Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Баяндауыш 1 страница




Модус

Диктум

1.1. Изучение диктума 7

1.2. Типы пропозиций 10

1.3. Событийные пропозиции 12

1.4. Логические пропозиции 18

1.5. Количественный аспект диктума 22

2.1. Изучение модуса 25

2.2. Метакатегории модуса 27

2.3. Актуализационные категории 30

2.4. Квалификативные категории 32

2.5. Социальные категории 35
Заключение 37

Приложение. Актанты. Фрагмент словаря терминов се­-

мантического синтаксиса 38

Литература 42

1.Баяндауыш туралы жалпы түсінік2.Баяндауыштың тұлғалық белгілері3.Баяндауыштың түрлері

4.Етістіктен болған дара және күрделі баяндауыштар5.Есім баяндауыштар және олардың жасалу жолдары

6.Құрама баяндауыштар,олардың жасалу жолдар

Сөйлем құрауға негіз болатын бас мүшенің бірі - баяндауыш. Бастауышқа бағынып,оның қимылын, іс-әрекетін,кім, не екенін, заттық, сындық, сандық қасиеттерін білдіріп, сөйлемдегі ойды тиянақтайтын сөйлемнің тұрлаулы мүшесін баяндауыш дейміз. Әрбір сөйлем мүшесіне тән қасиеттер бар. Баяндауышқа тән қасиеттер:

1.Баяндауыш - бастауышқа бағынышты сөйлем мүшесі.

2.Баяндауыш сөйлемдегі ойды тиянақтайды.

3.Баяндауыш бастауыштың әртүрлі қасиетін көрсетеді.

4.Баяндауыш бастауышпен жақ-жағынан, жекеше, көпше түрде байланысады.

5.Предикативтілікті білдіреді.

6.Сөйлемнің бас мүшесі.

Бастауыштың грамматикалық белгілері мыналар:

а) Баяндауыш бастауышқа қатысып, сол мүше білдіріп тұрған субъектіге тән предикативтік істі, сапаны айтады.

ә) баяндауыш мүшеге тән грамматикалық формалар бар. Олар - шақтық форма, жақтық форма, модальдық форма. Осылар қатысып сөзге баяндауыштық форма береді.

б) бұнымен қатар -дікі, -нікі, -тікі қосымшаларын жалғап иелік форма алған сөздер негізінен баяндауыш қызметінде жұмсалады: Кезек сенікі.

Қай сөздің болса да сөйлемде баяндауыш қызметінде тұруы сол сөйлемдегі субьектілік предикаттық қатынастан көрінеді. Сондықтан баяндауыштың қызметі басқа мүшелермен, әсіресе, бастауышпен қатар қойып айтқанда айқын болады. Баяндауыш қызметінде барлық сөз таптары жұмсала береді. Дегенмен өзінің семантикасы жағынан осы қызметке бейім сөз табы - етістік. Етістіктер дара тұрып, түбір күйінде көбірек баяндауыш болады. Етістіктер баяндауыштық қызметінде түбір күйінде түрлі жұрнақты, жалғаулы және түрлі көмекші сөздердің қатысы арқылы жасалады. Етістіктердің түбір күйінде келуі көбіне екінші жақтық баяндауышқа қатысты. Мысалы: Сен орыстың және дүние жүзі әдебиетінің классиктерін көп оқы (Ә.Шәріпов).Баяндауыштың жұрнақты түріне негізінде етістіктерден түрлі грамматикалық категорияларының жұмсалуы жатады.

Жіктік жалғауы ең негізгі баяндауыштық тұлға болып табылады. Жіктік жалғаулы сөздер көбіне сөйлемнің соңына келіп, арнайы баяндауыштық тұлға болады. Мысалы: Бөгемеңдер, жол беріңдер (Ғ.Мұстафин). Мен қаланы таңдана аралап шықтым.

Баяндауыш қызметінде жұмсалатын сөз таптары - есімдер. Есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы өзара бірдей емес. Ондай кезде көп жұмсалатыны - зат есімдер. Дегенмен, есімдердің бәрінің де баяндауыш болу принципі бір іспеттес. Есімдер де етістіктер сияқты түбір күйінде және түрлі жұрнақтар арқылы жасалады. М: Қаланың іші-сырты - әскер (Х.Есенжанов). Барлығы – он жеті (А.Байтұрсынов). Ауа -тұп-тұнық, тап-таза, жібектей жұмсақ (Ғ.Мұстафин). Мұндай жағдайда бастауыш пен баяндауыш бірдей айтылу керек.

Есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуында жалғаулардың да қызметі ерекше. Әсіресе,жіктік жалғауы, көптік, септік, тәуелдік жалғаулары ретіне қарай қолданыла береді. Ол жалғаулар есімдерге жалғану арқылы сөйлемнің соңында баяндауыш қызметінде мол жұмсалады. Ұлпан биыл жетіде (Б.Майлин). Екі жұмадан бері тынышпыз (Ғ.Мұстафин). Барым - бір өзің (М.Әуезов).

Баяндауыш қызметі жіктік жалғауларға тікелей байланысты болмағанмен, көбінесе баяндауыш сөзге жалғанатын қосымшаның бірі -дікі, -нікі. Бұл қосымша жалғанатын баяндауыштар басқа затқа меншіктелмейді, басқа затты өзіне тәуелді етіп, өзі меншік иесі болады. Мысалы: Киіз кімдікі болса, білек соныкі (Мақал). -нікі,-дікі қосымшасы жалғанған сөздердің баяндауыш болу амалы да оның сөйлемдегі орнымен байланысты. Солай болғандықтан мұндай тұлғадағы баяндауыштар, бастауыштардан соң тұрады, бастауышсыз айтылмайды.

Сенің ұлың менікі

Бақытты біздің жердікі

Ер өмірі күнде той

Ойқай,қызық заман ғойІ (Жамбыл).

Түркітану және қазақ тіл білімінде баяндауыштардың негізгі бір сөз болатын мәселесі - олардың түрлері. Сөз табының бәрі де баяндауыш бола алады. Дегенмен,баяндауыш қызметінде жұмсалатын негізгі сөз таптары-етістік пен есімдер тобы. Профессор М.Балақаев осы ерекшелікті ескере отырып, 1949 жылғы мектеп грамматикасы мен 1954 жылғы академиялық грамматикада баяндауышты есімді және етістікті деп берсе, 1971 жылғы еңбегінде құрама баяндауышты қоса береді. Біз де осы негізде баяндауышты мынадай басты-басты салаларға бөлеміз: 1.Етістік баяндауыштар. 2.Есім баяндауыштар. 3.Есім мен етістік түрі аралас құрама баяндауыштар.Әрбір сөйлем мүшелерінің жасалуына белгілі бір сөз таптары негіз болады. Баяндауыштардың жасалуында ең негізгі сөз табы - етістік. Олардың баяндауыш болу қабілеті өте күшті. Етістік қимылды білдіруге байланысты сөйлемді тиянақтаудың басты шарты болуы тиіс. Сондықтан қазақ тілі сөйлемдері баяндауыштарының дені - етістікті баяндауыштар. Айттым,болды. Кестім,үзілді. Тараңдар! (Ғ.Мүсірепов ) дегендегідей, олар дара күйінде баяндауыштық қызметте бір құрамды тиянақты сөйлем болып та келеді. Тереңге мені сал, биікке мені жұмса (Ғ.Мүсірепов) дегендегідей, өзіне басқа сөз таптарын ілестіре көп құрамды сөйлемнің жетекшісі болып та келеді.

Етістіктер дара күйінде бұйрық рай, шартты рай, көсемше, есімше, қимыл есімі, түрлі етіс жұрнақтары арқылы және түрлі туынды түрінде де жұмсала береді. Бірақ, осылардың ішінде жай сөйлемнің немесе құрмалас сөйлемнің басыңқы сыңарының баяндауышы, яғни тиянақты баяндаушы ретінде бұйрық рай, есімше, қимыл есімі, туынды етістіктер ғана жұмсалса, ал шартты райлы немесе көсемшелер әдеттегі жай сөйлемнің баяндаушы ретінде арнайы жұмсала алмайды. Өйткені, олар сөйлемді тиянақтау процесіне толық қатынаса алмайды. Мысалы:

-Ей,бері қара, кел, отыр, біз Жалпақ сазға барамыз (Ш.Айтматов).

Етістіктер етіс тұлғаларында да баяндауыш қызметінде жұмсалады. Өнер -білім бар жұрттар,тастан сарай салғызды (Алтынсарин).

Есімшелердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы басқа есімдердей: 1,2 жақта баяндауыштық жіктік жалғауда айтылып, етістікпен қиысып тұрады, 3 жақта жіктік жалғау жалғанбайды. Апаң келген соң, біздің үйге тұрарсың (С.Мұқанов).

Баяндауыштың екінші түрі – есім баяндауыштар. Есім сөз таптары баяндауыш болу үшін, біріншіден, олар сөйлемнің соңында келуі керек. Екіншіден, бұл сөз таптары сөйлем соңында келуі арқылы сөйлемді тиянақтау процесі нақтылы болуы керек. Үшіншіден, есімдер сөйлем соңында келіп баяндауыш болған кезінде, тұлғалық жағынан әдеттегі қолданылу ерекшеліктеріне, яғни морфологиялық өзгерісіне бұрынғы қалпымен салыстырғанда өзіндік айырмашылықтары да болады.

Баяндауыштың үшінші түрі – құрама баяндауыштар. Бұл баяндауыштың құрама деген атының өзінен мұнда әр есімнің де, етістіктің де элементтің қатысындағы негізге алынған. Әрине, құрама баяндауыштар, олардың қалыптасуы,оларды құрайтын бірінші сыңарлары мен екінші сыңарлардың өзіндік мағынасының ерекшеліктері мен бұл процестегі кейбір даму процестерін жеке-жеке сөз етуді керек етеді. Мұндай баяндауыштардың негізінен екі сыңары яғни есімді мен етістікті сыңарлары болатындығы негізгі фактор. Құрама баяндауыштардың бірінші сыңары есімдер болады да, екінші сыңары етістік делінгенмен, етістіктің ішінде тек көмекші етістіктер ғана қатыса алады. Ондай негізде көбіне е, де, ет көмекші етістіктері қатысады. Құрама баяндауыштың екінші сыңарлары лексикалық мағынаға ие бола алмайды, тек көмекшілік қызметте есімдерге шақтық мағына үстемелеу үшін ғана қолданылады. Мысалы: Орысша киінген жігіт Досанов Асқар еді (С. Мұқанов). Сонда да бәрінің көзі әлі Орынбайда еді (Н. Әбуталиев). Біз манадан бері соны әңгіме еттік (Қ. Жұмаділов). Сұлу қыз осыдан қысылып қып-қызыл болыпты (М. Әуезов). Ғұмырында шалының да, өзінің де мұндай сыйлы төрге шығып, гүлдесте құшақтағаны бірінші еді (Н. Серғалиев). Ат құйрығын кестім, бүгіннен бастап сендік емеспін (Н. Әбуталиев).

Бастауыш пен баяндауыштың қиысуы

Бастауыш пен баяндауыштың қиысуы - сөйлемді синтаксистік тұлға ретінде ұйымдастыруға қатысатын грамматикалық амалдардың бірі. Бастауыш пен баяндауыштың арасындағы жақтық үйлесу, байланысу тіл білімінде олардың қиысу деп аталады. Қиысудың мәні мынадай: бастауыш сөз қай жақта тұрса, қай жақтық тұлғада айтылса, баяндауыш сөз де соған сай жақтық форма алады. Мысалы: Мен - мұғаліммін.Сен – мұғалімсің. Сіз -мұғалімсіз. Ол - мұғалім.

Бастауыш көптік мағынадағы сөз болғанда, баяндауыш жіктік жалғаулардан көптік түрін қабылдайды.Баяндауыш жақтық формаға ие болу үшін өзіне тән жіктік жалғауды қабылдайды. Есім сөздер баяндауыш қызметінде өздеріне тән жіктеу жүйесіне сай жақтық форма алады: ол-бын, -бін, -мын, -мін, -пын, -пін, -быз, -біз, -мыз, міз т.т. жалғауларының бірін қабылдайды.

Есім баяндауыштар жіктік жалғауларын түсіріп те айтылады. Бастауыш пен баяндауыштың қатынасына бұдан нұқсан келмейді. Баяндауыштың жіктік жалғауын түсіруі сөйлеушінің коммуникативтік мақсатына сай іске асады.

Өсіңіз, жетіліңіз, тасқындаңыз,

Бірақ та биікпін деп асқынбаңыз.

Сен мықты, анау осал, мен орташа-

Бәріміз бір аспанның астындамыз!

Етістік сөздер грамматикалық тұлғасына қарай түрліше жіктеледі. Есімше тұлғасындағы баяндауыштар өзіне тән жіктелу жүйесіне сай жалғауларды қабылдап жақтық форма алып, бастауышпен қиысады.

Мен келген мін Біз келген біз

Сен келген сің Сендер келген сіңдер

Сіз келген сіз Сіздер келген сіздер

Ол келген Олар келген.

Есім, есімше сөздерге жалғанатын ІІІ жақтық жалғау жоқ.

Жедел өткен шақ, шартты рай тұлғасындағы етістіктер баяндауыш болғанда өзіне тән жіктелу үлгісіне сай қиысады.

Мен оқыды м Біз оқыды қ

Сен оқыды ң Сендер оқыды ңдар

Сіз оқыды ңыз Сіздер оқыды ңыздар

Ол оқыды Олар оқыды.

 

Мен оқыса м Біз оқыса қ

Сен оқыса ң Сендер оқыса ңдар

Сіз оқыса ңыз Сіздер оқыса ңыздар

Ол оқыса Олар оқыса.

Бастауыш пен баяндауыштың қиысуы бірнеше сипатта көрінеді. Баяндауыштың бастауышпен -бын, -бін, -мын, -мін, -пын, -пін, -быз, -біз, -мыз, -міз, -сын, -сін, -сыз, -сіз,-сындар,-сіздер жалғауларын қабылдап қиысуы бастапқы модель. Өйткені бұл жалғаулар өздерінің дамып шығуына негіз болған жіктеу есімдіктерді оңай танытып тұр. Бұны бастауыш пен баяндауыштың қиысуының бастапқа моделі деп атаймыз.

Баяндауыштардың бастауышпен –м,-қ,-ң,-ңыз,-ңдар,-ңыздар жалғауларын қадылдап қиысуын қиысудың кейінгі моделі деп атаймыз. Бұл жіктік жалғаулар даму процесінің кейінгі кезеңінде пайда болған.

Осы екі модельдің ішінде көсемше тұлға негізінде жасалған баяндауыштар үш жаққа тән арнаулы жіктік жалғауларын қабылдайды:

Мен көре мін Біз көре міз

Сен көре сің Сендер көре сіңдер

Сіз көре сіз Сіздер көре сіздер

Ол көре ді Олар көре ді.

Мен барып пын Біз барып пыз

Сен барып сың Сендер барып сыңдар

Сіз барып сыз Сіздер барып сыздар

Ол барып ты Олар барып ты

Қиысудың бұл көрінісін қамтулы қиысу деп атаймыз. Етістіктің басқа тұлғаларынан, есім сөздерден жасалған баяндауыштар ІІІ жақта жіктік жалғауын қабылдамайды.

Мен агроном мын келген мін

Сен агроном сың келген сің

Ол агроном келген

Мұндай модельді орта қиысу деп атаймыз.

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері. Анықтауыш

1.Анықтауыш туралы жалпы түсінік2.Анықтауыштың жасалу жолдары3. Анықтауыштың мағыналық түрлері4. Анықтауыштың құрамдық түрлері

Анықтауыш сөйлемдегі зат есімнен не зат есім орнына жұмсалған басқа есімдерден болған мүшелерді сындық жағынан сипаттап тұрады. Сөйлемде заттардың әр түрлі сынын, сапасын білдіретін сөздерді анықтауыш деп атайды. Олар заттың түсі, түр-тұрпаты, көлемі, салмағы, саны сияқты сапаларын білдіреді де анықтайтын сөзімен интонациялық жағынан ыңғайласып, бір ритмикалық топ құрайды. Анықтауыштар - өзіндік лексикалық та, грамматикалық та дербестігі бар бірлік ретінде тұрақталған синтаксистік категория.

Анықтауыштар бір сөзден де, бірнеше сөзден де құрала береді. Сондай құрылысына қарап, оларды дара анықтауыш, күрделі анықтауыш, үйірлі анықтауыш деп 3 топқа бөлеміз.

Түрлі сөз таптарынан жасалатын анықтауыштардың мағыналары да әр түрлі болады. Оларды мағыналарына қарай екі топқа бөлуге болады: 1) сапалық анықтауыш; 2) меншік анықтауыш.

Атрибуттық қатынаста жұмсалатын сөздердің негізгі түрі - сын есімдерден болған анықтауыштар. Сын есім өздеріне тән қасиеттерімен байланысты заттың сапалық белгілерін я тікелей, я ол заттың басқа затқа қатысы арқылы білдіреді. Сын есімнің семантикалық негізі оның сапасын білдіретіндігінен я затқа тән сапа болатындығынан көбінесе анықтауыш қызметінде жұмсалады. Демек, сын есімдерден болған анықтауыштар сөйлемде заттардың әр алуан сапасын, қасиетін білдіреді. Мысалы: Түйелердің қомынан шешілген ұзын-ұзын аппақ өре киіздер, өрнекті текеметтер кезек-кезегімен, үйме-жүйме келіп жатты. Торы атқа қайта ер салынды.Заттың сандық, өлшеулік сапасын білдіретін сан есімдер де анықтауыш қызметінде негізгі және туынды тұлғасында жұмсалады. Төртінші сыныптың жетекшісі Перизат Әлімоваға сөз берілді. Бұл бір басына он екі бай ұлы таласып жүрген қыз еді.

Анықталатын зат белгілі болып, оны басқа заттан айыра тану керек болғанда, оның алыстығын не жақындығын білдіру керек болғанда сілтеу есімдіктері анықтауыш қызметінде жұмсалады. Осы ақбөкен бір кереметтей сұлу жаратылыс-ау, кісінің көзі көріп тояттайды. Сол төрт аяқты мал үшін араздасып, қан төгуге бола ма? Есімшелер заттың қимылдық сапасы ретінде анықтауыш болады. Қалың әскер жаулаған жұртын азат етті. Өсер малда өлім жоқ. Тұқымынан тақ, басынан бақ кетпеген Жәңгір хан өз ордасында алтынды тақтың үстінде отыр екен. Есімшелердің барлық түрінің анықтауыш болу қызметі бірдей емес. Олардың ішінде анықтауыш болып жиі кездесетіні - өткен шақтық есімшелер.

Зат есімдер де анықтауыш қызмет атқарады. Заттық анықтауыштар анықтайтын сөздерімен мынадай байланыста айтылады:

1.Екі зат есім атау күйінде қатар айтылып, алдыңғысы соңғысына анықтауыш болады: темір күрек, жібек орамал. Қолындағы жібек орамалын ерекше бұлғады.

2.Екі зат есімнің алдыңғысы ілік жалғауда, соңғысы тәуелдік жалғаудың бірінде тұрып, анықтауыш болады. Жарастың бригадасы жұмысқа қызу кірісті.

Анықтауыштар мағыналық жағынан сапалық және меншікті болып екіге бөлінеді. Сапалық анықтауыштарға сын есім, сан есім, есімдік, есімше, атау тұлғалы зат есімдерден болған, анықтайтын затымен қабыса байланысқан анықтауыштар жатады. Меншік анықтауышқа ілік жалғауында айтылған, кімнің? ненің? Деген сұрақтарға жауап беретін анықтауыштар жатады. Қонақ үйде дөңгелек стол үстінде, қызғылт күңгірт сәулесі бар тас шам жанып тұр. Құнанбайдың мына жауабын айрықша ескерулеріңді сұраймын.

Анықтауыштар құрамдық ерекшелігіне қарай дара, күрделі, үйірлі болып бөлінеді. Анықтауыштардың күрделі түрі интонациялық жағынан өзара бөліп-жаруға келмейтін,лексикалық бірлік ретінде түсініледі. Олардың жасалуының бірнеше түрі бар:

1. Сапалық және қатыстық сын есімдердің тіркесінен болады: Қоңыр сақалды, кесек мұрынды Бөжей осы отырғанның бәрінен де сұлу (Әуезов)..

2. Екі сапалық сын есімдер тіркесінен болады: Қара бурыл Сүйіндік Құнанбайға тесіле қарады (Әуезов).

3. – ғы, -гі (-дағы,-дегі) тұлғасы арқылы жасалады:

-негізгі сөз бен көмекші есімнің тіркесінен: Игілік Ұлытаудан бергі елдерді аралап қайтып еді (Мүсірепов).

-есімдік пен зат есім немесе заттанған басқа сөз таптарының тіркесінен: Сол күнгі ауаның райы да әлі күнге есімнен кетпейді (Сейфуллин).

-есімше мен зат есім тіркесінен: Өткен түнгі оқиға қала халқын теңселтіп жіберді (Мүсірепов).

- күрделі сан есімдер, сан есімді анықтауышы бар зат есім сөздер тіркесінен: Жұрттың он алтыдағы баласы кісіге жалданып, я үйінде кәсіп етіп, әке-шешесін асырап отыр (Майлин).

4. Қабыса байланысқан негізгі және туынды түбір есімдер, есімшелі тіркестер басқа бір сөзді анықтайды: Сонау етекте жазыққа беттеп екі қотан қой өріп барады (Мұстафин).

5. Жалқы есімдер мен сықылды, сияқты, тәрізді, деген, дейтін тәрізді көмекші сөздердің тіркесі: Шәкір бай Кәдір сияқты кісінің Айша сияқты көк өрімдей қызын мал-жанын сала қадалып алғалы жатыр (Сейфуллин).

6. Өзара матасу, меңгеру, қабысу арқылы байланысқан предикаттық мәндегі есімшелі, есімді тіркестер өзінің субъектісі болатындай сөздердің алдында келіп, соларды анықтайды: Терезенің көзінен түскен күн сәулесі Бақыттың бетінен сүйіп, еркелетіп ойнатқандай болды (Сейфуллин).

Бірі бастауыш, бірі оның баяндауышы ыңғайында айтылған, яғни предикаттық қатынастағы сөздерден құралған анықтауыштарды үйірлі анықтауыштар деп атаймыз. Үйірлі анықтауыштар тобының құрамындағы сөздердің бірінші сыңары зат есім, жіктеу, өздік есімдіктері болады да, олар түбір күйінде не тәуелдік жалғауының көбінесе 3 - жағында айтылады. Ал олардың екінші сыңары сын есім, есімше және бар, жоқ, көп, аз деген сөздер болады: Кейде оты бар жерге ұйлығып, екейде шашырап-бытырап өз бетінше жайылып жүрген мың-мыңдаған нарлар мен айыр өркеш түйелерге ұқсап кетті. Аралық бітім айтатын адамың бар ма? Талабы жоқ бала білімнен құр қалады. Төрде көзі жасаураған кісі отыр екен.

Күрделі және үйірлі анықтауыштар дауыс ырғағы жағынан да бір ритмикалық топ болып келіп, өзара байланысқан бірнеше сөзден құралып, сол тұтас күйінде бір сөзді анықтайды.

Толықтауыш

1. Толықтауыш туралы жалпы түсінік2. Тура толықтауыш3. Жанама толықтауыш4. Жанама толықтауыштардың мағыналары

Тұрлаусыз мүшелердің ішінде сөйлемнің семантика - грамматикалық құрылымында бас мүшелерден кейінгі орынды толықтауыш мүше иеленеді. Себебі ол субъекті (бастауыш) қимылының жүзеге асуына себепші, оның әсеріне, ықпалына ұшырайтын, соған жанама да, тікелей де қатысты болып, субъект әрекетін толықтырып, нақтылай түсетін объектіні (затты, кісіні, сол мағынадағы басқа да сөздерді) білдіреді. Мысалы: Құлыншақ Абайға қарай түсіп, үлкен сары шақшасын тырнағымен сыртылдата қағып отырып, бір кезде көк бұйра насыбайын екі танауына құшырлана тартып қойды (Әуезов).

Меңгеруші (баяндауыш) сөз бен толықтауыштар арасындағы мағыналық қатынас басқа тұллаусыз мүшелер тіркесіне қарағанда біршама тығызырақ болады. Өйткені меңгеруші яки баяндауыш сөздің сөйлемдегі семантикалық мағынасы толықтауыш арқылы ғана толық ашылып, өзінің бар мүмкіндігімен айқын көрінеді. Толықтауыш пен меңгеретін сөздің арасында тығыз мағыналық байланыс болу себепті, толықтауыш іс-әрекеттің тікелей объектісі ғана емес, оның мағынасын түсіндіруші, саралаушы, нақтылаушы да болып табылады. Толықтауыштың бұл қызметтері сөйлемде арнаулы тұлғалар арқылы көрініп отырады. Толықтауыштар тура және жанама болып бөлінеді. Бұл баяндауыш қызметіндегі етістіктің семантикалық сипатына сай қай септіктегі сөзді меңгере алуына байланысты айқындалады. Сонымен бірге, толықтауыштар құрамы жағынан дара да, күрделі де болып келеді.

Мағыналық жағынан етістіктің сабақты түрінен болған іс-әрекетке тікелей байланысты болып, сонымен ғана бір тіркес құрайтын заттық - объектілік қатынастағы толықтауыш түрін тура толықтауыш деп атайды. Тура толықтауыш табыс септігінің сұрағына жауап береді. Ағашты жарды, шұлықты тоқыды, інісін ойнатты.

Басқа түркі тілдеріндегі тәрізді қазақ тіл біліміндегі тура толықтауыштар меңгерілетін сөзбен табыс септігінің ашық және жасырын тұлғасы арқылы байланысады. Қыздың көзінен сонау тұнық аспанды көрді (Алауов). Айгүл жақында ғана ауылдағы ағасынан хат алған (Мағауин).

Объектілік мағынасы өзінен-өзі айқын, яғни тарихи жағынан ертеден белгілі бір іс-әрекет, қимыл-қозғалысқа ұшырауға бейім болып қалыптасқан, ұзақ дәуір айтылу барысында арнаулы екпінді қажет етпей-ақ түсінікті болатындай дәрежеге жеткен сөздер тура толықтауыш қызметінде жалғаусыз боп қолданылады. Ал жалғаулы болып қолданылатын тура толықтауыштар, көбіне, басқа қызметте жұмсалуға бейім, бірақ әр түрлі себептермен (лексикалық, грмматикалық, семантикалық) объектілік қызметке ауысқан сөздер. Бұдан шығатын қорытынды- тура толықтауыштың жалғаусыз болуы- алғашқы сөздердің өте ерте дәуірде ешбір жалғаусыз, түбір күйінде келіп тіркескенін ғалымдар жоққа шығармайды, ал жалғаулы түрі - кейін пайда болған құбылыстар. Болат пен кірпіштерді өріп қалап, төбесі айнамен шатырланбақ (Әбілев).




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 5556; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.057 сек.