Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жалпы ережелер 8 страница




Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша үкiмнiң күшi жойылған жағдайда iстi бастапқы қараған кезде қозғалған азаматтық талап жалпы негiздерде қайтадан қаралады. Азаматтық талап бөлiгiнде ғана iстi қайта бастауға тек азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен жол берiледi.

 

14. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша iс жүргiзу

 

ҚІЖ заңына сәйкес, кәмелетке толмағандардың істері бойынша мына талаптар сақталуы тиіс:

- Іс бойынша жариялылықты шектеу;

- Ересектермен бірге қылмыс жасаса істі бөлектеу мүмкіндігі;

- Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарының заңды өкілдері арқылы қорғалуы;

- Кәмелетке толмаған сезікті, айыпталушыдан күніне 4 сағаттан аспайтын мерзімде жауап алу, 2 сағат сайын үзіліс;

- Педагог пен психологтың қатысу ерекшеліктері.

Кәмелетке толмағандардың iстерi бойынша, ҚІЖК-нің 117-бабында көзделгендерден басқа, дәлелдеуге жататын мән-жайларды алдын ала тергеу және сот талқылауын жүргiзу кезiнде:
1) кәмелетке толмағанның жасы (туған күнi, айы, жылы);
2) кәмелетке толмағанның тұрмысы мен тәрбие жағдайы;
3) интеллектуалдық, ерiк-жiгерiнiң және психикалық даму дәрежесi, мiнезi мен тегеурiндiлiк ерекшелiктерi, мұқтаждары мен мүдделерi;
4) кәмелетке толмағандарға ересек адамдар мен басқа да кәмелетке толмағандардың ықпалы анықталуға тиiс.

Кәмелетке толмағанға үкiм шығару кезiнде сот ҚІЖК-нің 371-бабында аталған мәселелермен бiрге бас бостандығынан айыруға байланысы жоқ шартты соттау, жаза тағайындау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген жағдайларда жазадан босату туралы мәселенi талқылауға мiндеттi.
Бас бостандығынан айыруға байланысы жоқ шартты соттау, жаза шараларын қолдану, ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымына орналастыру не тәрбиелiк ықпал етудiң мәжбүрлеу шараларын қолдану жағдайларында сот бұл туралы мамандандырылған мемлекеттiк органға хабарлайды және оған сотталушының мiнез-құлқына бақылау жасауды жүзеге асыруды жүктейдi.

 

15. Артықшылықтары мен қылмыстық iзге түсуден
иммунитеттерi бар адамдардың iстерi бойынша iс жүргiзудiң
ерекшелiктерi

 

Артықшылықтары мен қылмыстық ізге түмуден иммунитеттері бар адамдар, бұлар сот процесінде ерекше адамдар, Қазақстан Республикасының Президенті, Парламент депутаттары, Бас Прокурор, судьялар, Коституциялық Кеңес мүшелері.

Иммунитет латын тілінен алынған, «immunities» аударғанда, «қандай да бір міндеттен босату» деген мағына береді. С.И.Ожеговтың сөздігінде иммунитет сөзі кейбір адамдарға жалпы заңдарға бағынбайтын ерекше заң деген мағына берілген, ал дипломатиялық имммунитет дегеніміз жеке басына, қызмет орнына, үй-мүлкіне қол сұғуға болмайды дегенді білдіреді.

Республика Парламентiнiң депутатына қатысты қылмыстық iстi Қазақстан Республикасының анықтау мен алдын ала тергеудi жүзеге асырушы мемлекеттiк органының басшысы ғана қозғауы мүмкiн. Қылмыстық iстiң қозғалуы туралы дереу Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры хабардар етiледi. Шұғыл тергеу қимылдарын жүргiзген соң iс қырық сегiз сағаттан кешiктiрiлмей Қазақстан Республикасының Бас прокуроры арқылы тергеушiге берiледi. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарына қатысты iстер бойынша алдын ала тергеу iсiн жүргiзу мiндеттi.
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатын өз өкiлеттiк мерзiмi iшiнде, қылмыс жасаған орнында қолға түсу немесе ауыр не аса ауыр қылмыстар жасау жағдайларын қоспағанда, Парламенттiң тиiстi Палатасының келiсiмiнсiз қамауға алуға, мәжбүрлеп келтiруге, қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе мүшесiне қатысты қылмыстық iстi Қазақстан Республикасының анықтау мен алдын ала тергеудi жүзеге асырушы мемлекеттiк органының басшысы ғана қозғай алады.

Судьяға қатысты тергеу iсiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ғана қозғауы мүмкiн, ол анықтау мен алдын ала тергеудi жүзеге асырушы органға тергеу жүргiзудi тапсырады. Судьяға қатысты iстер бойынша алдын ала тергеу iсiн жүргiзу мiндеттi.

Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты қылмыстық iстi оның бiрiншi орынбасары ғана қозғауы мүмкiн. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын өзiне қатысты қылмыстық iс қозғалған кезден бастап Бас Прокурордың бiрiншi орынбасарының ұсынуы бойынша тергеу аяқталғанға дейiн өзiнiң қызметтерiн атқарудан Қазақстан Республикасының Президентi шеттетедi. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры өзiнiң өкiлеттiктерiнiң мерзiмi iшiнде Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының келiсiмiнсiз, қылмыс үстiнде қолға түскен немесе ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасау жағдайларын қоспағанда, қамауға алынбайды, мәжбүрлеп келтiрiлмейдi, қылмыстық жауапқа тартылмайды.

Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес қылмыстық iзiне түсуден иммунитеттi мынадай адамдар пайдаланады:
1) шет мемлекеттiң дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшылары, осы өкiлдiктердiң дипломатиялық қызметкерлерi және, егер олармен бiрге тұрса және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, олардың отбасыларының мүшелерi; 2) өзара негiзде дипломатиялық өкiлдiктердiң қызмет көрсету қызметкерлерiмен, егер осы қызметкерлер мен олардың отбасыларының мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса, олармен бiрге тұратын олардың отбасыларының мүшелерi, консулдықтардың басшылары және олардың қызмет мiндеттерiн атқаруы кезiнде жасаған әрекеттерiне қатысты, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, басқа да консулдық лауазымды адамдар; 3) өзара негiзде дипломатиялық өкiлдiктердiң әкiмшiлiк-техникалық қызметтерiнiң қызметкерлерi және, егер бұл қызметкерлер мен олардың отбасыларының мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса, олармен бiрге тұратын олардың отбасыларының мүшелерi;4) дипломатиялық курьерлер;5) шет мемлекеттердiң басшылары мен өкiлдерi, Парламент және Үкiмет делегацияларының мүшелерi және өзара негiзде - Қазақстанға халықаралық келiссөздерге, халықаралық конференциялар мен кеңестерге қатысу үшiн немесе басқа ресми тапсырмалармен келетiн, не сондай мақсаттармен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жол шеккен шет мемлекеттер делегацияларының қызметкерлерi және егер бұл отбасылар мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, аталған адамдардың олардың қасына ерiп жүрген отбасыларының мүшелерi; 6) халықаралық ұйымдардағы шет мемлекеттер өкiлдiктерiнiң басшылары, мүшелерi мен қызметкерлерi, халықаралық шарттардың немесе жалпы жұрт таныған халықаралық салт-дәстүрлер негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн осы ұйымдардың лауазымды адамдары; 7) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтушi шет мемлекеттердiң үшiншi бiр елдегi дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшылары, өкiлдiктерiнiң дипломатиялық қызметкерлерi және аталған адамдардың қасына ерiп жүретiн немесе оларға қосылу немесе өзiнiң елiне оралу үшiн жеке келе жатқан олардың отбасыларының мүшелерi; 8) Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдар.

 

17.Ессiз күйдегi адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iстер бойынша сот iсiн жүргiзу

 

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iстер бойынша сот iсiн жүргiзу есі кіресілі-шығасылы күйде қылмыстық қаңмен тыйым салынған әрекет жасаған не қылмыс жасаған соң жаза тағайындау не оны орындау мүмкін олмайтын дәрежеде психикасы бұзылып, ауырған адамдарға қатысты істер бойынша жүзеге асырылады.

Бұндай істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті.

Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын:
а) есi дұрыс емес жағдайда ҚК-тің Ерекше бөлiмiндегi баптарда көзделген әрекеттердi жасаған;
б) қылмыс жасағаннан кейiн психикасы жазаны тағайындау немесе орындау мүмкiн емес болып бұзылған;
в) қылмыс жасаған және есiнiң дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап шегетiн;
г) қылмыс жасаған және алкоголизмнен немесе нашақорлықтан не уытқұмарлықтан емдеуге мұқтаж деп танылған адамдарға тағайындауы мүмкiн.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мақсаттары:

Ø Қоғамға зиян келтіретін адамның денсаулығын жақсарту;

Ø Қоғамға зиян келтіретін адамның қылмыс жасағаннан кейінгі және оған дейінгі әрекетін ескеру;

Ø Психикалық ауытқушылық өзі не басқа адамдар үшін қауіп-қатермен байланысты болған не оның өзге де елеулі зиян келтірмеуін қамтамасыз ету;

Ø Медициналық мәжбұрлеу мекемелеріндегідей әлеуметтік реабилитациялық шараларды қолдану.

ҚР ҚК-нің 90-бабына сәйкес, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері:емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емделу; жалпы үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;интенсивтi қадағаланатын мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу. Алдын ала тергеу жүргiзу кезiнде мынадай мән-жайлар анықталуы тиiс: жасалған әрекеттiң уақыты, орны, тәсiлдерi мен басқа да мән-жайлары; осы адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасауы; әрекетпен келтiрiлген залалдың сипаты мен мөлшерi; қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаған адамның оны жасағанға дейiнгi, кейiнгi мiнез-құлқы; осы адамда бұдан бұрын психикалық ауытқушылықтың бар-жоғы, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасау кезiнде немесе iстi қарау кезiнде психикалық сырқаттану дәрежесi мен сипаты. Заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаған және психикалық сырқатқа шалдыққан адамдарға бұлтартпау шаралары қолдануға болмайды. Осы адамдарға қажет болған жағдайда мынадай қауiпсiздiк шаралары қолданылады: денсаулық сақтау органдарын хабарландыра отырып, ауруды туыстарының, қамқоршыларының, қорғаншыларының қарауына беру;психиатриялық көмек көрсететiн арнаулы медициналық ұйымға орналастыру.Iстi сотта талқылау процесiнде мынадай мәселелер зерттелуi және шешiлуi тиiс: қылмыстық заңмен көзделген әрекет орын алды ма;iсi қаралып отырған адам әрекет жасады ма; iсi қаралып отырған адам әрекеттi есi кiресiлi-шығасылы күйде жасады ма; осы адам қылмысты жасағаннан кейiн жаза тағайындау және оны орындау мүмкiн болмайтын психикасы бұзылумен ауырды ма; адамның дерттi психикасы бұзылуы оның өзi немесе басқа адамдар үшiн қауiптi ме не оның өзге де елеулi зиян келтiру мүмкiндiгiн тудыра ма; медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылуға тиiс пе және нақ қандайы.

 

18.Алқабилердiң қатысуымен iстер бойынша iс жүргiзу

 

Алқаби - соттың қылмыстық iстi қылмыстық іс жүргізу кодексінде белгiленген тәртiппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы.

Қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сотта және қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық әскери сотта алқабилердiң қатысуымен сот бiр судьяның және он алқабидiң құрамында әрекет етедi.

Қылмыстық сот iсiн жүргiзудi жүзеге асыру айыпталушының өз iсiн соттың алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы өтiнiшi бойынша жүргiзiледi.
Тергеушi алдын ала тергеу аяқталғаннан кейiн айыпталушыға iстiң барлық материалдарын таныстыру кезiнде оған соттың оның iсiн алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы өтiнiш беру құқығын, сондай-ақ соттың алқабилердiң қатысуымен шығарған үкiмiне шағым жасау және шағымды қарау ерекшелiктерiн қоса, осындай өтiнiштi қанағаттандырудың құқықтық салдарын түсiндiруге мiндеттi.

Сот басты сот талқылауын тағайындағаннан кейiн айыпталушының өз iсiн соттың алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы өтiнiшi қабылданбайды.

Айыпталушының iстi соттың алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы өтiнiшi болған кезде судья алдын ала тыңдау жүргiзедi.

Судья алдын ала тыңдауды мiндеттi түрде прокурордың, соттың iстi алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы өтiнiш бiлдiрген сотталушының және оның қорғаушысының қатысуымен жабық сот отырысында жеке дара жүргiзедi.

Төрағалық етушi сот тергеуiнiң нәтижелерiн, тараптардың жарыссөздерiн ескере отырып, алқабилер қатысатын соттың шешуiне жататын сұрақтарды жазбаша түрде тұжырымдайды, оларды оқиды және тараптарға бередi.

Алқабилер қатысатын соттың шешуiне жататын сұрақтардың мазмұны:

1) әрекеттiң орын алғаны дәлелдендi ме;

2) бұл әрекеттi сотталушының жасағаны дәлелдендi ме;
3) бұл әрекеттiң жасалуына сотталушы кiнәлi ме.

Жарыссөздер аяқталғаннан кейiн судья және негiзгi алқабилер үкiм шығару үшiн кеңесу бөлмесiне кетедi.Судья мен алқабилерден басқа, кеңесу бөлмесiнде өзге адамдардың болуына жол берiлмейдi.

Негiзгi мәселелер бойынша дауыс беру жазбаша жүргiзiледi. Судья мен алқабилердiң дауыс беру кезiнде қалыс қалуға құқықтары жоқ. Судья мен алқабилердiң дауыстары тең.

Егер ҚІЖК-нің 566-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген үш сұрақтың әрқайсысына мақұлдаған жауаптарға дауыс берушiлердiң көпшiлiгi дауыс берсе, айыптау шешiмi қабылданған болып есептеледi.
Егер қойылған негiзгi сұрақтардың кез келгенiне берiлген құпталмаған жауапқа дауыс берушiлердiң алтауы және одан да көбi дауыс берсе, ақтау шешiмi қабылданған болып есептеледi.

Он бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза, егер осындай шешiмге дауыс берушiлердiң сегiзi және одан да көбi дауыс берсе, тағайындалуы мүмкiн.
Айрықша жазалау шарасы - өлiм жазасы судья мен алқабилер бiрауыздан шешiм шығарған кезде ғана тағайындалуы мүмкiн.

Алқабилердiң қатысуымен сотта қылмыстық iстi талқылау мына шешiмдердiң бiрiн: iстi қысқарту туралы қаулыны; алқабилердiң қатысуымен ҚІЖК-нің 566-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiзгi үш сұрақтың кем дегенде бiреуiне терiс жауап берген жағдайларда, ақтау үкiмiн; айыптау үкiмiн қабылдаумен аяқталады.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 690; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.