КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Нын калькуляциялау бірлігі 2 страница
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығынды есепке алудың бөлістік әдісінің екі нұсқасы пайдаланылады: жартылай фабрикаттық және жартылай фабрикатсыз. Жартылай фабрикаттық нұсқа әрбір бөлістер бойынша есептік калькуляция жасайды және оған үстеме шығысын қосып есептейді. Жартылай фабрикатсыз нұсқасында бірінші қайта жасауға жұмсалған материалдық және еңбек шығындарына одан кейінгі қайта жасаулардан туындаған өңдеу шығындарын қосып, содан соң өнімнің өзіндік құны анықталады. Бөлістік әдісі кезінде өндірістегі шығындарды есепке алу өндіріс есебінің карточкаларында немесе әрбір қайта жасауға ашылатын ведомостарында жүргізіледі. Алғашқы шикізаттан өндірістің бір процесінде әртүлі сорттағы немесе маркадағы өнім түрі алынады, сондықтан олардың өзіндік құнын анықтау үшін түзету пайдаланады. Қарапайым, тапсырыстық және бөлістік бірлігі нің негізгі кемшілігі мынада: өнімнің нақты өзіндік құны есептік кезеңінің соңында ғана немесе тапсырыс орындалғаннан кейін анықталады, ал мұның өзі кәсіпорынның басшылығының есеп беру кезеңі ішінде өндірістегі іс жүзіндегі шығындардың жоспар бойынша белгіленген нормаларға сәйкестігін қадағалап отыруға мүмкіндік бермейді. Бұдан басқа шығындарды есепке алудың бірлігі нің барлығында бүкіл шығарылған өнімнің өзіндік құны, сол өздерінің жоспарланған кезіндегі орташа деңгейімен салыстырылады және соның нәтижесінде алынған мәліметтер бойынша жүргізілген ұйымдық - техникалық шараларға жұмсалған шығындардың шын мәніндегі деңгейін әрдайым дәл көрсете бермейді. Бұл кемшіліктерді жою үшін нормативтік әдісін қолданады, бұл кезде өнімнің бір өлшемінің және бүкіл шығарылымның өзіндік құны нормативтік өзіндік құнмен салыстырылады. Ал нормативтік өзіндік құнның жоспарлы өзіндік құннан айырмашылығы: осы кезеңде жұмыс істеп тұрған өндірістік технологиялық процестің, сондай-ақ материалдық, еңбек және басқа шығындардың прогресшіл нормаларының негізінде анықталады. Нормативтік калькуляциялауға технологияны жетілдіру және өндірісті ұйымдастыру жөніндегі ұйымдық - техникалық жоспарлы шараларын жүзеге асыру дәрежесіне қарай нормалардың өзгерістері енгізіледі. Шығындарды есепке алу былайша құрылған: шығындар нормасынан материалдық, еңбек және басқа да шығындардың ауытқуларын ескеріп, оларға тікелей өндіріс процесінде ықпал етуге бар мүмкіндігін жұмылдырады. Мысалы, кәсіпорында үш саты болады. Жоспарланғаны және нақты өндірілгені - 3000 бұйым. Бекітілген нормалар бойынша I сатыға 18000 теңгеге шикізат пен материалдар босатылды, ал шикізат өңдеу шығындары - 6000 тг, II сатыда өңдеуге жұмсалғаны - 5600 тг, III сатыда - 8000 тг. Сатылар бойынша өзіндік құны: I саты - (18000+6000) / 3000 = 8-00 II саты - 5600 / 3000 = 1-87 III саты - 8000 / 3000 = 2-66 Жиыны – 12-53
Өнімнің нақты өзіндік құны – 12 тг 53 тиын (37600 / 3000).
Сызба №1 Өндірістік шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың бөлістік әдісі бойынша сызбасы.
2.5 Шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісі Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісін негізінен жаппай өндіріспен шұғылданатын кәсіпорындар пайдаланады. Дегенмен де, оны кіші сериялық және жекелеген кәсіпорындарда пайдалануға болады. Өндірістегі шығындарды есепке алу өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау нормативтік бірлігі бойынша жұмыстардың технологиялық және нормативтік карталар жасаудан басталады. Ол карталарда материалдардың, жалақының жұмсалуы және өнім дайындауға қажетті басқа да шығындар айқындалады. Нормативтік карталар негізінде өнім бірлігінің нормативтік өзіндік құны көрсетілген нормативтік калькуляциялары бойынша жасалады. Оларды жасау кезінде қолданыста жүрген жаңа технологияны, жалақы жөніндегі уақыт пен баға нормаларын, материалдар мен сатып алынған жартылай фабрикаттардың жұмсалу нормаларын негізге ала отырып, бастапқы массасы, таза массасы, қалдықтары, материалдар мен сатып алынған жартылай фабрикаттарға қолданылып жүрген баға көрсеткіштері және өндіріске қызмет көрсету мен басқару жөніндегі шығындардың бекітілген тоқсандық сметасы ескеріледі. Нормалардың және шығындар сметаларының өзгеру тәртібін рәсімдеп, сондай-ақ кәсіпорынның мүдделі цехтары мен бөлімдерінің технологиялық процесстерін және басқа да нормалары мен сметаларын өзгерту туралы тәртібін өзгерту арқылы жүзеге асырады. Нормативтік әдіс кезінде қоймалық және таразылық - өлшеу шаруашылығын тәртіпке келтірудің, материалды сақтау және өндіріске босату, цех бойынша ғана емес, сонымен бірге өнімнің жекелеген түрлері бойынша және тұтастай алғанда судың, будың, электр энергиясын тұтынылуын анықтау үшін цехтарға есептегіштер мен құрылғыларды орнатудың маңыздылығы зор. Нормативтік әдіс кезінде әрекет етіп тұрған норма мен оның ауытқуы шығындар есебінде бөліп көрсетіледі. Бұндай шектеулер өндірісті ұйымдастыру мен технологиядағы кемшіліктерді дер кезінде жөндеуге, ресурстардың тиімсіз пайдаланылуына жол бермеуге септігін тигізеді. Нақты шығындарды нормамен салыстырғанда ресурстардың үнемделуі немесе артық жұмсалуы, нормадан ауытқуы табылады, ал ол өз кезегінде кәсәпорынның ұйымдық - техникалық жұмыстарында біршама кемшіліктердің бар екенін баяндайды. Нормадан ауытқуларға құжатталған және құжатталмаған болып келеді. Құжатталған ауытқулар алғашқы мәліметтері бойынша ашылған дабылдары жатады, сондай-ақ есептеу жолымен анықталған ауытқулар. Құжатталмаған ауытқудың жалпы сомасы мен оның құжатталған бөлігініңарасындағы айырмасынан шығады. Әдетте, олар құжатталған ауытқулардың дұрыс есептелмеуінің нәтижесінен, ақау өнімдерін шығарғаннан, нарядтарды артық жазғаннан, кем шығудан, жартылай фабрикаттардың жоғалтулары мен бұзылуынан, аяқталмаған өндірісті дұрыс бағаламауынан шығады. Егер де өндірісте құжатталмаған ауытқулар бар болса, онда ол нормативтік есептің дұрыс ұйымдастырылмағанын куәландырады. Ауытқу теріс те және оң да болуы мүмкін. Теріс ауытқулар өндіріс процессінің дұрыс ұйымдаспағандығынан туындайды. Оң ауытқулар жекелеген учаскелердің жетістіктерін баяндайды және норма шығындарын үнемдеуді жүзеге асырады. Кейде оң ауытқулар шын мәніндегі қаражаттың үнемделгендігін көрете бермейді, ол тек норманың шын арттырылған деңгейін пайдаланғандығын көрсетеді. Өндірісте материалдар қатаң белгіленген лимиттер шегінде беріледі. Материалдардың берілуін лимиттеу ай басындағы цехтарда жұмсалған материалдардың деңгейін ескере отырып, материалдардың шығынын қолданыста жүрген прогресшіл нормалардың негізінде нысаналы түрде жүзеге асырады. Материалдың жоспардан тыс босатылуына құжаттар жасау, материалдарға жедел бақылау жасау және оларды жоспардын тыс босатуға алып келген себептерін талдауды қамтамасыз ету керек. Ақауға шығарылған өнімнің орнын қалыпқа келтіру үшін қажетті материалдарды алуға ақау туралы актілер негіз болады. Онда бұйымның, бөлшектік коды, өнімнің ақауға шығарған тапсырыс нөмірі көрсетіледі. Өндірісте шикізат пен материалдардың сандық есебі жоспарлау бөлімінде, ал құндық есебі бухгалтерияда жүргізіледі. Нормалардан ауытқуларды есепке алу шикізат пен материалдарға, олардың жұмсалуын нормалауға және өндірістік процессіне байланысты ұйымдастырылады. Нормалардан ауытқуға материалдарды ауыстыру, оларды пайдалану және т.б. осы секілді факторлар әсер етеді. Материалдар шығыны бойынша нормалардан ауытқуларды анықтау үшін материалдарды құжаттау, түгелдеу және басқа да шаралар жүргізіледі. Құжаттау әдісіматериалдарды ауыстыру салдарынан туындайтын ауытқуларды, сондай-ақ жеке - дара материалдардың нормадан артық жұмсалғанын анықтау үшін пайдаланады. Жеке - дара материалдардың шығынын, сондай-ақ материалдарды ауыстырылуымен байланысты ауытқуларды арнайы құжаттармен рәсімдейді. Әрбір келіп түскен материалдар партиясын салыстырып көру әдісіөндіріске босатылған, қымбат тұратын материалдың әрбір партиясы бойынша олардың нормадан ауытқуын анықтау үшін қолданылады. Қолданып жүрген нормадан ауытқуды партиялардың шығыс нормасын шығарылған өнімнің нақты шығысымен салыстыру арқылы анықтайды. Егер де бұл аталған әдісті қолдану қиындық тудырса, онда оның орнына инвентарлық әдісті қолданады. Инвентарлық әдістематериалдардың нақты шығсын белгіленген норма шығысымен салыстыру арқылы айлық, он күндік, бес күндік, бір ауысымдық ауытқуларымен анықтайды. Материалдардың іс жүзіндегі шығынын анықтау үшін: ауысымның, бес күндіктің, он күндіктің басына немесе әр айдың бірінші жұмыс күнініе жұмсалмаған материалдарды түгелдеу жүргізеді. Ауытқуларды анықтау, есепке алу үшін кәсіпорынның жоспарлау - диспетчерлік бюросы материалдарды жұмсау картасын жүргізеді. Онда материалдар жұмсаудың ағымдық нормасы, сол материалдардан жасалған бұйымдардың саны көрсетіледі. Бұйымдардың саны жұмысшылардың жасап шығарған есеп мәліметтерінің негізінде анықталады. Есеп деректері бойынша оқтын - оқтын қолданып жүрген нормалардан материал шығындарының ауытқуы туралы цехтар есеп беріп отырады. Жалықыны ауытқулар есептелген норма мен нормадан ауытқу бойынша есекереді. Бухгалтерия есептелген жалақы сомасының жұмысшылардан алынған өнім саны мен сапасына сәйкестігін байқап отырады. Жұмыстың қалыпты жағдайларынан ауытқығаны үшін үстеме ақы төлеу өндірістік емес шығындар және жалақы қордың артық жұмсаудың басты себептерінің бірі болып табылады. Жалақы бойынша нормадан ауытқуын талдау үшін және дәл есебін шығару үшін номенклатуралық себептерін және жалақы бойынша нормадан ауытқуды, кінәлілерді табу керек. Сондықтан бухгалтерия оқтын - оқтын ауытқулары туралы, олардың себетері мен кінәлі тұлғалары көрсетілген рапорт жасап отыруы керек. Үстеме шығындарды есептеу мен тарату нақты шығынның сомасын анықтауды, әрбір баптар бойынша бекітілген сметадан ауытқуын табуды, демек, ондағы артық жұмсалатын шығындардың алдын алатын қажетті шараларды дер кезінде қабылдауды қамтамасыз етеді. Бұл үшін материалдар шығысына, штаттық кестеге және лауазымды қызметкерлердің окладына жасалған лимиттік картаның, материалдық активтердің, негізгі құралдардың нормасының негізінде ағымдағы жедел бақылауын ұйымдастырады. Кәсіпорында құндылықтарды сақтау мен есебінде, өндірісті ұйымдастыруында болған кемшіліктер және басқа да өндірістік емес сипаттағы шығыстар толығымен ашылып көрсетіледі. Өндірістік емес сипаттағы шығыстар өнімді шығарумен байланысты болса, онда олар оның өзіндік құнына қосылады, ал егер де олар өнімді шығарумен байланысты болмаса, онда олар өнім түрлерінің арасына таратылып, үстеме шығыстардың құрамында өнімнің өзінді құнына қосылады. Кәсіпорынның экономикалық қызметі тарапынан бақылау жасау материалды, энергияны, аспаптар мен керек - жарақтарды тұтынудың бекітілген нормалары мен лимиттерін; түрлі жұмыстар мен қызметтерді тұтыну мен олардың құнының белгіленген лимиттерін; басқарудың белгіленген ұйымдық құрылымын; сондай-ақ қызметтердің және қызмет көрсетуші адамдар жалақысының окладтарын қатаң сақтауды қамтамасыз етуге тиіс. Машиналар мен жабдықтарды пайдалану мен күтіп ұстауға кеткен шығындарды өнім түрлері бойынша таратады, бірақ ол кезде өнімді әзірлеу кезінде қолданған құрал-жабдықтың жұмыс істеген сағатының деңгейі, яғни өндіріске қажет болған машина/сағатының саны ескеріледі. Машиналар мен жабдықтарды пайдалану мен күтіп ұстауға кеткен шығындарды тарату кезінде сметалық ставкасын пайдалану керек, ал олар, әдетте, бұйым әзірлеу үшін қажет технология бойынша құрал – жабдықтардың жұмыс істеген машина/сағатының саны бойынша белгіленген, шығын коэфициенті бойынша, және бір машина/сағатының жоспарлы өзіндік құны бойынша есептелінеді.бұйымдарға сметалық ставкаларды есептеп шығару неғұрлым оңай: жабдықтардың жұмысымен байланысты шығындар мен механикаландырылған және механикаландырылмаған жұмыстар бойынша бөлек - бөлек алғанда, өндірістк жұмысшыларының негізгі жалақысының арақатынастарының негізінде анықталады. Машиналар мен жабдықтарды күтіп ұстау мен пайдалану жөніндегі нақты шығындар сметалық ставкалар бойынша белгіленген шығындарға тепе-тең дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс арасына бөлінеді. Үстеме шығыстардыбұйымдардың арасына тарату өндіріс жұмсышыларының негізгі жалақысының сомасына тепе-тең етіп бөледі. Ірі сериялық және жаппай өндіріс жағдайында шығындардың жиынтық есебі шығындардың калькуляциялық баптары бойынша машиналардың типтері немесе бұйымдардың біртекті топтары бойынша жүргізіледі. Басқарудың цехсыз құрылымы кезінде жиынтық есеп тұтастай кәсіпорын бойынша, ал цехтық құрылымы бар болса, онда цехтар бойынша жүзеге асырылады. Шығындардың есебін алу айдың басындағы қолданылып жүрген нормалар және сол нормалардан ауытқыған сома бойынша жеке - дара жүргізіледі. Мұның өзі ауытқудың пайда болу себептерін және оған кінәлі тұлғаларды ашуға мүмкіндік береді. Нормадан тыс ауытқулардың себептері және кінәлә тұлғалар арнайы кодтар бойынша есепке алынады. Олар өнім түрлері мен шығын баптары бойынша есепке алынады, ал олардың иесізденген жағдайында ауытқудың сомасы жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына пропорционалды жолмен нормативтік шығындар бойынша таратылады. Нормадан ауытқу әртүрлі себептер салдарынан болса, онда олардың кінәлі тұлғалары мен себептері көрсетілген дабыл қағатын құжаттарымен рәсімделеді. Сонымен қоса, ауытқулар әртүрлі өзгерістермен байланысты болады, атап айтқанда, материалдық, еңбек, энергетикатық шығыстарының көтерілуінің немесе төмендеуінің, ауыстырылуының салдарынан орын алуы мүмкін. Әдетте нормадан болатын барлық өзгерістер есеп беретін айдың бірінші күніне туралап жасалады, сондықтан олар әрекет етіп тұрған норманың енгізілген кезеңінен бастап нормативтік калькуляцияда көрініс табуы керек. Ай басына қалған аяқталмаған өндірісі ай барысындағы шығындары және шығарылған өнімге есептен шығатын шығыстары есептік айда әрекет етіп тұрған біріңғай нормасы бойынша жасалатындықтан, ағымдағы норманың өзгеруіне байланысты есептік айдың басына аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына қайта бағалау қажеттілігі туындайды. Қайта есептеудің нәтижесі норманың өзгеруімен байланысты ауытқудың сомасын құрайды. Аяқталмаған өндірісті қайта есептеу түгелдеу кезінде тікелей шоттардың мәліметтері бойынша, ал егер де түгелдеуді жүргізу мүмкін болмаған жағдайда индекстің көмегімен жасалады. Нормалардың өзгеруі осы бап бойынша аяқталмаған өндірістің қалдық сомасына нормативтік калькуляцияның жекелеген баптары бойынша есептелінеді. Нормалар есептік айдың барысында өзгеруі мүмкін, сондықтан ол нормативтік калькуляцияда көрініс таппауы мүмкін. Бұл кезде нормалардың өзгерген жағдайы хабарланып, сол өзгерістердің көшірмесімен рәсімделеді, мысалға: өндірістік бөлімінде - материалдардың шығыс нормасының өзгерісі, еңбек пен жалақы бөлімінде - жұмыстың кесімді бағасының және өнімділік нормасының өзгерісі, жоспарлау бөлімінде - үстеме шығыстарының баптарының нормасының өзгерісі. Нормалардың өзгеруі және шығыстардың жаңа нормативін белгілеу аяқталмаған өндірістің қайта бағалануына әсер етеді. Нормадан ауытқуын анықтау үшін өндіріске кеткен шығынның есеп нормасынмен де, нақты жұмсалған шығынмен де, есептеп шығарады, яғни бөліп есептеу жолымен анықтайды. Есептелген нормадан ауытқу және норманың өзгерістері өнімнің өзіндік құнына және аяқталмаған өндірістің қалдығына жатқызылады. Өнекәсіптің жаппай өндірістің сипаттағы және қысқа өндірістік циклдағы кейбір салаларында нормалардың өзгерулері мен нормалардан ауытқулар сомасы туралы өнім шығарылымының өзіндік құнына, ал аяқталмаған өндіріс нормативтік өзіндік құны бойынша толығымен жазылады. Нормалардың өзгертулері мен нормалардан ауытқулар сомасы өндіріс есебі ведомостарында көрсетілген индекстердің көмегімен тауарлы өнімді шығару мен аяқталмаған өндіріс арасында бөлінеді. Оларды нормалардың өзгерулері мен нормалардан ауытқулар сомасының калькуляциясындағы баптары бойынша бөліп алғандағы нормалар сомасына проценттік қатынасымен анықтайды. Өндірістегі шығындардың жиынтық есебі шығындардың жиынтық есебі ведомосында жүргізіледі. Біртектес бұйымдардың жекелекген түрлері немесе тобы калькуляциялау объектілері болатындықтан, біртектес өнімнің бірін немесе бірнеше түрлерін жасауға жұмсалған шығындарды есептеу үшін ведомоста осыған ұқсас шоттар ашылады. Шығарылған өнімнің нормативтік өзіндік құнын анықтау үшін біртектес өнім өндіруге жұмсалған шығындарды топтап есепке алу кезінде, бұл топқа кіретін өнімнің әрбір түрінің нормативтік құны және сол мәліметтің жиынтығы калькуляциялық баптар бойынша өндіріс есебінің ведомосына жазылады. Бұйымның бір түрі бойынша өндіріске кеткен шығындарды есептеген кезде есептік норма бойынша өндірістік есеп ведомысындағы өнім шығындарының нормативтік құны шығыстың әрбір бабының нормативін шығарылған өнімнің нақты санына көбейту арқылы алынады. Өнімнің нақты өзіндік құнын анықтаған кезде есептік айдағы ауытқуларды нормативтік өзіндік құнға қосады немесе одан ауытқуларды шегереді. Мысал, өнім бірлігінің нормативтік өзіндік құны - 140 тг, өнім – 600 дана, ағымдағы айда артық шығындалған сома – 1400 тг, үнемділік сомасы – 800 тг, ай басындағы аяқталмаған өндіріс – 100 дана, өнім бірлігінің нормативтік өзіндік құны – 142 тг. Барлық өнімнің және өнім бірлігінің нақты өзіндік құнын анықтау керек. Мұнда: 1. Нормативтік өзіндік құн – 84000 тг (140 тг х 600 дана) 2. Нормадан ауытқуы - үнемділігі – 800 тг, артықшылығы +1400 тг. 3. Норманың өзгеруі +200 тг болады, өйткені аяқталмаған өндірім ескі норма бойынша 14000 тг (140 тг х 100 дана), ал жаңа норма бойынша 14200 тг (142 тг х 100 дана). 4. Сонымен өнімнің нақты өзіндік құны: 84800 тг (84000 + 1400 – 800 + 200) болады. Өнім бірлігінің нақты өзіндік құнын есептеу үшін норманың өзгеруінің және нормадан ауытқулардың индекстерін есептеп шығару қажет.
Нормадан ауытқулар сомалары немесе норманың өзгерулер сомалары Индекс = х 100%, Нормативтік құны
Ан + Ө н
Нө.қ Белгілеулер: И(%) – нормадан ауытқу және норманың өзгеру индекстері; Ан – нормадан ауытқу сомалары; Ө н– норманың өзгеру сомалары; Нө.қ–өнімнің нормативтік өзіндік құны. 2.6 Шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығынды есепке алудың халықаралық практикада
Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 1669; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |