Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Баяндауыш 5 страница. Айқындауыш анықтауышты айқындағанда онымен предикаттық




Айқындауыш анықтауышты айқындағанда онымен предикаттық

 

байланыста тұрады. Біраң айқындауыштың предикаттығы сөйлем шеңберінде екінші орында болады. Бұл жағынан бірінші орында сөйлемнің баяндауышы тұрады.

Айқындауыш құрылысына қарай жай және күрделі болып екі топқа бөлінеді.

Айқындауыштың сөз тіркесінде салмақты, басым элемент грам-матикалық қатынасты білдіреді, оған бағынышты сөз негізгі лексикалық мағынада айтылады. Ол лексикалық мағынасы жағынан бірінші элемент болса, грамматикалық жағынан олай емес. Грамма –тикалық мағына жағынан бірінші элемент көмекші сөз болып табылады.

Қазіргі қазақ әдеби тілінде жай, жалаң айқындауышқа қарағанда, оның күрделі түрі анағұрлым жиі, басым қолданылады. Оның се-бебі айқындауыштың күрделі түрі айтылмақ ойды дәл және жан-жақты көрсетеді: Біздер, коммунист партиясының мүшелері, пар -тияның XXIII съезінің қарарларын іске асыруда алдыңғы қатарда болайық. Коммунистік партияның туы астында біздер ұлы мақсатқа қарай, елімізде коммунизмнің толық жеңуіне қарай, мықты сеніммен алға баса береміз («Соц. Қаз.» газ.).

Кейде бірнеше айқындауыш қатар, жарысып келе береді. Оларды бірыңғай, кейде сатылы айқындауыштар деуге болады. Мысалы: Ба-ласы, дәл әкесіне тартқан, бірақ одан сәл аласалау, өз орнынан атып тұрды.

Айқындауыш өзі айқындайтын мүшемен берік байланысады. Яғни, айқындалатын мүше қай септік жалғауында тұрса, айқындауыш та сол септікте тұрады. Айқындалатын мүшемен ол жекеше, көпше тұлғада да жақтасады, қиысады.

Айқындауыш мүшелер құрылысына қарай өз ара үш топқа жік-теледі: 1.Қ о с а л қ ы айкындауыш; 2. Қ о с а р л ы айқындауыш;

3. О ң а ш а л а ң ғ а н айқындауш.

Қосалқы айқындауыш зат есімнің қосымша сыны ретінде қолда-нылады. Олар анықтауыштардай анықтайтын сөзбен тікелей, тығыз байланысты болмайды. Тек анықталатын сөздің қосымша сапасын көрсетеді. Солай болғандықтан да, оның орны анықтауыштардай берік болмайды. Оларды анықталатын сөздің артынан алдына шығарғаннан сөйлем мағынасы ешбір өзгермейді: Құрманғазы күйші, Әсет ақын, Біржан сал, Асқар мұғалім.

Қосалқы айқындауыш сөйлемде анықтайтын сөзімен қосылып барып, бір-ак, күрделі мүшенің қызметін атқарады. Олар сөйлемнің келесі мүшесімен айқындауыш арқылы байланысады. Басқаша айт-қанда, грамматикалық қосымшалар соған ғана жалғанады, мыс: Бұл үйде Сара бар ма, келсін бері, Іздеген келіп тұрмын Біржан сері

(«Біржан-Сара»). Оң жағында Мырзаш бригадир, сол жағында ¥лбосын комсомолка-бригадир (Ерубаев). Әйел-ана барлық қиын- дықты жеңетін сарқылмайтын күш, көзді бұлақ емес пе? (Мүсірепов). Жақия ақсақалмен дойбы ойнайын деп едім (Иманжанов).

Қосалқы айқындауыштар қызметін қ алқам, қарағым, шырағым, жаным, сұлу, батыр, мырза, мерген, ұста сияқты сөздер атқарады. Олар өзі анықтайтын сөзімен бірігіп барып, сөйлемнің күрделі бір-ақ мүшесінің қызметін атқарады: Сейдехан болыс Құрбан ұстаны эуле-тімен осы Шеңгелдіге асырып көшірген (Тоқмағамбетов). Төлеген мырза Қыз Жібекті көрді (фольк.).

Қосарлы айқындауыш деп анықтайтын сөзінен кейін қосақталып тұрып, тіркесе келіп, оның мән-мазмұнын дәлдеп, нақтылай түсіндіріп тұратын сөзді айтамыз, мыс.: а у ы л а д а м ы бұл үйді хата-лаборатория деп атайды. (Иманжанов). Оңтүстік жақтағы үлкен барактағы кабинетте стулде, алып-шахта құрылысының началънигі Шектібай отыр (Ерубаев).

 

Сондай-ақ қосарлы айқындауыш болатын тағы біраз сөздер бар. Олар мыналар: инженер-технолог, батыр-ұшқыш, ұшқыш-космонавт, телефон-автомат, Алматы-бірінші т. б. Қосарланған осындай айқындауыштар қазақ тілінің өзіне тән байырғы категориясы емес. Соңғы кезде, өміріміздің, техниканың қарыштап дамуына байланысты орыс тілінің әсері арқылы пайда болған құбылыс. Ол қазір қазак, әдеби тілінің нормасына айналып, одан берік орын теуіп келеді. Бұл — болашағы мол құбылыс. Мұндай айқындауыш мүшелер өзі анықтайтын сөзінен сызықша арқылы бөлініп жазылады.

Оңашаланған айқындауыш деп өзі қатысты сөзден кейін тұрып ерекше дауыс ырғағымен, өзгеше екпінмен айтылатын сөзді айтамыз. Ол анықтайтын сөзінің мағынасын дәлдеп, нақтылай түсіндіріп тұрады. Олар өзінен бұрынғы, кейінгі мүшелерден ерекше әуен арқылы бөлініп айтылса, жазуда алды-артынан үтір арқылы бөлініп, оңашаланып жазылады. Не алдынан сызықша, соңынан үтір қойылады.

Оңашаланған мүше белгілі бір ұғымды көтере көрсетіп, оған ой екпінін сала айту керек болғанда, сол сөзден кейін іле-шала келеді, мыс.: Апрелъдің жиырмалары кездерінде, қызыл жұмыртқа, мей-рамының кездерінде, жау жағымен бірінші рет кездестік. Олар, Чапаевшылар, Чапаевпен істес болғандығы үшін, өздерін бақытты деп санайды. (Фурманов).

Оңашаланған айқындауыштар өзі айқындайтын сөзімен тұлғалас, мағына жағынан әуендес, қарайлас болып келеді.

Оңашаланған мүше сөйлемдегі басқа сөздерден екпін арқылы бө-лініп айтылады. Сонымен бірге ол басқа мүшелерден дауыс кідірісі арқылы ажыратылады. Айқындауыш мүшеде сөйлемдегі белгілі сөз-дің қосымша, үстеме мағынасы болады, мыс.: Мен саған өзімше, ко-чегарша, айтайын (Горький). Өзім ұшырған қыраныма, Нұрланыма, жұрт жапқан жалаға мен де сеніп жүр деп қалып па ең (Әбішев).

Оңашаланған айқындауыш қазақ тілінде бұрыннан бар. Ол соңғы кезде, тіпті, молайып кетті. Қазаң тіліне орыс тілінің игілікті әсері осы категориядан да анық көрінеді.

Сөйлем мүшелерінің оңашалануы тілімізде бұрыннан бар. Олар көне түркі жазуларында да жиі кездеседі: Бән сизима кадашыма сизә огланым... «Мен сіздерге, менің жолдастарыма, сіздерге, менің ұлдарыма...» Эшимэ сизэ эшимә.:. «Менің достарыма, сіздерге, менің достарыма...» Мұнда қадашыма, эшимэ сөздері оңашаланып тұр. Бұл оңашаланған мүшенің түркі тілдерінде өте ертеден бар құбылыс екендігін көрсетеді.

Сөйлем мүшелерінің оңашалануы қазақ тілінде де бұрыннан бар. Оны біз оңашаланған айқындауыштың революциядан бұрын басы-лып шыққан нұсқаларда жиі кездесетіндігінен де анық көреміз.

Оңашаланған айқындауыш бағыныңқы сөйлемге азды-көпті ұқ-сайды. Сол себепті, оны орыс тілін зерттеуші ғалымдар А. X. Восто- ков, И. И. Давыдов, Ф. И. Буслаев ықшамдалған бағыныңқы сөилем деп атаған. Осындай көзқарастың айтылуын — түркі тілін зерттеуші ғалымдар тарапынан да байқаймыз. Мысалы, М. Курбангалиев пен X. Хисматуллин нің 1953 жылы басылып шыққан татар ті лінің грамм атикасын да оңашаланған айқындауыш осылай анықталады. Оңашаланған аиқындауыш онда ықщамдалған, к,ысқарған бағыныңқы сөйлем деп қаралады. Бірақ оңашаланған аиқындауыш бағыныңқы сөйлемге ұқсағанымен, онымен бірдей, тең емес. Бағыныңқы сөйлемнің өзіне тән дербес бастауышы болады. Ал, бастауыш оңашаланған айқындауышта болмайды. Оның өзі сол сөйлемнің негізгі бастауышына бағынады.

 

Оңашаланған айқындауыш өзі құрамына енген сөйлемнің бастауышына тән болып айтылады.

Айқындауышты анықтаудың, зерттеп, оның өзіндік белгілерін ашудың грамматиканың басқа мәселесіне де берері мол. Оның сөйлем мүшелері мен тыныс белгілерін зерттеп, айқындауға да келтірер пайдасы зор.

Айқындауыш мүше тіліміздің стилистикалық мүмкіндігінің қа-рыштай дамығандығын көрсететін аса өнімді, жемісті категория.

 

Пысықтауыш

 

Көбінесе сөйлем баяндауышына қатысты айтылатын мүшенің бірі — пысықтауыш. Мән-мағынасы тұрғысынан пысықтауыштар анықтауышпен астасып, орайласып жатады, мыс.: сондықтан к е ң і - р е к жайға орналасу керек... Бұл қарт өзге ойаз адамдарынан қазақ ішін ж а қ с ы-а қ біледі (Әуезов). Бұл сөйлемдер құрамын -дағы бірыңғай тұлғалас кеңірек, жақсы-ақ сын есімдері лексикалық мән-мағынасы тұрғысынан орайлас, яғни екеуі де сын-сапаны білдіреді. Бірақ олардың грамматикалық мәндері әсте бірдей емес. Өйткені алдыңғы сөйлемдегі кеңірек сын есімі жай зат есіміне қатысты болып, заттың сынын білдірсе, соңғы сөйлем құрамындағы жақсырақ сөзі етістіктен болған мүшеге қатысты болып, қимыл әрекеттің сынын білдіріп тұр. Сөйтіп, анықтауыш зат сынын білдіріп, есімнен болған мүшеге қатысты айтылады да, пысықтауыш қимыл-әрекет сынын білдіріп, етістіктен болған мүшеге қатысты айтылады.

Пысықтауыштар өздері қатысты мүшені (көбіне етістік баяндау-ыштың) мекен, мезгіл жағынан және де істің істелу амалы, себебі мен мақсаты жағынан пысықтайды.

Әдетте, пысықтауыштар етістік баяндауышқа байланысып, соны пысықтайды деп айтылғанмен, баяндауыш есімнен болғанда оған да қатысты айтылатын кездері болады, мыс.: Бүгін бұл жастар ұлы майданның а л д ы ң ғ ы қ а т а р ы н д а (Бұлқышев). Екеуі ә з і р -ш е өткелсіз е кі ж ағ ад а... К е ш е урядник осы хабарды әкелген екен, бүгін ел іші шапқын. Б иы л Ашысудың толқыны м о л, жайылымы кең көрінеді {Әуезов). Пысықтауыштар есімнен болған баяндауыштардың барлығымен бірдей байланыса бермейді. Көбінесе қимыл-процестік мәні бар сөздерден болған, немесе жатыс жалғаулы есімді тіркестен жасалған есім баяндауыштар ғана пысық-тауыштарды өзіне бағындыра алады. Екінші жағынан, пысықтауыш мүшелердің барлығы бірдей есім баяндауышына қатысты айтыла бермейді. Мезгіл үстеулері мен мезгіл мәнді есімдерден жасалған мезгіл пысықтауыштар ғана жоғарыда келтірілген мысалдардағыдай есім баяндауышпен байланыста қолданылады. Пысықтауыштардың басқа түрлерінің есім баяндауышқа қатысты айтылуы кездеспейді деуге болады.

Кейде пысыңтауыш сөйлем баяндауышына тікелей қатысты бол-май, өз ара бірі екіншісіне қатысты айтылу арқылы баяндауышпен сатылай байланысады, мыс.: Татар байлары Хамитов, Неғматул-лин, Тухфатуллиндер магазиніне с ә л уақытқа... бас сұғып шыққан еді (Әуезов). Бұл сөйлемдегі сәл уақытқа пысықтауышы бас сүғып дейтін екінші пысықтауыш мүшеге қатысты айтылып барып сөйлем баяндауышымен байланысқан.

Пысықтауыш мүшенің тағы бір ерекшелігі — ол пысықталатын мүшемен сондайлық тығыз байланысты бола бермейді. Логикалық екпін өзіне түскен жағдайда ғана пысықтауыш өзі айқындайтын етіс-тік баяндауыштың нақ алдында тұрады да, қалған реттерде бірде

арасына сөз салып, сөйлемнің орта шенінде, бірде сөйлемнің бас ше-нінде, тіпті бастауыштан бұрын да келе береді, мыс.: Мұрат мектепке к е ш е барды. Мұрат к е ш е мектепке барды. К е ш е мектепке Мұрат барды. Осы сөйлемдер құрамындағыдай пысық-тауыштың орнын ауыстырып айта беруге болады. Бір ғана рет логикалық екпін кеше сөзіне түскенде, баяндауыштың тікелей алдында келген. Қалғандарының бәрінде де логикалық екпін пысықтауышқа түспей, басқа сөздерге түскен, соның салдарынан оның орыны да әр қилы өзгере берген. Пысықтауыштардың мұндай «еркіндігі», әрине, сөздің стильдік қолданылу заңдылықтарымен ұштасып, инверсия заңдылығын туғызады. Екінші жағынан, бұл ерекшелік пысықтауыштың өзі пысықтайтын сөзбен байланысының бір шама әлсіздігін, көбіне, грамматикалықтан гөрі мағыналық жағынан ғана ұласып жататындығын дәлелдейді. Сөйлем құрамында бірыңғай пысықтауыштардың жұмсалуы да белгілі бір мағыналық ізбен келеді. Алдымен жалпы, кең мағыналы сөз айтылады да, содан кейін сол мағынаны дәлдейтін, туралайтын, саралайтын сөз қолда-нылады, мыс.: Қ и ы р жайлаудан итарқасы қияннан... «балам абақтыда сарғайып жатыр, аман-жаманын біліп бер» деп кәрі шешесі мені жұмсады (Әуезов).

Пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөз таптары да әркелкі. Грамматикалық табиғаты мен лексикалық мағынасы жағынан пы-сықтауыш болатын сөздер — үстеулер. Үстеулердің осы қасиеті ең алдымен кейде оларды «сынның сыны» деп айқындауға да негіз болып жүргені мәлім. Сонымен қатар пысықтауыш қызметінде зат есімдер, сын есімдер, сан есімдер, етістіктің есімше, көсемше, шартты рай тұлғалары, еліктеуіш сөздер мен көмекші сөзді тіркестер, тағы басқалар да жұмсала алады.

Соңғы жылдарда ағайын ауқымында Абайдың ірілеп келе жатқа-нының бір белгісі осындайда көрінетін (Әуезов). Шыңар базар-лыққа алып бара жатқан бөлек-салағын буып-түйіп болған еді (Әлімқұлов). О с ы кешт е Абай істеген сый-құрметке, жақсы ретке олардың өздерінің де көздері ә б д е н жетті (Әуезов). Екеуі қайнаған с у ғ а қ а р а й жүгірді (Әлімқұлов). Салқында кісі сусынды шайқап ішеді, ыстықта аңсап ішеді (Мұстафин). С е к- с е н д е қайта жасарттың, Жастармен бірге мені де (Жамбыл). Мына б о р а н д а қашып құтылғылары келеді (Мүсірепов).

Үстеуден басқа сөз таптарының пысықтауыш қызметінде жұмса-луы, көбінесе, синтаксистік қоршауға, қандай грамматикалық тұлға-да келуіне, сонымен қатар, кейде сөздің лексикалық мағынасының ерекшелігіне байланысты болып отырады. Көсемше етістіктердің пысықтауыш қызметінде жұмсалуы олардың етістік баяндауыштың алдында келіп, субъекті әрекетінің болу, істелу тәсілін, т. б. білдіруіне байланысты. Егер оны сөйлем баяндауышының орнына қойса, онда ол баяндауыш болып ұғынылар еді. Өйткені оның грамматикалық табиғаты соған бейім. Сол сияқты, сын есімдердің пысықтауыш болуы да оның етістік баяндауышқа қатысты айтылуына байланысты. Ал, жеке күйінде пысықтауыштық мәні жоқ зат есімдердің бұл қызметте жұмсалуы қандай грамматикалық тұлғада (септік жалғауларында) келуіне және олардың лексикалық мағынасына бағынышты болып отырады. Мысалы, қ алам, дәптер тәрізді конкретті зат есімдер қандай грамматикалық тұлғада қолданылып, қандай сөзге қатысты айтылса да пысықтауыштық мәнге ие бола алмайды.

Онан соң, осы айтылып отырған сөз таптарының әрқайыссы (әри-не, үстеуден басқалары) пысықтауыштың барлық түрлерін жасай ал-майды. Олардың әрқайыссы өздерінің лексика-грамматикалық мағы-наларына сәйкес пысықтауыш мүшелердің белгілі бір түрлерін ғана

 

жасай алады. Мысалы, көсемшелер амал пысықтауыш және мақсат пысықтауыш мүше бола алады. Ал, пысықтауыштың басқа турлері-нің қызметінде көсемшелердің қолданылуы аса сирек кездесетін құбылыс. Сол сияқты, сын есімдер мезгіл, амал пысықтауыш қыз-меттерінде қолданылғанмен, басқа ыңғайда көп байқала қоймайды, т. б.

Пысықтауыштардың мұндай жасалу жолдары көп реттерде, әсі-ресе, есім сөз таптары ыңғайында толықтауыштың жасалу жолдары-мен астасып жатады. Сол себептен де қазақ тіл білімінде пысықтау-ыштар мен жанама толықтауыштардың ара жігін айыру мәселесі ұзақ айтыс туғызғаны мәлім. Бұрынырақ шыққан жеке оқулықтарда, т. б. септік жалғауларында тұрған есім сөздерді олардың мағынасы мен контекстегі синтаксистік қызметіне қарамай жанама толық-тауыш деп талдау басым болды. Әрине, мұндай бағыт сөз мағынасы мен оның функциялық ерекшелігін еске алмаудан туғандығы айқын.

Пысықтауыштар, жоғарыда айтылған жасалу жолдары мен тә-сілдеріне лайық, өздері пысықтайтын мүшемен қабысу және меңгеру арқылы байланысады.

Пысықтауыштар да, сөйлемнің басқа мүшелері сияқты, құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі болып келеді. Дара пысықтауыштар бір ғана сөзден жасалады. Пысықтауыштардың мұндай құрамдық типін жасайтын, негізінен, үстеулер (дара үстеулер). Үстеулер өз мә-ніне, мағынасына сай сөйлем құрамында басқа сөздердің көмегінсіз-ақ дара тұрып та пысықтауыш қызметінде қолданыла алады. Бірақ бірсыпыра сөздер пысықтауыш қызметінде арнаулы грамматикалық қосымшаларды қабылдаумен бірге, басқа сөздермен бір тіркесте ай-тылғанда ғана жұмсала алады. Дегенмен, мұндай тіркестер тұтас, күрделі пысықтауыш мүше ретінде ғана ұғынылады. Мұндай күрделі пысықтауыштардың жасалу жолдары, негізінен, мына төмендегідей:

1) Негізгі сөздер мен көмекші сөздердің (көмекші есімдер, демеу-лер) тіркесі. Мұндай тіркестердің бірінші сыңары болып, көбінесе, мезгіл мәнді сын есімдер мен зат есімдер, сілтеу есімдіктері, қимыл есімдері, кейбір күй-қалыпты, мекен-орынды білдіретін сөздер жұмсалады. Тіркестің екінші сыңары қызметіндегі көмекші сөздер қосымшасыз (демеулер), немесе әр түрлі септік жалғаулары арқылы (көмекші есімдер) пысықталатын мүшемен байланысады.

Таянған сайын сыңсыған ызың анығырақ шығады, таянған сайын жүрек елжіреп өксиді. Тез басып демігіп келсем, ө з е н н і ң жағасында б і р түп т а л д ы ң түбінде көзінің жасын көл қылып егіліп, зар жылап отырған Мүслимажан екен (Сейфуллин). Өлке б о й ы н д а Жаппасбай ауылы атақты, даңқты ауыл; б і р к е з- д е аруағы жер жарып, аймағын бір шыбықпен айдаған ауыл. Міне, осы оқиғадан бері байлар бізге қатерін тігіп отыр. Жақыптан кейін Рабиға сөйледі. Одан кейін бір-екі батырақ шығып сөйледі (Майлин). Енді шай үстінде Абайдан осы жолдың бейнеті, қауіп-қатері, ауыртпалығы қандай екенін сұрастырды (Әуезов). Мұндай күрделі пысықтауыштардың екінші сыңары қызметіндегі көмекші сөздер екі түрлі қызмет атқарады: біріншіден, олар екі негізгі сөздің арасын (түйдекті тіркестің бірінші сыңары — негізгі сөз бен пысықталатын мүшенің) байланыстырады. Екіншіден, өзінен бұрынғы негізгі сөздің мағынасын конкреттеуші, сол сөзді басқа бір мүшемен пысықтауыштық қатынасқа икемдеуші дәнекер де;

2) Мезгіл мәнді туынды сын есімдер мен құбылыс-процесті білді-ретін есімдер тіркесі: Қ ы с қ ы к ү й з е л і с т е Игілік кіресіне еріп көшіп келген (Мүсірепов);

 

3) Сондай сын есімдер мен мезгіл мәнді сөздердің тіркесі: Бірақ с о ң ғ ы ә з і р д е Раушанда да өзгеріс бар сияқтанды (Майлин);

4) Сілтеу есімдіктері мен процесс-құбылысты, мекен-орынды біл-діретін зат есімдер тіркесі. Оның рас-ау, қарағым! Бірақ жаңа кеш бата с о л М ұ с а қ ұ л ғ а зорға кеп жетіп ек... Түн ішінде, мына боранда қайда барады (Әуезов);

5) Мезгіл мәнді туынды сын есім, сан есім және мезгіл мәнді зат есімдер тіркесі. Бірақ о с ы с о ң ғ ы е к і ж ы л д а Жұмағұл орнын тапты (Әуезов);

6) Мезгіл мәңді сөздерден, немесе көлем-кеңістік мәнді сөздерден құралған изафеттік тіркестер: Содан Сәйгелдің а у ы л ы н а келсем, Ермек қызын ұзатпақшы болып той қылып жатыр екен (Майлин). Енді 1 9 2 1 жылдың к ү з і н е «банды» деген бәле шыға бастаған соң, момын шаруа тағы да тыныш үйықтай алмауға айналды (Сейфуллин);

7) Күрделі сан есімдер тіркесі: Елу бесте біз-дағы сенісер адам таптық па!? (Абай);

8) Үстеулердің тіркесі: Б ы л т ы р а л а ж а з д а й серілік құрып, ел қыдырып, қыз-келіншекпен сауық-сайран салмадым ба (Әуезов). Мұндай бір түйдек болып келіп, күрделі пысықтауыш жа-сайтын үстеулердің біріншісі біршама үлкен кезеңді білдіреді де, екінші сыңары бір шама тар, аз уақытты білдіретін болады;

9) -дай тұлғалы туынды сын есімдер өз анықтауышымен бірге етістікке қатысты болғанда күрделі пысықтауыш болады: Ж а у - р а ғ ан қ о й д а й бүрісіп, ұйлығып қалыпты (газеттен);

10) Күрделі пысықтауыш жасайтын сөз тұлғаларының қатарына көсемшелік, есімшелік тұлғаларды, қимыл есімдерін де жатқызу қа-жет. Бұлар сөйлем құрамында көбінесе-ақ өздерін конкреттейтін, са-ралайтын басқа сөздермен бірге жұмсалады: Үркіп қалғандық-тап аңғара алмапты... О с ы н д а й қарбаласта «бармақ басты, көз қысты» боп талай момынның тоқты-торымы сотқар ауылдардың жемі боп жүреді (Әуезов). Игілікке істелетін жұмыс болған соң, ж ө н д е п і с т е г е н г е не жетсін... Доспол мен Қасен тумалас. Насыбай тостағанға бола төбелеспесе қайтеді (Майлин). Міне, енді Кудряның ізін, кімдермен байланыс қылатынын астыртын жансыз жүріп біліп, ұстауға ә р е к е т қ ы л у г а политбюро Хамитті жұмсап отыр (Сейфуллин) Оспан... б о р-б а й л а й қамшылап құйғыта жөнелді (Әуезов). Есімшелер мен көсемшелер, қимыл есімдері өздерінің лексика-грамматикалық ерекшелігіне лайық әр уақыт өздерін конкреттейтін, саралайтын сөздерді керек етеді. Сөйлем ішінде мұндай есімше-лік, көсемшелік, қимыл есімдік шумақтардың көпшілігі өз арасын-да жіктелмейтін лексика-грамматикалық тұтас топ есебінде бір ғана күрделі мүше қызметін атқарады. Күрделі пысықтауыш қызме-тінде жұмсалған шумақтардың құрамынан сөйлемге тән элементтердің бәрі табылмайды. Жоғарғы мысалдар құрамындағы осындай қарбаласта, жөндеп істегенге, насыбай тостағанға бола шумақтарын шартты түрде болса да сөйлем құрамына тән грамматикалық қатынастарға ажыратуға келмес еді.

Қазіргі қазақ тілінде үйірлі пысықтауыш мүшелер де мол кезде-седі. Үйірлі пысықтауыштар құрамында күрделілердей емес, өз ал-дына дербес қарастырғанда, сөйлемге тән предикативтік қатынастың ізін айыруға болады. Егер аса жайылыңқы құрамды үйірлі пысық-тауыш болса, оның құрамынан бастауыш-баяндауыштық қатнас қана емес, тұрлаусыз мүшелерді де ажыратуға болады: Ө з і жоқта Нұрыштың қақпанына оп-оңай түскеніне ол айцай салмады, би-шара қартқа нали сөйледі (Есенжанов). Мәз болады болысың арқа-




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 1542; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.034 сек.