КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
ГЛОССАРИЙ. 7 страница
2.Септеулік шылаулар, солар мәндес сөздер арқылы: Келгендер төрге түгел жайғасып болған соң, үй иесі сөз бастады(с абақтас). 3. Жалғаулық шылаулар арқылы: Баршагүл қасына шопан ерітіп еді, бірақ жүре алмады (салалас). 4. Мағына жалғастығы, интонация арқылы (жалғаулықсыз салалас). 5.Алғашқы компоненттің баяндауышы есім сөз: Сіздің сұраған затыңыз қоймада бар, бірақ оны бастықтың рұқсатынсыз бере алмаймын. Жалпы баяндауыштың тұлғасы арқылы –синтаксистік байланыс, ал жалғаулар, септеулік шылаулар, интонация арқылы –аналитикалық байланыс болады. 2.Құрмалас сөйлемді тұңғыш классификациялаған А.Байтұрсынов салаласты жиылыңқы, қайырыңқы, айырыңқы, сұйылыңқы, қойылыңқы. 30-жылдардың алғашқы жартысында жарияланған тілдік оқулықтардың ішіндегі сол дәуір үшін көрнекті құралдардың бірінен саналған С. Аманжолов басқарған бригада жазған «IV жылдық тіл кітабы» болатын. Мұнда «сыйысқан құрмалас, қиысқан құрмалас» деп бөледі. Сыйысқан сөйлем: «бірнеше сөйлем сыйысып, бір сөйлем болса немесе бірнеше баст. бір баяндауышқа ортақтасып келсе...» Мыс.: Әлібек пен Кенжебек жер жыртуға шықты— дегеннен өзге пікір білдірмейді.Қиысқан құрмалас сөйлем: «Сөз құрылыс жағынан да, мағына жағынан да бір-бірімен үйлесімді болып, айыруға келмейтін болса, не бірнеше сөйлемдер бірігіп келсе, қиысулы құрмалас деп аталады. Қиысқан сөйлемдердің екі түрі бар: тең сөйлем, кем сөйлем» Бұдан соң тың пікірді алғаш рет Қ. Жұбанов жазды. V-VI-VII-кластарға арналған қазақ тілі программасында салалас, сабақтас деп бөледі. Салаластың 10 түрі көрсетіледі. Кемшіліктері: 1)сабақтас сөйл. мен салалас жасалу тәсілдері жағынан ара жігі ашылмаған. 2) жай сөйлемдердің құрмаласу тәсілдерінің бір- екеуі ғана көрсетілген. 3) тіл фактілеріне сай емес ережелер берілген. «Жанғазы» деп айтылатын хатында құрмалас сөйлем туралы негізінен 2 пікірдің айналасында:1.Сабақтас сөйлемдердің тиянақсыз компоненті басыңқы сөйлемдегі бір мүшені меңгеріп, бағынып, жай сөйлемдердің қалыпты бір мүшесі атқаратын қызметті атқаруы шарт. Егер ондай меңгерілу болмаса, тиянақсыз компонент баяндауышының қандай формада айтылғанына қарамастан, ол салаласқа жатқызылады,- дейді. Мыс: Нұрымдікіне келсек, өзі кетіп қалған екен деген сөйлемді салалас дейді. 2. Бағыныңқы сөйлем болу үшін, құрамында бастауыш, баяндауыш боларлық сөздің болуы шарт. Егер сондай сөздері болса, ол тізбектің өзіне тән интонациялық паузасының бар-жоқтығына, баяндауыш боларлық сөздің қай сөз табына жататындығына, қай тұлғада айтылғандығына қарамастан, барлығы да бағыныңқы сөйлем болады. Өйткені сабақтас сөйлем дегеніміз құрамында бастауыш, баяндауышқа бөліне аларлық күрделі мүшесі бар сөйлем. Ол үйірлі мүшелі сөйлемнің бәрін сабақтас деп есептеген. С.Аманжолов пен Н.Сауранбаевтың бірігіп жазған оқулығында («Қаз. тілі грам.» II бөлім. 1939ж.) тұңғыш рет құрмаластың салалас, сабақтас, аралас түрлерін көрсетіп, дәлелдеген. С.Аманжолов «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы» (1940) еңбегінде: салалас, сабақтас, аралас, тиянақты басыңқылы сабақтас деп 4-ке бөледі. Тиянақты басыңқылы сабақтасқа мысал ретінде Абайдың «Жаз» өлеңін келтіреді. Кейбір өзіне дейінгілерге қарағанда салалас сөйлемдердің жалғаулықсыз түрлерінің жасалу жолдарына байланысты соны пікірлері де бар. Құрмалас сөйлем синтаксисіне біршама еңбек арнаған ғалым Сейт Жиенбаев екіге бөледі: салалас, сабақтас. Салаластың жіктелу үлгісін береді: ыңғайлас, қарсылас, талғаулы, себеп-салдар. Көсемшелі баянд. құрмаласты салаласқа жатқызады. Үйірлі мүшелі сөйлемді құрмаласқа жатқызады. Сабақтастық пен салаластық жөнінде екі түрлі пікір бар: 1) Компоненттерінің баяндауыштары тиянақты ма, тиянақсыз ба бәрібір, кейінгі сөйлемдердің сөйлем мүшелерімен синтаксистік байланысқа түсіп, не толықтап, не анықтап, не пысықтап, әйтеуір сұрауға жауап берсе, сабақтасып тұр. Ал өз алдына дербестігін сақтап, келесі сөйлемге мағыналық жағынан меңгерілмесе – салалас. Мыс: Қой маңырап, түйе боздап, ауыл у-шу дегенде салаласып тұр. Себебі белгілі сұрақтармен келесі сөйлемге меңгерілмейді. Немесе Омар кітап оқып, мен жазу жаздым (не істеп, мен қалай жазу жаздым деген сұрақпен мең герілмейді)—салалас сөйлем ( Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев). 2) Алдыңғы компоненттің баяндауышы тиянақсыз болып, кейінгі сөйлемге бағына байланысса –салалас. Соңғы пікір дұрыс. Салаласа құрмаласу деп құрмалас сөйлем құрамына енген компоненттердің грамматикалық жағынан бір-біріне тәуелді, бағынышты болмай, өзара теңдік қатынаста тұрып, салаласа құрмаласуды айтады. «Грамматикалық теңдік қатынаста» дегенде, мына нәрсе ескерілу керек: салалас құрмалас сөйлемдердің жай сөйлемдерінің баяндауыштары тұлғалық жағынан тиянақты, интонация, мағына жағынан дербес емес (әйтпесе құрмалас сөйлем болмаған болар еді) (Т.Қордабаев). Салаласқа енген сөйлемдер форма жағынан бөлек болғанмен мағына жағынан бір-бірімен байланысып жатыр. Күрделі ойды білдіру үшін екі сөйлем бірігіп барып, кеңірек ойды білдіреді. Салалас құрмалас сөйемдердің жай сөйлемдерін байланыстырушы –интонация. Салалас құрмаластың жай сөйлемдерінің бөлек-бөлек жай сөйлемдерден айырмашылығы: салалас құрмаластың компоненттері мағына жағынан тиянақсыз болып, ойдың аяқталмағанын, әлі де жалғасатынын немесе жалғастырып айта беруге болатынын білдіреді. Дәлелдеу үшін С.Аманжоловтың мысалдарын келтірейік: Жаңбыр жауып еді, жер көгерді. Мен барып едім, ол жоқ екен. Еді, екен әлсіз етістіктер. Тиянақты емес, одан кейін айтылар ой бар. Егер екі жай сөйлем екі басқа ойды, ұғымды білдірсе, салалас сөйлем бола алмайды. Ағаш өсіп тұр. Біз оқып отырмыз. Өлеңді сөйлемдерде 2-3-4-5 жай сөйлемдермен бір құрмаласты береді. (Интонация ырғақпен билеп кетеді). Қара сөзде салаластың компоненттері неғұрлым көп болса, ұғымы ауыр. Көбіне жақ жағынан үйлескен, мағыналары жағынан тығыз байланысты арнаулары бір бағытта болған тиянақты жай сөйлемдердің бірліктерін салалас құрмалас дейміз, –дей келіп, салалас құрмалас құрамындағы жай сөйлемдердің мағына жақындығын 19 түрлі көрсетеді. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Құрамалас сөйлемнің белгілері қандай? 2.Құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттеу нысаны не? 3.Құрмалас сөйлемнің қалыптасуы туралы қандай пікірлер бар? 4.Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен өзгешелігі неде? 5.Құрмалас сөйлем қандай компоненттерден тұрады? 6.Құрмалас сөйлем қандай жолдармен жасалады? 7.Құрамлас сөйлемнің қандай түрлерібар? 8.Салаласа байланысу дегеніміз не? 9.Салалас құрмаласқа қандай белгілер тән? 10. Салалас құрмалас қандай жолдар арқылы жасалады Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 3, 4,7, 10, 32, 33, 44, 49, 50, 51, 52, 53, 58, 60, 63.
Дәріс №9. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері. Мақсаты: Салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік беру, салалас құрмалас сөйлемнің түрлерімен,ол туралы пікірлермен таныстыру. Тірек сөздер: салалас, жалғаулықты, жалғаулықсыз, мезгілдес салалас, себептес салалас, қарсылас салалас, талғаулы салалас, кезектес салалас, түсіндірмелі салалас, салыстырмалы, шартты, көп компонентті салалас. 1.Салалас сөйлем компоненттерін бір-бірімен құрмаластыратын грамматикалық тәсілдер ішіндегі маңыздысы –жай сөйлемдерді жалғаулықтар арқылы құрмаластыру тәсілі. Мұндай жалғаулықтар қатарына мыналар жатады: а) себептестік қатынасты білдіретін сондықтан, себебі, сол себепті, өйткені, неге десең; ә) мезгілдестікқатынасты білдіретін және, да, де, та, те, әрі; б) қарсылықты қатынастыбілдіретін бірақ, сонда да, сөйтсе де, алайда, өйтсе де, ал, дегенмен; в) кезектестік, талғаулық, бірдейлестік қатынасты білдіретін бірде, біресе, кейде, не, немесе, болмаса, әлде, яки, я; г) бейтараптық қатынасты білдіретін мейлі, құй т.б. Жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыру функциясында қолданылатын бұл жалғаулықтардың мағыналарына қарай мезгілдес, қарсылас, себептес, талғаулы, кезектес, бейтарап мәнді деп бөлінетіні сияқты, бұлардың дәнекерлігі арқылы жасалатын жасалатын салалас құрмалас сөйлемдер де жалғаулықтар аттарына сәйкес бөлінеді. Мезгілдес салалас. Қазақ тілінде жазылған тұңғыш оқу құралынан бастап сөз болып келеді.1936ж. жасалған оқу бағдарламасында «ыңғайлас салалас» деп аталған. С.Аманжолов, Н.Сауранбаевтар авторлығымен1939ж. шығарылған «Қазақ тілінің грамматикасы» атты оқулықта «Тіркес салалас» деп аталған. Бұдан кейінгі жылдардағы зерттеулерде салаластың бұл түрі брде «ыңғайлас», бірде «мезгілдес» деген атаулармен аталып келді. Осы оқулықтың бірінші басылымынан бастап «мезгілдес салалас» деген атау тұрақталды. Себептес салалас –к омпоненттері бір-брімен себептестік қатынаста тұратын құрмалас сөйлем. Салаластың бұл түрі 1936ж. оқу программасында «себеп-салдар салалас» деген атпен тұңғыш ретсөз болды. Олар өйткені,себебі, сондықтан, сол себепті жалғаулықтары арқылы жасалады. Қарсылас салалас –компоненттері бір-біріне қайшы мағынада тұратын салалас түрі. А.Байтұрсынұлы оқу құралдарында «қайырыңқы салалас» деп аталған да, оған «соңғысы алдыңғы сөйлемге қарсы мағыналы болып қиысады» деген анықтама береді. Қарсылас салалас бірақ, сонда да, сөйтсе де, алайда, өйтсе де, ал, дегенмен жалғаулықтары арқылы жасалады. Талғаулы салалас А.Байтұрсынұлы оқу құралдарында «айырыңқы салалас» аталған. Не, немесе, болмаса, әлде, яки, я жалғаулықтарыарқылы жасалады. Кезектес салалас деп құрамына енген жай сөйлемдердің мағынасынан байқалатын іс-әрекеттердің брнен соң бірі кезектесіп болып отыратындығын білдіретін салалас құрмалас сөйлемді айтамыз. Бірде, біресе, кейде т.б. жалғаулықтар арқылы жасалады. Түсіндірмелі салалас 1961ж. жарық көрген оқулықтың бірінші басылымынан бері қарай ғана есептеліп жүр. Онда «іліктес салалас» деген атаумен аталған. Компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан алғанда, бірінші жай сөйлем баяндауышы сол, сонша, соншалық, сондай, соншама деген есімдіктер мен үстеу сөздерден болған сөйлемдерде түсіндірмелі салаласқа жатады. Салыстырмалы салаласқа бір-бірне антитеза немесе анология ретінде алынған екі түрлі субъектінің іс-әрекеттерін, қасиеттерін, жай-күйлерін салыстыра баяндайтын сөйлемдер жатады. Шартты салалас компоненттерініңмағыналары өзара шарттас болып келеді. Шартты салалас сөйлемдер екінші компоненттегі әрекеттің болу-болмауына бірінші компоненттегі әрекет шарт болып келеді. 1.Екі компонент баяндауышы да бұйрық райда айтылады: Біраз дем ал, тынығып қаласың. 2.Бірінші компонент ІІ ж., екінші компонент І немесе ІІІж. Айтылады: Осыны істе, ақысын төлеймін. 3. Бірінші компонент баяндауышы бұйрық райдың Іж., екінші компонент баяндауышы ІІ немесе ІІІ ж. айтылады: Мен барайын, сен қорықпайсың ба? 4. Кейде қарсылық жалғаулықтары арқылы да байланысады: Біз білмеген-ақ болайық, өзі тиыш жүрсінші. 5. Бірінші компонент баяндауышы ІІІ жақта, екіншінікі І жақта: Ол тез кететін болсыншы, біз үндемейік. Шартты салаластың шартты бағыныңқылы сабақтастан айырмашылығы баяндауыш формасында ғана. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Мезгілдес салалас туралы қандай пікірлер бар? 2.Жалғаулықты мезгілдес салалас қандай жалғаулықтар арқылы жасалады? 3.Себептес салалас қандай жалғаулықтар арқылы жасалады? 4.Қарсылықты салалас қалайжасалады? 5.Талғаулықты салаластыжасайтын жалғаулықтар? 6.Кезектес салалас қалай жасалады? 7.Түсіндірмелі салалас қалай жасалады? Оның тыныс белгілеріқандай? 8.Салыстырмалы салалас қалай жасалады? 9.Шартты салаласқа қандай сөйлемдер жатады? 10.Көп компонентті салалас дегеніміз қандай сөйлемдер? Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 3, 4,7, 10, 32, 33, 44, 49, 50, 51, 52, 53, 58, 60, 63.
Дәріс №10. Сабақтас құрмалас сөйлемдер: құрылымдық бөлшектері, жасалу жолдары. Мақсаты: Сабақтас құрмалас сөйлем туралы түсінік беру, оның құрылымдық бөлшектерімен, жасалу жолдарымен таныстыру. Тірек сөздер: бағыныңқы компонент, басыңқы компонент, ұйымдастырушы орталық, гипотаксис, баяндауыш формасы. Құрмалас сөйлемдерді ұйымдастырушы орталық бағыныңқы компоненттің баяндауышы болады. Осы баяндауыш сөзінің түрлі формалық өзгерістерге түсуі арқылы сабақтас сөйлем жасалады. Бағыныңқы компоненттің баяндауышы, әрине, етістік сөздермен беріледі. Алайда қандай етістік сөздері бағыныңқының баяндауышы ретінде жұмсалады деген мәселеде түркологияда тиянақталған пікір жоқ. Өйткені кейбір ғалымдар (Б. А. Серебренников, Н.А. Баскаков, М. Ш. Ширалиев т.б.) сабақтас құрмалас сөйлемді жасауда тек қана етістіктің шартты рай тұлғасы қатынасады деп түсіндіреді. Мұндағы бұлардың дәлелі – сабақтас құрмалас сөйлем болу үшін оның бағыныңқысының баяндауышы өз бастауышымен әр уақытта жақ жалғауы арқылы байланысып тұруы керек.(Сен шақырсаң, мен барамын). Егер осы сөйлемді Сен шақырған кезде, мен жетіп келдім түрінде құрсақ, енді бұл конструкция жоғарыда аталған ғалымдарда сабақтас құрмалас сөйлем болып танылмайды, өйткені бағыныңқының бастауышы өз баяндауышымен жақ жалғауы арқылы қиыса жұмсалмаған. Осы принципті негізге алатын болсақ, есімше, көсемшелер арқылы жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріске шығаратын боламыз. Демек, сабақтас құрмалас сөйлемде бағыныңқының баяндауышы өз бастауышымен қиыса да (шартты рай тұлғасы), қиыспай да байланыса береді. Сөйтіп, сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолындағы негізгі орталық бағыныңқы компоненттің баяндауышы болып есептеледі. Сонымен қатар сол баяндауыш сөздеріне қосымша ретінде шылау, қатыстық сөздері де елеулі қызмет атқарады. Сондай-ақ сабақтас құрмалас сөйлемнің ұйымдасуында интонация мен орын тәртібінің өзіндік үлестері бар. 1.Бұл жол сабақтас құрмаластың ең негізгі ұйымдастырушы орталығы болып есептеледі. Мұндай ұйымдастырушы орталық өз дербес бастауышы болуына негізделеді.Әйтпесе,ұйымдастырушы орталық бағыныңқы сөйлем болып танылмай, оралым қатарында қалып қояды. «Баяндауыш формасы» деп алуымыздың себебі, мұнда басқа қосымша амалдар (шылау, қатыстық сөздер) баяндауыш сөздерімен тіркесе жұмсалмайды. Бандауыш сөз-і белгілі бір септік жалғау-да, не болмаса арнаулы жұрнақтар арқылы тікелей тұрып-ақ бағыныңқы компонентті жасауға қатысады. Мұндай баяндауыштар есімше, көсемше, шартты рай тұлғалы сөздер болып келеді. А. Е с і м ш е. Есімшенің барлық формалары бірдей дәрежеде бағыныңқы компоненттің баяндауышын жасауға қатыса бермейді. Мұндай функцияға өзгелеріне қарағанда көбінесе - ған формантты есімшеие бола алады. Есімшенің осы түрі сөйлем ішінде қолданылу ыңғайына қарай әр түрлі қызмет атқарады: бірде анықтауыш, бірдетолықтауыш, енді бірде Пысықтауыш қызметіне ие болады. Осыдан келіп сабақтас құрмалас жасаудағы оның қызметі қиындай түседі. Бұл мәселе тек қазақ тіл білімінде ғана емес жалпы түркі тілдерінде де күні бүгінге дейін әр жақты түсіндіріледі. Мәселен, бір топ ғалымдар (Н. З. Гаджиева, М.З. Закиев, У. Б. Әлиев,И.А.Андреев т.б.) есімше барлық септік жалғауларында тұрып-ақ бағыныңқы сөйлемнің баяндауышын жасай алады десе, енді біреулері бұл ретте оның септік жалғауларын саралай қарайды. Ал енді бір ғалымдардың (Н.А. Баскаков, М.Ш. Ширалиев т.б.) есімшемен келген сөйлемдерді тіпті сабақтас құрмалас ретінде танымайтынын жоғарыда ескерттік. Есімшемен келген сөйлемдердің өзіндік бастауышы болса, мұндайларды проф. Н.К. Дмитриев бағыныңқының «ауыспалы түрі» ретінде қарастырады. Есімшемен келген сөйлемдерді тани білуде осындай дмитриевтік ілім кеңінен өріс алды. Сабақтас құрмаласта жоғарыдағыдай, есімшенің барлық қызметі бірдей қарастырылғандықтан, оның жіктелу барысы сөйлем мүшелерінің негізінде жүргізілді: анықтауыш бағыныңқы,пысықтауыш бағыныңқы т.б. Мұндай жіктеудің көрінісі кейін қазақ тіл біліміне де әсерін тигізді. Проф. Ғ.А. Абдурахманов - ған формантты есімшенің сабақтас құрмаласты жасай алудағы үлесін оның сөйлем ішіндегі қызметімен байланыстырады. Проф. Қ.Қ.Сартбаевтың түсіндіруінше, объектілі және атрибуттық қатынаста жұмсалған есімшелер (ілік, барыс, табыс септ-р) жай сөйлем жасауға қатынасады дакеңістік қатынаста келгендері сабақтас құрмаласты ұйымдастырады. Есімшелі конструкциялы сөйлемдердің сабақтас құрмаластағы қызметінің сараланбауы соңғы жылдарға дейін қазақ тіл білімінде де орын алып келді. Проф. Н. Сауранбаев өзінің алғашқы зерттеулерінде есімшелі сөйлемдерді өзінің арнайы бастауышы болса, оларды сабақтас құрмалас ретінде таныды. Ал 1954 ж. жарық көрген акдемиялық «Қазіргі қазақ тілі» курсында аталған ғалым есімшемен келген сөй-ді бұрынғыша анықтауыш, толықтауыш бағыныңқылар ретінде тани тұрмаса да, оларды бір жерде жинақтап «үйірлі мүшелі сабақтастар» деп қарастырады. Талдап отырған -ған есімшелі сабақтас құрмалас сөйлем жасаудағы қызметі соңғы кездерде қазақ тіл білімінде саралана бастады. Соның нәт. есімшенің атау қалпы ілік, табыс септіктерде қолданылған түрлерін көпшілік ғалымдар жай сөйлемнің аясында қарастыруда Ал есімшенің барыс септікті түрінде келгенде екі жақты пікір бар: Біреулері (Н.Сауранбаев, С.Аманжолов,А. Әбілқаев т.б.) осындай конструкциялы түрін бағыныңқы сөйлем деп таныса, енді бір қатары (М.Балақаев) жай сөйлемнің бір мүшесі ретінде қарастырады. Барыс септігіндегі есімше де, ілік, табыс септік жалғауларында тұрғандардай, өзі тіркесе жұмсалған сөздерімен көбінесе объектілік қатынаста жұмсалады. Осыған орай Құнанбай күлгенге үй ішіндегі қонақ әйелдердің бәрі күлді ( М. Әуезов) тәріздес сөйлемдерді жай сөйлемнің күрделенген түрі аясында таныған жөн. Сонымен, есімше сөздерінің сабақтас құрмаласты жасай алудағы қызметін олардың кеңістік қатынаста жұмсалу табиғатымен тығыз байланыстыра қарайтын боламыз. Ал мұның өзі олардың пысықтауыштың қызметімен тығыз байланысып жатады. Мұндай қызмет есімшелердің жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларында тұруымен айқындалады. Осындай көрсеткіштерге ие болған есімше сөздері (арнайы бастауыштары болуына байланысты) сабақтас құрмаластың бағыныңқы баяндауышын жасауға бейім тұрады. Ал бұлардың атау, ілік, барыс, табыс септік жалғауларында келген түрлері бұл талапқа жауап бере алмай, атрибуттық және объектілік қатынастардың аясында қалып қояды. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Сабақтаса байланысу деп қандай байланыс түрін айтамыз? 2.Сабақтас құрмалас қандай компоненттерден тұрады? 3.Бағыныңқы сыңар баяндауыштары қандай формада келеді? 4.Жай сөйлемдердің көсемше арқылы құрмаласуын қалай түсіндіресіз? 5. Жай сөйлемдердің есімше арқылы құрмаласуын қалай түсіндіресіз? 6. Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуын қалай түсіндіресіз? 7.Жай сөйлемдер қандай шылаулар арқылы құрмаласады? Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 3, 4,7, 10, 32, 33, 44, 49, 50, 51, 52, 53, 58, 60, 63.
Дәріс №11. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері. Мақсаты: Сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері, олардың жасалу жолдары туралы білім меңгерту. Тірек сөздер: функционалды принцип, формалды (тұлғалық) принцип, құрылым-семантикалық принцип, бастауыш бағыныңқы, толықтауыш бағыныңқы, I. Сабақтас құрмаластың жеке түрлері оның бағыныңқы компонентінің ыңғайына қарай ажыратылады. Осыған орай бағыныңқы сөйлемдердің таптастырылуы дегенімізде жалпы сабақтас құрмаластың жеке түрлерін түсінетін боламыз. Тіліміздің тарихында бағыныңқы сөйлемдердің таптастырылуы әр кезеңде әр қилы болып отырды. Алғашқы кезеңдерде (20-30 жж.) бағыныңқы сөйлемдердің іштей саралануы орыс тілінің ізімен жүргізілген болатын. Ал орыс тілінде күні бүгінге дейін сабақтастарды өзара жіктеуде үш түрлі принцип орын алды. Алғашында функционалды принцип (бағыныңқының сөйлемдегі қызметін басшылыққа алу), содан кейін формалды (тұлғалық) принцип басшылыққа алынған еді. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді жіктеуде тіл білімінде соңғы кезеңдеқұрылым-семантикалық принцип өріс алды. Қазақ тіл білімінде де бағыныңқы сөйлемдердің таптастырылуы, жоғарыдағыдай, алғашында функционалды принцип негізінде жүргізілді. Осы негізде бағыныңқы компонент сөйлем мүшелерінің атқаратын қызметімен тепе-тең қарастырылып, солардың атымен аталатын болды: бастауыш бағыныңқы, толықтауыш бағыныңқы т. т. Осылайша таптастыру А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Жиенбаев, Н. Сауранбаевтардың еңбектерінен орын алды.
Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 1659; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |