КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
ГЛОССАРИЙ. 9 страница
Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байланыса береді. Мұндай сөйлемдер аралас құрмалас деп аталады. Мысалы: Қарағандының қары биыл бұрқан-тарқан қауырт еріп еді, сай-салалар суға толып, қырдың тентек өзендері сақылдап тасығалы кемелдеп тұр. Аралас құрмалас сөйлем құрамында оның жеке компоненттері ретінде төл сөздің болуы да мүмкін. Мысалы: «Пушкин дегеніміз –төтенше көрініс және ол орыс рухының бірден-бір көрінісі болуы да мүмкін», – деп, Гоголь Пушкиннің орыс әдебиеті тарихындағы рөлін жоғары және соншалық әділ бағалады деген сөйлем де аралас құрмаласқа жатады. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Құрамындағы компоненттердің байланысу түріне қарай ККҚС қалай бөлінеді? 2.Аралас құрмалас сөйлемдерге қандай сөйлемдер жатады? 3.КССҚС компоненттері өзара қалай байланысады? 4.ККСҚС компоненттері қалай байланысады? 5.ККҚС компоненттерінің мағыналық қатынасына қарай бөліне ме? Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 3, 4,5, 6, 7, 10, 32, 33, 44, 49, 50, 51, 52, 53, 58, 60, 63.
Дәріс №13. Бөгде сөз, оның түрлері Мақсаты: бөгде сөз және оның түрлерімен таныстыра отырып, олардың сөйлем ішінде дұрыс берілуін, тыныс белгілерінің дұрыс қойылуын меңгерту. Тірек сөздер: бөгде сөз,төл сөз, төлеу сөз, автор сөзі, келтірінді сөз. 1. Автор сөйлеген кезде немесе жазғанда өзі баяндап отырған оқиғаға, мәселеге байланысты басқа біреулердің пікірін,сөзін келтіреді. Мұндай келтірінді сөздер автор үшін бөгде сөз болады. Бөгде сөздерді қолданудың түрлі тәсілдері болады: § Бөтен біреудің сөзі ешқандай өзгеріссіз, сөзбе-сөз алынады; § Ол азды-көпті өзгертіліп, грамматикалық тың формалар қосылып, не түсіріліп айтылады. Соған қарай бөгде сөз төл сөз бен төлеу сөз болып екіге бөлінеді. 2. Сөйлеуші не жазушы адам өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін өзгертпей сол күйінде келтірсе, ондай сөйлемді төл сөзді сөйлем дейміз. Мұнда басқа біреудің сөзі төл сөз болады да, сөйлеуші не жазушы адамның сөзі автор сөзі болады. Төл сөз құрамы жағынан әр алуан болып келеді. Ол жеке бір сөз болуы да, бір сөйлем болуы да немесе әлденеше сөйлемдер тізбегінен құралған тұтас бір үзінді болуы да мүмкін. Қандай құрамда айтылса да ол автор сөзімен байланысты болады. Бұл байланысты қамтамасыз ететін дәнекер – де (деді, дейтін, деген, депті, деп, десе) етістігі. 3.Автор сөзі орналасуы жағынан да түрлі-түрлі болады: 1) Төл сөзден кейін автор сөзі келеді. Мұндай жағдайда олардың арасына де етістігі кекледі. Егер автор сөзі төл сөздің иесін атаумен ғана тынатын болса, де етістігі тиянақты формада айтылады: Мені қайда апарасыңдар, – деді Ботакөз. 2) Автор сөзінен кейін төл сөз келеді: өзара қатынасы тәуелсіз тұрады. Төл сөзден бұрын келетін автор сөзі кейде өзінен кейін төл сөздің келетінін білдірсе, соған нұсқап айтылады. Мұндай жағдайда автор сөзі ішінде мынау, былай, мынаны деген тәріздес сілтеу мәнді сөздер де болады. 3) Төл сөз автор сөзінің ортасында келеді. Қазақ тілі синтаксисінде көп қолданылатын, көне түрі. 4) Төл сөз – автор сөзі – төл сөз. Мұндай қолданыс әдеби тілімізде кейін қалыптасқан. Автор біреудің айтқанын төл сөз күйінде бермей, өз тарапынан өзгеріске түсіріп те беруі мүмкін. Мұндайда біреудің айтқанының негізгі ойы сақталады да, оның өзіне тән басқа ерекшеліктері: ритмика- интонациялық бояуы өз тарапынан сөздер, қосымшалар қосып, грамматикалық кейбір формаларын өзгертіп пайдаланады. Сонымен, автор сөзінің біреудің тарапынан өзгеріске ұшырап берілуін төлеу сөз дейміз. Арқылы Төл сөз бен төлеу сөз бір емес. Айырмашылықтары: 1) Төл сөз сөйлеуші бөгде біреудің сөзін ешқандай өзгеріссіз, қоспасыз бұлжытпай келтіретін болса, төлеу сөзде олай болмайды, оның бірер сөзі болса да өзгереді, бірер сөзінің бастапқы морфологиялық формасы өзгереді., соған байланысты синтаксистік қызметін өзгертеді. 2) Төл сөздің айналасында міндетті түрде автор сөзі болады және ол екеуінің жігі айқын байқалып, бөлектеніп тұрады. Байланыстыру үшін тұлғалық өзгерістер қажет болмайды, тек дәнекер ретінде де етістігі қолданылады. 3) Төл сөзде сөйлемнің әр алуан мағыналық түрлері болады: хабарлы, лепті, сұраулы. Соған байланысты оның әр сөйлемінде өзіне лайықты сазы, интонациясы болып отырады. Төлеу сөзде мұның бірде-бірі сақталмайды. 4) Төл сөз бен төлеу сөз жақтық жағынан, жіктеу есімдіктерін қолдану жағынан да біркелкі болмайды. Төл сөзде іс-әрекеттің иесі өзі болған жағдайда автор жіктеу есімдігінің І жағын қолданып сөйлей береді. Ал төлеу сөзде олай етуге болмайды. Сөйтіп, төлеу сөз автор сөзімен әр түрлі тәсілдер арқылы байланысады. Бірақ табыс септігі жалғауы төл сөзді төлеу сөзге айналдырудағы, оны автор сөзімен ұштастырудағы бірден-бір шешуші форма болып есептеледі. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Бөгде сөзге қандай сөздер жатады? 2.Төл сөз дегеніміз не? 3.Автор сөзі дегеніміз не? 4.Төлеу сөз дегеніміз не? 5.Төл сөздің қандай түрлері бар? Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 3, 4,5, 6, 7, 10, 32, 33, 44, 49, 50, 51, 52, 53, 57,58, 60, 63.
Дәріс №14. Мәтін. Күрделі синтаксистік тұтастық. Мақсаты: Мәтін және күрделі синтаксистік тұтастық туралы ұғым қалыптастыру, мәтіннің құрылымдық бөліктерімен таныстыру. Тірек сөздер: мәтін,сөйлем, күрделі синтаксистік тұтастық, абзац, мәтіннің құрылу шарттары. Өзара қарым-қатынас жасау процесінде белгілі бір мазмұн, ой, идея, пікір жеке сөйлеммен беріліп қоймай, көптеген сөйлем топтары арқылы беріледі. Ол сөйлемдер бір-бірімен байланыссыз емес, мағыналық жағынан тығыз жымдасып, белгілі бір сүбелі ойлар төңірегінде топтасып тұрады. Лингвистикалық әдебиеттерде мағыналық және синтаксистік жағынан біріккен сөйлем топтарын күрделі синтаксистік тұтастық деп атаушылық бар. Күрделі синтаксистік тұтастық –жеке сөйлемдерге қарағанда, ойдың дамуын неғұрлым толық бере алатын, мағыналық және синтаксистік жағынан өзара тығыз байланысқан сөйлемдердің тобы. Сөйлем сөздердің тіркесуі арқылы біршама аяқталған ойдыбілдірсе, күрделі синтаксистік тұтастық сөйлемдердің тіркесуі арқылы аяқталған ойды білдіреді. Егер шартты түрде шығарманың композициялық сызбасын сызып көрсетер болсақ, былай болар еді: сөйлем –күрделі синтаксистік тұтастық –тарау –бөлім –шығарма. Сонымен, күрделі синтаксистік тұтастық деп бірнеше сөйлемдердің тізбегінен жасалып, мағыналық және құрылымдық жағынан тұйықталған, белгілі бір күрделі ойды білдіретін синтаксистік бірлікті айтамыз. Күрделі синтаксистік тұтастық категориясына тән негізгі белгілер: мағыналық бірлік, синтаксистік бірлік (құрамындағы сөйлемдердің өзара тығыз байланысы), біртұтас интонациялық-ырғақтық бірлік. Күрделі синтаксистік тұтастықтың өзіне тән құрылысы болады. Оның құрамындағы сөйлемдер бірыңғай қызметте болмайды. Ондағы негізгі ойды белгілеп, басқа сөйлемдерге қазық болып тұратын бір не екі сөйлем болады. Олар негізінен күрделі синтаксистік тұтастықтың басқы бөлігінде орналасады да басқаларға қарағанда өзіндік еркіндікке ие болады. Ал қалған бөлігі сол негізгібөлікте айтылған мазмұнды түрлі жағынан нақтылап, дәлелдеп, түсіндіріп тұрады және синтаксистік құрылымы жағынан соған тәуелді болады. Негізгі басқы бөліктен басқа күрделі синтаксистік тұтастықтың айқын белгіленген қорытушы бөлігі болады. Ол ккөбіне сонымен, қорыта келгенде, сөйтіп сөздерімен басталып, күрделі синтаксистік тұтастықтың аяқталғанын білдіріп тұрады. Сонымен, күрделі синтаксистік тұтастықтың құрылымы мынадай: а) күрделі синтаксистік тұтастықтың барлық мағынасын өзінежинақтап тұрған алғашқы сөйлем; ә) ойдың, теманың дамуын көрсететін ортаңғы сөйлем; б) кішкене теманың, ойдың мағыналық және синтаксистік жағынан аяқталғанын білдіретін қорытушы сөйлем. Абзацтың күрделі синтаксистік тұтастықтан айырмашылығы: ол мағыналық-құрылымдық бірлік емес, стилистикалық-композициялық бірлік болып табылады. Бірнеше сөйлемнен құрылған абзацтар көбіне өзінің шекарасы жағынан күрделі синтаксистік тұтастықтармен сәйкес келеді. Мұндай абзацтар стилистикалық дербес абзацтар болып табылады. Абзацтар бір сөйлемнен де, бірнеше күрделі синтаксистік тұтастықтан да тұруы мүмкін. Мәтін –тілдік таңбалардың мағыналық және тұлғалық байланысы негізінде түзілген жүйелі тізбесі. Мәтіннің құрылу шарттары: сыртқы тұлғалық байланыстарға, белгілі бір ішкі мазмұнға ие болуы, аяқталғандығы, қарым-қатынас жасауды іске асыру мүмкіндігіне иеболуы т.б. Мәтін –жазудың шығуымен байланысты қалыптасып, әрі қарай дамып отырған тілдік құрылым. Мәтіннің көлемі туралы әр түрлі пікір бар. Дегенмен, құрылымдық тұлға бірліктеріне қарап, мәтінге сөйлем, күрделі синтаксистік тұтастық, абзац жатқызылып жүр. Әрбір мәтінде басқа мәтіндердің қоспасы («мәтін ішіндегімәтін») болуы мүмкін. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Мәтін дегеніміз не? 2.Мәтіннің қандай түрлері бар? 3.Мәтіннің қандай белгілері бар? 4.Күрделі синтаксистік тұтастық дегеніміз не? 5.Мәтін қандай құрылымдық компоненттерден тұрады? Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 3, 4,5, 6, 7, 10, 32, 33, 44, 49, 50, 51, 52, 53, 58, 60, 62,63.
Дәріс №15. Тыныс белгілері Мақсаты: Тыныс белгілері туралы мәлімет бере отырып, олардың түрлері мен қызметі туралы білім меңгерту. Тірек сөздер: пунктуация, тыныс белгілері, нүкте, үтір, қос нүкте, сызықша, сұрау белгісі, леп белгісі, нүктелі үтір, көп нүкте, тырнақша, жақша. Пунктуация жазуда қолданылатын тыныс белгілерінің құрамын, атқаратын қызметтері мен білдіретін мағыналарын зерттейді. Тіл дыбыстарының таңбалары сияқты, тыныс белгілері де графикалық шартты белгі болып табылады. Бірақ атқаратын қызметтері жағынан да, қолданылатын орындары жағынан да екеуі екі бөлек категория. Пунктуация емле сияқты, дұрыс жазудың, жазылғанды дұрыс оқып, дұрыс түсінудің құралы. Жазу мәдениеті дамуының қазіргі сатысында тілдерде тыныс белгілерінің түрі де, атқаратын қызметі де әр алуан. Бірақ солардың бәрі де бір мезгілдің ішінде, бірден пайда болмаған. Жалпы жазу тілісияқты тыныс белгілер де, оларға байланысты заң ережелері де бірте-бірте дамып, жетіліп отырған. Тарихшы ғалымдардың айтуына қарағанда, нүкте 15, сұрау белгісі 16, леп белгісі 17, көп нүкте 18, сызықша 19-ғасырдан бастап қолданылған. Алғашында тыныс белгілері жазылған пікірді әр түрлі мәнді бөлшектерге бөліп тұру функциясында ғана қолданған. Қазіргі тілдерде кездесетін тыныс белгілеріне тән қасиет –олардың интернационалдығы. Олар түр-тұрпаты жағынан да, мағыналары мен функциялары жағынан да тілдердің басым көпшілігінде біркелкі болып келеді. Тіліміздегі тыныс белгілері сан жағынан көп болмағанымен, мағыналары, қолданылатын орындары жағынан әр алуан: Сөйлем соңында келетін тыныс белгілері. Біршама аяқталған ойды білдіретін жай немесе құрмалас сөйлемдерден кейін олардың мағыналарына, айтылу саздарына қарай нүкте, сұрау, леп белгілерінің бірі қойылады. Сөйлем соңында келетін белгілердің әрқайсысы, негізгі екі түрлі мағынада, екі түрлі функцияда қолданылады: біріншісі –сөйлемнің аяқталғанын білдіріп, оны басқа сөйлемдерден бөліп көрсету, екіншісі –сөйлемнің қандай мақсатта, қандай мағынада айтылғандығын байқату. Сонымен бірге олардың әрқайсысының кейде сөйлем ішінде тұрып та атқаратын қосымша функцияларыболады. Сөйлем ішінде келетін тыныс белгілері. Бұлардың негізгі қызметі –оқушыларға сөйлемнің құрамын, оның қандай бөлшектерден құралғанын, ол бөлшектердің бір-бірімен мағыналық және синтаксистік қатынастарын байқату. Солай болғанмен, сөйлем ішіндегі тыныс белгілері түр-тұрпаты жағынан да, мағыналары мен функциялары жағынан да алуан түрлі. Үтір – тыныс белгілері ішіндегі функцияға ең бай белгі. Оның қолданылатын орындары: 1) құрмалас құрамындағы жай сөйлемдерді бір-бірінен бөліп көрсету; 2) сөйлемнің бірыңғай мүшелерін бір-бірінен бөліп тұру; 3) қаратпа сөзді сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұру; 4) қыстырма сөзді сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұру; 5) одағай сөзді сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұру; 6) оқшау сөздерді сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұру; 7) хабарлы сөйлем түрінде айтылған төл сөзден кейін, автор сөзінің алдында қолданылады. 8) сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұру; Нүктелі үтір –хабарлы сөйлемдерден кейін қойылатын нүкте мен үтірдің аралығындағы тыныс белгісі. Бұл –аралары үтірмен бөлінгенсөйлемнің күрделірек бөлшектері арасында да, мағыналары өзара байланысты, ортақ немесе бірыңғай тұлғалы мүшесі бар талдап, санамалап, пункттеп баяндау түрінде айтылған тиянақты сөйлемдер арасында да қолданылады. Қос нүкте мынадай орындарда қолданылады: 1) Соңғы жай сөйлемі алдыңғы жайсөйлемдегі пікірді талдап, саралап ашып түсіндіретін құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдеріарасына; 2) Бірыңғай мүшелер алдында келген жалпылауыш сөзден кейін; 3) Төл сөзден бұрын келген автор сөзінен кейін. Көп нүкте пікірдің аяқталмағанын, әлдеқандай себептен сөйлемнің бірер сөзінің түсіп қалғандығын білдіреді. Сызықшаның қолданылатын орындары: 1) бастауыш пен баяндауыш арасына; 2) өзінің алдындағы сөздің немесе сөздер тіркесінің мағыналарын айқындау, саралап ашып көрсету үшін қолданылатын оңашаланған айқындауыштыбөлу үшін; 3) бірыңғаймүшелерден кейінкелген жалпылауыш сөздіңалдынан сызықша қойылады да, соңғының жинақтауыш сөз екенін білдіру; 4) төл сөз бен автор сөзін бір-бірінен бөлу; 5) мезгілдік, мекендік шаманы, шектібілдіретін сөздер арасына; 6) тетедесе болған әрекеттерді білдіретін кейбір шарт мәндес құрмалас сөйлемдерарасына қойылады. Тырнақшаның қойылуыкідіріске, интонацияға немесе сөйлеудің құрылыс ерекшеліктеріне байланысты болмайды. Сондықтан ол шын мәнісіндегі тыныс белгісі емес. Ол мынадай функцияларда қолданылады: 1) цитат түрінде келтірілген біреудің сөзін алуүшін, 2) кері мағынада,сықақ, кекесін түрінде айтылған сөздер; 3) басылымдардың, кеме-ұшақтардың, фабрикалар мен зауыттардың т.б. аттары мен маркалары; Жақша ға алынатындар, негізінде сөйлеммен тікелей байланысы жоқ, оның мүшелерімен грамматикалық байланыста тұрмайтын, жазушының айтқанын айқындай түсу үшін қолданылатын кейбір ескертпе сөздер мен сөйлемдер. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Тыныс белгілерді қандай ілім зерттейді? 2. Қай тыныс белгі бірінші қалыптасқан? 3.Алғашында тыныс белгілер қандай функция атқарған? 4.Тыныс белгілердің қандай түрлері бар? 5.Орхон-Енисей жазуларында қандай тыныс белгілер кездеседі? 6.Қазақ тілінің пунктуациясы қашаннан бастап қалыптасты? 7.Сөйлем соңында қандай тыныс белгілер қойылады? 8.Тек қана сөйлем ішінде келетін тыныс белгілерге қандай белгілер жатады? Ұсынылатын әдебиеттер: 5, 6, 7, 10, 25,32, 33, 44, 49, 50, 51, 52, 53, 55,58, 60, 63. 5.СОӨЖ
6.Студенттердің аудиториядан тыс өздік жұмыстары(СӨЖ) №1СӨЖ. Конспект: А.Байтұрсынов пен Қ.Жұбанов еңбектеріндегі синтаксис мәселелері. Әдебиеттер: А. Байтұрсынов. Тiл тағылымы. А., Ана тiлi., 1992 Қ.Жұбанов. Қазақ тiлi жөнiндегi зерттеулер. А., «Ғылым») 394-бет. №2 СӨЖ. Конспект: Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. Әдебиеттер: Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. Алматы,1981. Сайрамбаев Т.Күрделі сөз тіркестерінің кейбір мәселелері.А.,1976. №3 СӨЖ. Конспект: Пысықтауыш, оның мағыналық түрлері. Әдебиеттер: Сайрамбаев Т.Есім пысықтауыш.А.,1976. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002 №4 СӨЖ. Практикалық жұмыс: Көркем мәтіннен сөздердің байланысу формаларына мысалдар жазып, талдау. Әдебиеттер: Қалиев Ғ., Оралбаева Н., Қасымова Б., Шалабаев Б., Төлегенов О. Қазіргі қазақ тілі. Жаттығулар жинағы. Алматы,1997. №5 СӨЖ. Конспект: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Әдебиеттер: Сайрамбаев Т. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. А.,1991. Бектаева Ш. Қазақ тіліндегі тұрлаулы мүшелердің инверсиялануы. А.,1968. №6 СӨЖ. Конспект: Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлемнің түрлері. Әдебиеттер: Әбілқаев А. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлемнің түрлері. А.,1963. Мадина Ғ. Қазіргі қазақ тіліндегі жақсыз сөйлемдер. А.,1959. №7 СӨЖ. Конспект: Жай сөйлемнің күрделену жолдары. Әдебиеттер: Томанов М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі қыстырмалар. А.,1983.
Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 4399; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |