Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сигналдар 3 страница




Сигнал бұйрық болып табылады және сөзсіз орындалуы тиіс. Темір жол көлігінің қызметкерлері сигнал талабын орындау үшін мүмкіндік беретін барлық құралдарды пайдалануы тиіс.

Жабық бағдаршамнан өтуге тыйым салынады.

Бағдаршамдардың сөнген сигналдық жарықтары (автоматтық блок-таумен жарақтандырылмаған телімдерде ескертпеліктерінен, бөгегіш және қайталағыштарынан басқа), олардың түсініксіз көрсетуі, сондай-ақ басқа сигналдық аспаптардың түсініксіз сигнал беруі тоқтауды талап етеді.

Айрықша қарастырылатын ерекше жағдайларда жабық (түсініксіз көрсетуі бар немесе сөнген) бағдаршамнан өту осы Ережелерде және по-ездар қозғалысы мен маневрлік жұмыс жөніндегі Нұсқаулықта белгіленген тәртіпке сәйкес рұқсат етіледі.

6.2. Поездар қозғалысына және маневрлік жұмысқа қатысы бар сигнал
беруде келесі негізгі сигналдық түстер қолданылады:

жасыл - белгіленген жылдамдықпен қозғалысты рұқсат ететін;

сары - қозғалысты рұқсат ететін және жылдамдықты азайтуды талап ете-тін;

қызыл - тоқтауды талап ететін.

Маневрлік жұмыс кезіндегі сигнал беруде сонымен қатар келесі түстер қолданыладьі:

айдай ақ - маневрлерді жүргізуге рұқсат етуші;

көк - маневрлерді жүргізуге тыйым салушы.

Сигналдарды қабылдауға кедергі жасайтын және сигналдық көрсетулерді бұрмалайтын қызыл, сары және жасыл түсті әшекейлік жаймаларды, пла-каттарды және шамдарды (жарықтарды) орнатуға тыйым салынады.

Сигналдық түстерді қолдану және сигналдық көрсетулердің жаны-нан өту жылдамдығының тәртібін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар Министрінің 2000 жылдың 17 тамызындағы № 364-ші бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының темір жолдарында сигнал беру жөніндегі Нұсқаулық және Қазақстан Республикасының те-мір жолдарындағы поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыс жөніндегі Нұсқаулық белгілейді.

6.3. Қазақстан Республикасының темір жол көлігінде тек қана Минис-трлік бекіткен сигналдар мен сигналдық аспаптар қолданылады.

Сигналдық әйнектер мен линзалардың тусі белгіленген стандарттарға сәйкес болуы тиіс.

Темір жолдар торабында тұрақты аспаптар ретінде бағдаршамдар қолданылады.

Бағдаршамдармен алмастырылуына дейін семафорлары сақталатын те-лімдерде олардың қолданылу тәртібі Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі Нұсқаулықпен белгілінеді.

6.4. Кіру, ескертпелік, өтпелі, бөгегіш және қоршау бағдаршамдарының
қызыл, сары жәнё жасыл сигналдық жарықтары жолдың түзу телімдерінде
жақындап келе жатқан поезд локомотивінің басқару кабинасынан қарағанда
күндіз де түнде де кем дегенде 1000 м қашықтықтан анық ажыратып көре
алатындай болуы тиіс.

Жолдың қисық телімдерінде бұл бағдаршамдардың, сондай-ақ бағдаршамдағы сигналдық жолақтардың көрсетулері кем дегенде 400 м қашықтықтан анық ажыратып көрінетіндей болуы тиіс. Аса ойлы-қырлы өңірде (таулар, терең ойылымдар) жоғарыда атап өтілген бағдаршамдар көрсетулерінің көрінімділігі 400 м-ге дейінгі бірақ та 200 м-ден кем емес қашықтықта болуына жол беріледі.

Басты жолдардың шығу және маршруттық бағдаршамдарының көрсетулері кем дегенде 400 м қашықтықтан, бүйірлік жолдардың шығу және маршруттық бағдаршамдарының, сондай-ақ шақыру сигналдарының және маневрлік бағдаршамдардың көрсетулері - кем дегенде 200 м қашықтықтан анық ажыратылып көрінетіндей болуы тиіс.

6.5. Барлық кіру және өтпелі бағдаршамдардың және қоршау
бағдаршамдарының алдына ескертпелік бағдаршамдар орнатылуы тиіс. Ав-
тоблоктаумен жарақтандырылған телімдерде әр өтпелі бағдаршам келесі
бағдаршамға қатысты ескертпелік болып табылады.,

Автоматты локомотивтік сигнал беруі сигнал беру мен байланыстың дер-бес құралы ретінде қолданылатын телімдерде ескертпелік бағдаршамдар кіру бағдаршамдарының алдына қойылмауы мүмкін.

Үш таңбалы сигнал беруі бар автоблоктаумен жабдықталған желі-лерде толық қызметтік тежеу және максимальді түрде жүзеге асырылған жылдамдық барысында, алайда ол жолаушы поездары үшін 120 км/сағ және жүк поездары үшін 80 км/сағ астам емес кезінде іргелес бағдаршамдар арасындағы қашықтық белгілі бір орын үшін белгіленген тежеу жолынан кем болмауы тиіс, және сонымен қатар автоматты локомотивтік сигнал беру мен автотоқтату құрылғыларының поездың тежегіш жүйесіне әсер етуі үшін қажет уақыт ішінде поезд өтіп үлгіретін жолды есепке алғанда, іргелес бағдаршамдар арасындағы қашықтық шұғыл тежеу кезіндегі тежеу жолы-нан кем болмауы тиіс.

Бұл ретте, сигналдардың көрінімділігі 400м-ден кем телімдерде, сондай-ақ автоблоктаумен жаңадан жарақтандырылған желілерде бұл қашықтық сонымен қатар кем дегенде 1000 м болуы тиіс.

Үш таңбалы сигнал беруі бар автоблоктаумен ертеректе жарақтандырылған желілерде жекелеген бағдаршамдар «ҚТЖ» ¥К»АҚ

 

 

басшылығының рұқсатымен қажетті тежеу жолының ұзындығынан кем қашықтықта қалдырылуы мүмкін. Мұндай бағдаршамда, сондай-ақ оған қатысты ескертпелік бағдаршамда жарықтық нұсқағыштар орнаты-луы тиіс. Станцияларда жарықтық нұсқағыштар басты жолдың іргелес бағдаршамдары (кірУ/ маршруттық, шығу) арасындағы қашықтық қажетті тежеу жолынан кем болғанда қолданылады.

Үш таңбалы сигнал беру үшін белгіленген минимальді ұзындықтан қысқа блок-телімдер қажет етілетін қаламаңы поездарының қозғалысы ерекше қарқынды желілер төрттаңбалы сигнал беруі бар автоблоктаумен жарақтандырылады.

Үш таңбалы сигнал берумен жарақтандырылған желілерде, олар арқылы жолаушы поездары 120км/сағ жылдамдықпен немесе жүк поездары 80 км/ сағ жоғары жылдамдықпен айналғанда, егер қызметтік тежеуді қолануы барысында локомотивтік бағдаршамның жасыл жарығы сары жарыққа ауысқанда поездардың жол бағдаршамының алдында тоқтауы қамтамасыз етілсе, олардың белгіленген максимальді жылдамдықпен қозғалысы локо-мотивтік бағдаршамның жасыл жарығы кезінде рұқсат етіледі.

Жартылай автоматты блоктауы бар телімдерде кіру, маршруттық, шығу бағдаршамдарының арасындағы қашықтық толық қызметтік тежеу және максимальді түрде жүзеге асырылатын жылдамдық кезіндегі белгілі бір орын үшін белгіленген тежеу жолынан кем болмауы тиіс, ал автомат-ты локомотивтік сигаал берудің жол құрылғылары бар кезінде сонымен қатар бұл қашықтық автоматты локомотивтік сигнал беру және автотоқтату құрылғыларының поездың тежегіш жүйесіне әсер етуі үшін қажет уақыт ішінде поезд өтіп үлгіретін жолды есепке алғанда, жедел тежеу кезіндегі те-жеу жолынан кем болмауы тиіс.

Автоблоктаумен жарақтандырылмаған телімдерде ескертпелік бағдаршамдар негізігі бағдаршамдардан жедел тежеу және мақсимальді түрде жүзеге асырылатын жылдамдық барысында осы орын үшін белгілен-ген тежеу жолынан кем емес қашықтықта орнатылады, ал жақындау телім-дерінде автоматты локомотивтік сигнал берудің жол құрылғылары бар кез-де автоматты локомотивтік сигнал беру мен автотоқтату құрылғыларының поездың тежегіш жүйесіне әсер етуі үшін қажетті уақыт ішінде поезд өтіп үлгіретін жолды есепке алғанда, жедел тежеу кезіндегі тежеу жолынан кем емес қашықтықта орнатылады.

Автоматты локомотивтік сигнал беру - сигнал беру мен байланыстың дербес құралы ретінде қолданылатын телімдерде екі іргелес блок-телімдердің ұзындығы автоматты локомотивтік сигнал беру мен автотоқтату құрылғыларының поездың максимальді түрде жүзеге асыратын жылдамдығы кезінде тежегіш жүйесіне әсер етуі үшін қажет уақыт ішінде поезд втіп үлгіретін жолды есепке алғанда, осы орын үшін белгіленген те-жеу жолынан кем болмауы тиіс.

6.6. Бағдаршамдар қозғалыс бағыты бойынша оң жақтан немесе олар қоршаған жолдың өсінің үстіне орнатылады. Теріс жолмен келе жатқан поездарға арналған аралықтарда орнатылатын бөгегіш және оларға қатысты

ескертпелік бардаршамдар қозғалыс бағыты бойынша сол жақтан да орна-ласуы мүмкін.

Бағдаршамдар, олардың берген сигналдарын поезд үстінен қабылдаған кезде іргелес жолдарға қатысты сигналдар ретінде қабылдана алмайтындай етіп орнатылуы тиіс.

Бағдаршамдарды оң жақтан орнату үшін габариттің жоқ болған жағдайларында «ҚТЖ» ¥К»АҚ басшылығының рұқсатымен сол жақтан мы-наларды орнатуға рұқсат етіледі:

теріс жолмен келе жатқан поездарды, сондай-ақ теріс жолмен аралықтан қайтып келе жатқан итермелеу локомотивтері мен шаруашылықтық поез-дарды станцияға қабылдау үшін орнатылатын кіру және оларға қатысты ескертпелік бағдаршамдарды;

екінші жолдарды салу мерзіміне уақытша орнатылатын кіру және өтпелі бағдаршамдарын.

«ҚТЖ» ¥К» АҚ басшылығының рұқсатымен жекелеген станциялар-да маневрлік жұмыс технологиясының шарттарына байланысты дөңестік бағдаршамдарды сол жақтан орнатуға жол беріледі.

6.7. Бағдаршамдар әдетте, қалыпты жанып тұрған сигнал жарықтарымен
қолданылады.

Автоблоктауы бар желілерде, алдындағы блок-телімге поезд кірген кезде жанатын өтпелі бағдаршамдарда қалыпты жанбайтын сигналдық жарықтарды қолдануға жол беріледі.

6.8.Басқару құрылғыларының ақаулылығы пайда болғанда бағдар-шамдар автоматты түрде тыйым салатын көрсетуге ауысуы, ал ескертпелік бағдаршамдар - оларға қатысы бар негізігі бағдаршамдардың тыйым сала-тын көрсетуіне сәйкес көрсетуге ауысуы тиіс.

6.9.Автоблоктаумен жарақтандырылған телімдерде өтпелі бағдаршам-дардың қалыпты көрсетуі ретінде - рұқсаттық көрсетуі, ал кіру, маршруттық және шығу бағдаршамдарының - тыйым салатын көрсетуі болып табыла-ды.

Станция арқылы поездардың тоқтамай өтуі үшін кіру, маршруттық және шығу бағдаршамдары автоматты қимылға ауыса алатын темір жол-дар телімдерінде олардың автоматтық қимылға ауыстырылған кезіндегі рұқсаттық көрсетулері қалыпты болып табылады.

Автоблоктаумен жарақтандырылғантелімдерде кіру, шығу, маршруттық бағдаршамдарының қалыпты көрсетуі ретінде тыйым салу көрсетуі болып есептеледі.

Қоршау бағдаршамдарының қалыпты көрсетуін «ҚТЖ» ¥К» АҚ басшылығы белгілейді.

6.10. Кіру бағдаршамдары қарсы бағьггты үшкірден немесе оң бағытты
бағыттамалық бұрманың шектік бағаншасынан бастап есептегенде, бірінші кіру
бағыттамалық бұрмасынан 50 м-ден кем емес қашықтықта орнатылуы тиіс.

Бұрынырақта бағыттамалы бұрмадан 50 м-ден кем бірақ 15 м-ден жақын емес қашықтықта орнатылған кіру бағдаршамдарын тұрған орындарынан ауыстырмауға болады.

 

Электрлендірілген телімдерде кіру бағдаршамдары, сондай-ақ «Станция шегі (шекарасы)» сигналдық белгілері аралықтардың түйіспелі торабын станциялардың түйіспелі торабынан бөліп тұрған ауалық аралықтардың алдына орнатылуы тиіс.

6.11. Шығу бағдаршамдары әр жөнелту жолдары үшін кеткелі жатқан поезд локомотивінің тұрақтауына арналған орынның алдына орнатылуы

тиіс.

Станцияларда поездарды ұзындығы жеткіліксіз жолдардан жөнелткен кезде поездың басы шығу бағдаршамының сыртына шығып кеткен жағдайда оның сырт жағынан бағдаршамның қайталағыш қалпақшасын орнатуға рұқсат беріледі. Шығу бағдаршамдарында қайталағыш қалпақшасы орнатылуы қажет станциялар тізбесін және мұндай жағдайларда сигналдарды қолдану тәртібін «ҚТЖ» ¥К»АҚ басшылығы белгілейді.

Өздері арқылы поездар тоқтаусыз өткізілетін жолдардан басқа жол-дар тобы үшін топтық шығу және маршруттық бағдаршамдарын орнатуға жол берілмейді. Топтық шығу және маршруттық бағдаршамдары по-езды жөнелтуге рұқсат етілген жолдың нөмірін көрсететін маршруттық нұсқағыштармен толықтырылуы тиіс.

6.12. Автоматтық блоктаудың өтпелі бағдаршамдары блок-телімдер
арасындағы шектерде, ал жартылай автоматтық блоктаудың - қосынаралық
аралықтардың араларындағы шектерде орнатылады.

Автоматты локомотивтік сигнал беруі сигнал беру мен байланыстың дербес құралы ретінде қолданылатын телімдерде блок-телімдердің шекте-рінде «Блок-телімінің шегі» сигналдық белгілері орнатылады.

Қосжолды аралықтарда локомотивтік бағдаршамның сигналдары бой-ынша терм: жолмен қозғалған кезде, дұрыс жолмен қозғалу үшін орнатылған автоблоктау бағдаршамы блок-телімінің шегі болып табылады.

6.13. Станцияларда поездарды қабылдау және жөнелту маршруттары-на енетін стрелкалардың кіру, шығу және маршруттық бағдаршамдармен өзара тәуелділігі болуы тиіс.

6.14. Аралықтарда басты жолдан тарайтын тармақтардың стрелкалары жол блоктауының немес электрлік бұздығанды (электрожезловой) жүйенің құрылғылары бар болған жағдайда осы құрылғылармен ең жақын тұрған өтпелі немесе шығу бағдаршамын ашуды немесе бұздығанды алуды басты жол бойынша стрелканың қалыпты жағдайында ғана мүмкін ететіндей бай-ланыста болуы тиіс.

6.15.Бір деңгейдегі қиылысулар және желілердің қосылыстары, сондай-ақ ажыратылмалы көпірлер тиісінше шектік бағаншалардан немесе көпірдің басынан 50 м-ден жақын емес қашықтықта екі жағынан орнатылған қоршау бағдаршамдарымен қоршалуы тиіс.

Бір деңгейдегі қиылысулар және желілердің қосылыстары кезінде қоршау бағдаршамдарының олардың біреуінің ашылуы қайшы маршрут-тар бағдаршамдарының тыйым салушы көрсетулері кезінде ғана мүмкін бо-латындай өзара тәуелділігі болуы тиіс.

Ажыратылмалы көпірлерде қоршау бағдаршамдарының ашылуы тек қана көпірдің қосылып болған жағдайында мүмкін болуы тиіс.

6.16.Басты және қабылдау-жөнелту жолдары бойынша поездардың тоқтаусыз өткізілуі қарастырылған автоматты немесе жартылай автоматты блоктауы бар телімдерде орналасқан станцияларда кіру және маршруттық бағдаршамдарда осы жолдар арқылы поездарды тоқтаусыз өткізудің сигнал беруі қолданылуы тиіс.

6.17. Бағдаршамдарды орналастыру сұлбалары, сондай-ақ станция-лардағы маршруттарда стрелкалар жағдайының және бағдаршамдардың сигналдық көрсетулерінің өзара тәуелділігінің кестелерін «ҚТЖ «¥К»АҚ басшылығы бекітеді.

6.18. Тұрақты сигналдардың орнатылатын орындарын «ҚТЖ» ¥К» АҚ
басшылығы тағайындайтын комиссия белгілейді.

Автоматтық және жартылай автоматтық жол блоктауы

6.19. Аралықтар әдетте, жол блоктауымен, ал жекелеген телімдер-
де аралықтағы поездар қозғалысы екі бағыт бойынша локомотивтік
бағдаршамдардың сигналдары бойынша жүргізілетін дербес сигнал беру
және байланыс құралы ретінде қолданылатын автоматты локомотивтік сиг-
нал беруімен жарақтандырылуы тиіс.

6.20. Автоматтық және жартылай автоматтық блоктаудың қүрылғылары
шығу немесе өтпелі бағдаршамдардың олар қоршап тұрған блок-телімнің
(станцияаралық немесе қосынаралық аралықтың) жылжымалы құрамнан
босауына дейін ашылуына, сондай-ақ негізгі электрмен жабдықтаудан ре-
зервтікке немесе керісінше ауысуының нәтижесінде бағдаршамның өздігінен
жабылуына жол бермеуі тиіс.

6.21. Автоматтық немесе жартылай автоматтық блоктаумен
жарақтандырылған біржолды аралықтарда, станциядағы шығу
бағдаршамын ашқаннан соң көршілес станцияның дәл осы аралыққа қарсы
бағытпен поездарды жөнелту үшін шығу және өтпелі бағдаршамдарын ашу
мүмкіндігіне жол берілмеуі тиіс.

Сигналдардың тура осындай өзара тәуелділігі әр жол бойынша екіжақты қозғалысты жүзеге асыру үшін автоматтық және жартылай автоматтық блоктаумен жарақтандырылған қосжолды және кепжолды аралықтарда болуы тиіс.

Автоблоктаумен жарақтандырылған қосжолдық ендірмелері бар бір-жолды телімдерде, сондай-ақ қозғалысы автоблоктау бағдаршамдарының көрсетулері бойынша бір бағытта жүзеге асырылатын жүктасымалдылығы қарқынды желілердің қосжолды және көпжолды аралықтарында локомо-тивтік багдаршамдардың сигналдары бойынша қарсы бағытта (теріс жол арқылы) қозғалысты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құрылғылар қарастырылуы мүмкін. Қолданылатын техникалық шешімдерге байланы-сты, бұл құрылғылар үнемі істеп тұрады немесе жөндеу, құрылыстық және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мерзімінде іске қосылады.

 

6.22. Автоматтық блоктау кезінде барлық бағдаршамдар, олар қоршап
тұрған блок-телімдерге поезд кірген кезде, сондай-ақ осы телімдердегі рельс
тізбектерінің бүтіндігі бұзылған жағдайда автоматты түрде тыйым салу
көрсетуіне көшуі тиіс.

6.23. Жол блоктауымен жарақтандырылған телімдерде орналасқан
станцияларда бұл құрылғылардың шаруашылықтық поездарға арналған
бұздыған-кіліттері, ал поездарды итермелейтін локомотивті қайтарып
алып итермелеу қолданылатын жартылай автоматтық блоктау телімдері
бар станцияларда - итергіш локомотивтерге де арналатын бұздыған кіліт-
тері болуы тиіс.

Автоматтық блоктаумен жарақтандырылған біржолды желілерде, сон-дай-ақ әр жол бойынша екіжақты автоблоктаумен жарақтандырылған қосжолды* аралықтарда, маневрлік жұмыс маневр жасаушы құрамның станция шегінен шығуы арқылы жүргізілетін станцияларда, автоматтық блоктаудың құрылғылары қажет болғанда оларға қатысы бар маневрлік бағдаршамдармен толықтырылады.

6.24. Автоматтық және жартылай автоматтық блоктаумен
жарақтандырылған желілерде орналасқан станцияларда мынадай
құрылғылар болуы тиіс:

бос емес жолға қойылған маршрут кезінде кіру бағдаршамының ашылу-ына жол бермейтін;

басқару аппараттарында жолдар мен стрелкалардың бос еместігінің бақылауын қамтамасыз ететін құрылғылар.

Жартылай автоматтық блоктау кезінде станцияларда мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құрылғылар болуы мүмкін:

жөнелту маршрутындағы стрелкалық оқшауланған телімдердің бостығын бақылауды олардың ақаулылығына байланысты ажырататын;

жабылып қалған шығу бағдаршамын, егер поезд одан нақты түрде өтпеген болса қайтадан ашатын;

поездың толық құрамымен келіп жеткенінің автоматтық бақылауын қамтамасыз ететін құрылғылар.

6.25. Автоматтық блоктау автоматты локомотивтік сигнал беруімен және
диспетчерлік бақылау құрылғыларымен, ал жартылай автоматтық блоктау-
жолдың белгіленген телімдерінде автоматты локомотивтік сигнал беруімен
толықтырылуы тиіс.

6.26. Автоблоктаумен жарақтандырылған телімдерде поездар
қозғалысына диспетчерлік бақылау жүргізу құрылғылары белгіленген
(тағайындалған) қозғалыс бағытының (бір жолды аралықтарда) бақылануын,
блок-телімдердің, аралық станциялардағы басты және қабылдау-
жөнелту жолдарының бос еместігін, кіру және шығу бағдаршамдарының
көрсетулерінің бақылауын қамтамасыз етуі тиіс.

Жаңадан енгізілетін диспетчерлік бақылау жүйелері осы тармақта тізім-деліп аталған талаптарға қоса СОБ құрылғыларының техникалық күйінің бақылауын қамтамасыз етуі тиіс.

Стрелкалар мен бағдаршамдардың электрлік орталықтандырылуы

6.27. Электрлік орталықтандыру құрылғылары мыналарды қамтамасыз
етуі тиіс:

стрелкалар мен бағдаршамдардың өзара тұйықталуын;

берілген маршрутты қоршайтын бағдаршамды бірмезгілде жаба от-ырып стрелканың кірекесілуін бақылау;

бақылау аппаратынан стрелкалар жағдайы мен жолдардың және стрелкалық секциялардың бос еместігін бақылау;

стрелкалар мен бағдаршамдарды маршруттық немесе бөліп басқарудың, маневрлік бағдаршамдардың көрсетулері бойынша маневрлік қозғалыстарды жүзеге асырудың, қажет болғанда стрелкаларды жергілікті басқаруға берудің мүмкіндігі.

6.28. Электрлік орталықтандыру құрылғылары мыналарға жол бермеуі
тиіс:

бос емес жолға қойылған маршрут кезінде кіру бағдаршамының ашы-луына;

жылжымалы құрамның астындағы стрелканың ауыстырылуына (бұрылуына);

берілген маршрутқа сәйкес келетін бағдаршамдардың стрелкалар дұрыс жағдайға қойылмағанда ашылуына;

тағайындалған маршрутты қоршайтын бағдаршамның ашық ке-зінде маршрутқа енетін стрелканы бұруға немесе қайшы маршруттың бағдаршамын ашуға.

6.29. Орталықтандырылған стрелкалардың жетектері мен
тұйықтағыштары мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

стрелкалардың шеткі жағдайларында қысылган үшкірдің рамалық рельске және айқастырманың жалжымалы өзекшесінің жақтауға тығыз жанасу-ын қамтамасыз етуі;

қысылған үшкір мен рамалық рельстің немесе жылжымалы өзекшемен жақтаудың арасындағы саңылау 4 мм және одан астам болған кезде стрелка үшкірлерінің немесе айқастырманың жылжымалы өзекшесінің тұйықталуына жол бермеуі тиіс;

басқа үшкірді рамалық рельстен кем дегенде 125 мм қашықтыққа бұруы тиіс.

Диспетчерлік орталықтандыру

6.30. Диспетчерлік орталықтандыру құрылғылары мыналарды қамта-
масыз етуі тиіс:

бір орыннан стрелкалар мен бағдаршамдар арқылы бірқатар станция-лар мен аралықтарды басқаруды;

басқару аппараттарынан стрелкалардың жағдайы мен бос еместігін, аралықтардың, станциялардағы және оларға жанасатын блок-телімдер-

дегі жолдардың бос еместігін бақылау, сондай-ақ кіру, маршруттық және шығу бағдаршамдарының көрсетулерін қайталау және өтпелік сигнал беруі жұмысының жарамдылығын бақылау;

поездарды қабылдау жөнелту және маневрлерді жүзеге асыру бойынша станцияларды резервтік басқаруға берудің немесе манев-рлерді жүзеге асыру үшін стрелкаларды жергілікті басқаруға берудің мүмкіндігі;




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-10; Просмотров: 1578; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.