Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жарапазан 3 страница




 

...Аушадияр – екі де,

Орман – жердің көркі де.

Бірін-бірі ұнатқан –

Қыз-жігіттің көркі де[157], –

 

деп жалғаса беретін өлең жолдарында ғашықтық пен жастарға үлгі-өнеге беру гөй адам»[1], – деген пікіріне толық қосылуға болады.

Аушадиярдың негізгі қызметі – қыз ұзатылатын кезде оған арнап айтылатын ғибраттық мазмұнында болса керек. Бұл жағынан ол үйлену салты кезінде айтылатын жар-жар, сыңсу, беташар сияқты жанрлық түрлермен магөй адам»[158], –䀠舚舚舙舚Ȟ耐ȟȫȝȫȠ舫舞Țȡ舟舝舥ɍ耐ɍ舟舠舥舝舡ɉȘ耐Ș舟ȝȘ舚ȥ耗興ȡȤȘȚ舜ȧȠ舚舥ɑ耐舞舚ș舫舛șȫ耐艍舥ț舞Țȡȫ耐ဉ耐艍舥ț耐艘țȘ舡舥ȝȘ舡舥Ȟ舝舚ț舚Ț舟ɉ舘ȞȘ舠Ȟ舘ȟ舘Ȝ舡舥ȝȘ舡舥Ȟ耐ɉ舜ȘȠȘȡ舡舥ɍȞ舘ț舞艘舞舥ȞȚȘ耐Ș舟舝ȠȘ舝Ț舠Țȝ耐興艘ȝț舘艉舥Ȟ舘Ȟ舟ȝ耐艗舜舝舚舞ȡ耐Ƞ舘ȝ舡ȥ舝舚ț舫Ȟ舚Ț舘Ȝ舡舥ȝȘ舡舥ȞțȘ舠țȘȠ耐舠舥艑舠ȡ耐舘ȚȡȘȤȘȠ耐Ƞ舜舧ɍ舡ȥț舘Ȟ舠舝舥ɍ舡ɗ舠舝ȚȠ舞舚ȞȞ舘ғыналық жағынан қабысып келеді.

Аушадиярда әлдеқандай рәсімге байланысты айтылатын ғұрыптық сипаттан гөрі ұзатылатын қызға ғибрат айтудан туған дидактикалық сарын әлдеқайда басым. Жалпы, санамалап отырып, тақпақтата насихат айту – халық өлеңдерінде жиі кездесетін түр.

Санамалап айтылатын өлеңдердің барлығы дерлік дидактикалық сарынға, қалыптасқан халықтық ұстанымдарды санамалап айтуға құрылады. Аушадиярдың да арқауы осы – санамалап айту. Бірақ әрбір сан «аушадияр» сөзімен басталып, бір шумақпен түйінделеді.

 

…Аушадияр – түк емес,

Жүзге шөкім сан екен.

Қаласаңыз, хан ием,

Құлағыңды сала гөр,

Саусақ бүгіп, ой салып,

Керегіңді ала бер.

Жеткізіп жүзге жырласам,

Бір жасап мына қалады ел[159],–

 

деген өлең жолдарына қарағанда аушадиярды жүзге дейін жеткізе санамалап айтқан көрінеді. Бірақ бізге жеткен өлеңдерде жиырма беске дейін санамаланған үлгілер кездеседі. Мазмұн жағынан алғанда аушадияр:

 

Аушадияр – сегіз де,

Су аяғы – теңіз-ді.

Ата-анадан аяма,

Жақсылықты ең ізгі[160],–

 

деген сияқты нақыл түріндегі тақпақтау түрінде келеді. Дегенмен, санамалап келетін өлең жолдарының барлығы бірдей нақылға бергісіз халық жырларының озық үлгісі деуге келмейді. Олардың ішінде, әйтеуір, ұйқас үшін алынған қарабайыр шумақтар да жеткілікті. Сол сияқты аушадияр мәтіндері де той жырларының басқа түрлеріндегідей астарлы мағына, терең ой, көркем желіге құрыла бермейді. Ой қысқа қайырылып, тақпақ тақылеттес тұжырымдарға құрылады. Аушадияр үнемі қара өлең түріндегі төрт тармақты өлең шумағымен өріле бермейді. Олардың қатарында:

 

Аушадияр бір дейді,

Бұрыннан қалған жыр дейді.

Арық мал ауқат болмаған,

Семізін сатсаң, пұл дейді.

Мамыр туса, мал өсіп,

Жердің беті гүлдейді.

Ниеті қара, көр көңіл

Жақсылықты білмейді.

Барды жоқ деп жалтарса,

Көңіл содан кірлейді.

Оңбайтын туыс белгісі –

Бірін-бірі күндейді.

Көргенсіз келін белгісі –

Енесін «қақпас», «күң» дейді.

Ибалы қыздың белгісі –

Беталды сөйлеп, күлмейді.

Көргенсіз жастың белгісі –

Үлкенді көзге ілмейді.

Адасатын ақымақ

Ақылға айтқан кірмейді.

Адам болар қыз-жігіт

Қисық жолмен жүрмейді [161], –

 

деген сияқты шұбырта жырлап, алыстан қайыратын терме тәріздес шумақтар да кездеседі. Мұндай өлеңдер мазмұн-мәні жағынан беташардағы дидактикалық сарынды еске салады.

Аушадияр – үйлену тойында айтылатын отбасылық ғұрып фольклорының жанрлық түрі.

Беташар. Беташар – үйлену ғұрпының екінші кезеңі – келін түсіру тойында орындалатын бірден-бір жанрлық түр. Әрине, қыз ұзату тойындағы сияқты келін түсіру тойы кезінде де атқарылатын ғұрыптар мен ырым-кәделер жетерлік. Мәселен, келе жатқан келіннің алдынан арқан керу, атасының үйіне әкеліп, отқа май құюдан бастап, жас келіншектің қолынан шай ішуге дейінгі ғұрыптық шаралардың барлығы ойын-сауық, балуан күрес, ат бәйгесі, көкпар сияқты думанмен қоса атқарылады. Солардың ішінде өлеңмен өрнектеліп, ұзақ жырмен толғанып айтылатын ғұрыптық рәсім тек беташар ғана.

Ұзатылатын қызға арнайы тіккізген сәукеле кигізіп, шымылдық артына жасырады. Сонымен қоса, сәукеленің өн бойын төгілте жабатын ақ желек болады. Ақ желек шымылдық жоқта шымылдықтың рөлін атқарады.

Жалпы, әкесінің үйіндегі қыздың орны киіз үйдің оң жақтағы қадірлі орында болады. Келін боп түскен соң ол орны үйдің сол жағына ауысады. Бұл жерде де келінді шымылдық артына жасырудың немесе оның бетін желекпен жабудың үлкен ғұрыптық мәні бар. Біріншіден, ол қызды әдеттегі тірліктен бөлектеудің нышанын білдіреді, яғни ұзатылған қыз жаңа әлеуметтік мәртебеге ие. Сондықтан оны бүкіл тұрпатымен бөлектеп көрсету қажет. Екіншіден, бұл дүниеден бөлектенген қыз – өте кірпияз, оны көз тию, тіл тию сияқты сыртқы әсерден қорғау ләзім, үшіншіден, қыздың да сыртқы ортаға тигізер әсері болуы мүмкін деген түсініктен туған рәсім. Қыздың желегі «беташар» рәсімі аяқталғанша ашылмайды. Және ол желектің өзін жалаңаш қолмен ашпайтын болған. Мәселен, ертеректегі деректерге сүйенсек, бет ашуды желекті үкіленген қамшымен немесе басына ақ шүберек байланған таяқпен, кейінгі кезде домбыраның басымен ашады. Мұның барлығы жас келінді кие (сакральды) тұтудан туындаған салт.

Беташарды кез келген адам айта бермейтін болған. Ертеде беташарды арнаулы, өзінің жолы бар, той иесіне сыйлы адам ашқан. Кейін оны ел ішінде ақындығымен, өнерімен танылған, әдет-ғұрып, салт-санаға жетік жігіт ағасы атқарған. Беташарды міндетті түрде жігіт айтады, мұның да өзіндік мәні болса керек. Ахмет Байтұрсыновтың айтуынша, ертеректе беташар көбінесе әндетілмей, тақпақтап айтылғанға ұқсайды[162]. Сондықтан оны ғалым «өлеңді сөйлемдерге» жатқыза отырып, онда әннен гөрі мазмұнға көбірек көңіл бөлінетіндігін ескертеді.

Беташардың мән-маңызы мен мақсат-мұраты жөнінде М.Әуезов: «...Беташар өлеңінің не мақсаттан туып, не үшін айтылатынын тексерсең, мұнда үлкен мағына бар екенін айыру қиын емес. Беташар – беті ашылған жастың бетін ашып, өмір таныту, әрбір елдің өзі қолданған жол-жобасын түсіндіру. Тәжірибесіз жас әйел жаңа өмірге кіріп, жаңа қауымның ортасына келгенде, сол қауымның қадірлі, құрметті үлкендерін тануға керек. Солардың әрқайсысының орнын білу керек. Жаңа қауымның қадірлейтіні кім, ұлық тұтып, сыйлайтыны кім, жаста еркелетіп аялайтыны кім, жас келіннің бұларды топ алдында танып, біліп алуы қажет. Үлкендердің алдында келіннің тәжім қылуы – сол жаңа шарттарға көндім, қабыл алдым дегенінің белгісі.

Екінші үлкен мағына: беташарда қазақ елінің жаңа түскен келінді келешекте ана болуға, қадірлі келін, үлгілі жеңге болуға үйретеді. Бұл өлеңнен қазақ жұртының әйелге жалпы көзқарасы білінеді. Әйел – үй ішінің, ауылдың, ағайын ортасының ұйытқысы. Солардың жарастығы, гүлі, берекесі. Күйеудің – сүйеніші, тірегі. Дос тауып, туысқан құрып беретін көмекшісі, досы. Өлеңде сол міндеттер толық айтылады»[163],– дейді. Шынында да, беташарда дәстүрлі қазақ қоғамының келінге қойылатын ахлақты (моральдық) ұстанымдары жан-жақты жырланады. Оны өлеңнің мазмұндық-композициялық құрылымынан айқын аңғаруға болады.

Тұтастай алғанда, беташар мәтінін екі үлкен бөлімге бөлуге болады. Оның алғашқысы, келінді жаңа түскен жұртқа, сондай-ақ, жаңа туысқандарын келінге тәптіштей таныстыру болса, екіншісі – келінге «Айт, келін-ау, айт, келін» деп, оның назарын аудара отырып, үгіт-насихат айту. Бұл жердегі «айт» сөзі «әй, келін-ау, әй, келін» деген сияқты қаратпа мағынада қолданылған. Өлеңнің осы құрылымын ескергендіктен болса керек, С.Сейфуллин оларды «беташар» және «Айт келін» деп екі тақырыпқа жіктейді[164]. Шынтуайтына келгенде, бұл бір жырдың екі бөлігі ғана. Оны басқа зерттеушілер де тұтас жанрлық түр ретінде таниды.

Композициялық жағынан алғанда, осындай екі мағыналық арнада өріс ашатын беташар мәтінін іштей ұсақ тақырыпшаларға да жіктеуге болады. Оларды бет ашушының шабыт шақырып, өзін мадақтауы, той жасаушыны мадақтау, келінді сипаттау, күйеу жігіттің туысқандарын, ауыл-аймақ, жақын-жуықты атап-атап таныстыру, келінге үгіт-насихат айту, бата беру деп саралауға болады. Дәстүрлі беташарлардың барлығында, негізінен, осы құрылым сақталады. Мазмұндық жағынан беташарлар бірегей болғанмен, тіл кестесі, өлең өрімі, ұйқас үйлесімдері жағынан әр алуан болады. Өйткені, оны айтушылар өз талант қарымына қарай түрлендіріп жырлайды. Бет ашушы ақын немесе жырау болса, өлеңнің көркемдігі де жоғары, формалық жағынан да түрленіп келеді. Ел жадына жағып, ауыздан-ауызға таралатыны да осы жырлар.

Беташарлардың барлығы да, ең алдымен, жиналған жұртқа қаратылып айтылатын:

 

- Алқалаған әлеумет,

Жұрт жиылған бұқара!

Сөз сөйлемей, сабыр ет.

Беташарға біз келдік,

Атадан қалған бұл ғадет[165].

 

немесе:

Келін-келін келіп тұр,

Келіп үйге еніп тұр.

Қайын жұрты халқына

Иіліп сәлем беріп тұр [166], –

 

деген сияқты арнау өлеңнен басталады. Одан әрі қарай:

 

Қолыма алдым мен қамшы,

Басына жібек байлаған.

Ар жағында жібектің

Ақ жұмыртқа, сары уыз,

Ұядан шығып гүлденген,

Ұшамын деп қомданған,

Ата-анадан тәрбие,

Жақсылардан үлгі алған.

Жақсы атаның данасы,

Көргенді жердің баласы.

«Қарағым» деп өсірген,

Әке менен ананың

Алдында жалғыз шырағы,

Бауыр еті боршасы,

Ақ ботадай ойнаған,

Қолындағы наршасы...[167], –

 

деген сияқты келінді таныстыра отырып, мадақ айтылады. Бірақ мұнда беті ашылып отырған келінге қатысты нақты сипаттар болмайды. Тіпті, оның сұлулығын, көркін, мінезін сипаттаған сәттің өзінде де, «Айырған алтын секілді, күміске меңзес өзіңіз», «Тал шыбықтай бұралған», «Мойның піскен алмадай», «Шашың жібек талмадай, бетің аппақ айнадай, етің жұмсақ майдадай, қасың қиғаш қаламдай...» деген сияқты халық әдебиетінде қалыпқа айналған жалпылама теңеулермен сипатталады. Сондықтан беташар мәтінінде нақты портрет немесе дәлірек мінездеулер кездеспейді.

Дәстүрлі халық беташарларындағы тұрақты өлең жолдары келінге жаңа түскен жұртын қайын атасы мен қайын енесінен бастап таныстыру болып табылады. Бұл таныстырудың өзіндік ғұрыптық мәні бар. Бет ашушы әр адамды атап таныстырған сайын келін оған иіліп «сәлем ету» салтын жасайды. Бұл – қазақ ғұрпында тек беташар кезінде ғана емес, күнделікті тірлікте берік сақталуы тиіс ғұрып. Келін алғашқы таныстықтан соң өзі иіліп сәлем беруге тиісті үлкен сыйлы адамдарды біліп, оларды көрген жерде оң тізесін бүгіп, қолын қусыра сәлем етуі қажет. Сондықтан беташар елдің ең сыйлы адамдарын, етжақын үлкен туыстарды таныстырудан басталады. Таныстыру барысында оның жақын-жуықтығын айта отырып, атақ-абыройы мен бедел-даңқын қоса таныстырады.

 

Ордаға салса, олжа алған,

Омырауға салса, төске алған,

Онан да байлық өткен жоқ.

 

...Ана отырған атасы –

Қара бір жердің жотасы [168], –

деп, оның бары мен байлығын айта келіп, келінге көрімдік сұрайды.

Дегенмен, бұл таныстыруларда да нақты сол адамға қатысты ерекше сипаттар аз болады. Әр өлеңде әртүрлі сөз өрнегімен келгенмен де, қайын ата, қайын енеден басталатын туыстарды таныстырудың реті мен мазмұны біркелкі қалыпта болады. Сол сияқты таныстырулардың ішінде:

 

Ана тұрған қайнағаң,

Жанған оттай жайнаған.

Ішпей-жемей байыған,

Етігін таспаменен қайыған...

Бес таба нанға тоймаған.

Үйде тұрса, тынышы жоқ,

Етігінің қонышы жоқ...[169], –

деген сияқты әзіл-оспақ түрінде келетін өлең жолдары да аз болмайды. Олардың ішінде қатігез бишікешке, сараң байға, таз кісіге, дүниеқорға, өтірікші-суайтқа арналған сатиралық түрдегі шумақтар да жиі кездеседі. Оның бір үлгісі мынадай:

 

Даладан отын тасыған

Орақпен бұтын қасыған.

Насыбай атып түкірген,

Аузы боқтай сасыған...

Қапы қалған ақылдан,

Бұрынғы өткен нақылдан

Дүниеқорға бір сәлем![170]

 

Мұның өзі ғұрыптық фольклордың моральдық нормалар шеңберінен шығып, ащы әжуаға, сатираға да бара алатындығын көрсетеді. Жалпы, мұндай әжуалар рәсімдік күлкімен астасып жатады. Онда келеке ететін қылықтың аталмыш адамда болмауы да мүмкін, бет ашушы күлкі туғызу мақсатында өзімен замандас, құрдас немесе нағашы, жезде болып келетін адамдарды әжуа найзасына іліп кетуі де кәдік. Мұндайда ашу шақырып, жанжал шығаруға жол жоқ. Той үстіндегі ретімен айтылған әзілге қалай да шыдау қажет.

Беташарды той жырының басқа жанрлық түрлерімен ерекшелейтін басты сипат – оның орындалу мәнерінде. Ол келінді жұртқа таныстыру және жаңа жұртты келінге таныстыру мақсатын көздеп айтылады. Сондықтан оның мазмұндық құрылымын үш-төрт жікке бөліп қарастыруға болады. Оның біріншісі – келіннің келбетін сипаттау, екіншіден, келіннің жаңа туыстарын санамалап таныстыру, үшінші – келінге өсиет айту, төртіншіден, келінге бата беру. Оның түр ерекшелігі мен көркемдік сипаты да осы мақсат үдесіне қарай қалыптасқан. Алғашқы келінді сипаттау кезінде бет ашушы оның келбетін ай мен күнге, жұлдызға балап, әсірелей мадақтайды. Бұл орайда небір баламалар, теңеулер мен эпитеттер, айшықты сөз қолданыстары көрініс береді. Бірақ оның бәрі фольклорлық дәстүрлі айшықтаулар шеңберінен шықпайды. Келіннің ата-енесін, қайнағалары мен қайындарын, абысындары мен қайын сіңлілерін таныстырудан да осы сипаттарды көреміз. Тіпті, олардың ішінде тұрақты формулаға айналып кеткен жолдар да жеткілікті. Мәселен: «Анау бір тұрған атасы – қара бір жердің жотасы», «Анау бір тұрған енесі – қара бір жердің кемесі», «Ана тұрған қайнаға, қайнаға жүрер пайдаға» деген тіркестер барлық беташарларда қайталанады. Немесе «айт келін-ау, айт келін» деп басталатын тіркестер – дәстүрлі беташардың формулалары. Мұның барлығы айналып келгенде, ғұрыптық фольклорға тән заңдылық. Мұнда фольклордың поэтикалық әлемін ғұрыптық дүниетаным анықтайды. Жалпы, фольклордағы адам сипаты – сол қоғамдағы ұстанымдардың жиынтығы. Ондағы келіннің, күйеу жігіттің, ата-ана, аға-жеңге, қайын, балдыз деген сияқты әрбір адамның орны дәстүрлі дүниетаным бойынша фольклорлық дәстүр шеңберінде алдын ала белгіленіп қойған. Жыршылар сол межеден аспайды. Ал там-тұмдап енетін жаңалықтар дәстүр арнасын түбегейлі өзгерте алмайды.

Бұдан, әрине, беташарлардың барлығы бір қалыптағы туындылар деуге келмейді. Беташарларға тән өзіндік басты сипаттардың бірі ретінде ондағы сипаттаулардың, адам келбеті мен мінезін бейнелеуге байланысты көркемдік тәсілдердің көбірек кездесетінін айтуға болады. Сонымен қоса, беташарда үгіт-насихат, дәстүрлі қоғамның ұстанымдарын, ахлахтық (моральдық) қағидаларын тәптіштей түсіндіру басым. Оның көркемдік сипаттары да осы арнадан өріс ашады.

Қалай дегенде де, беташар – той жырларының ішіндегі мазмұндық жағынан ғибратты, өлең кестесі жағынан көркем жанрлық түрлердің бірі.

Неке қияр. Қазақ жеріне ислам дінінің орнығуынан пайда болған жанрлық түрдің бірі – неке қияр. Жалпы, отбасылық ғұрып фольклорында көне тәңірлік діннің өзегі берік сақталғанмен де, өлең мәтіндерінде ислам дінінің әсері де молынан ұшырасады. Ол «бісмілла сөздің басы екен» деген сияқты рәсім басталардағы «әлқиссадан» басталып, өлең өзегіне шым-шымдап енгенін байқау қиын емес. Оның біраз көрінісін «Аушадияр» жырынан байқасақ, жар-жар, сыңсу, беташар мәтіндерінен де молынан кездестіреміз. Ал, жоқтауларда оның тамыры тереңірек бойлаған. Онда пайғамбардан қалған сүннеттер таратыла айтылатын сәттер аз емес. Ал неке қияр болса, тікелей ислам дінінің ғұрпынан туған жыр. Шариғатқа сәйкес неке қию рәсімі бойынша молда екі жасқа неке суын ішкізіп, дұғасын оқып, некелерін бекіту үшін екі адамды куәлікке тартады, бірақ куәлік сөзін өлеңдетіп айту шарт емес. Ал, қазақ арасында ол өлеңге айналған. Мұның өзі қазаққа «қара сөзден, өлең оңай» екендігінен болса керек. Оны алғаш ғылыми айналысқа түсіруші – А.Байтұрсынов: «Неке қияр сөз деп неке қияр кезде екі арада жүретін екі куәнің – күйеу мен қыздың ырзалығын сұраған уақытта айтатын сөздерін айтамыз. Бұл әнмен айтылмайды. Бірақ өлеңде ұйқасқан, дәйім бір қалыпта айтылады:

 

Куә – куә – куәдүрміз,

Куәлікке жүрәдүрміз.

Мұнда халық қасында,

Таңда хақ қасында

Екі кісі хаққа куәлік бередүрміз.

Пәленшеден жазған (әкесін айтады),

Пәленшеден туған (шешесін айтады)

Пәленше қызды (атын айтады),

Қалал жүптілікке қабыл көріп алдыңыз ба? –

 

дейді.

Қызға айтқанда да бәрін осы қалыпша айтып, аяғында «пәленшеге жүпті болдыңыз ба?»[171] – дейді. Куәгерлердің өз сөзін бұлайша өлеңдетіп айтуы мұсылманша неке кию рәсімінде жоқ. Онда арнайы дұға оқылып, сұрақтарға қара сөзбен жауап беріледі. Дегенмен, кезінде орнығып қалған ғұрыптық рәсімге байланысты туған бір ауыз өлең болса да, жеке қарастырылып келеді. Оны былайша жеке жанрлық түр ретінде қарауға негіз беретін басты сипаты – оның белгілі ғұрыпқа байлаулы болып келуінде. Бір ауыз өлең болса да, неке қию ғұрпы кезінде ол міндетті түрде орындалады, сондықтан оны елемеуге болмайды. Тұсаукесу жыры да осы тәріздес бірер шумақтан ғана тұрады.

Той жырының қатарында аталып жүрген өлеңнің тағы бірі – тойтарқар. Ол жөнінде алғаш мағлұмат беруші Б.Уахатов: «Тойтарқар қыз беріп, қыз алу салтының көп кәде, жора-жосықтары әбден аяқталып болған соң айтылады. Бірнеше тәулікке созылған тойдың ең соңғы күні қыз-келіншектер мен жас желең бозбалалар жиналып келіп, ақырғы қоштасу кешін өткізеді....Сол кезде ойын-сауықты басқарып жүрген ақын жігіт тойтарқар әнін бастап, бұған өзгелер қосылады»[172], – дей келіп, бір шумақ өлең келтіреді:

 

– Оу, халайық, халайық!

Көп отырдық думанмен,




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 1049; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.