Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сигналдар 4 страница




поездардың орындалған қозғалысы кестесінің автоматтық жазбасын;

сигнал беру мен байланыстың дербес қүралы ретінде қолданылатын электрлік орталықтандыруға, автоматтық блоктауға және автоматты ло-комотивтік сигнал беруіне және поездың толық қүрамымен келіп жетке-нін жартылай автоматтық блоктауына қойылатын талаптардың орында-луын.

Диспетчерлік орталықтандырудың жаңа жүйелері блок-телімдердің жалған бос еместігі кезінде поезд диспетчерінің қрғалыс бағытын өзгертуіне мүмкіндігінің болуын қамтамасыз етуі тиіс.

Жанасатын станциялардың стрелкалары мен бағдаршамдарын телебасқару қүрылғылары диспетчерлік орталықтандыру құрылғыларына қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.

Автоматты локомотивтік сигнал беру және қауіпсіздік қүрылғылары

6.31. Автоматты локомотивтік сигнал беру кезінде локомотивтік бағдаршамдар поезд жақындап келе жатқан жол бағдаршамдарының көрсетулеріне сәйкес келетін көрсетулерді беруі тиіс.

Тек қана локомотивтік бағдаршамдардың көрсетулері бойынша қозғалыс кезінде бүл бағдаршамдар алдағы жатқан блок-телімдердің бос еместігіне немесе бос болуына қарай көрсетулер беруі тиіс.

Локомотивтік бағдаршамдар локомотивті, моторвагондық поезды, ар-найы өздігінен жүретін жылжымалы қүрамды басқару кабинасында орна-тылады және сигналдық көрсетулерді тікелей машинистің өзіне және оның көмекшісіне немесе дрезинаның жүргізушісіне және оның көмекшісіне бе-реді.

Локомотивтердегі, моторвагондық поездардарғы және арнайы жылжы-малы құрамдағы автоматты локомотивтік сигнал беру:

белгіленген қозғалыс жылдамдықтарын, поездың өзінен-өзі жыл-жып кетуін және машинист қырағылығының мерзімді түрде тексерілуіне бақылауды қамтамасыз ететін қауіпсіздік қүрылғыларымен толықтырылуы тиіс. Машинист локомотивті, моторвагондық поезды, арнайы жылжы-малы құрамды, ал дрезина жүргізушісі дрезинаны басқару қабілетінен айырылған жағдайларда аталған құрылғылар тыйым салушы көрсетуі бар жол бағдаршамының алдында поездың автоматты түрде тоқтауын қамтамасыз етуі тиіс.

Стрелкалар мен сигналдардың кілттік тәуелділігі

6.32. Кілттік тәуелділік қүрылғылары стрелкалар мен сигналдардың
өзара тұйықталуын бақылаулық құлыптар арқылы қамтамасыз етуі тиіс.

6.33. Стрелкалық бақылаулық қүлыптар:

кілттің тек стрелканың жабық күйінде ғана алынуына жол беруі тиіс;

стрелкаларды тек құлыптан суырылып алынған кілтте көрсетілген қалпында, үшкірдің рамалық рельске тығыз жанасқан жағдайында ғана жа-буы тиіс;

жанасқан үшкір мен рамалық рельс арасындағы саңылау 4 мм және одан астам болған жағдайда стрелканың жабылуына жол бермеуі тиіс.

Сериясы бірдей стрелкалық бақылаулық құлыптарды бір сганцияньщ шегінде, ал ірі станцияларда - бір стрелкалық ауданның және басқа аудандардың онымен ір-гелес орналасқан сгрелкалық қосындардың шегінде қолдануға тыйым салынады.

Станциялық блоктау

6.34. Станциялық блоктау:

посттардың поездарды және станция ішіндегі маршруттардың қабылдау және жөнелту маршруттарын әзірлеуінің дұрыстығына станция бойынша кезекші жағынан бақылау;

әр түрлі посттардан басқарылатын стрелкалардың және сигналдардың өзара тұйықталуы қамтамасыз етілуі тиіс.

Сұрыптау дөңестерінің механикаландыру және автоматтандыру құрылғылары

6.35. Сұрыптау дөңесгерінің механикаландыру және автоматтандыру
құрылғылары құрамдардың есептік (жобалық) тарқатылу жылдамдығымен
үздіксіз, үзіліссіз және қауіпсіз тарқатылуын қамтамасыз етуі тиіс, бұл ретте әр те-
жеулік позициядағы тежеу құралдарының қуаты осы жылдамдықты іске асыруға
мүмкіндік беруі және вагондарды сұрыптаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

Механикаландырылған сұрыптау дөңестеріндегі сұрыптау жол-дары бойынша ағытпаларды таратудағы құрамдарды тарқатуға қатысатын бағыттамалық бұрмалар дөңестік электрлік немесе дөңестік автоматтандырылған орталықтандыруға қосылуы тиіс.

Дөңестік орталықтандыру:

стрелкаларды жеке басқаруға;

құрамның тарқатылуы жүргізілетін барлық бағыттас стрелкалардың, сондай-ақ, жылжымалы құрамның тарқату аймағына шығып кетуіне жол бермейтін күзеттік стрелкалардың электрлік тұйықталуын;

басқару пультінде стрелкалар қалпының және стрелкалық секциялардың бос еместігінің бақылауын қамтамасыз етуі тиіс.

Дөңестік орталықтандыру стрелканың жылжымал ы құрамның астындағы жағдайында бұрылуына жол бермеуі тиіс.

Сонымен қоса, стрелкалардың дөңестік автоматты орталықтандыруы:

программалық немесе маршруттық жұмыс режимдері кезінде ағытпалардың тарқауы процесінде сұрыптау дөңесінің тарату аймағының стрелкаларын автоматтық басқаруды;

бұру сәтінде үшкір мен рамалық рельс арасында кедергі туындаған жағдайда ағытпаның оқшауланған стрелкалық секцияға енуіне дейін стрелканың бақыланатын қалпына автоматты қайтарылуын;

тарқату процесінде стрелкаларды жеке басқаруға көшіру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

Автоматтандырылған дөңестік орталықтандыруы бар механика-ландырылған дөңестерге қойылатын талаптарды орындауымен қатар автоматтандырылған сұрыптау дөңестерінің құрылғылары:

құрамдарды жақындатудың және тарқатудың басқаруын және бақылауын;

ағытпалардың тарқау жылдамдығын автоматтық реттеуді;

құрамдарды тарқату нәтижелерін бақылап отыруды;

сұрыптау станциясының ақпараттық-жоспарлаушы жүйесімен ақпарат алмасуды қамтамасыз етуі тиіс.

Автоматты өтпелік сигнал беруі және автоматты тоспалар

6.36. Автоматты өтпелік сигнал беруі тоқтау сигналын беруін автомобиль
жолының жағына қарай бастауы тиіс, ал автоматтық тоспалар поездың те-
мір жол өтпесіне келіп жетуіне дейін көлік құралдарының темір жол өтпесін
ертерек босатуы үшін қажетті уақыт ішінде өздерінің жабық қалпына келіп
үлгіруі тиіс.

Автоматты өтпелік сигнал беруі әрекетін жал ғастыра беруі, ал автоматтық тоспалар темір жол өтпесін поезд толығымен босатып болмайынша жабық қалпында қала беруі тиіс.

Поездың таяғаны туралы автоматты түрде хабарландыратын жүйелер

6.37. Автоблоктауы бар аралықтар және стрелкаларының электрлі
орталықтандыруы бар станциялар жол бойында жұмыстар жүргізіп жатқан
қызметкерлерді поездың таяп қалғаны туралы "ҚТЖ" ¥К" АҚ бекітетін
жоспарларға сәйкес автоматты хабарландыру жүйесімен жабдықталуы
тиіс.

Поездың жүрісі кезінде жылжымалы құрамның техникалық күйін автоматты бақылау құралдары

6.38. Поездың жүрісі кезінде жылжымалы құрамның техникалық күйін
автоматты бақылау құралдары:

алдында орналасқан станцияның кезекшісіне, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдерде — поезд диспетчеріне поезда ақаулы жылжымалы құрамның бар-жоғы және орналасуы мен ақаулылықтың түрі жөнінде ақпарат жіберілуін;

локомотив машинисіне поездарда ақаулы вагондардың бар жоғы жөніндегі немесе дауыстық хабарлағыштың поезда ақаулы жылжымалы құрамның бар-жоғы жөніндегі ақпарат жіберілуін;

көрсеткіштің жарықты жолағының көмегімен;

алдағы орналасқан станцияның кезекшісіне, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған телімдерде — поезд диспетчеріне ақаул ы жылжымал ы құрамның бар-жоғы және орналасуы мен ақаул ыл ықтың түрі жөніндегі жіберлетін ақпараттың тіркелуін қамтамасыз етуі тиіс.

Аталған бақылау құралдарын қолдану, орналастыру және пайдалану тәртібін "ҚТЖ" ¥К" АҚ белгілейді.

Поездар мен вагондарда коммерциялық
ақаулар ды автоматтық анықтау құрылғылары

6.39. Поездар мен вагондарда коммерциялық ақауларды автоматтық
анықтау құрылғылары (поездар мен вагондарды коммерциялық тексерудің
автоматтандырылған жүйесі немесе оның жекелеген элементтері — элек-
тронды габариттік қақпалар, электронды вагон таразылары, телевизиялық
бейнебақылау жүйесі):

ақпараттың еденүсті құрылғылардан коммерциялық тексеру пункті операторының терминалына поезда ақаулылығы бар вагондардың (тиеу габариті, ашық жылжымалы құрамда жүктерді орналастыру мен бекітудің техникалық шарттары бұзылған, асыра жүктелген вагондар және т.б.) бар-жоғы және орналасуы жөнінде ақпарат жіберуді;

жіберілген ақпаратты қағаздағы және басқа тасымалдағыштарда (дис-кеттерде, бейнекассеталарда) пайдалану және сақтау үшін бере отырып оператордың терминалдық құрал-жабдығында белгілеуді;

тиісті құжаттаманың ресімделуін қамтамасыз етуі тиіс.

Аталған қызмет көрсету құралдарын қолдану, орналастыру және пайда-лану тәртібін "ҚТЖ" ¥К" АҚ белгілейді.

Поездар жүретін маршруттарға жылжымалы құрамның өз бетімен шығып кетуінің алдын алуға арналатын құрылғылар

6.40. Поездар жүретін маршруттарға жылжымалы құрамның өз беті-
мен шығып кетуінің алдын алуға арналатын құрылғылар: сақтандырушы
тұйықтар, қорғағыш стрелкалар, лақтыру табандықтары, лақтыру үшкірлері
немесе лақтыру стрелкалары оларды орталықтандыруға қосу жөніндегі осы
Ережелердің талаптарын қанағаттандыруы (сақтандырушы тұйықтар үшін
- тұйыққа қарай бастайтын стрелка), бөгегіш қалпының бақылауы болуы
және поездардың қабылдау, жүру және жөнелтілуінің басқа жолдары мен

 

маршрутттарына жылжымалы құрамның өз бетімен шығып кетуіне жол бермеуі тиіс.

Қажет болғанда, лақтыру құрылғыларын (лақтыру табандықтары,
лақтыру үшкірлері немесе лақтыру стрелкалары) орнату орындары
Қазақстан Республикасы темір жолдарындағы белгі беру жөніндегі
Нұсқаулыққа сәйкес нұсқағыштармен жабдықталады.

Байланыс

6.41. Темір жолдардың барлық телімдерінде поездық диспетчерлік, поездық
станцияаралық, станциялық, желілік-жол, стрелкалық байланысы болуы тиіс.

Автоблоктаумен, диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған те-лімдерде және барлық электрлендірілген телімдерде энергодиспетчерлік және аралықтық байланыс болуы тиіс.

Кабельдік байланыс желілері бар телімдердің СОБ және байланыс электрмеханиктерінің қызметтік байланысы болуы тиіс.

Сонымен қатар, темір жолдарда поездар қозғалысын, билеттерді сатуды және желілік бөлімшелер жұмысын басқару ушін телефондық және телеграфтық байланыстың магистральдік, жолдық, жолдық өкімдік, билеттік-диспетчерлік, ақпараттық-есептеу, жергілікті және басқа түрлері болуы тиіс.

6.42. Темір жолдардың барлық телімдері поездық радиобайланыспен
жабдықталуы тиіс.

Поездық радиобайланыс поездық локомотивтердің, моторвагон-ды поездардың, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамдар машинистерінің:

бүкіл диспетчерлік телім шегінде поезд диспетчерімен;

аралықты шектейтін станциялардың кезекшілерімен;

бір аралықта жүрген қарсы бағытта және ізімен келе жатқан локомотивтердің, моторвагонды поездардың, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның машинистерімен;

өтпелер және деполар бойынша кезекшілермен;

жөндеу жұмыстарының басқарушыларымен және сигнал берушілермен;

поездардағы және объектілердегі әскерилендірілген ведомстволық күзетінің атқыштарымен;

кабинадан шыққан кезінде машинистің көмекшілерімен;

жолаушы поезының бастығы мен (механик-бригадирімен) вагондарды қараушы-жөндеушілермен сенімді екі жақты байланысын қамтамасыз етуі тиіс.

Станциялардың жабылуы салдарынан немесе станциялар бойынша кезекшілердің кезекшілікті тоқтатуы себебінен аралықтар ұзындығының 15 км-ден астам ұзаруы кезінде, радиобайланыстың жаңа жүйелері енгізілгенге дейін поездық локомотивтердің, моторвагондық поездардың және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам машинистерінің аралықпен жүруі ке-

зінде поезд диспетчерімен тұрақты радиобайланыс болған жағдайда ғана ең жақын орналасқан станцияның кезекшісімен радиобайланысын қамтамасыз етуге рұқсат беріледі. Бұл ретте, машинистердің, поезд диспетчерінің және станциялар бойынша кезекшілердің поездар қозғалысын қамтамасыз ететін өзара әрекеттесуінің тәртібін және осындай аралықтардың тізімін тасымал-дар бөлімшелерінің басшылығы белгілейді. Поездар қозғалысы қарқынды және диспетчерлік орталықтандыруы бар темір жол телімдерінде енді-рілетін поездық байланыстың жаңа жүйелері аралықтардың ұзақтығына қатыссыз осы тармақта атап өтілген қызметкерлердің сенімді екі жақтылық байланысын қамтамасыз етуі тиіс.

Поездық радиобайланыстың техникалық нормативтерін және пайдала-ну ережелерін "ҚТЖ" ¥К" АҚ, ал поездық радиобайланыстың ақаулылығы кезінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін — Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыстар жөніндегі Нұсқаулық белгілейді.

6.43. Технологиялық қажеттіліктерге байланысты, станцияларда
станциялық радиобайланыс, екіжақты парктік байланыс құрылғылары және
жолаушыларға ақпарат беруге арналатын байланыс қолданылуы тиіс.

Станциялық радиобайланыс: маневрлік және дөңестік радиобайла-ныстың, станциялық технологиялық орталықтар, вагондар мен локомо-тивтерге техникалық қызмет көрсету пункттері радиобайланысының, жүк аудандарының вагондарын коммерциялық тексеру пункттері, контейнер-лік алаңшалар, техникалық құралдарға қызмет көрсету (СОБ, информа-тизация, байланыс, жол, түйіспелі торап және т.б.) және жөндеу бойынша бригадалардың, әскерилендірілген ведомстволық кузет бөлімшелерінің же-лілерінде екіжақтық байланысты қамтамасыз етуі тиіс.

Бір станцияның шегінде әр түрлі маневрлік аудандар үшін бірдей ра-диожиілікті қолдануға рұқсат берілмейді. Станцияның әр маневрлік ау-даны және оған қызмет көрсететін локомотивтер үшін жеке радиожиілік бөлінеді.

Екіжақты парктік байланыс құрылғылары парк шегінде жақсы естілуді қамтамасыз етуі тиіс. Бұл құрылғылар темір жолынан тыс аумақта шуылды азайту үшін бағытты түрде істеуі керек.

Поездық және маневрлік жұмыс жөнінде нұсқаулар беруге, сондай-ақ жолаушыларға ақпарат беруге арналған екіжақты парктік байланыс құрылығылары үнемі іске қосулы күйінде болуы, байланыс арналарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуі, іске қосылған күйінің бақылауы болуы тиіс.

6.44. Станциялардағы («ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығы белгілейтін тізіміге
сәйкес) және диспетчерлік телімдердегі поездық және станциялық радио-
байланыс құрылғылары сөйлесулердің құжатталған тіркеу жүйесімен
жабдықталуы тиіс.

Сөйлесулердің құжатталған тіркеу жүйесімен пайдалану тәртібін «ҚТЖ" ¥К" АҚ белгілейді.

6.45. Жүк тасымалдылығы қарқынды желілердің телімдері мен
станцияларындағы жөндеу жұмыстарын басқару үшін жөндеуші

 

бөлімшелердің ішінде жұмыстарды басқарушымен, жұмыстарды басқарушының локомотивтер машинистерімен, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның машинистерімен және тиісті қызметтің кезекші аппаратымен сенімді екіжақты байланысты қамтамасыз етуге арналатын жөндеу-жедел радиобайланысы қолданылуы тиіс.

Мұндай байланыспен жабдықталатын телімдердің тізімін «ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығы бекітеді.

6.46. Поездар қозғалысына қатысы жоқ мәселелер бойынша поездық дис-петчерлік және стрелкалық байланыспен пайдалануға тыйым салынады.

Орталықтандырудың атқарушы посттарындағылардан, стрелкалық және станция бойынша кезекшінің посттарындағылардан басқа телефон-дарды стрелкалық байланыс желісіне қосуға тыйым салынады.

Поездық диспетчерлік байланысқа тек қана станция кезекшілерінің, ма-неврлік диспетчерлердің, операторлардың, локомотивтік депо, ауыстыру пункттері бойынша кезекшілердің, энергодиспетчерлердің, белгі беру және байланыс дистанциял арының кезекші инженерлерінің телефондарын қосуға рұқсат етіледі. Диспетчерлік орталықтандыруы бар телімдерде "ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығының рұқсатымен поездық диспетчерлік байланысқа өтпелер бойынша кезекшілердің телефондарын қосуға жол беріледі.

Штатында тасымалдар қызметінің кезекші қызметкерлері жоқ не-месе олар штатында болғанымен олардың тәулік бойы кезекшілігі қарастырылмаған станцияларда станциялар бастықтарының, СОБ электр-механиктері мен электрмонтерлерінің пәтерлерінде орнатылған телефон-дарды поездық диспетчерлік байланысқа қосуға рұқсат етіледі.

Пәтерлерде орнатылған телефондардың іске қосуын поезд диспетчері арнайы аспаппен және тек сөйлесулер мерзіміне ғана жүргізеді.

Аралықтарда поездық диспетчерлік байланыс сымдарына дрези-налар жүргізушілерінің (амалсыз тоқтаған кезінде), қалпына келтіру және өртсөндіргіш поездары бастықтарының, СОБ электрмеханиктері мен қалпына келтіру, жол жұмыстарының және электрмен жабдықтау құрылғылары бойынша жұмыстарды басқарушылардың тасымалды теле-фондарын уақытша қосуға жол беріледі.

Поездық станцияаралық байланысқа тек станциялар бойынша кезекшілердің телефондарын, ал автоблоктауы бар телімдерде, сонымен қатар аралықтық байланыстың және өтпелер бойынша кезекшілердің теле-фондарын қосуға жол беріледі.

Темір жол көлігінің ақпараттық-есептеу жүйесі

6.47. Ақпараттық есептеу жүйесі:

деректерді енгізу, жіберу, өңдеу және сақтаудың; есептемелер қорытындыларының тұтынушыларға белгіленген мерзімдерде берілуінің;

жол көлігінің барлық кіші салаларында жоспарлау, жедел басқару, есептеме, статистика міндеттерін шешудің мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

 

Техникалық және программалық құралдар үнемі жұмысқа қабілетті және әрекеттік күйінде ұсталуы, қажетті сенімділік пен шынайылықты қамтамасыз етуі тиіс.

Темір жол көлігінің ақпараттық есептеу-жүйесіне терминалдық және басқа құрал-жабдықтың қосылуы «ҚТЖ" ¥К" АҚ басшылығы бекіткен құжаттарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

СОБ және байланыс желілері

6.48. Аралықтардағы СОБ және байланыс кабельдік желілері темір
жолдардың олар үшін бөлінген жолағында жер төсемінің шегінен тыс орна-
ластырылуы тиіс. Жекелген жағдайларда қолданыстағы ережелерді сақтай
отырып кабельдік желілерді жер төсемінің ішіне салуға рұқсат беріледі.
Талшықты-оптикалық кабельдер негізіндегі байланыс желілері аспалық
әдіспен түйіспелі тораптың немесе автоблоктау желілерінің тіректеріне ор-
наластырылуы мүмкін.

Аспалық әдіспен тартылған байланыс желілері иіліс жебесі барынша төмен түсіңкіреген жағдайда кем дегенде төмендегідей биіктікте болуы тиіс:

халық қоныстанбайтын жерлерде жер бетінен - 5,0 м;

халық қоныстанатын жерлерде жер бетінен - 6,0 м;

жолаушы платформаларының бетінен - 4,5 м;

темір жол өтпелеріндегі автомобиль жолдарының бетінен - 7,0 м.

СОБ және байланыс әуе желілері сымдарының төменгі нүктесінен жерге дейінгі қашықтық иіліс жебесінің барынша түсіңкіреуі кем дегенде:

аралықтарда - 2,5 м;

станцияларда - 3,0 м;

автомобиль жолдарымен қиылыстарда - 5,5 м (қолданыстағы желілер-де, олардың қайта құрылуына дейін 4,5 қашықтықты қалдыра тұруға рұқсат беріледі).

Темір жол желілерінің қиылыстарында СОБ және байланыс әуе желіле-рі сымдарының төменгі нүктесінен рельс қалпақшасының жоғарғы бетінің деңгейіне дейінгі қашықтық кем дегенде 7,5 м болуы тиіс. Электрлендірілген темір жол желілерінің СОБ және байланыс әуе желілерімен қиылысуына жол берілмейлі. Мұндай қиылыстар жерасты кабельдік ендірмелер арқылы жүзеге асырылады.

6.49. СОБ және байланыс желілері бұзылған кезде олардың қалпына кел-
тірілуі төмендегідей кезекпен жүргізілуі тиіс:

поездық диспетчерлік байланыс сымдары;

жолдық блоктаудың, энергодиспетчерлік байланыстың, электрлі-бұздығандық жүйенің, поездық станцияаралық және стрелкалық байланыстың сымдары;

электрмен жабдықтау құрылғыларын телебасқару сымдары;

СОБ және байланыстың басқа да сымдарын.

Телімде қолданылатын СОБ және байланыс желілерінің екеуі немесе одан

 

астамы бірмезгілде зақымданған жағдайда қалпына келтіру артықшылығы желілердің қуаттылығымен анықталады және келесі кезекте болуы тиіс:

талшықты-оптикалық байланыс желілері;

металды кабельдер негізіндегі байланыс желілері;

СОБ және байланыстың әуе желілері.

6.50. СОБ және байланыс құрыл ыстары мен құрылғыларының тартымдық
токтың, электрберілісі желілерінің және найзағай разрядының кедергі кел-
тіретін және қауіпті әсерінен қорғанысы болуы тиіс.

СОБ және байланыс құрылғыларына

техникалық қызмет көрсету

6.51. Өздерінің көмегімен әрқилы тұрдегі тәуелділіктер жұзеге асырылатын СОБ аппараттары, сондай-ақ поездық және станциялық радио-байланыс аппараттары жабық және пломбыланған болуы тиіс; олардың ашылуын осы құрылғылар жөнінде тексеру журналына міндетті түрде ал-дын ала жазба енгізе отырып белгі беру және байланыс дистанциясының осыған уәкілеттенген қызметкерінің ғана жүргізуіне рұқсат етіледі. СОБ және байланыс аппараттарындағы пломбылардың бүтіндігі үшін осы аппараттарды пайдаланатын кезекші қызметкерлер (станциялар бойынша кезекшілер, орталықтандыру постының операторлары, стрелкалық посттың кезекшілері, локомотив машинистері және т.б.) жауапкершілікті болады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 2169; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.086 сек.