КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Фонемалары. 2 страница
ЙХ: тарыйх(тарих), ЙЛ: Халійл (Халил), ЙҚ: таспыйқ(таспиқ), ЙН: аумійн (аумин), УЗ: махфұуз (махфуз), УЛ: Расұул (Расул). 5. Шәлкес тіркестер Байырғы сөздерде кездеспейтін, қолдан жасалған жасанды тіркестер сөз ішінде, буындар жігінде жетерлік. Оларды шәлкес тіркестер дейміз. 1. Қатаң – ұяң тіркестер: КБ: аллауакбар, ХБ: сұхбат, ХЗ: шахизада. 2. Қатаң-үнді дыбыстардың тіркесі: ҚМ: рақмет, ХМ: рахман, ҚР: мақрұм, СЛ: ислам, СМ: ресми, ТР: каструл, ШЛ: шашлық, ШМ: башмак. 3. Ұяң мен қатаң тіркесі: ЗХ: мазхаб, 4. Ұяң-үнді тіркесі: ҒЛ: бағлан, ҒМ: лағман, ҒН: яғни, ДР: медресе, ЖН: мәжнүн, ЗМ: мазмұн, ЗЛ: мазлұм, БЛ: лоблу, облыс, БР: ғибрат. Үнді-үнді тіркесі: МЛ: емле, мемлекет. 6. Қайталама дыбыстар Бір сөздің екі рет қайталануы арқылы қайталама қос сөздер жасалатыны белгілі.Осы үлгімен бір дыбыстың екі рет қайталанып қолданылуын қайталама дыбыстар дейміз. Қайталама дыбыстарды 3 түрлі позицияда қарастырамыз: 1.Түбір ішінде, 2.Түбір мен қосымша, 3.Сөз бен сөз арасында. 1 ) Сөз бен сөз арасында: ҚҚ: аққала, Бекқали, КК: көк кітап, көк күл, ПП: көп пала, көп полсын, СС: бессал, тассалды, ТТ: төрттеңге, шеттілі, ШШ: үшшелек, үшшүз, ЖЖ: божжорға, жүжжыл, лажжоқ, ЗЗ: сөззергері, тоғыззаң, ММ: оммың, қаммайдан, НН: сеннеге, оннар Бұдан байқайтынымыз: сөз бен сөздің аралығында негізінен қатаң дауыссыздар ғана қайталанып айтылады. Ал ұяңдардан тек ж және з, үнділерден тек м, н дыбыстары ғана қайталанады, қалған дауыссыздарда мұндай мүмкіндік жоқ. 2) Сөз бен қосымша арасында: ҚҚ: таққа, соққы, КК: жікке, көкке, ПП: қаппен, теппе, ТТ: батты, сатты, ШШ: шешші, кешші, ММ: адаммен, қолмен, НН: санның, наннан. Бұл позицияда да қатаңдар мен үнді м, н дыбыстары еркін қайталанатын болса, ұяңдар мүлде кездеспейді. 3) Түбір ішінде. Бір дыбыстың түбір сөзде қайталанып қолданылуын ойлану керек болады. А.Байтұрсынов: «қазақ тілі л дыбысының қайталанып келуін сүймейді. Сондықтан екі л қабат келген жерде біреуін басқа дыбысқа айналдырып айтады. Мәселен, «алла» деген сөздегі қабат келген екі «л»-дың біреуін «д»-ға айналдырып, «алда» қылып айтады»,-дейді. Оның айтуынша, «қазақ тілі екі «л» қатар келуін сүймейді». Тез айтуда «балалар» сөзі баллар болмай, балдар болатыны да л дыбысының қосарлаып қолданылу мүмкіндігінің жоқтығынан деп түсіну керек. Ал, бұл көптік жалғау жалғанғанда бір л түсіп қалатыны да осыдан. 20-жылдары Х.Досмұхаметұлы: «Қазақ-қырғыздың түбір сөзінде бір дыбыс екіленіп келмейді. Сондықтан жат сөздердегі екіленіп айтылатын дыбысты қазақ-қырғыз не бір дыбыс қылып айтады, не соңғысын бөтен дыбысқа айналдырады. Мысалы: молла-молда, үммет-үмбет,(3-басылуы, 1988) мынадай әріптер түбірде қайталанып жүр: ББ: жаббар, махаббат; ДД: құдды, жедді; ЗЗ: ғиззат, кәззап; КК: әккі, әккіс; ЛЛ: алла, бісміллә; ММ: мүкәммал; ПП: тәкәппар; СС: қисса, ыссы; ТТ: мүттайым. Сондай-ақ, «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» (1-басылуы, 1963) біраз жалқы есімдерде бір дыбысты қайталап жазуға қосады: Ғаббас, Ғиззат, Ләззат, Зейнолла, Ғаппар т.б. Араб-парсы тілдерінен енген бұл сөздерде қазақ тілінде кездеспейтін қайталама дыбыстар жүр. Олар: бб, дд, лл, зз, ал кк, мм, нн, сс, тт сияқты қайталама дыбыстар байырғы сөздердің, сөз бен қосымшаның аралығында жиі ұшырағанымен, түбірде кездеспейтіні анық. Сонымен, түбір ішінде бір дыбыстың қайталанып қолданылуы қазақ тілінде болмаған. Орыс сөздерін орыс тіліндегідей жазып, айтып келе жатқанымызға жарты ғасырдан асты. Қазіргі қазақ түгелге жуық осы тәжірибеден өткен деуге болады. Орыс сөздерінде қайталама дыбыстар мол-ақ. Бір ғана лл тіркесіне: доллар, аллея, коллекция, баллон, колледж т.б. 7) Үш дыбысты тіркестер. Дауыссыз үш дыбыстың қатар тұрып тіркес құруы үш позицияда да келуі мүмкін, алайда бір буын ішінде кездеспейді, тек буындар жігінде ғана тоқайласады.Үш дыбысты дыбыстың бірінші дыбысы үнді р,л,ң,н,й екінші, үшінші дыбыстары қатаң болып келеді. Мысалы: ртқ: а) томыртқы, шыбыртқы; б) шартқа, тартқыла; в) шартқойды, төртқойды; ртк: а) күбіртке, шегіртке; б) сертке, түрткі; в) төрткісі, жұрткөрді.
6-дәріс. Қазіргі қазақ тіліндегі екпін мәселесі. 1.Буын мен екпіннің арақатынасы. 2.Екпіннің анықтамасы. Түрлері. 3.Қазақ тіліндегі екпіннің табиғаты туралы пікірлер. 4.Негізгі екпін мен көмекші екпін туралы. 5.Орыс тілінен енген сөздердегі екпін түсу ерекшелігі.
Қазақ (түркі) тілінің екпін мәселесін сөз еткенде ғалымдардың қай-қайсысы да сөздердің буын жігіндегі дыбыстардың фонетикалық құбылысына тоқталмай өтпейді. Екпін дегеніміздің өзі «сөз ішіндегі арнаулы бір буынның оқшауланып күшті айтылуы (І.Кеңесбаев 289 бет). Мұның өзі сөз, сөйлем арқылы берілетін мазмұнды өзгертуге өзіндік үлесі бар құбылыс. Оның деңгейі әр тілдің табиғатына орай түрліше. І.Кеңесбаев, К.Аханов 3 түрлі екпіннің бар екенін көрсетеді: 1.Фонациялық ауаның қарқынымен байланысты. Мұны лебізді (динамикалық) екпін дейміз. 2.Дауыс ырғағымен (дауыс тонымен) байланысты екпін, мұны үнді(музыкалық немесе тоникалық) екпін дейміз. 3.Басқа буындардың ішінен бір буын өзінің құрамындағы дауыстының созылыңқы айтылуы арқылы ажыратылады. Бұл- квантативті екпін (латынша «сан, мөлшер») деп аталады. Қазақ тілі дауыстылары созылыңқылығының фонематикалық мәні жоқ. Сондықтан екпін түскен дауысты аздап та болса квантативті түрде айтылады: лебізді екпін негізгі болады да, квантатив соған қосымша болады, өйткені лебізді екпінге ие болған дауысты дыбыс екпін түспеген дауысты дыбыстарға қарағанда сәл созылыңқы айтылады. Түркі, оның ішіндегі қазақ тіліндегі екпін жайлы сөз еткенде қазақ тіліндегі екпін-лебізді, оның ішінде мағына емес, сөз айқындаушы лебізді екпін деп аталып та, жазылып та жүр. Қазақ екпіні жөніндегі тың пікірлер де жоқ емес. Соның бірі - Ж.Аралбаев екпінді сөз ету барысында сөздің айтылу ритмикасы мен мелодия, интонациясын айрықша бөліп көрсетеді(Л.В.Щерба интонация орнына мелодия терминін қолданған). Мелодия – бүтін проза не сөйлем көлеміндегі дауыстың музыкалық қозғалысын қарастырса, ритмика – екпін мен паузаны қарастырады. Екпін мен пауза бүтін мелодия ішіндегі елеулі интонациялық белестер. Қазақ тілі сөз ағымының фонетикалық мүшеленуі – осы екпін мен паузаға, сондай-ақ мелодияға тәуелді болады. Қазіргі сөздік екпіннің фонациясы жағынан тілдердің 3 тобын көрсетуге болады: 1) Бір топ тілдерде екпін сөздің мағынасы мен морфологиялық тұлғасын айқындап тұрады. Мыс: орыс тіліндегі мука-мука, замок-замок, парить-парить сөздеріндегі екпін сөздің мағынасы мен морфологиялық тұлғасын айқындап, фонематикалық қызмет атқарып тұр. Мұндай тілдерде екпіннің орны тұрақсыз – сөздің барлық шенінде келе береді. Екпін орнының тұрақсыздығы - оның фонематикалық қызметіне байланысты. 2.Енді бір топ тілдерде екпін сөз бөлшектерін жинап, оны бір бүтін етіп, сөз бен сөздің шегін бөліп, жігін ажыратудың құралы болады. Мұндай тілдерде екпін орны тиянақты: поляк тілі (екпін сөздің соңғыдан алдыңғы буынға түседі), монғол тілі (екпін сөздің бірінші буынында), армян тілі (екпін сөз аяғында), фин-угор тілдері (бас буынында), түркі тілдері (көбіне сөз аяғында). 3. Енді бір топ тілдерде сөз екпіні болмай, фразалық екпін ғана болады. Мұндай тілдерде екпін мағыналық бірлікке енген бір сөз тобын осындай екінші бір сөз тобынан бөліп отырады. Мұндай екпінді тілдерге француз т.б. тілдер жатады. Бұл жерде екпіннің 3 түрлі функциясы көрінеді. Енді екпінді буынның өзге буыннан ерекше айтылуы- тілдерде 3 түрлі амалмен айырылады: 1-ден сөздегі бір буын өзге буындардан гөрі едәуір күшпен айтылады. 2-ден сөздегі бір буын өзге буындардан гөрі көтеріңкі тонмен ерекшеленеді. Мұны фонетикада музыкалық немесе тоникалық екпін дейді. Музыкалық екпінді тілдерге серб, хорват, швед, қытай, латыш, япон т.б. тілдер жатады. 3-ден сөздегі бір буын өзге буындардан дауысты дыбыстың созылыңқы айтылуына, санына қарай өзгешеленеді. Екпіннің осы түрін фонетикада квантативті екпін деп атайды. Екпіннің сапасы дауысты дыбыстардың санына байланысты болады. Дегенмен квантативті екпін алғашқыкөрсетілген екпіндердің біреуімен байланыста келеді. Қазақ тілі екпіні фонологиялық жағынан негізінде,екінші топтағы тілдерге енеді, сөз бен сөздің жігін ажыратады, сөз айқындайды.Кейде синтаксистік бірліктегі бір сөз тобы мен екінші сөз тобының жігін де ажыратып тұрады. Оның үстіне екпін тілдегі аглютинативтік элементтерді тарқатпай, матастырып ұстау үшін қызмет етеді. Сонымен фонология жағынан қазақ тілі екпіні сөз айқындаушы, орыс тілі екпіні мағына айқындаушы. Себебі қазақ тілі екпіні тиянақты, орыс тілі екпіні тиянақсыз. Бұл олардың бірінің аглютинативті, екіншісінің флективті табиғатына байланысты. Қазақ тілі екпіні –динамикалық: сөздегі бір буын өзге буындардан күштірек айтылады. Бірақ буынның күштірек айтылуы- фонациялық ауаның шығуына байланысты емес. Сондықтан фонетика ғылыми динамикалық екпінді-экспираторлық екпін деп атауды теріс деп санайды. Қазақ тілі мен орыс тілі екпіндегі фонология жағынан екі түрлі болғанымен фонетикалық ерекшелігі бойынша екеуі де динамикалық екпінге жатады. Бірақ екпінді буындағы фонациялық ауа күші екеуінде бірдей емес, екі түрлі модификацияда. XX ғасырдың басына дейін түркологияда түркі тілдерінде екпін үнемі сөздің соңғы буынында ғана болады деген пікір үстем болып келді. Мәселен, Н.Ф.Катанов урянхай тілінің екпіні жөнінде айта келе, «Урянхай тілінде, сондай-ақ басқа түркі тілдерінде екпін сөздің үнемі соңғы буынында болады» деген қағиданы уағыздады. Н.Ф.Катановтың мұнан жарты ғасыр бұрын айтылған қағидасын тіліміздің бергі даму процесін еске алмай, қазіргі қазақ тіліне дәл енгізетін болсақ, онда біз қазақ тілінің дамуын оның ішіндегі акцентуациясын елемеушілік келіп шығар еді. Қазақ тіліне орыс тілі арқылы енген атом, атлас, ария, армия, физика т.б.(екпін сөздің бас буынында), академика, акустика, анархия, анкета, антенна т.б. сөздер(екпін сөздің орта буынында) сияқты сөздердің акцентуация нормасы үйлес келмейтіндігін көруге болады. Қазақ тілінде екпіннің кейде сөздердің соңғы буынында болмауы, 1-ден акцентуация нормасы өзгеше болған жаңа лексикалық пластымызға байланысты, 2-ден кейбір екпін алмайтын морфемаларға, 3-ден екпіннің ең соңғы буыннан бас буындарға көшуі түрлі эмоциялық оттеноктерді білдіретін сөздерге байланысты. Түркі тілдерінде дауыс екпіні тек лебізбен ғана байланысты деген бұрынғы тюркологтардың (Н.М.Ильминский, В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский, Н.Ф.Катанов) кейінгі еңбектері (Н.Дмитриев, И.А.Батманов),сондай-ақ монғол тілі жөнінде жазылған Б.Я.Владимирцовтың еңбегі дұрыс деп таппайды. Б.Я.Владимирцов монғол тілі мен түркі тілдерінің материалдарын салыстыра келе, түркі тілдерінің ең ескі даму кезеңінде қазіргі монғол тілдеріндегі сиқты екпін сөздің соңғы буынында болмай, бас буынында бодғанын айтады. Ғалымның айтуынша түркі тілдеріндегі көп буынды сөздердегі көмекші екпін әрі динамикалық, әрі музыкалық болып келуі, мәнерлі(эмфазистік) сөйлемдерде екпіннің орын алмасуы, дауысты дыбыстардың гармониясы-мұның бәрі тіліміздегі екпіннің бір кезде сөздің алғашқы буынында болғанына шек келтірмесе керек. Қазіргі қазақ тіліндегі түбір дауыстылары аффикс дауыстыларын өзіне үндестіреді. Осыған қарап тарихи жағынан алғанда қазіргі көбіне формантта келетін негізгі күшті екпін тіліміздің ерте бір даму кезеңінде сөздердің бас буынында болуы мүмкін. Негізгі күшті екпіннің түбірден- бас буыннан аффикстерге сөздің соңғы буынына ауысуы аглютинативтік элементтердің туылуына жалпы аглютинативтік құрылысқа байланысты жасалған тіліміздің соңғы бір тарихи кезеңіндегі жемісі болуы керек. Екіншіден, қазіргі қазақ тіліндегі түбір сөздердің екінші бітеу буындағы қысаң дауысты тәуелдік аффиксі жалғануымен нөлге айналады –редукцияланады: орын-орны, қарын-қарны, мұрын-мұрны, т.б. Бұндай құбылыс екпіннің соңғы буынға көшуінің ізі болса керек. Қазақ тіліндегі көтеріңкі айтылатын сөздерде (жолдастар, студенттер) негізгі екпіннің соңғы буыннан бас буынға көшуі де екпіннің бір кезде бас буында болғанын көрсетеді. Қазіргі қазақ тілінде кейбір сөздердегі екпін бас буыннан байқалады: қайсы, қайдан, қайда, нешінші т.б. Әсіресе, мұндай жағдайда қазақ тілімен типологиясы бір, акцентуациясы жағынан жақын ұйғыр тілінен байқауға болады. Тіліміздегі кейбір аффикстер екпінге ие емес. Олардың басты түрлері мыналар: 1. Ұқсастық және салыстыру сияқты мән беретін -ша, -ше элементі: балаша, адамша, сенше, оларша. 2. Болымсыздық етістікті жасайтын –ма, -ме элементі: отырма, келтірме 3. Жіктік жалғауы: жазамын, айтамын 4. Бұйрық рай аффиксі: -барсын, көрсін 5. Қалау рай аффикстері: -йын, -йін, -йық, -йік 6. Тіліміздегі Октябрь революциясынан кейін енген «ик», «ев», «ов» аффикстерінде екпін болмайды: техник, Қалбаев. 7. Салыстыру, теңеу мағынасын беретін –дай, -дей, -тай, -тей элементтері: ол баладай 8. Болжау, ұйғарым мағынасын беретін «ды, ді, -мыс, міс» элементтері: барған-ды, айтыпты-мыс Қазақ тілінде кейбір ұқсас морфологиялық құрылымдар екпін арқылы ажыратылады. Мұның өзі екпіннің қызметіндегі семантика-морфологиялық қызметін көрсетеді. Мысалы: жарма(зат.е), жарма(ет-к), сенде(кімде), сен де, (сіздің) атыңыз, (сіз) атыңыз т.б. Осы тәріздес тұлғасы бір, қызметі әр түрлі морфемалардың екпін арқылы ажыратылу жағдайын Н.К.Дмитриев түркі тілінен 9 түрін, И.А.Батманов қырғыз тілінен 5 түрін, І.Кеңесбаев қазақ тілінен 7, Ж.Аралбаев 9 түрін көрсетеді. Соңғы кезде ғалымдар қазақ, өзге де түркі тілдерінде 3-4 буынды сөздерде негізгі екпіннен өзге көмекші екпіннің бар екенін айтып жүр. Көмекші екпін туралы кезінде В.В.Радлов айтқан еді. Мәселен бұл ғалым түркі тіліндегі дауыстыларды динамикалы екпінге байланысты қарап, оларды негізгі екпінге ие дауысты, көмекші екпінге ие дауысты, екпін түспейтін дауысты деп 3-ке бөлген: ат-лар, ат-лар-ға, ат-ла-ры-ма, ат-ла-ры-мыз-ды. Орыс тілі арқылы енген интернационал сөздер қазақ тілінде өз екпін нормасын, өз ерекшеліктерін сақтап енуде. Дегенмен осындай сөздерге екпінді аффикстер қосылғанда қазақ екпін нормасына бағынып, кейбір ережелер туылады: 1. Екпіні ең бас буынына түскен екі буынды сөздерге бір буынды қосымша қосылғанда негізгі екпін өз орнында қалып, қосымшада көмекші екпін жасалады: карта-картаны, ректорға, ротасы, рапорты, т.б. 2. Осындай екі буынды сөзге екі және одан да көп қосымшалар қосылғанда негізгі екпін әлсізденіп, көмекші екпінге айналады да негізгі екпін қосымшаға түседі: карталарды, ректорымыз, т.б. 3. Екпіні ең басына түскен 3 буынды сөздерге қосымша қосылуымен бастағы екпін әлсізденіп, көмекші екпінге айналады да негізгі екпін қосымшаға түседі: армиямыз, армиямыздан. 4. Екпіні ортаңғы буында келген сөздерге қосымша қосылғанда екпіні әлсіреп, көмекші екпінге айналады да негізгі екпін сөздің соңына түседі: машина-машинадан, новатор-новаторлық. 5. Екпіні ең соңғы буында тұрған сөзге аффикс қосылғанда екпін, әдеттегідей, қосымшаның соңғы буынына ауысып отырады:офицерлер, министр-министрге.
6-тақырып бойынша бақылау сұрақтары: 6. Екпіннің анықтамасы 7. Екпін мен буынның арақатынасы 8. Қазақ тіліндегі екпіннің түрлері туралы көзқарастар 9. Интонация, оның тіл біліміндегі қызметі 10. Пауза туралы түсінік Әдебиеттер: Н.: № 5; 6; 7 Қ.: № 1; 3; 9; 13; 14; 15; 16; 22; 26; 33; 36; 37
7 -дәріс. Дыбыстардың үндесуі Дәрістің жоспары: 1. Дыбыстар үндесуі туралы түсінік. Үндесуге байланысты терминделген ұғымдар. Олардың түрлері 2. Сингармонизм. Оның табиғаты туралы көзқарастар 3. Аккомодация (бейімделу) 4. Ассимиляция (ұқсау). Оның түрлері 5. Диссимиляция 1. Ауызша сөйлеу тілінде дыбыстар өзара үндес айтылады. Дыбыстардың үндесуі, әсіресе, морфемалардың ара-жігінде күшті байқалады: тарақ-тарағы, тақ-та, тау-да т.б. Морфемалар жігінде қатаң дыбыс қатаң дыбыспен, ұяң, үнді-ұяң, үнді дыбыстармен, жуаннан соң жуан, жіңішкеден соң жіңішке дауысты дыбыс айтылады. Морфемалардың құрамында қатаң мен дауысты дыбыс қатар келе береді: ақыл, апа, әке т.б. Морфемалар жігінде қатар келген дыбыстардың бір-бірімен акустика-артикуляциялық жағынан үндесіп, бірыңғай айтылуын көптік жалғауының варианттарынан байқауға болады: лар/лер, дар/дер, тар/тер. Мектептен бері таныс үндесу түрлері: 1. Түбірдің соңғы буыны жуан болса, қосымша жуан жалғанады; 2. Түбірдің соңғы буыны жіңішке болса, қосымша жіңішке жалғанады; 3. Түбірдің соңғы дыбысы дауысты не үнді болса, оған жалғанатын қосымшалар ұяң не үндіден басталады. 4. Түбірдің соңғы дыбысы ұяң болса, жалғанатын қосымша ұяңнан басталады; 5. Түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса, қосымша қатаңнан басталады; 6. Сөздің алғашқы буынында үнді дауысты келсе, келесі буындарда жартылай үнді дауысты естіледі:көрүн, көрүк т.б. Дауыстылардың үндестігі – буын үндестігі, дауыссыздардың үндестігі - дыбыс үндестігі деп аталады. Дыбыс алмасуы. Дыбыстардың ықпалы нәтижесінде бір дыбыс екінші дыбысқа орын береді, яғни дыбыстар алмасады: жан+ған, жан+бады сөздері бір ғана жан түбірден жасалған. Айтылуда жаң, жам, жан түрінде 3 түрлі дыбысталады. Себебі, н дыбысы ғ дыбысымен қатар айтыла алмайды, сондықтан ғ дыбысына артикуляциялық жақтан бірыңғай болатын ң дыбысына алмасады: қара ғ ой, а ғ ешкі, қа б ы, жас п ала сөздерінде де осындай дыбыс алмасуы болады. Алмасу- (лат. «альтернация») - әр түрлі сөз формаларының құрамында кездесетін морфемалар жігіндегі дыбыстардың өзара ықпалдасуынан бір дыбыстың басқа дыбысқа алмасуы. Кейбір сөздердің бастапқы дыбыстары басқа дыбыстармен ауысып қолданылады: палуан-балуан, тізе–дізе, т.б. Бұл алмасулар өзге дыбыстардың әсерінен болып тұрған жоқ. Сондықтан бұндай құбылыстарды алмасу емес, дыбыс сәйкестігі деп атаймыз. Дыбыс алмасуы – фонетикалық жағдайдың нәтижесі, мұны комбинаторлық (лат. «біріктіру, тіркестіру») немесе позициялық өзгеріс дейміз. Ал дыбыс сәйкестігі өздігінен болатын құбылыс, оны спонтанно (лат. «кенет пайда болған») өзгеріс деп танимыз. Дыбыстардың өзара үндес, бірыңғай айтылуын дыбыстардың ықпалы дейміз. Ықпал көбіне морфемалар жігінде, морфемалар аралығында болады. Морфеманың өз ішіндегі дыбыстар мен буындар тарихи даму нәтижесінде қалыптасқан құйма деп қараймыз да сол дайын күйінде танимыз. Дыбыстардың өзара ықпалы екі жағдаймен байланысты болады: акустикалық және артикуяциялық. Дауыстар тоннан жасалатындықтан, өзгелерге үнемі ықпалын жүргізеді. Үнділер дауыстылардан кейінгі ықпалды дыбысқа жатады. Дауыс қатысы жағынан әлсізі – үнсіз дауыссыздар. Сөйте тұра қатаңдар мен ұяңдар бір-бірімен табыса алмайды. Күшті дыбыстар әлсіз дыбыстан кейін тұрып та ықпал ете береді: қабы, тарағы, күрегі т.б. 2. Сингармонизм - грек сөзі- «sun» - бірге, «harmonia» - байланыс деген мағынаны береді. Үндесу - түркі тілдеріне тән аса күшті заң. Сингармонизм термині түркітануда 2 ұғымның да орнына жүреді. Алдымен сингармонизм-дауыстылардың үндесуі. Кейде буын үндесуінің бір ғана түрі-тіл үндесуі сингармонизм деп аталады. Соңғы кездегі зерттеулерде бұл термин жалпы тілдегі дауыстылардың үндесіп келу құбылысына атау болып жүр (С.Мырзабеков, Ә.Жүнісбеков, Ж.Аралбаев). Түркі тілі, соның ішінде қазақ тілі дыбыстар үндестігіне құрылады. І.Кеңесбаев: «сингармонизм саласында көзге айқын түсетін фонемалар-дауыстылар, дауыстылар сингармонизмнің түр-түрін жасауға арқау болар, ал дауыссыздар дауыстыларға селбесіп барып дауыстының ыңғайымен айтылар» деп көрсетті. В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский т.б. түркітанушылар «сингармонизм заңы бойынша түбір тұлғаның вокализмі қосымшадағы вокализмді билеп тұруы керек» деген. Сондай-ақ В.А.Богородский «Этюды по татарскому языкознанию» атты еңбегінде сингармонизм категориясын ол тілдерде префикс, предлогтың болмауына, басқаша айтқанда түркі тілдерінің жалғамалы табиғатына байланыстырады. Қазақ тілінің сингармониялық табиғатын А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Х.Досмұхамедұлы да баса көрсеткен. Х.Досмұхамедұлы «Қырғыз-қазақ тіліндегі сингармонизм заңы» деген еңбегінде: «Қырғыз-қазақ сөзінің түбірі соламайымен жуан айтылады, не соламайымен жіңішке айтылады. Жалқы сөздің біреуіндегі дыбыстардың біреуі жуан, біреуі жіңішке болып еш уақытта естілмейді... Бір сөздің ішіндегі дыбыстардың бәрінің бірдей дауыспен ұйқасып айтылуын тіл білімінде сингармонизм дейді. Сингармонизм деген сөз қазақша айтқанда үндестік, ұйқастық деген мағынада»,-деп сингармонизмнің табиғатын жан-жақты сөз етеді.
Дата добавления: 2015-05-31; Просмотров: 3826; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |