Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

ГЛОССАРИЙ. 8 страница




Бағыныңқы сөйлемдерді өзара жіктеуде мағыналық принцип те қолданылды. Бұл әсіресе проф. С. Аманжоловтың еңбегінен кеңінен көрініс тапты. Автор аталған еңбегінде сабақтас құрмалас сөйлемдерді мағыналық көріністеріне қарай 18 түрге жіктеген.

Бағыныңқы сөйлемдерді жіктеуде соңғы кездері қолданылып жүрген принцип – құрылым-семантикалық принцип. Осы принцип бойынша сабақтас құрмаластың жасалу жолдары мен олардың бағыныңқы және басыңқы компоненттерінің бір-бірімен аралық тығыз байланысынан туындайтын мағыналық көріністері басшылыққа алынады. Осы негізде тіліміздегі сабақтас құрмалас сөйл-ді ең алдымен жалпы үлкен ү ш са л а ғ а бөліп қараған жөн тәрізді.

Қазақ тіліндегі бағыныңқы сөйлемдердің дені өз басыңқыларымен қарым-қатынасына орай пысықтауыштықыңғайда жұмсалады. Демек, бұл –кеңістік қатынаста жұмсалады деген сөз. Ал кеңістік қатынас өз мағыналық көрінісіне лайық бағыныңқы компоненттің өз басыңқыларына мезгілдік, себептік, амалдық, шарттық тәріздес ыңғайда жұмсалуымен айқындалады. Мұндай мәндік көріністер байланыстырушы амалдың көбінесе есімше және көсемше формалары негізінде туындайды. Осындай амалдар арқылы байланысқан бағыныңқы сөйлемдер өз басыңқысына сіңісіп кетпей, тұтастық қалпын сақтайды. Бұлардың арасындағы тығыз байланыстылық синтаксистік компоненттердің мағыналық үйлесімділігі және бағыныңқы баяндауыштың грамматикалық формалары арқылы жүзеге асады. Мұндай сөйлемдердің құрылысы мына тәріздес болып келеді: Мұғалім келген соң сабақ басталды.

Енді бір бағыныңқы сөйлемдерр өз басыңқыларымен әр уақытта да шартты рай тұлғасы арқылы байланысады, сонымен қатар бұлардың құрамында сілтеу, сұрау есімдіктерімен берілген қатыстық сөздері де (қандай –сондай, қанша –сонша, қайда –сонда) міндетті түрде қолданылып тұрады: Еңбек қайда болса, бақыт сонда. Мұндай тәріздес құрылыста жұмсалған сабақтас сөйлемдердің синтаксистік компоненттері бір-бірімен өте тығыз байланыста, бір-біріне көгенделіп тұрады. Тәуелділіктің бұл сипаты қатыстық сөздердің сөйлем құрамында жарыса қолданылуымен тығыз байланысты.

Мағыналық көрініс жағынан СҚС-ң үшінші бір саласы өрбіп жатады. Мұнда синтаксистік компоненттер өз мағыналық тиянақтылығын сақтайды, оқиға-әрекеттердің орындалуы бір-біріне байланыссыз, әрқайсысы өз беттерімен орындалып жатады. Тек байланысу амалы мұнда тиянақсыз тұлғаны сақтайды. Әшірбек сурет салып, Жамал кітап оқып отыр. Жеке сөйлемдер арасында бірін-бірі айқындау қабілеті жоқ, оқиғалардың орындалу барысы бір мезгілде, өзара ыңғайласа өтетін болады. Осыған орай да бұл тәріздес сөйлемдер тек байланыстырғыш амалдың тиянақсыз қалпына сай сабақтас құрмаластың қатарынан танылады.

Қазақ тіліндегі бағыныңқының дені өз басыңқы сөйлемдерінде хабарланған оқиға-әрекеттің мазмұнын ашу ыңғайында жұмсалады. Осыған байланысты бағыныңқының басыңқыны айқындайтыны үстіңгі стрелкамен көрсетілген. 1-сызбада мұндай бағыныңқылар, негізінен алғанда, пысықтауыштық мәнде жұмсалады.

2-сызбада бағыныңқының басыңқыға екі жақты тәуелді екендігі көрсетілген:мағыналық байланыс және қатыстық сөздер жұптаса қолданылуы.

Соңғысында (3) үстіңгі стрелка көрсетілмеген, демек, мұнда бағыныңқының басыңқыға мағыналық тәуелділігі байқалмайды.

Осы үш топтағы бағыныңқыларға ортақ бір қасиет бар. Ол –ортадағы стрелканың басыңқыға иек артуы. Тіліміздегі бағыныңқы сөйлемдердің жеке түрлері осы үш түрлі топтағы сабақтас құрмаластардың заңдылықтарынан өрбіп шығады. Сонда бағыныңқы сөйлемдердің таптастырылуы төмендегідей болып келеді: шартты БСС, себеп БСС, амал БСС, мақсат БСС, салыстырмалы СС, түсіндірмелі СС, үлестес СС, қарсылықты СС, мезгіл БСС.

II. Түркологиялық ілімде бағыныңқылардың ең бір орныққан түрі шартты және қарсылықты бағыныңқылар деп танылады. Осыдан болар, кейбір қазақ тіл мамандары бұларды нақты бағыныңқылар деп атайды (С. Жиенбаев).

ШБС-та синтаксистік компоненттерде баяндалған оқиға-әрекеттердің орындалу барысы бір-біріне шарт мәнінде байланыса құрмаласады. Бұлайша шарт мәнінің туындауы бағыныңқы компонент баяндауышының берілу жолдарымен де тығыз байланысып жатады. Демек, компоненттер аралығындағы мағыналық байланыс пен грамматикалық тұлғалардың осылайша өзара үйлесе жұмсалулары белгілі бір бағыныңқы сөйлемдерді туындатып отырады. Бұл жерде бір ескерте кететін жайт – кейбір тұлғалар басқа да мәндік сөйлемдерді жасауға қатынасып жатады. Сондықтан да сөйлем бойындағы мәндік құбылысты, жоғарыда айтқанымыздай, мағына мен форманың өзара тығыз байланысынан іздеуміз қажет. ШБСС-нің табиғаты олардың жасалу жолдары арқылы айқындалады.

III.Тіліміздегі ШБСС белгілі бір граммат. амал-тәсілдер арқылы жасалады. Солардың ішіндегі ең көп қолданылатыны – етістіктің шартты рай тұлғасы (-са, -се). ШБСС, негізінен, синтетикалық жолдармен жасалады.

1) Шартты рай тұлғасы арқылы. Бұл форма арқылы жасалған ШБСС әдеби тілімізде кеңінен қолданылуы оның ертеден келе жатқан көне тұлға болуымен тығыз байланысты. Бұрынғы жазба ескерткіштерде бұл тұлға -сар, -сер түрімен берілген. Сондай-ақ шартты рай тұлғалы баянд. ол кездерде мағыналық жақтан айқын сараланбай, көбінесе шарт, мезгіл мәндерінде жұмсалып отырған. Шартты рай тұлғалы сөйл-ң осылайша қолданысы кейде бүгінгі әдеби тілімізде де кездесіп қалады. Мұны сол көне дәуірден қалған құбылыс деп тануымыз керек.

Шартты рай тұлғалы сөйлемдердің осындай мәндік құбылыстары толық сараланбағандықтан болу керек, бірқатар бұрын-соңды шыққан грамматикаларда олар өз атауымен шартты бағыныңқылар деп аталмай екі жақты аталып отырды. Мәселен, Н.И.Ильминский болжал-шарт (условное и предположительное), «Алтай тілі граммат-да» –шамалау формасы (предварительная форма), Н.П.Дыренкова –ьшамалау-шарт (предверительное-условное), Н.А.Баскаков –қалау-шарт (условно-желательное) деп, әрқайсысы әр түрлі жақтан келіп отырады.

Түркологтардың көпшілігі бағыныңқы сөйлемдер жайында әңгіме болғанда, ең алдымен осы тұлға арқылы жасалған шартты бағыныңқы сабақтастарды бірден атайды. Сондағы дәлелі –мұндай құрылыстарда жұмсалғандарда сөйлемге тән басты қасиет бастауыш пен баянд-ң қиыса жұмсалуы қатал сақталады деу (Мен шақырсам, сен келесің). Ал осы тәріздес сөйлемдер Мен шақырғанда, ол келеді түрінде келсе, енді мұндайларды кейбіреуі сабақтас құрмалас ретінде танымайды. (дәлелдері –қиысу заңдылығы жоқ).

Шартты рай тұлғасындағы бағыныңқы сөйлемдер өзге формада жұмсалған сабақтастардан осындай ерекшелігімен даралана алады: Тыңдаушы ықыласты болса, сөйлеуші шешен болады.

Шартты рай тұлғасындағы етістік кейде болымсыз түрде жұмсалады. Мұндайда сөйлемдегі шарт мағынасы айқын сезіліп, басқа қосымша мәндерді кейін ығыстырады. Маған дәрігер көмек етпесе, өлетін түрім бар.

Кейде шартты бағыныңқы сөйлемнің құрамында (басында) егер жалғаулығы қосыла айтылады.Мұнда да шарт мағынасы бұрынғыдан да саралана, айқындала түседі. Алайда шарт мағынасының күшін тек осы жалғаулық бойынан іздеп қою жеткіліксіз. Өйткені ол сөйлем құрамында әрдайым да арнайы айтыла бермейді.

Шартты рай тұлғасы арқылы жасалған осындай сөйл-ң құрамында кейде м ү ш е л і к қ а т ы н а с т а жұмсалған сөздер қолданылады. Бұлар комп-р арасындағы шарттастық байланысты күшейте түсіп, оқиға-әрекеттердің орындалуына мүмкіндік туғызады. Жарық неғұрлым көп түссе, өсімдік солғұрлым жақсы өседі.

2) Көсемше арқылы. Көсемше арқылы жасалған ШБСС қазақ тіл білімінде 40-ж. кейін елене бастады. Мұнда да көсемшенің барлық тұлғалары қатынаспай, тек -й тұлғасының болымсыз түрі (-ма+й) шартты бағ. сөйл-ді жасауға қатынасады. Бағ. сөйлем баянд-на сәйкес басыңқының да баяндауышы етістіктің болымсыз түрінде жұмсалып отырды. Мұның өзі комп-р арасындағы шарттастық байланысқа негізделген оқиғаның орындалу барысына мүмкіндік жасағандай болады. Бас екеу болмай, мал екеу болмас.

Осы тұлғадағы шартты бағыныңқы сөйлемдер кейде (-ма+й+ынша) түрінде де жұмсалады. Соған

өз көзі әбден жетпейінше, ешкімнің сөзін тыңдар емес.

Көсемше тұлғалы сөйлемдердің шартты бағыныңқы екендігін білу үшін оның айқындалған –са//-се түрімен алмастырып айтуымыз керек: Бірлік болмай, тірлік болмас. Бірлік болмаса, тірлік болмас.

3. Есімше арқылы. Есімшенің - ған формасы жатыс септігінде, оның өзінде көбінесе болымсыз түрде жұмсалып, ШБС-ді жасауға қатынасады: Дәл осы минутта мұғалім кіріп келмегенде, мұның аяғы жақсылықпен тына қоюы екіталай еді.

-ғанда тұлғасы есімшелі баяндауыш мезгіл бағ. сөйл-ді де жасауға қатынасады, мұнда ол етістіктіңболымды түрінде жұмсалады: Ермек ашылмаған жастай ұялып қалғанда, Марияштың мөлдір көзі күлімдеп кетеді.

IV. ШБС-гі синт. комп-р арасында болатын оқиға, әрекеттердің болашақта орындалу, орындалмау нәтижесі әр сапада болып отырады: бірінде шартқа негізделген оқиғаның орындалуы іс жүзінде шындыққа асырылуы көзделсе, енді бірінде мұндай қатынас керісінше көрінеді; яғни бағ. комп-гі қойылған шарттық болмыстың жүзеге асуына басыңқыдағы қимыл-әрекет қарсы тұрады. Осыдан барып құбылыстар арасындағы шарттастық нәтиженің орындалуы іс жүзінде болмай жатады. Ал енді бір шартты бағ. сөйл-де баяндалған қимыл-әрекеттің орындалуы әлі белгісіз, екіталай, болжам ретінде болып тұрады.

ШБС синт. комп-рі арасында болатын мұндай көрініс –тіл-тілдің қайсысына болса да ортақ заңдылық. Осыған орай да көптеген түркі тілдерінде шарт пен нәтиженің бір-бірімен ара қатынасына қарай ШБС мағыналық жақтан бірде үш түрге (реалды, ирреалды, болжалды) ажыратылса, енді бірде екіге бөлініп (реалды, ирреалды) қарастырылады.

Қаз. тіл білімінде ШБС-ді осылайша мағыналық жақтан саралау соңғы кездерге дейін орын алмай келді. Бұл жайындағы алғашқы зерттеу 50-ж. көріне бастады.

А. Реалды шарт бағыныңқы. Бұл сөйл-де хабарланған оқиғаның орындалуы жүзеге асатын болып көрінеді. Реалды ШБС жоғ. Аталған жолдармен жасала береді. СОлардың ішінде көп қолданылатыны –шартты рай тұлғасы: Сен оның тілін білсең, көкірек-көзің ашылады(Абай).

Реалды шарт бағ-да (басқаларда да) екі қанаттың (бағ., бас.) баянд-ң берілу жолдары айрықша қызмет атқарады. Сондықтан да тек бағ. комп-т баянд-ң берілу жолдарына назар аудару жеткіліксіз болып жатады. Басыңқы жақ баянд-ң түрленіп отыруы да жалпы сөйлем бойына өзіндік мән үстемелеп отырады.

Реалды ШБС баянд-ң осылайша берілу жолдарын үйлестіре қарағанымызда, бұлардағы шарт мәнінің көріну сапасының өзі де әртүрлі болып келеді. Осындай заңдылықтарға байл. Бір реалды шарт бағ-да шарттық дәреженің күші айқын, күшті сезілсе, енді біреулерінде жай ғана орын алатын болады.

Реалды шарт бағыныңқының к ү ш т і т ү р і сөйлем құрылысының кейбір ерекшеліктерімен тығыз байланысып жатады. Жасалу жолындағы мұндай заңдылықтарды өзара былайша саралауға болады.

ШБС-ң басыңқы компонент баянд. етістіктің бұйрық райымен беріледі. Бұлайша берілу –бағыныңқыдағы шарттық дәреженің күшін одан сайын арттыра түседі. Өйткені басыңқы баяндауышының бұйрық райда келуіне байланысты сөйлем бойындағы шарттылық мән екі жақтан да (бағ., бас.) егесе орын алып тұрады: бағыныңқы компонентте бір оқиғаның орындалу барысына шарт қойылса, басыңқыда сол шарттың орындалуына қайтарма шарт қойылады. Бұл шарттық дәреженің күшін шыңдайды да, оқиғаға, әрекеттердің орындалу барысының болымдылығын айқындайды. Еңбегін сіңірмесе ешкімге бидай бермеңдер.

Енді бірреалды ШБС а н т есебінде беріледі. Мұндайда бағ. комп. баянд. көбінесе болымсыз тұлғамен беріліп,бас-ң құрамында ант есебінде айтылған сөздер болады. Жаясының майы тап бір елі шықпаса, мұрынымды кесіп берейін.

Реалды ШБС күшті түрі құрамында м ү ш е л і к қ а т ы н а с т а жұмсалған сөздер арқылы да жасалады. Мұндайда да компоненттер арасындағы шарттастық қатынас бір-біріне жетектеліп, өзара тығыз байланысып тұрады. Біріндегі оқиғаның орындалысына байланысты екіншісінде де міндетті түрде жүзеге асатындығы көрінеді. Кісі неғұрлым көп болса, канал соғұрлым тез бітеді.

Ә.Ирреалды шарт бағыныңқы. Ирреалды ШБС-де керісінше –шартқа негізделген оқиғаның нәтижесі іс жүзінде жүзеге аспайды, орындалмайды. Мұндай мағыналық белгі жалпы сөйлемдердің өз мазмұны, не болмаса контекст арқылы белгілі болып тұрады. Бағ. және бас. Комп-ң баяндауыштары да шақ жағынан үйлесе жұмсалады: бағыныңқы баяндауышы өткен шақта тұрса, басыңқыныкі –аяқталмаған өткен шақта (имперфект) келеді. Егерде көңілді кірбің ой баспаса, бүгін Әбіш атқа мініп ап, ағындап шапқылар еді.

Б. Болжалды шарт бағыныңқы. ШБС-ң бұл түрінде қойылған шарттыңкөрінісі реалды түрде болады, алайда оның орындалу, орындалмау нәтижесі әлі белгісіз болжал ретінде келеді. Осыған орай да мұндай мәнді сөйлемдер түркологияда реалды шарт пен ирреалды шартты бағ-ң аралығында қарастырылады.

Болжалды шарт бағ-ң қатарына мына тәріздес сөйлемдер жатады: Егер осы ойларды іске асыра алса. Кеңтоғай колхозы лезде бұрқырап өсіп кетуге тиісті.

Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем түрінде бағыныңқы компонент басыңқыдағы ой желісінің себебін білдіріп тұрса, осы себептің нәтижесінде басыңқыда оның салдары келіп шығады. Мыс: Қаламыз курорт болғандықтан, онда өнеркәсіп орындары жоққа тән.

СБСС синтетикалық, аналитика-синтетикалық тәсілдер арқылы жэасалады.

1.Есімше арқылы. Бұл жолдың өзі екі түрін қамтиды:

а) -ған формантты есімше шығыс септік тұлғасында жұмсалады. Төл жолы, басқа бағыныңқы жасауға қатынаспайды: Күн ысығандықтан, қыз плащын шешіп іште қалдырыпты.

ә) -ған формантты есімше соң шылауының меңгеруінде болады: Шұға шын ауруға айналған соң, Есімбек жұмсайын деді.

Осындай сөйлемдердегі соң демеуінің кейде есімшелі баяндауышқа кірігіп кетіп аффикс ретінде қолданылатын кезі де болады. Көбіне ауызекі тілге тән: Басқа істің реті бола қоймағасын, Ақбала күбіге көже асып құйғысы келеді.

Осындай құрылыста келген себеп бағыныңқылардың бойында кейде мезгілдік мән де қабаттаса жүреді: Машина тақап кеп тоқтаған соң, қойлардың ұйытқуы да басылған еді. Осы сөйлемнің бойында әрі мезгілдік мән бар(машина тақап кеп тоқтаған кезде...),әрі себептік мән бар(машина тақап кеп тоқтағандықтан...).

Н.Сауранбаев себеп бағыныңқының бойында кейде осындай екіұшты мәннің болуына оның о баста мезгіл бағыныңқы сөйлемнен өрбіп шыққандығымен түсіндіреді. Осы тұрғыдан келгенде, тілдің көне дәуірінде ең алдымен мезгіл бағыныңқы сөйлемдер болған да, кейінірек олар себептік мәнді де бергенге ұқсайды. Ал содан кейін бара-бара мезгіл бағыныңқылардан себеп бағыныңқы сөйлемдер өз алдына бөлініп шыққан болу керек.

Себеп бағыныңқының бойында кейде мезгілдік мәннің қатар жүруі оның бағыныңқы баяндауышының болымды түрінен орын алады. Болымсыз түрімен берілсе, ол ешбір қоспасыз басы ашық себеп мәнін білдіріп тұрады: Тезек бықсып жанбаған соң, келіншек еңкейіп, отты үргіштеп жандырды(І.Есенб.).

2.Көсемше арқылы. Мұнда синтетикалық тәсіл ретінде көсемшенің екі түрлі амалы қатынасады:

а) -п формантты көсемше: Патша тағынан түсіп, Жәуке түрмеден құтылып үйіне келіп еді.

Осындай құрылыстағы сөйлемдердің бойында кейде мезгіл, не болмаса амалдық мәннің барлығы сезіліп тұрады. Мұндайда компоненттерінің аралық қарым-қатынастарына жіті назар аударып, басыңқы сөйлемде хабарланған ойдың неліктен болғандығы туралы себебін бағыныңқыдан іздеуіміз керек: Жәукенің түрмеден құтылуы патшаның тағынан түсуімен байланысты.

ә) -й тұлғалы көсемше болымсыз түрде жұмсалады: Араларына түсетін арашашы болмай, екеуі де әбден титықтап шаршады (М.Әуезов).

Мұндай сөйлемдердің себеп бағыныңқылы екендігі олардың бұрыннан айқындалған меншікті тәсілімен (-ғандықтан) алмастырып айтудан айқындала түседі.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Сабақтас құрмаластарды топтастыру кімнің еңбегінен басталады?

2.Сабақтас құрмаластарды жіктеу туралы тағы кімнің еңбектерінде сөз болады?

3.Сабақтастарды жіктеу туралы Қ.Жұбановтың пікірі қандай?

4.С.Аманжолов пен Н.Сауранбаев авторлығымен 1939ж. жарияланған оқулықта сабақтастар қалай жіктелген?

5.Сабақтас құрмаластар қазіргі қазақ тіл білімінде қандай белгілері бойынша топтастырылған?

6. Шартты бағыныңқылы сабақтас қалай жасалады?

7. Қарсылықты сабақтас қалай жасалады?

8. Салыстырмалы сабақтас қалай жасалады?

9.Себеп бағыныңқылы сабақтас жөніндегі пікірлер?

10.Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың қалыптасуы туралы қандай пікірлер бар?

11.Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас туралы алғашқы пікірлер қай жылдары қалыптасты?

12. Мақсат бағыныңқылы сабақтас туралы алғаш қандай еңбекте сөз болды?

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 4,7, 10, 32, 33, 44, 49, 50, 51, 52, 53, 58, 60, 63.

 

Дәріс №12. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер. Құрмалас сөйлемнің зерттелуі.

Мақсаты: Көп компонентті құрмалас сөйлем туралы түсінік беру, олардың құрамымен таныстырып, зерттелу тарихына шолу жасау.

Тірек сөздер: көп компонентті құрмалас сөйлем, аралас сөйлем, көп компонентті салалас құрмалас сөйлем, көп компонентті сабақтас, құрмалас сөйлем, көп компонентті аралас құрмалас сөйлем.

Құрамындағы сыңарларының саны үш немесе одан көп болып келетін құрылымдар қазіргі қазақ тілінде көп компонентті құрмалас сөйлем деп аталып жүр. ККҚС-дің қайсы түрінде болмасын сыңарлары арасындағы мағыналық қатынастар екі компонентті құрмаластардағыдай бір ізді болып келмейді. Олардың арасы бір сөйлемдерде түсіндірмелі, ыңғайластық немесе талғаулы, қарсылықты т.б. болып келеді.

Қазақ тіл білімінде көп компонентті құрмалас сөйлем туралы алғаш пікір айтқан А.Байтұрсынұлы болатын. Ол бұндай құрылымдағы сөйлемдерді өрнекті сөйлемдер деп атап, оған мынадай анықтама береді: өрнекті сөйлем деп құрмаластардың бастары қосылып кестелі болып құрылуын айтамыз. Ондай сөйлемдер нақ текеметке, яки кілемге салынған түр сияқты болмағанмен, өрнек, өрнегімен айтылады. Өрнектісөйлемді айтқанда дауыс көтеріліп, төмендеп әнше оралып, қайырылып отырады. Сондықтан өрнекті сөйлем оралым деп аталады.

Оралым екі мүшелі болады. Бір мүшесінде пікір тақырыбы болады да, екіншісінде пікір баяны болады.

Көп компонентті құрмалас сөйлемдер құрамындағы компоненттерінің байланысу түріне қарай көп компонентті салалас құрмалас сөйлем, көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем, көп компонентті аралас құрмалас сөйлем болып үшке бөлінеді.

Көп компонентті салалас құрмалас сөйлем компоненттері бір-бірімен жалғаулықтар арқылы да, жалғаулықсыз да байланыса береді: Қатыннан келген жалғыз алашаны қыстыкүні ашыққанда сатпай сақтап едім, соған жарты пұт тары алып сеуіп едім, енді мынау бәрі налогқа кетейін деп отыр.

Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем үш немесе одан да көп жай сөйлемдерден тұрады. Оның құрамындағы бағыныңқы компоненттердің бірі –бір түрлі мағыналық қатынасты білдірсе, екіншісі –екінші түрлі мағыналық қатынасты білдіреді. Сондықтан көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді компоненттерінің мағыналық қатынасына қарай жіктеу мүмкін емес.

Бағыныңқы компоненттерінің басыңқы компонентпен байланысу жолдарына қарай көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жарыспалы (әр бағыныңқы жай сөйлем өз бетінше басыңқығы тікелей барып байланысса) бағыныңқылы және сатылы (әр бағыныңқы компонент өзінен кейінгі бағыныңқымен байланысып барып басыңқымен құрмаласады) бағыныңқылы сабақтас сөйлем болып екіге бөлінеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 1539; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.