КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Картаны уйымдастыру
Картография туралы ақпаратты бағалауды міндетті түрде өткізу керек. Бұның негізгі көзі ретінде территорияны зерттеуді қарастыратын әртүрлі карталар, ғылыми ақпарат беру, тақырыпқа сай мақалалар қарастырылады. Бұл кезеңнің негізгі сәті болып аңыздарды қайта құрастыру табылады. Мұнда міндетті түрде белгішелерді, түрлі-түсті суреттерді бағалау керек. 2ші кезеңде картаны құру картографиялық негізімен үздіксіз жұмыс жасаудан басталады. Көбынесе картографиялқ негіз калькаға аударылады. Негізгі қысым зерттелеттін аймақ шекарасында ғана болады. Ескі топографиялық негізді қолданғанда оған міндетті түрде түзету енгізу керек, жаңа атау, жаңа нысан алу қажет. Осыдан кейін жасалатын аңыздың соңғы нұсқасы жасалады. Карта құрастырудағы жалпы белгілер. Картаның тақырыбы сыртқы рамканың жоғарғы бөлігінде жазылады. Егер мүмкін болса масштабы да сыртқы рамканың астынғы бөлігіне жазылады. Жасаушы туралы мәлімет төменгі оң жақ бөлігінде орналасады. Соңғы кезеңде картаның ішкі рамкасы ерекшелінеді. 46)Аннотация және оны құру жолы. Аннотация және оны құру жолы. Геометриялық 3 әдіспен –полигон, ызық, нүкте түрінде берілген кеңістіктегі нысандар туралы мәліметтер карта бетінде жазу арқылы береді. Мұндай картографиялық мәліметтерсіз картаны оқу мүмкін емес. Сондықтан, әрбір нысанды салғанда, оның сандық және сапалық көрсеткіштерін немесе атауларын атрибуттар кестесіне толтырамыз. Электронды карталар жасау барысында аннотация жасау міндетті емес. Аннотация дегеніміз – нысандарды сандық және тексттік мәліметтерден тұратын жеке қабат. Аннотация құру жолы: Нысандарды қажетті мәліметтері жазылған соң, мысалы, елді мекендердің атауы name жолы арқылы категорияға бөлініп, карта бетіне жазылады. Нысандар атауы тек бір бағытта ғана жазылады. Мысалы, оң жаққа, бірнеше қабаттың мәліметтері осы әдіспен жазылған жағдайда бір-бірімен араласып, оқылмай кетуі мүмкін. Сондықтан, жеке аннотация қабатын құрып, олардың орнын ауыстыруға болады. Осы процедураны іске асыру үшін келесі функцияларды атқарамыз: rcMap-та сол қабатқа барып, оң жағын басамыз→жазуларды аннотацияға конвертациялау (Convert labels to annotation)→ашылған терезеден осы аннотацияға қажетті мәліметтер болады→байланысты нысандар (feature linked) Нысанмен байланысты аннотация, яғни сол нысанмен тікелей байланыста, нысанды алып тастағанда аннотация өшіп қалады. Соңында convert басамыз,а ннотация қабаты қосылады. Енді кез-келген нысанды белгілеп,орнын ауыстырып қоюға, қажет емес кезде алып тастауға, шрифттің түсін, өлшемін өзгертуге болады. Аннотация жасаған кезде ескерілетін жағдайлар: -карта масштабын көрсету керек; -аннотациямен жұмыс жасағанда карта бетіндегі нысандардың картографиялық заңдылықтарын қатаң сақтау керек. Аннотация қабатында нысандар қанша класқа бөлінсе, сонша кластан тұратын категорияны көрсетеді. Кез-келген уақытта бір категорияға кіретін барлық нысандардың автоматты түрде шрифтін, түсін, өлшемін өзгертуге болады.
47) Карта бойынша компассыз бағыттау. Карта бойынша компассыз бағыттау жергілікті жердің сызықтарымен бағыттамен ерекшеленеді. Жергілікті жердің сызықтарымен бағыттау. Жорықта маршруттың түзусызықтық жолмен, өзенмен, өткелмен сәйкес келгенінде қолданылады. Бұл жағдайда бағыттауды тағы бір нысанаға бағыттаған дұрыс. Бұл бағыттың жергілікті жер сызығының бейнесімен қиылысқан нүктесі тұрған жердің нүктесін көрсетеді. Жарма бойынша бағдарлану. Егер тұрған орныңыздан жақын маңда бір-бірінен алшақ тұрған жарманы картадан тапсаңыз,онда жарма сызығы бойынша ж/е тағы бір бағдарға бағыт арқылы туристің тұрған орынның нүктесі анықталад. Нүктелік бағдар ж/е кері кертік әдісі. Нүктелік бағдар маңынан туритің орналасуын анықтағанда, бұл бағдарды картадан тауып, екінші бағдар бойынша картаның жоғарғы кесіндісін солтүстікке бағыттау керек. Егер бағдарлар алыс орналасса, орналасқан орынды кері кертік әдісі арқылы анықтайды. Бұл үшін картаны бағыттап, екі бағытқа қарай қол қойып, сызып алады. Бағыттың қиылысқан нүктесі орналасқан нүкте болып табылады, бақылау үшін үшінші бағыт қолданады. Болотов әдісі. Картадан әрең оқылатын жағдайда жергілікті жерде орналасуын анықтауда қолданады. Бұл үшін түссіз параққа бір нүктеден жергілікті жерде көрінетін ж/е картада бейнеленген 3 нүктеге қол қойып сызып алады. Сосын түссіз парақты картаның үстіне алдында бағдарға бағытталып сызылған сызықтар олардың үстімен өтетіндей қою керек. Парақтың бұлай жатуындағы нүкте орналасқан нүкте болып табылады.Практикада саяхаттаушылар сонымен қатар жақындаған бағдарлауды қолданады. 48) Карталарды безендіру, ӘСЕМДЕУ Мәліметтер түрінде (Data view) – кеңістіктегі нысандарды бейнелеу, мәліметтерді енгізу, түстерін таңдау, атауларын немесе жалпы мәліметтерін жазу, яғни редакциялау жұмысын жүзеге асырамыз. GPS қабылдағышы белгілі бір аймақты анықтаған кезде, сол уақытта белгіленген нүктеге дейін сеніммен жүруге болады. Дисплей экраны Сізге хабарламаны көрсетеді, ал клавиатура Сізге координаталарын енгізуге көмектеседі. GPS қабылдағышы сынған кезде арнайы техникалық білімді қажет етпейді. Салмағы кішкентай болғанымен де, ғылым және техника саласында қолдануға болады. Бағасы төмен болғандықтан оны әр адам қолдана алады. GPS қабылдағышпен бірге қорықпай кез*келген саяхатқа шығуға болады. Тауда, орманда, шөлде, суда, кез-келген ауа-райында және кез-келген уақатта GPS қабылдағышы Сізге көмектеседі.
49. Картаның әсемделуі. Негізін жасауда оны ерекшелеуді жарық столда(светостол) түпнұсқасын жасайды. Соңғы картаны әсемдеу карторграфиялық талаптарға байланысты жасалады: қаламмен, акварельді бояумен, тушьпен. Бұл кезеңде аңызды ерекшелеуді бүкіл картаны ерекшелеумен бірге жасау керек. Қазіргі кезде карта жасайтын фабрикалар мен орындар карта жасауда жаңа технологиялық бағыттар ұстанады-компьютерлік картографиялық системаны қолданады. Компьютерлік картографиялық система карта жасауда уақыты, жабдықты үнемдейді. Карта жасауда персоналльды IBM қолданады. Ол Pentium процессоры және графикалық редакторлар негізінде жасалады. Жаңа туристік карта жасау схемасы өзгеріссіз қалды. Карта жасауда компьютерлік белгілер мен шрифттер, сканерлеу, компьютерлік бейнелеу, редакциялық көрсетулер пайдаланылады.
Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 1578; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |