Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

БИЛЕТ №4




1.Құқықтың қайнар көздер түсінігі және түрлері

Құқықтың пайда болуы мемлекеттің пайда болу себептерімен айқындала- ды. Мемлекетаса маңызды әлеуметтік нормаларды құқықтық нормаларға айналдыра отырып қамтамасыз етеді, сондай-ақ құқықтың жаңа нормаларын белгілеу бойынша қызметті жүзеге асырады.

Құқық - мемлекет белгілеген жалпыға міндетті, белгілі бір өзін-өзі ұстау мәнері ережелерінің жүйесі, оның көмегі арқылы жеке тұлғаның және қоғамның аса маңызды мүдделері жүзеге асырылады. Құқық нормаларымен қоса қоғамда қарым-қатынасты реттеуші ретінде мораль нормалары, діни нормалар т.б. қызмет жасайды. Алайда құқық басқа әлеуметтік нормалардан мемлекет тарапынан шығатындығымен ерекшеленеді; құқық нормалар жалпыға бірдей міндетті; жазбаша түрде ресімделген, бекітілген.

Құқық қоғамдық қатынастарды реттей алу үшін сыртқы көрінісі болуы керек. Құқықтық доктринада құқықтың қайнар көзі, яғни жеткізу амалы және құқықтық нормаларды бекіту секілді ұғым пайдаланылады.

Жалпыға міндетті, заңдық маңыз берілген, мемлекеттен шығатын және мемлекет мойындаған ресми іс-құжатты нысанда көрінетін нормалардың жиынтығы құқықтың дерек (қайнар) көздері деп аталады. Құқықтың қайнар көздерінен құқықтың нысандарын (формаларын) айыра білу керек. Біріншіден, құқықтың қайнар көздері әрқашан құқықтың нысан түрінде институтталған, ал құқық нысаны құқық шығару (құқық қабылдау) іс- әрекетінің нәтижесі. Екіншіден, адамдардың мінез-құлығын құқықтың нысанына сіңген құқық ережелері анықтайды, реттейді. Құқықтың келесі қайнар көздері белгілі: 1) құқықтық дәстүр – мемлекет рұқсат берген дәстүр; 2) заңдық прецедент - келешекте осы тектес барлық істерді шешуде үлгіге айналған сот немесе әкімшілік органның шешімі; 3) нормативтік келісім - құқықтың түрлі субъектілері арасындағы келісімнің құқықтық нормалары; 4) нормативтік-құқықтық акт - құқық нормаларынан тұрады және алдын-ала шектелмеген жағдайларды реттеуге бағытталған және үздіксіз қолданылады. Барлық нормативтік-құқықтық актілер заңдар мен заңға тәуелді актілерге бөлінеді. Сондай-ақ, құқықтану, құқық негіздеріне байланысты әдебиеттерде құқықтың алты қайнар көздері былай көрсетіледі: құқықтық дәстүр, нормативтік кесім, соттық үлгі, шарт (соның ішінде әкімшілік), сот практикасын байыту, ғылыми құқықтық доктрина.

Құқықтың ең алғашқы қайнар көздерінің бірі бұл құқықтық дәстүр. Адамдардың үнемі қолдануының барысында әдетке айналған, сақталуы мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілетін, мінез-құлық ережелерінің жиынтығы құқықтық дәстүр деп ат\ды. Дәстүр мемлекет пайда болған кезде ғана құқықтық сипатқа ие болады. Себебі, дәстүр мемлекеттің қолдауына сүйеніп жалпыға бірдей міндеттілікке айналады.

Құқықтың қайнар көздерінің тағы бірі докторина деп аталады. Докторина деген сөз ілім, ғылыми философиялық не құқықтық теория, құқықтық білімдер жүйесі деген мағына береді. Мыс, діни докторинаға сүйеніп біршама қоғамдық қатынастар құқықтық сипатқа ие бола алады. Нақтырақ айтсақ Ислам дінінде Құранның, Шариғаттың көмегімен кейбір отбасы –некелік, мүліктік ж\е де басқа даулар қаралып шешілген. Сонда Шариғаттық докторинаға негізделіп қабылданған шешім заң деп есептелген.

Құқықтың қайнар көзіне келесі бір құқықтық өске өнеге болатын құқықтық үлгі де жатады. Құқықтың үлгінің соттық ж\е әкімшілік сияқты екі түрі болады.

Барынша көп тараған құқықтың қайнар көздерінің бірі, мінез-құлықтың қайнар көздерінің бірі, мінез-құлықтың жалпы міндетті ережесі, мем\ң органдары жасаған не бекіткен ресми іс-құжаттардың жиынтығы нормативтік құқықтық актілер болып есептеледі.

2. Азаматтық құқықтық қатынас субьектілері

Азаматтық құқық қатынастары бұл - мүліктік және жеке мүліктік емес азаматтық құқық қатынастары нормаларымен реттелу нәтижесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Субъектілік құқықтар және оның қатысушыларының міндеттері оның мазмұның құрайды. Азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, әкімшілік-аумақтық бірліктер азаматтық құқық қатынастарының қатысушылары бола алады. Азаматтық құқық қатынастары көп және әртүрлі, одан мүліктік және мүліктік емес; жай және күрделі; абсолюттік және салыстырмалы құқық қатынастары бөлініп шығады.

Азаматтық құқықтар мен міндеттер құқықтың субьектілері деп аталатын құқықтық қатынасқа қатынасушыларға тән. Азаматтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне:

-азаматтар;

- заңды тұлғалар;

- мемлекет;

- сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөоіністер жатады.

Аталған суб\ң азаматтық құқ\қ қатынастарға қатынасуының алғышарты олардың азаматтық құқықтық қабілеттілікке ж\е аз\қ әрекет қаб\не ие бола алуы болып табылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-31; Просмотров: 1007; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.