КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Жалпы ережелер 6 страница
2. Алдын ала іздестірудің жалпы шарттары
Алдын ала іздестірудің жалпы шарттары дегеніміз – ол іс жүргізу әрекеттерінің тәртібін және ол бойынша шешім қабылдау тәртібін анықтайтын заңмен белгіленген талаптар. Жалпы шарттары: - алдын ала іздестіру тек қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шыққанннан кейін ғана жүргізіледі; - алдын ала тергеудің міндеттілігі, міндетті емес істер бойынша анықтау; - тергеу әрекетін түнгі уақытта жүргізуге жол берілмейді (кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларды қоспағанда); - алдын ала іздестірудің толық, жан-жақты, объективті жүргізілуі; - алдын ала тергеуді тергеушілер тобының жүргізуі, тергеушілер тобының жетекшісін анықтау; - тергеу органдарына анықтау органдарының көмегі; - іздестіру барысында жасалатын құжаттар; - тергеу мен анықтау деректерін жария етуге жол бермеу; - тергеу мен анықтауды қадағалау жөніндегі прокурордың өкілеттігі.
Алдын ала іздестіру - уәкiлеттi органдардың заңмен белгiленген өкiлеттiк шегiнде iстiң мән-жайының жиынтығын анықтау, белгiлеу, бекiту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөнiндегi сотқа дейiнгi қызметiнiң iс жүргiзу нысаны.
Тергелу реті – іздестіру бойынша қылмыстық істі қай органның қарамағына жататындығын заңмен реттеу. Тергелу ретінің түрлері: - тектік; - аумақтық; - дербес; - баламалы; - аралас.
Алдын-ала тергеудi жеке айыптау, алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау, сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу істерін қоспағанда, барлық қылмыстық iстер бойынша жүргiзу мiндеттi.
Алдын ала тергеу қылмыс жасалған ауданда (облыста) жүргiзiледi. Алдын ала тергеу қылмыстық iс қозғау туралы қаулы шығарылғаннан кейiн ғана жүргiзiледi. Алдын ала тергеу: - айыптау қорытындысын жасау; - қылмыстық iстi медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн сотқа жiберу туралы қаулы; - қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы шығарумен аяқталады. Алдын ала тергеу мерзiмi – қылмыстық іс қозғалған күннен бастап 2 айдан кешіктірілмей аяқталуға тиіс. 3. Айыпталушы ретінде жауапқа тарту
Айыпталушы ретінде жауапқа тарту дегеніміз – қылмыс жасаған тұлғаға қатысты жеткілікті деректердің орын алуына байланысты тергеушінің қабылдаған шешімі. Тергеуші қабылдаған шешімнің маңызы: - Айыпталуышының кінәлілігіне жеткілікті дәлелдемелердің болуы; - Іс бойынша мән-жайларды нақтылау; - Қылмыс субъектісін, яғни мәртебесін анықтау, оның құқықтарын түсіндіру; - Айыпталуышының қорғану құқығын қамтамасыз ету; - Қауіптілігіне орай бұлтартпау шарасын таңдау.
Айып тағу Айып, егер қорғаушының қатысуы заң бойынша мiндеттi болса немесе бұл туралы айыпталушы өтiнiш бiлдiрген болса, қорғаушының көзiнше және адамды айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулы шығарылған кезден бастап үш тәулiктен кешiктiрiлмей тағылады. Айыпталушы немесе оның қорғаушысы келмей қалған жағдайда айып үш тәулiк өткеннен кейiн де тағылады.
Айып тағуды өзгерту мен толықтыру. Қылмыстық Егер алдын-ала тергеу кезiнде тағылған айыпты өзгертуге немесе оны толықтыруға негiздер пайда болса, тергеушi ҚІЖК-нің 207-бабының талаптарын сақтай отырып, айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы жаңа қаулы шығаруға және оны айыпталушыға ҚІЖК-нің 208-209-баптарында белгiленген тәртiп бойынша ұсынуға мiндеттi.
4. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу
Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу дегеніміз – анықтау органының, анықтаушының, тергеушінің белгіленген өкілеттік шегінде ауыр емес, орташа ауыр, сондай-ақ ауыр қылмыстар бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу қызметі. Жеңілдетілген тәртіппен іс жүргізілетін жағдайлар: - жеңіл, орта, ауыр қылмыс санаты болуы тиіс; - қылмыс жасаған адам белгілі болса; - толық кінәсін мойындаса; - дәлелдемелер фактіні растаса; - зиянның сипаты мен мөлшерін дауламаса. Жеңілдетілген тәртіппен жүргізілмейтін жағдайлар: - қылмыстардың iшiнде ең болмағанда бiреуi аса ауыр болып табылатын қылмыстардың жиынтығына қатысты; - кәмелетке толмағандарға және өзiнiң қорғану құқығын дене немесе психикалық кемiстiктерiне байланысты өздерi жүзеге асыра алмайтын адамдарға қатысты; - сот iсi жүргiзiлетiн тiлдi меңгермеген адамдарға қатысты; артықшылықтары және қылмыстық қудалауға қарсы иммунитетi бар адамдарға қатысты; бiрге қатысушылардың ең болмағанда бiреуi өз кiнәсiн мойындамаған жағдайда; - 10 тәулік мерзiмдерде iстiң барлық мән-жайының жан-жақты және толық зерттелуiн қамтамасыз ету мүмкiн болмаған кезде; - күдiктiнi ҚІЖК-нің 132-бабы негiзiнде ұстау немесе оған бұлтартпау шараларын қолдану қажет болған кезде. Іс бойынша мән-жайларды анықтау үшінжүргізілетін тергеу әрекеттері: Ø қылмыс жасаған адамнан, арыз берген, көрген адамдардан сұрау салу; Ø іс бойынша материалдар, құжаттар талап етіледі; Ø тексеру актісі, ревизия, сараптама актілері, соттылығы бойынша анықтама, мінездеме, аудио-бейнежеазбалар қоса тігілуі мүмкін. Сотқа дейінгі іс жүргізу хаттама жасаумен аяқталады, хаттамаға іс материалдары және сотқа шақырылатын адамдардың тізімі қоса тігіледі. Хаттамада: оның жасалған уақыты мен орны; хаттаманы кiмнiң жасағаны; қылмыс жасаған адам туралы деректер; қылмыстың жасалу мән-жайлары; адамның кiнәлiлiгiн растайтын дәлелдемелер; Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi бойынша қылмыстың саралануы (бап, бөлiк, тармақ); адамның өз кiнәсiн мойындағаны және қылмыс арқылы келтiрiлген зиянның сипаты мен мөлшерiне келiскенi көрсетiледi.
5. Алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау
Анықтау - анықтау органдарының ҚІЖК-пен белгiленген өкiлеттiк шегiнде iстiң мән-жайының жиынтығын анықтау, белгiлеу, бекiту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөнiндегi сотқа дейiнгi қызметiнiң iс жүргiзу нысаны. Анықтау жүргізудің тәртібі: Ø Анықтау бірыңғай тәртіппен жүргізіледі, анықтау барысында ҚІЖК-нің 117-бабына сәйкес қылмыстың оқиғасы, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаған адам, адамның кiнәлiлiгi, залалдың сипаты мен мөлшерi және iс бойынша мәнi бар өзге де мән-жайлар дәлелденуге жатады. Жәбірленушіден, куәдан сұрау салу, ал сезіктіден жауап алынуы тиіс. Ø Анықтау сезікті белгілі болғанда жүргізіледі, және есі дұрыс, кәмелетке толған болуы тиіс. Ø Іздестіру қысқартылған нысанда жүзеге асырылады, яғни қылмыстық іс қозғалған күннен бастап 30 тәулік мерзімде істі сотқа жіберу үшін прокурорға бергенге дейін жүргізіледі. Аталған мерзімде істің мән-жайын толық, жан-жақты қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда анықтау органының бастығы алдын ала тергеу жүргізуді тағайындауға құқылы. Ø Айыптау актісі меністің аяқталуы ол айып тағумен теңестіріледі. Ø ҚІЖК-нің 287-бабына сәйкес, айыптау хаттамасын жасаумен аяқталады. Онда: оның жасалған уақыты мен орны; хаттаманы кiмнiң жасағаны; қылмысты жасаудың мән-жайлары; оны жасады деп айыпталған адам туралы деректер; iс үшiн мәнi бар басқа да мән-жайлар, сондай-ақ қылмыстың Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi бойынша (бап, бөлiк, тармақ) дәрежеленуi көрсетiледi. Хаттамаға анықтау барысында алынған барлық материалдар, сондай-ақ сотқа шақыртуға жататын адамдардың тiзiмi қоса берiледi.
6. Алдын ала тергеудің аяқталуы
Алдын ала тергеудің аяқталуы дегеніміз – сотқа дейінгі (қылмыстық істі қозғау, алдын ала іздестіру) сатылары бойынша қылмыстық істің қорытынды жиынтығы, яғни қылмысты ашумен, қылмыс жасаған адамды әшкерелеумен, іске қатысты басқа да фактілерді толық, объективті зерттелу нәтижесі бойынша ізге түсу органымен қабылданатын шешім. Алдын ала тергеу мерзiмiне iс қозғалған күннен бастап iстi айыптау қорытындысымен немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселенi қарау үшiн iстi сотқа беру туралы қаулымен бiрге прокурорға жiберген күнге дейiнгi не iс бойынша iс жүргiзудi қысқарту туралы қаулы шығарылған күнге дейiнгi уақыт енгiзiледi.
Қылмыстық істі қысқарту дегеніміз – ҚІЖК-нің 37-38-баптарында көзделген негіздердің орын алуына байланысты процесті жүргізуші органның істің аяқталуы туралы қабылдаған шешімі. Қылмыстық іс мына негіздер бойынша қысқартылуға жатады: 1.- Ақтайтын негіздер,; - Ақтамайтын негіздер. 2. материалдық және процессуалдыұ.
Айыптау қорытындысы – алдын ла тергеудің аяқталғандығын баяндайтын прцесуалдық акт, яғни ізге түсу органдары істің мән-жайын, дәлелдемелердің жеткіліктігін, айыпталушының іске қатыстылығын дәлелдейтін және істі сотқа жіберу қажеттілігін қамтамасыз ету. Тергеушiнiң айыптау қорытындысы кiрiспе, сипаттама-дәлелдеу және қарар бөлiмдерiнен тұрады. Айыптау қорытындысына қосымшалар: 1) сотқа шақырылатын адамдадың тізімі; 2) іс бойынша анықтама. Айыптау қорытындысына сот отырысына шақыртылуға тиiстi жәбiрленушiлердiң, куәлардың, сарапшылардың тiзiмi қоса тiркеледi. Тiзiм екi бөлiктен - айыпталушы мен қорғаушы атаған адамдардың тiзiмiнен (қорғаушы тiзiмi) және тергеушi жасаған тiзiмнен (айыптаушы тiзiмi) тұруға тиiс. Айыптау қорытындысына, сондай-ақ iстiң тиiстi беттерi көрсетiле отырып, тергеу мерзiмдерi туралы, тұтқынға алу және үйде қамауда болған уақыты көрсетiле отырып, қолданылған бұлтартпау шаралары туралы, заттай дәлелдемелер туралы, азаматтық талап қою туралы, азаматтық талапты қамтамасыз ету жөнiндегi қабылданған шаралар туралы және мүлiктi ықтимал тәркiлеу туралы, iс жүргiзу шығыстары туралы анықтамалар қоса тiркеледi.
7. Қылмыстық істердің соттылығы
Қылмыстық іс жүргізу заңы соттар арасында қылмыстық істі қарастыру ережесін бекіткен, яғни әрбір қылмыстық іс қай сотта, қандай құрамда қарастырылуға жататындығы туралы шешілетін сұрақтар қылмыстық істің соттылығы институтын құрайды.
Аудандық және оларға теңестiрiлген соттар бiрiншi сатыдағы сот ретiнде әрекет етедi. Кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық соттың соттауына: Мамандандырылған ауданаралық соттар: - Аса ауыр қылмыстық істер бойынша; - Кәмелетке толмағандардың істері бойынша; - Әскери істер бойынша; - Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданатын арнайы соттар.
8. Басты сот талқылауын тағайындау сатысы
Қылмыстық iс сотқа түскен кезде соттың төрағасы немесе оның тапсыруы бойынша басқа судья iстi сотта iс жүргiзуге қабылдау туралы мәселенi шешедi. Шешiм iс сотқа келiп түскен сәттен бастап 5 тәулiктен кешiктiрiлмей қабылдануға тиiс. Судья iстi қосымша тергеуге қайтару, iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру, iстi соттылығы бойынша жiберу, iстi қысқарту, қылмыстық iстердi бiрiктiру туралы шешiмдердi қабылдау үшiн, сондай-ақ тараптардың өтiнiштерiн қарау және сот талқылауын қысқартылған тәртiппен өткiзу туралы мәселенi шешу үшiн аса ауыр қылмыстар туралы iстер бойынша, сондай-ақ басқа да iстер бойынша тараптардың қатысуымен iстi алдын ала тыңдауды өткiзедi. Басты сот талқылауының жалпы шарттары Ø Сот талқылауының тiкелей және ауызша болуы; Ø Iстi талқылау кезiнде сот құрамының өзгертiлмеуi; Ø Запастағы судьяны тағайындау; Ø Сот талқылауының үздіксіз жүргізілуі; Ø Қорғаушының басты сот талқылауына қатысуы; Ø Мемлекеттiк айыптаушының басты сот талқылауына қатысуы Ø Жәбiрленушiнiң басты сот талқылауына қатысуы; Ø Азаматтық талапкердiң немесе азаматтық жауапкердiң басты сот талқылауына қатысуы. Басты сот талқылауы соттың қалыпты жұмысын және процеске қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жағдайда өтедi. Басты сот талқылауы кезiнде сот отырысының хатшысы хаттама жүргiзедi.
Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 1185; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |