Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Глоссарий 5 страница




Көлік құралын жүргізуші, ол мас күйде деуге жеткілікті негіздер болса, көлік қралын жүргізуден шеттетіліп, мас күйін куәландыруға жатады (629 бап).

Әкімшілік қадағалау -бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың тарапынан құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында заңдармен белгілі бір шектеулер қойылған осындай адамдардың мінез-құлқын байқау түріндегі мәжбүр ету шарасы. Бұл шараны судьяның қаулысымен ішкі істер органдары жүзеге асырады және т.б.

 

Өзі-өзін бақылау сұрақтары:

Әкімшілік құқықбұзушылықтың түсінігі

Әкімшілік жаза түрлері

Әкімшілік құқықбұзушылықты жою үшін қолданылатын

 

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Алпысбаев М.А., Ақымбеков О.Қ. Әкімшілік құқық (оқу құралы) Алматы, 2003 ж.

Таранов А.А.Әкімшілік құқық. Алматы, 2003

Баянов Е.Б. Мемлекеттік қызмет. Оқу құралы. Алматы, 2005

Баянов Е.Б. Әкімшілік құқықтың схемалар бойынша анықтамалары. Алматы, 2002, 10-14, 33-105, 136-174 беттер.

Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері. Жауапты ред.Е.Баянов Алматы, 2003

 

ҚР құқық қорғау органдары, сот және сот билігі

Лекцияның мақсаты: мемлекеттегі құқықтық тәртіпті, заңдылықты қамтамасыз ететін органдардың атқаратын функциялары мен құқықтық жағдайларын меңгеру

Құқық қорғау органдары ұғымы.

Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және олардың құзыреті.

Прокуратураның мәртебесі

Ішкі істер органдары мен қаржы полициясының негізгі міндеттері.

Ұлттық қауіпсіздік органдары

Әділет органдарының қызметі мен мәртебесі.

Адвокатура мен нотариат

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары дегеніміз бұзылған құқықты орнына келтіруге, заң бойынша міндеттің орындалуын қаматамасыз етуге бағытталган мемлекеттік органның мәжбүрлеу қызметі. Осы шараларды қолдау үшін ерекше құқық қорғау органдары құрылады. Құқық қорғау органдары құқық қорғайтын және қоғамдық тәртіпті, заңдылықты қорғауды қамтамасыз ететін органдарға бөлінеді.

Құқық қорғау органдарының жұмысы тек заң шеңберінде ғана жүзеге асырылады және олар мемлекеттің заңдылық негіздерін орнықтыру мен құқық тәртібін нығайтуға жәрдемдеседі. Олардың қызметінің негізгі бағыттарына сот билігі, прокурорлық қадағалау, қылмыстық қудалау, әділет органдарының, адвокаттардың және т. б. қызметі жатады.

Құқықты қорғау үшін мемлекетімізде мынандай органдар құрылған:

Құқық қорғау жүйесіндегң маңызды орын алатын мемлекеттік органдардың бірі соттар. Сот әділітттілігін іске асыра отырып соттар, жаза тағайындау, жазадан босату және басқа шешімдер қабылдай отырып, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін анықтай отырып, олардың мүдделерін, әділ, заң арқылы қорғауға тиіс орган. Адамдар қажет болғанда әділдік үшін сотқа жүгінеді.

Біздің елдегі сот төрелігін Конституцияның 75- бабына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы“ конституциялық заңына сәйкес тек сот қана жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасында сот билігі тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылған алқа заседательдері арқылы соттарға ғана тиесілі. Сот төрелiгiн тек сот ғана жүзеге асырады. Соттың ерекше өкілеттігін басқа органдарға беруді көздейтін заң актілерін шығаруға тыйым салады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілеттілігін немесе сот билігі қызметтерін иеленуге құқығы жоқ.

Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша ықпалды нысан болып табылады.

Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтық және шаруашылық істер жөніндегі шешімдермен талапкер мен жауапкерді тиісті тәртіпке шақырады. Кінәліге қылмыстық жазаны тек сот тағайындай алады.

Істі сот отырыстарында қарау мен шешу Конституцияның 77-бабында аталған төменгі принциптерге негізделеді:

адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;

бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;

өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;

сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;

жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады;

айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;

ешкім өзіне-өзі, жұбайына және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес;

адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады;

заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;

қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.

Конституциямен белгіленген сот төрелігінің аталған принциптері Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылады.

Сот жүйесі. Қазақстан Республикасында. Сот жүйесiне Республиканың Жоғарғы соты және жepгiлiктi соттар кiредi. Жергілікті соттарға мыналар жатады: 1) облыстық және оларға теңестірілген соттар (республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот – Қазақстан Республикасының Әскери соты және басқалары) 2) аудандық, сол сияқты оларға теңестірілген соттар жатады.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалры юрисдикциялық соттардың қаруына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген іс жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелері бойынша түсіндірмелер береді.

Прокуратура мемлекеттік билік тармақтарының бөлінісі және өзара қатынасындағы ерекше орган. Оның басты мақсаты - Республиканың аумағында заңдардың, Президент жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін қорғап, Конституция мен заңдарға қайшы келетін нормативтік актілерге наразылық білдіреді және т.с.с. Сөйте тұра, прокуратура басқа мемлекеттік органдарды алмастырмайды, ұйымдардың қызметіне және азаматтардың жеке өміріне араласпайды.

Заң бойынша ішкі істер органдарының міндеттері мыналар:

жеке адамның, азаматтың конституциялық құқықтарын қорғау;

қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

қылмысқа қарсы күресу;

өз құзыреті шегінде қылмыстық жазалауды және әкімшілік шараларды қолдануды орындау;

жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оған жүргізушілер мен автотехника құралдарын пайдалануға мемлекеттік рұқсат беру, жол жүрісі саласындағы ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру және т. с. с.

Ұлттық қауіпсіздік органдары. Қауіпсіздік органдары жеке адамды, қоғам мен мемлекетті ішкі және сыртқы қауіп-қатерден заңға сәйкес қорғауды жүзеге асыратын арнаулы органдар.

Әділет органдары. Қазақстан Республикасының әділет органдары, өз құзыреті шегінде, мемлекеттің қызметінің атқарылуын құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін атқарушы билік органдары болып табылады. Бұлардың қызметін Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» заңы реттейді.

Қаржы полициясы. Қазақстан Республикасының қаржы полициясының органдары:

заңмен белгіленген өкілеттіктері шегінде жедел-іздестіру қызметін;

алдын-ала тергеу және анықтау;

- әкімшілік іс жүргізу арқылы экономика мен қаржы қызметі саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделеріне қылмыстық және құқыққа қайшы өзге де қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдар болып табылады.

Қазақстан Республикасының адвокатурасы. Адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және азаматтардың құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған қызмет болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы нотариат - құқықтар мен фактілерді куәландыруға, 1997 жылғы шілденің 14-де қабылданған "Нотариат туралы" заңында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариалдық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде

 

Өзі-өзін бақылау сұрақтары:

Құқық қорғау органдарының түрлері

Адвокатура және нотариат қызметі

Ұлттық қауіпсіздік органдары қандай қызметпен шұғылданады?

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

 

Баққұлов С. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы, 2004 ж.

Оспанов Қ. Құқық негіздері. Оқу құралы, Алматы, 2007 ж.

Азаматтық құқық негіздері

Лекцияның мақсаты: қоғамдағы азаматтық құқықтық қатынастың атқаратын роліне тоқталу

Азаматтық құқықпен реттелетін қатынастар.

Азаматтық құқықтың субъектілерінің ұғымы және түрлері.

Азаматтық құқықтық қатынастар объектілерінің ұғымы және қағидаттары

Меншік құқығы және өзге заттық құқықтардың сипаттамасы.

Шартардың ұғымы, түрлері.

Азаматтық шарттардың жүйесi.

 

 

Азаматтық құқық ол тауар-ақша қатынастары және қатысушыларының теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар,сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты (немесе байланысы жоқ) мүліктік емес жеке қатынастарын реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.

Адамдар өз өмірінде және әрекет үстінде үнемі арқилы азаматтық құқық қатынастарына араласып жүргенімен, өздерінің әрекеттерінің заң жүзіндегі сипатын көбінесе ескере бермейді. Мысалы, қайсібір затты болсын сатып алуда сатушы мен сатып алушының арасында Азаматтық кодексте көрсетілген сату-сатып мәмілесінен туындайтын өте күрделі құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір сомада ақша төлеуге міндетті, ал сатушы сатқан затты сатып алушының меншігіне беруге, немесе затында сапасы жағынан бір кемшілігі немесе сан жағынан кемістігі болса, онда оны басқа затпен ауыстыруға, толықтыруға, әйтпесе алған ақшасын қайтарып беруге міндетті және т.с.с.

Заңды тұлғалардың барлық істері де нақ жаңағыдай азаматтық құқық қатынасы ретімен жүзеге асады. Өндіріс жабдықтарын тапсыру, өнімдерін сату, банк арқылы есеп айыру – осылардың бәрі де құқықтық қатынасты тудырады, яғни осылардың бәрінің де заң арқылы белгілі салдары болады.

Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.Сонымен а заматтық құқық нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқықтық қатынастар деп аталады.

Азаматтық құқық қатынасының элементтері. 1. Субъектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, әкімшілік аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады.

Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол себепті бұлардың арасында қатынастардың мазмұнын құрайтын белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.

Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер (мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нәрсе оның объектісі деп аталады.

Ал енді субъективты азаматтық құқықтар мен оған тиесілі міндеттерге келсек олар азаматтық құқықтың түп қазығы болып табылады. Субъективті құқықтың сипаты олардың саралауы арқылы көрінеді.

Біріншіден абсолюттік (шек қойылмаған) құқық, және арақатыстық құқық болып бөлінеді. Абсолюттік (шек қойылмаған) құқық заматтық айналымға қатысушылардың бәрін де бұл құқықтардың жүзеге асуына бөгет жасамайтын етіп міндеттейді.

Екінші саралау азаматтық заттық құқық және міндеттемелік болып бөлінеді. Заттық құқық деп заттар жөнінде туатын құқықты айтады. Заттық құқықтардың ішіндегі бастысы меншік құқығы.Сатып алушының затқа құқығы міндеттемелік деп бағаланады.

Саралаудың үшінші түрі: мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді.

Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың субъектілеріне: жеке және заңды тұлгалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық, бөліністер жатады.

Тұлғаның екі категориясы бар олар жек е және заңды тұлғалар. Азаматтарда өз құқықтары мен іс-әрекетін жүзеге асыру үшін құқықтық және әрекет қабілеттілігі болуы тиіс

Жеке тұлға – азаматтық құқықтың субъектісі. Азаматтық кодекстің 12-бабына сәйкес жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жатады.

. Азаматтың кұқықтық қабілеттілігі -бұл азаматтық құқық пен азаматтық міндеттемелерге ие болу қабілеттілігі.

Құқықтық кабілеттiлiгiнiң негізінде азаматтар:

өзінің меншігіндегі мүлікке ие бола алады;

мүлікті мұрагерлікке беріп және өсиет ете алады;

заңмен шектелмеген кез келген кәсіпкерлікпен шұғылдана алады;

заңды тұлға құра алады;

заңмен тыйым салынбаған кез келген мәмілелер жасап міндеттемелерге қатыса алады;

тұрғылықты тұратын жер таңдап ала алады;

әдебиет пен өнер, ғылыми еңбектердің авторы, өнертапқыштық және басқа да заңмен қорғалатын интеллектуалдық қызметке авторлық құқығы болуға; басқа да мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие бола алады.

Азаматтың құқық қабілеттілігі оның туған кезінен басталады, яғни ана құрсағынан тірі туып, жеке өзі өмірге келгеннен кейін жеке тұлға болып есептеледі. Құқық қабілеттілігі адамның – құқық субъектісінің өлуімен бірге қысқарады.

Азаматтың жеке дербестігі есімімен қатар оның тұрғылықты жерімен анықталады. АК-ің 16-бабында азаматтың тұрақты немесе тұратын елді мекені оның тұрғылықты жері деп тұжырымдаланған.

Әрбір жеке азамат өзінің атымен аталады. Азамат өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ, қаласа, әкесінің атын да қоса алады. Азаматқа туған кезде ат қояды. Әдетте балаға ата-анасының фамилиясы беріледі. Егер әртүрлі фамилияда болса, онда ата-аналары қайсысын беруді өздері келісіп шешеді.

Азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi. - Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз, азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқыққа ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады.

Азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінарі (толық емес) және шектеулі болып бөлінеді. АК 17-бабына сәйкес әрекет қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады. Жасы толмағандардың әрекет қабілеттілігі - жасы 18-ге толмағандар әрекет қабілеттілігі бойынша екі топқа бөлінеді:

он төрт жасқа толмағандар;

он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгілер.

Он төрт жасқа толмағандар үшін келісімдерді олардың атынан ата-аналары, бала асырап алған адамдар немесе қамқоршылар жасайды. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгілер келісімді ата-аналарының, бала асырап алған адамдардың немесе қамқоршылардың ризалығымен жасайды.

Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі. Кәсіпкерлік дегеніміз - меншік түрлеріне карамастан, азаматтар мен заңды тұлгалардың, тауарларга (жұмысқа қызметке) сұранымды канагаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуга багытталган, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.

«Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке қүқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлга деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады».

Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды төмендегідей түрлерге бөледі: коммерциялық және коммерциялық емес.

Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді (коммерциялық ұйым), не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес) ұйым заңды түлға бола алады.

Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар: шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын нысандарында құрылуы мүмкін.

Мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор және діни бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Заңды тұлғалар бірлестіктер құра алады /ассоциациялар, одақтар/.

Азаматтық құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар азаматтық құқық объектісі деп аталады. Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер, сондай-ақ құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады.Олар:

1. мүліктік игіліктер мен құқықтарға жататындар: заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығарамашылық –интеллектуалдық қызметтердің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады; Заттар өз кезегінде жылжымайтын және қозғалатын мүліктер болып бөлінеді.

Қозғалмайтын заттарға меншік құқығы мен басқа да құқықтар, бұл құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттік тіркелуге тиіс, сондықтан мысалы, меншік құқығы тек мемлекеттік тіркеуден өткен кезден пайда болады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-31; Просмотров: 2554; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.