КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Жалпы комплексті атластар
Вопросы для повторения 1. Что такое арбитраж? Как данное понятие соотносится с понятием «третейский суд»? 2. Каковы основные отличия и общие признаки видов арбитражей? 3. Допустимо ли рассмотрение споров посредством МКА в РФ? 4. Какие дела подведомственны МКА? 5. Что такое арбитражное соглашение? Как определяется в доктрине понятие «арбитражная оговорка»? 6. Какие виды арбитражных соглашений Вы знаете? 7. Какое значение имеет арбитражное соглашение? 8. Какие существуют международные конвенции по вопросам МКА? 9. Какой закон регулирует деятельность МКА в РФ? 10. В каких случаях возможно обжалование арбитражных решений? 11. Каким образом производится исполнение решений арбитражей на территории РФ?
[1] См. Ануфриева Л.П. Международное частное право: В 3-х т. Т.1. М., 2000. С.50. [2] Л.П. Ануфриевой «Об источниках международного частного права (некоторые вопросы теории)» //. «Московский журнал международного права» №4,1994. [3] См. например, Богуславский М.М. Международное частное право М.: Юристъ 1998. [4] Концепция действия коллизионно-правовой нормы в сочетании с материально-правовой нормой была детально разработана в трудах выдающегося российского ученого, основоположника российской науки МЧП, профессора Л.А. Лунца (см.: Лунц Л.А. О сущности коллизионной нормы // ВИЮН. – Ученые записки. М., 1959. – Вып.9. – С.105-124). [5] Международное частное право. Учебник / Под ред. Г.К. Дмитриевой. М., 2000. – С.98. [6] Международное частное право. Учебник для вузов / Под ред. Н.И. Марышевой. М., 2000. – С.57. [7] Лунц Л.А. Международное частное право. Общая часть. М., 1970. – С.152-154, 158. [8] Перетерский И.С., Крылов С.Б. Международное частное право. М., 1959. – С.11. [9] Богуславский М.М. Международное частное право: Учебник. М., 2001. – С.85. [10] Ануфриева Л.П. Международное частное право: Учебник. Т. 1. Общая часть. М. 2000. – С.173. [11] Богуславский М.М. Иностранные инвестиции: правовое регулирование. - М.: Издательство БЕК, 1996- - 482 с.; Сонькин Н.Б. Корпорации. - М.: Изд. «Московская высшая языковая школа», 1999- - 394 с.; Кашанина Т.В. Хозяйственные товарищества и общества: правовое регулирование внутренней деятельности: Учебник для вузов. - М.: Издательская группа ИНФРА-М - Кодекс, 1995- - 554 с. [12] Ушаков Н.А. Юрисдикционные иммунитеты государств и их собственности. – М..1993. с.6 [13] Ерпылева Н.Ю. Международное частное право – М.,1999. с. 15. [14] Равный над равным власти не имеет (лат). [15] Международное частное право. Под. Ред. Г.К. Дмитриевой. – М., 2002 г. с. 250. [16] Богуславский М.М. Иммунитет государства. – М., 1962 г. С. 25. [17] Международное частное право. Под. Ред. Г.К. Дмитриевой…с. 254. [18] Курдюков Г.И. Государство в системе международного правового регулирования. – Казань., 1979, с. 113. [19] Лунц Л.А. Курск международного частного права. – М., 2002. с.614. Анықтама атласы, ғылым-анықтама атласы, әйгілі атластар, білім, туристік, әскери және жол атластары. Анықтама атласы – бұл жалпы географиялық және саяси - әкімшілік атластар, ауыл аймақтар, рельеф және гидрография, жол жүйесі, шекара – номеклатура бойынша ерекшеленеді. Ғылыми-анықтамалық атласы – картографиялық туынды. Көп томды басылымдар. Олар ғылыми адамдарға, әкімшілік үшін арналған. Көп томды Мұхит Атласы, алғашқы үш томы 1974, 1977 және 1980 жж шығарылған. Физикалық географиялық Әлем атласы (1964 ж),Әлемнің мұз-қар ресурсының атласы (1997) және т.б. Белгілі, әйгілі атластар – көп оқырмандар үшін арналған. Оларды оқу үшін профессионалды дайындық қажет емес. Осы топқа мектеп атластарын жатқызуға болады. Соңғы жылдары туристік және жол атластары шыға бастады. Осы атластар, автокөлік сүйетін адамдар үшін, спортшылар үшін, туристер үшін керек. Қазіргі уақытта кішігірім (қалталы) және өте кішкентай атластар бар. Сонымен қатар электрондық атлас шықты. Олар дискіде және Интернет жүйесінде кеңінен таралған. Олар да өзінің классификациясы бар.
34) Объектілер мен құбылыстарды карторафиялық бейнелеу әдістері Карта тілі- бұл картографияда пайдалынатын негізгі белгілерді, әдістерді қамтитын, карталарды жасау, пайдалану барысында оларды құру, пайдалану ережелері бейнеленген белгілік жүйесі. Оның дамуы барлық деңгейлерде ғылыми-техникалық прогресс дәрежесімен, мәдениет пен өнердің қалпымен, саяси құрылыс пен қоғамдық институттармен бір сөзбен айтқанда қоғамдық-тарихи үдерістерді қалыптастыратын барлық құбылыстармен байланысты болған. Карта тілі-бұл картографияның объектілі тілі. Оның басты функциялары (картографияныкі секілді)- коммуникативті, яғни ақпараттың белгілі көлемін карта құрастырушысынан картаны пайдаланушыға беру болса, екінші қызметі-танымдық- картографияланатын объект жайлы жаңа білімді алу болып табылады. Қазіргі таңда бейнелеудің 12 әдісін бөліп қарастырады (Берлянт, 2001). Бұл келесі әдістер: сызықтық белгілер, ареалдар қозғылысы белгілері, сапалы фон белгілері, изосызықтардың және псевдоизосызықтардың сандық фон белгілері, каторграмма, картодиаграмма, локальданған диаграммалар белгілелі жатады. Картограмма мен картодиаграмма әдістері статистикалық әдістер болып есептеледі. Картографиялық бейнелеу әдістерін графикалық рәсімдеу әдістерінен ажыратқан жөн. Әдіс деген сөздің астында картада орналасу, объектілер мен құбылыстарды локализация сипатымен ерекшелінетін қандай да бір фигураларды, суреттерді, штрихтарды пайдалану принципі жатыр. Ал графикалық рәсімдеу әдісі мәнінің астында –фигураларды,суреттер мен штрихтардың формалары мен көлемі түсіндіріледі. Осылайша, кеңістіктік локализация мен орнатылу сипаттарына қарай ерекшеленетін объектілер мен құбылыстарды беруге арналған шартты белгілер жүйесі картографиялық бейнелеу әдісі болып есептеледі.
1. Белгілік әдіс. Белгілер әдісін тармақтарда локализацияланған және әдетте карта масштабында көрсетілмейтін объектілерді көрсетуге пайдаланады. Бұл елді мекендер, пайда қазбалар ошағы, өнеркәсіптік кәсіпорындар, жеке құрылғылар, жергілікті жердегі бағыт-бағдарлар болуы мүмкін. Белгілер объектілердің сандық және сапалық ерекшеліктерін, олардың ішкі құрылымын (түрлі-түсті құрылымдық белгілер сипаттауға мүмкіндік береді. 2. Сызықтық белгілер әдісі. Бұл әдіс сызықтарда локальданған шынайы не абстрактілі объектілерді бейнелеуге пайдаланалады. Оларға, мысалы, жағажайлық сызықтар, жолдар, атмосфералы фронттар, административті шекаралар жатады. Түрлі суреттер мен ссызықтық белгі түстері объектінің сандық және сипаттамалық сипаттамаларын береді: жағажайлық сызыұ типі, жарылымның тереңдігін, темір жолдарының саны, жылы және суық фронттарды бейнелейді. Сызықтық белгі масштабы бойынша масштабсыз болып есептеледі, алайда оның осі жергілікті жердегі шынайы объкті қалпымен сәйкес келуі тиіс. Өтімнің кезектілігі не шекараның нақсыздығы болса, сызықтық белгі жолақ арқылы беріле алады. Сызықтық белгілермен объекті динамикасын бейнелеуге болады, мысалы, теңіздің жағажайлық сызығының қалпын трансгрессияның түрлі сатыларына енгізіп, сол арқылы құрғақ жердің сумен басылуының кезектілігін білдіруге болады.
3. Қозғалыс белгілері. Қозғалыс белгілері қандай да әлеуметтік, табиғи, экологиялық құбылыстарды (мысалы, циклондардың жылжу жолын, құстар ұшуын, аурулардың таралуын) бейнелейді. Қозғалыс белгілерінің көмегімен жылжып бара жатқан объектінің жолын, бағытын және жылжу жылдамдығын бейнелеуге болады. Қозғалыс белгілерін объектілер арасындағы байланысты, олардың сапасын, қуаттылығын, өткізімдік қабілеттілігін көрсетуге (мысалы, электронды коммуникацияларды, қаржылық ағындарды) пайдаланады. 4.Сапалық фон. Сапалы фон әдісін ерекшеленген аудандар, облыстар мен территориалды бөліністің өзге де бірліктері бойынша тегістей таралу құбылыстарының сапалы айырмашылықтарын көрсету үшін пайдаланылады. Бұл әдіс негізінен аумақтты классификациялы бөлумен, оның қандай да бір белгісі бойынша дифференциясымен, типологиялық аудандастырумен тығыз байланысты, мысалы, ауылшаруашылық кәсіптегі аудандарды, ландшафттарды, құнарлы жабындылар, өсімдік ассоциацияларды бөлу жатады. Графикалық әдістер ретінде түсті (түстік фон) немесе штрихтауды (штрихтық фон) пайданады. Кей жағдайларда карталарда осы әдістердің екеу де пайдаланылады, осылайша топырақтық картада топырақтың генетикалық типтерін түстік фонмен береді, ал олардың механикалық құрамын-түстің үстінде берілетін штрихтық фонмен беріледі. Кейбір жағдайларда, бөлінген аудандар арасындағы шекара нақты болмаса, екі сапалы фондарды қайта жабуға рұқсат беріледі де, картада «кірме жер» не «дойбылық» түстендіру пайда болады.Сапалы фон бөліністерінің идентификациялауын ыңғайластыру үшін оны картада белгілейтін индекстермен қосақтайды
5. Сандық фон.Сандық фон әдісін бөлінген аумақтар шегінде тегіс тарату құбылыстарының сандық айырмашылықтарын беру үшін пайдаланады. Сапалық фон секілді сандық фон аумақтастырумен ұдайы байланысты болды, алайда сандық сипаты бойынша байланысады. Бояу немесе штрихтау шкала бойынша орындалады, яғни интенсивтілік сипаттың өзгеруімен байланысты не артады не төмендейді. Сандық фонды пайдалану мысалдар ретінде өзендік бассейндегі гидроресурстар қорының карталарды атауға болады. Сапалы және сандық фондардың бірігіуі де ықтимал,мысалы, конфессияға ие түрлі діни сенімдегі халықтың пайыздық қатынастағы қосымша сипаттамасы бар аудандарды бөлу кезінде
6. Ареалдар. Ареалдар әдісінің мәні картада қандай да бір тегіс не бытырап орналасқан құбылысты ерекшелеуде. Жиі осы әдіспен жануарлар мен өсімдіктердің, пайдалы қазбалардың кен орындарын белгілеу үшін пайдаланады. Абсолютты және салыстырмалы ареалдарды ажыратады. 36.. Құбылыс және картографиялық объект бейнесінің әдісі. Изосызық әдісі - картографиялық көрсеткіштің бірдей мәнде берілетін сызықтар. Изосызық әдісі шектеусіз және құбылыстардың өзгеруі кезінде қолданылады. Олар көлденең (изогипс), изогонды, изобара, изотерма сәйкесінше бейнеленеді. Алдын-ала интервал қимасы таңдап алынады. Автоматты изосызықтарды өткізу цифрлік модель және арнайы бағдарлама бойынша орындалады. Изосызықтар - өте ыңғайлы, хабарлама әдісі болып есептеледі. Динамикалық электрондық картада изосызық жүйесі өздері орналасу мүмкін, циклон және антициклон құбылыстардың ауысуын көрсетеді. Псевдоизосызықтар әдісі. Изосызықтарды құбылыс үшін қолданады. Мысалы: жергілікті аумақтың тығыздығың изосызығы. Псевдоизосызықтар өте ыңғайлы графо-математикалық абстракция көмегімен құрылады. . Нақты әдіс. Осы әдіс көпшілік құбылыстарды көрсету үшін қолданады. Осы нақты әдіс халықтардың орналасуын жиі көрсетеді. (бір нүктенің салмағы 1000 тұрғын) егін ауданы, (бір нүкте – 500 га), малдардың орналасуы (1 нүкте – 200 бас ірі қара мал), географиялық әдіс ретінде нүкте ғана емес, сондай-ақ (кішкентай домалақтарды, нақтырақ) квадраттарды, үшбұрыштарды алуға болады. Кейде көрсеткішті 2 және 3 салмақ бойынша алады. Кішкентай нүкте - 200 га, орташа – 500 және үлкен нүкте - 1000 га. Сондай-ақ нүктелер әртүрлі түсті немесе көлем бойынша болады. Мысалы: жасыл түсті нүкте – бидай, сары – жүгері, қызыл – күнбағысты бейнелейді. Нақты әдіс саналатын көрсеткіш үшін өте ыңғайлы және көрнекі болып табылады. . Картодиаграммалар. Картодиаграммалар әдісі абсолютті статистикалық көрсеткіштерді диаграмдық белгі бойынша бөледі. Картодиаграммаларды өндірістердің көлем, электр энергиясын қолдану көрсеткіші анықтау үшін қолданады. Графикалық әдістер: облыс және аудан кіретін столбтық, аудандық көлемді диаграммдық белгілер қызмет атқарады. . Картограммалар. Картограммаларды статистикалық көрсеткішін көрсету үшін қолданады. Бұл есеп тұрғынға 100 га есебінде және т.б. Кейде картограммаларды квадрат жүйесі бойынша салады. Олар халықтың тығыздығын есептейді. Картограммаларда интервал шкаласы бар. Локалдық диаграмма. Локалдық диаграмма құбылыстардың мінездемесін график және диаграмма көмегімен анықтайды. Осындай графиктер орташа айлық температураның және жауын-шашынның өзгеруін, метеостанциялардың локализациясын, өзен суларының ластану диаграммасын және т.б. көрсетеді. Графиктік әдіс әртүрлі болады: раушан диаграмма (мысалы, раушан бағыты бойынша жел), қисық және гистограмма орналасуы (ай бойынша температура қадамы), циклограмма (жылына орташа күннің жарқырау ұзақтығы), құрылым диаграммасы және т.б.
35)Туристік картографиялық аудандарға мінездеме Картографиялық аудандарңа сипаттама бергенде біз ең алдымен сол жер туралы толық ақпарат көзіне сүйенеміз.Сондықтан барып қана сипаттама жасаймыз.Сипаттама жасау дегеніміз сол аудан туралы жасайтын картаға барлық шартты белгілер арқылы объектілердің кіруі мен оларға берілетін анықтама мәтіндердің толық болуы болып келеді.Туристік картаға кіретін белгілердің негізгі үш топқа бөлуге болады: · Сол территориядағы туристік ерекшеліктері (табиғмт ерекш. Тірі және өлі табиғат,тарихи мәдени ескерткіштер архитектуралық,өнер жинақтарынының жинағы) · Туристік инфрақұрылым объектілерінің белгісінің болуы (түнеу базасы тамақтану қызмет көрсету туристік жолдар мен коммуникаця құралдары) · Басқа да қосымша белгілер(туристік шаруашылық саласына байланысы жоқ объектілер) Ауданға сипаттама бергенде келесі материалдар кіруі мүмкін: · Ауданның туристік картасы · Аудан орталығының туристік картасы · Аңшылар мен балықшыларға арналған ауданның туристік картасы · Турист атласы · Анықтамалық жолсерік аудан бойынша · Ауданның маршруттық туристік схемасы · Буклеттер жолсеріктер күнтізбе мен басқа да жарнамалық анықтамалық ақпараттар қамтыған. Қазіргі кезде туристік картографиялық өнімдердің бірнеше түрін көрсетуге болады: · Карталар кітаптар,ғылыми жұмыстар монографиялар,буклеттегі мәтінді көрсететіндер · Қалалар планы жарнамалық өнімдер бар туризм орталықтары · Ұлттық атлас карталары әртүрлі туристік рекреациялық сюжеттерді көрсетеді · Ұлттық парктер қабырғаларындағы карта схемалары демаласы зонасындағы қорықтардағы,археологиялық ескерткіштері бар жерлердегі. 37)Туристік карталар мен схемалар түрлері. Бұл карталар мен схемалар - тұтынушылардың кең көлеміне арналған бүкілхалықтық картографиялық өнім түрі. Олар туристер мен экскурсанттарға арналғанжəне анықтамалық құрал жəне бағыт беріші ретінде қызмет ету керек. Қарастырылатынкарталарға (сүлбелер)Қойылатын негізгі талаптар: туристерге қызмет көрсету жүйесі туралымəліметтері болу керек, туризмнің дамуына жəне кең таралуына себепші болу керек,адамдарда табиғатқа деген сүйіспеншілік сезісін арттыру керек, өз Отаны үшін мақтаныш сезімдерін туғызу керек. Негізгі мақсаты бойынша құрастырылатын карталар шолу, маршруттық жəне қалалардың план-схемалары болып бөлінеді.Шолу туризм карталары географиялық аймақтар немесе əкімшілік-территориялық бөлініс принципі бойынша жасалады. Маршруттық схемалар белгілі бір маршруттардың бағытын көрсетеді. Олар туристерге негізделген жəне қозғалыс түріне байланысты жаяу, су бетімен, автомобильды, темір жолмен жəне аралас болып бөлінеді.Бұл карталардың географиялық негізі қызықты нысандардың орналасуы жайлықажетті мəлімет алу мен жергілікті жерд бағдардауға негіз болады.Оның арнайы мазмұнына мыналар кіреді: туристік қызмет көрсеті нысандары мен туризм жүйесіне кіретін туристік мекемелер жайындағы мəліметтер, туристік маршруттар мен негізгі көрнекі жерлер. Маршруттарда арнайы нөмірі мен қиындақ категориясы көрсетіледі. Қалалардың туристік план-схемалары бірнеші түрде басылып шығады. Туристік карталар мен схемалар түрлі тісті суреттер мен фотосуреттермен безендіріледі. Онда сонымен қатар мəтіндік бөлігі де болады: жалпы түрде, легенданың бөліктері, маршруттық схемаларға нұсқаулар. Сонымен қатар мəтінде туристерді табиғатты аялауға шақыратын арнайы мəтіндер де болады. Барлық туристік карталар мен схемалардың қысқаша сипаттамасы болады жəне олар бүктемелі түрде шығарылады. Үлкен қашықтыққа арналған туристік маршруттардың схемалары қолдануға ыңғайлы бүктемелі брошюра ретінде шығарылады. Карталарды сыртқа қабында орналастырады, олардың стандартты өлшемі болаДЫ 38)Бейнелеу тәсілін таңдаудағы басты факторлар Картографиялық бейнелеу тəсілдері, оларды таңдау; Картографиялық белгілерді талдау жəне өңдеуде картографиялық бейнелеу тəсілдерін классификациялаған ыңғайлы. Бұл кезде картографиялық құбылыстардың түрлерін жəне орналасу сипатын ескерген жөн. Белгілі бір мəліметке сүйене отырып карта құрастырған кезде мынадай бейнелеу тəсілдерін қолданады: Белгілер, сызықтық белгілер, изосызықтар, сандық фон, сапалық фон, шоғырланған диаграмма, ареалдар, қозғалыс белгілері, картограмма, картодиограмма. Тағайындалу мақсаты бар нақтылы тақырыптық картаны жобалағанда əрбір нысан байланысты картографиялық бейнелеу тəсілдерін таңдайды. Бейнелеу тəсілін таңдаудағы басты факторлар: - Нысанды орналастыруы мен құрылымындағы ерекшеліктері; - Нысанды картографиялаудың мақсаты – карта жасау; - Негізгі алынатын ақпараттар түрі, мазмұны, оны өңдеу əдістері мен бұл ақпараттың жиынтық мүмкіншіліктерін карталардың негізінде жəне басқа материалдармен өңдеу. Бұл шешім - картографияланатын нысанның жеке ерекшеліктерін ескергенде жүзеге асады. Сонымен қатар,бұл картографиялық тəсілді таңдауда осы кеңістіктік-территориялық құрылымдағы объектілердің кеңістікте таралуының жалпы заңдылықтары мен типтерін басты назарға алу керек. 39) Туристік карталарды құрастыру тәсілі Бұл карталар мен схемалар - тұтынушылардың кең көлеміне арналған бүкілхалықтық картографиялық өнім түрі. Олар туристер мен экскурсанттарға арналған және анықтамалық құрал және бағыт беріші ретінде қызмет ету керек. Қарастырылатын карталарға (сүлбелер) Қойылатын негізгі талаптар: туристерге қызмет көрсету жүйесі туралы мәліметтері болу керек, туризмнің дамуына және кең таралуына себепші болу керек, адамдарда табиғатқа деген сүйіспеншілік сезісін арттыру керек, өз Отаны үшін мақтаныш сезімдерін туғызу керек. Негізгі мақсаты бойынша құрастырылатын карталар шолу, маршруттық және қалалардың план-схемалары болып бөлінеді.Шолу туризм карталары географиялық аймақтар немесе әкімшілік-территориялық бөлініс принципі бойынша жасалады. Маршруттық схемалар белгілі бір маршруттардың бағытын көрсетеді. Олар туристерге негізделген және қозғалыс түріне байланысты жаяу, су бетімен, автомобильды, темір жолмен және аралас болып бөлінеді. Бұл карталардың географиялық негізі қызықты нысандардың орналасуы жайлы қажетті мәлімет алу мен жергілікті жерде бағдардауға негіз болады. Оның арнайы мазмұнына мыналар кіреді: туристік қызмет көрсеті нысандары мен туризм жүйесіне кіретін туристік мекемелер жайындағы мәліметтер, туристік маршруттар мен негізгі көрнекі жерлер. Маршруттарда арнайы нөмірі мен қиындақ категориясы көрсетіледі. Қалалардың туристік план-схемалары бірнеші түрде басылып шығады. Туристік карталар мен схемалар түрлі тісті суреттер мен фотосуреттермен безендіріледі. Онда сонымен қатар мәтіндік бөлігі де болады: жалпы түрде, легенданың бөліктері, маршруттық схемаларға нұсқаулар. Сонымен қатар мәтінде туристерді табиғатты аялауға шақыратын арнайы мәтіндер де болады. Барлық туристік карталар мен схемалардың қысқаша сипаттамасы болады және олар бүктемелі түрде шығарылады. Үлкен қашықтыққа арналған туристік маршруттардың схемалары қолдануға ыңғайлы бүктемелі брошюра ретінде шығарылады. Карталарды сыртқа қабында орналастырады, олардың стандартты өлшемі болады. Туристік карталарды құрастыру карталарды құрастыру мен безендіру процестірін ерекшелендіруге және стандартқа келтіруге негізделетін жалпы редакциялық құжаттар бойынша жүргізіледі. Бұл карталарды жасаудағы редакциялық дайындық жұмыстарының ерекшелігі: жергілікті мекемелермен және Туризм ассоцацияларымен байланыс орнатуда; мәліметтерді, фотосуреттерді, слайдтарды жинау және оларды картаға енгізуде.Бұл жұмысты редактор консультанттардың көмегімен іске асырады. Редакциялық дайындық жұмыстарының нәтижесінде құрастыру жұмыстары кезінде қолданылатын карта мазмұнының арнайы макеті құрылады. Осы карталарды баспаға дайындаудың ерекшеліктерінің бірі - пластиктерді, шартты белгілердің жапсырмаларын, рельефтің фотосуреттерін, көрнектілік суреттердің көп қолданылуында. Туристік карталар мен схемалардың ассортиментін кеңейту, олардың мазмұнын жергілікті жердің ерекшіліктері мен карта безендірілуін жақсарту үшін космостық фотосуреттердің негізінде байыту негізгі мәселе болып табылады. Туристік карталарды жақсартудың тағы бір мүмкіншілігі – шартты белгілерді, бейнелеу әдістерін, схематизациялау принциптерін маршруттарды бейнелеуді көрнекі әрі ыңғайлы жасау үшін одан ары жақсарту мен стандарттау. 40).Картодиаграмманың түрлі бейнелері. Картадағы әрбір территориялық бірлік шегіндегі суммалық көлемін білдіретін және территориялық бөліністің ішкі бірлігінде орналасатын (көбінесе әкімшілік территориялық бөліністе) кез келген құбылыстардың таралуын диаграмма көмегімен көрсету тәсілін картодиаграмма деп атайды. Картографияда көбінесе мына төмендегілер картодиаграмманың түрлі бейнелерін құрайды: - сызықты диаграммалар – бағаналар, жолақтар және т.б, қолданылады, олардың ұзындықтары салыстырмалы шамаларға пропорционалды; - аудандық диаграммалар – шаршылар, дөңгелектер, т.б жатады, олардың көлемі салыстырылатын шамаларға тура пропорциональды; - көлемді диаграммалар – кубтар, шарлар, т.б, олардың көлемі салыстырылатын шамаларға тура прорционалды; Диаграммалық фигуралар сонымен қатар әр түрлі құрамдық бірліктерден тұруы мүмкін. Егер де шаршылар, дөңгелектер және басқа да фигуралар бейнеленетін құбылыстың құрылымына сәйкес әр түрлі бөліктерге бөлінсе, мысалы орман жерлерінің, жыртылатын аудандар, экспорт пен импорт және т.б. құрылымына сәйкестілігі.Құрылымдық диаграммаларда басқа да көріністер пайдалануы мүмкін, мысалы, жұлдызды диаграммалар, олардың сәулесінің ұзындығы (сәуле не фигура центрі негізінен) құбылыстың құрымым бөліктеріне пропоционалды; сәулелер саны әр түрлі болуы мүмкін. Шамалардың салыстырылуын сызықтық диаграммалар арқылы жақсы көрсетуге болады, бірақ ол фигуралар көлемі бойынша үнемсіз. Аудандық, әсіресе, көлемдік диаграммалар аз ауданды алады: олардың ең үлкені мен ең кіші фигуралары арасындағы айырмашылығы шамалы. Көлемді диаграммалар аса үлкен айырмашылығы бар шамалар үшін қолайлы. Алайда аудандық және көлемдік диаграммалар көз мөлшерімен өлшегенде ондай анық емес, бірақ аудан мен көлемнің айырмашылығы шынайылықпен салыстырғанда картодиаграммада нақты емес, яғни аз шамада. Шамаларды өзара салыстырудың әр түрлі мәндік фигуралар топтарымен (дөңгелектер, шаршылар, тіктөртбұрыштылар және т.б.) көрсеткенде жеңілденеді, соның ішінде әр қайсысы бейнеленетін құбылыстың бірлігін анықтайтын мөлшерін көрсетеді.(4,а)Егерде әртүрлі сандық мәнді бірнеше фигуралар пайдаланылса, онда әдіс "ауыстырмалы тиындық" деп аталады.(4,б) Сол сияқты бағанашалардың (4,г) мен текшелердің бөлінуі (4,в) т.с.с. пайдаланылуы да мүмкін. Сондай-ақ, екі өлшемді және үш өлшемді диаграммалар пайдаланылады, олар екі не үш тәуелсіз бейнеленетін, бірақ өзара көрсеткіштерінің байланысы бар, мысалы, егіс көлемі мен орташа өнім мөлшері тіктөртбұрыштың әр қабырғасында әр территориялық бірлікте түскен жалпы астықты білдіреді. Картодиаграмманың сыртқы бейнесі белгілер тәсілін еске түсіреді, бірақ олар мәні жағынан терең ерекшелігі бар. Белгілер бейнеленетін объектілердің орналасу пункттерін көрсетеді және олар территориялық бөлініске байланысты емес. Белгілері бар картада территориялық бірліктердің шекарасы болмауы да мүмкін. Керісінше, картодиаграмма әкімшілік немесе басқа да территориялық бөлінулерсіз мағынасыз болып қалады. Диаграммалар белгілі бір нысанға жатпайды, жеке територриялық бірліктер шекарасы аумағындағы құбылыстың суммарлық шамасын білдіреді, бірақ құбылыс берілген бірліктер ішінде қалай орналасқанын көрсетпейді. Сондықтан картографиялық негіздің нақтылығы картодиаграммада қажетсіз. Картодиаграмма географиялық көзқараста кемеліне жетпеген. 41.Туристік картаның мазмұнын Өңдеу элементінен, классификация, аңыздар, суреттеу амалынан тұрады. Мазмұнының элементіне картографиялық территорилық суреттер, картаны түсінудің негізі болып табылатын аңыздардың жазылуы кіреді. Картада туристік обьектілер мен құбылыстарды дұрыс көрсету үшін, картографиялық суреттерді арнайы тақырыптарда қолдану керек. Дұрыс картаны құрастыруда әртүрлі шкала түрлерін қолдану керек. Картада жазулар мен оларды картада орналастыру маңызды роль аткарады. Карта жасағанда әрбір жазу обьектіге нақты жазылу керек. Картаны оқу мен ақпаратты нақты жеткізу осыған байланысты болады. Қатты қоюлықтағы жазу пунктың сол жағына немесе төбесінде жазылады. Обьектілер сипаттамасы оң жағында жазылады. Көлемдік обьекттерде жазулар осьтің ұзындығымен жазылады. Тек мысалы жазулары кішірейтілмейтін кішкене өзендерде жазулар жанында болады. Негізінен жазу ыңғайлы орналасу керек. Бір-бірімен араласпау, төмен қарап қалмау керек. Суреттерде, жазулардың түсі айқын анық болу керек. Мысалы үлкен, тік шрифтпен елдің астанасы жазылады. Одан кішісі –облыс орталықтары, қиғаш-аудан орталықтары көрсетіледі. Тағыда суды көкпен, рельеф түрін-қоңырмен, Адамдар тұратын аймақты-карамен жазылуы заң. Кейбір жазулары көп карталарда, жазуларын 2 орындағы карталарда қолданады. Мысалы негізгі мекендейтін аймақты карамен жазсақ, ал екінші дәрежеліні-сұрмен жазады. Бір қарағанда картада негізгі жазулар көрінеді, ал қалғандары 2 орында.
42. Туристік картаны жасаудағы негізгі кезеңдері(сатылары),Негізгі өту кезеңдері,түсініктеме қағазы,түзеу. Жаңа туристік картаны жасауда 4 негізгі кезеңі бар.: 1. Ререациялық-дайындық 2. Картаны ұйымдастыру 3. Картаны әсемдеу 4. Карта баспасы Бірінші рекреациялық-дайындық кезеңінде картаны жасауда қойылатын талаптармен танысу керек (мазмұны, террриториясы, масштабы). Содан кейін картографиялық мүмкіндіктер мен арнайы талаптар туралы сұрақтар шешіледі. Бұл кезеңнің қортындысы рекреациялық жоспар болып табылады. Ол мына схема бойынша жүзеге асады. 1. Карта атауы,мақсаты 2. Масштабы 3. Құбылыс бейнелері 4. Құбылыс бейнелерінің мінездемесін көрсету 5. Уақытша белгілер Келесі кезеңде анализ, карторграфия туралы ақпаратты бағалауды міндетті түрде өткізу керек. Бұның негізгі көзі ретінде территорияны зерттеуді қарастыратын әртүрлі карталар, ғылыми ақпарат беру, тақырыпқа сай мақалалар қарастырылады. Бұл кезеңнің негізгі сәті болып аңыздарды қайта құрастыру табылады. Мұнда міндетті түрде белгішелерді, түрлі-түсті суреттерді бағалау керек. 2ші кезеңде картаны құру картографиялық негізімен үздіксіз жұмыс жасаудан басталады. Көбынесе картографиялқ негіз калькаға аударылады. Негізгі қысым зерттелеттін аймақ шекарасында ғана болады. Ескі топографиялық негізді қолданғанда оған міндетті түрде түзету енгізу керек, жаңа атау, жаңа нысан алу қажет. Осыдан кейін жасалатын аңыздың соңғы нұсқасы жасалады. Карта құрастырудағы жалпы белгілер. Картаның тақырыбы сыртқы рамканың жоғарғы бөлігінде жазылады. Егер мүмкін болса масштабы да сыртқы рамканың астынғы бөлігіне жазылады. Жасаушы туралы мәлімет төменгі оң жақ бөлігінде орналасады. Соңғы кезеңде картаның ішкі рамкасы ерекшелінеді. 3ші кезеңде түп нұсқалы картаның әсемделуі жасалады. Негізін жасауда оны ерекшелеуді жарық столда(светостол) түпнұсқасын жасайды. Соңғы картаны әсемдеу карторграфиялық талаптарға байланысты жасалады: қаламмен, акварельді бояумен, тушьпен. Бұл кезеңде аңызды ерекшелеуді бүкіл картаны ерекшелеумен бірге жасау керек. Карта жасаудың қорытынды кезеңі түсініктеме хаттамаларды жасау болып табылады. Түсініктеме хаттамалар біріншіден картаға ғылыми бағалауға, ғылыми мәселелерге баға береді. Онда картаны құрастырушы, жұмыс әдістері, картографиялық бейнелер көрсетіледі. Екіншіден тағы бір мақсаты картаның мазмұны, қолданушыға арналған жарнамасы көрсетіледі. Қазіргі кезде карта жасайтын фабрикалар мен орындар карта жасауда жаңа технологиялық бағыттар ұстанады-компьютерлік картографиялық системаны қолданады. Компьютерлік картографиялық система карта жасауда уақыты, жабдықты үнемдейді. Карта жасауда персоналльды IBM қолданады. Ол Pentium процессоры және графикалық редакторлар негізінде жасалады. Жаңа туристік карта жасау схемасы өзгеріссіз қалды. Карта жасауда компьютерлік белгілер мен шрифттер, сканерлеу, компьютерлік бейнелеу, редакциялық көрсетулер пайдаланылады.
43)Горизонтальдар бір – бірімен қосылып кететіндей, жер бедердің құлау соншама тік болған кезде, шартты белгілердің қолданылуы Горизонтальдар – теңіз деңгейінен біркелкі биіктікте орналасқан нүктелерді қосатын қисық сызық. Жер бедерін кескіндеуде горизонтальдың мынадай қасиеттері бар: 1. Бір горизонтальдың бойында жататын барлық нүктелер жергілікті жерде бірдей биіктікте жатады. 2. Карталар мен пландарда тұйықталған горизонтальдар не төбені, не қазан шұңқырды білдіреді; олар бергштрихтар немесе жазулар арқылы танылады. Қазан шұңқырларда көбіне тоған немесе көл болады. 3. Планның немесе картаның ішіндегі, сондай-ақ оның сыртындағы барлық горизонтальдар үздіксіз болуы тиіс. 4. Жер бедерін кескіндегенде горизонтальдар ешуақытта қиылыспайды. 5. Горизонтальдардың өзара қашықтығы еңістің қаншалықты құлама тіктігін білдіреді. 6. Горизонтальдар арасындағы ең қысқа арақашықтық, яғни горизонталға перпендикуляр сызық неғұрлым тік құламаның биіктігіне сәйкес болады. 7. Суайрық сызықтары және өзектердің осі горизонтальдармен тікбұрыш арқылы қиылысады. Топографиялық түсіру нәтижесінде планшетте жер бедерінің өзіне тән нүктелерінің пландағы орны биіктіктерімен қоса алынады. Осы нүктелердің биіктігінің негізінде жергілікті жердің жер бедері горизонтальдармен кескінделеді. Ол үшін алдымен жер бедері қимасының биіктігі таңдап алынады. Содан соң интерполяциялау арқылы және пункттердің арасындағы нүктелерді табады, олардың биіктігі жер бедері қимасының биіктігіне еселі болады. Горизонтальдар бір – бірімен қосылып кететіндей, жер бедердің құлау соншама тік болған кезде, қима биіктігін көбейту керек немесе кейбір горизонтальдар көрсетілмей қалады. Кейбір аймақтарда қима биіктіктер бір – бірінен өте алыста болуы мүмкін(жазықтықтарда), мұндай жағдайда қима биіктіктерінің айырмашылығының тең жартысын құрайтын қосымша горизонтальдар жүргізіледі. Көптеген жерлерде жергілікті жердің ерекшеленетін жерлерінің аттары жазылады. Көптеген жербедерлерінің пішіндері горизонтальдармен белгіленбейді, оларды арнайы белгілермен көрсетеді. Мысалы, жартастар, қорымдар, сырғымалар, жыралар, вулкандар, қорғандар, үңгілер және тағы басқалары 44. рекреациялық-дайындық кезеңінде Картаны жасауда қойылатын талаптармен танысу керек (мазмұны, террриториясы, масштабы). Содан кейін картографиялық мүмкіндіктер мен арнайы талаптар туралы сұрақтар шешіледі. Бұл кезеңнің қортындысы рекреациялық жоспар болып табылады. Ол мына схема бойынша жүзеге асады. 1. Карта атауы,мақсаты 2. Масштабы 3. Құбылыс бейнелері 4. Құбылыс бейнелерінің мінездемесін көрсету 5. Уақытша белгілер
Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 2054; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |