Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

ГЛОССАРИЙ. 6 страница




келе жатқан колхоз клубының

сырғанап алдына келіп

төмен қарай тоқтады.

Таудан

Баяндауышы зат есім мен есімдіктен болатын сөйлемдер интонация жағынан екі бөлініп айтылады: жазуда оны сызықша арқылы таңбалаймыз.

Москва // - ұлы астанам.

Отанымның жүрегі // - Москва.

2.Сөйлеу тіл жұмсаудың басты тәсілінің бірі жүздесіп және басқа амалдар арқылы өзара сөйлескен адамдар істің, әр нәрсенің мән-жайын білгісі келгенде, сұраулысөйлемнің сұраулы түрлерін қолданады. Ауызекі сөйлеу стиліне тән пікір алысудың бұл түрі әдебиетте, әсіресе көркем әдебиет тілінде жиі қолданылады; мысалы: - Әй, тілің бар ма өзіңнің? Неге бұғасың?.. Неге жөніңді айтпайсың? – деді Қадырбек (С. Сейфуллин).

Басқадан (кейін өзінен) жауап күту мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемдер көтеріңкі дауыспен айтылады. Олардың жасалу амалдары әр алуан: көркем әдебиетте (халық өлеңдерінде де) сөйлемдердің,әсіресе хабарлы сөйлемдердің қолданылу мақсаты ойды әсерлі, көрікті, көркем етуде ескеріледі. Мысалы:

Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап.

Даланы жым-жырт, дел-сал қып,

Түн басады салбырап (Абай).

Сұраулы сөйлемдер интонация арқылы және сұрау есімдіктері, сұраулық шылаулар, кейбір көмекші етістіктер мен қосымшалардың қатысуы арқылы жасалады. Олардың бастылары мыналар:

1. Сұраулы сөйлемдер ма, ме, ба, бе, па, пе сұраулық шылаулар арқылы жасалады: Жиналыс басталды ма?

Сұраулық шылау қысқарып, жіктік жалғаулардан бұрын келу арқылы да сұраулы сөйлем жасайды: Сен немене, тоңып қалғансың ба? -деді офицер. Сұраулы сөйлемді бұлай құру сөйлеу тіліне тән болғандықтан, олар диалогтарда жиі ұшырайды.

2. Сөйлемде кім? не? қашан? қайдан? кімді? сияқты сұрау есімдіктері арқылы сұраулы сөйлем жасалады: Мұнда қайдан жүрсің?

3. Шығар, болар, қайтеді деген көмекші етістіктер күрделі баяндауыштың құрамына еніп, сұраулы интонациямен айтылғанда, сөйлем сұраулы болады:

Сен осы ауылдың баласы шығарсың?

4.Баяндауыштың құрамында -ау, ғой шылаулары мен одағай айтылып та сұраулы

сөйлем жасалады: Сен кіп-кішкене қуыршақтай едің-ау, ә?

5. Ше демеулігі баяндауыштардың құрамына ену арқылы да сұраулы сөйлем

жасалады: Ал Жамал ше, өзің ше?

6.Кейде (көбнесе диалогтарда) хабарлы сөйлемдерде сұраулық интонация арқылы

сұраулы етіп айтуға болады: Богданов: сіздер ертеңнен бастап теңізге шығу жұмысына кірісіңіздер. Мәжен: Ертеңнен бастап?

Сұраулы сөйлемде, әдетте, түгелімен, кейде сұрау есімдіктері көтеріңкі дауыспен айтылады да, сұраулық интонациямен аяқталады. Сонымен қатар көп құрамды сұраулы сөйлемдерде жауап күтуді білдіретін сөздер (әсіресе сұрау есімдіктері) басқа сөздерден гөрі басым әуенмен айтылады (Сені кім шақырды?Өзге жолдастар қайда?). Кейде ондай ой екпіні түсіп, басым әуенмен айтылатын сөз тікелей баяндауыштың қасында тұрады: Сен баяндамаға дайындалдың ба?

Сұраулы сөйлемдерде қойылатын сұрақтардың мазмұны әртүрлі болады. Олардың негізгілері мыналар:

1.Ашық сұрақ: біреудің ойын немесе біреудің я бірдеңенің жайын, бар-жоқтығын білу мақсатымен айтылған сұраулы сөйлемдерде сұрау ашық қойылады: -Атың кім? –деді ересек бала.

-Қайырғали.Өзіңнің атың кім?

-Шеген.

Ашық мәнді сұраулы сөйлемдердің баяндауыштарына ой екпінін түсіре, сұраққа жауап алу үшін бір сөйлемде сұрақ кейде екі рет айтылады.Мұндай екі рет айтылатын сұрақтар, көбінесе, біріне-бірі қарсы мәнді сөздер болады. Сұраулы сөйлемнің сондай экспрессивті мәнін күшейту үшін бір сұрақ қазбаланып, кейде бірнеше рет қойылады: Ол бүгін келе ме, келмей ме?

2.Қарсы сұрақ. Бірқатар сұраулы сөйлемдергше ашық жауап берілмей, сұраққа сұрақ түрінде де жауап беріледі де, қарсы сұрақ қойылады: Богданов: олай болса, сонша малға жерді қайдан тапқансың? Жанар: Жеріміз енді көбейгелі тұрған жоқпа?

3. Күмәнді сұрақ. Бірқатар сұраулы сөйлемдер бірдеңенің жайын білуді ғана көздеп айтылмай, айтушының бірдеңеге күмәнданғанын да білдіреді. Ондай әрі сұраулы, әрі күмәнді сөйлемдердің баяндауыштырының құрамында ма, ме, екен-ау және ә деген сөздер болады.

-Сол жаққа менде барсам ба екен?

- Мына мыңболғыр бой бермей кетер ме екен?

4. Таңырқаулы сұрақ. Баяндауыштың құрылысы күмәнді сұрақ формаларында немеседеймісің деген сөзбен келетін сұраулы сөйлемдер кейде бірдеңеге таңдану, таңырқау мағынасында айтылады. Ондай сөйлемдер әрі сұраулы, әрі лепті болатындықтан, жазуда олардан соң сұрақ белгісі мен леп белгісі қатар қойылады.

-Сізде де арман бар ма екен?!

-Арық адамның көзі өткір болады екен-ау?!

Жоғары сұраулы сөйлемдердің ішінде кісінің көңіл –күйін білдіретін одағай сөздер болса, сұраулы сөйлемдердің мазмұнына тағы басқа эмоциялық реңктер қосыла береді: Апырым-ай, біздің таласымыз не болды екен? Қап кеше неге айтпадың?

5.Риторикалық сұрақ. Кейбір сұраулы сөйлемдер жауап күту мақсатымен айтылмай, бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен де айтылады. Ондай сөйлемдерде риторикалық (риторика гр.rhilos –шешен деген сөзінен алынған) мән болады. Риторикалық сұраулы сөйлемдер көркем әдебиетте жиі қолданылады:

Күнде жақсы бола ма,

Бір қылығы жаққанға?

Оқалы тон бола ма,

Ар-ұятын сатқанға?

Риторикалық сұраулы сөйлемдер кейде салалас құрмалас сөйлемнің құрамына енгенде құрмаластың аралығында әйтеуір, қалайда деген сөздер қолданылады: Әлде ақсиған тістері ме, әлде ақкөңілділігі ме, әлде қабағына қақ тұрмайтынойнақылығы ма, әйтеуір Шеген мені біржола тартып әкетті(Ғ.Мүсірепов)

Бұйрықты сөйлем біреуді іс істеуге жұмсау мақсатымен айтылады. Ондай сөйлемдер жалаң бұйрық ретінде ғана айтылмайды, сонымен қатар кісінің еркін, талабын, кеңесін, тілегін, жалынышын т.б. білдіреді.

Бұйрықты сөйлем негізінде ауызекі тілге тән, көркем әдебиетте ондай сөйлем диалогте жиі ұшырайды.

Бұйрықты сөйлемдер етістіктің бұйрық және қалау райы арқылы жасалады. Олар сөйлемнің баяндауышы болып жұмсалады да, сөйлем түгелімен асқақ әуенмен айтылады. Бұйрықты сөйлемдердің айтылу әуендері оларды қандай мазмұнда жұмсалуына қарай түрліше болады. Егер бұйрықты сөйлем бұйыру, қатал талап мағынасында жұмсалса, ол көтеріңкі дауыс екпінімен айтылады; егер кеңес, жалыныш, тілек мағыналарында жұмсалса, олар бәсең дауыспен айтылады. Алдыңғы жағдайда баяндауыш көбінесе сөйлемнің басына қойылады: Шеген, тоқта, қайырыла кет.

Бұйрықты сөйлем көбінесе толымсыз (бастауышсыз) болады да, оның орнына қаратпа сөз қолданылады. Қаратпа сөздер істі істеуге тиісті кісіні, бұйрықтың кімге, неге арналғанын білдіреді.

Бұйрықты сөйлемдердің тағы бір ерекшелігі мынау: олар көбінесе аз сөзден құралған ықшамды болады да, екпінді әуенмен тақ-тұқ айтылады: Қорқытпа,тоқта, бала, тоқта! Мұндай сөйлемдерде қаратпа сөздің болуы, сөйлемдердің ықшамдалып айтылуы олардың бұйрықты мәнінің өткір, әсерлі болуымен байланысты. Сондықтан бұйрық, талап, үндеу мәнді болумен байланысты. Сондықтан ондай сөйлемдерді салмақты етіп айту үшін сөйлем белгілі біреуге арналады да сол «біреу» қаратпа сөз қызметінде жұмсалады. Қаратпа сөз болмаса, сөйлемнің бұйрықтылығы күші солғын болады да, бұйрық, талап, тілек көпке арналады. Соңғы жай мақал-мәтелдердің стиліне тән: Темірді қызған кезде соқ, жалғаймын деп үзіп алма, түзеймін деп бұзып алма!

Бұйрық сөйлемдердің баяндауыштары қандай сөз болғанына қарай және сөйлемнің құрамы қандай болуына қарай олардың мазмұны әртүрлі болады.

1.Баяндауыштары етістіктің бұйрық райының ІІж. айтылған сөйлемдерді көбінесе бұйрық, талап кейде үндеу мәні болады: Тарт тіліңді, жоғал көзіме көрінбей, -деп, Ысқақ кимелеп кетті.

2. Баяндауыштары бұйрық райының ІІІж. айтылған сөйлемдер көбінесе талап, тілек мәнді болады: Керімбек малды тез жайлауға айдасын! Бағар көбейсін, шалым!

3. Баяндауыштары етістіктің бұйрық райында айтылып, оған -шы, -ші қосымшасы жалғанып, тілек, жалыныш не сыпайы түрде бұйыруды білдіретін сөйлемдер жасалады. Ондай сөйлемдер Іж. қалау мағынасында да айтылады: Келші, қалқам, менің қасыма отыршы. –шы, -ші қосымшасы жалғанған бұйрық рай тұлғалы баяндауыштары бар сөйлемдер кейде біреуге сес көрсетіп, қорқыта сөйлегенді білдіреді: Қане, осы баланың бәйгесін бермей көрші!

4. Етістіктің қалау, бұйрық рай тұлғасынан жасалған баяндауыштары бар сөйлемдер ұран, үндеу мағынасында да жұмсалады: Колхозшылар мен совхоз қызметкерлері ауылшаруашылық мамандары! Егіс көлемін ұлғайтыңдар, егіншіліктің мәдениетін арттырыңдар!

4). Лепті сөйлем –кісінің көңіл-күйін, әр түрлі эмоциялық сезімін білдіру үшін жұмсалатын сөйлемдер. Олардың мағыналары жай хабар болумен қатар кісінің қуанышы, қорқынышы, таңырқауы, ызасы т.б.сияқты ішкі сезімдерін білдіреді.

Лепті сөйлемдер мұндай мағыналарда айтылу үшінолардың құрамында көбінесе одағайлар болады. Кейде одағайлардың өзі лепті болады. Оның үстіне сөйлем асқақтаған көтеріңкі дауыспен, лептілік интонацимен айтылады:

-Қап!-деді Ахмет өте шығып.

Лепті сөйлемдердің мағыналары олардың құрамындағы одағай, модаль сөздер мен сөйлемдердің лептілік әуенімен байланысты.

1.Қорқу, сескену, аяу т.б. сияқты кісінің көңіл-күйін білдіретін сөйлемдердің баяндауыштарының құрамында ау, ай демеушілері айтылады:

- Құлайды-ау, құлайды-ау! Ол бүгін келмеді-ау!

2. а) Баяндауышы бұйрық рай тұлғадағы етістік баяндауышты сөйлем кейде тілек мағынасында айтылады: Жасаған-ау, бала бере гөр! –деді (ол). Бірақ тілек іскек аспады.

б) Баяндауыштары етістіктің шартты рай тұлғасында айтылып, бірдеңені көксеу, арман ету мағынасында лепті сөйлем жасалады: ондай сөйлем шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас болып айтылмай, жай сөйлем ретінде жұмсалады: Мына көгалға бауырыңды төсеп жатсаң! Әрбір бригадаға жерді өлшеп, сыбаға берсе!

Күрделі баяндауыштың негізгі сөзі келер шақтық есімше болып, одан кейін сұраулық ма, ме шылауы мен ед і көмекші етістігі тіркесіп те арман мәнді лепті сөйлем жасалады: Па, шіркін, мына атқа мінер ме еді!

3. Өткенде істелуге тиісті, бірақ істелмеген, болмаған іске өкіну ретінде айтылатын да лепті сөйлемдер болады. Ондай сөйлемдердің баяндауыштары көбінесе екі түрлі болып келеді.

а) Болымсыз тұлғадағы өткен шақтық есімше мен есімше тұлғасындағы көмекші етістік (екен) одан кейін демеулік те тұрады: Қап, орылған астықты кеше жиып алмаған екенбіз де!

Іж. шартты рай тұлғасындағы етістікке –шы, -ші қосымшасы жалғанады. Ондай сөйлем ерекше көтеріңкі әуенмен айтылады: Қап, кеше кешке қонаққа барғанша, театрға барсамшы!

Тұйық райлы етістікке керек еді ғой деген тіркес жалғасатын күрделі баяндауышты лепті сөйлемдерде кейде өкініш мәні де болады: Омарбекке солай деп айту керек еді ғой!

Кейде тұйық етістікке -ың, -ің қосымшасы жалғанып, одан кейін ғой шылауы жұмсалған күрделі баяндауышты сөйлемдер де өкініш мәнде айтылады: Кеше осыны айтуым ғой!

4.Бірдеңені асыра мақтан ету, масаттану, қолпаштау мағыгнасында да лепті сөйлемдер жасалады. Ондай сөйлемдердің ішінде кейде қандай ғажап, неткен, болғанда қандай, пай-пай, ай деген сөздер болады: Айналаңа қарашы! Дүние қандай сәнді!

Тұлғасы сұраулы сөйлемдер кейде экспрессивті мағынадағы лепті болып жұмсалады: -Ол –ол болсын, жә, мынау көргеніміз қай мазағымыз!

Сонымен жай сөйлемдер мағыналық түріне қарай 4-ке бөлінеді: хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Жай сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз?

2.Айтылу мақсатына қарай жай сөйлем қалайбөлінеді?

3.Жақты сөйлемдерге қандай сөйлемдер жатады?

4.Жақсыз сөйлемдер дегеніміз қандай сөйлемдер?

5.Жақты сөйлемнің қандай түрлері бар?

6.Қандай сөйлемдер толымды болады?

7. Қандай сөйлемдер толымсыз болады?

8.Атаулы сөйлем дегеніміз не?

9.Жалаң сөйлемдерге қандай сөйлемдер жатады?

10. Жайылма сөйлем дегеніміз қандай сөйлемдер?

Ұсынылатын әдебиеттер: 11, 15, 16, 18, 19,21, 24, 28, 30,31, 35, 37,39, 48, 64,65.

 

Дәріс №8. Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлемдер: өзіндік белгілер, жасалу жолдары.

Мақсаты: Құрмалас сөйлем туралы жалпы түсінік беру, салалас құрмалас сөйлемдердің өзіндік белгілерін, жасалу жолдарын көрсету.

Тірек сөздер: құрмалас сөйлем, салалас, паратаксис, гипотаксис,

1.Синтаксис ғылымының басқа салалары сияқты құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттейтін күрделі объектісі бар. Адам сөйлегенде бір-біріне байланыссыз жеке сөздерді айтпайды, оның сөйлеуі бір-біріне ұштасып жататын сөйлемдер тізбегі түрінде болады. Оның өзінің белгілі заңдылығы бар. Құрмалас сөйлем синтаксисінің міндеті осы заңдылықтардың немесе жеке ойды білдіретін жай сөйлемдердің өзара ұласып, күрделі бір сөйлемге айналуы, бір ойды екінші бір ойға жалғастырып, күрделі бір ойды білдірудің жолдарын, амал-тәсілдерін зерттеу. Жай сөйлем синтаксисі жеке ұғымды білдіретін сөздердің өзара тіркесіп сөйлем болуы, ал құрмалас сөйлем синтаксисі жеке ойды білдіретін сөздердің бір-бірімен ұласып құрмалас сөйлем болу заңдылықтарын зерттейді. Осыған орай синтаксист ғалым Т. Қордабаев «Құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттеу объектісі құрмалас сөйлем (синтаксисі) ғана емес, сонымен бірге бірнеше сөйлемдер тіркесінен құралатын синтаксистік күрделі бірлікті де қарастырады», –дейді.

Құрмалас сөйлемнің қалыптасу жолдары туралы алғаш пікір айтушылардың бірі С. Аманжолов: «Адам ой-өрісінің дамуымен бірге, жай сөйлем адам қажетін толық қамтамасыз етпейтін болды, қоғамдағы өндіріс қатынасының өсуімен бірге тіл де өсті, сөйлем де күрделенді», –дейді. Сондай-ақ Т.Қордабаев құрмалас сөйлемнің қалыптасу даму жолдарына жан-жақты тоқталады. Тіл дамуының ерте сатысында құрмалас сөйлемдердің ең қарапайым тәсілі –мағыналары бір-біріне жақын жай сөйлемдердің тіркесуі арқылы жасалған –салалас құрмаластар. Ғылымда паратаксис деп аталады. Дүние жүзі тілдері тарихында да сондай: А. Мейе «Введение в сравнительное изучение индо-европейских языков» (М.-1938. 375.) атты еңбегінде үнді-еуропа тіліндегі салалас құрмаластардың тарихын айтып Ю. Цезарьдің сөйлемін мысалға алады: Келдім, көрдім, жаздым. Орыс тіл білімінің зерттеушілері А.А. Потебня, И. Лысев көне жазбаларда салаласқан сөйлемдердің басым екендігін айтқан. А. Рифтин «Құрмалас сөйлем дамуының екі жолы» еңбегінде жай сөйлемдердің салаласу немесе бір-біріне қосылуы –құрмалас сөйлем дамуының бірінші сатысы деген.

Қазақ тіліне келер болсақ, көне ескерткіштер тілінде көбіне салаласқан немесе келте қайырылған сөйлемдер: Аштықта тоқтықты түсінбейсің, тоқтықта аштықты түсінбейсің. Соның үшін алдандың, Қағаныңның тілін алмадың (О.-Е.).

Кейіннен салаластардың орнына әр түрлі дәнекерлер арқылы бір-бірімен бағына байланысатын сабақтас сөйлемдер қалыптасқан. Бұл ғылымда гипотаксис деп аталады.

Құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен жымдаса байланысқан сөйлемдердің пайда болуы –жазба әдебиеттің нәтижесі. «Өйткені сөйлеу тілі сөйлемді онша ұластыруды, күрделендіруді көтермейді» (И.И.Мещанинов). Бұл туралы Н. Сауранбаев та «Көне ру-тайпа тілінде, ауызекі тілде сөйлемдерді жеке-дара айту басым болған. Күрделену әдеби тілге тән», –дейді.

Қазақ тіл білімі саласында ең аз зерттелген сала –құрмалас сөйлемдер. Олар туралы ең алғаш пікір айтқан – А.Байтұрсынов («Тіл құрал») құрмалас сөйлемді екіге бөледі: сыйысулы: шұбалаң, ықшам; қиысулы құрмалас. Қ. Жұбанов («Қазақ тілі жөіндегі зерттеулер») «құрмаласты» «күрделенген» терминімен ауыстыруды ұсынған. Сондай-ақ Н.Сауранбаев, С.Жиенбаев, С.Аманжолов, қазір Т. Қордабаев, Қ.Есенов зерттеп жүр.

Құрмалас сөйлемнің басты критерийлері туралы түрлі пікірлер айтылып келді. Әр лингвист құрмалас сөйлем болудың белгісі ретінде түрлі сөйлем қасиеттерін ұсынды:

1) Сөйлемнің мағыналық, тұлғалық байланысы (А.Байтұрсынов) немесе «тең байланыс, кем байланыс».

2) Әр компонент құрамында бастауыш, баяндауыш болуы (Қ.Жұбанов). Бірақ бұл ғалым интонацияның болуын ескермейді. Сондықтан үйірлі мүшелерді де бір жай сөйлем деп кетеді.

3)1954ж. Н.Сауранбаев «Құрмалас сөйлемнің синтаксисі» еңбегінде үш критерийін ұсынады: а) ой дербестігі, ә)дербес бастауыш пен баяндауыш болуы, б) құрмалас сөйлем компоненттерінің интонациялық жігінің айқын болуы.

С.Аманжолов дербес бастауыш қажет деп есептемейді. Негізгі шарт – өзіндік баяндауыш пен дербес интонация.

Қазіргі синтаксист ғалымдарымыз ұсынып жүрген бірнеше критерийлері мыналар:1) Әр сөйлемнің тиянақты, тиянақсыз болса да дербес ойға ие болуы.

2) Әр сөйлемде айтылған ой бөлек-бөлек болмай, бір-бірімен ұласып жатуы. 3) Құрмалас сөйлемдердің әр компоненті (жай сөйлемдері) сөйлемге тән қасиеттерге ие болуы шарт.

4) Құрмалас сөйлем компоненттерінің әр қайсысының дербес интонациясы болуы шарт.

Жеке талдау жасайық: Әр жай сөйлемнің дербестігі шартты нәрсе. Неге десеңіз құрмалас сөйлем компоненттерінің әр қайсысының дербестігі тең дәрежеде емес. Мыс.: Шұрайлы жер аз емес, бірақ соның бәрі байлардың, дворяндардың, помещиктердің қолында. Олар өз жерлерін ешқашан бермек емес,алхаштан өлуге шақ жүрген мұжықтардың оны сатып алуға шамасы жоқ(М.Дулатов). 2-4-сөйлемдердің дербестігі «шартты», 1-3-сөйлемдердің дербестігі «нақты». (Қ.Шәукенов). Сөйлемге тән басты қасиет: коммуникация, модальдылық, предикация. Предикацияның екі жолы бар: а)бастауыш пен баяндауыштың қатар болуы; ә) тек баяндауыш арқылы. Алғашқысы –аналитикалық, аналитика-синтетикалық, соңғысы –синтетикалық. Мыс.: Сендер тәлтіректеп белестен асып кеткенше, мен көз алмай қараумен болып едім. Баяндауыш кеткенше – жақты, шақты көрсетпейді. Жақ, шақ сендер бастауыш арқылы –предикаттың аналитикалық тәсілі. Ақырында осы отырған түрлі Нілді мен Қарағандыны мына Боздақ пен Байжандікі деп тапты да, өзгеміз соған қол көтеріп шықтық. 1-жай сөйлемде предикация нақты өткен шақ. (Біз шықтық) –аналитико-синтетикалық. Бірақ баяндауыштары бірнешеу, бастауыштары көрінбей тұрған сөйлемдер үшін басты белгі әр баяндауыштың әр бөлек бастауышқа ие болуы. (Жеке субъектіге тәуелді –Т.Қордабаев). Мыс.: Көрдім, танымады. Берсе, тастамаспын. Ал бір ғана субъектінің бірнеше іс-әрекетті көрсетіп, бір ғана сөйлемнің бірыңғай мүшесі болуы мүмкін: Жолықтым, сөйлестім. Қарт көрпе астынан еті қашқан оң қолын шығарып, үп-үшкір шынтағымен жер таяп, ұмтылып барып, тұра алмай аунап түсті. Алдыңғысы бірыңғай баяндауыш,соңғысында шығарып, жер таяп, ұмтылып барып, тұра алмай етістіктері аунап түсу қимылының амалын білдіреді (Т.Қордабаев).

Ал баяндауыштары көсемше, есімшелерден жасалса, міндетті түрде бастауышы болуы керек. Себебі жіктік жалғаусыз предикатты көрсете алмайды. Бұған қосымша: Атаулы сөйлемдер предикатты көрсетпейді. Соған қарамастан бірнеше атаулы сөйл-ден тұратын құрмалас сөйл-р де бар: Ояна келсе, баяғы жаман Қартқожа, баяғы жымырайған жаман тымақ, бастама мәсісі, бір жамбасына қисайған жаман кебісі, мойынындағы кішкене қалтаға салған тері сасыған....дұғасы. Бұндай сөйлемдіҚ. Шәукенов «суреттемелі салалас құрмалас сөйлем» дейді.

Қ о р ы т ы н д ы: Әрбір компоненттің белгілі мағыналық дербестігі, субъект- предикаты және интонациялық мәні бір күрделі ойды білдіретін синтаксистік бірлікті құрмалас сөйлем дейміз.

Құрмалас сөйлем мен жай сөйлем арасындағы айырмашылық—құрылысында. Жай сөйлем жеке сөйлем мүшелерінен тұрса, құрмалас сөйлем жеке сөйл-ден тұрады. Әрине, көлемі үлкен--құрм., кішісі—жай деген ой тумауы керек.Әңгіме ой дербестігінде, ой көлемінде.Сондай-ақ бөлек-бөлек жай сөйл-ң дербестігі айқын. Түрлі субъектінің түрлі іс-әрекеті құрмалас сөйл. жай сөйл-ң дербестігі шартты, мағынасы беретін ойы жағынан бір-бірімен тұтасып, астасып байланысып жатыр. Біреуінде бір предикат, екіншісінде кемі екі предикат.

Құрмалас сөйлемдердің құрылымы екі компоненттен де, одан көп компоненттен де тұра береді. «Жабық құрылымды, ашық құрылымды» деп бөлеміз. «Ашық құрылымды» құрмалас сөйлемдерде айтылған ойды жалғастыра беруге болады: Биылғы қыс түсініксіз болды: күн тез суытты, қар жаумады. «Жабық құрылымды» әрі қарай айтып жалғастыра алмаймыз. Құрмалас сөйлем компоненттері өзара тығыз бірлікте, байланыстырушы амал-тәсілдер мен дәнекерлер арқылы құрмаласады:1. Алдыңғы компоненттердің баяндауышы тиянақсыз боп, кейінгі компонентпен байланысады (сабақтас сөйлем): Жалт қараса, кемпір жақындап қалған екен.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 1386; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.014 сек.