Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Саяси плюрализм 3 страница. 2.Халықаралық қатынастардың түсінігі,олардың субъектілері.Халықаралық қатынастар деп




2.Халықаралық қатынастардың түсінігі,олардың субъектілері. Халықаралық қатынастар деп халықтар,мемлекеттер,мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілетін саяси,экономикалық,құқықтық,дипломатиялық,әскери,мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік,экон-лық,саяси күштер ұйымдарының өзара қатынастырының жиынтығын айтады.Субъектілері-іске асырушылар!

3.ҚР сыртқы саяси қызметі.

1.Саяси жүйедегі партиялар,олардың функциясы,типологиясы. «Саяси жүйе» ұғымын саяси ғылым XX ғасырдың орта шенінен қолдана бастады. Саяси жүйелер теориясының негізін қалағандар американ саясаттанушылары Д.Истон мен Г.Алмонд. Д.Истон өзінің «Саяси жүйе» (1953), «Саяси өмірді жүйелік талдау» атты еңбектерінде саяси жүйені сырттан келетін импульске жауап беретін дамып және өзін-өзі реттеп отыратын организм ретінде қарастырады. Бұл көзқарас тұрғысынан алып қарасақ, саяси жүйе біртұтас, қоғамдық өмірдің ерекше сферасы. Г.Алмондтың«Салыстырмалы саяси жүйелер» (1956) деген мақаласында саяси жүйе саяси институттар мен саяси мәдениеттің бірлігі деген тұжырымға басты назар аударады. Марксизм позициясынан саяси жүйе саяси процестср субъектілері әлеумсттік топтардың мүдделерін бейнелейтін қоғамдық қондырманың элементі ретінде талданады. Бұл мүдделер саяси процестср арқылы, саяси шешімдерді қабыддау мен іскс асыру арқылы саяси құрылымдардың көмегімен жүзеге асырылады. Партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған,ортақ мүдде,бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады.Партиялар мен партиялық жүйелер қазіргі көптеген дамыған қоғамдарда саяси жүйенің негізгі элементтері болып табылады. Саяси партиялардың тегі ежелгі замандардан басталады. Олар құрамы бойынша шамалы және тар ауқымда тіпті Ежелгі Грекияда болды. Бастапқыда олар аристократиялық саяси үйірмелер мен клубтар ретінде болды, олардың қатысушылары билік және билікке ықпал ету саласында өзара бақталасты. Қазіргі мағынасындағы саяси партиялар алғаш Еуропада пайда болды, кейіннен әлемнің басқа аймақтарына таралды. Алғашқы көпшілік (массовые) партиялар Англияда (либералды-1861ж.), Германияда (Жалпы Герман Жұмысшылар Одағы -1863ж.) пайда болды. ХХІ ғасырдың соңында бұқаралық партиялар негізінен социал – демократиялық бағыттағы партиялар Батыс Еуропаның көпшілік елдерінде қалыптасты.Саясаттанушылар көпшілік саяси партиялардың пайда болуының негізгіекі себебін атайды:1. Саясатқа қатысу саласын елеулі түрде кеңіткен жалпыға бірдей сайлау құқығының таралуы. 2. Тап тартысы, жұмысшы табының ұйымдық дамуы, ол өз партиясын құра бастады.Оған қарсы саяси партиялар да пайда болды.

2.Қарама-қайшылықтар мен дағдарыстарды шешу жолдары мен тәсілдері. Саяси жанжалдарды шешудің бірнеше жолдары бар: 1)дау-жанжалға бармау,одан қашқақтау әдісі.; 2)Кейінге қалдыру әдісі («не істесен соны істе»сөзімен).; 3 )Саяси жанжалды мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу.; 4)Зорлық негізінде бітістіру,келістіру.; 5)Аралық сот н/е арбитраждық сараптау әдісі.

3.ҚР Конституциясындағы жеке адамның құқығы,бостандығы және міндеттері тураы заң. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының толық мәтіні (1948 ж. желтоқсанның 10-ында Біріккен Ұлттар Бас Ассамблеясы 3-ші сессиясында 217 А (III) жарғысымен қабылданған және жарияланған). Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясын бүкіл халықтар мен мемлекеттердің ұмтылыстары арқылы әр адаммен қатар, қоғамның әр органы осы декларацияны үнемі жадында тұтып, білім беру және ағарту жұмыстары арқылы осы құқықтар мен бостандықтарды қадір тұтуға ықпал жасап, үлттық халықаралық шаралар арқылы Ұйымның мүше-мемлекеттерінің халықтарымен қоса, олардың юрисдикциясына қарасты территорялардың халықтары арасында да, жалпыға бірдей тиімді түрде танылып, жүзеге асырылуы үшін алға қойылған мақсат ретінде жария етіп отыр

17-БИЛЕТ. 1.Саяси қызмет,оның құрылымы.

2.Сайлау жүйесінің типтері,олардың сипаттамасы.

3.Сыртқы саясат,оның мәне және функциялары.

1.XVII-XVIIIғ-ғы батыс ілімдердегі индивидуализм және демократизм.

2.Қоғамның саяси жүйесінің классификациясы.

3.Батыс және Шығыс саяси мәдениетінің ерекшелігі.

1.Саяси биліктің мәні және ерекшеліктері.

2.Сайлау.Активті және пассивті сайлау құқығы.

3.Ұлтаралық консенсусқа жетудің Қазақстандық үлгісі.

1.Әлеуметтік-саяси ойлар тарихындағы мемлекеттің пйда болуы жайлы теоиялар.

2.Саяси элита түсініг,элитаның негізгі теориялары.

3.Азаматтық қоғамның қалыптасуының негізгі теориялары,практикасы.

1.Ортағасырдағы саяси ой-пікірлер(Аврелии Августин,Ф.Аквинский)

2.Саяси паритялардың түрлері,партиялық жүйелер.

3.Жалпыға ортақ адам құқығының декларациясы-қазіргі заманның маңызды құжаты.

1.Саясат және басқа қоғамдық құбылыстар(экон.,дін,мораль,идеология және т.б.)

2.ХІХ ғ.қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары. (А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов)

3.Саяси сананың құрылымы.Саяси менталитет.

1. Билік легитимдігі.

Билік әр кез заңды, легитимді болуы тиіс. Легитимность – латынның сөзі, ол заңды деген ұғымды білдіреді. Заңды немесе заңдылықты мойындау оны дәлелдеу әлде бір іске араласуға өкілдік беру деген сөз. Бұл термин ХІХ ғасырдың басында Францияда шыққан. Францияда корольдің билігін, ең бірден бір заңдылық билік деп мойындаудантуындаған. Биліктің легатимдігі (заңдылығы) реакциялық күшке, зорлыққа қарсы болады. Мысалы, мемлекет шекарасын рұқсатсыз, зорлықпен қайта қарау, мемлекттік төңкеріс жасаушы узурпатордың әрекеті т.б. жатады. Бүгінде биліктің заңдылығы легатимдігі өркениеті елдердегі құқықтық мемелекеттердің басты белгісі, азаматтық қоғам және әлемдік қауымдастық бұл белгіні қадір тұтады, мойындайды.

Саясаттануда биліктің легатимдігі үш деңгейге бөлінеді: идеологиялы, құрылымдық, дербестік даралық.

2. Саяси процестер мәні.

Саяси процесс категориясының басты белгісі, оынң қоғамдағы объективті оқиқағаларды бейнелеуі. Саясаттануда саяси процесс деп саяси қатынасқа түсетін барлық субъектілердің қалыптасу, қайта жасалу және саяси жүйенің өмір сүруімен байланысты тұтас қызметін айтады.

1) Саяси процесс белгілі бір кезеңдегі қоғамның саяси жүйесінің өмір сүру формасы.

2) Саяси проуесс қоғамдық процестердің бірі, ол құқықтық, экономикалық, идеологиялық процестерден өзгеше. Оған мысалы, КСРО-дағы жүргізілген «Қайта құру» жатады.

3) Белгілі бір жағдайдың нәтижеге жеткенге дейінгі аралықтағы қызметі.

Саяси процестің өмірге келуі белгілі бір ойдан, идеядан туындайды да, оның теорияға айналуына процестің субъектісі оны теория дәрежесіне жеткізеді.

Саяси процесс болып табылатын мақсат-мұратты қалыптастыруға, іс-жүзінде асыруға ресми органдар, билік институттары, кәсіподақтар, бейресми ұйымдар, ақпарат, құралдары және т.б. қатысады.

3. 20ғ Халықаралық саясат және сыртқы саясат.

Адамзат дамуының тарихи өткелдеріне көз жүгіртсек жеке-жеке мемлект болып өмір сүрген халықтар ежелден өзара қарым-қатынастарда болған. Ертеректердегі қатынастардың көбі бір-бірін қорқытып күш қолдану арқылы, мықтысы әлсізіне айтқанын істеткен ол саясатпен реттеліп отырылған.

Халықаралық қатынас теориясында «Сыртқы саясат» терминімен қатар «Халықаралық саясат» және «Халықаралық қатынас» ұғымдары да қолданылады. Бұл ұғымдар бүгін халықаралық жүйе жабық емес, ашық жүйе екндігімен түсіндіріледі. Халықаралық саясатың негізіне тек мемелекетаралық қарым-қатынас қана емес, әлемдік аренадағы халықтық мүдде үшін жұмыс істеген топтардың жұмыстары да жатады. Халықаралық қатынастар – бұл саяси, экономикалық, әлеуметтік, дипломатиялық, құқықтық, әскери және гуманитарлық байланыстар мен қатынастардың жиынтығы. Ол әлемдік қауымдастықтың негізгі субъектілер арасындағы қатынас.ондай субъектілерге халық, мемлекет, қоғамдық күштер, қозғалыстар мне ұйымдар жатады.

Сыртқы саяси стратегия бейбітшілік, ынтымақтастық, өзара ықпал ету, прогресс және адамгершілік идеяларына, халықаралық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Сыртқы саясат мемлекттің экономикалық, демографиялық,, әскери, ғылыми-техникалық және мәдени потенциалына сүйенеді. Ал соңғылары ғылыми-техникалық және мәдени жағдайлар мемлекттің сыртқы саясатындағы мүмкіншіліктерін айқындайды.

2. Мемлект мәні және функциялары

Жалпы мемлекеттің шығуын, ғылым адамзат қоғамы дамуының белгілі бір тарихи кезеңімен, яғни әлеуметтік таптар мен топтардың пайда болып, қоғамда саяси-әлеуметтік теңсіздіктердің қалыптасуымен байланыстырады. Алғаш рет мемлекет түрлерін типтеуді Аристотель жасады. Ол геродот пен Платонды үлгі ете отырып, мемлекетті монархияға, аристократияға, және политейге бөлді.оның ойынша бұл үш түрі де халыққа мансапқорлықсыз, пайдакүнемдіксіз қызмет ететін болса заңды болып танылады. Мамлекет қоғамның саяси жүйесінің басты элементі, саяси институттардың маңызды бөлігі. Ол белгілі бір аумақ шеңберінде тұратын адамдардың мүдделерін қорғап, олардың арасында,ы ара-қатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттеп бақылайтын қоғамдық механизм. Мемлекет қоғамдағы билікті іс-жүзіне асырушы орталық институт. Ол адамдардың белгілі бір заңға бағынған қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ететін саяси орган.

Мемлекет типтері

Мемлекет унитарлық, федеративтік және конфедеративтік болып бөлінеді.

Унитарлық (лат. Біртұтас, біріккен деген сөзінен шыққан) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға басқа жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады.

Федерация деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бернеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруын айтады. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жаалпымемлекеттік конституциясымен реттеледі.

Конфедерация деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды (әскери, сыртқы саясаттағы және т.с.с.) жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдердің тұрақты одағын айтады.

3. Әлеуметтік саясат және оның типтері

Қоғамдық әлеуметтік құрылымы мен жіктелуін оқып білудің мәні зор. Себебі, қоғам өзінің қандай әлеуметтік топтардан, ал олар қандай жай-күй, жағдайда тұратындығын білуі керек. Олардың іс-әрекеті барлық қоғам институттарының қызмет ету сапасын, қоғам дамуының бағытын анықтайды. Адамның қоғамдағы орны көптеген әлеуметтік белгілерімен сипатталады. Оған ұлты, тұратын жері, қоғамдық өндіріске қатысуы, қоғамдық еңбек бөлінісіндегі орны, кәсібі, білімі, табыс мөлшері, саяси білікті іске асыруға қатынасы және т.б. жатады. Осындай бір немес бірнеше әлеуметтік белгілермен бірлескен адамдар жиынтығын әлеуметтік топ д.а. М-ы:шаруа, зейнеткерлер, жұмысшылар, студенттер, ауыл адамдары т.б. Өзінің қоғамдағы орнына байланысты олар бір уақытта әр түрлі әлеуметтік топтардың мүшесі бола алады, м/ы: студент, қазақ үлкен қаланың тұрғындары.т.б. адамдардың қоғамдық жағдайындағы ортақ өмір етекшеліктері, әлеуметтік бір топқа енуі олардың әлеуметтік мүшелерін берлестіреді. Олар адамдар мен әлеуметтік топтардың өз өмірлік жағдайын, мүкіншілігін нығайтуда, кеңейтуде көрініс табады. Олар әр түрлі деңгейде табысқа, билікке, кәсіпке, білімге, мәртебеге және т.с.с. ие болу мүмкіншіліктері жатады.


26 БИЛЕТ

1.Билік әлеуметтік институт ретінде

Билік- ерікті немесе мәжбүрлі бағыну, бой ұсыну деген сөз. Басқару және бағыну бұл екеуі биліктің екі жағы. Оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Екеуі де қоғамға қажет. Биліктің өзі басқару түрінде көрінеді, ал басқару билік түрінде болады. Басқару деген ұғым билікке қарағанда кеңірек. Ал билік дегеніміз – басқарудың элементі, басқару процесінің көзі.

«Билік» дегеніміз біреулердің басқаларға өмір жүргізуге, бұйрық беруіне, басқаруға деген құқығы мен еркі, біреулердің басқалар жөнінде дегенін іске асыру және олардың тәртібімен қызметіне белгілі бір ықпал ету қабілеті мен мүмкіндігі.

Фнкциясы бойынша – билік басқарушы, бақылап-қадағалаушы, ұйымдастырушылық, басқарушылық, тәртіптік міндеттерді атқарады.

Билікті қоғамдық құбылыс ретінде танып, біліп, оның қызметін, мәнін ашып біліп жатсақ та әлі де оған қатысты зерттеуші ғалымдар арасында әртүрлі пікірлер баршылық. Билік пен саясат өзара байланысты ұғымдар. Біз билікті саясатты іс-жүзіне асыратын құрал ретінде мойындаймыз. Өкімет билігін алу үшін күрес және оны ұстап тұру қоғамның саяси өмірдегі басты мәселе болып табылады.

2.Әлеуметтік топтар саясаттың негізіг субъектісі және объектісі ретінде

Қоғамдық әлеуметтік құрылымы мен жіктелуін оқып білудің мәні зор. Себебі, қоғам өзінің қандай әлеуметтік топтардан, ал олар қандай жай-күй, жағдайда тұратындығын білуі керек. Олардың іс-әрекеті барлық қоғам институттарының қызмет ету сапасын, қоғам дамуының бағытын анықтайды. Адамның қоғамдағы орны көптеген әлеуметтік белгілерімен сипатталады. Оған ұлты, тұратын жері, қоғамдық өндіріске қатысуы, қоғамдық еңбек бөлінісіндегі орны, кәсібі, білімі, табыс мөлшері, саяси білікті іске асыруға қатынасы және т.б. жатады. Осындай бір немес бірнеше әлеуметтік белгілермен бірлескен адамдар жиынтығын әлеуметтік топ д.а. М-ы:шаруа, зейнеткерлер, жұмысшылар, студенттер, ауыл адамдары т.б. Өзінің қоғамдағы орнына байланысты олар бір уақытта әр түрлі әлеуметтік топтардың мүшесі бола алады, м/ы: студент, қазақ үлкен қаланың тұрғындары.т.б. адамдардың қоғамдық жағдайындағы ортақ өмір етекшеліктері, әлеуметтік бір топқа енуі олардың әлеуметтік мүшелерін берлестіреді. Олар адамдар мен әлеуметтік топтардың өз өмірлік жағдайын, мүкіншілігін нығайтуда, кеңейтуде көрініс табады. Олар әр түрлі деңгейде табысқа, билікке, кәсіпке, білімге, мәртебеге және т.с.с. ие болу мүмкіншіліктері жатады.

3.Саяси мәдениет функциясы.

Саяси мәдениет өмір сүріп отырған қоғамның тұрпатына сай қалыптасқан саяси түсінік, құндылық бағыттар, тәртіптер және саяси мінез-құлықтар көріністерінің жиынтығы болып табылады. Саяси мәдениет қоғамның тұрақтылығының кепілі. Ол мәдениеттің барлық саласын реттейді. Ал саяси мәдениет, қоғамдық сана және практика арасындағы байланыс саяси дәстүр арқылы жүргізіледі. Саяси мәдениет өмір сүріп отырған саяси жүйенің тірегі болып табылады, халықтың барлық жіктерін біріктіреді. Саяси мәдениет бір ортақ түпкі мақсатпен өмір сүріп отырған саяси жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етумен біріктірілген біраз қызметтерді атқарады. Оыс мағынада басымдық үстемдік етуші саяси мәдениет қорғау рөлін атқарды оның реттеушілік, тәрбиелік, коммуникативтік және интегративтік функцияларын атап айту керек. Реттеушілік қызметі – бұл саяси мәдениеттің адам-мінез құлқына әсері, олардың ішкі және халықаралық өмірдің саяси оқиғаларын қабылдауы, бұрынғы және қазіргі саяси қайраткерлерді, басқару аппаратының жауапты қызметкерлерін бағамдау т.б. Тәрбиелік қызметі – бұл саяси білімдерді игеру жеке адам интетектуалды дамуына, дүниетанымының кеңеюіне, мүдделердің қалыптасуына, қоғамдық саяси әрекетке, қимылға белгілі тұлғаның қалыптасуына жәрдемдесу, ол өзінің көрінісін әлеуметтік белсенділіктен табады. Интегративтік-біріктірушілік қызметі – саяси мәдениет өмір сүріп отырған саяси жүйенің тірегі қызметін атқарады. Коммуникативтік қызметі – өмірде үстемдік алған саяси сана мен мінез-құлықты жаңа ұрпаққа сендіру. Сонымен, саяси мәдениет дегеніміз қоғамның саяси өміріне лайықты типтегі саяси сана мен саясиміне-құлықтың жиынтығы болып табылады. Саяси мәдениет қоғамдық қатынастарды жаңартып, қайта құру, тарихтың саяис байлығын игеру мақсатында саяис құндылықтарды жасау мен саяси рухани мұраны игерудің біртұтас процесі болып табылады.

1.Мемлекеттік билік. Оның құрылымдары, түрлері,ерекшеліктері.

Жалпы мемлекеттің шығуын, ғылым адамзат қоғамы дамуының белгілі бір тарихи кезеңімен, яғни әлеуметтік таптар мен топтардың пайда болып, қоғамда саяси-әлеуметтік теңсіздіктердің қалыптасуымен байланыстырады. Алғаш рет мемлекет түрлерін типтеуді Аристотель жасады. Ол геродот пен Платонды үлгі ете отырып, мемлекетті монархияға, аристократияға, және политейге бөлді.оның ойынша бұл үш түрі де халыққа мансапқорлықсыз, пайдакүнемдіксіз қызмет ететін болса заңды болып танылады. Мамлекет қоғамның саяси жүйесінің басты элементі, саяси институттардың маңызды бөлігі. Ол белгілі бір аумақ шеңберінде тұратын адамдардың мүдделерін қорғап, олардың арасында,ы ара-қатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттеп бақылайтын қоғамдық механизм. Мемлекет қоғамдағы билікті іс-жүзіне асырушы орталық институт. Ол адамдардың белгілі бір заңға бағынған қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ететін саяси орган.

Мемлекеттің бірнеше белгілері бар.

1) Аумақтық бөліну.

2) Ерекше өкімет аппараты (ол өзінің үстемдігін қарулы әскер, шенуніктік аппарат, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз, және т.б. құралдары арқылы жүзеге асырады.)

3) Мемлекеттің егеменлігі. Ол – ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі.

4) Ашық күш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру. Қылмыс жасағандары еркінен айырудан бастап, өлім жазасына дейін кесе алады. Оны орындауға жоғарыда екінші белгісінде көрсетілген құралдары бар.

5) Салық салу.

6) Мемлекеттің міндетті түрде мүшесі, азаматы болуы.

Мемлекет типтері

Мемлекет унитарлық, федеративтік және конфедеративтік болып бөлінеді.

Унитарлық (лат. Біртұтас, біріккен деген сөзінен шыққан) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға басқа жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады.

Федерация деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бернеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруын айтады. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жаалпымемлекеттік конституциясымен реттеледі.

Конфедерация деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды (әскери, сыртқы саясаттағы және т.с.с.) жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдердің тұрақты одағын айтады.

Тоталитарлы,авторитарлы режимдерде бюрократиялық басқару халықтық деп аталаберетін.

Ал,жеке адамның кіріптарлығы оның еркіндігі деп түсіндірілетін. Биліктің қоғамдықпікірді

ойыншыққа айналдыруы оған қоғамдық бақылау деп дәлелденетін. Еркін сайлаудың жоқты

ғы демократияның жоғарғы түрі делінеді. Демократиялық қоғамда жеке адамның құқы ж/е міндеттері, сонымен қатар оларды жүзеге асырудың кепілі парламентте қабылдайтынзаңдар арқылы қам-з етіледі.бұған дейінгірежимдерде керісінше көптеген шаралар бұйрық арқылы іске асырылған. Бұрынғы авторитарлы саяси жүйелердебоямалау орыналған бюрократтық басқару халықтық деп аталған; жұмысшы табы өзінің күнкөрісі жолында кіріптар болған;жеке адамның толық аз

ғындауы оның түпкілікті еркіндігі деп санаған; қоғамдық сананыбилікті уландыру ісін қоғамд

ық бақылау деп есептеген; мәдениеттің құлдырауыноның дамуы деп атаған; ерік сайлаудың жоқтығы демократияның жоғарғы түрі деп есептелінген, тәуелсіз пікірге тыйым салу өмірге ғылыми көзқарас деп есептелінген; сөйтіп, ондай режи өтіріктің баптағанынабата түскен.

3. Саяси мәдениет мәні

Саяси мәдениет өмір сүріп отырған қоғамның тұрпатына сай қалыптасқан саяси түсінік, құндылық бағыттар, тәртіптер және саяси мінез-құлықтар көріністерінің жиынтығы болып табылады. Саяси мәдениет қоғамның тұрақтылығының кепілі. Ол мәдениеттің барлық саласын реттейді. Ал саяси мәдениет, қоғамдық сана және практика арасындағы байланыс саяси дәстүр арқылы жүргізіледі. Саяси мәдениет өмір сүріп отырған саяси жүйенің тірегі болып табылады, халықтың барлық жіктерін біріктіреді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-04-24; Просмотров: 1324; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.066 сек.