Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Таластарды бейбіт жолдармен шешу принципі 1 страница




5. Ынтымақтастық принципі

6. Халықаралық міндеттерді адал ниетпен орындау принципі

7. Шекараның беріктік принципі

8. Мемлекеттердің территориялық тұтастық принципі

9. Халықтардың өзін-өзі анықтау принципі

10. Адамның құқығы мен бостандығын қадірлеу принципі

 

Халықаралық құқық принциптері, бұл халықаралық құқық субъектілерінің негізі болатын, жан-жақты және көпшілік таныған тәртіп ережелері.

1970 жылғы халықаралық құқық принциптері туралы Декларацияда мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынас пен ынтымақтастыққа қатысты халықаралық құқық принциптерін қолдану және мемлекеттер өз міндеттерін адал ниетпен орындау, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау үшін және БҰҰ-ң басқа да мақсаттарына жету үшін өте маңызды екендігі көрсетіледі.

Халықаралық құқықтың негізгі принциптері: 1) 1945 жылы БҰҰ-ның Жарлығында; 2) 1970 жылы халықаралық құқық принциптері туралы Декларацияда; 3) 1975 жылы Хелсингілік Кеңестің Европадағы қауіпсіздігі мен ынтымақастығы туралы Қорытынды Актісі.

Декларация жеті принципті қамтиды: 1. Күш қолданбау немесе күшпен қорқытуды қолданбау принципі; 2) халықаралық таластарды бейбіт жолдарымен шешу прициптері; 3) мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау принципі; 4) БҰҰ-ң Жарғысына сай мемлекеттердің бір-бірімен ынтымақтастық орнату міндеттері; 5) халықтар өзін-өзі анықтау принципі; 6) мемлекеттердің егеменді тепе-теңдік принципі; 7) мемлекеттер өз міндеттерін адал ниетпен орындау принципі.

1975 жылы қабылданған Қорытынды Актте келесі принциптер бекітілді: 1) территориялық тұтастылық принципі 2)шекараның беріктілігі; 3) адамның бостандығы мен құқығын қадірлеу.

2.Халықаралық құқық принциптерінің жіктелуі

Принициптерді үш топқа бөлуге болады: І-топқа ынтымақтастық принциптері; ІІ-топқа халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптері; ІІІ-топқа халықтардың, ұлттардың адамдардың құқықтарын қорғау принциптері.

Мұндай топтастыру кезінде І-топқа егеменді тепе теңдік принциптері, басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау, ынтымақтастық және халықаралық міндеттерді адал ниетпен орындау принциптерін жатқызуға болады.

ІІ-топқа күш қолданбау немесе күшпен қорқытуды қолданбау, шекараның беріктігі, территориялық тұтастық, халықаралық дау-таластарды бейбіт жолдармен шешу принциптері жатады.

ІІІ-топқа – халықтардың өзінің мемлекетік құрылысын өзі шешу принципі, адамдардың бостандығы мен құқықтарын қадірлеу принциптері жатады.

Егеменді тепе-теңдік принципі БҰҰ-ң Жарлығында белгіленген. Бұл принцип оның барлық мүше-мемлекеттердің тең құқығының тануды және мемлекеттік қадірлеуді білдіреді.

Мемлекеттік егемендік – барлық мемлекеттердің ажыратылмас белгісі болып табылады. Барлық мемлекеттер, сонымен қатар Қазақстанда әлем бірлестігінің тең құқылы мүшелерінің бірі болып табылады.

Егеменді тепе теңдік туралы айтқан кезде, бұл сөздің заңғы мағынасы ретінде мемлекеттердің арасындағы тепе теңдікті ескеруіміз керек. Бірақ, шынында мемлекеттер тең бола алмайды. Мысалы, аумақ бойынша, халық саны бойынша, экономикалық, саяси дамуы бойынша және т.б.. Егемендік тепе-теңдік принципі бойынша ең кішкентай және нашар дамыған мемлекеттер, үлкен және жоғары дамыған мемлекеттер сияқты халықаралық істерді шешу кезінде дауыс беруге құқығы бар екендігін білдіреді.

Барлық мемлекеттер халықаралық аренада егеменді құқыққа ие бола тұрып, басқада өзі сияқты, халықаралық қауымдастықтың қатысушыларының егеменді құқығын қадірлеуге міндетті. Мемлекет өзінің пайда болуынан бастап халықаралық құқықтың субъектісі болып саналады және басқа мемлекеттердің құқықтық субъектілігін қадірлеу керек.

Халықаралық құқық принциптері туралы Декларациясында айтылғандай, әрбір мемлекет саяси тәуелсіздікке ие, өзінің территориясында билікті дербес жүргізеді, өзінің стратегиялық бағыты мен тактикалық жолын өзі таңдайды, өз ісіне ешкімді араластырмай ішкі және сыртқы саясатын өзі жасайды, басқаның үстемділігіне жол бермейді.

Халықаралық дау-таластарды бейбіт жолдармен шешу принципі, бұл келіспеушілік туған жағдайда халықаралық құқықтың субъектілерімен (көбінесе мемлекеттермен) реттеу үшін қолданылатын халықаралық құқықпен белгіленген процедура тәсілдері мен тәжірибелік шаралары БҰҰ Жарғысының 3 бабы дауларды бейбіт жолмен шешу тәсілі ретінде келіссөздерді, делдалдық, тексеру, татуласу, арбитраж, сот талқылауы және дау қатысушыларының таңдауы бойынша басқа да тәсілдерді қарастырады. Аталған тәсілдерді қолданудың құқықтық негізін БҰҰ Жарғысында белгіленген халықаралық дауларды бейбіт жолдармен шешу қағидасы құрайды.

Ынтымақтастық принципі келесілерді қамтиды:

1)мемлекеттер халықаралық бейбітшілікті және халықаралық ынтымақтастықты қолдау мақсатында бір бірімен достастықта болуы міндетті;

2)мемлекеттердің ынтымақтастығы олардың әлеуметтік жүйесіндегі айырмашылықтарға байланысты болмауы керек;

3)мемлекеттер барлық әлемдегі экономикалық даму ісінде ынтымақтастықтық жасау қажет және де дамушы елдерге көмек көрсетуі қажет.

Қазақстан өзінің тәжірибесінде ынтымақтастық туралы шарттар мен келісімдер жасады. Мысалы, 1992 жылы 16 қыркүйекте ҚР-ң Үкіметі мен Белоруссия Республикасының Үкіметі арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы Келісім. Сауда-экономикалық ынтымақтастық осы екі ел арасында теңдік принципі және өзіндік ұтым негізінде жасалған.

Халықаралық міндеттерді адал ниетпен орындау принципі.

Бұл принциптің негізінде ежелгі заманның әдет-ғұрпынан белгілі нормалар жатады – “pacta sunt servanda”.

БҰҰ-ң Жарғысының 2 бабында көзделгендей: “Оның мүшелерінің өзіне алған міндеттемелерді орындауға міндетті”. Бұл принцип 1969 жылы 23 мамырда Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена Конвенциясында, 1970 жылғы халықаралық құқық принциптер туралы Декларациясында, 1975 жылы Хелсингідегі Қорытынды Акт және басқада құжаттарда көзделген. Осы актілердегі ережелердің барлығын қосып, мынаны айтуға болады. Барлық мемлекеттер БҰҰ-ң Жарғысынан шығатын міндеттерді орындау керек. Әрбір мемлекет өз шеңберінде БҰҰ-ң Жарғысымен ғана шектеліп қоймай, ол халықаралық құқықтық принциптерден шығатын, сондай-ақ халықаралық шарттардан шығатын барлық міндеттемелерді адал ниетпен орындалуы тиіс.

Шекараның беріктік принципі, халықаралық келісімдермен мемлекеттің ішкі ережелерін бұзатын, шекараны кесіп өту немесе жердегі шекара сызықтарын бір жақты өзгертуге тыйым салатын жалпымен танылған халықаралық принциптер. Шекара сызықтарының кез келген өзгеруі тек көршілес мемлекеттердің келісімі негізінде және халықаралық құқыққа сәйкес болады. Өз егемендігіне және аумақтық үстемдігіне сәйкес әрбір мемлекет шекарасы арқылы азаматтардың, транспорт, жүктердің кесіп өтуін өзі белгілейді, немесе бұл тәртіп мүдделі мемлекеттермен халықаралық құқық нормалары мен принциптерін ескере отырып белгіленеді.

Бұл принцип БҰҰ-ң Жарлығында, халықаралық құқық принциптері туралы Декларацияда, кейіннен 1975 жылы Хельсиндік Қорытынды Актте бекітілген.

Басқада бейбітшілік сүйгіш мемлекеттер сияқты Қазақстан да шекараның беріктік принципін қолданады. Бұл әдетте, Қазақстан-қытай шекарасының режимі мәселесі бойынша Қытаймен келісілген келісімде мағынасын тапты.

Мемлекеттердің аумақтық тұтастық принципі

Бұл принцип Хельсиндік Қорытынды Актсінде бекітілді. Бұл құжатта барлық мемлекетер БҰҰ-ның Жарлығына қарсы келмейтін және мемлекеттердің территориальдық тұтастылығына қарсы бағытталған кез келген іс әрекеттерден бас тарту керек екендігі айтылады. Сонымен қатар, халықаралық құқық тең бейбітшілік территориялдық өзгерістерді қамтиды.

Халықтардың өзін-өзі анықтау принципі Бұл принцип Хельсиндік Қорытынды Актте бекітілген. Бұл принциптің маңызды шарты – бейбітшілік, қауіпсіздік пен ынтымақтастық болып танылады. Алғашқы кезде бұл байланыс Қазан төңкерілісінің бір қатар актілерінде көрініс тапқан. Мысалы, 1917 жылғы бейбітшілік туралы Декрет.

Осы принципке сәйкес халықтар, ұлттар өздерінің саяси мәртебесін анықтайды:

- басқару нысанын еркін таңдауға;

- мемлекеттік құрылысты өзі анықтауға;

- халықтар, ұлттар өзінің саяси, әлеуметтік және мәдени дамуын өзі жүзеге асыруға;

- халықтар өздерінің жерлерін қорғауға құқығы бар;

- халықты шетел мемлекетерге бағындыруға рұқсат етілмейді.

Адамның құқығы мен бостандығын қадірлеу принципі. Бұл принцип БҰҰ Жарлығында, толығымен 1948 жылы Жалпыға бірдей Адам құқығы туралы Декларациясында, 1966 жылы Адам құқығы туралы халықаралық Пакте, 1975 жылы Хельсиндік Қорытынды Актісінде бекітілген.

Осы принципке сәйкес барлық мемлекеттер:

А) кез-келген территорияда орналасқан барлық адамдардың құқығымен бостандықтарын қадірлеу керек;

Б) практика жүзінде адамдардың саяси, экономикалық, азаматтық, әлеуметтік құқықтарын дискриминациясыз, яғни алалаусыз құқықтарын орындау;

В) адамдар құқығы мен бостандықтарын қадірлеу керек, адам құқығы бойынша барлық халықаралық міндеттерді орындау керек.

Күш қолданбау немесе күшпен қорқытуды қолданбау принципі, мемлекеттер арасындағы күш қолдану қауіпін, күш қолдануға тыйым салатын халықаралық құқықтың негізгі принциптерінің бірі. Бұл 1928 жылғы 27 тамыздағы Париж келісімінде белгіленген. БҰҰ-ң Жарғысының 1945 жылы қабылданғаны күш қолданбау принципінің келесі маңызды сатысының бірі. БҰҰ Жарғысы агрессиялық соғысқа тыйым салумен шектелмей, халықаралық қатынаста аумақтың біртұтастығына, мемлекеттің саяси тәуелсіздігіне, сондай-ақ БҰҰ мақсаттарына сәйкес келмейтін қандайда болмасын күш қолдануға, болмаса күш қолданамын деп қорқытуға тыйым салады.

Күш қолданбау принципі 1974 жылы 14 желтоқсан БҰҰ Бас Ассамблеясының 3/314 «Агрессияны анықтау жөнінде«деген Резолюцияда анықтама берілген. Сонын 1 бабына сәйкес Агрессия:- бір мемлекеттің егемендігіне, аумақтық дербестігіне немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы екінші бір мемлекеттің қарулы күш қолдануы, сондай-ақ бір мемлекеттің екіншісіне қарулы күш сұмсап, БҰҰ Жарғысына қайшы келерлік өзге де басынушылық әрекеттер жасауы. Мысалы ретінде фашистік Германияның КСРО-ға шабуылы.

Басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау туралы принципы мемлекеттердің егеменді тепе теңдік принципімен тығыз байланысты. БҰҰ Жарлығы бойынша «кез-келген мемлекеттің ішкі құзыретіне кіретін іске араласуға тиім салынады«деп көрсетеді.

1970 ж. Декларацияға сәйкес «араласпау принципі«деп мемлекет өзінің саяси экономикалық, әлеуметтік және мәдени жүйесіне (таңдау құқығы арқылы) басқа мемлекеттерді араластырмауға (өзі шешуге) құқығы бар.

Бұл принцип мынаны тыйым салдырады:

1)қарулы және араласудың басқа нысандары немесе қорқыту арқылы мемлекеттің ішкі саясатына араласуы;

2)халықтарды ұлттық егемендіктер айыру мақсатпен күш қолдану;

3)басқа мемлекетті өзіне бағындыру мақсатында экономикалық, саяси және басқада шараларды қолдану.

Мысалы, Қазақстан мен Литва республикасы арасындағы ынтымақтастық және өзара қатынастар туралы Шартының 1 бабында (1993 ж 7 қараша) көзделген: «Жоғарыда келісуші жақтар өздерінің достық қарым-қатынасын дамыту барысында, «егеменді тепе-теңдік принципін…, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау принциптерін … «ұстанады.

 

 

Тақырып 4 Халықаралық шарттар құқығы.

 

1. Халықаралық шарттар құқығы, оның бастауы мен кодификациясы

2. Халықаралық шартың түсінігі мен оның жасау тәртібі. Халықаралық шарттағы тараптар.

3. Халықаралық шарттардың нысаны мен құрылымы

4. Халықаралық шарттарға түсінік жасау

5. Халықаралық шарттардың жарамдылық және жарамсыздық негіздері

 

Халықаралық шарттардың күші, жасалуы және тоқтатылуы тәртібі мемлекеттердің және халықаралық құқықтың басқа да субъектілерінің қатынастарын реттейтін, халықаралық құқық нормаларын жиындығы халықаралық құқықтың бір саласы халықаралық шарттар құқығы болып табылады.

Халықаралық шарттар халықаралық құқықтың негізгі бастауы болып табылады. Қазіргі кезде әлемде халықаралық шарттардың 30 мыңға жуығы бар.

Халықаралық шарттар құқығының негізгі құқықтық нормалары 1969 жылы халықаралық шарттар құқығы туралы Вена Конвенциясында кодификацияланған. Халықаралық құқық комиссиясының шеңберінде 1978 жылы мемлекеттердің халықаралық шарттарға қатысты құқық иеленушілік туралы Конвенциясы талданып қабылданған. 1986 жылы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар арасында немесе халықаралық ұйымдар арасында шарттар мәселесі бойынша Конвенциясы қабылданды. Бұл конвенция 1969 жылғы конвенцияны толықтырады. Осы конвенцияға байланысты халықаралық ұйымдарда халықаралық шарт жасауға құқылы.

Халықаралық шарт деп жазбаша түрде жасалған, өзара құқықтар мен міндеттерді белгілеу үшін екі немесе көп халықаралық құқық субъектілерінің келісімі. БҰҰ-ң халықаралық құқық комиссиясы халықаралық шарттар құқығының прогрессивті дамуымен және кодификациясымен белсенді айналысады. Ол халықаралық актілердің бірнеше жобаларын өндеді.

1969 жылы халықаралық шарттар құқығы туралы Вена Конвенциясы әр түрлі әлеуметтік экономикалық жүелердегі мемлекеттер арасындағы бейбітшілік ынтымақтастық құралы ретінде халықаралық шарттар жасау тәртібі, үшінші мемлекеттер үшін халықаралық шарттың мәні, шарттардың жарамды және жарамсыздық негіздері, таластарды шешу тәртібі және шарттар құқығының басқа да маңызды мәселелері.

Халықаралық құқыққа сәйкес халықаралық шарт жасауға құқық қабілеттілігі халықаралық құқық субъектілерінің ажыратылмас құқы болып табылады. 1986 жылғы Вена конвенциясына сәйкес халықаралық ұйымдар халықаралық шарттарды жасауға құқысы бар. Барлық халықаралық ұйымдарға қарағанда БҰҰ-ның ең кең шартты құқық қабілеттігі бар.

Халықаралық шарттартың тараптары болып халықаралық құқықтың барлық субъектілері болуы мүмкін.

Халықаралық шарт бойынша қаралатын саяси-экономикалық, мәдени-достық т.б. мәселер мемлекеттің егемендігі, заңды және халықаралық құқық принциптеріне сайма-сай болуы, тең құқықтық пен қолсуқпаушылық негіздерін сақтауды қамтамасыз етуге тиіс.

Қатысушылардың санына байланысты шарттар екіжақты және көпжақты болып бөлінеді. Соңғысы өз кезегінде жалпы (әмбебап) және локальды (жергілікті) болып бөлінеді.

Басқа елдердің шартқа қосылуына болатын – ашық шарт яки басқа елдердің келісімге қосылуына болмайтын – жабық түрлері бар. Халықаралық шарт әдетте жазбаша жазылып, келісуші тараптардың жоғарғы өкімет органдарының ратификациялануына берілуі мүмкін.

Кез келген халыхаралық шарт мемлекеттер немесе халықаралық құқықтың басқа да субъектілер еріктерінің келісулер нәтижесі болып табылады.

Халықаралық шарттардың негізгі салмағын екіжақты халықаралық шарттар құрайды. Бірақтан халықаралық ынтымақтастықтың маңызды дамуына қарай көп жықты халықаралық шарттардың да рөлі өсуде.

Көпжақты халықаралық келісім-шарттардың арасында жалпы және қатысушылардың саны шектелген болып бөлінеді. Саны шектелген халықарарлық шарттарға мысал ретінде Европалық Экономикалық Қауымдастықты құру туралы Рим келісімі шарты болып табылады. Жалпы халықаралық келісім шарттарға жататындар: халықаралық бейбітщілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі шарттар, мыс., 1968 ж. ядролық қаруды таратпау туралы Келісім, космос бойынша келісім шарттар, 1982 ж. Теңіз құқығы БҰҰ Конвенциясы, Дипломатиялық, консулдық, шарттар құқығы бойынша Вена Конвенциялары.

Көпжақты жалпы халықаралық келісім-шарттары, 1969 ж. Декларация көрсеткендей,”барлық мемлекет-қатысушылар үшін ашық болу керек”.

Объектілеріне қарай халықаралық шарттар әртүрлі болуы мүмкін. Объектілеріне қарай 3 түрі бар: саяси, экономикалық және арнайы мәселелер бойынша шарттар.

Халықаралық саяси келісім шарттарға бітім туралы, өзара көмек, жаулап алмау, бейтараптылық, бейбітшілік шарттар шекаралық мәселелері туралы шарттар жатады. Саяси халықаралық шарттардың мысалы ретінде: БҰҰ Жарлығы, 1947 ж бейбітшілік келісімдері, 1963 ж ядролық қаруды сынауға тиым салуы туралы Келісім.

Экономикалық шарттарға: сауда шарттары, тауарларды жеткізу және тауар айналымы туралы шарттар, экономикалық және ғылыми техникалық ынтымақтастық туралы келісімдер, несие туралы Кесісімдер. 1957 ж. Европадағы Экономикалық Ынтымақтастық туралы Рим Келісімі, Шанхай Ынтымақтастық Ұйым Жарлығы;

Арнайы мәселелер бойынша келісімдер: байланыс, транспорт, деңсаулық сақтау, білім, ғылым ынтымақтастық, құқықтық көмек, консулдық, дипломатиялық конвенциялар.

1969 жылғы Веналық конвенцияға сәйкес мемлекеттер басшылары және сыртқы істер министрлері арнайы өкілдіксіз өзінің мемлекетін халықаралық аренада көрсете алады. Көп жағдайда мемлекет органдары халықаралық шарт жасағанда оған арнайы өкілдер арқылы әрекет етеді. Бұл үшін оларға өкілдік деп аталатын арнайы құжаттар беріледі. Өкілдіктерде келіссөз жүргізу, шарт қабылдау, оның тұп нұсқаулығын орнату, қол қою құқығын куәландырады. Екі жақты шарт жасау кезінде қатысушылар өкілдіктерімен алмасады, ал көпжақты шарт кезінде өкілдіктер Хатшылыққа өткізіледі.

Халықаралық шарт формасы мен құрылымы Екі негізгі формасы бар: жазбаша мен ауызша. Әдетте халықаралық шарттардың жазбаша түрі кеңірек қолданылады. Мыс. Вена Конвенцияның шарттық ережесінде жазбаша, сондай-ақ сауда контрактарын жасасуда ауызша түрі қаралған. Ешқандай құжатта жазылмаған келісімді джентельмендік келісім деп атайды.

Шарттың құрылымы. Шарт негізгі 3 бөлімнен тұрады:

1). Преамбуладан (шарт жасау себептер және оның мақсаттары көрсетіледі).

2) шарттың мазмұны (шарттың баптары, шарттың тақырыптары, тараптардың құқықтары мен міндеттері).

3) қорытынды бөлімі (шартың күшіне ену тәртібі, күшінде болу мерзімі және тоқталу мерзімі) көрсетіледі.

Кейде шарттың қосымша бөлімі де болады.

Шарттың тілі. Халықаралық шарттар түрінің басты элементі – шарттар процесінің қатысушылары пайдаланатын бұл тіл. Халықаралық шарт әдетте, келісушілер тараптардың тілдерінде жасалады.

Екі жақты шарт екі тараптың тілінде жасалады. Шарт мәтіні екі дана етіліп дайындалады. Екі тарап мәтінің тілдері аутентикалық (тұпнұсқалық) түрде жасалады және олардың күштері бірдей. Көпжақты халықаралық шарттардың тілі конференцияны шақырған халықаралық ұйымның ресми тілдері негізінде жасалады немесе мемлекет-келісушілердің өздері тілді таңдайды. Қазақстан Республикасында халықаралық шарттар жасау тәжірибесінде Балтика мемлекеттерімен шарт жасау үш тілде жасалады, қазақ тілінде; прибалтика мемлекет тілдерінің бірі – литва, латыш, эстон тілі; екі жақты пайдаланатын тіл болып – ағылшын немесе орыс тілдері пайдаланады.

Халықаралық ұйымдар шеңберінде – мысалы, БҰҰ - жасалған шарттар алты ресми тілде жасалады. БҰҰ-ның жұмыс және ресми тілдері болып: ағылшын, француз, орыс, испан,қытай және араб тілдері табылады.

 

Шарт жасау тәртібі. Халықаралық шартты өндеу сатыларының бірі болып шарттың мәтінін келісу бойынша келіссөздер жүргізу болып табылады.

Шарттың мәтінін қабылдау көбінесе дауыс берумен орындалады. Екі жақты шарттың мәтінін консенсус арқылы немесе 2/3 дауыс арқылы қабылданады.

Мәтіннің тұп нұсқалығын орнату. Келіссөздер аяқталуынан, егер мәтін соңғы және онан арғы өзгерістер іңгізілмейтін болатын болса, онда ол шарттың тұп нұсқаулығын орнату деп аталады. Екі жақты шарттар мәтінін тұп нұсқаулығын парафирлеу жолымен, яғни өкілдер алдын ала келісім беру ниетімен құжатқа өздерінің аты-жөнін жазып қою арқылы орнатылуы мүмкін.

Шарттқа қол қою мемлекет үшін егер ол келесі ратификациялауды қажет етпейтін болса бұл шарттың міндетті екендігін мақұлдайтының білдіретін маңызды тәсілі болып тыбылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 2073; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.068 сек.