КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
БИЛЕТ №24
1. Әкімшілік жауапкершілік Әкімшілік жауапкершілік — азаматтар мен лауазымды адамдардың өздерінің әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттері үшін заңалдындағы жауапкершілігінің бір түрі. Кінәлі адамдар өзі құқық бұзған уақытта және территорияда қолданылатын заңдар негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республикасында 1984 жылы 24 наурызда қабылданған (1995 жылы 1 сәуірде бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізген) “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі” қолданылады. Осы құжат бойынша әкімшілік жауапкершілікке құқық бұзған сәтте 16 жасқа толған азаматтар ғана тартылады. Әскери қызметшілер мен әскери жиындарға шақырылатындар, ішкі істер органдарының қызметкерлері әкімшілік құқықты бұзған ретте тәртіптік жарғылар бойынша жазаланады. Қазақстан Республика Парламентінің депутаттарын — сәйкесті Парламент палатасының, жергілікті мәслихат депутаттарын — сәйкесті өкілетті органның келісімінсіз, ал Қазақстан Республикасының судьяларын Қазақстан Республика Президентінің келісімінсіз Әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды. Сондай-ақ республикадағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды, өзінің іс-әрекетіне есеп бере алмайтын, есі дұрыс емес адамдарды т.б. Әкімшілік жауапкершілікке тартуға қатысты мәселелер қолданыстағы әкімшілік кодексте егжей-тегжейлі көзделген. 2. Әкімшілік құқықтың субъектісі деп ҚР-ның қолданылып жүрген заңнамаларына сәйкес әкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қоғамдық қатынастардың қатысушылары (тараптары) бола алатын адам немесе ұйым түсініледі. Бұл сияқты субъектілер тобы әр түрлі. Бірақта мұндай субъект болу үшін ерекше заңдық қасиеті болуы қажет. Бұл қасиет-әкімшілік құқық-субъектілігі. Әкімшілік құқық субъектілігі дербес құқықтық маңызы бар екі элементтен тұрады: әкімшілік құқық қабілеттіліктен және әкімшілік әрекет қабілеттіліктен. 3. Әкімшілік құқықтық қатынас Әкімшілік-құқықтық қатынастар құқықтық қатынастардың бір түрі болып табылады. Оларға қандай да болмасын құқықтық қатынастардың барлық негізгі белгілері тән, атап айтқанда, құқықтық норманың біріншілігі, соның арқасында құқықтық қатынас тиісті құқықтық норманың тиісі қоғамдық қатынасқа, оған заңдық нысан беретін, реттеушілік ықпал жасауының нәтижесі; осы қатынас тараптарының іс-қимылдарын (мінез-құлықтарын) құқықтық нормамен реттеу: құқықтық нормамен белгіленетін құқықтық қатынас тараптарының өзара міндеттері мен құқықтарын сәйкестендіру (корреспонденциялау) және с.с.
Дата добавления: 2015-05-31; Просмотров: 562; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |