КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Глоссарий 6 страница
Мүлік бөлінетін және бөлінбейтін болуы мүмкін. Бөлінетін мүлік дегеніміз-бөлу нәтижесінде бөліктері өз мақсатын (міндетін) жоғалтпайтын мүлік. Бөлінбейтін мүлік-өзінің шаруашылық мақсатын өзгертпей бөлуге болмайтын немесе заң құжатында ұйғарылуына қарай бөлуге жатпайтын мүлік. Енді күрделі заттар деген ұғымға тоқтала кетейік. Егер әр текті заттар бірігіп бір мақсатқа пайдаланылса әрі бүтін бір затты құрайтын, олар бір зат деп қаралады.Оған мысал ретінде кітапхананы, почта маркалары коллекциясын және т.б. айтуға болады. Тағы затты басты және керек-жарақ (қосалқы) деп бөледі. Азаматтық кодексте жемістер, азық-түлік және табыстар деген заттар қаралған. Бұл затты пайдалану нәтижесінде алынған түсім. Жемістер деп отырғанымыз малдың төлі, жеміс ағаштарының және т.б., ал табыстар азаматтық айналымда пайда түсіреді, оған жалдама ақы, пайыздар және т.б. азық-түлік (өнім) дегеніміз өндірістік мақсатқа орай затты пайдаланудан түскен өнімдер болып табылады. Жануарлар зат ретінде қарастырылатынын атай кету керек. Заңда ерекше объектілердің азаматтық немесе заңды тұлғаның интеллектуалдық меншігін қарастырады, оған интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері және оған теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру құралдары жеке немесе заңды тұлғаның өзі орындайтын жұмысының немесе қызметінің өнімдері (фирмалық атау,қызмет көрсету белгілері және т.б.) жатады. Жылжымайтын заттарға жатпайтын мүлік, оның ішінде ақша мен бағалы қағаздар қозғалатын мүлік деп танылады. Заң құжаттарында көрсетілгеннен басқа реттерде қозғалатын мүлікке құқықтарды тіркеу талап етілмейді, ал қозғалмайтын заттарға меншік құқығы мен басқа құқықтар, бұл құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттік тіркелуге тиіс. 2. жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға мыналар жатады: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы жәнек басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар. Құқық объектісі ретінде заттардың экономикалық (шаруашылық) және физикалық қасиеттерінің азаматтық құқыта үлкен маңызы бар. Затқа қатысты туындайтын заңдылық қатынастардың сипаты күні бұрын белгіленеді. Сондықтан азаматтық құқықтың ғылыми негізгі заттарды тиісті физикалық немесе экономикалық қасиеттеріне қарай саралап береді. Меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Меншік иесінің өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болады. Иелену құқығы дегеніміз мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету. Пайдалану құқығы мүліктен оны пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін. Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Осылардың бәрі азаматтық құқық институты - меншік құқығын құрайды. Қазақстан Республикасының Конституциясы (6-бап) мемлекеттік меншік пен жеке меншікті таниды және бірдей қорғайды. Жеке меншік - азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді. Заң құжаттарына сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесілі бола алмайтын жекелеген мүлік түрлерінен басқа кез келген мүлік жеке меншік болуы мүмкін. Жеке меншікте болатын мүліктің саны мен құны шектелмейді. Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып бөлінеді. Жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар тек қана мемлекеттік республикалық меншікте болады. Меншік иесі болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтарына: жерді пайдалану құқығы; шаруашылық жүргізу құқығы; оралымды басқару құқығы; заңдарда көзделген басқа да заттық құқықтар жатады. Жерді пайдалану құқығы арнайы жер туралы заңнамалық кесімдермен реттеледі. Екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Ортақ меншік екі немесе бірнеше адамдардың меншігіне мүлік түскенде пайда болады. Ортақ бірлескен меншік: ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі; шаруа қожалығының ортақ меншігі; жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік түрінде болады. Меншік құқығына ие болу негіздері мыналар: егер шартта немесе заңдарда өзгеше көзделмесе жаңа заттың меншік құқығына оны дайындаған немесе жасаған тұлға ие болады; мүліктерді пайдалану нәтижесінде алынған түсім (жемістер, өнімдер, табыстар), егер заңдарда немесе бұл мүлікті пайдалану туралы шартта өзгеше көзделмесе, онда меншік құқығы мүліктің заңды негізде пайдаланушы адамға тиесілі болады; меншік иесі бар мүлікке меншік құқығына басқа одан сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту немесе осы мүлікті иеліктен айыру туралы өзге мәміленің негізінде ие болуы мүмкін; азамат қайтыс болғанда оған тиесілі мүлікке меншік құқығы өсиетке немесе заңға сәйкес мұрагерлік бойынша басқа адамдарға көшеді; заңды тұлға қайта ұйымдастырылған ретте оған тиесілі мүлікке меншік құқығы қайта құрылған заңды құқығы мирасқорларына - заңды тұлғаларға көшеді және тағы с. с. Меншік құқығының тоқтатылу негіздеріне келсек, онда меншік иесі өз мүлкін өз еркімен басқаға берсе, одан бас тартса, мүлкі қираса немесе жойылса, сол сияқты заңда көрсетілген жағдайлардағыдай мүлікке меншік құқығынан айырылса, онда оның меншік құқығы тоқтатылады. Мүлікті меншік иесінен ықтиярсыз алып қоюға жол берілмейді. Бірақ мына жағдайларда мүлік меншік иесінен алынуы мүмкін: меншік иесінің міндеттемелері бойынша, мүлікке өндіріліп алған ақы айналымға түссе; реквизицияланса, тәркіленсе; жер учаскесін алып қоюға байланысты жансыз мүлікті иеліктен айырса; күтімсіз ұстаған мәдени немесе тарихи қазыналар сатып алынса және т. б. заңда көзделген реттерге байланысты. Интеллектуальдық меншік кұқығының объектілеріне интеллектуальдық шығармашылық қызметтің нәтижелері, азаматтық айналымға қатысушылар, тауарлар, жұмыстар немесе қызмет көрсетулер, дараландыру құралдары жатады. Бұларға қоса ғылым, әдебиет, өнер туындылары, орындау, фонограмма, хабар таратуды ұйымдастыру, өнертабыс, пайдалы үлгілер, өндірістік үлгілер және ашылмаған ақпарат, оның ішінде өндіріс құпиялары (ноу-хау), фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және т. б. атауға болады. Егер де заңда басқаша көзделмесе, интеллектуальдық меншік объектісіне айрықша құқықтарды олардың құқық иелері шарт бойынша толық немесе ішінара басқа адамға беруі мүмкін, сондай-ақ мұрагерлік әмбебап құқықтың мирасқорлық тәртібімен және заңды тұлғаның (құқық иесінің) қайта құрылуының нәтижесінде басқа адамға ауысады. Интеллектуалдық меншiк құқығының түрлеріне: авторлық құқық; сабақтас құқықтар; өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге құқық; селекциялық жетістіктерге құқық; интегралды микротәсімдер топологиясына құқықтар; ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғау құқығы; фирмалық атауға, тауар белгісіне, тауар шығарылатын жердің атауын пайдалану құқығы жатады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (жалпы бөлімі) 378 - бабында «екі немесе бірнеше тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді орнату, өзгерту және тоқтату туралы келісімі шарт болып танылады» деп айтылған. Сонымен, шарт - оның тараптарының арасындағы дербес еркінің актісі, бірнеше құжатпен бекітілген болса да, өзара келісімі болып табылады. Шарттың атқаратын қызметi, мақсаты - құқықтар мен міндеттердi орнату, өзгерту немесе тоқтату. Шарттардың түрлері. Шарттың әрқилы болып келуі азаматтық құқықта оларды топтастыруға жол ашады. 1. Бір жақты шарттар. Бір тараптың ғана ықтияры (іс-әрекеті) жеткілікті болатын мәмілелер (шарттар) бір жақты болып табылады 2. Екі жақты (өзара) мәміле деп екі тараптың өзара келіскен еркінен (іс-әрекетінен) тұратын мәмілені айтады. Екі жақты мәміле шарт деп аталады. Ол тараптың өзара келісімін білдіреді. Екі жақты мәміле кең тараған - оларға сатып алу-сату, жеткеру, мердігерлік, мүлік жалдау, сақтандыру, авторлық және тағы басқа шарттар жатады. 3. Көп жақты мәміле үш немесе одан көп тараптар ықтиярымен олардың арасындағы келісімнен тұратын мәміле. Шарттар ақысыз,ақылы, консенсуалды (келісім) және нақты шарттарға бөлінгеннен басқа (мысалы, ақысыз шартқа сыйлау, ақылы шартқа тұрмыстық мердігерлік) ҚР Азаматтық кодексі жария шарт ұғымын енгізді. АК 387 - бабына сай жария шарт деп коммерциялық ұйыммен жасалған және осындай ұйым өз қызметінің түріне сай оған өтініш жасаған кез келген адамға жұмыс орындау немесе қызмет көрсету, тауарларды сату жөніндегі міндеттемелерді бекітетін шартты атайды мысалы, бөлшек сауда, жалпы қолданыстағы көлікпен жүк тасымалдау, байланыс қызметі, энергиямен қамтамасыз ету, медициналық, қонақжай, банктік қызмет көрсету және тағы басқалар. Алдын ала жасалатын шарт. Бұл шарт бойынша тараптар алғашқы айтылған талаптарға сәйкес оны болашақта жасауға міндеттенеді (мүлікті аудару, қызмет көрсету немесе жұмыс орындау туралы). Сондай-ақ, қосылу шарты да, шарттың маңызды түрі болып табылады. Ережелерін тараптардың біреуі формулярында немесе өзге стандартты нысандарда белгілеген және басқа тарап оны ұсынған шартқа тұтастай қосылу жолы деп қабылдай алатын шарт қосылу шарты деп танылады (мысалы, энергетика жылу қуаты көздерімен қамтамасыз ету шарты). Әр түрлі шарттардың элементтері бар шарт аралас шарт болып табылады. Үшінші тұлғаның пайдасына жасалатын шарт. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 391 - бабына сәйкес, тараптар несие берушіге емес, шартта көрсетілген немесе көрсетілмеген және борышқордан міндеттемені өзінің пайдасына орындауды талап етуге құқығы бар үшінші жаққа борышқор орындап беруге міндетті деп көрсеткен шарт үшінші жақтың пайдасына жасалған шарт болып табылды. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 393-бабына сай тараптар арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін нысанда келісімге қол жеткен шарт жасалды деп есептелінеді. Әдетте, шарт жасасу мәнді шарттарды мазмұндайтын ұсыныстан басталады. Азаматтық кодекстің 395-бабына сәйкес бір немесе бірнеше нақтылы тұлғаларға жасалған шарт жасасу туралы ұсыныс, егер ол мүмкіндігінше айқын болса және ұсыныс жасаған тұлғаның ол қабылданған жағдайда (акцепт) өзін тәуелдімін деп есептейтін ниетін білдірсе, оферт а деп танылады. Шарттың құрылымы әр түрлі болуы мүмкін, бұл жағдайда нысанына байланысты шарттарда әр түрлі талаптар болуы мүмкін. Бірақ, "Кіріспе" және "Қорытынды бөлім" секілді кей баптары кез келген шартта міндетті түрде болуы қажет. Азаматтық шарттардың негізгі түрлері: 1. Мүлікті меншікке берудегі міндеттемелер; сатып алу-сату шарты (бөлшектеп сатып алу-сату, тауар жеткізілімі, келісім-шарт жасау, энергиямен жабдықтау, кәсіпорынды сату); айырбас шарты. 2. Мүлікті уақытша пайдалануға берудегі міндеттемелер: мүлікті жалдау /аренда/; лизинг; кәсіпорынды жалдау; үйлер мен ғимараттарды жалдау; көлік жалдау; прокат; тұрғын үйді жалдау шарты; мүлікті тегін пайдалану шарты. 3. Жұмыстар атқарудағы міндеттемелер: құрылыс мердігерлігі шарты; жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарты; ғылыми зерттеу, тәжрибе конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік шарты. 4. Қызмет көрсетудегі міндеттемелер: өтелмелі қызмет көрсету шарты; тасымалдау шарты; көлiк экспедициясы; заем шарты; факторинг шарты; банктiк қызмет көрсету шарттары; сақтау шарты; сақтандыру шарты және т.б.
Өзі-өзін бақылау сұрақтары:
Азаматтық құқық қандай қатынастарды реттейді? Азаматтық құқық қатынастарының түрлеріне не жатады? Азаматтық құқық қандай заңдармен реттеледі? Жеке және заңды тұлға деген ұғымды қалай түсінесің? Меншік құқығы дегеніміз не және міндеттемелік құқық қандай әдіс- тәсілдер арқылы қамтамасыз етіледі? Азамат қанша жастан бастап отбасын құруға құқығы бар және отбасы құқығы дегеніміз не? Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Ғ. Төлеуғалиев. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Оқулық- Алматы, 2001ж;* Жайлин Ғ.А. Азаматтық құқық. Жалпы бөлім. Оқулық - Алматы, Юридическая литература, 2007ж Жоламан Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық – Алматы, Нұр-пресс, 2007ж
ҚР қаржы құқығының негіздері Лекцияның мақсаты: мемлекеттің ішкі және сыртқы функцияларын жүзеге асырудағы қаржының мән, мағынасына, мемлекеттің қаржылық қызметіне талдау жасау Қаржы құқығының ұғымы мен түрлерi ҚР бюджет құқығының негіздері Салықтық құқықтың түсiнiгi
Қаржылық құқық – құқық саласы ретінде мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды, яғни мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында туындайтын мемлекеттік қаржылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Құқық саласы ретінде қаржылық құқықтың қайнар көздері қатарына: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Рсепубликасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының Салық кодексі, Қазақстан Республикасының Кеден кодексі және т.б. құықтық-нормативтік кіреді. Қаржының басты мақсаты - мемлекетті ақша қаражатымен қамтамасыз ету. Мемлекеттің қаржылық қызметіне елдің ақша жүйесін ұйымдастыру, мемлекеттік ақша қорларын бөлу және пайдалану жатады. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі: 1. Мемлекеттік қаржылардан: бюджеттік жүйеден; мемлекеттік жүйедегі мемлекеттік мақсатты қорлардан; бдюжеттен тыс мемлекеттік мақсатты қорлардан; мемлекеттік сақтандырудың қаржылық резервтерінен; мемлекеттік банктердің қаржыларынан; мемлекеттік кәсіпорындардың қаржыларынан; мемлекеттік мекемелердің қаржыларынан; 2. Корпорациялық (жеке меншік) қаржылардан: коммерциялық және коммерциялық емес кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларынан; коммерциялық банктердің қаржыларынан; мемлекеттік емес арнаулы қорлардың қаржаларынан; тұрғылықты халықтың қаржыларынан тұрады. Ақша жүйесін қалыптастыру, ұлттық валюталық жүйені құру, сондай-ақ олардың қоғамдық мемлекеттік және жекеше мүдделерге сай жұмыс істеуін қаматамасыз ету негізінен «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Ақша төлемі мен аударымдар туралы», «Валюталық реттеу және бақылау туралы» заңдарының тиісті баптары және т.б. заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдер негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының бюджет құқығы. Бюджеттік құқық, мемлекеттік бюджетті құру және бөлу процесінде пайда болатын құқықтық қатынастарды (республикалық, жергілікті бюджеттердің заңдылық нышанында бекітілген кірісі мен шығысы) реттейді. Бюджеттік қатынастар негізінен Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексімен айқындалады. Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі бюджеттердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен қатынастардың жиынтығынан тұрады. Олар: республикалық бюджет; облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті тәрізді дербес бюджеттер. Бюджеттің құрылымы бюджеттің түсімдері мен шығыстарынан тұрады. Кірістер, бюджет кредиттерін өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар бюджеттің түсімдері, ал шығындар, бюджет кредиттері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу бюджеттің шығыстары болып табылады. Салықтық құқық - занды және жеке тұлғалардан біржақгы өктем, қайтарылмайтын негізде, заң жүзінде белгіленген салықгар мен басқа да міндетті төлемдерді ақшалай түрде бюджетке алу кезінде туындайтын салықгыққатынастарды реттейтінқұқықгық нормалардың жиынтығы. Салық қатынастары салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді. Осыған орай, қандай да болмасын мемлекеттің атқаратын қызметінің ең маңызды, басты түрі - мемлекеттік кіріс.Сол мемлекеттік кірістердің ең негізгілері: салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер. Олар қалыптастыру және алыну тәртібіне байланысты төмендегі түрлерге бөлінеді: А. Салықтар. Корпорациялық және жеке табыс салықтары, қосылған құн салығы, акциздер, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері, әлеуметтік, жер, көлік құралдары мен мүлік салығы. Ә. Алымдар. Заңды тұлғаларды, жеке кәсіпкерлерді, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді, радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды, механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді, теңіз, өзен кемелері, шағын көлемді кемелерді, азаматтық әуе кемелерін, дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін алынатын алымдар; автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы; аукциондардан алынатын алым; елтаңбалық алым; жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын лицензиялық және телевизия мен радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожілілік спектірін пайдалануға рұқсат бергені үшін алынатын алымдар. Б. Төлемақылар. Жер учаскелерін, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын, қоршаған ортаны ластағаны, жануарлар дүниесін, орманды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, радиожілілік спектірін, кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алынатын төлемақылар. В. Мемлекеттік баж. Мемлекеттік баж. Г. Кеден төлемдері. Кеден бажы, кеден алымдары, төлемақы және алымдар. Сонымен салықтар дегеніміз - жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында, мемлекеттің жоғары өкілді органы қабылдаған нормативтік кесімнің негізінде, сондай-ақ заңда белгіленген мөлшерде және уақытта, заңды және жеке тұлғалардан міндетті түрде қайтарылмайтын және ақысыз негізде бюджетке алынатын ақшалай төлемдер. Ал алымдар, төлемақылар мен баждар заңды және жеке тұлғаларға көрсеткен белгілі бір қызметтері үшін мемлекеттік өкілетті органдардың алатын төлемдері. Салықтардың қалыптасқан түрдегі үш функциясы бар: 1. Фискалдық - салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толығымен және уақытылы мерзімде түсіп отыруын қамтамасыз етеді. 2. Қайта бөлу - әртүрлі шаруашылық субъектілерінің табыстарының белгілі бөлігін мемлекет пайдасына қайта бөлу қызметі. 3. Салықтық реттеу - салық нарықтарының мөлшерін өзгерту, салық түрлерін азайту және негізделген салық жеңілдіктерін енгізу арқылы немесе ынталандыру функциясы. Салық қызметі деп мемлекет қазынасын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын мемлекеттік қызметті айтады. Бұл қызмет салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, оларды мемлекет кірісіне алу, салықтық реттеу және бақылау арқылы атқарылады. Салықтық құқықтың дерек көздері болып 2001 жылдың маусымының 12 жұлдызында қабылданған Қазақстан Республикасының Салық кодексі,салық мәселері жөнінде қабылданған Қазақстан Үкіметінің қаулылары және т. б. есептеледі.
Дата добавления: 2015-05-31; Просмотров: 2179; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |