Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Баяндауыш 4 страница. 4) Мына төмендегідей сөздер тіркесі -лы аффиксі қосылу арқылы күрделі анықтауыш қызметінде жұмсалады:




4) Мына төмендегідей сөздер тіркесі -лы аффиксі қосылу арқылы күрделі анықтауыш қызметінде жұмсалады:

Екі зат есім тіркесі: Қиял бірден бірге көшіп... «жүлдыз к ө з д і, ай м а ң д а й л ы» сұлуға келіп тірелді (Сейфуллин). Сан есім мен зат есімдер тіркесі: Солардың ішінде де он б е с-ж и ы р м а қ о й л ы, о т ы з- қ ы р ы қ қойлы әлсіздерге барды (Әуезов);

5) Мынадай сөздер тіркесі қосымшасыз қатар тұру арқылы күр-делі анықтауыш болады: екі сын есімдер тіркесі... Көк шолақ ат күректің тықырымен Егеубайды танып, жжем іздеп оқыранып қойды (Майлин). Сын есім мен зат есім тіркесі: ...қара қыл шылбыры жұпыны көрінгенімен бәрі бір-біріне үйлесімді еді (Сейфуллин). Есімше мен туынды сын есім тіркесі: Асқақтаған т а у с ы з, мұнартқан ормансыз... шөл даладан бұл жерге келген Асқар рақаттанып қалды (Мұқанов). Екі зат есім тіркесі: Қамыс құлақ ат мініп қолына бүркіт қондырып кәрі аңшы ауға шықты. Алайда мұндай тіркестер қазіргі әдеби тілімізде соншалық мол емес. Сан есім мен зат есім тіркесі: Кәдірдікі мал сойып... бес ауыл агайынның басты-бастыларын шақырып, жаңбыр алдында дәм татқызып, бата қылдырып тарқатты (Сейфуллин);

6) Күрделі анықтауыштардың қазіргі әдеби тілімізде кең тараған түрі — есімшелі тіркестер. Күрделі анықтауыш қызметінде жұмсал-ған есімшелі тіркес компоненттері өз ара меңгеру, қабысу арқылы байланысып келеді. Мысалдар: Кішкене қолы тырбиып, уысына

с ы й ғ а н бір-екі шөпті, сырғауылды сындырғандай қылып сындырады, Терезенің к ө з і н е н т ү с к е н күн сәулесі Бақыттың бетінен сүйіп, еркелетіп ойнатқандай болады... Сыздық шын с ү й і с к е н жүректен айрылды (Майлин). Күн батып бара жатқан кезде күйеулер о т ы р ғ ан үйден үш-төрт жігіт шығып, қ ы з-к е л і н ш е к о т ы р ғ ан үйге қарай жүрді (Сейфуллин). Күрделі анықтауыш қызметіндегі есімшелі тіркестер кейде күрделі құрамды, жайылыңқы да болып келеді: Ана Кәдірдің үлкен баласы С о н а б а й д ы ң ү й і н і ң с ы р т ы н д а жолдастарымен о т ы р ғ а н төрт-бес кісісол Боранбайдың баласы. (Сейфуллин). Мұндай күрделі тіркестер құрамындағы сөздер қаншалық көп болғанмен, бәрі де не сатылай келіп, немесе тікелей тіркестің соңғы басыңқы компоненті есімшеге қатысты болып, соның мән-мағынасын әр түрлі жақтан айқындап, саралап тұрады. Жоғарғы сөйлемдегі Сонабайдың үйінің сыртында жолдастарымен отырған дейтін анықтауыштың шумақты басыңқы компонент — есімшеге қатысы тұрғысынан екі топқа бөлуге болар еді: Сонабайдың үйінің сыртында отырған, жолдастарымен отырған. Сөйлем құрамында осы шумақ тағы да одан әрі күрделене түскен: Ана Кәдірдің үлкен баласы. Бірақ соңғы тіркес есімшеге қа-тысты емес, шумақтың құрамындағы Сонабайдың сөзіне қатысты, соның анықтауышы болып тұр. Сөйтіп, күрделі анықтауыштардың құрамы кейде соншалық кең, аумақты да болып отырады. Дегенмен, мұндай жайылыңңы күрделі анықтауыштар өзі ішінде қатысты сөзі-нің ыңғайына қарай жіктеліп тұрады. Ондай топтардың бірі мағына лық жағынан да, грамматикалық жағынан да басыңқы, ал екіншісі қай жағынан да бағыныңқы топ болады. Жоғарғы сөйлем құрамын-дағы күрделі анықтауыш та сондай: Ана Кәдірдің үлкен баласы — бағыныңқы топ та, Сонабайдың үйінің сыртында жолдастары-мен отырған — басыңқы топ;

7) Күрделі анықтауыштар жалқы есімдер мен сықылды, сияқты. тәрізді, дегвн, дейтін тәрізді көмекші сөздердің тіркесінен де жасалады: Қатыны өлген, үйінде жетім баласы бар, бетін шешек жеген, қисық қара сақалды Шәкір бай атақты, мықты адамдар қыздарын отыз шақты қараға бере қоймайтын болған соң бөтен елге келіп, К ә д і р с и я қ т ы кісінің А йш а с и я қ т ы көк өрімдей қызын мал-жанын сала қадалып алгалы жатыр...

76

Міне, Боранбайдың Шәкірі біреу-ден Кәдір дегеннің А й ш а д е г е н тал шыбықтай бұралып отырған қызы бар дегенді естіп келіп, әлгі жөнмен екі күннен бері Бименде байдың Қоржынбай деген «дәвернәй» кісісін салып, Кәдірдің өзімен, үлкен балаларымен және Кәдірдің ағайындарымен сөйлесіп келісіп отыр (Сейфуллин). Сияқты, сықылды, тәрізді, деген сөздерінің мұндай тіркес құрамын-дағы қызметі — өзінен бұрын тұрған жалқы есімді кейінгі есімнен болған мүшемен атрибуттық қатынасқа түсіру. Сөйтіп, бұлар мұндай реттерде сөз бен сөзді байланыстырушы аффикстің қызметін атқарады. Күрделі анықтауыштардың бұл тобының алдыңғы топтардан ерекшелігі де осында. Күрделі анықтауыштың басқа топтарының мән-мағынасы бір-бірімен байланысқа түскен негізгі сөздердің лексикалық жағынан ұласуынан қалыптасатыны белгілі. Ал, мына топтың мағынасы ондай күрделі емес, негізгі сөз — жалқы есім де, екінші компонент грамматикалық байланыс тәсілі дәрежесінде ғана.

Үйірлі анықтауыштар деп аталатын синтаксистік топ өзінің мүм-кіндігіне қарай сөйлем құрамына ұқсас болады: Төменде жалғыз қа-бат төселген сәкі, басқа жасталмай қабырғада ілулі тұрған қ ынама бел шинельдер, фуражкалар, мойынға асатын былғары сумкалар, іргеде тұрған радиола, стол үстінде қатарынан жанған үш шырақ, жалпы вагон ішіндегі кеңістік — мұнда командирлер келе жатқанын аңғартады (Аханов). Осы мысалдағы курсивпен берілген анықтау-ыштық топтардың қайсысы да өз ішінде жіктеліп, сөйлем мүщелерінің қызметіне ұқсас мәнде жұмсалған. Төменде жалғыз қабат төселген (сәкі) тобын баяндауыш (төселген) және пысықтауыш (төменде, жалғыз қабат) мүшелерге ажыратып қарауға да болар еді. Бірақ мұндай синтаксистік топтар сөйлем құрамындағы бір сөзге ғана қатысты болып, сонымен бір ритмикалық топта айтылып, бір ғана сөздің қызметін атқарады.

Анықтауыштар жасалу жолдары мен байланыс тәсілдеріне қарай

қ а б ы с а байланысқан анықтауыштар (немесе сапалық анық-тауыштар) және м а т а с а байланысқан анықтауыштар (немесе меншік анықтауыштар) дейтін топтарға бөлінеді. Анықтауыштардың мұндай түрлері осы қызметте жұмсалатын сөздер мен олардың мағынасынан сөз тіркестері құрамында пайда болады. Анықтауыштык қатынастағы сөз тіркестері жоғарыда айтылғандықтан, соларды қайталамау үшін бұл арада анықтауыштар түрлерін санап қана өтеміз.

Қабыса байланысқан анықтауыштар

 

Өзі қатысты сөзбен қабыса байланысып, анықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер — сын есімдер мен сан есімдер, етістіктің есімге ұқсас түрлері (есімше және қимыл есімдері), зат есімдер және есім-діктер.

Сын есімдерден жасалған анықтауыштар. Сын есімдер есімнен болған мүшеге қатысты болып, көбінесе, анықтауыш қызметінде жұмсалады. Сын есімдердің заттың сапалық және қатыстық сындарын білдіруі негізгі мәні екендігі мәлім. Олай болса, олардың анықтауыш болуы — негізгі синтаксистік қызметі деп қаралуға тиіс.

Сан есімдерден болған анықтауыштар. Сан есімдердің негізгі мәні заттың сандық, мөлшерлік шамасын білдіру болып табылады, Сөйлем құрамында сан есімдер өздерінің тура мәнінде жұмсалып, өзі қатысты заттың мөлшерін, немесе анық санын, ретін білдіреді:

С е г і з ағаңның бары рас еді, жұт жылы кетіп еді («Ертегілер»). Ат-сойылы, дайын отырған Бөкенші тобынан жүз жігітті ж ү з боз атқа мінгізіп... аттандырды.

Абай осы кезде «арбаға отырайық» деп екі әйелге қолымен белгі етті (Әуезов). Б і р і н ш і хатым Володяға жазылды (Мүсірепов).

Есімдіктерден болған анықтауыштар. Есімдіктердің барлық топтары бірдей анықтауыштық қызметте жұмсалуға икем емес. Жіктеу етістіктері түбір күйінде есімнен болған мүшемен қабыса байланыса алмайтыны мәлім. Сөйлем құрамында есім мүшеге қатысты болып, анықтауыш қызметінде жұмсалатындар — сілтеу, өздік есімдіктері мен кейбір сұрау, белгісіздік, жалпылауыш есімдіктері:

Қыстыгүні жаман-жәутік, арық-тұрағымызбен ә р б і р сайға бұқпалап, папалап тіршілік етеміз (Әуезов). Совет жерінің ө з иесі келіп, күн санап іргесін бекіте түсіп жатыр (Мүсірепов). Жігіт кезінде де бұл мінезін өзгертпей, сынықтан сылтау тауып талай қазацты ұрған (Мұқанов).

Н е ш е ұя қырман шаптыңдар? (Әуезов).

Есімшелерден болған анықтауыштар. Есімшелер мен әр түрлі қи-мыл есімдері де сөйлемнің анықтауыш қызметінде жұмсалады. Есім-шелер мен қимыл есімдері — қимылды, процесті білдіретін сөздер. Анықтауыштардың басқа түрлері (есімдерден болған анықтауыш-тар) есім мүшені әр түрлі сын-сапалық, мөлшерлік, т. б. жағынан ғана анықтайды:

Осы жолы да сөйтіп қиялға мүлгіп келе жатқанда, жолдасының о қ ы с шыққан даусынан селк ете қалды (Әлімқұлов). Елеусіздің сыйласатын да, сырласатын да дос-жараны бар (Әлімқұлов). ...Жаяу и т е р г е н қол арбалар, сапырылысқан адам, мал лек-легімен кетіп барады (Ахтанов). Содан бері оған шақырайған күн, сақылдаған аяз болса да, сөйлеушінің жалаңбас түруы парыз сияқты еді (Мұстафин)...

Зат есімдерден болған анықтауыштар. Зат есімдер біріне-бірі ір-гелес орналасып, алдыңғысы соңғысына анықтауыш болып жұмса-лады. Ағаш үй, кірпіш үй, ер бала тәрізді зат есімдер тіркесінің алдыңғы компоненті анықтауыш қызметінде жұмсалса, соңғысы анықтайтын сөз болады. Сөйлем құрамында мұндай тіркестердің соңғы компоненті басқа мүше (бастауыш, толықтауыш) қызметін атқарады да, алдыңғы компонент соңғының мағынасын конкреттеуші анықтауыш болады.

Матаса байланысқан анықтауыштар

 

Анықтауыштардың екінші бір үлкен тобы — матаса байланысқан анықтауыштар. Бұндай анықтауыштар ілік септікте тұрады да, анық-талатын сөз тәуелдік жалғаудың III жағында болады: оның інісі, Асанның үйі, адамның үлкені, сиырдың сүті, қойдың семізі, т.6.

Ілік жалғауында тұрып, анықталатын сөзбен матаса байланыса-тындар зат есімдер мен есімдіктер, заттанған басқа сөз таптары: Төс-тік шешесінің қолын босатып жіберді («Ертегілер»). Б і з д і ң партиямыз... көп уақыттан бері... реакцияшыл т о п т а р д ы ң... әрекеттеріне қарсы күрес жүргізіп келеді (газеттен). Б і з д і ң азығымыз өзімізге жеткілікті және дәмді де азық... (Мұқанов).

Кейде мұндай анықтауыштар ілік жалғаусыз да қолданылады.

Ондай жағдайда сөздің ілік септікте тұрғандығы тағы да анықта-латын сөздің тұлғасы арқылы белгілі болады. Кеңсе, мекеме аттары-ның құрамында, немесе күрделі атаулар құрамында ілік жалғаудың түсіріліп айтылуы қазіргі қазақ тілінде нормаға айналып бара жа-тыр. Қазақ мемлекеттік университеті, облыстық ауылшаруашы-лығы басқармасы, студенттер үйірмесі, т. б. Бірақ осындай сөздердің барлығы бірдей ыңғайлы жерде ілік жалғаусыз айтыла бермейді.

 

Әр түрлі лексика-грамматикалық заңдылықтарға сәйкес олар мынадай реттерде ілік жалғаулы болып, сөйлем құрамында анықтауыш қызметін атқарады.

1. Анықтауыш пен анықталатын сөз арасына басқа бір сөз түсіп айтылады: Көп б ө л м е н і ң әрбір есігін ашып, басын сұғып жүріп осы бөлмені зорға тапқан-ды (Әуезов). Т е ң і з д і ң өкпек суық дем алысын бақайшағына дейін сезініп, бар денең түршігіп қояды (Мүсірепов). Осы сөйлемдер құрамындағы бөлменің, теңіздің анықтауыштарын ілік жалғауынсыз айтып, — бөлме әрбір есігін ашып, теңіз өкпек суық демалысын деп айтуға сірә болмайды, сөздер арасындағы грамматикалық байланыс жүйесі бұзылып, мағынасыздыққа соғады.

2. Жіктеу, сілтеу есімдіктері, сол сияқты заттанған басқа да сөз-дер анықтауыш қызметінде жұмсалса, ілік жалғаулы болып қана ай-тылады. Мұндай мінезі б і р е у і м і з д і ң қарабасымызға арнаулы сөзі болып келгенде байқалатын еді (Мүсірепов)... Ал, тек үй оңаша, кең болғанмен, м е н і ң жолым тар ғой. «Өмірде қадір тұтар замандасымның бірі боларсын» деп байлады (Әуезов). Бекіністі қорғауға қалған он шақты солдат автоматтарын бізге қалдырып, бұдан былай хабарсыз кеткендердің тізіміне қосылатын болды (Мүсірепов).

Анықтауыш қызметінде кісі аты — жалқы есімдер жұмсалса, олар да ілік жалғаулы болып қолданылады: С а л т а н а т т ы ң, ал-тынды, шолпысы бірде жіңішке шыңғыр салып, бірде сылдырай түседі (Әуезов).

Мұндай сөздердің ілік жалғаулы болып қолданылуы сөздердің синтаксистік қызметін саралау заңдылығынан туса керек. Өзінің бас-тапқы қызметі анықтауыштың емес жіктеу есімдіктері ілік жалғау-лы болмаса, анықтауыш ретінде үғынылмас та еді. Сол сияқты, зат-тың мәні жок, сан есімдер мен сын есімдер т. б. сөздер ілік жалғауы арқылы заттық мән алып, матаса байланысу мүмкіндігіне ие болады.

3. Алдынан сілтеу есімдігінен, сан есім, сын есім, есімшелерден жасалған басқа бір анықтауыштар айтылса, матаса байланысқан анықтауыштар ілік жалғаулы болып қолданылады: Абай... құла жи-рен аттың ері мойнына кетіп, шоқтығынан асып құларман бол-ған қалпына қарамады... Жуынған с ұ л у д ы ң қос шынтағы. шашын көтеріп бүлкілдегендей (Әуезов). Үлкен бір кітаптың бетін ашты да, сол күйінде тастап майданға кетті (Мүсірепов).

Егер анықтауыш қызметінде жұмсалған сөз тәуелдік жалғаулы болса, ілік жалғауы түсірілмейді: К ө б і н і ң жүзі ақшыл не қыз-ғылт, сарғыш (Әуезов). Қазіргі әдеби тілімізде ілік жалғаудың жасырын түрінде келген сөз бен тәуелдіктің үшінші жағындағы сөздер тіркесі аса көп қолданылатыны белгілі. Мұндай тіркестер құрамындағы компоненттердің мағыналық қатынастары да көп түрлі. Олар бірде этникалық атаулар (қазақ халқы, қазақ баласы) болса, бірде жер-су аттары (Арал теңізі, Балқаш көлі), бірде заттың арналған ісі, мақсатын білдіруі мүмкін (балалар бақшасы, мұғалім-дер бөлмесі, шөп машинасы). Ондай тіркестердің бірінші сыңары, сонымен қатар, заттың тәндігін, ортақтастығын, жалпылығын да (құс ұясы, колхоз малы, оқушылар комитеті, пионерлер отряды), немесе мезгіл-мерзімдік мән де (қыс күні, 1964 жылы) беруі мүмкін. Кейде мұндай тіркестің компоненттері өз ара бір-біріне балама болып, метафоралық ыңғайда да келуі мүмкін (сенсің жан ләззәті, сенсің жан шәрбәті). Алайда, мұндай тіркестер сөйлем құрамында қолданылғанда, олардың компоненттері бір-бірінен дара тұрған сөйлем мүшелері ретінде үғынылмайды. Бір-бірімен тығыз лекси-калық және грамматикалық қатынаста болудың салдарынан

 

бір ғана күрделі мүше болып ұғынылады, мыс: Түнде, ел орынға отыра, отарба К ө к ш е т а у қаласына келді. Бетіне ай с ә у л е- с і нұрын төгіп, төсектен жібек шашы салбырайды, (Сейфуллин). Осы сөйлемдер құрамындағы Көкшетау қаласына, ай сәулесі дейтін тіркестердің алдыңғы сыңарын анықтауыш, соңғы сыңарларын анықталушы мүшелер (пысықтауыш, бастауыш) деп талдауға келмейді. Бүкіл тіркес бір ғана күрделі мүше ретінде ғана жұмсалған. Сондықтан, мұндай тіркестер (компоненттері өз ара атрибуттың қатынаста болса да) күрделі мүшелер деп қаралады.

 

Айқындауыш муше

 

Тілімізде өзінен бұрын айтылған мүшені басқа сөзбен айқындап түсіндіретін тұлғалар да жиі кездеседі. Мұндай сөздер айқындауыш (мүше деп аталады, мыс.: Біздерге, қарттарга, жастар сияқты өмір сүруге тура келеді (Островский). Абай барлық айналадағы кең дүниеге, әсіресе, мынау өзі тұрған сахара, өлке белдеріне, соншалық бір туысқандық ы с т ы қ сезіммен қарайды. Абай былтыр боқырауда, күзем үстінде, қалаға оқуға кеткенде дәл о с ы қ о н ы с т ан, Есенбайдан, кеткен болатын (Әуезов).

Бірінші, екінші жақ есімдіктен болған бастауышты түсіндіретін айқындауыш мүше ғана онымен қиыспайды. Бұдан басқа жағдайда айқындауыш мүше өзі түсіндіретін сөзімен қиысып айтылады.

Сонымен белгілі сөйлемдік тізбектегі өзінен бұрынғы мүшені анықтап, түсіндіріп тұрған сөзді айқындауыш мүше деп атаймыз. Айқындауыш мүше, көбінесе, есім сөздерден жасалады. Айқындауыш мүше өзінен кейінгі сөзбен кәдімгі, қалыпты мүше-лердей-ақ байланысады.

Айқындауышты анықтауыштың ерекше бір түрі деп қараймыз. Бірақ оның анықтауыштан кейбір елеулі ерекшеліктері де бар. Анықтауыш өзі анықтайтын сөзінен бұрын тұрса, айқындауыш онан кеиін, соң тұрады. Айқындауыш өзі анықтайтын, түсіндіретін сөзінің мағынасын далелдейді нактылап, ерекшелей көрсетеді.

Айқындауыштың айтылу интонациясы жағынан болсын, айқын-дайтын сөзімен байланысуы жағынан болсын қалыпты анықтауыш-тардан елеулі ерекшелігі бар. Оның айқындауыш деп аталуы да со-ған байланысты. Айқындауыш сөйлемдегі басқа сөздерден интонация арқылы бөлініп айтылады, сөйлем ішінде мағыналық; дербестікке и болады.

Айқындауыш заттың, нәрсенің елеулі ерекшелігін, назар ауда-рарлық белгісін, сыртқ көрінісін, ішкі дүниесін, әлеуметтік орнын көрсетеді,

Айқындауыш сөйлем мүшелерінің қай-қайсысына болса да тән болып, соған бағынып айтыла береді. Айқындауыш мүше ерекше ек-пінмең, айырықша үнмен айтылады да, сөйлемнің басқа мүшеле-рінен оқшауланып, оңашаланып тұрады. Ол басқа сөйлем мүшелері-нен пау за арқылы жекеленіп, бөлініп айтылады. Айқындауыш сөйлемге қосымша, үстеме мағына береді. Ол мағына, көбінесе, бағыныңқы сөйлем мәнімен, мазмұнымен тең, барабар түседі.

Айқындауыштың кейбір өзіндік белгілері мен ерекшелігі де болады, олар мыналар:

а) Сөйлемдегі сөздердің дағдылы, қалыпты тәртібі онда болмайды. Анықтауыш анықталушыдан кейін, толықтауыш баяндауыштан кейін келеді;

ә) Айқыңдауыштың өзіне тән, өз маңына топтанып үйірілетіи сөздері болады.

 

Айқындауыш сөйлемнің басқа мүшелерінен үтір, сызықша, қос нүкте, жақша арқылы бөлініп жазылады.

Мысалдар: Олардың бірісары сақал, арық, бозөз ойының жүйріктігін көрсетуге тырысады. Ахмет ағай, а ш, жалаңаш, арық, ауылға қарай кетіп бара жатты («Соц. Қаз.» газеті).

Айқындауыш жалпылау мәнді сөзден кейін келеді: Біз, жасы үлкендер, бұл туралы ойлануымыз керек (газеттен).

Айқындауыш мүшенің алдында соның ішінде, яғни, басқаша айтқанда, мәселен, яки сияқты т. б. сөздер айтылған ойды нақтылай, дәлдей түсетін сөздер келеді: Бәрі де, с о н ы ң іш і н д е, шешем де бұл жағдайға қатты өкінді. Ең жақын адамым, басқаша а й т- қ а н д а, әкем де, менің бұл қылығымды ұнатпады (газеттен).

Осыдан кейін мен Көлқайнарғаөзімнің туған жерімебару-ға қаймығатын болдым. Той жұмыс біткен кезде, я ғ н и январь-дың басында, болуға тиіс.

Бойынша, қарай, қарсы, сай, сәйкес, сияқты т. б. сөздер айқын-дауыштық тіркес құрамында жиі қолданылады: Абай, шешелеріне берген уәдесі бойынша, Бөжей ауылына баруға асығып жүр еді (Әуезов). Олар, қарлығаш балапандары, с и я қ т ы, мойнын соза берді (газеттен).

Айқындауыш өзі анықтайтын сөзіне жаңадан ат береді. Ол анықталушыны кәсібі, мамандығы, жасы, атағы, ұлты т. б. жағынан айқындайды: Менің әкем хирург-дәрігерлердің съезіне қатысты.

С т у д е н т-қ а з а қ т а р орыс тілін зейін қоя табандылықпен үйренуде. К о л х о з ш ы-ш о п а н д а р өз міндеттеріне барынша жауапты қарауда («Соц. Қаз.»).

Айқындауыш жалқы есімнен де, жалпы есімнен де жасала береді: Комсомол Асқаров Калинин атындағы стипендия алады. Пионер Тыныбаев Алғырбай сабақты үздік оқиды («Л. жас» газ.).

Орыс тіліндегі айқындауыш қазақ тіліне аударылғанда, ондағы сөз табы сол қалпында сақтала бермейді. Басқаша айтқанда, орыс тілінде айқындауыш зат есімнен жасалса, ол қазақ тіліне аударыл-ғанда да зат есім күйінде берілуі шарт емес. Оның мағынасы ғана дәл, дұрыс берілсе жеткілікті.

Айқындауыш сөйлемнің барлық мүшесін де айқындай береді, мыс: Отарбай, жас мұғалім, сабақты жақсы өткізуге тырысты. Бұл мысалға айқындауыш бастауышты айқындап, оның мағынасын екінші жағынан дәлдеп тұр.

Сіздерге, алдыңғы қатарлы малшыларға, жалынды сәлем! Алма-тыға, бізді күтіп отырған жолдастарға, келу қандай қуанышты! Осындағы бірінші сөйлемде айқындауыш толықтауышты айқындап тұрса, екіншісінде ол пысықтауышты айқындап тұр.

Орыс тілінде сөйлемнің баяндауышын айқындайтын кездері де жиі кездеседі: АлматыҚазақстанның астанасы, әкімшілік орта-лығы.

Орыс тілінде товарищ Иванов, академик Петров, профессор Нико-лаев деген сөз тіркестеріндегі кісі фамилиялары айқындауыш. Олар қазақ тіліне аударылғанда орны ауысып қолданылуы мүмкін: Ива-нов жолдас, Петров академик, Николаев профессор. Мұнда да фами-лиялар — айқындауыш та, жолдас, академик, профессор — анықта-лушы сөздер.

Айқындауышты арнайы сөз ету — сөйлем мүшелеріне тән біраз заңдылықты ашуға себепші болады, сонымен бірге, ол тыныс белгілеріне байланысты мәселені біраз реттеуге де пайдалы.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 1529; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.059 сек.