Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Техника философиясы 2 страница




Бірінші бағыт Қазақстанның саяси билік (яғни, мемлекеттік) жүйесін

қалыптастыруда бірнеше сатыдан өтті.

Алғашқы 1991-1995 жылдардағы мемлекеттік қызметті елдің саяси,

экономикалық, мәдени-әлеуметтік, психологиялық және ұлттық ерекшеліктерін

ескеретін жаңа моделін іздеу сатысы ретінде сипаттауға болады.

Бұл кезеңде партиялық-кеңестік басқару жүйесі мен бірпартиялық саяси

монополия жойылды, бұрынғы мемлекеттік органдардың жаңа әлеуметтік-

экономикалық құрылысқа бейімделуі жүзеге асты.

Саяси билік жүйесіндегі өзгерістер Қазақстан Республикасының

1993жылғы Конституциясында көрініс тапты. Елде билікті бөлу принципі

заңды түрде бекітілді. Заң шығарушы, атқарушы және сот органдары алғаш рет

дербес тармақтар ретінде айқындалды.

1995-2000 жылдар қоғамның саяси жүйесінің, мемлекеттік мекемелерінің

қалыптасу кезеңі болды. Бұл жылдарда қазіргі заманғы мемлекеттік қызметті

қалыптастыру мен дамыту жөніндегі ауқымды да тұрақты жұмыстар кеңінен

өріс алды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының (1995 ж.)

қабылдануы және Президенттің «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң күші бар

(1995 ж.) жарлығы осы кезеңнің бастауы болды, осы құжаттарда саяси биліктің

тиімді жүйесін құрудың негіздері қаланды. Сол кезеңде саяси биліктің

бағдарын жүзеге асыратын мемлекеттік қызмет саласы жалпы еңбек құқығы

саласынан бөлініп, жаңа заңнамамен рәсімделді.

Қазақстан Республикасында мемлекетті демократияландыру процестері

үнемі халықаралық деңгейге сәйкес дамытылып келеді. Осы саладағы жаңа

жетістіктердің бірі 2007жылғы 21-ші мамырда Қазақстан Республикасы

Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар арқылы

Қазақстанның Президенттік Республика формасынан Президенттік-

парламенттік Республика формасына көшуі.

Жаңа мемлекетіміз Қазақстан Республикасының бірінші күндерінен

бастап дамудың басты басымдығы экономика саласы болды. Мақсат:

біріншіден, экономиканы барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол

жеткізу, екінші жағынан – инфрақұрылым жасау және маңызды салаларды

дамыту жеке меншік секторын жандандыру болды.

Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуі 1991-1992 жылдары қажетті

заңдар мен нормативтік актілер қабылдаудан басталды. Олардың ішінде

«Қазақстан Республикасындағы меншік туралы», «Қазақстан

Республикасындағы кәсіпкершілікті дамыту, шаруашылықтағы қызмет

бостандығы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер»

және т.б. заңдар.

Нарықтық экономиканың дамуын жеделдету мақсатында мемлекет

меншігін жекешелендіру жоспары жасалды. Ең бірінші кезекте нәтижесіздік

танытқан мемлекеттік секторларды жекешелендіру болды.

Сыртқы экономикалық байланысты дамыту үшін Қазақстанда «Қазақстан

Республикасындағы шетел инвесторлары» туралы заң қабылданды.

Қазіргі күні дүние жүзіндегі барлық өркениетті мемлекеттер Қазақстан

экономикасына өз инвестициясын салуда ынталылық көрсетуде. Шетел

инвесторларының Қазақстан экономикасына қаржы салуға қызығушылығы –

біздің еліміздегі заңдардың тұрақтылығымен оларға кепілдеме берілуіне

байланысты.

Қазақстан Республикасындағы одан әрі жалғасқан саяси, экономикалық

және әлеуметтік жаңғырулар өзінің халықаралық сыртқы саясатын нәтижелі

және жүйелі түрде қалыптастыруға негіз болды. Қазақстан тәуелсіздік алған

уақыттан бері көп бағытты теңдестірілген сыртқы саясат жүргізіп келеді. Ел

саясатының бейбітсүйгіш сипаты, жедел әлеуметтік-экономикалық дамуы, осы

өңірдегі және әлемдегі қауіпсіздікті нығайту жөніндегі белсенді практикалық

іс-әрекеті – барлық мемлекеттермен шынайы достық қатынастарды дамытуға

мүмкіндік беріп отыр.

Қазақстан Республикасы бүгінде халық өмірінің жоғары үлгісіне сәйкес,

демократия мен азаматтық қоғам дамытуға бағдарланған тұрақты да серпінді

өсу үстіндегі экономикасы бар өңірлік мемлекет ретінде танылады. Еліміз

дүниежүзілік қоғамдастыққа өтіп, өркениетті даму жолына түсті.

Тәуелсіздік жолын бастаған, жаңа Қазақстан бірінші күндерден-ақ өзін

ықпалдасу мен көп қырлы ынтымақтастықты табанды жақтаушы ретінде

көрсетті. Осындай парасатты саяси бастамалар жауапты да айрықша маңызды

жағдайларда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтің стратегиялық тұрғыдан

пайымдай білуінің жемісі болды. Елбасының Қазақстанның әлемдегі ең күшті

ядролық арсеналдарының бірінен ерікті түрде бас тарту туралы шешімі осы

қатарға жатады. Сол кезде Қазақстанның «ядролық алғашқы мұсылман

державасы» болуымен қызыққан саясатшылар мен оларды қолпаштаушы

шетелдік күштер аз болған жоқ. Бірақ қазіргі уақыт осындай дана әрі батыл

шешімнің өміршеңдігін дәлелдеп отыр.

Елбасының саяси таңдауы негізінде Қазақстанның дамуындағы аса

маңызды құндылықтар: Қазақтардың Дүниежүзілік Құрылтайлары өтуі,

1995жылғы 1-ші наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы, бұл

мәртебелі қоғамдық ұйымның Мәжілістің құрамына 9 депутатын сайлайтын

Конституциялық заңға жетуі; біздің еліміздің Әлемдік және дәстүрлі діндер

лидерлері съездерінің орталығына айналуы. Осындай бірегей форумдар түрлі

халықтар арасындағы өзара түсіністік пен әріптестікке қызмет ететінін барша

әлем қолдап отыр.

Елбасымыздың саяси таңдауы арқасында еліміздің жаңа саяси орталығын

Алматыдан бұрынғы Ақмола, қазіргі Астанаға ауыстыруы да аса маңызды

жалпыұлттық игілік – қазынамыз болды.

Астана дүниеге келіп, бүкіл жоғарғы құзырлы билік органдары

орналасқан, жалпымемлекеттік, жалпыұлттық сипаттағы аса маңызды саяси

шешімдер қабылданатын орталыққа айналды.

Астана – ел, мемлекет болғанымыздың, ұлтымыздың жасампаздық рухы

мен әулетінің, ерік-жігерінің айшықты, нақты материалдық-заттық, мәртебелі

де мерейлі дәлелі.

Қазақстан Республикасы - өзінің сыртқы саясатында Ресей, АҚШ, Қытай,

Орта Азиялық елдері, ТМД, Еуропалық Одақ, Түркия, күллі мұсылман

әлемімен саяси және экономикалық ықпалдасу мен сенімнің биік деңгейде

болуын мақсат етті. Осы елдердің қаржы компанияларының Қазақстан

экономикасына инвестиция салуы ынтымақтастықтың өте маңызды жетістігі

болып табылады.

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының басты идеясы

интеграциялық мәселелер болды. Алғашқы кезеңде ұсынылған Евразия одағы

туралы идея осы заманғы көптеген көкейкесті саяси мәселелердегі

ұстанымдарды жақындастыруға алып келгені ақиқат. Еуразиялық интеграция

идеясын жүзеге асыру барысында, ғалымдар мен зиялылардың еуразиялық

клубын құру ұсынысы мақұлданып (2007 ж.) Қазақстан Республикасы

Үкіметінің бастамасымен 2008 жылы Астанада өткен «Жаһандану

жағдайындағы экономикалық дамудың қазіргі заманғы қырлары» атты

ғалымдардың Еуразиялық экономикалық форумында еліміздің экономикалық

дәрежесіне ерекше мән берілді.

Еліміздің сыртқы саяси мүдделерін кең ауқымды қамтуы мен ұлттық

мүдделерін қорғау барысында маңызды ұсыныстарының ішінен Азиядағы өзара

ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес шақыру туралы бастама да

тарихи маңыздылығы зор шешімдер қатарынан табылады (1992 ж.). Азиядағы

өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК) – жалпы

алғанда 3 миллиард халқы бар, 18 мемлекетті біріктірген, дүниежүзілік ішкі

жалпы өнімнің үштен бірі тиесілі, Еуразия континентіндегі қауіпсіздікті

нығайтуға өзінің қомақты үлесін қоса алған беделді халықаралық ұйым.

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының басты бағыты халықаралық

экономикалық одақтармен қауымдастықтарға қатысу арқылы жаһандық

экономикаға кіру болды. Осы мақсатта Біртұтас экономикалық кеңістік,

ЕурАзЭҚ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Орта Азиялық ынтымақтастық

шеңберіндегі жұмыстарды белсенді түрде атқаруда. Қазақстанның Азия Даму

банкі, Бүкіләлемдік банк, Еуропа қайта құру және даму банкі, Еуропа

инвестициялық қоры, Еуропа инвестициялық банкі одақтарындағы өзінің

орнын нығайтуы еліміздің экономикалық даму кеңістігін әлемдік деңгейге

көтерді.

Осындай жан-жақты ішкі және сырқы саясаттың нәтижесінде

Қазақстанда тиімді халықаралық ынтымақтастықтың берік жүйесі жасалды,

еліміздің әлемдегі беделі жоғарылады. Бұған дәлел – Қазақстан

Республикасына әр жыл сайын халықаралық беделді ұйымдарға төрағалық ету

құрметті міндетінің жүктелуі. Ал осы ұйымдардағы төрағалық ету мерзімі

төмендегідей: Азиядағы ынтымақтастық үнқатысуы – 2008-2009 жылдар,

АӨСШК – 2006-2010 жылдар, ЕҚЫҰ – 2010 жыл, ШЫҰ – 2011 жыл, ИКҰ –

2011 жыл.

Бұл ұйымдардың бәрі де әлемдегі ықпалды, көпқырлы саяси

қызметтерімен танылған ұйымдар. Мысалы, Еуропадағы қауіпсіздік және

ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ – ОБСЕ - OSCE) әлемнің ең дамыған

демократиялық мемлекеттері құрған халықаралық ұйымы. Бұл ұйымға

төрағалық етуге халықаралық сенім білдіру Қазақстан үшін, жоғары саяси

бедел мен мәртебе. Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы және Еуразия құрлығында

осындай құрметті және жауапты миссия жүктелген бірінші ел болып табылады.

Ал Ислам Конференциясы Ұйымы (ИКҰ) - халықаралық ұйымдардың

ішіндегі ең ірі, ықпалды үкіметаралық мұсылман ұйымы болып табылады.

Қазіргі кезде халқы 1,4 млрд –тан астам адам санын құрайтын 57 елді

біріктіреді. ИҚҰ БҰҰ- дан кейін мүше мемлекеттер саны бойынша әлемде

екінші орын алады. Ислам Конференциясы Ұйымының қауымдастырылған

мекемелерінің кең жүйесі құрылған. Солардың ішінде Бүкіләлемдік банктің

баламасы – Ислам даму банкі, қызметі ЮНЕСКО –мен ИСЕСКО-ға ұқсас және

т.б. Осының бәрі Қазақстанға кең ауқымды мәселелер шешімдеріне қатысу

мүмкіндігін береді. Осындай экономикалық және саяси одақтар мен

қауымдастықтарға қатысу арқылы Қазақстан жаһандық экономикаға кірігу

саясатын жүзеге асыруда.

Қазақстанның егеменді және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып,

әлемдік қоғамдастықтың беделді мүшесі деңгейіне жетуіне басты негіз болған -

- нақты іс жүзіне асырылған ішкі саясат. Олардың бірінші орынға қойылған

басымдықтары: экономика, әлеуметтік саясат, мемлекеттің рөлін арттыру және

т.б.__

 

Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы.

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.

1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.

Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам диплоамтиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халыаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.

1992 жылы наурыздың 3-інде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі болып қабылданды. Осы жылы өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының трибунасынан ОБСЕ сияқты ұйымның Азияда да құрылуы туралы Н.Ә. Назарбаев өз ойын айтқан болатын. Бірақ, ол кезде оның бұл сөзіне онша сене қоймаған еді. Міне, арада 10 жыл өткеннен кейін 2002 жылғы маусымда Алматыда сенім әрекеттестік шаралар туралы саммиті өтті. Саммит жұмысына 16 мемлекет басшылары қатысты. Оның ішінде 7 ірі державалар- Қытай, Индия, Ресей, Иран, Түркия т.б. болды.

Маңызы: Бұл елдердің экономикалық потенциалы өте зор, олардың территориясының жалпы көлемі 38,8 млн.кв.км., немесе Евразия материгінің 89%-ын құрайды. Бұл елдердің территориясында 2.8 млрд. адам тұрады, яғни жер шары тұрғындарының 45%-ын құрайды.

Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы.

Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:

1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.

2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.

3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.

Қазақстан-Ресей байланыстары.

1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды. 1995 жылғы 20 қаңтарда – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы Декларация жариялады, ал 1996 жылғы 27 сәуірде Алматыда екі елдік бірлескен Декларациясына қол қойылды. Декларацияның маңызы:

1. Екі ел арсындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу.

2. Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау.

1998 жылғы 6 шілдеде Мәскеуде ІІІ ғасырға бағдарланған “Мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы” Декларация жарияланды. Нәтижелері:

1. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі проблемасын шешуді алға жылжытты.

2. Қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті.

3. Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мәселесі қарастырылды.

Қазақстан-Қытай байланыстары.

1992 жылғы тамызда Қазақстан Президентінің Қытай халық Республикасына алғаш сапары болды, нәтижесінде барлық байланыс жолдары ашылды. 1994 жылы сәуір айында Қазақстан мен Қытай арасында шекара аумағын заңдастырып белгілеу (делимитация) жөніндегі келісімге қол қойылды (1718 шақырымдық).

1996 жылғы сәуір айында алғашқы Шанхай келісімі жүргізілді. Бұл келісім барысына Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан қатысты. Мұнда негізінен - шекараларды бұзбау, бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу сияқты мәселелер қаралды. 1997 жылғы 25 қыркүйекте Алматыда болған келіссөздің нәтижесінде – Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырын жүргізу жөніндегі шартқа қол қойылды. Қытай үкіметі бұл жұмысқа 9,5 млрд.доллар жұмсауға келісті.

1998-1999 жылдары Қазақстан-Қытай арасында келісімдер нәтижесінде, шекараны нақтылау негізінен аяқталды.

Қазақстан-АҚШ байланыстары.

Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991 жылғы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды.

Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде және Каспий қайранын бөлісу жөнінде келісімдерге қол қойылды.

1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде – екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық өркендеуде қолдау көрсету, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мәселелер қаралды.

АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды.

Қазақстан және ТМД елдерімен тығыз өзара байланыста болу – біздің ел үшін өте қажет. 1994 жылы – Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, кейін Тәжікстан).

Қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық өмірдің барлық саласындағы дағдарыс ТМД басшыларын интеграциялық жаңа жолдарын іздеуге итермеледі.

Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық.

КСРО тарағаннан кейін ядролық қару негізінен Ресей жерінде шоғырланды. Қазір жер жүзінде 5 ядролық держава бар. АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция.

1993 жылы Президент Н.Ә. Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойды. Қазақстан ядролық қарудан еркін аймақ болып жарияланды. Соғыс өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды бейбіт заттар өнімдеріне айналдыру – (конверсия) жүзеге асырыла басталды.

1996 жылғы 31 қыркүйекте Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөнінде шартқа қол қойды.

Қазақстан басшылығы әскери-саяси одақ НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Бұл ынтымақтастық “Бейбітшілік үшін әріптестік” бағдарламасы негізінде жүзеге асуда. 1997 жылғы 15-21 қыркүйекте Шымкент (Қазақстан) және Шыршық (Өзбекстан) жерінде НАТО әскери бөлімдерінің қатысуымен әскери жаттығу өткізілді.

2001 жылғы 29 тамызда Алматыда “ІІІ ғасыр ядролық қарудан тазарған дүниені қалайды” атты халықаралық конференция ашылды.

Тәуелсіздік алғаннан бері халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге республикаға жол ашылды. 1997 жылдың басына қарай Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып кірді. Соның бірі ЮНЕСКО – ірі халықаралық ұйым. Ол – Білім, Ғылым және Мәдениет, “Адам және биосфера”, “Адам табиғи ортада” т.б. бағдарламалар негізінде жұмыс жасайды.

ЮНЕСКО – Қазақстанда биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында елдің ерекше қорғалатын табиғи аймақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи және мәдени мұрасы және “Адам мен биосфера” бағдарламасы шеңберіндегі аймақтар тізіміне кіргізу туралы шараларды іске асыруда, бірлесіп жұмыс атқаруда. Бұнымен қатар, Қазақстан халықаралық ұйым ЮНИСЕФ – Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры. ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасындағы өзінің жұмысын 1992 жылы бастады, негізінен, денсаулық сақтау саласында, шұғыл жәрдем көрсетуді насихаттайды.

ЮНИСЕФ-тің Арал аймағының халқын сауықтыру жөніндегі бағдарламасы - әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау, білім беру, балалардың тамағын жақсарту, сумен қамтамасыз ету, санитарлық қызметті жақсарту жөніндегі нақты шараларды жүзеге асыруға бағытталған. Сонымен бірге Қазақстан 800-ге жуық мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды.

Қазақстанның даму болашағы.

Егемен Қазақстанның жаңа мемлекет құрудағы философиялық тұжырымдарында көрсетілген бағыттары және елдің идеологиясы АҚШ, Франция, Ресейде белгіленген философиялық ұстанымдарды басшылыққа алады. Халықаралық тәжірибе тоталитаризмнен демократиялық бағыт жолына түскен елдердің өтпелі кезеңде идеологиялық дағдарысқа ұшырайтынын көрсетті. Сондықтан өркениетті елдердің өтпелі кезеңнен өту тәжірибесімен танысу өте маңызды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері.

1993 жылғы 9 қазанда “Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде” еңбегі жарияланды. Бұл еңбегінде Қазақстанға жаңа үлгідегі идеологияның қажеттілігі бар ма, жоқ па деген талас төңірегінде нақты пікір айтты:

1. Идеология – адамдардың қоғамдастығын саяси және экономикалық міндеттерді топтастыру тәсілі.

2. Идеология - әлеуметті мінез-құлықты қалыптастыру механизмі.

3. Идеология–мемлекеттің және оның тұғырнамасын қолдайтын партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың, адамдардың ақыл-ойына өркениетті түрде ықпал ету тәсілі.

4. Өмір алға озып отырған кезде әр түрлі идеологиялық ағымдар болады.

Еңбектің маңызы: Қазақстанның қазіргі кездегі қоғамдық-саяси жағдайына баға беріліп, ел тәуелсіздігі мен тұрақтылығын сақтау бағыттары көрсетілді.

1996 жылы “Ғасырлар тоғысында” еңбегі жарияланды: Бұл еңбегін Н.Ә. Назарбаев Кеңестік жүйе мен демократиялық кезең аралығын суреттейді.

Маңызы: Екі кезең тоғысындағы саяси мәселелерге айқын түсініктеме берілген.

2003 жылы “Сындарлы он жыл” еңбегі жарық көрді. Еңбекте қазіргі таңдағы әлемдік проблемалар көтерілді. Ең бастысы – есірткіге қарсы күрес мәселесіне тоқталды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-04-24; Просмотров: 694; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.