған жұмысшылар, шаруалар, буржуазияның, әлеуметтік топтың жетекшілері жатады. 4)Қазіргі әлеуметтік құрылысқа қатынасы жағынан оны жақтайтын, оған қарсы шығатындар болып бөлінеді. 5)Қабілеттілігі жағынан өзінің жеке басының қасиеттері, дарындылығының арқасында немесе жағдайға қарай көтерілген жетекші дейді. 6)Бастамашы, ру беруші жетекші немесе басталған істі орындау. Саяси серкенің жұмысы мынандай кезеңдерден тұратын 3-қызметті атқарады: 1) “диагностикалық” міндет: саяси серкелер қалыптасатын деп кележатқан жағдайды зерттеу арқылы оған баға береді;2) саясатты белгілеу: жетекші өз табының, жақтастарының мақсатына сай шешілетіндей саясатты тауып, соны орындауға тапсырма береді;3) іске тарту: жетекші өзінің белгілеген санатын іске асыруға тырысады.Лидерлардың имиджі бойынша жіктелуі: 1)ту көтерер саяси жетекші -оның өмірге көзқарасы,болашаққа болжамы бар және оған жету жолдарын да біледі. 2)қызмет етуші топ бастар -ол өзінің жолын қуушылардың мүддесін дәлме-дл білдіре білудің арқсында құрметке бөленеді. 3)саудагер топ бастар -оның ерекшелігі алдына қойған жоспарды іске асыруға соңына ергендердің бәрін жұмылдырып,сендіре білу қабілеті. 4)өрт сөндіруші топ бастар -ол уақыттың талабына сай өз жақтастарының жинақтап қойған сауалына,қысылтаяң жағдайларда шапшаң шешім тауып,жол көрсете алады.

3.Қазіргі сайлау үрдісіндегі саяси партиялар. Партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған,ортақ мүдде,бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады.Партиялар мен партиялық жүйелер қазіргі көптеген дамыған қоғамдарда саяси жүйенің негізгі элементтері болып табылады. Саяси партиялардың тегі ежелгі замандардан басталады. Олар құрамы бойынша шамалы және тар ауқымда тіпті Ежелгі Грекияда болды. Бастапқыда олар аристократиялық саяси үйірмелер мен клубтар ретінде болды, олардың қатысушылары билік және билікке ықпал ету саласында өзара бақталасты. Қазіргі мағынасындағы саяси партиялар алғаш Еуропада пайда болды, кейіннен әлемнің басқа аймақтарына таралды. Алғашқы көпшілік (массовые) партиялар Англияда (либералды-1861ж.), Германияда (Жалпы Герман Жұмысшылар Одағы -1863ж.) пайда болды. ХХІ ғасырдың соңында бұқаралық партиялар негізінен социал – демократиялық бағыттағы партиялар Батыс Еуропаның көпшілік елдерінде қалыптасты.Саясаттанушылар көпшілік саяси партиялардың пайда болуының негізгіекі себебін атайды:1. Саясатқа қатысу саласын елеулі түрде кеңіткен жалпыға бірдей сайлау құқығының таралуы. 2. Тап тартысы, жұмысшы табының ұйымдық дамуы, ол өз партиясын құра бастады.Оған қарсы саяси партиялар да пайда болды. Партиялық жүйе деп мемлекеттік мекемелерді қалыптастыруға шынымен мүмкіндігі бар,елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алатын саяси паритялар жиынтығын айтады.Ел ішінде қанша партиялар болуы және олардың қайсысы партиялық жүйеге енуі сол елдің тарихи дәстүріне,әлеуметтік-экономикалық шиеленістер сипатына,негізгі әлеуметтік күштердің арасалмағына байланысты.Оған халықтың бір ұлтты әлде көп ұлтты,бір дінге әлде көп дінге бағынуы да әсер етеді.Билік үшін күреске қатысып жүрген саяси партиялардың саны жағынан олар көппартиялық,екіпартиялық ж/е бірпаритялық болып топтастырылады. Көппартиялық деп мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдаланы отырып басқару түрін айтады.Ондайларға Австрия,Бельгия,Дания,Нидерландыдағы көппартиялықты жатқызуға болады. Екіпартиялық жүйеде басқа да кішігірім партиялар болуы мүмкін,бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партияның арасында жүреді.Бұған мысал ретінді АҚШ-тағы республикалық және демократиялық,Ұлыбританияда-консерваторлар мен лейбористер,Германияда-христиандық демократтар мен социалдар жатады. Бірпартиялық жүйе өзінен басқа,әсіресе бәсекелес партияларды болдырмайды.Ондай партия бұрын КСРО-да болды,қазір Қытай,КХДР,Кубада бар.

1.Билік талдау түрлері.Саяси биліктің легитимдігі. Билік-өз еркін жүзеге асыру мүмкіндігі,адамдардың іс-әрекетіне қандай да бір амал арқ/ы ықпал жасау.Саяси биліктің қызметтеріне:қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру;оның саяси өмірін ұйымдастыру;саяси институттар;мемлекеттік басқару органдары мен аппараттары;әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару;өкімет органдары;саяси емес процестерге басшылық жасау;саяси және басқа қатынастарды бақылау және түптеп келгенде,белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін,саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты,ашық не жабық қоғамды құру,қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау;дау-дамай,миеленістерді ашып,оларға шек қою және дер кезінде шешу;қоғамдық келісімге,мәмілеге келу және т.б. Функциялары: 1) Қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру; 2)Қоғам мен мемлекетті басқару; 3)өкімет органдарына басшылық жасау; 4)саяси қатынастарды бақылау; 5)саяси шиеленістерді шешу. Легитимдік (лат.заңдылық, шындық) дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы,оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Оның түрлері:1)әдет-ғұрыптық; 2)харизматикалық; 3)ақыл-парасаттың,құқықтың легитимдігі.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-04-24; Просмотров: 1889; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.029 сек.