КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Термохимия
Гесс заңы, оның термодинамикалық тұрғыдан негізделуі. - Энтальпия, оның ішкі энергиямен байланысы. Жай заттар мен қосылыстардың түзілу және жану жылулары, олардың белгіленуі. Химиялық реакцияның жылуын есептеу үшін стандартты түзілу және жану жылуларды қолдану. Жылусыйымдылық, оның түрлері және өзара байланысы.Жылусыйымдылық пен химиялық реакцияның жылу эффектісінің температураға тәуелділігі, Кирхгофф теңдеуі. Әр түрлі температурада химиялық реакциялардың және фазалық өзгерістердің жылу эффектілерін есептеу.
Термодинамиканың екінші бастамасы.Энтропия. Термодинамиканың II-ші бастамасы, оның анықтамалары. Карно принципі және Карно циклі. Идеал жылу машинасының пайдалы әсер коэффициенті. Энтропия. Тепе-теңді және тепе-теңді емес процестердің энтропиясы. Энтропия — процестің бағытының критерийі. Әр түрлі процестердің және химиялық реакцияның энтропиясының өзгерісін есептеу теңдеулері. Планк постулаты. Заттың абсолютты әнтропиясы, оның температураға тәуелділігі.
Сипаттамалық функциялар Сипаттамалық функциялар және олардың табиғи айнымалылары. Максвелл қатынастары. Жабық жүйелердегі тепе-тендік жағдайлары және фундаменталды теңдеулері. Гиббс-Гельмгольц теңдеуі. Химиялық потенциал, оның термодинамикалық функциялар және жүйе құрамымен байланысы. Идеал және реал газдардың химиялық потенциалы. Ұшқыштық (фугитивтік), ұшқыштық (фугитивтік) коэффициенті. Идеал және реал ерітінділердегі компоненттің химиялық потенциалы. Активтілік, активтілік коэффициенті.
Химиялық тепе-теңдік Фундаменталды теңдеулер және ашық жүйедегі тепе-теңдік жағдайлары. Әр түрлі типті гомогенді жүйелер үшін: идеал және реал газдар мен сұйық жүйелер үшін химиялық реакцияның изотерма теңдеуі. Химиялық реакцияның изотерма теңдеуі және процесс бағыты. Массалар әрекеттесу заңы және химиялық реакцияның тепе-теңдік константасы. Химиялық реакция теңдеуінің жазылу түріне және реакциялық қоспа құрамының әр түрлі әдістермен өрнектелуіне байланысты тепе-теңдік константалары, олардың өзара қатынасы. Гетерогенді химиялық жүйелер, олардағы тепе-теңдік шарттары.Түрлі типті гетерогенді жүйелердегі тепе-теңдік константалары. Тепе-теңдік константасының температураға тәуелділігі. Вант-Гоффтың изобара және изохора теңдеулері. Ле-Шателье-Браунның жылжымалы тепе-теңдік принципі. Абсолюттік энтропия арқылы тепе-теңдік константасын есептеу (Темкин-Шварцман әдісі). Фазалық тепе-теңдіктер Гетерогенді тепе-теңдік. Бір- және екікомпонентті жүйелердің Гиббстің фазалар ережесі. Клапейрон – Клаузиус теңдеуі. Бірінші және екінші текті фазалық ауысулар. Бір компонентті жүйелердің күй диаграммаларының жалпы сипаттамасы және ерекшеліктері.Су және күкірттің күй диаграммалары. Екікомпонентті жүйелердің балқу диаграммалары: бip эвтектикалы, компоненттері химиялық әрекеттесетін жүйелер балқу диаграммалары. Әр түрлі типті балқу диаграммаларының алыну шарттары.Нода, рычаг ережесі. Барлық типті балқу диаграммаларында сұйық және қатты фазалар құрамдарының өзара байланысы. Сұйықфазалы жүйелердегі гетерогенді тепе-теңдік. Екі және үш сүйықтықтың бір-бірінде epігіштігі. Yш компонентті жүйелердің құрамын белгілеу әдістері. Бір-бірінде ерімейтін екі сүйықтық арасында үшінші компоненттің таралуы. Таралу коэффициенті және таралу константасы. Нернст-Шилов және Нернст-Лепинь теңдеулері. Экстаркция. Ерітінділер. Идеал ерітінділердің заңдары Ерітінділер, Ерітінділер теориясындағы негізгі бағыттар. Ерітінділер түзілуінің термодинамикалық шарттары. Аддитивті және аддитивті емес қасиеттер. Идеал ерітінділердің термодинамикалық қасиеттері. Реал ерітінділер, олардың жіктелуі. Рауль заңы. Рауль заңынан ауытқулар және олардық себептері. Қайнау температурасы (бу қысымы) - құрам (t, P-x) диграммасы. Гиббс -Коноваловтың бірінші заңы.Фракциялық айдау. Азеотропты ерітінділер. Коноваловтың екінші заңы. Гетероазеотропия. Ерітінділердің коллигативтік қасиеттері.Эбулиометрия. Криометрия. Осмос. Еріген заттың молекулалық массасын және молекулалық күйін эбулио-, крио- және осмометрия мәліметтері арқылы анықтау. Вант-Гоффтың изотондық коэффициенті.
«ХИМИЯЛЫҚ КИНЕТИКА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОХИМИЯ» пәні
Химиялық кинетиканың негіздері Жабық жүйедегі элементар және формальды гомогенді бір бағыттағы реакциялардың формальды кинетикасы. Жабық жүйедегі реакция реттілігі мен қарапайым реакциялардың жылдамдық константасы. Химиялық реакция жылдамдығына температура әсері. Активтену энергиясы. Активтену энергиясын анықтау әдістері.
Күрделі реакциялардың кинетикасы Қайтымды, параллельді, тізбектелген реакциялардың кинетикалық теңдеулері. Боденштейннің станционарлы концентрация әдісі.
Дата добавления: 2015-05-08; Просмотров: 2825; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |