Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Эхинококк - Echinococcus granulosus




Ергежейлі цепень — Hymenolepis nana

Гименолепидоз ауруыш қоздырушы паразит. Ол адамдардың аш ішігінде кездеседі.
Морфофизиологиялық ерекшеліктері. Бұл цепеннің ұзындығы 1-5 см. стробиласында 200-ге жуық буылтықтар болады (65-сурет). Алмұрт пішінді сколексінде 4 сорғышы және қармақшалары орналасқан.

Тіршілік циклі. Ергежейлі цепеннің ақырғы және аралык иелері болып адамдар саналады. Адам ішегінен жетілген жұмыртқалар сыртқа шығарылады. Егер оны жұтатын болсақ, ас қорыту сөлінің әсерімен одан онкосфера шығып ішек бүрлеріне бекінеді. Бұл жерде одан цистицеркоид типтес финналар дамиды. Бірнеше күннен кейін зақымдалған ішек бүрлері жойылып цистицеркоңдтар ішек қуысына өтеді. Ішекте асқорыту сөлінің әсерінен цепеннің басы кері қайырылып ішек қабырғасына бекінеді, 14—15күннен кейін ол көбейе бастайды.
Патогендік әсері. Бұл цепень негізінен жас бөбектерде жиі кездеседі, 7-14жастағы балалар және ересек адамдар сиректеу ауырады.
Патогендік әсері ішектің бүрлі қабығын зақымдау және улы өнімдері арқылы азғаны улау болып табылады.Гименолепидозда бас ауруы, асқазан ауруы, ішек, нерв қызметінің бүзылуы байқалады, балалар тез шаршайды, жалпы әлсіздік байқалады. Балалар мазасызданып бейжай болады.
Алдын алу шаралары. Жеке гигиена нормаларын қатал сақтау, балаларды жеке тазалықты сақтауға машықтандыру, санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу, балабақшаларда тазалық сақтау, ойыншықтарды стерилдеу т.с.с. Бұл паразит тек лас қол арқылы жұғады.

Эхинококкоз ауруын қоздырушы паразит.Дернәсілдік сатысы адамның бауырында, өкпеде, миында, ұзын сүйектерінде кездеседі.

Морфофизиологиялық ерекшеліктері. Денесінің ұзындығы 2—6 мм, 3—4 буылтықтан тұрады. Оның ең соңғысы — ең үлкен, жетілген, ал оның алдындағысы гермофродит буылтық болып табылады. Жатырда 5000-ға дейін жұмыртқалар болады. Сколексінде 4 сорғышы және екі қатар орналасқан қармақшалары кездеседі.
Тіршілік циклі. Иелері ит, қасқыр, шибөрілер, ал аралық иелері адам, ірі және ұсақ қарамал, шошқа, түйе, қояндар т.б. сүтқоректілер. Ақырғы иесінің нәжісімен жұмыртқалар сыртқа шығарылады (66-сурет). Сонымен қатар, жетілген буылтықтары иттердің аналь тесігінен шығып жүндеріне жұмыртқаларды қалдырады, ал олар шабындықтарды (өсімдіктерді) ластайды. Шабындықта жайылған, аунаған малдар (сиыр, қой) құрт жұмыртқаларын жүндерінде жабыстырады. Адамдар үй малдарын бағып күткенде колдары арқылы жүмыртқаларды жұтады, жұқтырады. Аралық иесінің ас қорыту жолында эхинококк жұмыртқасынан онкосфера шығады, ол қан тамырлар арқылы бауырға, өкпеге, миға таралады да эхинококк типтес финнаға айналады. Ол өте үлкен болады, адамдарда жас баланың басындай, тіпті кейбір жануарларда 64 кг дейін жетеді. Оның құрылысы да күрделі. Көпіршік 2 қабатпен қапталған: сыртқы қабаты (хитинді), ішкі қабаты (ұрықты), іші сұйықтықпен толтырылған. Ұрықтық қабаттан көптеген ұсақ көпіршіктер түзіледі, олардың іштерінде кері айналған сколекстер болады. Аналық көпіршік ішінде 2 ұрпақ көпіршіктері кездеседі.
Патогендік әсері. Эхинококк адам ағзасына айтарлықтай әсер етеді, себебі оның финнасы ұлпаларды зақымдап мүшелердің кызмет етуін қиындатады және улайды.

Оны тек хирургиялық жолмен емдеугеболады.Қазақстанда эхинококкоз ауруына байланысты жылына бірнеше жүздеген операциялар жасалынады.
Лабораториялық анықтау. Эхинококкоз финнасы адамның ішкі мүшелерінде болатыдықтан оны тікелей анықтау мүмкін емес, сондықтан косымша көлденең иммуналогиялық әдістер,ренгенскопия,томография,сканерлеу қолданылады.
Алдын алу шаралары: Жеке тазалықты сактау, коғамдык шаралар - иесіз, канғып жүрген иттерді жою; сойылған ірі ұсак қара малдың еттерін сараптамадан өткізу т.с.с.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-26; Просмотров: 1342; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.