Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сигналдар 2 страница




3.25. Темір жол өтпелерінің бағаншалармен немесе сүйенетін
жақтаулармен қоршалған типтік төсемі және кіреберістері болуы тиіс. Темір жол өтгіелеріне таяған жерлерде ескертпелік белгілері болуы тиіс: поездар келетін жағынан - ысқырық берілетіні жөніндегі «С» сигнал белгісі, ал
автомобиль жолының жағынан Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес «ҚТЖ»
¥К» АҚ нұсқаулығымен қарастырылған белгілер.

Поездар келетін жағынан қанағаттанарлықсыз көрінімі бар, кезекші қызметкер арқылы қызмет көрсетілмейтін темір жол өтпесінің алдына қосымша «С» сигнал белгісі қойылуы тиіс. «С» сигнал белгілерін орнатудың тәртібін «ҚТЖ» ¥К» АҚ белгілейді.

3.26. Темір жол өтпесі арқылы жүкпен немесе жүксіз ірі габариттік және
ауыр салмақты көлік құралдарының, баяу жүрісті машиналардың және
автопоездардың қозғалысына әр жеке алынған жағдайда тек қана жол дис-
танциясы бастығының жазбаша рұқсаты арқылы жол беріледі және жол
шеберінің немесе жол бригадирінің бақылауымен, ал электрлендірілген те-
лімдерде тасымалданатын жүктің биіктігі 4,5 м-ден жоғары болғанда - элек-
трмен жабдықтау дистанциясы өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады.

 

Станция шегінде орналасқан темір жол өтпесі арқылы көлік құралдарының қозғалысы станция кезекшісімен, ал диспетчерлік сигнал бе-руімен жарақтандырылған телімдерде - поезд диспетчерімен келісілуі тиіс.

3.27.Өтпе бойынша кезекші темір жол өтпесіндегі поездар мен көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуі, тоспаны дер кезін-де ашып-жабуы және белгіленген сигналдарды беруі, өтіп бара жатқан поездардың күйін бақылауы тиіс. Қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақаулылықты тапқан жағдайда ол поезды тоқтату шараларын қолдануға міндетті, ал егер поездың соңын белгілейтін сигнал жоқ болып шықса - бұл туралы станция бойынша кезекшіге және локомотив машинисіне, ал дис-петчерлік орталықтандырылумен жарақтандырылған телімдерде - поезд диспетчеріне хабарлауы тиіс.

3.28.Темір жолдың электр берілісінің және байланыстың желілері-мен, мұнай-газ өнімдерін өткізгіштермен, су құбырларымен және басқа жерүсті және жерасты құрылғыларымен қиылысуы тек қана «ҚТЖ» ¥К» АҚ басшылығының рұқсатымен жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай қиылысуларда лрнайы сақтандырғыш құрылғылар қарастырылуы не-месе поездар қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз ететін шаралар жүзеге асырылуы тиіс. Мұндай құрылғылардың жобалары «ҚТЖ» ¥К» АҚ басшылығымен келісілуі тиіс.

3.29. Аралықтардағы басты жолдарға жаңадан құрылып (салынып)
жатқан желілердің және темір жол кірме жолдарының қосылуына ерекше
жағдайларда Министрліктің рұқсатымен жол берілуі мүмкін.

Екінші жолдарды салуға, құрылыстар мен құрылғылардың қайта құрылуы мен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты аралықтардағы бағыттамалық бұрмаларды уақытша төсеуге және алуға, жаңа бөлім бекеттерін салуға және т.б. әр жеке альшған жағдайда «ҚТЖ» ¥К» АҚ басшылығының рұқсатымен жүзеге асырылады.

Бөлім бекетін ұзақ мерзімді сақтауға ауыстырғанда немесе жапқанда аралықтағы темір жол желісінің кірме жолының қосылысын сақтап қалдыру жөніндегі шешімді техникалық құралдарға қызмет көрсету тәртібін және поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді белгілеп, Минис-трлікпен келісімдей отырып, «ҚТЖ» ¥К» АҚ қабылдайды.

3.30. Темір жолдардың бір деңгейде қиылысатын, сондай-ақ аралықтар
мен станцияларда желілердің, темір жолдың кірме және қосылыстыратын
жолдарының басты жолдарға қосылатын жерлерінде сақтандырғыш
тұйықтар немесе қорғағыш стрелкалар орналасуы тиіс.

Темір жолдардың кірме және қосылыстыратын жолдарының қабылдау-жөнелту және басқа станциялық жолдарға қосылатын жерлеріндё жылжы-малы құрамның өздігінен станцияға немесе аралыққа қарай шығып кету-іне жол бермеу үшін сақтандырғыш тұйықтары, қорғағыш стрелкалары, лақтырғыш табандықтары, лақтырғыш үшкірлері немесе лақтырғыш стрел-калары болуы тиіс.

Сақтандырғыш тұйықтардың пайдалы ұзындығы кем дегенде 50 м болуы тиіс.

 

 

¥заққа созылатын еңістері бар аралықтарда, сондай-ақ осындай
аралықтарды шектейтін станцияларда «ҚТЖ» ¥К»АҚ бекіткен жобалар
бойынша ұстағыш тұйықтарды қарастыру қажет..

Ажыратылмалы көпірілер екі жагынан сақтандырғыш тұйықтармен не-месе лақтырғыш табандықтармен, не болмаса лақытырғыш стрелкалармең қоршалуы тиіс.

3.31. Қосжолды желілердің аралықтарында төселетін бағыттамалық
бұрмалар дұрыс жолмен жүріп жатқан поездар үшін ық бағытты (пошерст-
ными) болуы тиіс.

Айрықша жағдайларда қосылатын жолдардың кірмелері ыңғайсыз, болғанда «ҚТЖ» ¥К»АҚ басшылығының рұқсатымен қарсы бағытты (про-тивошерстных) бағыттамалық бұрмалар төселуі мүмкін.

3.32. Уш немесе төрт тінді жолды жасау арқылы басты және қабылдау-
жөнелту жолдарының түйісулерін құру тек қана «ҚТЖ» ¥К»АҚ
басшылығының рұқсатымен жүзеге асырылуы мүмкін.

Басқа станциялық жолдардағы түйісулер (сплетения) «ҚТЖ» ¥К»АҚ басшылығының рұқсатымен салынады.

Жолдық және сигналдық белгілер

3.33. Басты жолдардың бойына сигналдық және жол белгілерін ор-
натады. Бағыттамалық бұрмалардың тұсына және жолдардың басқа да
қосылысатын жерлерінде шектік бағаншалар орнатылады. Өтпебөліктің
темір жол жолағының шектерін көрсету үшін, сондай-ақ жол төсемінің
жасырылған құрылыстарын жердің бетінде белгілеу үшін ерекше жол бел-
гілері орнатылады.

Сигналдық белгілер қозғалыс бағытты бойынша оң жақтан қойылады, ал жол белгілері - оң жағынан киломерлер саны бойынша шеткі жолдың өсінен кем дегенде 3100 мм қашықтықта қойылады.

Ойықтарда (жартастықтарынан басқа) және олардан шығаберісте, жол және сигналдық белгілері кюветтердің және науалардың шектерінен тыс, далалық жағынан қойылады. Қармен жиі басыла беретін ойықтарда және олардан шығаберістерде (100 м-ге дейінгі шекте) аталған белгі-лер шеткі жолдың өсінен кем дегенде 5700 мм қашықтықта қойылады. Осындай ойықтардың тізбесін «ҚТЖ» ¥К»АҚ басшылығы белгілейді. Бағдаршамдық қалпақшалары, жинақтық трансформаторлық қосалқы станциялар, түйіспелі тораптың ажыратқыштары мен разрядтағыштары орнатылған тіректерді қоспағанда электрлендірілген телімдерде сигналдық және жол белгілері түйіспелі тораптың тіректеріне орнаты-луы мүмкін.

Шектік бағаншалар жолтабандар аралығының ортасында бір-біріне қосылуға таяп келе жатқан жолдардың осьтерінің арасындағы қашықтық 4100 мм-ге тең тұсында орнатылады. Т габариті бойынша салынған жыл-жымалы құрам айналмайтын пайдаланудағы станциялық жолдарда 3810 мм қашықтықты қалдыруға рұқсат етіледі. Жолтабан аралығының ені

азайтылған жүкті аударып тиеу жолдарында шектік бағаншалар жолтабан аралығының ені 3600 мм-ге дейін жететін жерінде орнатылады.

Жолдың қисық телімдерінде бұл қашықтықтар Құрылыстардың жақындау габариттерін қолдану жөніндегі нұсқаулықта белгіленген нормаларға сәйкес ұлғайтылуы тиіс.

Сигналдық жолдық және ерекше белгілер «ҚТЖ»¥К»АҚ бекіткен типте болуы тиіс.


ЖОЛАУШЫ ВАГОНДАРЫН, АРНАЙЫ ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҮРАМДЫ,

СУМЕН ЖАБДЫҚТАУДЫ ЖӘНЕ КӘРІЗҚ¥БЫРДЫ КҮТУ ЖӘНЕ

ЖӨНДЕУГЕ АРНАЛАТЫН ЛОКОМОТИВ ЖӘНЕ ВАГОН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ Қ¥РЫЛЫСТАРЫ МЕН Қ¥РЫЛҒЫЛАРЫ

Қалпына келтіру құралдары

4.1. Локомотивтік деполарды, локомотивтерге техникалық қызмет
көрсету пункттерін, шеберханаларды, жарықтандыру құрылғыларын және
локомотив шараушылығының басқа да құрылыстарын және құрылғыларын
орналастыру және техникалық жарақтандыру поездар қозғалысының бел-
гіленген көлемін, локомотивтердің тиімді пайдаланылуын, сапалы жөндеу
мен техникалық қызмет көрсетуді, материалдық қордың ұқыпты пайдала-
нылуын және қауіпсіз жұмыс жағдайын қамтамасыз етуі тиіс.

Арнайы жылжымалы құрамға арналған деполарды, арнайы жылжыма-лы құрамға қызмет көрсету пункттерін, шеберханаларды, жарықтандыру құрылғыларын және арнайы жылжымалы құрамға қызмет көрсетуге арналған басқа да құрылыстар мен құрылғыларды орналастыру және техникалық жарақтандыру арнайы жылжымалы құрамның сапалы жөнделуін және техникалық кутімін, материалдық қордың ұқыпты пайда-ланылуын, қауіпсіз жұмыс жағдайын, арнайы жылжымалы құрамның тиім-ді пайдаланылуын қамтамасыз етуі тиіс.

4.2. Жүк және жолаушы вагондарының деполарын, жүк және жолау-
шы вагондарына техникалық қызмет көрсету пункттеріне, вагон және жо-
лаушы вагондарына техникалық қызмет көрсету пункттерін, вагон және
жолаушы шарушылықтарының жуу-булау станцияларының және басқа да
құрылыстарының орналасуы және техникалық жарақтандырылуы поездар
қозғалысының белгіленген көлемін, сапалы жөндеу мен техникалық қызмет
көрсетуді, материалдық қордың ұқыптылықпен пайдаланылуын және
қауіпсіз жұмыс жағдайын қамтамасыз етуі тиіс.

Жолаушы поездарының қалыптастырылуының және айналымының станцияларында, жолаушы-техникалық станцияларда және жарақтандыру деполарында жолаушы поездарын сапарға сапалы дайындауға қажетті технологиялық жабдығы болуы тиіс.

4.3. Сумен жабдықтау және сумен өңдеу құрылғылары локомотив-
терді, поездарды темір жол келігінің станцияларын және құрамдық
кәсіпорындарын айтарлықтай сапалы және қажетті мөлшерде сумен үздіксіз
жабдықтауды қамтамасыз етуі тиіс, сондай-ақ басқа да шаруашылықтық,
өртке қарсы және ауыз су қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс.

Кәріздік құрылыстар темір жол кәсіпорындарының және елді мекендердің шайылма суларының санитарлық және табиғатты қорғау нор-маларына сәйкес тазартылып отыруын қамтамасыз етуі тиіс.

4.4. «ҚТЖ» ¥К»АҚ белгілеген пункттерінде мыналар үнемі дайын күйде
болуы тиіс:

 

жылжымалы құрамның соғылысып және рельстен шығып кетуінің салдарын жою және қозғал ысты қайтадан қал пына келтіру у шін арналған қа л пына келтіру поездары, жолды және электрмен жабдықтау құрылғыларын қалпына келтіру үшін арналған арнайы автомотрисалар, дрезиналар және автомобильдер, байланыстың жөндеу-қалпына келтіру жедел-жәрдемінің вагондары мен автомобильдері, апаттық далалық командалары;

өрттің алдын алу және оны сөндіру үшін арналған өрттен қорғау поездары және өрттен қорғау командалары.

Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін арналған қалпына келтіру және өрттен қорғау поездары, арнайы автомотрисалар және дрезиналар үнемі тұрақтап тұратын жолдарға жылжымалы құрамдарды шығарып ұстап тұруға тыйым салынады.


СТАНЦИЯЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ Қ¥РЫЛЫСТАРЫ

МЕН Қ¥РЫЛҒЫЛАРЫ

5.1. Станциялардың жолдық дамуы және техникалық жарақтандырылуы поездар қозғалысының белгіленген көлемін, поездарды қабылдау және жөнелту,жүктерді,багаждыжәнежүкбагажынтиеужәнетүсіру,құрамдарды және вагондарды өңдеу бойынша операцияларына жұмсалатын уақыт нормаларының орындалуьіН/ техникалық құралдардың тиімді пайдаланы-луьіН/ поездар қозғалысының қауіпсіздігін және қауіпсіз жұмыс жағдайын қамтамасыз етуі тиіс.

Жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған ғимараттар, платформалар және басқа құрылыстар мен құрылғылардың сәулеттік-көркемдік ажары бо-луы, жолаушыларды тасымалдауға байланысты операциялардың ыңғайлы және қауіпсіз орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.

Қажет болған жағдайларда жолаушы платформаларына өту үшін жаяу жүргіншілер тоннельдері немесе көпірлері болуы тиіс.

Станциялардағы өткелдердің темір жол желілерімен бір деңгейдегі қалпында қалдырылған кезінде бұл өткелдер жаяу жүргіншілер төсемдерімен, нұсқағыштармен және ескертпелік жазулармен ал қажет болғанда автоматтық сигнал берумен жарақтандырылуы тиіс.

Жолаушы станциялары орындарды алдын ала бөлудің автомат-тандырылған жүйесімен, билет басқыш машиналар мен автоматтар жүйесімен, өзіне-өзі қызмет көрсетудің сақтау камераларымен, поездарды жөнелтудің автоматтық нұсқағыштарымен, анықтамалық қондырғылармен жарақтандырылады.

Аралықтардағы жолаушылық тоқтау (аялдау) пункттерінің үсті қалқаланған немесе павильондары бар жолаушы платформалары, ал қызмет корсетілетін жолаушылар санына байланысты - билет кассалары болуы тиіс.

Жүк және тоңазытқыш құрылғылары жүктердің сақтанымдылығын және жүк өперацияларының ыңғайлы орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.

5.2. Поездар қозғалысына қатысы бар (станциялар бойынша кезекшілер, маневрлік дипетчерлер, сигнал беру және байланыс дистанцияларының қызметкерлері және басқалар) қызметкерлер үшін арналған қызметтік ғимараттарда және панажайларда жұмыс істеу үшін қажетті жағдай қамтамасыз етілуі тиіс.

Станциялар бойынша кезекшілердің қызметтік болмелерінде басқару және бақылау аспаптарын орнатуға, соның ішінде станция кезекшісінің жұмысына тікелей қатысы бар автоматтандырылған жұмыс орнының ап-паратурасын, сондай-ақ жарықтандыруды орталықтандырып басқару және секциялық ажыратқыштарды қашықтықтан басқару пульттерін, жылжы-малы құрамның техникалық күйін поездың жүрісі кезінде автоматты түрде бақылаудың анықтағыш аппаратурасын орнатуға рұқсат етіледі. Басқа

жабдық пен аппаратураны орналастыруға айрықша жағдайларда «ҚТЖ» ¥К»АҚ басшылығының рұқсатымен жол беріледі.

Жолаушыларға, жүкженелтушілерге және жүк алушыларға қызмет көрсететін қызметкерлер үшін арналған бөлмелер операцияларды тез орын-дау үшін жетуге ыңғайлы болуы тиіс. Жолаушыларға қызмет корсету үшін арналған бөлмелерді басқа мақсаттар үшін пайдалануға тыйым салынады.

5.3. Жолаушы және жүк поездарының қозғалысы біріктірілген желілерде
орналасқан жолаушы және жүк платформалары түзу телімдерде жол өсіне
қатысты биіктік пен қашықтық бойынша келесі нормаларға сәйкес болуы тиіс:

биік платформалар үшін рельстер қалпақшаларының үстіңгі бетінің деңгейінен 1100 мм;

аласа платформалар үшін рельстер қалпақшаларының үстіңгі бетінің деңгейінен - 250 мм;

биік платформалар үшін жолдың өсінен -1920 мм;

аласа платформалар үшін жолдың осінен -1745 мм.

Жолдың қисық телімдерінде бұл қашықтықтар Құрылыстардың жақындау габариттерін қолдану жөніндегі нұсқаулықпен белгіленген нор-малар бойынша анықталады.

Пайдалану процесінде осы тармақта керсетілген нормалардың төмендегі шектерде өзгертілуіне жол беріледі: биіктік бойынша ұлғаю жағына қарай 20 мм-ге дейін және азаю жағына қарай 50 мм-ге дейін; жол өсінен қашықтығы бойынша ұлғаю жағына қарай 30 мм-ге дейін және азаю жағына қарай 25 мм-ге дейін.

Жолаушы және жүк платформаларының белгіленген нормалардан жоғары биіктігін және жол өсінен қашықтықтың белгіленген нормадан төмен болуын Құрылыстардың жақындау габариттерін қолдану жөніндегі нұсқаулық белгілейді және маңына сол құрылыстар орналасқан жолдардың арналымына, айналатын жылжымалы құрамның типіне және қозғалыс жылдамдығына байланысты болады.

Станциялар мен аралықтардағы жаңадан салынып жатқан және қайтадан құрылып жатқан биік платформалар жолдың машиналандырылған жөндеуін және платформалардың механикаландырылғантазартуын, ал стан-цияларда бұған қоса вагондар мен локомотивтердің жүрістік бөліктерінің екіжақты тексеруін және жөндеуін жүргізуге мүмкіндік беретін құрылымға ие болуы тиіс.

Жолды және платформаларды жендеу кезінде рельс қалпақшасының үстіңгі бетінің деңгейінен жолаушы және жүк платформаларының үстіне дейін, сондай-ақ жол өсінен платформалардың шетіне дейін белгіленген қашықтық нормаларын өзгертуге тыйым салынады.

5.4. Егер стрелкалар мен сигналдарды басқару тікелей станциялық
посттардан жүргізілсе, онда олар, тиісті стрелкалар мен жолдар жақсы
көрінетіндей болып орналасуы тиіс.

Айрықшалық (исключение) станцияның жергілікті жағдайларына бай-ланысты электрлік орталықтандыру посттары үшін (дөңестік посттардан басқасының) рұқсат етілуі мүмкін.

 

 

5.5. Станциялық орталықтандыру посттарының және стрелкалық
қосындардың бөлмелерінің «ҚТЖ» ¥К»АҚ басшылғы белгілеген нормала-
ры бойынша қажетті сигналдық аспаптары, керек-жарағы, саймандары мен
материалдары болуы тиіс. Сонымен қатар, стрелкалық қосындар телефон
байланысының сыртқы шақыру қүрылғыларымен жабдықталуы тиіс.

5.6. Сүрыптау дөңестері бағдаршамдық сигнал беруімен, радиобай-
ланыспен, сонымен қатар өзара сөйлесу және дөңестік локомотивтердің
машинистеріне, құрастыру бригадаларына және басқа қызметкерлерге
қажетті нусқаулар беру үшін арналған екіжақты парктік байланыстың
құрылғыларымен жарақтандырылуы тиіс.

Жұмыс көлеміне байланысты сұрыптау дөңестері вагондарды таратудың механикаландыру және автоматтандыру құрылғыларымен, стрелкалардың дөңестік орталықтандыруымен, дөңестік автоматты локомотивтік сигнал бе-руімен және қажетті құжаттарды тапсыру және жөнелту құрылғыларымен жабдықталады. Дөңестік орталықтандыруға қосылған барлық стрел-калар механикаландырылған тазарту және қар еріту құрылғыларымен жабдықталуы тиіс.

Автоматтандырылған және механикаландырылған дөңестері бар станци-яларда дөңестік құрал-жабдықты техникалық қызмет көрсетіп жөндеу үшін арналған шеберханалар мен механикаландырылған алаңшалар болуы тиіс.

5.7. Жұмыс көлеміне қарай барлық сұрыптау станциялары, сондай-ақ
жолаушы, телімдік және жүк станциялары диспетчерлік станция ішін-
дегі байланыспен, станциялық радиобайланыстың маневрлік және басқа
түрлерімен және маневрлік қозғалыстар туралы нұсқауларды хабарлау
үшін, сондай-ақ маневрлік диспетчерлердің, станциялар кезекшілерінің, по-
ездарды құрастырушылардың, маневрлік локомотивтердің машинистерінің,
станциялық технологиялық орталықтар қызметкерлерінің, техникалық
қызмет көрсету пункттерінің, коммерциялық тексеру пункттерінің, жүк ау-
дандары мен контейнерлік алаңшалардың және арнайы өздігінен жүретін
жылжымалы құрамның бригадаларының поездарда маневрлік жұмысты,
техникалық қызмет көрсетуді, коммерциялық тексеруді және жөндеуді
ұйымдастыру мәселелері бойынша өзара сөйлесуі үшін жарақтандырылуы
тиіс.

Сұрыптау, телімдік және жүк станциялары жұмыс көлеміне бай-ланысты, сонымен қатар, автоматтандырылған басқару жүйелерімен жолдың ақпараттық-есептеу торабымен байланыстыру құралдарымен, тасымалдау құжаттарын қабылдау және жеткізу үшін, сондай-ақ тексері-летін және жөнделетін құрамдарды орталықтандырып қоршауға арналған құрылғылармен, ал станциялардың вокзалдары - жолаушыларға мәлімет беру үшін байланыс құрылғыларымен жарақтандырылады.

5.8. Станциялардағы жолаушыларға қызмет көрсету үшін арналған
құрылыстар, поездарды қабылдау және жөнелту, тиеу-түсіру және манев-
рлік жұмыстарын жүргізу, жарықтандыру, техникалық қызмет көрсетудің
және жөндеудің қабылдау жолдары және парктері, жүк аудандарының
аумақтары, контейнерлік алаңшалар, сұрыптау платформалары, вагондық

таразылар, қарау мұнаралары, габариттік қақпалар, поездар мен ва-гондарда коммерциялық жарамсыздықтарды автоматты турде анықтау құрылғылары, сондай-ақ, қызметкерлер поездарды қарсы алатын орындар, стрелкалық қылталар, қоймалар, өтпелер, ал қажет болған жағдайда басқа да жолдар және пункттер жарықтандырылуы тиіс. Жарықтандыру Ми-нистрлік белгілеген нормаларға сәйкес болуы және поездар қозғалысының және маневрлік қозғалыстардың қауіпсіздігін, вагондарға отырғанда және вагондардан тускен кезде жолаушылардың қауіпсіздігін, қызмет көрсететін персоналдың үздіксіз және қауіпсіз жұмысын және жүктердің, багаждың, жүк пен багаждың күзетілуін қамтамасыз етуі тиіс.

Жүк жұмыстарының көлемі шағын азәрекетті аралық станцияларда тиеу-түсіру және басқа да станциялық жолдарының оларда жүк және манев-рлік жұмыстардың жүргізілмейтін мезгілінде сыртқы жарықтандыруының секцияланып өшірілуінің құрылғылары болуы тиіс.

Жолаушылардың аялдауы пункттерінде жолаушылардың вагондарға
отыратын және вагондардан түсетін жерлері мен жолаушыларға арналған
панажайлар жарықтандырылуы тиіс.

Сыртқы жарықтандыру сигналдық жарықтандырудың анық көрінуіне әсерін тигізбеуі тиіс.


СИГНАЛ БЕРУДЩ, ОРТАЛЫҚТАНДЫРУДЫҢ, БЛОКТАУДЫҢ,

АҚПАРАТТАНДЫРУ МЕН БАЙЛАНЫСТЫҢ

ҚҮРЫЛЫСТАРЫ МЕН ҚҮРЫЛҒЫЛАРЫ

6.1. Сигналдар қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ по-
ездар қозғалысы мен маневрлік жұмысты нақты ұйымдастыру үшін қызмет
етеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 1385; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.052 сек.