Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе. Нын калькуляциялау бірлігі




Орытынды

Нын калькуляциялау бірлігі

2.1 Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

мақсаты және бірлігі

2.2 Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың

(қарапайым) процесстік бірлігі

2.3 Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың

тапсырыстық бірлігі

2.4 Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың

бөлістік бірлігі

2.5 Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың

нормативтік бірлігі

2.6 Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығынды есепке

алудың халықаралық практикада қолданылатын бірлігі

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

Экономиканың нарықтық жолмен даму барысында кәсіпорын қызметiнiң қаржылық мәселелерi күшейе түсуде. Осыған сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар басшылығының ерекше көңiлi бухгалтерлiк есептiң ұйымдастырылуына мән берiлiп отыр. Әсiресе, елiмiзде халықаралық стандартқа сәйкес жаңа бухгалтерлiк есеп стандартының енгiзiлуi ел экономикасының дамуына оң әсерiн тигiзуде. Бұл елiмiздiң қазiргi даму кезеңiнде, оның шетел инвесторларымен қарым - қатынастарының нығаю кезеңiнде маңызды болып саналады. Сондай-ақ 1995 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентi «Бухгалтерлiк есеп туралы» жарлыққа қол қойып, 2002-жылы 24-маусымда ол қайта өзгертулер мен түзетулер енгізіліп заң болып қабылданған болатын. Ал үстіміздегі жылдың 28-ақпанында жаңа №234-III «Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік» -деп аталатын заң жарық көрді.

Бүгiнгi таңдағы ауқымды өзгерiстер кезеңi қоғам өмiрiнiң барлық саласын жан - жақты қамтуда. Сол себептi қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық - әлеуметтiк және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономикамызда нарықтық қатынастарға бет бұрды. Осы негiзде әлеуметтiк, күрделi мәселелердi шешу – бүгiнгi күннiң басты талаптарының бiрi болып саналады. Әсiресе, соңғы жылдары экономика iлiмiнде түбiрлi өзгерiстер орын алуда. Мұның өзi қоғамдық және өндiрiстiк қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тiкелей байланысты. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының нарықтық қатынасқа өтуі барысында нарықтық қатынас заңдарына сәйкес өнiмдi өндiруге кеткен шығындарды анықтау өте маңызды орын алады. Себебi, қандай болмасын өнеркәсiп өзi шығарған өнiмдерiнiң өзiндiк құнын анықтап, яғни кеткен шығындарын бiле отырып, оны нарыққа шығаруға тырысады. Ол өнiмнiң сапалы және бағасы жағынан арзан, яғни сұранысқа деген талабына сай келетiндей қылып жасауға ұмтылады. Сондықтан мұндай шығындардың есебiн жүргiзу маңызды болып табылады. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есебiнiң теориясы мен тәжiрибесi үшiн баса қызықтырарлық мәселе болып өндiрiстiк шығындар жатады. Бухгалтерлiк есептiң «Тауарлы материалдық қорлар» бөлiмiнiң өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) өзiндiк құнына кiретiн шығындардың құрамын қалыптастыру және жiктеу БЕС - 7 стандартының әдiстемелiк ұсынымдары:

1. Осы әдiстемелiк ұсынымдар өнiмнiң өзiндiк құнын құрайтын шығындардың оңтайлы және бiркелкi құрамын анықтауды (жұмыстарды, қызметтердi) бұл шығындарды жоспарлаудың және есепке алудың тәсiлдерiн анықтауды, сондай ақ кәсіпорындар өнiмдерiнiң арасындағы өзiндiк құнды үйлестiру мақсатын көздейдi.

Осы әдiстемелiк ұсынымдарға сәйкес кәсіпорындар өзiнiң қызметiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, өнiмнiң өзiндiк құнының есебi және бағалау жөнiнiдегi саясатты белгiлейдi. Бұл орайда кәсіпорындар әзiрленген өнiмнiң өзiндiк құнын жоспарлаудың, есептеудiң және құнын анықтаудың ерекшелiгiне байланысты оның барлық өндiрiстiк бөлiмшелерi үшiн, егер мұндай бар болатын болса, мiндеттi болып табылады.

2. Бұл әдiстемелiк ұсынымдар өнеркәсiптiк, сондай ақ сауда, қызмет көрсету ұйымдарының субъектiлерiнде де жоспарлау, есепке алу, меншiктi реттеу ережелерiнде қолданылады.

Осы ты жазудағы мақсатым – зерттеу объектiсi ретiнде алынған өндiрiс шығындары есебi, аудиті және өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау әдiстерiн жан - жақты қарастырып, талдап, оны жетiлдiру жолдарын және нарықтық талаптарға сай жағдайға әкелу бағыттарын зерделеу болып табылады. Қандай кәсіпорын болмасын, бухгалтерлiк есептi ұйымдастыруда ең қажеттiлiктердiң бiрi болып өндiрiстiк шығындар есебi және өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау әдiстерi саналады.

Менiң қа «Өнеркәсіптік кәсіпорын шығындарының есебі және аудиті» сондай ақ өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау әдiстерiн таңдап алу себебiм, өйткенi өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау кез-келген кәсiпорынның түпкiлiктi қаржы нәтижесiн анықтаудағы басты буын болып табылады. Өнiмнiң өзiндiк құны туралы ақпарат тек бухгалтерлiк есеп үшiн ғана емес, сондай ақ жоспарлау, басқарушылық шешiм қабылдау және жалпы бизнестi ұйымдастыру үшiн маңызды болып отыр. Сондықтан тың басты мақсаты Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы «Маңғыстау Электротораптық Бөлу Компаниясы» акционерлiк қоғамы материалдары негiзiнде, ондағы өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау әдiстерi бойынша өндiрiстiк шығындар есебiнiң дұрыс жүргiзiлуiн және ұйымдастырылуының сондай ақ аудиторлық тексеру жүргiзудi теориялық тұрғыдан зерттеу болып табылады.

 

 

1-тарау. Калькуляция объектілері мен түрлері және калькуляциялық бірлік

1.1 Калькуляция объектілері мен түрлері

Калькуляция объектілері мен түрлері дұрыс ұйымдастыру үшiн олардың ғылыми негiзделген жiктемесi үлкен роль атқарады. Өндiрiске кеткен шығындар олар пайда болуына, орнына байлаысты, өнiм түрлерiне (жұмыс, көрсетiлген қызмет) және шығындар түрлерiне бөлiнедi (жiктеледi).

Пайда болу орнына байланысты – шығындар өндiрiс бойынша, цехтарға, кәсiпорынның телiмi (участок) және басқа да құрылымдық бөлiмшелерге бөлiнедi. Мұндай топтау зауытiшiлiк шаруашылық есеп беруiн ұйымдастыру үшiн және өндiрiстiк өнiмнiң өзiндiк құнын анықтау үшiн қажет.

Өнiмнiң түрiне байланысты - (жұмыс, көрсетiлген қызмет) шығындарының өзiндiк құнын анықтау үшiн шығындарды топтайды.

Шығындар түрлерiне байланысты – шығындар элементтерi және калькуляциялық баптар бойынша топтастырылады.

Кәсiпорынның өндiрiстiк өнiмдерi (шығындары) келесi элементтерге жiктеледi:

- Материалдық шығындар;

- Еңбек ақы шығындары;

- Әлеуметтiк қажеттiлiктерге аударымдар;

- Негiзгi қор амортизациясы;

- Басқа да шығындар (телефондық, iс-сапар бойынша және т.б.)

Бұл топтастыру элементтерi халық шаруашылығындаға барлық салаларға мiндеттi және бiрыңғай болып табылады. Шығындарды топтастру экономикалық элементтер бойынша келесi нәтиженi көрсетiп тұр - өндiрiске қанша жұмсалғаны, жалпы шығындар сомасындағы әр элементтiң үлесiн. Материалдық шығындар элементтерiне сатып алынған материалдар, бұйымдар және энергия, өнiмнiң өзiндiк құнының әр түрiне байланысты шығындар топтастырылуы ұйымдастырылады және калькуляциялаудың баптарына кiргiзiледi. Жоспарлаудың негiзгi ережелерiнде өндiрiстiк кәсiпорындарда өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау және есеп беруiне байланысты калькуляциялық баптары бойынша шығындар тұрпатына топтастырылады. Олар келесiдей түрде берiледi:

1. «Шикiзаттар және материалдар»;

2. «Аяқталмаған өндiрiс»;

3. «Аяқталмаған өндiрiс және сатып алынған бұйымдар»;

4. «Технологиялық мақсаттарға отын және энергия»;

5. «Өндiрiс жұмысшыларының еңбек ақысы»;

6. «Әлеуметтiк қажеттiлiктерге аударымдар»;

7. «Өндiрiске дайындау және үйренуге кеткен шығындар»;

8. «Жалпы шаруашылық шығындар»;

9. «Жалпы өндiрiстiк шығындар»;

10. «Ақаудан кеткен шығындар»;

11. «Басқа да өндiрiстiк шығындар»;

12. «Коммерциялық шығындар»;

Бастапқы 11 баптың жиыны өндiрiстiк өнiмнiң бағасын құрайды, ал барлық 12 баптың жиыны өнiмнiң толық өзiндiк құнын құрайды.

 

Өндiрiстiк шығыстардың жiктелуi

Жiктелу түрi Шығындар бөлiмшесi
   
Экономикалық ролi бойынша өндiрiс үрдiсiнде Құрамы бойынша (бiртектес) өнiмнiң өзiндiк құнына қосу әдiсi бойынша Өндiрiс көлемiне байланысты Кезеңдi пайда болуына байланысты Өндiрiстi үрдiске қатысуына байланысты Тиiмдiлiгiне байланысты Негiзгi және жөнелтпе құжат   Бiр элементтi және кешендi     Тiкелей және жанама Өзгермелi және бiрыңғай уақытылы Өндiрiстiк және коммерциялық Өндiргiш және өндiргiш емес

 

Негiзгi шығындар - өндiрiстiк технологиялық өндiрiспен тiкелей байланысты; шикiзат және негiзгi материалдар, көмекшi материалдар және басқа да шығындар, жалпы өндiрiстiк және жалпы шаруашылық шығындардан басқа.

Жөнелтпе шығындары - өндiрiсте қызмет көрсетумен және басқаруды ұйымдастырумен пайда болады. Олар жалпы өндiрiстiк және жалпы шаруашылық шығындардан тұрады.

Бiр элементтi шығындар – бiр элементтен тұратын – еңбек ақы, амортизация т.б.

Кешендi шығындар – бiрнеше элементтерден тұратын, мысалы: цехтiк және жалпы зауыттық шығындар құрамына еңбек ақы, ғимараттардың амортизациялық шығындары және басқа да бiр элементтi шығындар.

Тiкелей шығындар - өндiрiстiң анықталған өнiм түрiмен байланысты және де тiкелей өнiмнiң өзiндiк құнына жатқызылуы мүмкiн: шикiзат және негiзгi материалдар, ақаудан шеккен шығындар және т.б.

Жанама шығындарға - өнiмнiң бөлек түрлерi бойынша тiкелей өнiмнiң өзiндiк құнына тiкелей жатқызуға болмайды және жанама түрде анықталады (шартты түрде): жалпы шаруашылық, жалпы өндiрiстi, өндiрiстiк емес шығындар және т.б.

Шығындарды тiкелей және жанама түрлерiне бөлу себебi – салалардың ерекшелiгiне, өндiрiстiң ұйымдастырылуына, өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау әдiсiне байланысты.

Шартты тұрақты шығындар мөлшерi - өндiрiстiк өнiм көлемiнiң өзгеруiне қатысы жоқ: жалпы өндiрiстiк және ж„не жалпы шаруашылық шығындар және т.б.

Кезеңдiк шығындарға байланысты шығындар ағымдағы және бiркелкi (уақытты) болып бөлiнедi: ағымдағы шығындарға – кезеңдiк белгi бойынша, мысалы: шикiзат және материалдар шығындары. Бiркелкi шығындарға – жаңа өнiм түрлерiн дайындауға кеткен және олардың өндiрiстiк өзiндiк құнын құрайтын шығындар.

Өндiрiстiк шығындарға – тауарды дайындауға кеткен және олардың өндiрiстiк өзiндiк құнын құрайтын шығындар.

Өндiрiстiк емес (коммерциялық) – тұтынушыларға өнiмдi сатумен (өткiзумен) байланысты. Өндiрiстiк және өндiрiстiк емес шығындар тауарлық өнiмнiң толық өзiндiк құнын құрайды.

Өндiргiш шығындары - өндiрiстiң ұйымдастырылуының және өндiрiс өнiмнiң құруына кеткен рационалды технологиялардың сапалылығы.

Өндiргiш емес шығындар - өндiрiстi ұйымдастыру жетiспеушiлiк және технологияның жеткiлiктi дамымағандығынан (өнiмнiң ақаулары, жұмысшыларға қосымша еңбек ақы төлеуден, өндiрiстiң тоқтап қалуынан) және т.б. Өндiрiстiк шығындар жоспарланады, сондақтан да олар жоспарлы деп аталады. Өндiрiстiк емес шығындар сiздер бiлетiндей жоспарланбайды.

Материалдың дұрыс бағасын анықтау үшін 7 – БЕС қарастырылған төрт әдістің бірін қолданамыз: арнайы идентификациялау әдісі; орташа өлшемді әдіс; қорларды бастапқы сатып алу бағалары бойынша бағалану әдісі (ФИФО); қорларды соңғы сатып алу бағалары бойынша бағалану әдісіЛИФО;

Орташа өлшенген құндық әдісі.

Бұл әдіс кезінде материалдық қорлардың құны – ай басындағы қалдық құнына ай бойында келіп түскен құндылықтарын қосып есептелінген орташа бағасы түсіндіріледі.Бұл әдісті есептеудің математикалық әдісі мынандай:

Орташа құны = (∑м.қ + ∑алын. ) / (Км.қ + Калын.)

Мұндағы:

м.қ - есепті кезеңнің басында қалған материалдық қалдық құны;

алын. - есепті кезеңнің басында қалған материалдық қалдық саны;

Км.қ - алынған материалдар құны;

Калын. - алынған материалдар саны;

ФИФО әдісі - босалқыларды алғашқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі. Бірінші кезекте сатып алынған құндылықтардың нақты өзіндік құны жұмсалған материалдарға жатқызылады деп есептелінеді, яғни бінші келген - бірінші кетеді. Сонымен соңғы қалдық құны ең кейінгі сатып алынғанның құнына енгізіледі.

ЛИФО әдісі – қорларды соңғы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі. Соңғы алынған алынған өзіндік құны бірінші кезекте жұмсалғандардың құнын анықтау үшін қолданылады, ал ай соңындағы қорлардың өзіндік құнымен есептеледі теген тұжырымға негізделген әдіс.

Арнайы идентификациялау әдісі. Бұл әдіс қорлардың партияларының дұрыс ұйымдастырылуына мүмкіндігі болған жағдайда қолданылады.

1.2 Өндірістік шоттар жүйесі және олардың сипаттамасы

Типтік шоттар жоспарының IX бөлімінде өндірістік есептің шоттары топтастырылған. Бұл бөлім келесі бөлімшелерді құрайды:

90 – «Негізгі өндіріс»

91 – «Өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттар»

92 – «Қосымша өндіріс»

93 – «Үстеме шығындар»

Бұл бөлімнің шоттары субьектінің қызметтерді өндіруге кеткен шығындар, сондай-ақ қызмет көрсетуші өндірістермен және шаруашылықтармен көрсетілген қызметттерге, өнім шығаруға және жұмыс атқаруға шыққан шығындар туралы қорытынды ақпарат беру үшін арналған. Бұл бөлімнің шоттарында шығындардың пайда болу жеріне және басқа да нышандарына байланысты топтастыру, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау жүргізіледі.

Жоғарыда айтылған алғашқы үш бөлімшелердің әрқайсысы келесідей шоттардан құралады:

- материалдық шығындар есебі үшін (901,911,921)

- еңбек ақы үшін (902,912,922)

- еңбек ақыдан аударым сомалары үшін (903,913,923)

- үстеме шығындары (904,914,924)

Көрсетілген шоттардағы есептелген шығындар барлық шығындарды қорытындылауға арналған шоттардың тиістісіне апарылып, топтастырылады: 900 «Негізгі өндіріс», 910 «Өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттар», 920 «Қосымша өндіріс».

93 бөлімшеге кіретін шоттар нақтылап талданып көрсетілген. Бұл бөлімшеде тиісті бөлімшелердің барлық шығындарын топтастыруға және материалдардың, жұмысшылардың еңбек ақы сомасы, еңбек ақыдан аударымдар сомасы шығындары есебіне арналған шоттар бар.

90 «Негізгі өндіріс» бөлімшесінде келесі шоттардан тұрады: 900 «Негізгі өндіріс», 901 «Материалдар», 902 «Өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы», 903 «Еңбек ақыдан аударымдар», 904 «Үстеме шығындары». Бұл бөлімшенің шоттары негізгі өндіріс шығындары туралы ақпараттарды топтастыруға арналған.

90 «Негізгі өндіріс» атты бөлімше шоттарында есептелетін шығындар, алдымен 901, 902, 903, 904шоттарда жинақталады.

Негізгі өндіріске жіберілген материалдардың құнын есептеу үшін: 901 «Материалдар» шоты дебеттелінеді және 20 «Материалдар» бөлімшесінің шоттары және 920 «Қосымша өндіріс» шоты кредиттелінеді.

Негізгі өндірістің шығындарының құрамында есепке алынуға тиісті еңбек ақы шығындарының сомасына, 902 «Өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы» шоты дебеттелінеді және 681 «Еңбек ақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» шоты кредитттелінеді.

Негізгі өндірістің шығындарының құрамында есепке алынуға тиісті еңбек ақыдан аударымдар сомасына 903 «Еңбек ақыдан аударымдар» шоты дебеттелінеді және 635 «Әлеуметтік салық», 686 «Жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша есеп айырысу».

Негізгі өндіріске қатысты үстеме шығындары сомасына 904 «Үстеме шығындары» шоты дебеттелінеді және 93 «Үстеме шығындары» бөлімшесінің 930 «Үстеме шығындары» шоты кредиттелінеді.

Айдың басында 211, 212, 213, 214 шоттардың дебетіндегі аяқталмаған өндіріс қалдықтары, сол шоттардың кредитінен 900, 910, 920 шоттардың дебетіне апарылады. Ал айдың аяғында аяқталмаған өндірістің нақты өзіндік құнына сәйкес сомалар 900, 910, 920 шоттардың дебетінен, 211, 212, 213, 214 шоттардың кредитіне сәйкесінше апарылады. 900, 910, 920 шоттардың кредитінен есептен шығарылатын шығындар сомасы, тауарлы-материалдық қорлардың есебі және дайын өнімнің, жартылай фабрикаттардың, материалдардың, қоймаға жіберілген қалдықтар мен ақаулардың аяқталмаған өндіріс қалдықтарының сомасын қоса алғандағы нақты өзіндік құнын сәйкес шоттарына есептен шығарылады. Олар айдың аяғында 900, 910, 920 шоттары кредитінен 211, 212, 213, 214 шоттары дебетіне апарылғанда олардың ай басындағы сомасы 900, 910, 920 шоттар дебетіне көрсетілген аяқталмаған өндіріс қалдықтары және есепті кезеңде өндірілген шығындар сомасына тең болуы керек. Басқаша айтқанда айдың аяғында 900, 910, 920 шотарында қалдық қалмауы керек. Есепті кезеңнің басында аяқталмаған негізгі өндіріс қалдықтары 21 «Аяқталмаған өндіріс» бөлімшесінің 211 «Негізгі өндіріс» шотының дебетіне апарылады.

Айдың аяғында негізгі өндірістің барлық шығындарының сомасы, келешектегі қайта өндіруге берілген өз өндірісінің жартылай фабрикаттардың нақты өзіндік құны 901 «Материалдар», 902 «Өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы», 903 «Еңбек ақыдан аударымдар», 904 «Үстеме шығындары» шотының кредитінен 900 «Негізгі өндіріс» шотының дебетіне апарылады.

Дайын өнімнің, жасалған жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құны 900 «Негізгі өндіріс»шоттарының кредитінен есептен шығарылап келесідей шоттардың дебетіне апарылады:

- 221 «Дайын өнім»;

- 801 «Дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды,қызметтерді) сату шығындары».

Аяқталмаған негізгі өндіріс құны 900 шоттың кредитінен 211 шоттың дебетіне есептен шығарылады.

Жартылай фабрикаттар өндірісінің шығындарының сомасы 911 «Материалдар», 912 «Өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы», 913 «Еңбек ақыдан аударымдар», 914 «Үстеме шығындар» шоттарының дебеті бойынша, айдың аяғында осы шоттардың кредитінен 910 «Өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттар»шоты дебетіне апарылады. Осы 910 «Өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттар»шоты дебеттелгенде айдың басындағы аяқталмаған жартылай фабрикаттар құны 212 «Өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттар» шоттың кредитіне ауыстырылады. Барлық осы шығындар 910 «Өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттар» шоттың дебетінде сол есепті кезеңдегі жартылай фабрикаттардың өзіндік құнын калькуляциялау үшін жинақталады.

910 «Өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттар» шоттың кредитінен аяқталмаған өндіріс құны және дайын жартылай фабрикаттардың нақты өзіндік құны келесі шоттар дебетіне есептен шығарылады:

- 900 «Негізгі өндіріс» шотының – негізгі өндіріске одан әрі қайта өңдеуге берілген жартылай фабрикаттар бөлігі;

- 221 «Дайын өнім» - сатылуға тиісті жартылай фабрикаттар бөлігі;

- 212 «Өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттар» - жартылай фабрикаттардың аяқталмаған өндіріс бөлігі;

Қосымша өндірістің барлық шығындарының сомасы 921 «Материалдар», 922 «Өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы», 923 «Еңбек ақыдан аударымдар», 924 «Үстеме шығындар» шоттарының дебеті бойынша есептелінеді, ал айдың аяғында осы шоттардың кредитінен 920 «Қосымша өндіріс» шотының дебетіне. Осы 920 «Қосымша өндіріс» шотының дебетіне айдың басында аяқталмаған қосымша өндіріс құны 213 «Қосымша өндіріс» шотының кредитінен апарылады. Осы есепті кезеңде қосымша өндіріспен шығарылған дайын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін барлық бұл шығындар 920 шоттың дебетінде жинақталады.

920 «Қосымша өндіріс» шоттың кредитінен аяқталмаған өндіріс құны және дайын жартылай фабрикаттардың нақты өзіндік құны келесі шоттар дебетіне есептен шығарылады. Сондай-ақ нақты өзіндік құнға сәйкес келетін сомаларға:

- сатуға арналған дайын өнім бойынша, 221 «Дайын өнім» шоты дебеттелінеді;

- негізгі өндірісте қолданылатын дайын өнім бойынша, 901 «Негізгі өндіріс»шоты, 93 «Үстеме шығындары» бөлімшесінің тиісті 934 «Негізгі құралдарды жөндеу», 936 «Коммуналдық қызметтер», 938 «Басқалары» шоттары дебеттелінеді;

- пайдаланылуға арналған дайын өнім: 801 «Сатуға арналған дайын өнім(тауарлар, жұмыстар, қызметтер)»шоты дебеттелінеді;

- сату процессінде пайдаланылатын дайын өнім бойынша 811 «Тауарлар(жұмытар,қызметтер) сату шығындары» шоты дебеттелінеді;

- жалпы және әкімшілік шығындарға пайдаланылатын дайын өнім 821 «Жалпы және әкімшілік шығындар» шоты дебеттелінеді;

- аяқталмаған өндіріс бойынша, 21 «Аяқталмаған өндіріс» бөлімшесінің 213 «Қосымша өндіріс» шоты дебетттелінеді.

Негізгі және қосымша өндіріс бойынша үстеме шығындар туралы ақпаратты топтастыруға арналған 930 шоттан 938 шотқа дейінгі шоттарды 93 «Үстеме шығындар» бөлімшесі біріктіреді. Бұл шоттарда келесі шығын түрлері көрсетіледі: қондырғыларды және машиналарды пайдалану және күтіп ұстау шығындары; өндірістік негізгі құралдарды жөндеу шығындары және өндірістік айналымнан тыс активтердің амортизациясы және тозуы; өндірісте пайдалынатын жалға алынған негізгі құралдар үшін жал төлемі; өндірісті басқарумен және оған қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлердің еңбек ақысы; өндірістік ғимараттарды күтіп ұстау шығындары және басқа да жалпы өндірістік шығындар.

Үстеме шығындар есебі инструкциясына сәйкес бірінші 931шоттан 938 шотына дейінгі шоттар дебеттеледі, ал 11, 13, 20, 33, 34, 63, 65, 67, 68 бөлімшелердің тиісті шоттары кредиттеледі, кейін үстеме шығындардың жалпы сомасын табады және 930 «Үстеме шығындар» шотының дебеті және 931-938 шоттар кредиті бойынша жазулар жасалады. Үстеме шығындар есебі бойынша жазулар жазудың келесі этапы 904, 924 шоттары дебеттеледі және 930 шоты кредиттеледі, кейін калькуляциялау объектілері бойынша өндірістік үстеме шығындарды бөлуді 900, 920 шоттар дебеті және 904, 924 шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі. Бұл өте күрделі және тиімсіз жұмыс. Біздің айтуымызша өндірістік үстеме шығындарды 904, 924 шоттарына жинақтауға болады.

1.3 Калькуляциялау бірлігі бойынша өндірістік шығындардың есебі

 

Шығындар элементiнiң тiзiмi және олардың есебi шығындар құылымы ережсiнде көрсетiлген. Осы нормативтiк құжаттарға сәйкес жоғарыда айтқандай шығындар өнiмнiң өзiндiк құны қатарына кiргiзiп және келесi элементтерге жiктеледi: материалдық шығындар (шығын құнын шегергенде), еңбек ақы төлеу шығындары, әлеуметтiк қажеттiлiктерге аударымдар, негiзгi қорлардың амортизациясы және т.б. шығындар.

«Материалдық шығындар» элементi құрамында келесілердің құндары көрсетіледі:

- шеттен алынған шикізаттар мен материалдар, өндірілетін өнімнің өзіндік құнына кіріп, оның негізін құрайтын немесе өнімді өндірудегі қажетті компонент болып табылады;

- құрылғыларды жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер, негізгі қорға апарылмайтын тетіктердің, әдістемелердің, қондырғылардың шығыстары;

- технологиялық процесстердің дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету үшін, өнім өндірісінде, өнімді орап буу үшін, немесе басқа да өндірістік және шаруашылық қааажеттіліктерге шығындалатын сатып алынған материалдар;

- келешектегі монтаждауға немесе қосымша өңдеуге түсетін сатып алынған жартылай фабрикаттар мен босалқы құралдары;

- негізгі іс-әрекетке жатпайтын, басқадай кәсіпорындармен немесе сол кәсіпорынның шаруашылығымен және өндірісімен жасалған өндірістік сипаттағы жұмыстар мен қызметтер: өнімді өндіру, шикізаттар мен материалдарды өңдеу және белгіленген технологиялық процесстерді дұрыс іске асыруды бақылау бойынша жеке операцияларды іске асыру; орталық қоймаға қорларды жеткізугі бөтен көлікті жалдау шығындары. Кәсіпорынның өзінің көлігімен және қызметкерлерімен шикізатты, материалдарды, сатып алынған жартылай фабрикаттар мен өнімдерді тасымалдау шығындары;

- табиғи шикізаттар құны, су шаруашылық жүйесінен субьектінің жинайтын су үшін төлемі және де табиғи шикізат ресурстарын іздестіруге, барлауға, қорғауға, оларды пайдалану мен жаңартуды ұйымдастыруға арналған мамандандырылған ұйымдардың шығындарын өтейтін басқа да төлемдері, арнайы мамандандырылған ұйымдардың жүргізетінжер құнарлығын арттырудың шаралары;

- көліктік дайындау шығындары. Көліктік дайындау шығындарына келесі шығындар түрлері жатады: жабдықтау сату ұйымдарына төленетін үстемелер, жүкті тасығаны қосымша кіріске ақысы; субьектің қоймасына материалдарды жеткізіп беру мен түсіру шығыстары; дайындау орындарында ұйымдастырылған агентікті және қоймаларды, қеңселерді ұстау шығымтары; материалдарды тікелей дайындаумен байланысты іс-сапар шығыстары;

- технологиялық мақсатқа арналған энергия мен отындар. Өндіріс процессінде тікелей жұмсалатын энергиялар мен отындардың шығындары. Олардың шығысы есепте шикізаттар мен материалдардың шығысы сияқты көрініс табады.Технологиялық мақсаттағы отындар шығындарына кәсіпорынның өзі өндірген отындардың құны да және басқа жақтан сатып алынған отындардың құны да енгізіледі: мартен, домен пештерінде агрегаттарды балқыту үшін, металл - прокаттық, ұсталық - штампылау, престеу және басқа цехтарда қыздыру үшін, бұйымдарға технологиялық процесспен белгіленген байқау жұмыстарын жүргізу үшін; сондай-ақ кәсіпорынның технологиялық, двигательдік және басқа да өндірістік және шаруашылық мұқтаждықтарына жұмсалатын. Сатып алынған энергияның барлық түрлері. Кәсіпорынның өзі шығарған энергияның электрлік және басқа да түрлерін өндіруге, сондай-ақ сатып алынған энергияны оны тұтынатын жерге дейін трансформациялау мен беруге жұмсалатын шығындар тиісіті шығын элементіне енгізіледі; табиғи кему нормалары шегінде материалдық игіліктердің кем шығуы мен бүлінуінен болатын шығындар;

Кәсіпорын көлігімен материалдық ресурстарды жеткізіп берумен байланысты шығындар өндіріс шығындарының тиісті элементтеріне, сондай-ақ материалдық ресурстар құнына жеткізіп берушіден материалдық ресурстармен бірге алынған ыдыстың құны оның бағасына енгізілген жағдайда жеткізіп берушіденалынған материалдық ресурстардың ыдстары мен бумаларын сатып алуға жұмсаған кәсіпорынның шығындарыда енгізіледі.

Өнімнің өзіндік құнына енгізілген материалдық шығындардан қайтымды қалдықтар құны алынып тасталынады. Өндірістің қайтымды қалдықтары деп өнім өндіру процессінде пайда болған, бастапқы ресуртың тұтыну сапысын толық немесе ішінара жоғалтқан және соның салдарынан көтеріңкі шығындармен пайдаланылатын немесе негізгі мақсатқа мүлдем пайдаланбайтын шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттар, жылутаратқыштар және басқа да материалдық ресурстар түрлерінің қалдықтарын айтамыз. Өнімнің басқа түрлерін өндіру үшін толыққанды материал ретінде белгіленген технологияға сәйкес басқа цехтарға, бөлімшелерге берілетін материалдық ресурстар қалдықтары қайтарымды қалдықтарға жатпайды. Сондай-ақ жолай алынатын өнім де қалдықтарға жатпайды, олардың тізбесі өнімнің өзіндік құнын жоспарлау, есепке алу және калькуляциялау мәселелері жөніндегі салалалық әдістемелік ұсыныстар белгіленеді.

«Еңбек ақы» бабына өндіріс нәтижелері үшін жұмысшылар мен қызметшілердің сыйақыларын қоса алғанда, кәсіпорынның негізгі өндірістік қызметкерлердің жалақысын төлеуге жұмсалған шығындар, ынталандырушы және өтемділік төлемдері, сондай-ақ кәсіпорын штатында тұратын, негізгі қызметке қызметкерлердің жалақақысына жұмсалатын шығындардың құрамына мыналар енгізіледі:

- кәсіпорында қабылданған еңбек ақы төлеу жүйесімен және нысанымен, сондай-ақ жеке еңбек келісім шартына сәйкес лауазымды айлық ақысы және тарифтік мөлшерлемесі, еңбекке кесімді ақы төлеу бағасы арқылы нақты орындалған жұмысқа есептелінген жалақысы;

- ынталандыру сипатындағы төлемдер: өндірістік нәтижелер үшін берілетін сыйақылар, кәсіптік шеберлігі, еңбектегі жоғары табыстары және тағы басқа көрсеткіштері үшін төленілетін тарифтік ставкалары мен айлықақыларға қосылатын үстемақылар;

- жұмыс режимімен және еңбек жағдайларымен байланысты өтемдік сипаттағы төлемдер, оның ішінде: түнгі уақыттағы жұмыс, мерзімнен тыс жұмыс, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін, көп ауысымды режімдегі жұмыс, мамандықты қосып атқарғаны, қызмет көрсету аймақтарын кеңейткені үшін, ауыр зиянды, ерекше зиянды еңбек жағдайларындағы және т.б. жұмыстары үшін заңдарда белгіленген жағдайлары үшін тарифтік ставкалар мен айлықақыларға қосылатын үстемақылар мен қосымша ақылар;

- қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жекелеген салалардағы қызметкерлеріне тегін көрсетілетін коммуналдық қызметтердің, тамақтың, азық-түлік құны, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қызметкерлерге берілетін тегін тұрғын үйге ақы төлеу жөніндегі шығындар;

- қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тегін берілетін, тұрақты әрі жеке пайдалануында қалатын заттардың құны немесе олардың арзан бағаға сатылуына байланысты жеңілдіктер сомасы;

- қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кезекті және қосымша демалыстарғаақы төлеу, сондай-ақ мемлекеттік міндеттерді орындаумен, медициналық тексерулерден өтумен байланысты уақыттар;

- эаңдарда белгіленген жағдайларда кәсіпорындар мен ұйымдардың қайта құрылуына, қызметкерлер мен штаттардың қысқаруына байланысты жұмыстан босаған қызметкерлерге төлемдер төлеу;

- қолданлып жүрген заңдарға сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін бір мезгілдік сыйақылар төлеу;

- қолданлып жүрген заңдарға сәйкес аудандық, экологиялық коэфиценттері бойынша шөлейтті, сусуыз және биік таулы жерлердегі жұмысы үшін белгіленген коэфиценттер бойынша төлем төлеу; экологиялық қолайсыз жағдайлары бар аудандардағы үздіксіз жұмыс стажы үшін жалақыға заңдарда көзделген үстемақыларды төлеу;

- кәсіптік-техникалық училищені бітірген түлектерге және жоғары немесе арнаулы орта оқу орындарын бітіріп шыққан жас мамандарға жұмыс басталар алдында демалысқа ақы төлеу;

- кешкі және сырттай жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, сырттай аспирантура, кешкі оқу орындарында, кешкі кәсіптік-техникалық және сырттай жалпы білім беретін мектептерде ойдағыдай білім алып жүрген, сондай-ақ аспирантураға түскен жұмысшылар мен қызметшілерге берілетін оқу демалыстарына қолданылып жүрген заңдарға сәйкес ақы төлеу;

- заңдарда көзделген жағдайларға сәйкес еңбек ақысы төмен жұмыстарды атқарғаны үшін ақы төлеу; уақытша еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайда іс жүзіндегі жалақа мөлшеріне дейін заңдарда белгіленген қосымша ақылар төлеу;

- бұрынғы жұмыс орындағы қызметтік айлықақысының мөлшерін белгілі бір мерзім ішінде сақтай отырып басқа кәсіпорындар мен ұйымдардан келіп орналасқан, сондай-ақ уақытша басқа жұмысын атқарған қызметкерлерге төленетін айлықақылардағы айырмашылық;

- вахталық жұмыс кестесіне сәйкес кәсіпорынның орналасқан жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жолда жүрген күндеріүшін, сондай-ақ ауа райы жағдайына қарай және көлік ұйымдарының кінәсінен жолда кідіріп қалған күндері үшін айлықақының тарифтік ставка мөлшерінде төленетін сомасы;

- жұмысшы донорға тексеруден өткен, қан тапсырған және әрбір қан тапсырған кейін демалыс алған күндеріт үшін ақы төлеу;

- егер атқарылған жұмыс үшін есеп айырысуды тікелей кәсіпорынның өзі жүргізетін болса, кәсіпорынның штатында тұрмайтын қызметкерлерге олардың азаматтық- құқықтық сипатта жасасқан шарттары бойынша атқарған жұмыстарына ақы төлеу. Бұл орайда мердігерлік шарт бойынша жұмыс атқарғаны үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалатын қаржының мөлшері осы жұмыстардың және төлем құжаттарының сметалары негізге ала отырып белгіленеді.

«Әлеуметтiк қажеттiлiктерге аударымдар» элементi – белгiленген заңдылықтарға сәйкес мемлекеттiк сақтандыру органдарының нормаларына сәйкес мiндеттi төлемдердi аудару, зейнетақы қорына, жұмысшылардың еңбек ақысына, медициналық және жұмыспен қамту қорына аударылған шығындар.

«Негiзгi қорлардың тозуы» элементінде негізгі өндірістік қорлардың баланстық және алғашқы құнынан және белгіленген нормалары бойынша соның ішінде олардың активті бөлімінің жеделдетілген амортизациядан есептелген амортизациялық аударымдар сомасы. Бірақ негізгі құралдар бойынша амортизацияны есептеу тек қана нормативті қызмет ету мерзімі аяқталғанда, яғни негізгі құралдар өздерінің құнын өндірістік шығындарға толық ауыстырғанда ғана тоқтатылады. Сондай-ақ бұл шығындар элементінде еңбек ұжымдарына қызмет көрсететін қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына, тегін берілетін негізгі қорлардың құнынан, сонымен қатар кәсіпорындардың территориясында дәрігерлік пункт ұйымдастыру үшін, сол кәсіпорынмен медициналық ұйымдарға мүлік және үй құнынан.

«Басқа да шығындар» элементi – бұл элементте салықтар, алымдар, төлемдер (сақтандырудың мiндеттi түрлерiе байланысты) сақтандыру қорларына аударымдар және т.б. мiндеттi төлемдерге аударымдар, қоршаған ортаны ластағыш заттарды тастағаны үшiн алымдар, алған несие үшiн проценттер төлеу шығындарын, iс-сапар шығындарын, кадрларды дайындауға (оқытуға) қайта оқытуға кеткен шығындарды, қызмет көрсету үшiн төлемдер шығындарын, банктерге шығындалуын, жалгерлiк төлемдерге шығындарды, материалдық емес активтерге амортизациялық төлеу шығындарын, жөндеуге кеткен шығындарын, яғни өнiмнiң өзiндiк құнына кiретiн шығындарды сипаттайды.

 


2-тарау. Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 1425; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.127 сек.