Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Глоссарий 2 страница




 

12. Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі

 

Негізгі:

Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы, 2004ж.*

Оспанов Қ. Құқық негіздері. Оқу құралы, Алматы, 2007ж.*

 

Қосымша:

Баққұлов С. Құқық негіздері. (Электрондық нұсқа) Оқулық. Алматы, 2004 ж.*

Дулатбеков Н, Амандықова С., Турлаев А. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы, 2001 ж.*

Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Оқулық. Алматы, 1997 ж.;*

Ғ. Төлеуғалиев. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Оқулық. Алматы,2001 ж;*

5. Айымханова Н. ҚР еңбек құқығы. Оқу құралы. Алматы, 2002 ж.;*

6. Ахметова Г. Еңбек құқығы [Электрондық ресурс]: Оқулық. / Нұр-пресс, / Алматы 2007

7. Жайлин Ғ.А. Азаматтық құқық. Ерекше бөлім [Электрондық ресурс]: Оқулық / Алматы, Юридическая литература, 2007

8. Жоламан Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы [Электрондық ресурс]: Оқулық / Алматы: Нұр-пресс, 2007

9. Жұмағали А. Криминология [Электронық ресурс]: /Жалпы бөлім / - Алматы: Нұр-пресс, 2007

10. Стамқұлов Ә.С. Жер құқығы. Жалпы бөлім [Электрондық ресурс]: Оқулық Алматы: Нұр-пресс, 2007

11. Ынтымақов С.А. Отбасы құқығы [Электрондық ресурс]: Практикум. Алматы. Юридическая литература, 2007

12. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі [Электрондық ресурс] Алматы Заң әдебиеті, 2008.

13. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі [Электрондық ресурс] Алматы: Заң әдебиеті, 2008.

14. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі [Электрондық ресурс] Алматы: Юридическая литература, 2007

15. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі [Электронық ресурс] Алматы: Заң әдебиеті, 2008

16. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі [Электронный ресурс] Алматы Заң әдебиеті, 2008.

17. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі [Электронный ресурс] Алматы: Юридическая литература, 2007

18. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі [Электрондық ресурс] Алматы: Заң әдебиеті, 2008.

19. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі [Электрондық ресурс] Алматы: Юридическая литература, 2007

20. Қазақстан Республикасының Қылмыстық- атқару кодексі [Электрондық ресурс] Алматы Заң әдебиеті, 2008.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі [Электрондық ресурс], Алматы: Юридическая литература, 2007

Әлібеков С.Т. Қазақстан Республикасының Кеден құқығы [Электрондық ресурс]: Алматы: Нұр-пресс, 2007.

*Қаз ЭУ кітапханасында бар әдебиеттер

 

 

  Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті   «Басқару» факультеті

«Саясаттану және құқық» кафедрасы

 

ЛЕКЦИЯЛЫҚ КЕШЕН

 

«Құқық негіздері » пәні бойынша

Барлық мамандықтар үшін

Алматы, 2011ж

 

«Құқық негіздері» пәнін оқып-үйренудің әдістемелік ңұсқаулары

Курс заң ғылымдарының негіздерін құқықтық емес мамандықта оқитын студенттерге оқытуға арналған. Мемлекет пен құқық, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен мемлекеттiк билiк жүйесi және олардың басқа жаңа қоғамдық саяси институттарымен өзара әрекеттесу жолдары, адам мен азаматтың құқықтық мәртебесi негiздерi, Қазақстанның құқық салаларының (азаматтық, отбасылық, еңбек, әкiмшiлiк, қылмыстық және тағы басқа) негiзгi мәселелерi қаралған.

Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген қоғамымызды одан әрi демократияландыру, құқықтық мемлекет құру iсi құқықтық оқыту мен тәрбиенi жетiлдiру және алдымен жастарды қамтитын, оларды оқытудың барлық кезеңдерiнде үздiксiз құқықтық даярлау тұрғысында жалпыға бiрдей заң бiлiмiн берудi ұйымдастыру жөнiнде кезек күттiрмейтiн пәрмендi шараларды талап етедi.

Жоғары бiлiм оқу жоспарына енген әлеуметтiк гуманитарлық циклдың негiзгi пәндерiнiн бiрi ретiнде жоғары оқу орындарында оқылатын “Құқық негiздерi” курсының бiлiктi мамандар даярлап, тәрбиелеудегi маңызы өте ерекше. Мемлекет, құқық, мораль туралы негiзгi ұғымдар мен идеяларды студенттердiң қазiргi заман тұрғысынан зерттеуi, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен мемлекеттiк билiк жүйесi және олардың басқа жаңа қоғамдық саяси институттарымен өзара әрекеттесу жолдары, адам мен азаматтың құқықтық мәртебесi негiздерi оларға терең білім алуға мүмкіндік береді.

Ғылымның немесе оқу құралының өзіндік реттейтін, оқытатын пәні болады. Мемлекет және құқық пәнi - қоғамдағы саяси экономикалық, әлеуметтiк құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмiрдегi қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдiс-тәсiлдерiн, объективтiк заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Ол мемлекет пен құқықтың мәнiн терең түсiнуге мүмкiндiк бередi. Мемлекет пен құқықты бөліп қарауға болмайды, олар бiр-бiрiмен тығыз байланысты. Құқық мемлекеттiк органдардың құрамын қалыптастырудың ретiн, жұмыс тәртiбiн және оның бағыт-бағдарын орнықтырады, ал мемлекет құқықтық нормаларды қабылдайды, бекiтедi және қорғайды.

Методология (әдiс-тәсiл) - дүниенi философиялық тұрғыдан түсiндiретiн iлiм. Ғылыми методологияның негізі - диалектикалық материализм. Мемлекет және құқық теориясының методологиясы философияның обьективтiк заңдарына, теориялық қағидаларына сүйене отырып, логикалық әдiс-тәсiлдер арқылы мемлекет пен құқықтың өмiрге келу, даму заңдылықтарын зерттейдi. Бұл зерттеу процесiнде теория мен тәжрибенiң бiрлестiгiне сүйене отырып, қортынды ғылыми тұжырымдар жасалады. Сонымен мемлекет және құқық теориясының әдiсi-диалектикалық материализм методологиясы және заң ғылымдарының зерттеу тәжірибесiнен қалыптасқан әдiс-тәсiлдер.

Адам қоғамының тарихын, даму процесiн, мазмұнын, болашағын зерттейтiн ғылымдарды қоғамдық ғылым дейдi. Оның салалары: философия, саяси экономика, тарих, социология, заң ғылымдары, филология, археология, этнография т. б. Бұлардың iшiнде мемлекет пен құқық теориясына кеңiрек көңiл бөлетiн философия мен тарих, ал басқалары қысқаша тоқтап өтедi.

Заң ғылымы - қоғам ғылымдарының бiр саласы. Заң ғылымы шын және толық мәнiнде заң дүниесiн, заң құрамын жете танитын ғылым болып Х1Х ғасырдың ортасында қалыптасты. Бұл ғылым мемлекет пен құқықтың өмiрге келуiн, мазмұнын, атқаратын жұмыстарын, диалектикалық даму процесiн т. б. мәселелерiн зерттеумен шұғылданады. Заң ғылымдары үш топқа бөлiнедi:

1. Мемлекет және құқық теориясы, мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы, құқық пен саясаттың тарихи дамуы;

2. Салалық заң ғылымдары (азаматтық, қылмыстық, еңбек т. б.)

3. Арнаулы заң ғылымдары (криминалистика, соттық медицина, халықаралық құқық т. б.).

Курсты оқу барысында студенттер мемлекет пен құқықтың негізгі түсініктермен танысуы және құқық салалалары туралы жалпы мағлұмат алуы тиіс. Айта кететін бір жай курстың бір бөлігі студенттердің өзіндік жұмысына берілуі тиіс.

 

Мемлекет туралы негізгі түсініктер

Лекцияның мақсаты: Мемлекет пен құқықтың ара қатынасын талдап, мәнін ашу

Мемлекет туралы негізгі ұғымдар

2. Мемлекет нысаны

3. Мемлекет функциясы

4. Құқықтық мемлекет ұғымы

Мемлекет -белгiлi бiр аумақ шеңберiнде халықты өз ырқына көндiрiп отыратын, бүкiл қоғам атынан iшкi және сыртқы саясатты жүзеге асыратын, барлық халыққа мiндеттi заңдар мен ереже-қағидаларды шығарып қабылдайтын, халықтан салық жинайтын ерекше құқылы саяси ұйым.

Мемлекеттiң белгiлерiне мыналар жатады:

1. Мемлекеттiк билiк - ерекше көпшiлiк билiгi, яғни халық билiгi.

2. Мемлекеттiң халқы әкiмшiлiк жүйеге бөлiнедi, Азаматтары шекарасы белгiленген әкiмшiлiк-территорияның аумағында тұрады.

3. Iшкi және сыртқы саясатын жүргiзуде тәуелсiз.

4. Билiк жүргiзетiн органдарының болуы. Бұл органдарда тек қана басқару қызметімен шұғылданатын адамдар болады.

5. Заң шығару құқығы болады және заңдарды мемлекеттiң аумағында тұратындардың бұлжытпай орындауы.

6. Мемлекеттiң басқару органдарының аппаратын ұстауы және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін салық жинауы.

Мемлекеттiң нысаны көбiне үшке бөлiнедi: басқару нысаны, мемлекеттiк құрылымының нысаны және саяси режим.

Басқару нысанына оның жоғарғы, орталық және жергiлiктi органдарының құрылу жолдары, олардың қарым-қатынасының принциптері және оларды сайлаудың түрлері мен ерекшеліктері жатады.

Мемлекеттiң басқару жолы монархия және республика деп екi түрге бөлiнедi. Монархияда жоғарғы билiк бiр адамның қолында болады және бұл билiк мұрагерлiкпен берiледi. Мысалы, оған жататындар Англия, Бельгия, Норвегия, Швеция, Жапония және Дания елдері.

Егер мемлекеттерде жоғарғы және төменгi органдардың бәрi сайлаумен белгiлi бiр мерзiмге құрылатын болса, осындай мемлекеттiк басқару формасы республика деп аталады. Казiргi кезде республиканың екi түрi кездеседi: президенттiк - (АҚШ, Франция, Ресей, Түркия, Қазақстан т.б.) және парламенттiк республикалар - (Италия).

Мемлекет нысанының екiншi элементiне мемлекеттiк құрылымының нысаны жатады. Бұл - мемлекеттiң жергiлiктi әкiмшiлiкке бөлiнуi, сол бөлiмдердiң бiр-бiрiмен қатынасы және мемлекет пен бөлiмдердiң арасындағы байланыстары. Мемлекеттер осы бойынша унитарлық, федеративтiк және конфедеративтiк болып үшке бөлiнедi. Мысалы: Қазақстан Республикасы унитаралық мемлекет - оның жерi тұтас, ол бөлiнбейдi және оған қол сұғуға болмайды.

Мемлекеттiң нысанының соңғы элементi - саяси режим. Мемлекеттiң саяси режимiн, оның қолданатын әдiстерiнен, азаматтарды құқықтары мен бостандықтарының дамуы және кепiлдiктерi, демократиялық институттарды қолдануынан бiлуге болады. Саяси режим демократиялық, демократияға қарсы болған режимдер болып бөлiнедi.

Ендi мемлекеттiң келсек, ол күрделi екi топқа: iшкi және сыртқы болып бөлiнедi.

Мемлекеттiң iшкi қызметтеріне:

- экономикалық;

- әлеуметтiк;

- қаржы реттеу;

- мәдениет бағытындағы;

- экологиялық;

- құқықтық тәртiптi реттеу жатады.

Сыртқы қызметтеріне:

- шет мемлекеттермен екi жақты пайдалы қарым-қатынастарды дамыту;

- мемлекетаралық саяси ынтымақтастықты дамытып, жақсарту;

-мәдени және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты қалыптастыру;

- дүниежүзiлiк ғаламдық мәселелердi реттеп, iске асыру;

- мемлекеттiң қорғанысын, қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi және т. б. жатқызуға болады.

Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болған. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекуеттің өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық, әділеттік жолмен дамуын армандады. Аристотель: заң үстемдігі болмаса, демократия жоқ – деді. Қазіргі заманда құқықтық мемлекет туралы пікір жан-жақты дамып, дүние жүзінің ғалымдары бір тұжырымға келіп, ортақ ғылыми көзқарас қалыптасты деуге болады.

Құқықтық мемлекеттiң негізгі сипаттары:

1. Заңның үстемдiк етуi.

2. Мемлекеттiк билiктiң бөлiнуi.

3. Тұлға мен мемлекеттiң өзара жауаптылығы.

4. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының шын мәндiлiгi, олардың құқықтық және әлеуметтiк қорғалатындығы.

Саяси және идеологиялық плюрализмнiң болуы.

Азаматтық қоғамның қалыптасуы.

7. Iшкi заңдардың көпшiлiк таныған халықаралық құқықтық нормалармен принциптерiне сәйкес келуi. Адамдар «заңның құлы» болмайынша құқықтық тәртіпте, демократия да жақсы дамуға тиіс емес, Бұл туралы өмір тәжірибесінен қалыптасқан өсиет сөз бар:

Заң – мемлекеттің ақылы.

Сот – мемлекеттің жүрегі.

Мәдениет – мемлекеттің тәртәбі.

Міне, осы үш қағидалы өсиет өзара бірігіп қалыптасып және мемлекеттің ішкі заңдары көпшілік таныған халықаралық құқықтық нормалар мен принциптерге сәйкес келсе, елімізде құқықтық мемлекет орнайды. Қорыта айтқанда, құқықтық мемлекет дегенiмiз - жеке Тұлға мен қоғам мүддесiн қорғайтын, заң үстемдiгi мен құқық принциптерiне негiзделген мемлекет.

Құқық туралы негiзгi түсiнiктер

Лекцияның мақсаты: құқықтың қоғамда алатын орны мен атқаратын ролінің маңыздылығын дәріптеу

Құқықтың түсiнiгi, мазмұны, функциясы.

Құқықтық норма ұғымы.

Құқықтық норманың элементтерi және оның түрлерi.

Құқықтық қатынастар.

Заңға негiзделген айғақтар.

Құқық бұзушылыққа сипаттама.

Норма дегеніміз – бір қатынасты реттеп, басқаратын ереже. Нормалардың қоғамда қалыптасқан екі түрі бар: әлеуметтік нормалар мен техникалық нормалар.

Қоғамдағы көптеген қарым-қатынастарды реттеп, басқарып отыратын негізгі құрал - әлеуметтік нормалар. Әлеуметтік нормалар адамдардың іс-әрекетінің, мінезінің, тәртібінің қоғамдық ережесі болғандықтан қоғамды басқарудың, қатынастардың құралына айналды.

Бұл нормалардың негізгі түрлері:

Құқық нормасы.

Моральдық нормалар: жақсы-жаман, дұрыс-бұрыс, әділеттік-әділетсіздік, достық-қастық, инабаттылық, парасаттылық, адамгершілік т. б. қасиеттер.

Әдет-ғұрып нормалары.

Салт-дәстүр нормалары.

Діни, имандылық, инабаттылық нормалары және т.б.

Техникалық нормалар – адамдардың табиғатпен, техникамен дұрыс қатынас, байланыс жүргізу ережелері.

Қоғамның тарихи объективтiк даму процесiнде құқықтың маңызы туралы екi пiкiр бар: бiрiншiсi, қоғамның дамуын басқаратын, реттеп отыртын факторлардың бiрi - құқық. Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырайды. Бұл пiкiрдi заңды көзқарас дейдi. Екiншiсi, бiрiншi пiкiрге қарсы пiкiр. Қоғамның дамуында құқықтың ешқандай рөлi, маңызы жоқ деп түсiндiредi. Бұл пiкiрдi заңды нигилизм дейдi. Нигилизм қоғамда қабылданған, бүкiл адамға пайдалы нормаларды, жағымды мұраларды жоққа шығарып мойындамау деген түсінік.

Сонымен, құқық дегенiмiз мемлекет орнатқан және оның күшiмен қорғалатын, жалпыға бiрдей қоғамдық қатынастарды реттейтiн тәртiп ережелерiнiң (нормалардың) жиынтығы.

Құқық мазмұнының негiзгi элементтерi:

- қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;

- қарым-қатынастарды реттеп, басқару;

- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтiк, мәдениеттiк т. б. бағытын дамытып, нығайту;

- мемлекеттiк органдардың, қоғамдық ұйымдардың құзыретiн, ара-қатынасын реттеп, басқару;

- халықаралық қатынастарды реттеп, басқару.

Құқықтың негiзгi функцияларын реттеу және қорғау болып табылады.

Жоғарыда айтылғандай, құқық - жалпыға бiрдей мiндеттi, мемлекет қамтамасыз ететiн, қоғамдық қатынастарды реттейтiн нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.

Құқықтық нормалардың белгiлерi:

1. Норма мемлекеттiк органның қабылдаған, бекiткен актiсi, оның заңды күшi бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртiптiң үлгiсiне айналады. өйткенi ол нормаларды халықтың басым көпшiлiгi дұрыс орындайды.

2. Нормада субъектiлердiң құқығы мен мiндеттерi, орындалу жолдары толық әрі нақты көрсетiледi. Егер көрсетiлмесе, субъектiлер өз еркiмен іс-әрекет етуге, тек заңға нұқсан келтiрмеулерi керек.

3. Норма ерiктi түрде орындалмаса, мемлекет орындатуға мәжбүр етеді.

4. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етедi.

5. Құқықтық норма адамдардың, қоғам тәртiбiнiң кепiлдiгi ретінде жұмыс істейді.

Сонымен, құқықтық норма - қоғамдағы қатынас субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн реттеп, басқарып отыратын жалпыға бiрдей мемлекетпен қамтамасыз етiлетiн ереже - қағида.

Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.

Диспозиция- қатынастың мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі (ҚР Азаматтық кодексінің 482 бабы).

Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек (ҚР Қылмыстық кодекстің 7-бабы).

Санкция – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді.

Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:

1. Қоғамның әр саласына қарай өндірістік, ауылшаруашылық, құрылыс, мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т. б. бағыттағы нормалар.

2. Құқықтың әр саласына қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, отбасы, азаматтық, қылмыстық, азаматтық-процессуалдық, қылмыстық- процессуалдық, т.б. саладағы нормалар.

3. Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар, қорғаушы нормалар.ү

4. Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші, тыйым салушы, ерік беруші нормалар.

5. Мамандандырылған құқықтық нормалар – қоғамның мамандық салаларының қарым-қатынасын реттеп, басқаратын нормалар. Мысалы, азаматтық, қылмыстық, заңгерлер, дірігерлер, мұғалімдер, инженерлер бағытындағы нормалар және т.б.

Құқықтық қатынастар - адамдардың өзара әлеуметтiк байланысы, қарым-қатынасы. Адамдар өмiр сүру үшiн, ұрпақты жалғастыру үшiн және де басқа себептермен бiр-бiрiмен қатынаста (саяси, моральдық, экономикалық, әлеуметтiк, ұлттық, дiни т. б.) болады. Бұл байланыс-қатннастар моральдық, әдет-ғұрып, дiни, құқықтық нормалармен реттеледi.

Осылардың iшiндегi құқықтық қатынастар - құқыққа байланысты, құқық негiзiндегi қатынастар болып табылады. Бұл үшiн бiр-бiрiмен байланысты үш негiз болуы керек: 1) құқық нормасы; 2) субъективтiк құқықтар мен мiндеттер; 3) заңға негiзделген айғақ болуыкерек.Мысалы, студент қыз бен жiгiт достасып жүредi. Екеуiнiң арасындағы қарым-қатынас моральдық нормалардың, әдет-ғұрыптың негiзiнде жүрiп жатады. Ал, екеуi заңды некеге тұрғаннан кейiн, қарым-қатынастары құқықтық қатынастарға, мемлекеттiк органға барып тiркелуi, заңға негiзделген айғаққа айналады.

Құқықтық қатынастардың құрамы төрт элементтен тұрады: субъект, объект, субьективтiк құқық, заңды мiндеттер.

1. Құқықтық қатынастардың субъектiсi - жеке адам және заңды тұлғалар. Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа елдердiң азаматтары сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар (апатридтер) жеке тұлғалар болып ұғынылады. Қатынастың субьектiсi болу үшiн олардың құқықтық қабiлеттiлiгi және әрекеттiлiгi қалыптасуы керек.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-31; Просмотров: 2891; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.075 сек.