Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

ГИС-туризмдегі картографиялау




Электронды,виртуалды карталар.

Электронды атластар қағаз атластарға қарағанда сәтті альтернативті болды, себебі оларды дайындау уақыты азайды, және оларды ыңғайлы CD-ROM дискілерінде сақтауға болады, және анимациялық, сондай-ақ мультимедиялық құралдарды қолдануға болады.мұндай атластар өте сапалы карталардан тұрады, және жақсы іздеу – анықтамалық жүйелерімен қамтылған.Қазіргі кезде электрондық атластардың бірнеще түрі бар:1.тек визуалды көруге арналған атластар, яғни «вьюерлік атластар».2. «интерактивті атластар» -бұл жерде неше түрлі өзгертулер енгізіп, оларды қағазға шығаруға болады.3. «Аналитикалық карталар»-, оларға сандық анализ жасап бағалауға және кеңістіктік корреляция жасауға болады, олар негізінен ГАЖ атластар.4. «интернет-атластар»- интернетте орналасқан электрондық атластар, бұл жерде карталардан, қосымша ақпараттан бөлек навигация сегменті бар.

Қазіргі кезде Қазақстанда 3-томдық ҚР-дың 2006 жылғы ұлттық атласы бар, оларды ГАЖ көмегімен жасаған.1.Табиғи жағжайлар мен ресурстар.2.Әлеуметтік-экономикалық даму.

3.Қоршаған орта және экология.

Виртуалды атластар-бұл дегеніміз Интернетте белгілі бір жұмыс ережелерін орындай отырып, өзгертуге болатын атластар.Виртуалды атластың концепциясы бойынша, кеңістік ақпараттық ресурстары (карталар, аэро және ғарыштық суреттер, анимациялар, геобейнелер, мәтіндер, дыбыстар, статистикалық мәліметтер, әр түрлі нұсқаулар) бар және қолдануға арналған графикалық интерфейс болып табылады.интерфейске бірнеше талаптар қойылады: ол тұтынушыға тек достастық қарым-қатынаста болуы керек; қол жетімді, әрі жылдам болуы керек;қарапайым және визуалды көркем болуы керек. ГАЖ дегеніміз – табиғи және әлеуметтік-экономикалық геожүйелерді, олардың

құрылымын, байланысын, динамикасын, кеңістік пен уақыттағы тіршілік етуін,

географиялық білімдер мен мәліметтер банкісі негізінде компьютерлік белгілеудің

көмегін зерттейтін ғылым.


Қазіргі уақытта ғылымдар жүйесінде ГАЖ өзіне лайықты орнын алуда. Оны

географиялық зерттеулерді информатизациялаудың мақсаты мен міндеттерінен көруге

болады. ГАЖ-дың маңызды міндеттерінің бірі-географиялық ақпараттардың синтезі мен

талдауының көптеген варианттарының орындалуына көмектесетін алгоритмдер мен

бағдарламалық құралдарды құрудағы, географиялық зерттеулердің автоматтандырылуы.

ГАЖ табиғи және әлеуметтік-экономикалық үрдістер мен құбылыстарды үлгілейтін,

олардың байланыстарын,қарым-қатынастарын, болашақта дамуын болжайтын және

шншім қабылдап, басқаруға арналған негізгі ғылым болып отыр.

1) ГАЖ аймақта таралған ақпаратты жинап, өңдеп, сақтап, талдауға арналған. Адам-

бағдарлама-машиналық кешен.2) ГАЖ белгілі бір территорияда пайда болған жағдайда жедел ықпал ету және сол жағдайдың картографиялық және тақырыптық ақпаратын алу.3) ГАЖ, бұл-аймақтың кеңістік контурынан әртүрлі тақырыптық ақпаратты бірінің

үстіне бірін салу-overlay-лық операция.4) ГАЖ, бұл-аналитикалық және картометриялық зерттеу мен талдау. Негізінде кез-келген картаның жоспар жолы жасалынады.5) ГАЖ, бұл-кез келген үрдістер мен құрылымдардың өзгеруін зерттеу және олардың жағдайын уақытында үлгілеу.6) ГАЖ кеңістіктік ақпаратты визуалды және динамикалық режимді көрсету.7) ГАЖ аумақтар мен қорларды басқару.8) ГАЖ - жылдамдық, сапа, дәлдік. 9) ГАЖ, бұл-ғылым, технология және бизнес бәрі бір түрде. 10) ГАЖ, бұл-кеңістік талдауда картография мен картометриядағы революция.

ГАЖ-да картаны құрастыру процесі қарапайым әрі ыңғайлы, ол дәстүрлі

тәсілмен немесе автоматтандырылған картографиялаумен салыстырғанда. Ол мәліметтер

базасын құрудан басталады, шыққан мәліметтер, яғни олардың көзі ретінде қарапайым

күнделікті қағаз карталарын сандау арқылы қолданылады. Осындай мәліметтер базасын

әркелкі территориядағы, әртүрлі масштабтағы белгілі бір шартты белгілері бар карта

құрастыруға мүмкіндік береді.Әр уақытта мәліметтер базасы жаңа деректермен

толықтырылып, ондағы басқа деректерді корректілеп, сол мезетте экранға көрсетіледі.


52. Жаңа картаны құру әдісі.

Картада қолданылатын шартты белгілер негізгі 3 топты құрайды. Масштабтан тыс, сызықты, аудандық.

Масштабтан тыс шартты белгі объектілерді көрсету үшін қолданады. Мысалы: мұнай шығаратын өндіріс.

Сызықты шартты белгі сызық объектілерді суреттейді. өзен, жол, шекара және т.б.

Аудандық шарт белгілер орман массивтері үшін, өзен массивтері үшін қолданады. Нақты аудан объектілерін анықтайды.

Электронды технологияның дамуымен қатар динамикалық шартты белгілер пайда болды.

Философ және математик Г. Лейбниц айтқан екен: «Жаңа ашулар үшін шартты белгілер ыңғайлы болу керек».

 

Туристік карталарды құрастыру үшін:

- табиғи бақылаудың мәліметі;

- текстік (әдеби) шығу тарихы;

- экономикалық статистикалық мәліметі;

- картографиялық шығу тарихы; жалпы географиялық және тематикалық карталар;

- аэро және космостық түсіру материалдар.

 

Туристік карта мыналар көрсетіледі:

- жергілікті аумақ, гидрографиялық және жол жүйесі, әкімшілік ауданның шекарасы;

- туристік және экскурсия маршруттарын проектісі, жобасы;

- күзетілетін зоналар, табиғаттық және ұлттық парктер, демалатын орындар;

 

картада табиғат және саяси экономикалық шарттар белгіленген. Осы белгілер рельефке, суға, өсімдіктерге, ауа-райына, климатқа әсер етеді.

 

Қазіргі кезде картографиялық зауыттарда және фабрикаларда жаңа технологиялық бағытта өндірісті компьютерлік картография арқылы іске асып жатыр. Компьютерлік картография жүйелерді құрудың арқасында жұмысты қысқартуға мүмкіндігін береді.

Жұмыс кезінде персоналды ІВМ қолданады. Олар Pеntium процесі және графиктік редакторларда құрылған. Классикалық схемаға сондай-ақ компьютерлік шартты белгілердің шрифтары, сканер, принтерден шығару қосылады.

 


 

53) Туристік карталардың дизайні және безендіру.

Соңғы жылдары туризм саласында GPS (Glodаl Positionong System) жүйесі кеңінен қолданылады. Осы жүйе өте оңай қолданылады. Жергілікті аумақтың координаталарын: географиялық кеңін, ұзақтығын, теңіз деңгейінен биіктігін метр бойынша анықтайды. Осы жүйе АҚШ-та құрылған.

GPS қабылдағышы белгілі бір аймақты анықтаған кезде, сол уақытта белгіленген нүктеге дейін сеніммен жүруге болады. Дисплей экраны Сізге хабарламаны көрсетеді, ал клавиатура Сізге координаталарын енгізуге көмектеседі.

GPS қабылдағышы сынған кезде арнайы техникалық білімді қажет етпейді. Салмағы кішкентай болғанымен де, ғылым және техника саласында қолдануға болады. Бағасы төмен болғандықтан оны әр адам қолдана алады.

GPS қабылдағышпен бірге қорықпай кез*келген саяхатқа шығуға болады. Тауда, орманда, шөлде, суда, кез-келген ауа-райында және кез-келген уақатта GPS қабылдағышы Сізге көмектеседі.

 

Алынатын документ түсіретін түрі мен биіктігі қолданған аппаратураға байланысты.

Дистанциондық суреттеудің ең басы қасиеттері: карта құрастыру үшін пайдалы. Аэро және космостық түсірулер жалпы географиялық және тематикалық фотокарталарды құрастыру үшін қажет.

Сондай-ақ космосфото негізде құрылған туристік карталар бар.

 

54) План мен картаның айырмашылығы

Жер бетінің қағазға кішірейтіліп түсірілген нұсқасын план деп атайды.Латынша «планус»-жалпақ,тегіс деген мағына береді.Планға қарап,жер бетінің жалпы сипатын,ондағы заттардың орнын,бір-бірінен арақашықтығын дәл анықтауға болады.Планда заттардың заттардың пішіні оның төбесінен қарағандағыдай болады.Сондықтан онда бір,екі және одан да көп қабатты үйлер бірдей болып шығады,өйткені қағазға олардың тек қана алып жатқан орны сызылады.Пландағы заттарды бір бірінен ажыратып тану үшін,олардың үстіне жазып қою қажеттігі туады.Бірақ онда бүкіл сызбаны жазубасып кетер еді де,мұндай сызбаны оқып түсіну қиынға соғады.Сондықтан пландағы жер бетінің сипатын оңай елестету үшін оған шартты белгілер қолданылады. План – жергілікті жерді шартты түрде жазықтық бетіне кішірейтіліп түсіруді айтады. Бұл екі картографиялық түсініктердің айырмашылықтарын атап кетсек: Пландар кішігірім жерлерге құрастырылады да, онда бұрмалаушылық байқалмайды Шешілетін міндеттердің алуандығы, мазмұндық жағдайлары және маштабы жағынан да әр түрлі карталардың қажеттілігін тудырады. Карта –математикалық заңдарға негізделе жасалған. Карта-математикалық заңдарға негізделе отырып (масаштаб және проекция бойынша) жасалатын жер шарының күн жүйесіндегі басқа планеталардан,аспан денелерінің кішірейтіліп әрі жинақталып,шартты белг ілерімен бейнеленген көрінісі. Карталар:қамтитын аумағына,мазмұнына,масштабына,қолданылу сипатына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді. Географиялық карта-кішірейтілген шартты белгілер көмегімен жер бетін кең көлемде бейнелеу.Карта мен план –адамзаттың орасан зор өнер табысы.Карта немесе планды құрастыру үшін,жер бетінің проекциясы қағазға белгілі бір көлемге дейін кішірейтіледі.


55) Тура азимут пен кері азимуттың айырмашылығы.

Меридианнның солтүстік басынан бір затқа қарай сағат тілінің бағытымен есептелген жергілікті немесе картадағы горизонталь бұрышты азимут деп атаймыз. Азимутты арабшадан аударғанда «бағытты» білдіреді. Мысалы; егер бір зат біздің солтүстік шығыс жағымызда тұрса, онда азимут азимут 60 градус, оңтүстік шығысында тұрса, 150 градусқа тең деп айтуға болады. берілген бір нүктеде меридианды астрономия тәсілімен тапсақ, онда меридиан негізгі, ал магнит стрелкасы арқылы тапсақ, магниттік меридиан болып табылады. осыған сәйкес өлшенетін азимутта негізгі А және магниттік А азимут болып келеді. әр нүктенің магниттік меридианы оның географиялық негізгі меридианына сәйкес келмейді., олардың арасындағы бұрыш магнит стрелкасының бұрылу бұрышы деп аталады. Егер стрелканың солтүстік ұшы негізгі меридианнан шығысқа қарай бұрылса, батыстық бұрылу бұрышы болады, шығыстық бұрылу оң +, ал батыстық бұрылу теріс – болып келеді. Егер магнит тілінің бұрылу бұрышы бұрыштын мәні белгілі болс, магниттік азимуттан негізгі азимутқа көшуге болады. магнит тілінің бұрылу бұрышы әр жерде әр түрлі болып келеді. Бұларды көбінесе жер бетінің шағын учаскелерін жасағанда ғана қолданылады.


57) Жергілікті жерде компассыз және картасыз бағыт табу.

Күн, ай, Темір қазақ жұлдызы бойынша көкжиек жақтарын анықтауға болады, бірақ 20-25 градустан аспайды. Жергілікті белгілер арқылы бағдарлау дәлдігі одан да төмен. Мысалы, мүк пен қыналар ағаш өзінің солтүстік жағында өсетіндігі, шайыр ағаш өзінің оңтүстікке шығатындығы, шіркеу алтары шығыста, мұсылман мешіттер есігі шығысқа қарайтындығы баршаға мәлім. Тауда солтүстікте – орман, оңтүстікте – дала болады. Бағыт анықтаудың ең жақсы әдісі – Туристік таңбалау – туристік маршруттарды белгілеуге арналған ж/е жергілікті заттарға бейнеленген арнайы шартты белгілер жүйесі. Таңбалауға жер бетінде бағыт анықтауға көмек беретін маркалар, оң бағдарлар ж/е т.с.с. Сағат және күн б-ша бағдарлау үшін сағат тілін күнге қарай бағыттайды: бұл жағдайда сағат тілі мен циферблаттағы 2 саны арасындағы биссектриса оңтүстік бағытты көрсетеді(қазан мен наурыз аралығында 1). Уақыт жергілікті уақытпен сай болу керек. Бірақ жаз мезгілінде ауытқулар 20-25° болу мүмкін. Ай бойынша бағдарлау үшін жаздың бастапқы кезінде ай сағат 20.00-оңтүстікте, түнгі 2.00-де батыста, жаздың соңында түнгі 2.00-де шығыста, таңғы 8.00-де оңтүстікте болады


58) Карталарды безендіру, ӘСЕМДЕУ

Мәліметтер түрінде (Data view) – кеңістіктегі нысандарды бейнелеу, мәліметтерді енгізу, түстерін таңдау, атауларын немесе жалпы мәліметтерін жазу, яғни редакциялау жұмысын жүзеге асырамыз.
Компоновка түріндегі(Layout view) – картаны безендіру, қағаз бетіне басып шығаруға дайындау жұмысы жүзеге асырылады.
1.Өзімізге қажетті масштабын көрсетеміз, карта қағаз бетіне симаса, қағаз өлшемін үлкейтеміз. Ол үшін Бет пен баспа параметрі(Page and print set up) командасын ашу керек. Оны екі жолмен ашуға болады:
1.Файл арқылы
2.Картадан бос кеңістікте тышқанның оң жағын басу арқылы.
Ашылған терезеде бірнеше операциялар орындалады. Мұнда тек қағаз өлшемі ғана емес, қағаз бетіне басып шығару жұмысы жүзеге асырылады. Соңғы жылдары туризм саласында GPS (Glodаl Positionong System) жүйесі кеңінен қолданылады. Осы жүйе өте оңай қолданылады. Жергілікті аумақтың координаталарын: географиялық кеңін, ұзақтығын, теңіз деңгейінен биіктігін метр бойынша анықтайды. Осы жүйе АҚШ-та құрылған.

GPS қабылдағышы белгілі бір аймақты анықтаған кезде, сол уақытта белгіленген нүктеге дейін сеніммен жүруге болады. Дисплей экраны Сізге хабарламаны көрсетеді, ал клавиатура Сізге координаталарын енгізуге көмектеседі.

GPS қабылдағышы сынған кезде арнайы техникалық білімді қажет етпейді. Салмағы кішкентай болғанымен де, ғылым және техника саласында қолдануға болады. Бағасы төмен болғандықтан оны әр адам қолдана алады.

GPS қабылдағышпен бірге қорықпай кез*келген саяхатқа шығуға болады. Тауда, орманда, шөлде, суда, кез-келген ауа-райында және кез-келген уақатта GPS қабылдағышы Сізге көмектеседі.

 


59)Жаңа жеке қабат құру. Arccatalog-тағы vector папкасынан тышқанның оң жағын шертіп→жаңа

(new)→қабат(shapefile)→терезе ашылады→ат береміз→ бейнелеудің қажетті түрін

таңдаймыз (нүктелік, сызықтық, полигонды)→координата жүйесін беру үшін Редакторлау

(Editor)→Таңдау(Select) немесе Import→Координата жүйесі проекциясы (Projected

Coordinate System)→Пулково 1942→керек зонаны таңдаймыз→ОК→ОК.

Осы Arccatalog-та ашылған қабатты ArcMap-қа шақырамыз. Ол үшін ArcMap-тан

"+"тетігін басамыз. Ашылған терезеден vector папкасындағы бізге қажетті қабатты

шақырамыз, яғни Add. Әрбір Shapefile 6 құрамдас форматтан тұрады. "Оларды Мой

Компьютер" арқылы ашқанда көреміз.Қабаттармен жұмыс істегенде оцифровка жасай отырып, сол нысандарға анализ бере кетеміз, яғни Атрибуттар кестесін ашамыз. Атрибуттар кестесін ашу. Редактор→Жұмысты аяқтау→ Керек қабатқа барып,панелін ашамыз да, "Атрибуттар кестесін ашуды" таңдаймыз→нысандардың атын жазу үшін жаңа жол ашу керек, опции→жол қосу (добавить поле)→жол атын береміз.

Оның типін таңдаймыз:1. Қысқа сандар (Short integer).2. Ұзын сандар (Long integer).3. Бөлшек сандар (Double)

4. Тексттік (text).Shapefile - сызық, нүкте, полигон түрінде болады. Ол 6 құрамдас бөліктен тұрады

.Егер осы құрамдас бөліктердің біреуі кем болса, қабат ашылмайды. Сондықтан, кез-келген қабатты бір жерден екінші жерге көшіру үшін міндетті түрде 6 құрамдас бөлігін түгел көшіру керек. Кез-келген қабатпен жұмыс істегенде барлық нысандарды категорияларға бөлеміз. Картасы құрастырылып отырған аумақтың барлық нысандарын салынып болған соң, әрбір нысанды өз категориясы бойынша категорияға бөліп, жеке-

жеке символ береміз Яғни, пішінін, түсін,с ызықтық нысан болғанда қалыңдығын және т.б. анықтаймыз. Нәтижесінде әрбір обьект өз категориясы бойынша белгілі бір шартты белгіге ие болады. Мысалы, Қазақстан Республикасының туристік картасын1. Шипайжайлар:Қарғалы, Манкент2. Қорықтар: Қорғалжын, Ақсу-Жабағалы Және т.б.3. Қонақ үйлер: 4.Ескерткіштер ментарихи өлкетану мұражайлары:А.Т Жангелдин,Ә.Н.Молдағұлова Карта бетіндегі нысандарға жазу технологиясы, тексттік баған құру, оныменжұмыс жасау жолдары. Географиялық нысандарды категорияларына қарай атауларына шрифт өлшемдерін таңдау. Кез-келген географиялық нысандар белгілі бір ақпарат көзі болып табылады. Олардың әрқайсысының өзіне тән мәліметі (атауы, морфометриясы, морфолгиясы) болады. Мысалы, қорықтардың атты,онда мекендейтін жануарлардың түрлері және т.б. Барлық географиялық карталарды құрастыруда карта бетіндегі нысандардың атауы жазылады, негізгі географиялық ақпарат беріледі. Карта бетіндегінысандарды бейнелеу барысында, оның аттарын жазғанда, масштаб ескерілу керек. Масштабқа байланысты нысандар таңдап алады. Нысандарды жазу үшін қабатқа барып, оң жақ тышқанды басып, "Қасиеттері" (Properties) терезе ашылады→жазу (labels) →жол (field) Шрифттың өлшемін, түсін таңдауға болады.


60)Карта тақырыбын және карта легендсын құрастыру.

ArcMap-та картаны 2 қосымшамен жұмыс істейміз:

Мәліметтер түрінде (Data view) – кеңістіктегі нысандарды бейнелеу, мәліметтерді енгізу, түстерін таңдау, атауларын немесе жалпы мәліметтерін жазу, яғни редакциялау жұмысын жүзеге асырамыз.
Компоновка түріндегі(Layout view) – картаны безендіру, қағаз бетіне басып шығаруға дайындау жұмысы жүзеге асырылады.
1.Өзімізге қажетті масштабын көрсетеміз, карта қағаз бетіне симаса, қағаз өлшемін үлкейтеміз. Ол үшін Бет пен баспа параметрі(Page and print set up) командасын ашу керек. Оны екі жолмен ашуға болады:
1.Файл арқылы.2.Картадан бос кеңістікте тышқанның оң жағын басу арқылы.
Ашылған терезеде бірнеше операциялар орындалады. Мұнда тек қағаз өлшемі ғана емес, қағаз бетіне басып шығару жұмысы жүзеге асырылады.1.Name командасында принтердің немесе плоттердің атын көрсетеміз.2.Paper – қағаз өлшемін таңдаймыз.3.Orientation:1)Портрет (Portret)2)Альбом (Landscape)
Карта тақырыбын жазу үшін келесі командаларды орындаймыз:
Қою(Insert) → Аты (Title)→
Карта масштабын жазу.
Карта бетінде масштабты 2 жолмен көрсетуге болады: сызықтық және сандық.
Сызықтық-Scale bar
Сандық-Scale text
Қою (Insert) → Сандық (Scale text)
Солтүстік бағдарды шақыру
Қою (Insert) → Солтүстік бағдар (North Arrow)
Карта легендасын құрастыру
Карта легендасы – карта бетіндегі нысандарды оқу үшін құрастырылады. Оларды шартты белгілер деп табылады. ArcGIS-те шартты белгілерді құрастыру үшін әрбір қабатта көрсетілген нысандар мен мәліметтерді компоновкада карта бетіне шақырамыз. Кез-келген картаны құрастыруда картадан тыс бос орындардың барлығын шартты белгілерді қоюға пайдаланамыз.
Қою (Insert) → Легенда (Legend) → ашылған терезеде 2 баған бар:
1)Maplayers 2) Legend items → Далее → Аты → шрифт өлшемі → Далее → шартты белгінің ені мен ұзындығы → Дайын.

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 4373; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.