Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ерін (билабиаль) дауыссыздар: б,п,м,у,ф,в




Б- еріннің бір-біріне жабысып, кенет ашылуынан жасалатын шұғыл, ұяң фонема. Б фонемасы көбіне сөздің басы мен ішінде келеді де, фонетикалық жағдайына қарай әлденеше комбинаторлық вариантта айтыла береді: 1). Сөздің басында өзінің негізгі вариантын акустикалық сапасын сақтайды; 2) Интервал позицияда(екі дауыстының ортасында б мен в аралығында; 3) Қазақ тілінде орыс тілінен енген сөздерде сөз соңында б ұяңы п болып айтылады. Сөз тіркесінің алғашқы компоненті п қатаңмен аяқталғанда, келесі сөздің басындағы б ұяңы п-мен комбинаторлы түрде ауысады.

П- еріннің бір-біріне нық жабысып, кенет ашылуынан жасалатын эксплозициясы мен эмплозициясы бар шұғыл қатаң фонема. П фонемасы артикуляциялық жолы мен орнына қарай б дыбысына жақын болғанымен, бірі ұяң, бірі қатаң. П сөздің барлық шенінде келе береді. Бірақ сөз басында келуі кемдеу.Гобрларда сөз басында п/б ауысуы жиі кездеседі:
пышақ-бышақ, пұтақ-бұтақ т.б.Екі дауыстының аралығында (интерваль позицияда) п қатаңы ұяңдап, б, у дыбысымен комбинаторлы түрде алмасады: жап-ы - жабы, тап-ып - тауып, теп-іп - теуіп т.б.

М - еріннің бір-бірімен жабысуымен жасалады, имплозивті мұрын жолды сонор сонант фонема. М сонанты бұрын сөз басында сирек қолданылған. Қазір сөздің барлық шенінде қолданыла береді.

Едәуір түркі тілдерінде қатаңнан кейін м келе береді. Қазақ тілінде қатаңнан кейін м келмейді. Мысалы: түркі тілдерінің көпшілігінде: батман, шекмен, кетмен, тоқмақ т.б.

Говорларда м, п,б дыбыстары түбір сөздің ішінде де жарыса айтылады: аспан-асбан, батпан-батман, кетпен-кетмен (Ж.Аралбаев)

Сөз аяғында тіл алды соноры қосымша басындағы б ұяңы ықпалымен м ерін сонантымен комбинаторлы түрде алмасады: нан-ба-ды, намбады, жан-ба-ды, жамбады.

Кейбір түркі тілдерінде сөз басындағы б қазақ тіліндегі м сонорына ауысқан.

Орхон-Енисей нұсқасында: баңа, бен, бойун, буң – маған, мен, мойын, мың. С.Е.Маловтың айтуынша мен есімдігінің алғашқы түрі –би. Олай болса, б-м-ға ауысқан.

У фонемасы жөнінде І.Кеңесбаев.У фонемасы интервал позицияда және ашық дауыстыдан кейін де,бұрын да мұрын таза үнді болады.Анығырақ айтқанда У бұл позицияда буын жасау қабілетінен айырылып қалады деп,У фонемасының дауысты дыбыс әсерінен ие болатын қасиеттерін атайды.У еріннің бір-біріне жуысуына жасалатын ызың ауыз жолды сонар фонема.Бұл фонема екі еріннің дөңгелене кесіп,сүйірленуінен жасалады.У соноры көбінесе сөздің орта және аяқ шендерінде кездеседі,сөз басында қолданылуы сирек. Анлауттағы ашық дифтингтің бірінші көмескі компоненті көп жақтан У сонарына жақын тұрады \уол,уон,уотыр\. Қарақалпақ тілінің сөз басындағы уо дифтонгі кей уақыт қазақ тілінде О дауыстының сапасын береді. Қарақалпақша уатын, уайран, уақия, қазақша отын,ойран,оқиға. У сонанты алды не арты дауыстылармен бірге қосылатын дифтонг сапасын да жасайды, тау, алтау, төртеу. Қазақ тіліндегі сонор У өзге түрік тілдерінде түрліше дыбыстармен беріледі, тау\тоғ/тат бөшуқум\тоо\ олтай\, туз\чув\, тев якзт\ тоа\озерб\,доғ\тув\. Есат тіл орта ғасырларда қазақ тілінде У сонарына ауысқан аруғ-ару.

В- астыңғы ерін мен үстіңгі күрек тістің жуысуынан жасалатын фрикатив,бір фокусты,ұяң фонема.В қазақ тіліне жаңадан енген фонема.Қазақ тілінде В бірнеше дыбыстық кезеңді басынан өткізіп барып,дербес фонема сапасына айналады.Буын аяғындағы В ұяң сөйлегенде қатаңданып п мен комбинаторлы түрде алмасады.Сондай-ақ В туралы\ Екі дауыстының аралығында пайда болатын шұғыл буынның спирант варианты көп жақтан В лабиоденталына таяу айтылады\Жаба,Сақа,т.б.\.Жедел сөйлегенде бұл фонеманың билабиало болудан гөрі дентилабиаль түрде\абайлап, ит қобыз дегендердей б таза в, б тазамен соған жақын айтылады\У.КЕҢЕСБАЕВ\ тәрізді пікірлер бар.

Ф- астыңғы ерін мен үстіңгі күрек тістің жуысуынан жасалатын фрикатив фокусты қатаң фонема.Ф фонемасы қазақ орыс тілі арқылы келген сөздермен енді.Ф ызың ауызекі тілде п шұғылымен де алмасады\перне,панар,пизика\.

Тіл не лингваль: т,д,с,з,ш,щж,ц,ч,к,г,қ,ғ,х,н,ң,л,р,й;

Н фонемасы тіл ұшы альвеолғатию арқылы жасалады. Бұл екі мүше бір-біріне нық тиеді де, фонациялық ауа мұрын арқылы шығады. Сондықтан оны мұрын жолды үнді дейміз.Көбіне сөз ішінде, сөз аяғында кездеседі. Мысалы: түн, бүгін, көну, сен т.б.

Бас позициядағы н көбіне өзге тілдерден келген сөздерде кездеседі. Е.Е.Малов түркі және монғол тілдерінің материалдарын салыстыра отырып, мен, сен дегендегі жіктеу есімдігінің н дыбысын бергі кезде пайда болған деп көрсетеді. Сөз ішінде, сондай-ақ сөз аралығында н соноры қосымша басындағы не екінші сөздің басқы қ,к,ғ,г дыбыстарының ықпалынан тіл арты ң сонорына ауысады: тонға-тоңға т.б. Екіншіден, н соноры м,б,п билабиальдарының алдында да м дыбысымен комбмнаторлы түрде алмасады: жанбады-жамбады, он бес-омбес т.б.

«Сөйлеу тілінде қосымшаның басқы л сонорының әсерінен түбір сөздегі н дыбысы л-мен алмасады: тон-лар, жүн-лер»(Ж.Аралбаев-осы пікірі дұрыс емес, жүндер)

Л- тіл алды альвеолға бір тегіс тиюден жасалатын ауыз жолды сонор фонема. Л-ды айтқанымызда тілдің алдыңғы шені бір тегіс ұзына бойына барып альвеолға тиеді де, фонациялық ауа тілдің екі қапталынан шығады.Сондықтан л сонорын артикуляциялық жолына қарай бүйір немесе латераль фонемаға жатқызамыз. Бұл фонеманың жиі ұшырайтын жері- сөз ортасы мен сөз аяғы болады. Байырғы түбір сөздердің басында л өте сирек кездеседі. Тегінде л сонантынан басталатын сөздердің алдынан қалайда ы/ і қысаңдарының бірі қосылып, протеза жасайды: ылай, ылас, ылашық, ылақтыр т.б.

Қарақалпақ тілінде қатаң мен ұяң дыбыстардан кейін л соноры ассимиляциянбайды(атлар, ғазлар, адамлар). Л фонемасының ауызекі тілдегі элизиялық құбылысы жөнінде Ж.Аралбаев: «Ауызекі тілде с-дан басталатын фонема жалғанумен байланысты кей уақыт етістік түбіріндегі л дыбысы түсіп қалады» дейді. Сондай-ақ кейбір диалектілерде болымсыздық форма жалғанғанда қал, бол, кел етістіктерінің соңындағы л дыбысының түсіріліп айтылуы кездеседі: бомады, қамады, кемеді т.б.

Ң фонемасын айтқанда тілдің артқы жағы таңдаймен жымдасады да тез ажырайды. Ауа мұрын арқылы шығады. Ауаның жолына қарай м,н,ң фонемалары мұрын жолды үнділер деп аталады.

Ң-сөз басында мүлдем кездеспейді, ал қалған жерлерде ұшырасып отырады, көрші дыбыстардың әсерінен өзгерістерге ұшырамайды.

Р- тіл ұшы таңдайға дірілдеп тиюден жасалатын вибрациялық ауыз жолды сонор фонема. Көбіне сөз аяғы мен сөз ортасында қолданылады: қара, ара, терек, жүр, қар т.б.

Р-дан басталатын сөздердің дені өзге тілдерден енген сөздер: рас, рахмет, рет, рең. Ауызекі тілде р дірілінің алдынан ы/і, ұ,ү қысаңдары қыстырылып айтылады: ырақмет, ірең, ұрұқсат т.б.

Т- тіл алды үстіңгі күрек тіске тиюі арқылы жасалатын шұғыл қатаң фонема. Т фонемасы жасалғанда тіл ұшы үстіңгі күрек тіспен жымдасып тұрады да (имплозиялық кезең пайда болады), содан соң екі мүше бірден кілт ашылып кетеді(эксплозивтік кезең жасалады). Т қатаңы сөздің барлық шенінде келе береді. Т шұғылы қосымшада артикуляциялық орны жағынан ұялас д,н,л,дыбыстарымен комбинаторлық түрде ауысып айтылады: хат-тың, мал-дың, адам-ның т.б.

Д- тіл алды күрек тіске тиюі арқылы жасалатын шұғыл, ұяң фонема. Көбіне сөздің басы, ортасында келеді. Интернационалдық сөздерде д дыбысы сөз аяғында келгенмен қатаңданып т болып айтылады: завод/т, парад/т, т.б.

Қазақ тілінің ауызекі нормасында д/т жарысып қолданылады: дізе-тізе, дұу-тұу, говорларда: диірмен-тиірмен, теңіз-деңіз т.б.

Оғуз тобындағы түркі тілдерінде (азерб. түрік) сөз басында көдіне ұяң дыбыстар айтылады: төрт-дөрт, темір-демир, тіл-дил, т.б.

Ескі түркі тілдерінде кездесетін нт, лт, мт тіркестері қазіргі қазақ тілінде рд, лд, нд түрінде келеді: барты-барды, келті-келді, көрті-көрді т.б.

С,З - фонемалары. Бұл фонемаларды айтқан кезде тілдің ұшы төменгі тіске, екі бүйірі жоғарғы тіске тіресіп, ортасына аздап ойыс түседі. Ауа осы тесік арқылы өтіп, үстіңгі күрек тісінің арасынан сүзіліп шығады. Бұл екеуі сөздің барлық позициясында да айтылады. Ұяң з орыс тілінде сөз соңында айтылатын с болып айтылады. Ал қазақ тіліндегі орыс тілінен енген сөздердің соңындағы з сақталады да қосымша үнді мен ұяңнан басталады: совхозға.

Сөз ішінде с өзімен іргелес тұрған ш,ж дыбысының әсерінен ш-ға айналады: шешсе, бес жыл т.б.

Ал з өзінен кейінгі с,ш,ж фонемасының әсерінен с-ға, ш,ж-ға айналады: жазса, тазша, жүз жыл т.б.

Ш,Ж фонемаларын айтқанда тіл ұшы көтеріледі де екі бүйірі жоғары тіске тіреліп, тілдің үстіңгі жағы екі жерден таңдайға жуықтайды. Бұл екі фонема тілдің барлық позициясында кездеседі. Тек ж сөз соңында кірме сөз бен еліктеуіш сөздерде кездеседі.

Орыс тілінде сөз соңында ж жазылғанымен ш болып айтылады. Дегенмен кейбір сөздерде ж сақталып, қосымша ұяңнан басталады. Мысалы: гараж, тираж, т.б.

Ш фонемасы көрші дыбыстың әсерінен өзгертіледі, ал ж көрші с,ш әсерінен өзгереді. Мысалы: бес жорға.

К,Г фонемалары тілдің орта шенінің таңдайға тіреліп, тез ажырауынан жасалады. Қатаң к сөздің барлық шенінде кездеседі. Ал г сөз басында аз, сөз ортасында актив, сөз соңында кездеспейді. Ал орыс тілінде кездесетін геолог айтылуда к-ге айналады. Қазақ тілінің байырғы сөздерінде бұл екі фонема (к,г) тек жіңішке дауыстылармен қатар тұрады. К фонемасы көрші дауыстыларды ұяң, үнді дыбыстардың әсерінен г-ге айналдырады. Мысалы: шелек-шелегі, күрек-күрегі т.б.

Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде г әрпінен басталатын 421 сөз бар. Оның 361-і кірме сөз. Ал қалғаны к әрпінде қайталанады: гуілде-куілде т.б.

Байырғы қазақ тілінде сөздер г-ден басталмаған, гүл сөзі күл болған.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-31; Просмотров: 1819; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.02 сек.