Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Таластарды бейбіт жолдармен шешу принципі 3 страница




Хатшылық Бас Хатшы басшылығымен жұмыс істейді.

Ол ағымдағы жұмыстардың орындалуына жауап береді, БҰҰ түрлі органдардың түрлі жұмыстарын істеп, олар жасаған бағдарламалар мен саясатты жүзеге асырады. Ол зерттеу жұмыстарын жүргізеді, келіс сөздер, конференциялар өткізеді, әлемдік қауымды мәліметпен қамтамасыз етіп отырады. Хатшылық бөлігіне: Женева, Вена, Райроби, Бангкок және т.б. қалалардағы бөлімшелері жатады.

Бас Хатшы – БҰҰ негізгі әкімшілік лауазымды тұлға – ол Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысымен Бас Асамблеямен тағайындалады. Берілегн өкілеттік шеңберінде ол халықаралық бейбітшілікпен қауіпсіздік мәселесіне қауіп төңдіреді деген кез келген жағдайға ҚК назарын аудара алады. Бас Хатшы БА БҰҰ жұмысы туралы жылдық есеп беріп отырады, БА, ҚК,ЭКОСОС, Қамқорлық бойынша комитет отырыстарына қатысады және бұл органдар тапсырған басқа да міндеттерді орындайды.

БҰҰ жүйесі БҰҰ оның негізгі және көмекші органдар мен бірге қамтиды. БҰҰ 17 мамандандырылған мекемесі құрылған.

БҰҰ - ол қазіргі әлемдегі ерекше форум, онда түрлі саяси экономикалық жүйелер бар, көзқарастары ерекшелінетін, түрлі қажеттіліктерімен толғандыратын ойлары бар мемлекеттер өкілдер үнемі кездесіп отырады. Әрбір мемлекет өз көз қарасын ұсына алады. БҰҰ жоқ болғанда, әлемдегі жағдай күрделілек болар еді.

БҰҰ Жарғысы – соғыстан кейінгі тарихтағы жалпы мойындалған халықаралық құқық нормаларын қамтитын жалғыз құжат.

90 – жылдары БҰҰ жалпы бейбітшілікті нығайтуға байланысты істерінде Қазақстан Республикасы белсенді рөл атқарды. БҰҰ жұмысына қатысу әр мемлекетке тек ресми көзқарасын білдіруге көмек теспейді, сонымен қатар, ол басқа мемлекет басшылары, сыртқы істер министрлері, түрлі өкілдер арасындағы байланыстарын, ресми емес келіссөздердің, пікір таластардың өтуіне жол ашады. Ал мұндай би ресми келіссөздер бүгінгі дипломатия өте маңызды. Олар қандай да бір мемлекеттің кзөқарасын, алдына қойған мақсаттарын анықтауға көмек теседі.

БҰҰ бейбітшілікпен қауіпсіздікті сақтаудың ұжымдық құралы ретінде қарастыра отырып, барлық бейбітшілік күштер БҰҰ қызметін жемісті етуге тырысады және бұл істе беделді болуын тілейді.

 

Тақырып 6. Халықаралық құқықтағы азаматтық мәселелер

 

1. Азаматтықтың түсінігі.

2. Азаматтықты иелену және жоғалтуы.

3. Шетел азаматтарының заңды тәртібі

4. Қос азаматтық (бипатризм). Азаматтығы жоқтық (апатризм).

5. Баспана құқығы. Босқындар.

 

Азаматтық, бұл белгілі мемлекетке қатысты құқықтар мен міндеттердің көлеміне ие болуын білдіретін жеке адамның мемлекетпен тұрақты саяси құқықтық байланысы.

1991 жылдың 20 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасының азаматтық туралы” Заңында мынандай түсінік береді: “ҚР-ң азаматтығы - өзара құқықтар мен міндеттердің жиындығы көрсететін жеке адамның мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық байланысы.”

Жеке адам мен мемлекет арасында байланыс әдетте, туылғаннан, азаматты болу кезінен пайда болады, адамның қайтыс болуына байланысты тоқталады.

Азаматтықты иелену, өзгерту және жоғалту әдістерін қарастырайық.

Азаматтық туылған шағынан, халықаралық келісім негізінде қол астына алу (натурализация) әдісімен, қайта қалпына келтіру мен арыз беру жолымен алынады.

Туылған шағынан азаматтықты алу.

Көптеген мемлекеттердің заңдары азаматтықты туылғаннан алу екі принципте: қан құқығы және топырақ құқығына негізделген. Қан құқығы принципі жеке адамның азаматтығы ата-анасының азаматтығына байланыста да, туылған жеріне қатысты емес деп пайымдайды. Европаның көптеген мемлекеттері осы принциппен жүреді. (Австрия, Норвегия, Италия т.б.).

Топырақ құқығы принципіне сәйкес адамның туылғандағы мемлекеттік территориясы басты мәнге ие, ал ата-анасының азаматтығы маңызды емес. Мысалы, Бразилия және Аргентина заңдары бойынша. Осы мемлекеттер территориясында туылған бала, ата-анасының азаматтығына тәуелсіз. Бразилия немесе Аргентина азаматы болып есептеленеді. Бұл принциппен Латын Америка елдері жүреді. Бірқатар мемлекеттерде екі принциптің әрекетін, яғни аралас принципті ұстанады (АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Индия және т.б.).

 

Азаматтыққа қабылдау немесе қол астына алу – бұл азаматтығы жоқ немесе басқа елдің азаматы болып саналатын жеке адамның белгілі мемлекет азаматтығын алуы.

Азаматтыққа қабылдау немесе қол астына алу ҚР-ның азаматтығы туралы Заңының 10 бабында келесі жағдайлармен қаралған: а) азаматтықты беру туралы жеке адамның өтініші; б) бір елдің азаматтының (азаматшасының) екінші елдің азаматшасымен (азаматымен) некеге тұруы; в) бір елдің азаматтарының басқа елдің азаматы болып есептелетін баланы асырап алуы.

Азаматтыққа қабылданушы адам әртүрлі талаптарды қанағаттандыруы қажет. Көп таралған шарттардың бірі белгілі мерзімде сол елде тұруы: АҚШ пен Францияда – 5 жыл; Норвегия мен Ұлыбританияда – 7 жыл; Испанияда – 10 жыл.

Басқа мемлекеттің азаматына тұрмысқа шыққан әйел азаматығы жоқ немесе қос азаматтығы бар адам ретінде саналады, ал ол оны ыңғайсыз жағдайға алып келіді. 1957 жылғы тұрмысқа шыққан әйелдің азаматтығы жайында Конвенция қабылданды. Мұнда некеге түскен немесе некені бұзған кезде әйелдің азаматтығы автоматты түрде өзгермелуі тиіс деп анықтаған. Бірақ жоғарыда айтылғандар қол астына алу тәртібімен күйеуінің азаматтығын ала алмайды дегенді түсіндірмейді. ҚР-ң азаматтығы туралы заңы халықаралық құқықтық тәжірибеге сай келеді. Қазақстан азаматының шетел азаматымен некеге тұруы азаматтығын өзгертуіне негіз болып табылмайды.

Халықаралық келісім негізінде азаматтықты алу, және өзгерту – бірнеше мемлекеттердің бірігуі немесе цессия кезінде бір мемлекеттің бірнеше дербес мемлекеттерге бөлінуі,(яғни мемлекет территориясының бір бөлігі екінші мемлекетке өтеді) және көршілес мемлекеттердің кейбір жерлерімен ауысуына қатысты халықаралық келісімдер.

Азаматтықты жоғалту келесідегі негізде болады: а) басқа мемлекеттің қол астына алуына байланысты азаматтықтан ерікті шығуы кезінде; б) территорияның мәртебесі өзгерген кезде; в) азаматтықтан айырылған жағдайда.

Қазақстанда азаматтықты жоғалту жоғарыдағы негізде жүреді, бірақ ҚР зандарында тағы да қосымша негіздер бар:

а) шетел мемлекетінің мемлекетін басқару және үкімет органдарына, қауіпсіздік органдарына, әділет мекемесіне кіруі кезінде; ҚР-ң халықаралық шарттарымен осы ережеден басқа да қарастырылуы мүмкін.

б) ҚР-ң азаматтығын әдейі жалған мәлімет немесе жалған құжат жасау негізінде алған жағдайда.

Азаматтықты жоғалту және тоқтату бір-біріне ұқсас ұғымдар, бірақ азаматтықты жоғалту ұғымы азаматтықты тоқтатуға қарағанда тарырақ қарастырылады.

ҚР-ның азаматтығын тоқтату мыналардың нәтижесінде болады: а) ҚР-ң азаматтығынан шығу; б) ҚР-ның азаматтығын жоғалту. Азаматтықтан шығу тек адамның өтініші негізінде жүргізілмейді. Шығу туралы өтініш қабылданбауы мүмкін, егер ҚР-ның алдында орындалмаған міндеттері болса немесе Қазақстанның жеке және заңды тұлғаларының мүдделеріне тиетін мүліктік міндеттер орындалмаған жағдайда. ҚР азаматтығынан шығу жөніндегі өтініші қанағатандырылмауы мүмкін егер жеке тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылса немесе қылмыстық жазасын өтеуде болса.

 

Шетел азаматы болып бұл мемлекеттің азаматы болып табылмайтын, сондай-ақ осы территорияда тұрақты немесе уақытша тұратын адам саналады. Шетел азаматтарының заңды тәртібін тұрып жатқан территориядағы мемлекеттің заңымен анықталады. Сонымен қатар ол тәртіп халықаралық құқықпен реттеледі.

Шетел азаматтарының құқықтары мекн міндеттері ҚР-сында арнайы заңдар, нормативтік құқықтық актілермен бекітілген. ҚР –да осы жөнінде 1995 жылы «Шетел азаматтарының құқықтық тәртібі туралы ережесі«ҚР Президентінің заң күші бар Заңы қабылданған.

Қазақстан Респбликасы заңы бойынша шетел азаматтарына ең қолайлы режим беруге құқылы, сондай-ақ Қазақстан мен халықаралық келісімдерде болуы мүмкін. Шетел азаматиары үшін бұдан басқа арнайы және ұлттық режим деген түрлері бар. Ұлттық режим бойынша шетел азаматтарының құқық пен міндеттерінің көлемі сол өз елінің азаматтарының құқық пен міндеттерімен бірдей, теңелген. Арнайы режим бойынша ішкімемлекеттік құқығына немесе халықаралық келісімдер арқылы шетел азаматтарына арнайы құқықтар беріледі.

 

Қос азаматтық (бипатризм) – жеке адамның екі мемлекетпен саяси-құқықтық байланысы. Қос азаматтық екі мемлекет заңының қақтығысы (коллизия) нәтижесінде пайда болады. Мысалы, егер бала «топырақ заңы«принципті ұстанатын мемлекет территориясында туылса (Перу), ал ата-аналары «қан құқығы«принципын қолданатын территория (Финляндия) азаматы болса, онда бала туылған кезінен Перу және Финляндия азаматы болып саналады.

 

Азаматығы жоқтық немесе апатризм - қандай да бір де бір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын жеке адамның құқықтық тәртібі. Азаматсыздық келесі жағдайларда туындайды: а) егер жеке адам өз мемлекетінің азаматтығынан ерікті түрде шықса; б) КСРО уақыттындағыдай мемлекет азаматтықтан айырса; в) некеге байланысты азаматтығын автоматты түрде бермейтін мемлекет азаматымен некеге тұрған әйелдің елі шетел азаматына тұрмысқа шығуына байланысты азаматтығын автоматты түрде айырса.

 

Баспана құқығы – саяси көзғарасы не қоғамдық әрекеті үшін өз мемлекетінен қуғын көрген адамға екінші мемлекет бас паналауға берген мүмкіндігі. Мұндай заң, әдетте, басқа елдің заңында, Конституциясында жазылады.

Баспана құқығы, бұл саяси әрекет үшін қуғын көрген шетел азаматына осы территорияға кіруі мен тұруына рұқсат және қуғынға ұшыратқан мемлекетке азаматты бермеу құқығы. Баспананың екі түрі бар; дипломатиялық және территориалды. Дипломатиялық баспана, қандай да болмасын саяси көзғарастары бойынша қуғынға ұшыраған тұлғаға шетел дипломатиялық өкілдік тұрғын жайынан немесе шетел әскери кемесіне паналауға мүмкіндік беру. Халықаралық құқыққа сәйкес дипломатиялық және консулдық өкілдік тұрғын жайына қол сұқпаушылық, сондай-ақ шетел әскери кемесінің экстерриториалдығы келген мемлекетпен құқық бұзған тұлғаларына өз тұрғын жайынан паналауға құқық бермейді. Территориалды баспана, саяси көзқарастары үшін қуғынға ұшыраған тұлғаға, тұлғаларға мемлекеттің өз аумағынан пана беруі.

Баспананың берілмеуінің себебі болып, адамның 1) әскери қылмыс, 2) қылмыстық іс, 3) БҰҰ-ның мақсаты мен принциптеріне қайшы келетін қылмыстық әрекет жасалуы табылады.

Босқындардың құқықтық мәртебесі.

Босқындар, нәсілдік, не ұлттық тегіне, діни сеніміне, тіліне, сондай-ақ әлдебір әлеуметтік топқа, не саяси иланымға қатысына бола зорлық-зомбылық көру, басқалай қиянатқа ұшырау қаупі төнгендіктен өзі тұрақты өмір сүретін елден кетіп қалуға мәжбүр болып, немесе кетіп қалуға ниеттеніп өзге бір мемлекеттің аумағына келген немесе келуге тілек білдірген, бірақ бұл елдің азаматтығын ала алмаған адам. Негізінен, бейбітшілікке, адамзат баласына қарсы қылмыс істеген немесе қасақана ауыр қылмыстар жасаған адам босқын ретінде мойындалмайды. Адамды босқын ретінде тану туралы шешімді арнаулы мемлекеттік органдар шығарады. Босқын ретінде танылған адамға, әдетте, арнаулы үлгідегі куәлік берілуі тиіс. Босқын ретінде танудан бас тартылған реттерде бұл шешім әлгі адамға заңда белгіленген мерзім ішінде хабарлануға және де онда бас тартудың себептері мен шағымдану тәртібі көрсетілуге тиіс.

 

Тақырып 7. Аумақтар мен басқа да кеңістіктер

 

1. Аумақ ұғымы және аумақтардың түрлері




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 1615; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.031 сек.