КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Фонемалары. 3 страница
Аккомодация - сөздердің жігінде қатар келген дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың бір-бірімен үндесіп, бейімделіп айтылуы. Аккомодация 2 түрде көрінеді:1) Дауысты мен дауыссыз дыбыстардың үндесуі; 2) Дауыссыз бен дауыссыздардың үндесуі. Түбір мен морфеманың арасында дауысты мен дауыссыздар үнемі қатар келе бермейді. Бұның өзі олардың акустика-артикуляциялық қасиеттеріне қарай болып келеді. Дауыстың қатысы жағынан дауыстылар қатаң дауыссыздарды ұяңдандырады (тарақ-тарағы), ал артикуляциялық жағынан не жуан, не жіңішке айтылуына ықпал етеді. Қазақ тілінде дауыстылардың дауыссыздарға ықпалы күшті болады. Дауыстылардың орын тәртібіне қарай дауыстылар мен дауыссыздардың үндесуі - прогрессивті, дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуі – регрессивті ықпал болып есептеледі. 1) Дауыстылар мен дауыссыздардың үндесуі(«прогрессивті). Сөздердің соңғы дыбысы дауыстыға бітсе, қосымша дауыссыздан басталады. Қосымшаның не келесі сөздің басындағы дауыссыздарының ішінде дауыстылардың ықпалына ұшырайтындар:а) Үнділерден л,м,н,ң (бала-м, бала-ның, бала-ң), й,р,у- тек жұрнақ құрамында келеді: қара-р, қара-у, қара-й; б) Ұяңдардан г,ғ,д: бала-ға, ене-ге, дала-дан; в) Қатаңдардан с және ш: көре-сіз, кісі-ше. Т -дан басталатын бірер қосымша: еркеле-т, ерке-тай. Көбіне дауыстылардан кейін келіп, ықпалға ұшырайтындар қ,к ғ,г фонемаларына өзгереді/: қара ғой, келе ғой, жаңа гелді т.б. 1. Дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуі (регрессивті) Қазақ тілінің байырғы сөздері б,в,г,ғ,д дауыссыздарынан өзге дауыссыздарға аяқтала береді. Дауыстылардан басталатын қосымшалар да ретімен жалғана береді. Мысала: жаз-а-ды, үй-ім, қос-ыл т.б. Бірақ қосымша қ,п дыбыстарынан басталса, сөз соңындағы дауысты дыбыстармен қатар тұра алмай, ықпалға ұшырайды: өрік-өрігі, қалақ-қалағы, кітап-кітабы, көб адам; Негізгі түбір етістіктің соңы қатаң п дыбысына бітіп,оған көсемшенің -ып, -іп жұрнағы жалғанса, п дыбысы үнді у дыбысына алмасады: жап-жауып, кеп-кеуіп, теп-теуіп т.б. Мұндай заңнан ауытқушылығы бар сөздер де кездеседі.а) еліктеуіш сөздер: жарқ етті-жарқыл, лап етті-лапыл; ә) екінші буындағы қысаң дауыстылар түсіп қалған жағдайда: үрік-үркек, қорық-қорқақ, үрк-үркіп т.б. б) сын есім тудыратын - ы жұрнағы жалғанғанда: қазақ-қазақы; в) фамилияға –ов, -ев қосылғанда: Беков, Қонақов т.б. г) тәуелдік жалғауы жалғанғанда екі сөзде п дыбысы сақталады: сапа; Енді бір сөздер екі түрде келеді: ы,і жалғауы жалғанғанда қысаң ы,і түсіп, қ,к,п ұяңданбайды немесе ы,і түспей қ,к,п дауыссыздары ұяңданады: бөрік-бөркі-бөрігі, ерік-еркі-ерігі т.б. Дауыссыздар мен дауыстылардың регрессивті ықпалынан ұяңдайтын тағы бір дауыссыз бар. Ол - ш: реніш-ренжі т.б. 3. Ассимиляция (лат. –ұқсау) - морфемалардың жігінде көрші келген дауыссыздардың бір-біріне акустикалық (ат-ты, қағаз-ға, қар-ға, қан-ды), артикуляциялық (жамбады, қаңға) жақтан бейімділігі. Ассимиляция үш түрлі: 1. Прогрессивті ассимиляция 2. Регрессивті ассимиляция 3. Тоғыспалы ассимиляция 1. Прогрессивті ассимиляция – сөз морфемаларының арасында немесе бірнеше сөздердің арасында қатар келген дауыссыздардың алдыңғысының кейінгілерін өзіне ұқсатуы. А)Үнді дауыссыздар сөзді аяқтап, өздерінен кейін үнді не ұяң дауыссыздардың болуын талап етеді: ой-мен, ой-лы, ар-лы т.б.Бұған с мен ш сияқты «ерме» фонемалар көнбейді: ой-сыз, ой-ша т.б. Өзгелік етістің т жұрнағы л,н,р,й үнділерінен кейін жалғана береді: ойлан-т, ағар-т, сарғай-т т.б. Ал келесі сөз қ,к қатаңнан басталса үнділердің прогрессивті ықпалына ұшырайды: таңғалды, айғарады, Есенгелді т.б. Бұған қор, қой, кей,кер морфемалары көнбейді. Ә) Сөз ұяң з мен н -ға бітсе, қосымша қатаңнан басталмайды, с мен ш -дан басталса с мен ш -ға алмасады: жаз-са, біз-сіз; қ,к қатаңдары ұяңданады: жазгелді, бізгелдік т.б. Б) Қатаң дауыссыздарға біткен сөздерге қосымша тек қатаңнан жалғанады, тек бір жерде прогрессивті ықпал байқалады: қаш-са - қашша, шеш-се -шешше, ұш-са – ұшша т.б. В) Бунақтағы сөздердің алдыңғысы қатаңдарға аяқталып келесі сөз ұяң б,ғ,г -ден басталса, айтуда б-п, г-к, ғ-қ болып қатаңдайды:кеш полды, көп күл, ұзаққұмыр т.б. 2. Регрессивті ассимиляция - морфемалар жігінде немесе сөздер аралығында кейінгі дауыссыздардың алдыңғы дауыссыздарды өзіне ұқсатып, өзгертуі. Үнді дауыссыздар да басқа дауыссыздарға ықпал жасайды. А) Соңы н дыбысына біткен сөздерге г мен ғ дыбысынан басталатын қосымша жалғанса, н – ң дыбысына өзгереді: қаңға, түңгі т.б. Ә) Ал қосымша б,м дыбысынан басталса н дыбысы м дыбысына айналады: қамбады, қам мен тер, омбес т.б.немесе кейінгі сөз п дыбысынан басталса, тіл алды н дыбысы қос ерін м дыбысына айналады: Жампейіс. Ұяңдардың ықпалы. А) Алдыңғы морфема з ұяңына бітіп, қосымша морфема қатаң с -дан басталса, з -қатаң с -ға алмасады: сөз-сіз, көз-сіз, жаз-са т.б. Б) Кейінгі морфема ж дыбысынан басталса, алдыңғы морфеманың соңындағы з дыбысы ж дыбысына өзгереді: жүз жыл, боз жорға т.б. В) Кейінгі морфеманың басындағы ш дыбысы алдыңғы морфеманың соңындағы з ұяңын ш дыбысымен алмастырады:сөз-шең, біз-ше, жүз шақты; Қатаң дауыссыздардың ішінде регрессивті ассимиляция кезінде алмасатындар к,қ,п,с дыбыстары. А) Кейінгі морфеманың басындағы с қатаңы алдыңғы морфеманың соңындағы ұяң н дыбысын қатаңдандырады: лаж-сыз, мұқтаж-сыз т.б. Б) Алдыңғы морфема с дыбысына бітіп, кейінгі морфема ш дыбысынан басталса, с - ш - ға алмасады: басшы, бас шайқады т.б. 3. Тоғыспалы ассимиляция - морфемалар аралығында қатар келген дауыссыздардың алдыңғысының өзінен кейінгі дыбысқа акустикалық (дауыс) жақтан, ал кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа артикуляциялық жақтан ықпал етуінің нәтижесінде алмасуға ұшырауы. Яғни, тоғыспалы ассимиляция кезінде көрші тұрған дауыссыздар әрі прогрессивті, әрі регрессивті ассимиляцияға ұшырайды. Бұл сөз бен сөз аралығында кездеседі. А) Үнділер. Алдыңғы сөз н дыбысына бітіп, кейінгі сөз қ,к қатаңдарынан болса, онда нқ, нк тіркесі ңғ, нг тіркесіне алмасады. Себебі, алдымен прогрессивті ассимиляция заңы бойынша үнді н дыбысы қатаң қ,к дыбыстарын ұяңға айналдырады. Сонан соң регрессивті ассимиляция әсерінен тіл ортасы және тіл арты ғ,г дыбыстары тіл алды н- ны ң -ға айналдырады: Жангелді, Жанғожа. Б) Ұяңдар. Алдыңғы сөз с дыбысына бітіп, кейінгі сөз ж дыбысынан басталса, бұл екеуі де ш- ға айналады. Мысалы: тас жетім, қос жанар, қос жүрек т.б. Сонда алдымен с қатаңы ұяң ж -ны қатаң ш -ға айналдырады. Сонан соң ш дыбысы с дыбысын толық игеріп, ш -ға айналдырады. 4. Диссимиляция (лат. ұқсамау) – дыбыс өзгерістерінің бір түрі ретінде қарастырылады. Ассимиляцияда көрші дыбыстар бір-бірімен үндесіп, ұқсап тұратын болса, дессимиляцияда керісінше, бір сөз ішінде артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі немесе одан да көп дыбыстардың келуі. Олар бірімен бірі қатар(контактылы дессимиляция) және араға басқа дыбыстар салып (контактысыз дессимиляция) тұруы мүмкін. Бұл құбылыс әдеби тілде сирек, көбіне нормаланбаған тілде (диалектілер, қарапайым тілде және балалар тілінде) кездеседі. Ассимиляция сияқты бұл да прогрессивті және регрессивті болып бөлінеді. Мысалы: орыс тілінен енген трамвай, бомба сөздерін кейде транбай, бонба түрінде айту ұшырасады. Мұнда б мен ерін қатысы жағынан жарасым тауып тұрған м дыбысы аластатылып, оның орнына тіл алды н келеді. Сондай-ақ коридорды калидор түрінде айтамыз. Бұлар регрессивті ассимиляция. Осы заңға жататын диалектілер: маңлай(маңдай), таңлай(таңдай) т.б. Қарапайым тілде айналайын(айдалайын), қолғап(қолбақ), балалар(балдар) т.б Сондай-ақ орфоэпияны елемей сөзді жазылуынша айту да дессимиляцияға нақты мысал бола алады: жұмышшы(жұмысшы), жамбады(жанбады) т.б. 7-тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
Х.Досмұхамедұлы сингармонизмге қандай анықтама береді? Әдебиеттер: Н.: № 5; 6; 7 Қ.: № 1; 5; 9; 12; 15; 16; 18; 22; 24; 26 8-дәріс. Графика және орфографика Дәрістің жоспары: 1. Қазақ орфографиясының негізгі ережелері мен ұстанымдары. 2. Графика және орфоэпия. 1. Тілдік қатынас ауызша және жазбаша болатыны белгілі. Олар жетіліп, кемелденіп әдеби тілдің көрсеткіші дәрежесіне жету үшін нормаға түсуі керек. Норма – белгілі бір жүйе, заңдылыққа негізделген бірізділік. Сонда әдеби тіл дәрежесіне жеткен тілдердегі сөздердің айтылуында болсын, жазылуында болсын жалпыға бірдей ортақ, қалыптасқан бірыңғай норма болады деген сөз. Тілдің ауызша нормасын нормалауды - орфоэпия, ал жазбаша нормасын нормалауды – орфография қарастырады. Дұрысы, орфоэпия (грекшк orthos – дұрыс және еро-сөйлеу) – сөздер мен бунақтардың бірізді, дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ережелер жиынтығы. Сөздердің бірізді айтылуы (сондай-ақ бірізді жазылуы) тілдік қатынасты жеңілдетеді. Керісінше, белгілі бір мағынада қолданылатын сөздің дыбыстық құрамының бірдей болмауы түсінікті ауырлатып, көңілді алаңдатады. Бұл әсіресе жергілікті ерекшеліктерден аңғарылады: Жергілікті: Әдеби: құлдану қолдану пышық пұшық мышық мысық дүз түз мүңірейді мөңірейді таңлай таңдай
Сондай-ақ, кейбір сөздерді, сөз тіркестерін жазылуынша айту да құлаққа жағымсыз естіледі. Мәселен: Жазылуы: Айтылуы: өлең өлөң қонған қоңған көзсіз көссүз тазша ташша басшы башшы Сөздерді жазылуынша айту әсіресе жастардың тіліне үйреншікті машыққа айналып бара жатыр. Мұны тілдің табиғи дамуының нәтижесі деп қарауға болмайды. Бастапқы кезде жазу нормаларын қалыптастыруға көп көңіл бөлінді де орфоэпия мәселесі елеусіз қалып келді. Өйткені ғасырлар бойы ауызша дамып келген тілдің айту нормалары ол кезде аса көп алаңдата қоймаса керек. Рас, мектеп, жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтарда үндестік заңдары арнайы айтылып келді. Алайда орфоэпия жайында арнайы тақырып, түсінік 60-жылдардан бергі жерде ғана бой көрсете бастады. Сөздерді айтудағы кемшіліктер негізінен тілдің ауызша және жазбаша формаларының арақатынасын парықтамаудан келіп шығады. Қазақ тілінің орфоэпиялық нормасы және оның маңызы туралы алғаш пікір айтушылардың бірі - проф.М.Балақаев. Ол өзінің «Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері» (1965) деп аталған еңбегінің алғы сөзінде былай дейді: «Сөздердің айтылу нормасы мен сол норманы сақтап сөйлеу мәселесі ескерілмей, елеусіз қалып келеді.Сондықтан да бізде бұл мәселе жөнінде күні бүгінге дейін ала-құлалық байқалады. Мына сөз былай айтылмайды, былай айтылады, мынасы дұрыс, мынасы теріс дегенді көп есітпейміз. Кім қай сөзді қалай айтады, қалай есітеді бәрібір - әйтеуір нобайы келсе болғаны. Бұл кемшіліктерден арылу үшін әрбір сөздің дұрыс айтылу нормасын сақтап сөйлеуді тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі етіп қою керек». М.Дүйсебаеваның «Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері» атты еңбегі - аты айтып тұрғандай, осы мәселеге арналған арнайы зерттеу. Автор дұрыс сөйлеудің нормасы тіліміздегі белгілі бір дыбыс заңдылығы бойынша қалыптасатынын ескеріп, тіліміздегі дыбыстардың әрқайсысының айтылуындағы ерекшеліктерге жеке-жеке тоқтайды. Х.Қожахметованың мектепке дейінгі балалар мекемелерінің маман даярлай- тын педагогикалық оқу орындарының студенттері мен оқушыларына арналған «Мәнерлеп оқу» деп аталатын оқу құралында орфоэпияға да орын берілген. Тіпті «Орфоэпияның басты ережелерін» анықтауға да тырысқан. Алайда ол тек ниет түрінде қалған. Қазақ тілі орфоэпиялық нормаларын жүйелі түрде біршама дұрыс баяндаған, осы саладағы ізденістерге үлгі-өнеге боларлық еңбек - Р.Сыздықованың «Сөз сазы» (Сөзді дұрыс айту нормалары, 1983жылы жарық көрген). Бұл кітапшада қазақ тілінде тұңғыш «Орфоэпия қағидалары»жүйеге түсіріліп, 36 параграфке топтастырылған. Және мұның өзі құрғақ, жай қағида болып қалмаған, мысалдар берілген, жаттығуы және бар. Еңбектің және бір артықшылығы сөйлеу үстінде сөздердің ритмикалық топ құрап айтылатыны және ондай топтардың түрлерін (он бес түрлі) анықтайды. Бұл еңбек жетілдіріліп, 1995 жылы қайта жарық көрді. Ә.Жүнісбековтің еңбектері тіліміздегі дыбыстардың акустика-артикуляциялық қасиеттерін дұрыс танытып қана қоймай, орфоэпияға қатысты да құнды фактілер бере алады. Сөздерімізді айтудағы ала-құлалық, орфоэпия жөніндегі пікірлер мақала, зерттеулер орфоэпиялық сөздіктердің жасалуына түрткі болды. Олар: Қ.Неталиеваның: «Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі» және М.Дүйсенбаева- ның «Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі»(1996). Бұл сөздіктерді оқу процесінде студенттер пайдаланып жүр. Қазақ тіл білімінің негізін қалаған А.Байтұрсынұлы, сингармонизм туралы сындарлы еңбек жазған Х.Досмұхамедұлы-тілді бесіктен бойға сіңіргендер. Бесікте, есікте басталған тілдік тәжірибе мектепте ұшталып, кемелденуге тиіс. Сонымен, орфоэпия ережелері тілдегі сөздер мен бунақтарды (сөз тіркестерін) әдеби тіл нормасына сай неғұрлым бірізді, дұрыс айтуды қамтиды. Мұның өзі айналып келгенде жеке дыбыстардың, дыбыстар тіркесінің айтылу ерекшеліктерімен, дыбыстардың үндестігімен тікелей байланысты. Қысқасы, орфоэпиялық норманы дұрыс меңгеру үшін тілдегі әрбір дыбыстың акустика-артикуляциялық белгі-қасиеттерін, қолданылуын- дағы (айтылу,жазылуындағы) ерекшеліктерді, яғни фонетика ғылымын жақсы білу керек болады. (Фонетика сөйлеуге, айтуға негізделетіні есте болуға тиіс). Жазбаша тіл-ауызша тілдің графикалық бейнесі. Әдетте жазбаша тіл ауызша тілдің негізінде ғана пайда болады, өйткені жазатын адам ойын іштей айту арқылы ғана қағазға түсіреді, жазуға айналдарады. Ал оны оқу-жанама (жазбаша) жолмен жеткен ауызша хабарды қалпына келтіру, алғашқы тілге оралу тек оны іске асырушы, басқа адам әрі қабылдаушы болып шығады. Жазбаша тілдің ережелері мен заңдылықтарын тіл білімінің графика және орфография деп аталатын тарауы қарастырады. Графика мен орфография әр түрлі құбылыс бола тұра бірімен-бірі тығыз байланысты және бірін-бірі толықтырып тұрады. Графика орфографияны да қамтитын кеңірек ұғым деуге болады. Графика (грек.«графике»-жазылған, өрнектелген,сызылған), аты айтып тұрғандай, жазу және соған қатысты мәселелерді қарастырады, яғни белгілі бір жазуға қатысты барлық амалдың жиынтығы, әріп пен дыбыстың арақатысы, сол әріп таңбаларды жетілдірудің жайы. Қазіргі қазақ графикасының басты құралы - әріптер мен түрлі тыныс белгілері болып табылады. Бұдан басқа сөздерді қысқарту бас әріппен жазу, жаңа жолдан (абзацтан) бастау, текстегі кейбір сөздерді айшықтандыру да графиканың амалына жатады. Қазіргі қазақ графикасы әріптердің жазылу тәсіліне және өрнегіне қарай жазу графикасы және баспа графикасы (сондай-ақ машина жазу графикасы) болып бөлінеді. Қазіргі жазу графикасындағы әріптердің нобайы көне орыс жазуындағы дыбыстар нобайының негізінде пайда болған. Графика деген түсінік әдетте фонемалық (дыбыс-әріп) жазуға байланысты қолданылады. Мұндай жазуда алфавит, графика және орфография сияқты ұғымдар орайласып жатады. Қазір әлемде үш түрлі жазу жүйесі кең тараған: латын, кириллица және араб жазулары. Алайда бұл жазулардың қай-қайсысы да дыбыс пен әріптің, әріп пен дыбыстың сәйкестігін қамтамасыз ететіндей мінсіз графикалар емес. Ағылшын тілінде 46 фонема бар. Ал оны беру үшін алфавитінде 26 таңба және әр түрлі 118 графема пайдаланылады. Графема – тілдің графикалық (жазу)жүйесіндегі ең кіші единица. Әдетте ол әріптерге синоним ретінде қолданылады. Кириллица жазуының графикалық жүйесі графемалар мен фонемаларды өрнектеуге қолайлы. Мұны грек тіліндегі шіркеу кітаптарын ескі славян тіліне аудару үшін славян ағартушысы Кирилл 863 жылы грек алфавиті негі-зінде жасаған. Қазіргі орыс алфавиті осы кириллицаның негізінде жасалып,түзету,толықтырудан өтті. Қазақ тілі жазудың осы үш түрлі жүйесін басынан өткізді. Қазақ жазуы 30-жылдарға дейін араб графикасын пайдаланып келді де, 1929 жылы шілденің 25-інде ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ «Қазақтың жаңа емлесі туралы декреті жарияланғаннан кейін латын графикасына көшті. Жаңа алфавитте 29 әріп болды: 9-ы дауыстыларды (а,ә,е,о,ө,ұ,ү,ы,і), 18-і дауыссыздарды (б,г,ғ,д,ж,з,к,қ,л,м,н,п,р,с,т,һ,ш), екеуі жарты дауыстыны (й,у) таңбалады. Емленің негізгі принципі фонетикалық болды. Бас әріп пайдаланылмады. 1938 жылдың басында қаулы қабылданып жазудағы негізгі принцип морфологиялық деп танылды және бас әріппен жазу заңдастырылды.Осы күнгі и,у,х,ф,в әріптері енгізілді. Алайда латын графикасына негізделген жазудың өмірі қысқа болды. 1940 жылы орыс графикасына негізделген жазуға көшу туралы заң қабылданды, соның нәтижесінде қазіргі жазуға ие болдық. Алғашқы алфавитте 41 әріп болды. Алфавиттік қатарда алдымен орыс тіліне тән әріптер тұрды. Бұл тәртіп 1957 жылы өзгеріп, қазіргідей күйге келді, яғни а,ә,б,в,г,ғ деген сияқты және қазақ алфавитінің қатарына Ә әрпі қосылды
8-тақырып бойынша бақылау сұрақтары: 1. Орфография дегеніміз не? 2. Қазақ орфографиясы туралы алғаш пікір жазған ғалымдар кімдер? 3. Қазақ орфографиясының тұңғыш ережелері қашан қабылданды? 4. Кейінгі ережелерде қандай өзгерістер болды? 5. Қазақ орфографиялық сөздіктері қай жылдары жарық көрді? 6. Қазақ орфографиясындағы негізгі ұстанымдар қандай? 7. Қазақ орфографиясының негізгі ережелерін құрастырған авторлар кімдер? 8. Қазақ орфографиясының ережелерінде орыс тілінен енген сөздерге қосымша қосуға байланысты қандай ережелер бар? 9. Бас әріптің қолданылуы туралы не білесің? 10. Күрделі сөздердің жазылуында қандай проблемалар бар? Әдебиеттер: Н.: № 5; 6; 7 Қ.: № 6; 7; 9; 8; 17; 22; 25; 30; 31; 37
Студентердің өзіндік жұмыстары бойынша әдістемелік нұсқаулық
Студенттердің оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмысы (СОӨЖ)
Дата добавления: 2015-05-31; Просмотров: 2508; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |