КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Алматы 2014
МАЗМҰНЫ 1. 6M060600 – Химия мамандығы бойынша магистратураға түсу емтиханының мақсаты мен міндеттері 6M060600 – Химия мамандығы бойынша магистратураға түсу емтиханының мақсаты – білім деңгейін анықтау болып табылады. 6M060600 – Химия мамандығы бойынша магистратураға түсу емтиханының негізгі міндеті – үміткерлердің әрі қарай магистратурада оқуын табысты оқуын жалғастыра алатындай білім деңгейін; магистрлік диссертацияны орындау барысында химия саласындағы қажетті теориялық және практикалық мәселелерді шешуге қажетті білімді жүйелі түрде меңгеру мүмкіндігін анықтау болып табылады. Мамандық бойынша қабылдау емтиханының формасы – жазбаша. Емтихан тапсырушы өзінің билетіндегі сұрақтардың жауабын өзінің жауап парағына жазады. Жауап парағы шифрленген түрде болады және оны комиссия тексереді.
2. Білім беру бағдарламасына түсушілерге талаптар Дайындықтың алдыңғы дәрежесі: бакалавриат – 050606-Химия, 050721-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, 050720-Органикалық заттардың химиялық технологиясы, 050112-Химия, 543930- Мұнай химиясы; арнайы жоғары білім – 390240-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, 390140- Органикалық заттардың және материалдардың химиялық технологиясы, 390640-Мұнай, газ және көмірдің химиялық технологиясы, 390840-Полимерлерді өндіру мен қайта өңдеудің химиялық технологиясы, 390540-Жарылғыш және пиротехникалық заттардың химиялық технологиясы, 090640-Химиялық, криминалистикалық және экологиялық экспертиза, 390011-Химиялық өндіріс пен химиялық кибернетика процестерінің негізі, 390340-Химиялық электротехнология және плазмохимия 3. Емтихан тақырыптарының тізімі «БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ» пәні
Атом молекулалық ілім Химияның негізгі түсініктері мен стехиометриялық заңдары. Эквивалент, эквиваленттік фактор, эквиваленттің молярлық массасы. Эквиваленттер заңы. Атомдық және молекулалық массаларды анықтау әдістері.
Атом құрылысы Атом құрылысының күрделілігін дәлелдейтін тәжірибелер. Радиоактивтік және радиоактивтік ыдырау заңы. Изотоптар. Ядролық реакциялар. Атомдық спектрлер. Э. Резерфордтың тәжірибелері. Атом құрылысының Н.Бор теориясы. Кванттық теорияның негізгі идеялары. Квант сандары. Көп электронды атомдардың орбитальдарының электрондармен толу принциптері: Энергияның минимум принципі, Паули принципі, Хунд ережесі. Клечковский ережелері.
Периодтық заң мен периодтық жүйе Периодтық заң. Атомдардың электрондық құрылымы және Д.И.Менделеев жасаған элементтердің периодтық жүйесі. Атомдар мен иондардың периодты түрде өзгеретін қасиеттері. Элементтердің периодтық кестесінің түрлері.
Комплексті қосылыстар Координациялық теорияның ең маңызды түсініктері. Комплексті қосылыстардың негізгі типтері мен аталу жүйесі. Комплексті қосылыстардың кеңістіктегі ұрылысы мен изомериясы. Комплексті қосылыстардағы химиялық байланыстың табиғаты. Валенттік байланыс әдісі. Кристалдық өріс теориясы. d-орбитальдардың тетраэдрлік және октаэдрлік өрісте жіктелуі. Жіктелу знергиясы. Спектрохимиялық қатар. Лигандалардың өзара әсері. Чугаев ережесі.
Дата добавления: 2015-05-08; Просмотров: 1139; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |