КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Олданылатын бірлігі
Кәсіпорынның басқарушы есебі, есептің бір бөлігі ретінде, жіктеумен, жазумен, таратумен, талдап қорытумен, ағымдағы және жорамалдаған шығындар бойынша есеп берумен байланысты жүргізіледі. Басқарушы есебі салағы, сала ішіндегі салаға, қызмет түрлеріне, кәсіпорынға лайықтап шығындарды есепке алудың және өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын есептеп шығарудың жүйелі бірлігі н талдап енгізуді көздейді. Мұнда цехтар, функционалдық бөлімшелер, жауапты адамдар, қызмет түрлері, бұйымдар, кезеңдер және басқа да көрсеткіштер бойынша шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын есептеп шығару жүзеге асырылады. Басқарушы есеп келесі кезеңдерге өнімнің өзіндік құнын, стандарттық немесе өзі қалайтын өзіндік құнды болжайды, түрлі кезеңдер ішіндегі элементтер мен баптар бойынша өзіндік құнды салыстыруды жүзеге асырады және түрлі жағдайлардағы өнімнің өзіндік құн бойынша бар нұсқауларға талдау жасап, кәсіпорынды басқару органдарына өзіндік туралы деректер береді, бұл деректер осы органдар үшін ағымдық және болашақ операцияларды бақылауды жүзеге асыру құралы болып табылады. Кәсіпорынды басқарудың екі нұсқасын кездестіруге болады. Бірінші нұсқада тек есептік функция орындалады: жауапкершілік орталығы бойынша өндіріске кеткен шығындардың есебін жүзеге асырады және өнімнің, жұмыстың қызметтің өзіндік құнын калькуляциялайды. Ал екінші нұсқада таза есептік функциямен қатар өндіріске кеткен шығындардың сметасын жасауды, сондай-ақ, норматив пен норманы әзірлеуді жүзеге асырады, яғни кәсіпорынның барлық нормативтік шаруашылығын жүргізіп, жасалаған шығындарды талдап, оларды стандартпен салыстырып, өнімнің өзіндік құнын болжайды. Бухгалтерия жұмысын осылайша ұйымдастыру кәсіпорынды басқару жүйесінің бір бөлігі болып саналады. Шетел кәсіпорындарына тап осындай нұсқа өте жиі кездеседі және ол басқарушы есеп аталады. Сөйтіп өндірістік есеп қаржылық есебін қеңейтеді және ол негізінен фирманың ішкі операцияларын жүргізу кезінде қолданылады. Бұл жерде қаржылық есеп есептік саясат аясында Халықаралық есеп стандартына сәйкес ұйымдастырылса, басқарушы есеп іс жүзінде ондай тәртіппен белгіленбейді. Халықаралық есептің тәжірибесі мынаны көрсетіп берді: кәсіпорынның әрбір саласында, сала ішіндегі саласында шығындарды есепке алуды ұйымдастырудың қалыптасқан ерекшеліктері, оның үстіне, көптеген кәсіпорындар мен фирмалардың капиталмен еркін маневр жасауына мүмкіндік беретін көпсапалы профилі бар екенін ескерген жөн, демек, өндірістік есептің қатаң тәртібін белгілеу іс жүзінде өте қиын болып табылады. Стандарт-кост жүйесі бойынша өндіріске кеткен шығындарды есепке алу. Стандарт-кост жүйесі бойынша өндіріске кеткен шығындарды есепке алудың әдісі есептің басқа жүйесінен дербес, оқшаланған болып табылмайды. Шын мәнінде, ол бөлістік, тапсырыстық, бөлшектік жай және басқа да өндіріс шығындарын есептеу және өнімнің өзіндік құнын шығару бірлігі мен ұштастыруды табуды көздейді. Негізінен алғанда, стандарт-кост жүйесі машина жасау кәсіпорындарына қолдау үшін әзірленген. Алайда бұл әдісті басқа салаларда да пайдалануға болады. Одан басқа, стандарт-кост өнімді сатудың, негізгі құралдың жөндеуіне кеткен шығынның, күрделі құрылыстың материалдық ресурстарды дайындаудың есебін ұйымдастыру кезінде пайдаланылуы мүмкін.
Кесте 4.Қаржылық және өндірістік есебін салыстыру кестесін келтіріп көрейік
Стандарт - кост жүйесінің негізгі ерекшелігі мынандай: өндіріске жұмсалатын шығындар өндіріске жұмсалмай тұрып есептелінеді. Шығындар стандартын есептеу үшін натуралдық және құндық көрсеткіштер пайдаланылады. Одан басқа, арнайы шоттарды қолдана отырып, нақты жұмсалған шығындар мен стандарттық өзіндік құнның арасындағы айырманы көрсетеді. Сөйтіп, стандарт - кост жүйесі шығындарды нормалауға болатын стандарттар нормаларын әзірлеуді, бұйымдардың стандарттық калькуляциясын жасауды және стандарттардан ауытқуларды бөліп көрсетуді, өндірістегі іс жүзіндегі шығындарды есепке алуды көздейді. Стандарт - кост жүйесі өндіріс шығындарын жедел бақылап отырудың басты құралы болып табылады. Шетел фирмаларының тәжірибесі көрсеткендей, олардың басым көпшілігі стандарт-кост жүйесін толық көлемінде пайдаланбайды: олар аяқталмаған өндірістің қалдығын бағалау үшін пайдаланбайды, бухгалтерлік есеп жүйесінде стандарттық құны бойынша калькуляциялау бірлігі калькуляцияланбайды. Көптеген фирмалар шығындар стандарттары мен стандарттық калькуляцияны шығарылған өнімнің негізгі номенклатурасы үшін ғана әзірлейді. Соның өзінде, бұл стандарттар көбіне тек натуралдық өлшемдермен ғана белгіленеді. Стандарт - кост жүйесінің жұмыс істеуі негізіне фирманың өзі белгіленген және өндіріс процесі барысында өзгеріп отыратын стандарттар топтамасы жатады.Барлық стандартты үш топқа бөлуге болады: - теориялық стандарттар – бұл кезкелген фирманың ұмтылыс жасайтын идеалы немесе жетілдірілген стандарты; - ағымдық стандарттар – стандарт белгіленген мерзіміне өндіріс шығындарының мөльшерін көрсететін стандарттар; - базистік стандарттар – өндіріс процесінде болған өзгерістерге дейін жылдан жылға өзгермейтін стандарттар. Материалдарға, энергия тарифтеріне, қызметтерге жасалған баға өзгерістері базистік стандартты өзгертпейді, ол тек қана стандарттық өзіндік құнмен нақты құнның арасындағы ауытқуды анықтайды. Шығыстарға жатқызылатын баптар бойынша фирманың келесі қызметі олардың стандартын әзірлейді: технологиялық қызметі материалдардың барлық түрлері бойынша стандартын белгілейді; жабдықтау қызметі - қызметтердің, жұмыстардың, материалдардың барлық түрлері бойынша стандарттық бағасын; өндірістік - өндірістік операциялар бойынша өнімділік стандартын; қызметкерлерге еңбек ақы төлеу қызметі - процесстер, өндірістік операциялар, мамандықтар, қызметкерлер категориясы бойынша еңбек бағасын қоюды және сағаттық мөлшерлемені жасайды. Осындай жолмен әзірленген жеке - дара стандарттар өнімнің, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнының карталарын жасауға және оларды шолып талдауға септігін тигізеді. Бұйымның картада анықталған стандарттық өзіндік құны технологиялық процессті, еңбек ақы мөлшерлемесін, қызмет пен жұмыстың, материалдардың нормасының өзгеруін, сондай-ақ өндіріс барысында жеткілікті деңгейде негізделмеген стандарттың орын алу мүмкіндігін де қарастырады. Жыл соңында әрекет етіп тұрған стандарттар толығымен қайта қаралып, қайта бекітіледі. Нормалардың қатаң сақталуын бақылауды цех қызметкерлері жүзеге асырады: мастер, техниктер, бақылаушылар. Бұл қызметкерлер өндіріс барысында ауытқулардың пайда болуын қалпына келтіреді және олардың пайда жол бермейді. Нормалаудың шын мәнінде қатаң бақыланған жағдайында және бақылау жүйесі қажет керек - жарақпен қамтамасыз етілген жағдайда стандарт-кост жүйесі ойдағыдай нәтиже. Егер де кәсіпорын ауытқудың есебін құжатталған түрде жүргізетін болып шешсе, онда бұл мақсат үшін арнайы синтетикалық шоттар енгізеді. Стандарт - кост жүйесі қолданатын жекелеген фирма шеңберінде өнімнің өзіндік құнын жоспарлаумен тығыз байланыстырады, өйткені ол өндіріс барысындағы шығындарға бақылау жасауды қамтамасыз етуге бағытталған. Директ - костинг жүйесі бойынша өндіріс шығындарын есепке алу. Соңғы жылдары индустриалды дамыған елдердің өнеркәсібінде директ - костинг деп аталатын өндіріске кеткен шығындарды есепке алу жүйесі кең тараған. Есептің бұл жүйесінде өндіріс шығындарының есебі тұрақты, айнымалы, өндіріс көлеміне пропорционалды өзгеретін шығындар болып бөлінеді. Өнімнің өзіндік құнына тек айнымалы шығындар енгізіледі. Тұрақты шығындар жеке шоттарда жинақталып, қаржылық нәтиженің шоттарымен тікелей жабылады. Директ - костинг жүйесін пайдалану идеясы біз үшін жаңалық емес. 30 - шы жылдардың басында көптеген отандық кәсіпорындар өндірілетін бұйымдарға кеткен шығындарды тек жұмсалатын материалдар, еңбек ақы төлеу және басқа тікелей шығыстар бойынша есепке алатын; үстеме шығыстар сол бұйымдарды өткізуден түскен табыстардың азаюына есептен шығарылатын. Шығындарды өндіріске толық жатқызу жүйесі мен директ-костинг жүйесінің соңғы нәтиже арасындағы негізгі айырмашылық мынау: бұл жүйеде өнімнің өзіндік құны ауыспалы шығыстар бойынша анықталады. Мұндай есептеу жүйесі тұрақты шығындардың осы есептік кезеңде дайын өнім қорымен ара қатынаста болмауына, аяқталмаған өндіріс көлемінде белгіленбеуіне әкеліп соғады. Директ - костинг жүйесіндегі кірістік есеп екі көрсеткіштен тұрады:
Өткізуден түскен табыс – Ауыспалы шығындар = Жалпы кіріс
Жалпы кіріс – Тұрақты шығындар = Таза кіріс
Сонымен, директ - костинг жүйесінің негізі стандарт - кост жүйесінде жасалған, бірақ үстеме шығыстардың ауыспалы және тұрақты болып бөлінуіне байланысты соңғы шығыстар өткізуден түскен табыстан шығарылып тасталады, демек, өнімнің өзіндік құнын қалыптастыруға қатыспайды. Директ - костинг жүйесін пайдалану белгілі қиындықтар туғызады: үстеме шығыстарды ауыспалы және тұрақты шығысқа дәлме - дәл етіп бөлу қиын; өзіндік баға шығару және баға қалыптастыру үшін өнімнің толық өзіндік құнын ешбір жүйесіз белгілеуге тура келеді. Сөйте тұра, бақылау және талдау мүмкіншіліктерін күшейтеді, өнімнің барлық түрінен түсетін жалпы кірісті жылдам анықтап, осы орайда оңтайлы шешім қабылдауға мүмкіндік туғызады.
Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 873; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |