Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

БИЛЕТ № 3. 1. Конституция ұғымы және оның мәні




1. Конституция ұғымы және оның мәні

Конституция- бұл конституциялық құрылымның негізін реттейтін мемлекет пен қоғамның негізгі заңы, жеке адамның құқықтық жағдайының негіздері, мемлекеттік құрылудың негіздері мен мемлекеттік үкімет пен жергілікті өзін-өзі басқаруды іске асыру.

Осылайша, конституция мемлекеттің басты негізгі нормативтік актісі болып табылады. Онда қоғам өмірінің негізгі барлық саласын реттейтін нормалар бар, ол барлық қолданыстағы заңның нормативтік базасы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған. Ол егеменді Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі 28.01.1993 жылы қабылдаған бірінші Конституциясының орнына келді, 7.10.1998 жылғы Конституциялық заңмен қолданыстағы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар қабылданған болатын.

ҚР конституциялық заңдылығының құрылу кезеңі келесі конституциялық актілерді қабылдаумен белгіленген: 1) кеңестік кезең – 21.11.1917 жылғы Алаш партиясының бағдарламасы; 6.10.1920 жылғы Қырғыз АССР еңбекшілерінің құқықтарының декларациясы; 1926 жылғы Конституция жобасы; 1937 және 1978 жылғы Қазақ ССР Конституциясы. 2) 24.04.1990 ж. «Қазақ ССР Президентінің постын бекіту туралы»; 25.10.1990 жылғы «Қазақ ССР мемлекеттік егемендігі туралы» декларациясы. 3) 10.12.1991 жылғы «Қазақ ССР атауының өзгеруі туралы ҚР Заңы»; 16.12.1991 жылғы «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Заңы. 4) 28.01.1993 жылғы ҚР Конституциясы. 5) ҚР 30.08.1995 жылғы Конституциясы. 6) ҚР 7.10.1998 жылғы «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы.

ҚР Конституциясы оның құрылтайшы сипаты мен 9 бөлім бойынша жинақталған 98 бабын көрсететін кіріспеден тұрады. Онда негізгі мәселелерінің 3 блогы көрсетілген: 1) республиканың конституциялық құрылымының негіздері. 2) жеке бас мәртебесінің құқықтық негіздері. 3) мемлекеттік үкімет органдарының жүйесі мен жергілікті өзін-өзі басқару негіздері.

Конституцияның нормативтік-құқықтық акт ретіндегі ерекшеліктері оның мынандай заңды қасиеттері: Конституцияның 4 бабының 2 тармағында бекітілген жоғары заңды күші; Республиканың барлық аумағына конституцияның тікелей әрекет етуі; қабылдануы мен оған өзгерістер мен толықтырулар енгізудің ерекше тәртібі; конституцияның ерекше қорғалуы.

Конституцияны мынандай түрлерге классификациялауға болады:

1) сыртқы нысаны: а) жазылған (Ресей, АҚШ), б) жазылмаған (Англия, Дания);

2) өзгеріс пен толықтырулар енгізу тәртібі: а) икемділігі, б) қаттылығы;

3) қабылдау тәсілі: а) елдің өкілетті заңды органы қабылдаған, б) бүкіл халықтық дауыс беру жолымен, в) октроирлі (қабілеттілігі)

 

 

2. Әкімшілік құқықбұзушылық және оның құрамы

Әкімшілік құқық бұзушылық – мемлекеттік басқару немесе қоғамдық тәртіпке, мемлекеттік немесе жеке меншікке, азаматтардың құқықтарымен бас еркіндіктеріне қол сұғу, заңға қайшы, айыптаушы әрекет (қасақана немесе байқаусызда) немесе әрекетсіздікке заңнамамен әкімшілік жауапкершілік жүктеу қарастырылған.

Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы – қоғамға қарсы жасалған іс-әрекет әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатын элементтер жиынтығы. Оны келесі элементтер құрады:

1) нысан – қол сұғушылық себепкері, мемлекеттік басқару саласындағы заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар;

2) объективті жақтары – сыртқы іс-қимыл актісі, әрекет немесе әрекетсіздік, оның салдары, сондай-ақ әрекет пен оның салдары арасындағы себептік байланыс;

3) субъект – құқық бұзушылық жасағанға дейін 16-ға толған жеке, сондай-ақ заңды тұлға;

4) субъективті жақтары – заң бұзушының істеген қылмысына психологиялық қатынасы, әдейі немесе байқаусызда жасаған ісіне айыбы.

Әкімшілік жауапкершілік әкімшілік құқық бұзушылыққа заңды түрде жауап беру болып табылады. Заңмен және заңдық актілермен белгіленеді. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, соттау немесе жұмыстан босату сияқты жазалар қолдануды қажет етпейтін, әкімшілік сөгіс қарастырылған. Әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдануға негіз құқық бұзушылық болып табылады (құқық бұзушылық белгілерінің болуы).

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 45-бабы әкімшілік сөгістің келесі түрлерін қарастырады: ескерту; әкімшілік айып пұл; әкімшілік құқық бұзушылыққа себепкер болған бұйым немесе затты алу; әкімшілік құқық бұзушылыққа себепкер болған бұйымды, әкімшілік құқық бұзушылық жасау арқылы келген кірісті, ақшаны және құнды қағазды алу; арнаулы құқығынан шектеу; рұқсат қағазынан, арнаулы біліктілік аттестатынан (куәлік) айыру немесе жекелеген әрекет түріне күшін тоқтату, немесе жекелеген әрекет жасау; жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтату немесе тыйым салу; рұқсатсыз салынған құрылысын қирату; әкімшілік тұтқындау; шетелдіктерді және азаматтығы жоқ тұлғаларды ҚР шекарасынан шығарып жіберу.

Аталған сөгістің қайсыбірін қолдану бір жыл бойы тұлғаның әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын білдіреді, тек бір жылдан кейін әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Әкімшілік сөгіс шараларынан басқа қайтадан құқық бұзушылықты ескерту мақсатында заңмен соттан тыс әкімшілік құқықтық ықпал ету шараларын қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Мысалы, жол қозғалысы ережелерін білуін тексеру және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары.

Әкімшілік мәжбүрлеу шаралары қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздік, азаматтардың құқықтары мен бас еркіндіктерін қамтамасыз ету мақсатында атқарушы органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметінде көрініс табады. Олардың арасында әкімшілік – мәжбүрлеу шаралары, әкімшілік – жолын кесуші және әкімшілік – қалпына келтіруші шаралар басым.

3. Азаматтық құқықтағы мәміле

Қазақстан құқық жүйесінде азаматтық құқықтар ең бір елеулі салалардың бірі болып табылады. Бұл құқықтық саласының тауар-ақша өзге де теңдікке негізделген, мүліктік қатынастарға негізделген қатысушылардың сол сияқты мүліктік, жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін нормалары.

Азаматтық құқыққа азаматтық заңдар сәйкес келеді. ҚР азаматтық кодексі (ендігі жерде ҚР АК) жалпы бөлімнен (27.12.1994 ж.) және ерекше бөлімнен (01.06.1999 ж.) құралған. Жалпы бөлімде пән, әдіс, азаматтық құқық жүйесі, азаматтық құқықтар қатынастары, азаматтық құқықтар субъектілері және т.б. жалпы сұрақтар қаралады. Ерекше бөлімде нақты міндеттемелер (сатып алу-сату, тасымалдау, сыйлау және т.б.) сондай-ақ мұрагерлік мәселелері, зияткерлік меншік құқығы және халықаралық жеке құқығы қаралады.

Азаматтық құқық қатынастары бұл- мүліктік және жеке мүліктік емес азаматтық құқық қатынастары нормаларымен реттелу нәтижесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Субъектілік құқықтар және оның қатысушыларының міндеттері оның мазмұның құрайды. Азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, әкімшілік-аумақтық бірліктер азаматтық құқық қатынастарының қатысушылары бола алады. Азаматтық құқық қатынастары көп және әртүрлі, одан мүліктік және мүліктік емес; жай және күрделі; абсолюттік және салыстырмалы құқық қатынастары бөлініп шығады.

ҚР АК 12 бабы – жеке тұлға бұл – ҚР азаматтары, өзге мемлекет азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар екендігін анықтайды. Құқық қатынастарының қатысушылары болу үшін азаматтық құқық қабілеті және іс-әрекетке қабілеттілік болуы қажет.

Азаматтық құқық қабілеттілігі бұл – азаматтық құқықтардың болу қасиеті және жауапкершілікті мойындау. Ол барлық азаматқа тепе-тең өлшемде жүктеледі. Туылған күнінен пайда болып дүниеден өткенде тоқтатылады. (ҚР АК 13 бабы).

Азаматтық іс-әрекетке қабілеттілік - өз іс-әрекетімен азаматтық құқықтар мен міндеттерді өзі үшін ие болу, жүзеге асыру, жасау және оларды орындау.

Іс-әрекеттің болуының құқықтық қабілеттіліктен өзгешелігі төмендегі қасиеттермен шартталған – жекелеген психикалық кәмелеттік меже, құқықтық нормаларды түсіну – бұл жас ерекшелікке және денсаулыққа тәуелді.

Заң іс-әректетке қабілеттілікті (18 жасқа жету), кәмелетке жетпегендердің іс-әрекетке қабілеттілігін (14 жастан 18жас аралығы), жас балалардың іс-әрекетке қабілеттілігін (ішінара іс-әрекетке қабілеттілікті, 14 жасқа дейін) жекелейді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-31; Просмотров: 1224; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.