КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Глоссарий 4 страница
Атқару органдарының түсінігі және құқықтық мәртебесі. Атқарушы билік органы – бұл тиісті құзырет берілген, белгілі бір аумақ шеңберінде қызмет атқаратын және атқарушы-өкім етуші қызметті жүзеге асыратын, біршама дербес, құрылымдық жағынан жекеленген мемлекеттік аппараттың бөлігі. Атқарушы билiк мемлекеттiк басқару органдары жүйесiнен тұрады, ал бұл жүйеге Үкiмет, министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен мекемелер, жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттiк кәсiпорындар және мемлекеттiк мекемелердiң әкiмшiлiктерi жатады. Атқару билігі органдарының функциясы. Атқарушы билік органдары бұл тиісті құзырет берілген, белгілі бір аумақ шеңберінде қызмет атқаратын және атқарушы-өкім етуші қызметты жүзеге асыратын, біршама дербес, құрылымдық жағынан жекелеген мемелекетік аппараттың бір бөлігі. Атқарушы билік органдарының түрлері: Унитарлық құрылым белгісі бойынша әкімшілік – аумақтық пен республикалық. Құрылу тәртібі бойынша - сайланатын, құрылатын. Ұйымдық-құқықтық нысандары бойынша - үкімет, министрліктер, агенттіктер, комитеттер, комиссиялар, ведомстволар, қадағалайтындар, инспекциялар, бас басқармалар, департаменттер, әкімияттар, бөлімдер және т.б. Құзыретінің сипаты бойынша - жалпы, салалық, салааралық, арнайы, ішкі салалық. Мәселелерді шешудің тәртібі бойынша - алқалы, жеке-дара басшылық. Қаржыландыру көзі бойынша - бюджеттік, бюджеттен тысқары болып бөлінеді. Үкiмет мемлекеттiң жоғары атқарушы өкiмет органы болып табылады. Қазақстан Республикасында атқарушы билiктiң үлгiсi президенттiк басқару нысанына үйлестiрiле құрылған. Бұл мемлекет басшысының төменнен жоғарыға дейiнгi атқарушы органдарды қалыптастыруда, олардың қызмет атқаруында алатын шешушi рөлiн бiлдiредi. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты. Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртiбi конституциялық заңмен белгiленедi (1995 жылғы 18 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы» мемлекет басшысының конституциялық заң күшi бар Жарлығы). Үкiметтi Премьер-министр, оның орынбасарлары, министрлер және мемлекеттiк комитеттердiң құрамында Республика Президентi құрады. Республика Премьер-министрi тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмінде Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы Президентке ұсыныс енгiзедi. Үкiмет мүшелерi Қазақстан халқы мен Президентiне ант бередi. Үкiмет ұйымдық жағынан алқалы орган болғандықтан оның шешiмдерi Үкiметтiң отырысында алқалы түрде қабылданады. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қаматамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; 2) Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді; 3) мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қаматамасыз етеді; 4) мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады; 5) Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөніндегі шаралар әзірлейді; 6) министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды; 7) Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің күшін толық немесе қолданылу бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады; 8) Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 9) өзіне Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген өзге де қызметтерді орындайды. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Үкімет қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды оның жұмысы үшін дербес жауап береді, Үкімет қаулыларына қол қойып, Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде, аса маңызды барлық шешімдері жөнінде Президентке баяндап отырады және Үкімет қызметін ұйымдастыруға және басшылық жасауға байланысты басқа да қызметтерді атқарады. Министрлiк - Республиканың мемлекеттiк басқарудың тиiстi салаларындағы, сондай-ақ заңдар деңгейiнде салалық үйлестiруге басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Мемлекеттiк комитет - Республикада мемлекеттiк басқарудың тиiстi салаларда бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзетiн және заңдарға сәйкес осы мақсаттарда салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган. Үкiметтiң құрылымынан Үкiметтiң құрамына кiрмейтiн, бiрақ оның иелiгiнде болатын орталық атқарушы органдарды (Республика комитетi, бас басқармасы, комиссиясы, агенттiгi және өзге де республикалық мемлекеттiк басқару органдарын) және Республиканың ведомстволарын (министрлiктегi, мемлекеттiк комитеттегi комитеттер, департаменттер, агенттiктер) бөлiп айтқан жөн. Жергiлiктi атқарушы органдар елiмiздiң атқарушы билiгiнiң бiрегей жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады және олар жергiлiктi жерлерде жалпы мемлекеттiк саясатты тиiстi аумақтарды дамыту мүддесiмен үйлестiре жүргiзудi көздейдi. Жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлеттiлiгi, жауапкершiлiгi, қызмет тәртiбi Конституцияның 87 - бабымен бiрге «Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы» 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Заңнмен, сондай-ақ басқа заңдармен және заңға сәйкес нормативтiк-құқықтық кесiмдермен реттеледi. Осы заңмен әкiмнiң мiндетiндегi жеке өкiлеттiктi де, әр түрлi салалар мен қызметтердi тұтас атқарушы орган, яғни әкiм және оған бағынатын органдар жүзеге асыратын өкiлеттiктi де белгiлейдi. Өзі-өзін бақылау сұрақтары: Қ.Р.- да әкімшілік жауаптылыққа қанша жастан бастап тартылады? 2. Әкімшілік құқық бұзушылық деген құқықтық ұғымды қалай түсінесің? 3. Қ.Р.- ның конституциялық құрылымдарына қандай органдар жатады?
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Сапарғалиев Ғ., Ыбыраева А. Мемлекет және құқық теориясы.-Алматы,1998. Нысаналы А. Төле би.\ Егемен Қазақстан, 1991, 30 қараша. Дулатбеков Н.О. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы бойынша хрестоматия.-Қарағанды: ҚарМУ, 1994. Бейсенова А., Бiржанова В. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық негiздерiн оқып-үйренушiлерге көмек: Оқу - әдiстемелiк құрал.-Алматы,1997.
ҚР әкімшілік құқық бұзушылық негіздері Лекцияның мақсаты: құқықтық, қоғамдық тәртіпті болдырмау, алдын алу, сондай -ақ жоюды жүзеге асыратын нормаларға тоқталу Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы ҚР кодексiнiң қағидалары. Әкiмшiлiк жауапкершiлiктiң түсiнiгi. Әкiмшiлiк жазаның түрлерi Әкiмшiлiк iстердi қараудың тәртiбi Бұлтартпау шаралары
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексі Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған прициптері мен нормаларына негізделеді. Кодекс 733 баптан, Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің міндеті - адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, халықтың денсаулығын, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншікті, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін әкімшілік құқық бұзушылықтан қоғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу болып табылады. Осы міндетті жүзеге асыру үшін Кодекс: - әкімшілік жауаптылықтың негіздері мен принциптерін белгілейді; - қандай әрекеттердің әкімшілік құқық бұзушылық болып табы-латынын және олардың жасалғаны үшін қолданылатын жазалардың түрлерін; - әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға қай мемлекеттік органның (лауазымды адамның) қандай әкімшілік жаза және қандай тәртіппен қолданылуы мүмкін екенін айқындайды. Жеке адамның ӘҚБтК бойынша әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақан немесе абайсыздықта жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады. Оның белгілер і: қоғамға қауіптілігі, құқыққа қарсылығы, кіәлілігі және жазаланушылығы. Құрамы: 1. Объектісі- мемлекеттік басқару аясында пайда болатын, құқық нормаларымен реттелетін және әкімшілік жауаптылықтың шараларымен қорғалатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы. 2. Объективтік жағы- әкімшілік құқық нормасымен белгіленген, оның сыртқы көрінісін сипаттайтын белгілерінің жиынтығы (іс-әрекет немесе әрекетсіздік). 3. Субъектісі- 16 жасқа толған есі дұрыс тұлға, лауазымды адамдар. 4. Субъективтік жағы- субъектінің құқыққа қарсы әрекетке және пайда болған салдарларға психикалық қатынасы: кінә (қасақана, абайсызда), мақсат, себеп. Егер әкімшілік құық бұзушылық жасаған жеке адам өзінің іс-әрекетін (әрекетсіздігінің) құқыққа қарсы сипатын сезінсе, оның залалды салдарын алдын ала білсе және осы салдардың туындауын қаласа немесе саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайды қараса, әкімшілік құқық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады. Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) зиянды салдарының туындау мүмкіндігін алдын ала білсе, бірақ жеткілікті негізсіз оның алдын аліға деп ұщқары ойласа, не тиісті назар салған және ескерген жағдайда оның алдын алуға болса да осындай салдардың туындау мүмкіндігін алдын ала білмесе, әкімшілік құқық бұзушылық абайсызда жасалды деп танылады. Әкімшілік құқық бұзушылықтың барлық құрамдары толық болғанда ғана әкімшілік жауаптылық туындайды. Әкімшілік жауаптылық деп бұл әкімшілік құқық бұзушылық жасаған үшін заңмен белгіленген тәртіппен жүктлетін тұлғаның жеке басылық, мүліктік және ұйымдастырушылық сипаты бар белгілі бір мұқтаждық көру міндетін айтады. Адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, халықтың денсаулығын, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншікті және т.б. әкімшілік құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттері болып табылады. Осы міндетті жүзеге асыру үшін бұл заңдар: әкімшілік жауаптылықтың негіздері мен принциптерін; қандай әрекеттердің әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатынын және олардың жасалғаны үшін жазалардың түрлерін; әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға қай мемлекеттік органның (лауазымды адамның) қандай әкімшілік жаза және қандай тәртіппен қолдануы мүмкін екендігін айқындайды. Ақыл естің кемдігі, қажетті қоғану, аса қажеттілік, қол сұғушылық жасаған адамды ұстау, негізді тәуекел, күштеп немесе санаға әсер етіп мәжбүрлеу және бұйрықты немесе өкімді орындау әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мән-жайлар болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушылықты бірінші рет жасаған адам, егер бұл адам келтірілген залалды өз еркімен өтесе немесе өзге де жолмен ретке келтірсе, істі қарауға уәкілетті орган (лауазымды адам), құқық бұзушылық елеусіз болған жағдайда, рақымшылық жасау актісінің шыққанда, жағдай өзгергенде, науқастануға байланысты және т.б. жауаптылықтан босатылады. Әкімшілік жазалау жүйесі. Әкімшілік жаза -әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға заңмен белгіленген тәртіппен қолданылатын жауаптылықтың шарасы. Әкімшілік жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру және құқық бұзушылықты жасаған адамды заңдар талаптарын сақтау және құқық тәртібін құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзінің де, сол сияқты басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады. Әкімшілік жазалардың түрлері: Ескерту жасау-әкімшілік жаза қолдануға уәкілетті органның (лауазымды адамның) жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде теріс баға беруінен және жеке немесе заңды тұлғаны құқыққа қарсы мінез-құлыққа жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан тұрады. Әкімшілік айыппұл-әкімшілік құқық бұзушылық үшін заңда көрсетілген жағдайларда және шекте, айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сай келетін дәрежеде салынатын ақшалай жаза. Айыппұлдың ең төменгі мөлшері жеке адамға оннан бір бөлігінен, лауазымды адамға бес, заңды тұлғаға 20 - дан кем емес, ал жеке адамға - 200, лауазымды адамға-400, заңдытұлғаға – 2000 айлық есептік көрсеткіштің еселеген мөлшерінен асыруға болмайды. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою. Оны судья қолданады. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдары немесе тікелей объектілері болған заттарды, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірісті, ақшаны және бағалы қағаздарды тәркілеу. Тәркілеуді судья қолданады және заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекет меншігіне мәжбүрлеп тегін аударудан тұрады. Арнаулы құқықтан айыру. Нақты адамға берілген арнаулы құқықтан айыру осы құқықты пайдалану тәртібінің өрескел немесе үнемі бұзылғаны үшін қолданылады. Арнаулы құқықтан айыруды судья қолданады және мерзімі бір айдан кем болмауға және екі жылдан аспауға тиіс. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру не белгілі бір қызмет түріне не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру. Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру не оған тыйым салу. Өз бетімен салып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау. Әкімшілік қамауға алу - он бес тәулікке дейінгі, ал төтенше жағдай режимі талаптарын бұзғаны үшін отыз тәулікке дейінгі мерзімге белгіленеді. Оны судья қолданады және тек әкімшілік құқық бұзушылықтың жекелеген түрлері үшін айрықша жағдайда ғана белгіленеді т.б. Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды ҚР шегінен әкімшілік жолмен кетіру. Әкімшілік – құқықтық ықпал ету шаралары. Түрлері: жол жүру ережелерін білуін тексеру, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары. Әкімшілік жаза қолдану ережелері. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жаза жасалынған құқық бұзушылық үшін ӘҚБтК – тің Ерекше бөлігінің бабында көзделген шекте осы Кодекстің ережелеріне дәл сәйкестікте қолданылады. Әкімшілік жазалар тағайындаған кезде мына мән-жайлар ескерілуі тиіс: жасалынған құқық бұзушылықтың сипаты, құқық бұзушының жеке басының ерекшеліктері, құқық бұзушының кінәсінің ауырлығы, құқық бұзушының мүліктік жағдайы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар. Әкімшілік істерді қарау тәртібі. Әкімшілік іс жүргізу дегеніміз әкімшілік-процессуалдық нормалардың жиынтығы, ал мазмұны-оларға негізделген атқарушы билік органдарының (лауазымды адамдарының) оларға жүктелген міндеттерін іске асыру жөніндегі қызметі. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге (өндіріс) әкімшілік процессуалдық нормалардан және соларға негізделген әкілетті органдар мен адамдардың әкімшілік жазалар қолдану жөніндегі қызметі жатады. Оның негізгі міндеттері мән-жайларды дер кезінде, жан-жақты,толық және объективті түрде анықтау, істі заңға сәйкестендіріп шешу екенін нақтылап айтуға болады. Әкімшілік іс жүргізуді болдырмайтын жайларға құқық бұзушылық оқиғаның және құрамының болмауы, жасаған кезде 16 жасқа толмауы, құқыққа қарсы әрекет немесе әрекетсіздік жасаған адамның ақыл-есінің дұрыс болмауы, ӘҚБтК-нің 69 бабына сәйкес әкімшілік жауапқа тарту мерзімінің өтуі жатады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іске қатысушылар төмендегіше жіктеледі: Істің қозғалысын айқындайтын заңдық актілер, құжаттар қабылдау құқығы берілген уәкілетті органдар мен лауазымды адамдар; Жеке мүддесі барлар (әкімшілік жауаптылыққа тартылатын тұлға, жәбірленуші, тараптардың заңды өкілдері, қорғаушы); Іс жүзеге асыруға көмектесушілер (куәлар, срапшылар, аудармашылар, куәгерлер); Өзгелер (қоғамдық ұйымдар, еңбек ұжымдары, құқық бұзушының жұмыс, оқу және тұрғын орнының әкімшілігі). Әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамға хаттамамен және істің басқа да материалдарымен танысу, түсініктеме беру, дәлелдемелер табыс ету, өтініш пен қарсылық беру және т.б. құқықтар беріледі. Әкімшілік құқық бұзушылық өндіріс сатыларына әкімшілік тергеу, істі қарау мен қаулыны орындау жатады. Көп жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалынады, оған хаттаманы жасаған лауазымды қызметкер, куәлерi (егер бар болса) және тәртiпсiздiк жасаған адам қол қоюға тиiс. Істі қараудың кезеңдеріне қарауға дайынаду, қарау(тыңдау) және қаулы шығару жатады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау мерзімдері: жалпы: материалды алған күннен бастап 15 күнде қаралады, қосымша анықтау қажет болғанда 1 ай; арнайы: жасалуы әкімшілік қамауға әкеліп соғатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс құқық бұзушылық туралы хаттама мен істің басқа материалдары алынған күні, ал әкімшілік ұстауға ұшыраған адам жөнінде-ол ұсталған кезден бастап 48 сағаттан кешіктірілмей қаралады. Бұлтартпау шаралары. Әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу, оны жасауға сезіктінің жеке басын анықтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау, істің уақытылы және дұрыс қаралуы мен іс жөнінде қабылданған қаулының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті лауазымды адам, жеке адамға қатысты мәжбүрлеу шараларын қолданады. Олар: әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалатын жерге жеткізу. жеке адамды әкімшілік түрде ұстау. алып келу. жеке тексеріп шығу және көлік құралын, шағын көлемді кемені және заттарды тексеріп шығу. құжаттар мен заттарды алып қою. көлік құралын немесе шағын көлемді кемені жүргізуден шеттету және алкогольмен, есірткімен масаю күйін куәландыру және т.б. Мәжбүрлеу шаралары өз кезегінде жалпы -әкімшілік ұстау, әкімшілік қадағалау, жұмыстарды тоқтату және т.б., арнайы- жай күш қолдану (жауынгерлік күрес әдістері, қызметтік иттерді қолдану, арнайы құралдар(кісен салу, шоқпарлар, су шашқыштар, бронемашиналар), атыс қаруын қолдану, процессуалдық- әкімшілік ұстау, алып келу, жеке тексеріп шығу және т.с.с. болып бөлінеді. Мысалы: құқық бұзушылықтың жолын кесу, құқық бұзушының жеке басын анықтау, сондай-ақ хаттама жасалуы міндетті болып, оны сол болған жерінде жасау мүмкін болмаса, хаттама жасау мақсатында жеке адамды жеткізу қолданылады (619 бап). Әкімшілік ұстау, яғни жеке адамды бас бостандығынан, атап айтқанда, оның құқыққа қарсы әрекеттерін тыю мақсатында белгілі бір уақыт ішінде арнаулы орында мәжбүрлеп ұстай отырып, іс-әрекет және жүріп-тұру бостандығынан уақытша айыруболып табылады (620 бап). Әкімшілік ұстау мерзімі 3, ал шекара, кеден режимінде және т.б. жағдайларда 48 сағаттан аспауы керек.
Дата добавления: 2015-05-31; Просмотров: 1699; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |