КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Айман-Шолпан 3 страница
Үлкен тоймен ұзатылған Қаншайым хан ордасына келін болып түседі. Екі жас өте бақытты, бір-бірін шын сүйеді. «Қаншайым ер Науанды балқытады, махаббат назбен қарап, хадден асып», – деп суреттейді жыршы екеуі қосылғаннан кейінгі жағдайларын. Жас келіннің сұлулығына жұрт таңданып, қайран қалады. Кенесары да келінінің нұр жүзіне таң қалып, назар салады. Оған көңілі толып, аспандағы Шолпанға теңеп, «Перизат, хорлығайын нұр қызы екен», – деген баға береді. Алайда, оның бұл мақтауы мен назары Қаншайымға оқ болып тиеді. Сөйтіп, ол өзін сүйікті әйел ретінде толық көрсете алмай, жарық дүниемен қоштасады. Оның кенеттен қайтыс болуы тыңдаушыны да, оқырманды да өкініш сезімге бөлейді. «Наурызбай-Қаншайым» жырының бұлай аяқталуы – баллада жанрына тән белгінің бірі. Оқиға кілт үзіліп, сюжет күрт тоқтағаны да, яғни күтпеген жағдаймен бітуі де – баллада үшін әдеткі тәсіл. Соның нәтижесінде бүкіл шығарма драмаланған сипатқа ие болады. Мұны біз трагедиялық шешім болмаса да, «Айман-Шолпаннан» да аңғарамыз. Мұнда да оқиға күтпеген жағдаймен тәмамдалады, бірақ оның бүкіл өрбу жолы драмаланған, Көтібар мен Айман тартысы жырдың соңына дейін немен тынатыны белгісіз болып келеді де, күрт өзгеріске түседі, күтпеген шешіммен тоқтайды. Осындай жағдай «Ерназар-Бекет» («Бекет батыр») жырында да кездеседі[1031]. Қорыта айтқанда, аталған шығармалар қазақ фольклорында эпикалық жанрдың жаңа түрі пайда болғанын айғақтайды. Оның табиғатында қаһармандық эпостың, тарихи жырдың әрі ғашықтық эпостың белгілері бар. Басқаша айтқанда, жаңа жанр тақыр жерде пайда болған жоқ, ол бұрынғы жанрларға сүйенді, олардан көп нәрсе алды және өзінің қалыптасу барысында басқа да жанрлардан әртүрлі амал-тәсілдерді қабылдады, сөйтіп, жалпы фольклорлық поэтикаға енді. Соның арқасында көне мотивтер мен нанымдарды да көркемдеуіш құралы етіп пайдаланды, ескі мен жаңаны шебер ұштастырды. Сөйтіп, көркем фольклор жанрына, яғни сөз өнеріне айналды. Оны «Айман-Шолпан», «Наурызбай-Қаншайым», «Ерназар-Бекет» жырларынан көруге болады.
Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 944; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |