Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

БИЛЕТ №29




1. ҚР еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдісі, жүйесі

Еңбек құқығының нарығы жұмыс істеу үрдісіндегі еңбекті қолдану мен оны ұйымдастыру барысында қалыптасып, қоғамдық қатынастарды реттейді.

Еңбек құқының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастардың шеңбері кең және неғұрлым күрделі.

Ондағы негізгі орынды-жұмыскер мен жұмыс беруші арасында жұмыскердің өз еңбек қызметін іске асыру кезінде пайда болған еңбек қатынастары алады. Еңбек қатынасының негізгі мағынасы мен оның обьектісі жұмыс, яғни азаматтың еңбекке деген мүмкіндігін іске асырудан басталады

Еңбек құқығының пәні келесідей ерекшеліктермен сипатталады:

Ø қарым қатынастар ішкі еңбек қатынасы жағдайында жұмыскерді белгіленген өзара еңбек ету жағдайына бағындырудан шығады;

Ø жұмыскер нақты бір мекеменің еңбек ұжымына енгізіледі;

Ø еңбек қатынастары – жұмыскерді жеке еңбек келісім шарты арқылы жұмысқа жіберуге негізделген ерекше заңды деректерге байланысты пайда болады;

Ø еңбек қатынасының мазұмыны жұмыскердің қатаң түрде белгіленген, кәсіпке, мамандыққа, біліктілік пен лауазымға негізделген жұмысты атқаруымен байланысты.

Еңбек құқының пәнін құрайтын еңбек қатынасынан басқа қатынас шеңберіне еңбекке қатысты (еңбекке қосарланатын, одан шығатын немесе онымен бірігетін) қатынастар да жатады. Ондай қатынастар мыналар;

Ø ұйымдастыру-басқару қатынасы;

Ø жұмысқа алу бойынша қатынастар;

Ø жұмыс барысындағы кәсіби дайындығы мен біліктілігін арттыру қатынастары;

Ø еңбек келіспеушілігін қарастыру барысындағы қатынастар;

Ø еңбек заңдылығын сақтау мен оны бақылауға байланысты қатынастар.

2. Еңбек құқының әдістері

Еңбек құқының қазіргі кездегі әдістері төрт негізгі белгілермен сипатталады:

1. Еңбек қатынастарының орталықтанған және оқшауланған реттеулерінің өзара бірлесуі. Бұл белгі еңбекті басқарудың мемлекеттік –құқықтық негізін көрсетеді. Орталықтанған басқару нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау арқылы жүзеге асырылады, онда еңбекке қатысудың ең төменгі кепілдігі белгіленеді. Оқшауланған реттеулер жекеленген және ұжымдық еңбек келісім шартына отыру арқылы, сондай-ақ жұмыс берушінің актісін қабылдау арқылы жүзеге асады.

2. Келісімдік, ұсынылған және императивтік реттеу әдістерінің бірлесуі. Келісімдік реттеулер еңбек қатынастарында туындайтын көпшілік жағдайында олар өз бетімен оған қатысушы болады, яғни келісім шартқа отыру арқылы (мысалы, жұмыс істеу аптасы мәселесін шешу барысында, еңбек ақы төлеу жағдайын шешу барысында т.б.) Ұсынылған әдіс ұсыну әдістері болған жағдайда көрінеді, оны сақтау заң шығарушы үшін міндетті болып саналады, алайда екі тарап ешқандай санкция қолданылудан қорықпайтын жағдайда оны сақтамауына да болады. Мұндай нормаға бірінен кеиін бірін екі бірдей демалыс күнін беру жатады. Реттеудің императивтік әдісі міндетті түрде норманы сақтаудың барлығымен көрінеді. Негізінен еңбекті қорғаудың барлық институттары императивтік нормадан тұрады. Сонымен қатар заң шығарушы жалақы көлемін, демалыс уақытына т.б. жұмысқа алу жасына қатысты ең төменгі талаптар қояды.

3. Кәсіподақтық мекемелердің еңбек қатыныстыран реттеуге қатысу. Кәсіподақтық негізгі екі функцияны жүзеге асырады- өкілетті және қорғаушы, сондай-ақ ұжымдық келісім шартқа отыру кезінде, жеке еңбек келісім шартына отыру барысында және ұжымдық еңбек келіспеушілігі кезінде жұмыскердің мүддесін қорғайды.

4. Жұмыскерлердің еңбек құқығын қорғау әдістерінің өзіндігі. Ол ерекшелік ең бірінші еңбек құқы- ол кәсіподақтық мекемелердің әрекет ету негізінен көрінеді. Сонымен қатар арнайы мекемелер мен еңек келіспеушілік жағдайларын қарастаратын әдістер бар- ол мекемелер келісім коимссиясы, немесе көтеріліс жасау сияқты әдістер

3. Еңбек құқығының жүйесі.

ҚР еңбек құқының жүйесі-ол бір тұтас (сала) негіз құрайтын, неғұрлым жеке өзіндік білім беруге бөлінетін жүйе (институттар), сондай-ақ басқа да одан да құрылымдық бөлшекті норманы құрайтын (институт ішіндегі жіктердің) нақты жалпылығы.

Еңбек құқының барлық жүйесі құралым бойынша екі үлкен – Негізгі және Ерекше бөлімге бөлінеді.

2. Құқықбұзушылық түсінігі және оның құрамы

ұқық, құқық бұзушылық термині пайда болған кезінен, бұл тақырыпқа зерттеушілер көп еңбек арнаған. Оның себебі, адамзат қандай да прогресстік жолға шықса да, адам мен адам, тұлға мен қоғам арасында әрқашан да түсінбеушілік пайда болады. Қоғам ішіндегі проблемаларды шешу үшін, біздің заманымызға дейн адамзат заң мен жеке құқықты ойлап тапты. Құқық бұзушылықпен, адам баласы жер бетін алғашқыда басып жүрген кезінен кездескен. Эмилем Дюркгейм айтқандай: Құқық бұзушылық әр сау қоғамның бір белгісі. Сонымен де, құқық бұзушылықтын қандай да формасы, жеке тұлғаға, жалпы қоғамға, тұтас мемлекетке де, материалдық, социалдық, психологиялық, саяси да, зиян келтіреді. Жақын туыстарынан айырылуы, ақша жағынан зиянға ұшырауы, денсаулыққа зардап шегуі және т.б., бұның барлығы әр адамға өте ауыр тиеді. Ал әлемдік масшабтағы құқық бұзушылықты алсақ, бұл – терроризм, геноцид, соғыстар, рассалық бөлініс, бүкіл адамзатқа, планетарлық масштабта зиян келтіреді. Сондықтан да, біз қоғамды реттейтін заңды ережені, құқық, немесе норма деп атаймыз. Осыған байланысты ережелерге қарсы әрекеттерді, біз құқық бұзушылық, немесе қылмыс деп те, атаймыз.

Құқық бұзушылықты түсіну және ашу, бұл мемлекет және құқық теориясы пәнінің басты қызметтердің бірі. Бұл проблемаға өте терең зерттеу жүргізу, оның социальдық маңызын білу, қоршап тұрған факторды есепке алу, болашақта заң бузұшылықты азайту, жетістіктерге қол жеткізе білу, бұның барлығы болашақ заңгерлерге үлкен көмек береді.

Бұл тақырыпты зерттегенде алғашқыда, құқық бузұшылықтың жалпы белгілерге дұрыс, жеке сипаттама беру керек. Құқық бузушылықтың классификациясы болса да (азаматтық, әкімшілік және т.б. қ.б.), оларды біріктіретін ортақ белгісі бар бұл – белгіленген ережелерді орындамау немесе заңға бағынбау. Есімізге салған жөн, құқық бұзушылық, бұл адамдар әрекетті (немесе әрекетсіздігі) және де, жауапқа тек адамдар тартылады. Қоғамға табиғат немесе жануар әрекетінен зиян келсе, олар жауапқа тартылуы мүмкін емес. Бірақ та, тарихқа назар аударсақ, 18 ғасырға дейн Еуропаның кейбір елдерінде жануарларды жауапқа тарту процестері кездескен. Жаупқа тарту процесстерінде де, өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, 14 жасқа толмаған балаларды заң алдына жауапқа тартуға болмайды. Тек қана белгілі елдің азаматы ғана емес, сонымен бірге басқа елдің азаматтары да, қылмыс үшін жаупқа тартылады.

Мемлекет және құқық теориясы, құқық бұзушылық түсінігін студенттерге терең анализ жасауға, субьективті және обьективті қарауға, дұрыс шешімді таңдап алуға үйретеді.

3. Ерлі-зайыптылардың құқытары мен міндеттері

Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері

Тіркелген неке ерлі-зайыптылардың арасындағы жеке және мүліктік құқықтар мен міндеттерді тудырады.

«Неке және отбасы туралы» Заңның 29-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарына мыналар жатады: тегін таңдау құқығы, қызмет түрін, мамандықты, тұрғылықты жерді таңдау құқықтары, отбасы өмірінің мәселелерін бірлесіп шешу құқығы.

Заңға сәйкес ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттерді атқарады. Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарының теңдігі отбасы өмірінің барлық жалпы мәселелерін (ана, әке болу, балаларға тәрбие мен білім беру мәселелерін және отбасы өмірінің басқа да мәселелері) олардың бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді. Алайда, ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да жеке құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылықты пайдалануға тиіс емес.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-31; Просмотров: 596; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.