Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Баяндауыш 8 страница. Да, де, та, те жалғаулығы келгенде, ол әрбір бірыңғай мүшеден




Да, де, та, те жалғаулығы келгенде, ол әрбір бірыңғай мүшеден

 

кейін қайталанып отырады, мыс.: Ол әлгі әнді де, бұлбұл үнін де, қараңғы түнде қалқыған қалың орманның баяу сыбдырын да түн-шықтыра алмайды (Полевой).

Мен жалғаулығы зат есімдер мен соның орнына жұмсалған есім сөздерден болған бірыңғай мүшелерді байланыстырады. Ал, және жалғаулығы бірыңғай мүше атаулының барлығын дерлік жалғасты-ра береді. Басқаша айтқанда, оның қолданылу өрісі кең. Әрі, да, де, та, те, және, менен жалғаулықтары бірыңғай мүшелер арасында қолданылады да, олардың өз ара тең екендігін білдіреді: Айдос п е-нен Сатыбалды үйге кірді. Мен кітапты стол үстінен алдым д а, жолдасыма бердім.

Қарсылықты жалғаулықтар: бірақ, дегенмен, әйтсе де, сонда да, алайда./Бұл жалғаулықтар бірыңғай мүшелер мен сөйлемдердің соңғысы алдыңғысына қарсы қойыла айтылғанда қолданылады. мыс.: Ол Асқарға қайта-қайта қарады, бірақ тани алмады (Мұқанов). Ол алғыр бала, б і р а қ еріншек. Жақып сол қырды таң атқанша іздеді, бірақ таппады (Мұстафин). Дала аласа, бірақ тығыз бетегемен жайнаған. Ән арқаның қоңыр желіндей жай жылжып, бірақ кең жайылып барады (Әуезов).

Қарсылықты жалғаулықтар құрмалас сөйлем аясында да кең түрде қолданылады.

Талғаулықты жалғаулықтар: я, не, не болмаса, немесе, әлде. Бұл жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің бірі болмаса, бірі болатынын екшеп, талғап көреетеді. Болмаса олардың кезектесш, бірінен кейін бірінің болатынын білдіреді, мыс.: Әрине, бұл бір күннің н е бір ай-дың жұмысы емес (Мүқанов).

Бұлардан басқа тілімізде біресе, бірде, кейде жалғаулықтары да бар. Олар бірыңғай мүшелермен бірге қайталап келіп отырады да, кезектестік мәнін береді, мыс.: Өздерінің бауыры, ағасы, ыстық досы, жандай жақын кәдірлісі болған Әбіштің бұлардан сондайлық алабөтен өзгешеліктеріне кейде кешіріммен, кейде қызығу, мақтанумен, шексіз қошемет құрметпен де қарасады (Әуезов). Толқын біресе жарды с ү з і п, б і р е с е қайтып бұрқанып жатыр екен. Ботакөз біресе көлге, біресе айнаға қарап, көлдің толқынына еліктегендей толқынды бұйра қара шашын бұрынғыдан да жиі желпе түсті (Мұқанов). Мейлі, құй жалғаулықтары бейтарап мәнді білдіреді. Бірыңғай мүшелер сөйлемнің шеңберін кеңіткені болмаса, оның сыпатын өзгерте алмайды. Басқаша айтқанда, олар қаншалықты мол болғанымен, жай сөйлемді құрмаласқа айналдыра, күрделендіре алмайды. Жай сөйлем сол қалпында қалады.

 

Баяндауыштың бірыңғай бастауышпен жақтасуы

 

Бірыңғай бастауыш әр түрлі жақта тұрса, яғни бірінші, екінші, үшінші жақта тұрса, баяндауыш бірінші жақта тұрған сөзбен көпше түрде қиысып айтылады. Ең соңғы бірыңғай мүшеден кейін жал-пылауыш сөз қосылады. М е н, с е н, О с п а н ү ш е у м і з кітап магазиніне барамыз.

Сөйлемде бірыңғай екі бастауыш болып, бірі бірінші жақта, бірі екінші жақта келсе, баяндауыш оның бірінші жағымен көпше түрде жақтасады, мыс.: М е н, с е н екеуіміз бүгін катокке б а ра м ы з.

М е н, с е н е к е у м і з ертең мектепке ерте баруға т и і с п і з.

Бірыңғай бастауыштың бірі бірінші жақта, екіншісі үшінші жақта болса, баяндауыш бірінші жақта көпше түрде қиысады, мыс.: Мен,

 

Омар екеуіміз келесі жылы институтқа түсеміз. Бірыңғай екі бастауыштың біреуі екінші жақта, екіншісі үшінші жақта тұрса, ба-яндауыш онымен екінші жақта көпше түрде қиысады. Өйткені жал-пылауыш сөз екінші жақта тұрады, мыс: Сен, Асан екеуің бүгін ма-ған келіңдер!

Бірыңғай бірнеше бастауыш кісі аттары болғанда, олардың ең соңғысына ғана көптік жалғауы жалғанады, мыс.: Абай, Көкбай, Шұбарлар өзгелерден озыңқырап оңаша әңгімелесіп барады. Абай, Біржан, Е р б о л, Әйгерімдер тысқа шығып, оларды. аттандырып жатыр (Әуезов).

Бірыңғай бастауыштар біркелкі синтаксистік қызмет атқарады, белгілі бір баяндауышқа біркелкі қатынаста тұрады. Олардың кейде морфологиялық тұлғасы да бірдей болады. Бірыңғай бастауыштар өздеріне бағынышты сөз ерткен күрделі болып та келеді.

Бірыңғай бастауыштардың соңғысының сөйлем құраудағы син-таксистік қызметі басым, салмақты болады. Етістіктен болған бірың-ғай баяндауыштар қимылдың үдетпелігін, мезгілдестігін білдіреді. Ондай баяндауыштар тұлғалық жағынан да алуан түрлі болып келеді. Алдыңғылары есімше, көсемшелі тұлғаларда да жиі тұрады.

Бірыңғай баяндауыштарда көмекші етістік оларға жалпы болуы мүмкін. Олар негізгі баяндауыштармен бірге қайта-қайта қайталап отырмайды. Бірыңғай баяндауыштар біркелкі жіктік жалғауын қа-былдап тұрады. Бірыңғай мүшелер морфологиялық тұлғалануы жа-ғынан да алуан түрлі. Тұлғалаушы морфологиялық элементті олар-дың кейде әрқайсысы жеке-жеке, кейде ең соңғысы ғана қабылдауы мүмкін. Жеке-жеке қабылдауы оларға логикалық екпіннің түсуіне байланысты.

Бірыңғай толықтауыштар тұлғалану жағынан екі түрлі болады. Олардың әрқайсысы өзіне тән септік жалғауларын қабылдап тұрады. Кейде септік жалғауын олардың ең соңғысы ғана жалғайды. Алдың- ғылары жалғаусыз тұрады.

Мен (бен, пен) жалғаулығы бірыңғай толықтауыштардың ең соң-ғысына ғана жалғанады.

Бірыңғай анықтауыштар сөйлемдегі бір зат есімді әр жағынан анықтайды. Ал, бірін-бірі анықтап барып тобымен зат есімді анық-тайтын анықтауыштар бірыңғай болмайды. Оларды сатылы анықтауыштар десе де болар еді. Бірыңғай анықтауыштар мағына жағынан да, тұлға жағынан да ұқсас, жақын болады.

Бірыңғай пысықтауыштар да жиі кездеседі. Олар, көбінесе, үс-теулер мен көсемшелерден жасалады. Олар да интонация және жал-ғаулықтар арқылы байланысады.

Бірыңғай мүшелер жалаң, күрделі болып та екі топқа бөлінеді.

 

Бірыңғай мүшелі сөйлемдегі жалпылауыш сөздер

 

Сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің алдында, не соңында жалпы-лауыш сөздер тұрады. Жаллылауыш сөз бірыңғай мүшелердің мағынасын жинақтап көрсетеді және сол бірыңғай мүшелердің орнына жүре алады. Бірыңғай мүшелер қандай тұлғада тұрып, қандай сұрақ-қа жауап берсе, жалпылауыш сөз де, көбінесе, сондай тұлғада тұрып, сондай сұраққа жауап береді. Кейде оның сұрауы да, тұлғасы да бірыңғай мүшелерден өзгеше болады. Жалпылауыш сөздер мағына жағынан бірыңғай мушелермен салыстырғанда анағұрлым кең. Жалмылауыш сөздер де дара, күрделі күйінде кездесе береді. Жалпылауыш сөз қызметін атқаратындар: сілтеу және жалпылау есімдіктері, сан

 

есімдер, қыстырма мәнді сөздер, көптік жалғаулы етістіктер, мыс.: Оның маңына топталған көркемөнер талапкерлері: әнші, биші, гармоншы, домбырашы, мандалинші (Мұстафин). Алатау, Үлкен Алматы өзені, Есік көлі, Талғар биігі, Іле бойлары сияқты Жеті-судың тамаша табиғат, жаратылыс байлықтары Потанинді қатты қызықтырады («Пионер» жур.). Ертіс өзенінің бойындағы қалалар мыналар: Омск, Павлодар, Семей, Өскемен (Әуезов). Жүрт тарай бастаганда, Михаил, Айдынғали, Жақсылық үшеуі оңаша қалған еді (Сланов).

Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшені жинақтап, жалпыластырып көрсетеді. Жалпылауыш сөз ретінде қолданылатындар: бәрі, барлы-ғы, ешкім, басқалары, әрқашан, ешқайда, ешбір жерде т. б. Бұл есімдіктер беретін мағынасы жағынан да жалпылауыштар. Ол қазақ тіл білімінде жалпылау есімдіктері деп аталады: Раушанның өкіл болып болысқа баруы, қалаға баруы, ауылдық кеңес ағасы болып сайлануыосының бәрі де Сәкеннің ризашылығымен болған жұмыс емес (Майлин).

Жалпылауыш сөз қызметінде сияқты сөзі де айтылып қалады, мыс.: Пушкин, Гоголь, Толстой, Чехов, Горький сияқты жазу-шылардың аты дүние жүзіне әйгілі (газет.). Сондай-ақ жалпылауыш сөз ролінде тәрізді, сықылды, сынды есімдері де жиі қолданылады.

 

ОҚШАУ СӨЗДЕР

Оқшау сөздер туралы жалпы түсінік

 

Сөйлем арқылы ойды білдіруде, сөйтіп, бес түрлі мүше қатысатын болды. Бірақ сөйлем — жалаң коммуникативтік акт емес, ол психологиялық-экспрессивтік те акт. Сөйлем белгілерінің бірі — модальдык мәнді білдіруі, яғни сөйлеушінің айтылған ойға әр алуан қатынасын (күмәнданатындығын, разы екендігін, тамашалайтын-дығын, таңырқайтындығын, қуанатындығын т. б.) қоса білдіруі. Мұндай модальдық реңктерді беру жолдары түрліше. Солардың бірі — сөйлем мүшелеріне жатпайтын басқа сөздермен білдіру, ол сөздер қ ы с т ы р м а, о д а ғ а й л а р болады. Сондай-ақ сөйлеуші айтып отырғанына назар аударту мақсатын да көздей алады, ол үшін де сөйлем мүшелерінен тыс басқа сөздерді — қаратпаларды қолданады. Сол сияқты сөйлеуші айтып отырған ойының желісінде жол-жөнекей бір нәрселерді ескерте кету, айқындай түсу мақсатын да қоюы мүмкін. Ол үшін сөйлем мүшелерінен тыс элементтерді — ескертпе лерді пайдаланады. Осылардың барлығы, яғни қыстырмалар, қаратпалар, одағайлар, ескертпелер, белгілі бес түрлі. сейлем мүшесінің ешқайсысына жатпайды, өйткені олар сөйлем мүшелерінің сұрақтарына жауап бермейді. Егер жасалған сөз табы мен тұлғасына қарай қыстырма сөздердің кейбіреулеріне сұрақ қоюға болатын болса да (мысалы, меніңше — к і м ш е? қ ысқасы — қ а л а й? сөйтіп — қ а й т і п?), ол сұрақтар бұл қыстырмаларға сөйлемнің белгілі бір мүшесімен байланысты қойылмайды, жалпы сөйлемге, айтылған ойға қойылады. Сондықтан қыстырмаларды, қаратпаларды, одағайларды, ескертпелерді сөйлем мүшелерінен бөлек алып, оқшау сөздер деп атаймыз, «Оқшау сөз» деген термин шартты, өйткені сөйлем мү-шелерінен оқшау тұратын элементтер жалғыз Дара сөздер ғана емес, сөз тіркестері де, сөйлемдер де болып келеді. Сондықтан оларды жалпы атағанда қаратпалар, қыстырмалар, о д а ғ а й л а р, ескертпелер деген қолайлы болады.

 

Оқшау сөздер — сөйлем ішінде басы артық, «жолдан ілесе сал-ған» элементтер емес, «оларды алып тастағаннан сөйлемге ешқандай нұқсан келмейді» деген мектеп грамматикаларының түсіндірмесі ғылми тұрғыдан алғанда дұрыс емес. Оқшау элементтер сөйлем құ-рауға қатысып, оның басты белгілерінің бірі — модальдықты білді-реді.

Қазақ тілінде оқшау сөздер, әдетте, үш топқа бөлініп қаралып жүр: қ ы с т ы р м а сөздер, қ а р а т п а сөздер, о д а ғ а й л а р. Мағынасы мен атқаратын қызметіне қарағанда, одағайлардың бірқатары қыстырмаларға, бірқатары қаратпаларға қосылып кетеді. Орыс тілінің академиялық грамматикасында с ө з-с ө й л е м деп та-нылған конструкцияларды да (амандасқанда, қоштасқанда, алғыс айтқанда, мақұлдағанда, мақұлдамағанда айтылатын, көбінесе қа-лыптасқан амансыз ба, есенсіз бе, хош, рахмет, я, жоқ, қой т. б. сиякты сөздер мен сөйлемдерді) біз оқшау элементтер ретінде қараймыз.

 

ҚЫСТЫРМА СӨЗДЕР

Жалпы мәлімет

 

Сөйлеуші өз ойын білдіргенде, бір нәрсенің жайын құр баяндап қоймай, оған өзінің қатынасын қоса білдіруі мүмкін. Ол қатынас әр қилы болады: сөйдеуші өз айтқанына күмәнданатындығын немесе сенетіндігін білдіре алады, немесе айтқан ойына байланысты өкіні-шін, ренішін, қуанышын, қуаттайтындығын қоса айтуы мүмкін, сон-дай-ақ ол ойды қорыта айтатындығын немесе оның кімнің тарапы-нан екендігін де білдіре кете алады. Қысқасы, сөйлемге осы сияқты сан алуан мағыналық реңктерді синтаксистік жолмен беру үшін қыстырма элементтер пайдаланылады. Бірақ бұл элементтер сөйлем-нің белгілі бес мүшесінің ешбіреуіне де жатпайды, олармен белгілі синтаксистік тәсілдердің (қиысу, меңгеру, жанасу, қабысу) ешқайсы-сы арқылы байланыспайды, сондықтан сөйлем мүшелерінің бірде-бір сұрағына жауап бермейді. Бірақ қыстырмалар не сөйлемде айтылған тұтас ойға, не оның белгілі бір мүшесіне қатысты болады, сондықтан олар да, сөйлем мүшелері сияқты, айтылатын ойды білдіруге қатысатын қажетті, мәнді элементтер болып саналады.

Сөйтіп, қыстырмалар деп сөйлеушінің айтылған ойға әр алуан қатынасын білдіретін сөйлем мүшелерімен синтаксистік белгілі тәсілдермен байланыспайтын жеке сөздерді, сөз тіркестерін және сөйлемдерді айтамыз.

Қыстырмалар жеке сөздер ретінде де (мыс: ә рине, рас, бірінші-, ден, сірә), сөз тіркестері ретінде де (қорыта келгенде, бір жағынан, өкінішке орай), тіпті жеке сөйлем ретінде де келе береді.

Қыстырма элементтердің қазақ әдеби тілінде қолданылып, белгілі бір жүйеге келуі — тіліміздің совет дәуірінде дамуына, орыс тілі-лің әсеріне де байланысты. Әсіресе, саяси-публицистикалық және ғылми-педагогикалық әдебиетті орыс тілінен аудару үстінде қыс-тырма сөздер мен сөз тіркестерінің жаңа түрлері пайда болып, қалыптасты. Олардың көпшілігі таза калькалар: бақытымызға қарай (к счастью), сөз жоқ (безусловно, бесспорно), қорыта айтқанда (короче говоря) т. б.

Қыстырмалар, әдетте, орын талғамайды, дегенмен қыстырмалар, көбінесе, сөйлемнің басында не соңында келеді, сондай-ақ олардың сөйлем ортасында кездесуі (әсіресе өлеңдерде) ешбір заңдылықты бұзбайды. Сөйлем ішінде келген қыстырмалар басқа сөздерден үтір арқылы ажыратылады.

 

Қыстырма сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарына




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 1378; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.