Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

БИЛЕТ №26




1. Қаржылық бақылау түсінігі және түрлері

аржылық Бақылау

 

Қаржылық бақылаудың түсінігі.

 

Қаржылық бақылау-қаржы жүйесінің барлық звеноларының ресурстарды құру, бөлу, пайдалану негізін тексеруге бағытталған ерекше қызметі.

 

Қаржылық бақылаудың мақсаты мемлекеттің қаржы саясатын ұтымды жүргізуге, қаржы ресурстарын құру мен тиімді бөлу үдерісін қамтамасыз етуге бағытталған. Қаржылық бақылаудың құн катигориясын пайдаланумен байланысты бақылаудың ерекше саласы ретінде мақсаты және белгілі бір қолдану аясы бар.

 

Қаржылық бақылаудың объектісі болып қаржы ресурстарын, оның оның ішінде ұлттық шаруашылықтың барлық звенолары мен деңгейлерінің ақша қаражаттары қоры нысанында, құру және пайдалану барысындағы ақшалай, бөлу үдерістері танылады.

 

Қаржылық бақылау мынадай тексерулерді қамтиды: экономикалық заңдардың талаптарын сақтау; жалпы қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлудің оңтайлы пропорциясы; бюджетті құру және орындау (бюджеттік бақылау);шаруашылық жүргізуші субъектілердің, бюджеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа да заңды тұлғалардың қаржылық жағдайы мен еңбек, материалдық, қаржы ресурстарын тиімді пайдалану; салықтық бақылау. Қаржылық бақыаудың іс жүзіндегі көптеген типтері, түрлері және нысандарын мынадай белгілері бойынша жіктемелеуге болады:

1) Бақылау қызметтерінің суъектісі мен сипаты: мемлекеттік, ведомстволық пен сыртқы ведомстволы, корпоративтік, меншік иесінің бақылауы, комиссиялық және жекелік;

2) Бақылау объектісі: ішкі, сыртқы, технологиялық, экономикалық, басқарушылық технологиялық, экологиялық, заңдылықжәне т.б.;

3) Бақылау аясы: халықаралық, қоғамдық, тәуелсіз, парламенттік, үкіметтік, соттық, салалық, салааралық, ішкі-шаруашылық;

4) Бақылау нысаны; аудит, тексеру, тақырыптық тексеру, зерттеу шолуы талдау, қаржылық – бухгалтерлік сараптама:

5) Өккізу мерзімі: алдынала, жедел, ағымдағы, келесі, жылдық, тоқсандық, ай сайынғы, он күндік және тәуелдік;

6) Қамтау толықтығы: толық, ішінара, кешенді, камерельдық, операциялық, тақырыптық, жаппай, іріктелуі, бір және көп мәнді;

7) Бақылаудың түрлері: орындалудың бақылауы, сәйкестігін бақылау, есеп беруді бақылау, тиімділігін бақылау мен арнаулы бақылау;

8) Бақылау әдістері: құжаттық, нақтылық, атқарымдық, жүйелік, логикалық, ыңғвйласпалық, ұйымдастырушылық, математикалық, құқықтық, компьютерлік, мониторингтік, технологиялық;

9) Бақылаудың кезеңдігі: бір жолды, қайталамалы, жүйелі, жоспарлы, төтенше және т.б.

 

2. Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары

Алименттік қатынастар және оның түрлері Алименттер (лат. alimentum деген сөзінен — "тағам, асырап-бағу" дегенді білдіреді) — заңда белгіленген жағдайларда бір отбасы мүшелерінің оның өзге мүшелерінің пайдасына төлеуге міндетті белгілі бір ақшалай қаражат. Алименттік міндеттемелер негізгі отбасылық қатынастар болып табылады, ал олардың мақсаты — отбасының еңбекке қабілетсіз және көмек қажет ететін мүшелерін асырау. Алименттер сот шешімімен (алименттер төлеудің соттық тәртібі) немесе тараптардың келісімімен (алименттер төлеудің ерікті тәртібі) төленеді.

 

Алименттік міндеттемелердің өзіне тән мынадай белгілері болады:

 

• бұл қайтарып берілмейтін сипаттағы міндеттеме. Алимент төлеушінід өз шығынын қандай да бір орнын толтыруға құқығы жоқ;

 

• олардың қатаң жекебастық сипаты бар. Мұнын мөнісі, алимент төлеуге міндетті адам ол міндетін орындауды басқа біреуге тапсыруға қақысы жоқ. Екінші жағынан, алимент алуға құқықты адам, бұл құқығын езге біреуге бере алмайды. Алимент алу құқығы және алимент төлеу міндеті мұрагерлік тәртіппен басқа адамға кешпейді;

 

• алименттік міндеттеме мүліктік-құндық болып табылады, яғни бұл арада материалдық игіліктерді (әдетте, ақшалай қаражатты) алушының мүлкіне өткізу (косу) жүзеге асырылады.

 

Алименттік міндеттемелерге төмендегідей заңдық фактілер негіз болады:

 

• субъектілер арасында туыстық немесе өзге де отбасылық байланыстың болуы (мысалы, ерлі-зайыптық қатынастар);

 

• заңда немесе талаптардың келісімінде көрсетілген шарттардың болуы (мысалы, алимент алушынын мұктаждығы, еңбекке жарамсыздығы, алимент алушылардын көмелетке толмағандығы және баскалары);

 

• тараптардьщ алимент төлеу жөніндегі келісімі немесе соттың алимент өндірш алу жөніндегі шешімі.

 

Алименттік міндеттемелердің немесе алименттік қатынастардың мынадай түрлері болады:

 

• ата-аналардын балаларға қатысты алименттік міндеттемелері;

 

• балалардың ата-аналарға қатысты алименттік міндеттемелері;

 

• ерлі-зайыптылардың және бұрынғы жұбайлардың алименттік міндеттемелері; көмелетке толған ағалары мен қарындастарының, әжелері мен аталарының алименттік міндеттемелері.

3. Іс жүргізу құқығы түсінігі

Қылмыстық іс жүргізу құқығы қылмыстық құқықпен тығыз байланысты. Қылмыстық іс жүргізу құқығы — бұл қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібін бекітетін және қылмыстық істерді қозғау, тергеу, сотта қарау бойынша анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура мен сот үкімінің орындалуы мен іс жүргізу мәселелерін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі.

 

Қылмыстық процесс — бұл алдын ала тергеу, прокурор, судья және сот органдарының заңмен реттелген қызметі. Ол қылмыстар туралы өтініштерді (хабарларды) алдын ала тексеру, қылмыстық істерді тергеу, қарау және шешу, үкімнің орындалуы бойынша қызметтер болып табылады, Қылмыстық процестің екі мақсаты бар:

тікелей — әрбір қылмыс жасаған адам әділ жазаға тартылуы тиіс; әрбір кінәсіз адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталмасын;

жалпы — заңдылықты нығайту; қылмыстардың алдын алу және жою;азаматтарды құқықтық және адамгершілікке тәрбиелеу.

 

Қылмыстық процестің міндеттері мынадай: қылмыстарды тез арада және толықтай ашу; кінәлілерді табу; заңдарды дұрыс қолдану.

Қылмыс жасалғаннан кейін бірнеше құқықтық қатынастар туады. Олардың ішінде ең маңыздысы — өкімет органдары мен қылмыс жасаған азаматтардың арасындағы құқықтық қарым-қатынас. Бұл қатынасты қылмыстық процессуалдық қатынас деп атайды.

 

Жалпы мемлекет және құқық теориясына сәйкес қылмыстық құқықтық қарым-қатынас мемлекет пен қылмыс жасаған адамның арасында туатыны белгілі, ал процессуалдық қарым-қатынас қылмыстық іс жүргізетін орган мен қылмыскердің арасында туады, қылмыстық заң қылмыс жасаған азаматтардың жауапкершілігінің негізі мен шегін анықтайды, ал қылмыстық іс жүргізу заңы айыпкерді жауапқа тарту негізі мен тәртібін анықтайды.

 

Қазіргі қолданыстағы заң бойынша қылмыс жасаған адам дәлелсіз тағылған айыптан, орынсыз сотталудан және әділетсіз жазадан заңды түрде қорғануға құқылы. Алайда тергеуші, не болмаса прокурор қылмыстық іс қозғап, алдын ала тергеу жүргізбесе, процессуалдық қарым-қатынас тумайды, себебі қылмыстық іс қозғауға құқылы мемлекет органдары мен лауазымды адамдар қылмыс болғанын білмейді. Басқаша айтқанда, ең бірінші қылмыстық құқықтық қарым-қатынас пайда болады, содан кейін құқықтық процессуалдық қарым-қатынас туады (арыз, шағым не болмаса хабарлама түскеннен соң), өйткені материалдық заңының өмір сүру жолы іс жүргізу болып саналады. Қылмыстық құқықтық қарым-қатынас қылмыстық процессуалдық қарым-қатынассыз жүзеге аса алмайды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-31; Просмотров: 538; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.017 сек.