Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Канонічне право як об’єкт соціально-наукового пізнання. 3 страница




Стрелкалары мен сигаалдарының электрі орталықтандыруы бар стан-цияларда стрелкалардың орталықтан басқарылуы жергіліктіге тапсырылған жағдайларында стрелкаларға шығу өзіне осы стрелкаларды ауыстыру міндеті жүктелген қызметкердің нұсқауы немесе сигналы бойынша рұқсат етіледі.

Радиобайланыс және екіжақты парктік байланыс құрылғыларын маневрлік жұмыста пайдалану жөніндегі негізгі ережелер Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықта қарастырылған.

15.16. Маневрлердің жүргізілу жылдамдығы төмендегі шамалардан жоғары болмауы тиіс:

60 км/сағ — бос жолдармен жеке локомотивтер немесе артынан қосылған және сынап тексерілген автотежегіштері бар вагондары тіркелген локомо-тивтер жүріп өткенде;

40 км /сағ — артына вагондары тіркелген локомотив қозғалысы кезінде, сондай-ақ жеке арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам бос жолдар-мен жүріп өткенде;

25 км/сағ — вагонадарды алда ұстап бос жолдармен қозғалыс кезінде, сондай-ақ қалпына келтіру және өртсөндіргіш поездардың қозғалысы кезін-де;

15 км/сағ — адамдар отырған вагондармен қозғалыс кезінде, сондай-ақ 4-ші, 5-ші және 6-шы дәрежелі бүйірлік және төменгі габаритсіздігі бар га-бариттен тыс жүктермен қозғалыс кезінде;

5 км/сағ — түртіп итеру маневрлері кезінде, дөңесасты паркінде вагон ағытпасының басқа ағытпаға таяған кезінде;

3 км/сағ - локомотивтің (вагондармен немесе оларсыз) вагондарға таяған кезінде.

Жылжымалы құрамның жылдамдығы таразының құрылымына байланысты станцияның техникалық-жарлық актісінде белгіленеді.

Вагондардың сұрыптау дөңістерінде дөңестік бағдаршамдардың әр түрлі сигналдары кезінде тарқатылу жылдамдығы, сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігін және жылжымалы құрамның сақтанымдылығын қамтамасыз ететін жағдайды дөңестердің техникалық жарақтандырылуына және жер-гілікті жағдайларға байланысты тасымалдау бөлімшелерінің басшылары белгілейді.

Түртіп итеру маневрлері және Темір жолдармен жүк тасымалдау ереже-лерінде және қауіпті жүктерді темір жолдармен тасымалдау ережелерінде аталған жекелеген категориялардағы жүгі бар вагонадарды, тоңазытқыштық вагондарды және секцияларды сұрыптау дөңестерінен тарқату ерекше сақтылықпен және Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс бойынша нұсқаулықта белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс.

15.17. Басты жолдардағы немесе оларды кесіп өтетін, сондай-ақ шығу
стрелкаларының сыртына шығумен жүргілізетін маневрлерге әр жағдайда
маневрлер жүргізілетін жолдар мен стрелкаларға кіреберісті қоршайтын
тиісті кіру бағдаршамдары жабық кезінде тек станция кезекшісінің
рұқсатымен ғана жол берілуі мүмкін.

Құрамның станцияның шегін тыс аралыққа шығуымен жүргізілетін маневрлерді біржолды және теріс жолмен қосжолды телімдерде поезд диспетчері мен көршілес станция бойынша кезекшінің келісімінсіз және машиниске берілетін белгіленген рұқсаттамасыз жүргізуге тыйым салы-нады. Құрамның қосжолды телімдерде дұрыс жол бойынша станция ше-гінен шығарылып жүргізілетін маневрлеріне станция кезекшісінің ауыз-ша рұқсатымен поезд диспетчерінің келісімі бойынша жол беріледі.

Кіру бағдаршамының діңгегінде станция өсінің жағына қарайтын ар-найы маневрлік бағдаршамы бар станцияларда маневр жасаушы құрамның станция шегінің сыртына шығуы аталған бағдаршамның сигналы бойынша жүргізіледі.

15.18. Жылжымалы құрамның аралыққа және поездар жүріп өтетін
маршртуттарға шығып кетуінің қауіпін тудыратын еңістерде орналасқан
станциялық жолдардағы маневрлер локомотивтің еңіс жағынан қойылуы
мен вагондардың автотежегіштерін қосу және сынап тексеруімен
жүргізіледі. Локомотивті еңіс жағынан қою мүмкін болмаған жағдайда,
мұндай жолдардағы маневрлер шегіндіріп тоқтату арқылы жүргізілуі, ал
вагонардың автотежегіштері іске қосулы және сынап тексерілген болуы тиіс.
Осындай жолдары бар станцияларда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін маневрлерді жүргізудің тәртібі Поездар қозғалысы және маневрлік
жұмыстар жөніндегі нұсқаулықта белгіленеді және станцияныңтехникалық-
жарлық актісінде көрсетіледі.,

15.19. Вагондарды сұрыптауға арналған дөңестік құрылғылары бар станцияларда маневрлер тасымалдау бөлімшелерінің басшылығы бекіткен
нұсқаулықтарға сәйкес жүргізілуі тиіс.

Төмендегі жағдайларда маневрлерді түртіп итеру және дөңестерден тарқату арқылы жүргізуге тыйым салынады:

жүктерді ілеспелейтін жолсеріктері (командалары) бар вагондардан басқа адамдары бар вагондарды;

Жүктерді темір жолдармен тасымалдау ережелерінде және Темір жол-дармен қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінде атап өтілген жекелеген категориялардағы жүктері бар вагондарды;

4-ші, 5-ші, 6-ші дәрежелі бүйірлік және төменгі габаритсіздігі және 3-ші дәрежелі жоғарғы габаритсіздігі бар жүктермен тиелген платформалар мен үсті ашық вагондарды, жүк тиелген транспортерлерді;

жұмыс істемейтін күйіндегі локомотивтер, моторвагонды жылжымалы құрам, тоңазытқыштық поездардың құрамдары, жолаушы вагондары, те-мір жол жүрісіндегі крандарды;

"Дөңестен түсіруге болмайды" трафареті бар вагондарды және арнайы жылжымалы құрамды.

Аталған жылжымалы құрам сұрыптау дөңесі арқылы тек маневрлі локо-мотивпен бірге ғана өткізілуі мүмкін.

15.20. Сұрыптау дөңестері арқылы:

12 немесе одан астам осьтері бар жүк тиелген және бос транспортерлерді;

жүккөтергіштігі 120 т іліністік типтегі жүк тиелген транспортерлер-ді ілінісінде бір немесе екі аралық платформалары бар кезінде, сондай-ақ "Дөңестен өткізуге болмайды" трафареті бар жылжымалы құрамды өткізуге тыйым салынады.

15.21. Станциялық жолдардағы жылжымалы құрам шектік
бағаншаларымен белгіленген шектерде қойылуы тиіс.

Станциялық жолдарда локомотивсіз тұрған поездар құрамдары, вагон-дар және арнайы жылжымалы құрам орнынан жылжып кетпеуі үшін теже-гіш табандықтармен, вагондарды бекітуге арналғантұрақты құрылғылармен, қол тежегіштерімен немесе «ҚТЖ» ¥К» АҚ белгілеген бекіткіш құралдармен мұқият бекітілуі тиіс.

Вагондарды және құрамдарды бекіту тәртібі Поездар қолзғалысы мен маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқалықта белгіленеді және жергілікті жағдайларды ескере отырып станцияның техникалық-жарлық актісінде көрсетіледі.

Станцияда тұрған, жүк операцияларына тартылмаған және тазалауға зарарсыздандыруға және жөндеуге қойылмаған вагондардың есіктері жабық болуы тиіс.

15.22. Темір жолдармен жүк тасымалдау ережелерінде және Темір
жолдармен қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінде аталған жекелеген
категориялардағы жүктері бар вагондардың маневрлер жүргізілуі кезінде
қатты отынмен істейтін паровоздан қауіпсіз жүгі бар вагондардан немесе
бос вагондардан тұратын тиісті қорғағыш қоршауы болуы тиіс.

1-класты қауіпті жүктері (жарылғыш материалдары) бар вагондар және парктердің сұрыптау жолдарында жинақталуғы қойылғандарынан басқа сұйытылған газы бар цистерналар станцияларда поездардан тыс тұрақта тұрғанда ерекше жолдарға орналастырылуы тиіс. Мұндай вагондар бір-бі-ріне тіркеулі, жылжып кетуден мұқият бекітілуі және тасымалды тұрақтау сигналдарымен қоршалуы тиіс.

Осындай вагондардың тұрақтау жолдарына қарай бастайтын стрелкалар бұл жолға кірудің мүмкіндігіне жол бермейтіндей қалпына қойылады.

1-класты қауіпті жүктері (жарылғыш материалдары) бар вагондар және сұрыптау парктерінің жолдарында жинақталуға қойылған сұйытылған газы бар цистерналар тұрған кезде Темір жолдарда жүк тасымалдау ереже-лерінде, Темір жолдарда қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінде және Поездардың қозғалысы мен маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықта белгі-ленген сақтанудың ерекше шаралары қолданылуы тиіс.

15.23. Маневрлерді жүргізетін локомотивтің қозғалысын басқаруды —
олардың дұрыс орындалуы үшін жауапты болатын маневрлерді басқарушы
(поездарды құрастырушы) — бір ғана қызметкер жүргізуі тиіс.

Маневрлерді басқарушының міндеттері төмендегідей:

маневрлік жұмыстар тапсырмасын дәлжәне дер кезінде орындау;

маневрлерді жүргізуге қатысатын барлық қызметкерлердің, оларды алдағы маневрлік жұмыстардың жоспары мен оларды орындау тәсілдерімен таныстыру негізінде дұрыс орналастырылуын және әрекеттерінің үйлесімділігін қамтамасыз ету;

поездарды осы Ережелердің, тиісті нұсқаулықтар мен нұсқаулардың та-лаптарына дәл сәйкесгікпен қалыптастыру;

маневрлік жұмысты, қозғалыс қауіпсіздігі, маневрлерде қамтылған жұмыскерлердің жеке қауіпсіздігі, жылжымалы құрам мен жүктің сақтанымдылығы қамтамасыз етілетіндей дәрежеде ұйымдастыру. Адамда-ры бар, габариттен тыс және 1-класты қауіпті жүктері (жарылғыш матери-алдары) бар вагондардың маневрлерін ерекше сақтылықпен жүргізуі тиіс.

Станцияларда, жолдық дамуына, маневрлік жұмыстың сипаты мен көлеміне байланысты, жолдар маневрлік аймақтарға бөлінеді.

Аралық станцияларда маневрлік жұмыс бас кондуктордың немесе оның міндетін атқаратын қызметкердің басшылығымен жүргізіле алады.

Құрастыру бригадасы немесе бас кондуктор қызмет көрсетпейтін локомотивтің қозғалыстарын осы аймақта маневрлердің жүргізілуін басқару құқығы бар қызметкер немесе оның нұсқауы бойынша сигналшы (стрелкалық қосынның кезекшісі басқарады).

Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның станциялық жол-дар бойынша маневрлік қозғалыстары Поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыстар жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.

15.24. Маневрлік қозғалыстарды жүргізуі кезіндегі локомотивтік
бригаданың міндеттері төмендегідей:

маневрлік жұмыстар тапсырмасын дәлжәне дер кезінде орындау;

берілетін сигналдарды мұқият қадағалау, сигналдарды және қозғалыстар жөніндегі нұсқауларды дәлме-дәл және дер кезінде орындау;

жол бойындағы адамдарды, стрелкалардың қалпын және жылжымалы құрамның орналасу жағдайын мұқият қадағалау;

маневрлерді жүргізудің қауіпсіздігін және жылжымалы қүрамның сақтанымдылығын қамтамасыз ету.

15.25. Құрама поездармен жұмыс істейтін локомотив бригадалары,
сондай-ақ маневрлік жұмыстарды жүргізу үшін бөлінген кондукторлар
мен құрастырушы бригадалар техникалық-жарлық актісінде көрсетілген
станциядағы маневрлік жұмыс жүргізу тәртібін білуі тиіс. Техникалық-
жарлық актісінде көрсетілген маневрлік жұмыстардың шарттарымен локо-
мотивтік және құрастырушы бригадалар мен кондукторларды таныстыру
тәртібін "ҚТЖ" ¥К» АҚ басшылығы белгілейді.

Поездарды қалыптастыру

15.26. Поездар осы Ережелерге, поездар қозғалысының кестесіне және
оларды қалыптастыру жоспарына толығымен сәйкестікте қалыптастырылуы

тиіс. Жүк поездарының салмағы мен ұзындығының нормалары бағыттар және әр бойынша телім поездарды қалыптастыру жоспарында белгіленеді және локомотивтің типіне, поездар айналымының телімдеріндегі жолдың пішініне және осы телімдердің станцияларындағы қабылдау-жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығына, ал электрлендірілген желілерде — электрмен жабдықтау жағдайына сәйкес болуы тиіс.

¥зынқұрамды, ауырсалмақты, біріктірілген, сондай-ақ салмағы және ұзындығы арттырылған жүк поездарын қалыптастыру және өткізу тәртібін "ҚТЖ" ¥К» АҚ нұсқаулығына сәйкес тасымалдау бөлімшесінің басшылығы белгілейді.

Алыссапарлық және жергілікті жолаушы поездарының салмағы мен ұзындығының нормалары және оларда вагондарды орналастыру тәртібі по-ездар қозғалысы кестесінің кітапшаларында көрсетіледі.

Жолаушы поездарына вагондарды нормадан асыра тіркеу және Казақстан Республикасының шегінде ұзынқұрамды жолаушы поездарының жүріп өту тәртібін "ҚТЖ" ¥К» АҚ басшылығы белгілейді, ал Қазақстан темір жолдарының шегінен тыс аумаққа жүріп өткенде Достастық мүше-мемлекеттері Кеңесінің Дирекциясымен келісімдей отырып "ҚТЖ" ¥К» АҚ басшылығы белгілейді.

Жылжымалы құрамды, сондай-ақ арнайы жылжымалы құрамды поезға қойғанда оның салмағы мен ұзындығы "ҚТЖ" ¥К» АҚ басшылығы бекіткен поездар қозғалысы графигінің нормативтік кестелеріне сәйкес анықталады. Бұл кестелер поездар қозғалысы кестесінің кітапшаларында орналастыры-лады.

15.27. Поездарға қоюға тыйым салынатындар:

ақаулы, қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін және тасымалданатын жүктердің сақтанымдылығын қамтамасыз ете алмайтын күйдегі вагондар;

ездерінің жүккөтергіштік шегінен асыра тиелген вагондар;

ашық жылжымалы құрамда жүктерді тиеу және бекітудің техникалық шарттарын бұза отырып тиелген платформалар мен үсті ашық вагондар;

шанақтың қисаюын немесе вагонның рамасы мен шанағының жүрістік бөлікке соғылуын тудыратын шөгіп қалған серіппегіштері бар вагондар, сондай-ақ табақтарының үзіліп кету қауіпін тудыратын төбесінің ақаулылықтары;

рельстерден шыққан жағдайы болған немесе апатқа ұшыраған поездың құрамында болған вагондар оларды тексергенге дейін және қозғалысқа жа-рамды деп табылғанға дейін;

ерекше құжаттар бойынша (өз өсіндегі жүк ретінде) жүріп өтетін вагон-дардан басқа белгіленген жөндеу түрлерінің жүргізілгені жөнінде трафареті жоқ вагондар;

габаритсіз жүктері бар платформалар, транспортерлер және үсті ашық вагондар, егер мұндай вагондардың жүріп өтуі жөнінде ерекше нұсқау бе-рілмеген болса;

"ҚТЖ" ¥К» АҚ арнайы нұсқаулықтарымен қарастырылған жағдайларда басқа ернеулері жабылмаған платформалар, шанаптары бекітілмеген ва-

гондар, цистерналар, хопперлер, астықтасушылар, цементтасушылар және жоғарғы мен төменгі тиеу-түсіру құрылғыларының қақпақтары ашық ұқсас жылжымалы құрам;

есіктері және люктері ашық немесе жабу механизмдерінің бір ғана ілме-гімен жабылған люктері бар үсті ашық вагондар;

ашық және есіктері есік ілмегімен жабылмаған бос, үсті жабық вагондар, дөңгелеу шеңбері бойынша қарамайдан тазартылмаған доңғалақ жұптары бар мұнай битумын тасымалдауға арналатын вагондар.

15.28. Алыссапарлық және жергілікті қатынастардың жолаушы поезда-
рына тұтастай металды емес қызметтік-техникалық арналымдағы вагондар-
ды жалғауға рұқсат беріледі.

Барлық жолаушы поездарындағы бірінші және соңғы вагондарында шеткі бүйіржақтық есіктері жабық болуы, ал өтпелік алаңшалары көтерулі күйінде бекітілуі тиіс.

15.29. Жолаушы және пошталық-бағажды поездарға:
қауіпті жүгі бар вагондарды;

кезеңдік жөндеу мерзімдері таусылған немесе бірыңғай техникалық ре-визия мерзімдері біткен вагондарды қоюға тыйым салынады.

Жолаушы поездарына (жүрдек және жеделдерінен басқа) "ҚТЖ" ¥К» АҚ басшылығының рұқсатымен төмендегі жүк вагондары қойылуы мүмкін:

төртосьті жабық;

сүттасушы цистерналар;

дербес тоңазытқыштық;

балықты тірідей тасымалдағыш.

Бұр ретте, алыссапарлық қатынастағы жолаушы поезына ары кеткенде бір жүк вагонын немесе балықты тірідей тасымалдайтын екі вагондық сек-цияны жалғауға, жергілікті және қаламаңы қатынасындағы поезға — ары кеткенде үш вагон жалғауға рұқсат етіледі.

Пошталы-багаждық поездарға "ҚТЖ" ¥К» АҚ басшылығының рұқсатымен осы пунктте жолаушы поездарына жалғау үшін көрсетілген жүк вагодарын, сондай-ақ арнайыландырылған вагон-дарды: термостарды, тоңазытқыштық бес вагонды секцияларды және тоңазытқыштық секциялардың жекелген вагондарын, жеңілсалмақты жүктерге арналған төртосьтік үсті жабық және саны ары кеткенде алты вагоннан аспайтын тұтастай металды (ТМЖВ / ЦМГВ) вагонда-рын қоюға рұқсат етіледі. Қажет болған жағдайда пошталы-багаждық поездарға "ҚТЖ" ¥К» АҚ рұқсатымен және белгілеген тәртібіне сәйкес басқа да жүк вагондарын қоюға жол беріледі. Жалғанатын жүк вагондарының құрылымы және техникалық күйі және олардағы жүктің бекітілуі жолаушы, пошталы-багаждық поездың қауіпсіз жүріп өтуін қамтамасыз етуі тиіс.

Жолаушы және пошталы-багаждық поездардың құрамына басқа құрылымдар мен типтердің жылжымалы құрамы енгізілген жағдайда олардың жылдамдығы осы жылжымалы құрам үшін белгіленген жылдамдықтардан аспауы тиіс.

15.30.Пошталы-багаждық поездарда вагондардың орналастырылуы жолаушы поездары үшін белгіленген тәртіппен, ал жүк-жолаушы поездары үшін - жүк поездары үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

15.31.Жүк-жолаушы поездарына қауіпті жүктері бар вагондарды, сондай-ақ сүйытылған газдардың бос цистерналарын қоюға тыйым салынаі ды. Айрықша жағдайларда, жүк-жолаушы поездарынан басқа поездар айналмайтын азәрекетті телімдерде оларға (1-класты қауіпті жүктері — "жарылғыш материалдары" бар вагондардан басқа) қауіпті жүктері бар вагондардың "ҚТЖ" ¥К» АҚ басшылығының рұқсатымен және белгілеген тәртібімен қойылуына жол берілуі мүмкін.

15.32.Жүк поездарын қалыптастыру вагондарды осьтерінің саны және, салмағы бойынша іріктеусіз жүргізіледі.

Ауырсалмақты және ұзынқұрамды поездарды қалыптастырған кезде бос вагондар поездың соңғы үштен бір бөлігіне қойылуы тиіс.

Құрама поездарда вагондар арналым станциялары бойынша топтастырылады, ал құрамалық-тарату вагондары жеке тобымен қойылады.

Моторвагондық жылжымалы құрам жөндеуге бара жатқанда немесе
жөндеуден қайтқанда жүк поезының соңына жеке топқа қойылады.

Қауіпті жүгі бар вагондар жүк поездарына Темір жолдар бойынша жүктерді тасымалдау Ережелері және Темір жолдар бойынша қауіпті жүктерді тасымалдау Ережелері белгілеген тасымалдау шарттарына сәйкес қойылады.

15.33. Қызметтік және жүктерді ілеспелейтін жолсеріктері (коман-
дирлері) бар вагондардан басқа адамдары бар жолаушы және жүк ва-
гондары поездарға бір топқа қойылады және олардың локомотивтен,
қатты итеру және жұлқып тоқтау кезінде жылжып кетуі мүмкін рель-
стері, арқалықтары, бөренелері және басқа да ұқсас жүктері бар ашық
жылжымалы құрамнан және поездың соңынан кем дегенде бір вагондық
қорғанысы болуы тиіс.

Адамдарды жүк поездарымен тасымалдау тәртібін Министрлік белгілейді.

15.34. Адам таситын поездарға қауіпті жүктері бар вагондарды, сондай-
ақ сұйытылған газдардың бос цистерналарын қоюға тыйым салынады.

Қауіпті жүктері бар вагондарды әскери адам таситын поездарға қою тәртібі Темір жолдармен қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерімен бел-гіленеді.

15.35. Жүк поездарына адамдар орналасқан вагондарды, сондай-ақ Темір
жолдармен қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінде аталған жекелеген
категориялардағы жүктері бар вагондардың қауіпсіз жүктері бар вагондар-
дан немесе бос вагондардан тұратын қорғанысы болуы тиіс.

Аталған вагондардың жүк поездарында орналастырылуы Темір жол-дармен жүктерді тасымалдау ережелеріне және Темір жолдармен қауіпті жүктерді тасымалдау ережелеріне сүйене отырып Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыстар жөніндегі нұсқаулықта белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізіледі.

15.36. Габаритсіз жүгі бар вагондардың және арнайы жылжымалы
құрамның поездарда орналастырылуының және жүріп өтуінің тәртібі
"ҚТЖ" ¥К» АҚ бекіткен тиісті нұсқаулықтармен белгіленеді.

15.37. Аралықта жұмыстар жүргізіп келе жатқан шаруашылықтық по-
ездарда кондукторлардың және жұмыстарды басқарушылардың жүріп
өтуі үшін "ҚТЖ" ¥К АҚ басшылығы белгілейтін тәртіпке сәйкес өтпелі
алаңшалары бар вагондар қойылуы тиіс.

Тежегіштердің поездарға қосылуының тәртібі

15.38. Жылжымалы құрамның, соның ішінде арнайы жылжымалы
құрамның тежегіш құралдармен техникалық жарақтандырылуына байла-
нысты "ҚТЖ" ¥К» АҚ төмендегі нормаларды белгілейді:

жүк және жолаушы поездары үшін олардың әр 100 т салмағына келетін ең аз бірыңғай тежегіштік басуды және поездардың белгіленген барынша жоғары жылдамдықтармен қозғалысы рұқсат етілетін барынша тік жетекші еңісті;

қозғалыс жьілдамдығы, еңіс мөлшері, тежегіштік басу және тежегіш жолдың арасындағы тәуелділіктерді;

тежегіш қалыптарының жылжымалы құрамның, соның ішінде арнайы жылжымалы құрамның өсіне басылуының есептік нормалары, поездарды қол тежегіштерімен қамтамасыз ету нормалары және тежеу есептемелерін жүргізу үшін қажетті басқа да деректер.

Аталған нормалар және деректер поездар қозғалысы кестесінің кітапша-ларына және "ҚТЖ" ¥К» АҚ тиісті нұсқаулықтарына енгізіледі.

15.39. Поездардың телімдер бойынша қозгалысының графигінде белгі-
ленген жылдамдықтары "ҚТЖ" ¥К» АҚ басшылығының бұйрығымен жа-
рияланады.

15.40. Жолаушы поездарында автотежегіш торапқа жолаушы ти-
піндегі автотежегіштері бар барлық вагондар қосылуы, ал жүк және
шаруашылықтық поездарда — жүк типіндегі автотежегіштері бар вагондар
және арнайы жылжымалы құрам қосылуы тиіс.

Жолаушы және пошталы-багаждық поездар пайдаланылуы тиіс. РИЦ габаритіндегі вагондарды, сондай-ақ жүк типіндегі тежегіштері бар ва-гондарды жолаушы және пошталы-багаждық поездарға қосқан кезде бұл поездардың "ҚТЖ" ¥К» АҚ белгілейтін тәртіпке сәйкес пневматикалық те-жегіштерді қолдана отырып жүріп өтуіне рұқсат беріледі.

Барлық поездарда барлық локомотивтердің және паровоздар тендерлерінің (тежеудің бос режимі жоқ, жұмыстық емес күйде келе жатқан тендерлерден басқа), сондай-ақ арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның автотежегіштері автотежегіш торабына қосылуы тиіс.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 770; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.058 сек.