КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Жалпы ережелер 7 страница
9. Басты сот талқылауы
Басты сот талқылауы – бірінші сатыдағы соттың қылмыстық істі мәні бойынша қарауы. Басты сот талқылауының кезеңдері: 1) басты сот талқылауының дайындық бөлімі; 2) Сот тергеуі; 3) Сот жарыссөзі; 4) сотталушының соңғы сөзі; 5) үкім шығару. Дайындық бөлімінде мына мәселелер қарастырылады: - Басты сот талқылауының ашылуы - Басты сот талқылауына шақырылған адамдардың келуiн тексеру - Аудармашыға оның құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру - Аудармашыдан бас тарту туралы мәселенi шешу - Куәларды сот отырысы залынан шығару - Сотталушының жеке басын және оған айыптау қорытындысы көшiрмесiнiң уақтылы тапсырылғанын анықтау - Сот құрамын, процеске басқа қатысушыла жариялау - Сотталушыға оның құқықтарын түсiндiру - Басқа да процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру - Iске қатысушы адамдардың бiрi болмаған кезде iстi тыңдау мүмкiндiгi туралы мәселенi шешу. Сот тергеуі: - Сот тергеуi айыптаушының сотталушыға таққан айыбының мәнiсiн баяндаудан, ал жеке айыптау iстерi бойынша - арыз берген адамның немесе оның өкiлiнiң, ал олар болмағанда - сот отырысы хатшысының шағымды баяндауынан басталады. - Сотталушының көзқарасын анықтау - Сотталушыдан жауап алу; - Сотталушының айғақтарын жария ету; - Жәбірленушіден жауап алу; - Сарапшы қатысса одан жауап алу; - Куәлардан жауап алу; - Дәлелдемелерді зерттеу. Сот жарыссөзі Сот жарыссөзiне қатысушының өтiнiшi бойынша оған сот жарыссөзiне дайындалу үшiн уақыт берiледi, ол үшiн төрағалық етушi оның ұзақтығын көрсете отырып, сот отырысында үзiлiс жариялайды. Сотталушының соңғы сөзі Сот жарыссөзi аяқталған соң, төрағалық етушi сотталушыға соңғы сөз бередi. Сотталушыға оның соңғы сөзi кезiнде ешқандай сұрақ қоюға жол берiлмейдi. Үкім шығару Үкiм - айыпталушының кiнәлiлiгi немесе кiнәсiздiгi және оған жаза қолдану немесе қолданбау туралы мәселе бойынша бiрiншi, апелляциялық сатыдағы сот шығарған сот шешiмi. Үкім: 1) ақтау үкімі; 2) айыптау үкімі. 10. Соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау. Апелляциялық саты Апелляциялық саты – бiрiншi сатыдағы соттың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне, қаулыларына апелляциялық шағымдар (наразылықтар) бойынша iстi мәнi бойынша қарайтын сот. Апелляция термині латынның «appellacio» «жүгіну» деген сөзінен шыққан. Яғни бұл істі қараған кезде төменгі сатыдағы соттың үкімін, қаулысы мен өзге де шешімін қайта қарау мақсатында жоғары тұрған апелляциялық сотқа жүгіну болып табылады. Апелляциялық сатының міндеті: Ø Қылмыстық іс жүргізуде іс үргізу заңының дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету; Ø Сот шығарған шешімдерде жіберілген қателіктерді қалпына келтіру; Ø Тараптардың шағымдану бостандығын қамтамасыз ету; Ø Істі қарау барысында соттың және тараптардың жауапкершілігін күшейту. Апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар үкiм, қаулы шығарған сот арқылы берiледi. Апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар үкiм (қаулы) жарияланған күннен бастап он бес тәулiк iшiнде берiлуi мүмкiн, ал қамауда отырған сотталған адам оны өзiне үкiмнiң (қаулының) көшiрмесi табыс етiлген күннен бастап нақ сондай мерзiмде бере алады. Iс ол келiп түскен күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей апелляциялық тәртiппен қаралуы тиiс. Егер сот жаңа материалдар мен дәлелдемелердi зерттеу және жаңа үкiм шығару қажеттiгiне негiз бар деп тапса, iс ол келiп түскен күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей апелляциялық тәртiппен қаралуы тиiс. Дәлелдi себептер болған кезде, бұл мерзiмдер iс жүргiзiп жатқан апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы бойынша бiр айға ұзартылуы мүмкiн. Қажет болған жағдайда iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмiн одан әрi ұзарту тиiстi облыстық және оған теңестiрiлген соттың алқа төрағасының қаулысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн. Бұл ретте iстi қарау мерзiмiн әрбiр ұзарту бiр айдан аспауға тиiс.
Апелляциялық сатының өкiлеттiгi: 1) сотталған адамның, жәбiрленушiнiң және iске қатысушы басқа да тұлғалардың денсаулық жағдайына, отбасы жағдайына және бұрынғы сотталғандығы туралы деректерге байланысты құжаттарды талап етiп алуға, тараптардың өтiнiштерi бойынша басқа да құжаттарды талап етiп алуға;
Апелляциялық саты қабылдайтын шешiмдер: 1) бiрiншi сатыдағы соттың үкiмiн (қаулысын) – өзгерiссiз, ал апелляциялық (жеке) шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы; 5) ақтау үкiмiнiң күшiн жою және айыптау үкiмiн шығару туралы;
11. Кассациялық шағымдар, наразылықтар бойынша істі қарау
Кассациялық саты – бiрiншi және апелляциялық сатыдағы соттың заңды күшiне енген үкiмдерiне, қаулыларына кассациялық шағымдар (наразылықтар) бойынша iстi қарайтын сот. Кассациялық сатыдағы сот үкiмдi (қаулыны) шығарған соттың қылмыстық және қылмыстық iс жүргiзу заңдарының нормаларын сақтауын тексередi және соның негiзiнде үкiмнiң (қаулының) заңдылығын, негiздiлiгiн және әдiлдiгiн тексередi. Iс кассациялық сатыға келiп түскен күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қаралуға тиiс. Бұл мерзiм iстiң қиындығына немесе көлемiнiң үлкендiгiне байланысты, сондай-ақ өзге де дәлелдi себептер болған кезде iстi қарайтын соттың қаулысымен, бiрақ әр ретте бiр айдан аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.
Кассациялық сатыдағы соттың өкiлеттiгi: 1) сотталған адамның денсаулық жағдайына, отбасы жағдайына және бұрынғы сотталғандығы туралы деректерге байланысты құжаттарды талап етiп алуға;
Кассациялық саты қабылдайтын шешiмдер: 1) бiрiншi саты үкiмiн және апелляциялық саты қаулысын өзгерiссiз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдырады;
12. Сот шешімдерін орындау
Аудандық және оларға теңестiрiлген соттар, қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сот, қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық әскери сот, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сот, гарнизонның әскери соты шығарған бiрiншi сатыдағы сот үкiмдерi, егер оларға шағым жасалмаса немесе наразылық келтiрiлмесе, апелляциялық шағым жасау немесе наразылық келтiру мерзiмi өткен соң заңды күшiне енедi және орындалуға жатады. ҚІЖК-нің 450-451-баптарына сәйкес, үкімді орындауға кірісу туралы тараптарға хабарланады және сотталушының туыстарымен жүздесуге рұқсат беріледі. Адамды қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тартуға, бас бостандығын шектеуге немесе бас бостандығынан айыруға соттау туралы үкiмдi орындау мынадай негiздердiң бiрi болған кезде: Соттылықты алып тастау туралы мәселенi жазасын өтеген адамның өтiнiшi бойынша тұрғылықты жерiндегi сот шешедi.
13. Сот актiлерiн Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қарауы Қадағалау сатысы - заңды күшiне енген сот шешiмдерiне өтiнiштер, наразылықтар бойынша iстi қадағалау тәртiбiмен қарайтын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алқасы, сондай-ақ Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынымын немесе Бас прокурордың наразылығын қарайтын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы. Қадағалау сатысының маңызы - тергеу не сотта істі қарау кезінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына жол берілуінің салдарын қайта қалпына келтіру кепілдігі. Төменгі тұрған сот шешімдері заңды күшіне енгенннен кейін ҚІЖК-нің 459-бабына сәйкес негіздерр бойынша қайта қаралуға жатады, сонымен қатар, мемлекет қауіпсіздігіне не адам өмірі үшін орны толмас ауыр салдарды жою үшін берілген ұсыныстар қаралады. Қадағалау тәртібімен қаралуға жатпайтын шешімдер: - Мемлекеттiк айыптаушының және жеке айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты; - қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шарасына және оның мерзiмiн ұзартуға санкция беру мәселелерi бойынша; - анықтауды немесе алдын ала тергеудi жүзеге асыратын тұлғалардың iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне немесе прокурордың iстi алдын ала тергеу сатысындағы iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне берiлген шағымдарды шешу жөнiнде шығарылған шешімдер. Заңды күшiне енген айыптау үкiмiн сотталған адамның кiнәсiздiгi себептерi бойынша, сондай-ақ жазаның қатаңдығына қарай онша ауыр емес қылмыс туралы заңды қолдану қажеттiгiне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын жақсартуға әкелетiн өзге де негiздер бойынша сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қарау туралы өтiнiш жасау, наразылық беру мерзiммен шектелмейдi. Заңды күшiне енген сот актiлерiн қайта қарау туралы өтiнiш, наразылық Жоғарғы Сотқа жазбаша түрде берiледi. Заңды күшiне енген сот актiлерiн қайта қарау туралы өтiнiштi Жоғарғы Сот Төрағасының немесе алқа төрағасының тапсырмасы бойынша құрамы үш судьядан тұратын сот алдын ала зерделейдi және қарайды. Қадағалау тәртібімен қараудың нәтижесінде сот мына шешімдердің бірін қабылдайды: 1) соттың үкiмiн, қаулысын – өзгерiссiз, ал оларды қайта қарау туралы өтiнiштi, наразылықты қанағаттандырусыз қалдырады; 13. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты iс бойынша
Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс боынша іс жүргізуді қайта бастауды заң әдебиетінде мәні алдын ала тергеу органдары мен сотқа бұрын белгілі болмаған жағдайларда заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларда жіберілген қателер мен олқылықтарды түзетуден тұратын қылмыстық процестің ерекше сатысы деп қарастырады. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізу сатысының қылмыстық іс жүргізуде алатын орны ерекше. Ол «қылмсытық істер бойынша іс жүргізудің заңда белгіленген тәртібі адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кінәсіз адам заңсыз сотталған не айыпталған жағдайда оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуі, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыпастыруға жәрдемдесуі тиіс» деген қағиданы жүзеге асыратын саты болып табылады. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi қайта бастаудың негiздерi: Айыптау үкiмiн жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты сотталушының пайдасына қайта қарау ешқандай мерзiммен шектелмейдi. Жаңадан ашылған мән-жайларға орай iс жүргiзудi қозғау құқығы сотталғанға, ақталғанға, жәбiрленушiге немесе олардың заңды өкiлдерiне, қорғаушыларына, сондай-ақ прокурорға тиесiлi. Өтiнiш үкiм, қаулы шығарған сотқа берiледi.
Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 1170; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |