Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Баяндауыш 2 страница. Тура толықтауыштың алдында мөлшерлік, не сапалық анықтау-ыштардың келуі де олардың әр уақыт табыс




Тура толықтауыштың алдында мөлшерлік, не сапалық анықтау-ыштардың келуі де олардың әр уақыт табыс жалғаулы болуының мызғымас шарты бола алмайды. Қар түсіп, мұз қатқан соң да Жан-дыз бойынан бау-бау қ о ғ а шапты (Ахтанов). Ол түгіл, көзі ашық деғен әке-шешенің өзі «бәрекелді, сыйлы қ о н а қ ертіп кепсін» десе құба-құп (Әлімқұлов). Шығарып салуға жиналған қалық топ жапы-рылып поезға ере жүгіріп, манадан бері айтып тауыса алмаған сәлем сөздерін айқайлап қол бұлғайды (Ахтанов). Алдыңғы екі сөйлем құрамындағы тура толықтауыштар табыс

 

жалғауының жасырын түрінде келсе, соңғы сөйлем құрамындағы сондай тура толықтауыш табыс септіктің ашық түрінде қолданыл-ған. Бұған қарағанда, тура толықтауыштың анықтауышпен бір тіркесте қолданылуы, сірә, оның табыс жалғауда болу, болмауының шарты болмаса керек. Оған тағы бір дәлел — алдыңғы екі сөйлем ішіндегі тура толықтауыштарды (бау-бау қоға, сыйлы қонақ) табыс жалғауында қолдануға болар еді (бау-бау қоғаны шапты, сыйлы қонацты ертіп). Сондай-ақ соңғы сөйлем құрамындағы тура толықтауышты анықтауышсыз тауыса алмаған... сөздерін айқайлап түрінде айтуға болар еді. Олай болса, тура толықтауыштардың анықтауыштармен бірге қолданылуы олардың табыс жалғауында ашық, не жасырын келуінің шарты бола алмайды.

Сөйтіп, тура толықтауыштардың жалғаулы және жалғаусыз келуі тек қана белгілі-белгісіздікке байланысты болып келе бермейді. Егер, белгілі-белгісіздікті кейде сөздердің даралык, және жалпылық мәнде қолданылу ыңғайында байқалады десек, осы құбылысты (яғни жалғаулы және жалғаусыз қолдануды) түгелдей сол ізбен түсінді-руге болмайтындығы жоғарыда келтірілген фактілерден де көрініп отыр. Тура толықтауыштың мұндай екі түрлі тұлғада қолданысы тілдің әр қилы заңдылықтары мен ерекшеліктеріне барып ұштасады. Олар бірде сөздердің лексика-грамматикалық қасиетіне байланысты болса, бірде сөйлем құрамының интонациялық және грамматикалық ерекшеліктерімен байланысып, соларды ажырата жүйелеп талда-ғанда ғана түсінілуі мүмкін.

Тура толықтауыштардың жалғаулы және жалғаусыз келу жағ-дайларын бас-басына жеке-жеке баяндау қажет бола бермейді. Үйткені егер тура толықтауыштың жалғаулы болып келетін орындарын айкындаса, сонымен қабат оның жалғаусыз келу себептері де ашылады. Екеуін бірдей қарастыру тек қайталауға ұрындырады. Сондықтан тура толықтауыштардың жалғаулы келетін жағдайларына шолу жасау мақұл.

Тура толықтауыштың табыс жалғауының ашық түрінде жұмсалатын орындары төмендегідей:

а) Тура толықтауыш өзі меңгерілетін (толықтайтын) мүшеден

арасына сөз салып, алшақтап тұрады. Мұндай реттерде ойдың логи-калық сындарлылығы, сөйлемнің әуені бұзылмас үшін тура толық-тауыш табыс жалғауында тұруы қажет болады. Мысалы: Бірақ ол аласапыранда әлдеқайда барып қайтты да, дырау қамшыны екі бүктеп ұстап, батыс жақты нұсқап тұрып... (Мүсірепов). Тура толықтауыш (қамшыны) пен баяндауыш ортасына сөз (екі бүктеп) түспесе, тура толықтауышты жалғаусыз да айтуға болар еді. Бірақ ортасына басқа сөз түсіп, баяндауыштан алшақтаған соң, баяндауышпен грамматикалық байланыс жүйесін үзбеу үшін табыс жалғауында айтылуы қажет. Тағы да мына мысалды талдайык,: Дереу алғы шепке о қ-д ә-р і жеткізсін (Ахтанов). Осы сөйлемдегі тура толықтауыш пен баяндауыштың арасына басқа бір сөз салып: Алғы шепке оқ-дәріні дереу жеткізсін деп айтатын болсақ, тура толықтауыш тағы да жалғаулы болар еді.

Араларына басқа сөз түскенде жалғаулы болып айтылу жұмыс істеді, еңбек етті, қызмет көрсетті, жазу жазды, қол тигізді, бас көтерді (қарсыласты) тәрізді күрделі сөздер құрамында да байқалады. Айтылуда, жазуда сөзге ерекше мән, экспрессиялық әр беру үшін есім мен көмекші етістік арасында солардың мағынасын айқындап, аша түсетін басқа бір сөз қосып жұмысты мықтап істеді, еңбекті аянбай етті, қызметін бар әлінше көрсетті, жазуды асықпай жазды, қолын мықтап тигізді, — деп айтса, есім сөз табыс жалғаулы болып көтеді. Сөйтіп, меңгеруші етістік пен

 

тура толықтауыштың арасында басқа бір мүше айтылғанда, тура толықтауыштар әр уақыт табыс жалғаулы болып жұмсалады.

Меңгеруші сөзден алшақтаған, алдында бір белгісіздік есімдігінен жасалған анықтауышы бар тура толықтауыштар да табыс жалғаулы болады: Алыстан бұлдыраған бір қара көрді. Бұлдыраған бір қ а -р а н ы алыстан көрді.

ә) Сол сияқты шаш, ағаш, егін, бақша т. б. жинақылық ұғым бе-ретін сөздер мен кейбір абстракт мәнді сөздер де көптік жалғауды қабылдаса, тура толықтауыш қызметінде табыс жалғаулы болып жұмсалады. Колхозшылар е г і н орды деп жекелік мәнде жалғау-сыз айтылғанмен, көптік тұлғада: Колхозшылар егіндерін жинады, мемлекетке астықтарын тапсырып бітірді түрінде қолданылады. Сол сияқты, балалар а ғ а ш т а р д ы тасыды, бағбандар бақша-ларын баптауда деп, табыс жалғауында ғана қолдану мүмкін. Бұл ыңғайдағы табыс жалғауы әлгі сөздердің объектілік (тура толық-тауыштық) қызметін айырып көрсету үшін де қажет. Әйтпесе, сөздің сөйлем құрамындагы мәні де, қызметі де айқындалмай қалады. Мыс.: Бірақ біз әрдайым өз жұмысымыздың нәтижелерін сын көзбен бағалап, кемшіліктерді мезгілімен жоя отырып, болашаққа көз жіберуге тиіспіз («Соц. Қаз.»).

Әне бір жерде бар ғой жалтырағыдеп әйелдердің ала бер-ген тастарын тартып алады (Мүсірепов).

б) Тура толықтауыш қызметінде тәуелдік жалғаулы сөздер жұм-салса, олар, көбінесе, табыс септікте тұрады. Шелпектерін пі-сіртіп, дастархандарын жайғызып, бір жеті бойында өз үйлерінде аза қылып отырысты (Әуезов).

Адрестерін алып қалуым керек қой... Адрестеріңді, ад-рестеріңді қалдырыңдар... Даусым, әрине, щықпайды (Мүсірепов). Жұпыны ғана шаруаның баласы Арқаның ақ төсін жайлап Шудың ну қамысын қыстайтын е л і н еміс-еміс қана біледі (Әлімқұлов).

Келтірген фактілер мынаны дәлелдейді: тәуелдік тұлғасы сөз-дердің жекелік, я көптік мәніне қарамай, тура толықтауыш қызметін-де табыс жалғаулы болуды қажет етеді. Жоғарыда келтірілген сөй-лемдер құрамындағы тура толықтауыштарды табыс септігінсіз тәуелдік тұлғада (шелпектері пісіртіп, дастархандары жайғызып) айтуға болмас еді. Олай болған жағдайда ойдың логикалық желісі бұзылып, түсініксіз бірдеме болар еді. Осы тура толықтауыштардың тәуелдік қосымшасы жоқ болса, табыс жалғауын түсіріп айтуға бо-лар еді (шелпектер пісіріп, дастархандар жайғызып, т. б.). Онда ой-дың логикалық желісі бұзылмас та еді.

в) Сөйлем ішінде қатар келген, бір-бірімен жалғаулықтар арқылы, немесе орын тәртібі арқылы байланысқан, бірыңғай тура толық-тауыштардың соңғысы, көбінесе, табыс септігінде тұрады.

Жарау, жатаған Қ а р а г е р ат пен қ а р а к ө к б и е н і же-тегіне алған (Әлімқұлов). Б о л а т пен кірпіштерді өріп қалап, төбесі айнаменен шатырланбац (Әбілев). Фашист генералы о ф и -ц е р л е р і мен солдаттарын жиыстырып, қайта-қайта ілгері қуалады (Ахтанов). Бірыңғай тура толықтауыштардың соңғысының табыс жалғауы түсіріліп айтыла қалса, сөйлемнің мәні бұзылады. Қазақ тілінде кейде бірыңғай тура толықтауыштардың бәрі де табыс жалғаулы болатын кездері де бар. Мысалы: «К ү л с а л ғ ы ш т а р- д ы, к е с е-ш ә й н е к т е р д і саудыратып алып жүруге ерінбеген-де, тастаған дүниелері қандай болды екен?» деген бір күдікті ой келеді (Әлімқұлов). Бірыңғай тура толықтауыштардың мұндай бас-басына табыс жалғаулы болып келуі сол сөздерге автордың логикалык, екпін

 

түсіріп, айрықша атап айтуына байланысты. Екінші сөзбен, бұл сөз-дің қолданылу мақсатының салдары есепті құбылыс болса керек.

г) Бір сөйлем ішінде бір сөз екі рет айтылып, екі түрлі мүше қыз-метінде жұмсалса, тура толықтауыш қызметіндегі сөз табыс жалғау-лы болады: Туады күлкі әр қилы, Ауыздан әзіл кетпейді, Қал-жыңды қалжың аңдиды, нарядный оны сөкпейді (Әбілев).

— Ө т к е л д і өткел деп сұрау керек. Өткел бұл жерде жоқ (Мүсірепов). Ж а м а н д ы жаман десе, бөркі қазандай болар (мақал).

Алдыңғы сөйлем құрамындағы қалжың сөзі тура толықтауыш және бастауыш қызметінде жұмсалса,екінші сөйлемдегі өткел сөзі тура толықтауыш болумен бірге, пысықтауыш құрамында (өткел деп) қолданылған. Ал, үшінші сөйлемдегі жаман сөзі тура толықтауыш қызметінен басқа, баяндауыш құрамында айтылған.

д) Тура толықтауыштардың табыс жалғаулы болуы кейде сол сөзге логикалық екпіннің түсуімен де байланысып жатады. Айтушы сол сөзді айрықша мән беріп айтады да, соның салдарынан тура толықтауыш табыс жалғауын қабылдайды. мыс.:

Апа, қонақ!деп қуанғандай ыржиып әлгілер де есікті аша берді (Мүсірепов). Бірақ осы соңғы екі жылда Жұмағүл о р н ы н тапты (Әуезов). Содан бері Тәкежан өз ауылына Жұмағұл шабарманды бастатып төрт с т р а ж н и к т і жіберіп, Базаралыны алғызып кеп жаңа сәскеде ұлық қолына табыс етті (Әуезов). Осы сөйлемдер ішіндегі есікті, орынын, стражникті сөздерінің табыс жалғаулы болуы логикалық екпіннің салдары. Егер автор сол сөздерге айрықша мән бергісі келмесе, оларды жалғаусыз да қолдануға болар еді.

ж) Тура толықтауыштардың табыс жалғаулы болуы кейде оларды анықтайтын сөздерге де бағынышты болады.

Сілтеу есімдіктерінен болған анықтауыштары бар тура толық-тауыштар: Сикорский бұл жауапты үлкен қуаныш үстіндг екенін жасыра алмай, айқын сезілер мазақ үнмен ескертіп еді (Мүсі-репов). Жақын абысындарына бұл с ы р д ы бастапқы кезде ол ішкермелеп айтты (Мұқанов).

-ғ а н есімшелерінен болған анықтауышы бар тура толықтауыш-тар: Қалада бейбіт шақта тәртіп үшін жанжалдасып жатқан

а д а м д ы сирек көруші едік (Мүсірепов).

Айтып отырғаным,деді Мадияр Базарханға тапсыр д е- г е н х а т ы н Асқардың қолына беріп жатып (Мұқанов).

-ғ ы\\-г і, -қ ы\\-к і жұрнақты туынды сын есімдерден болған анықтауышы бар тура толықтауыштар: Кеше «шабан поезбен жүйке құртқанша, бүрсі күнгі с а м о л е т т і тосайық» деген (Әлім-құлов). Бойшаң қара жұмыскер тайғанай құлап түсті де, отыра қалып аяғындағы ш о қ а й ы н сыпырып алып лақтырып-лақтырып жіберіп, қашқынның соңына қайта түсті (Мүсірепов).

з) Есім мен көмекші етістік тіркесінен болған баяндауыш тура толықтауыштың табыс жалғаулы болуын керек етеді: Бір кемпір бір к е м п і р д і ә ж е д е й д і (мақал). Бұл пайда к о л х о з д ы миллионер е т е д і (Мұстафин). Сонау іркіс-тіркіс шың таста-ры жылқының жалына үқсайды да, мынау, тарау-тарау жолдары салт аттының сауырындағы өмілдірікті е с к е салады (Әлім-құлов).

Кейде меңгеруші сөз тура мағынасында қолданылмай, ауыспалы мәнде қолданылғанда, тура толықтауыш табыс жалғаулы болады, мыс.: Шапандарын белсенген, Асау мініп теңселген (Абай). Құнанбай кеудесін көтеріңкіреп, қарсы алдына жалғыз көзін қадай отырып сөйлеп кетті (Әуезов).

 

Сөздердің енді бір тобы синтаксистік икемділігі жағынан толық-тауыш емес, бастауыш, т. б. мүшелер қызметінде жұмсалуға бейім, Ондай сөздер тура толықтауыш қызметінде қолданыла қалса қа-лайда табыс жалғаулы болады. Табыс жалғауы бұл ретте тура то-лықтауыштық қызметтің грамматикалық көрсеткіші есепті болады. Онсыз әлгі сөздердің қандай мүше қызметінде тұратындығы айқын көрінбейді.

Негізінде бастауыштық қызметте жұмсалатын жіктеу есімдіктері мен кісі аттары: Таппасын білген соң, соңғы кезде оны ойламайтын да (Әуезов). Уақытша жау қолына түскен Донбасстың орнына тұрып қалған алып Қарағандыны көресін... Өйткені, А қ б о т а н ы көрсем, онымен бірге к ү й е у і н де көрермін деп қорқам (Мүсірепов).

Көбінесе анықтауыш болып жұмсалатын сан есімдер мен сын есімдер, етістіктің есімше тұлғалары тура толықтауыш қызметінде табыс жалғаулы болады: Бірақ, «өте жақсыны» маңдайыңа жапсырып жүремісін? Одан артық не болмақ? (Мүсірепов). Қай-қайдағы ақбас қарақұстар қалбаңдап, екі қашқынды бүріп әкетпек болады (Әлімқұлов). Ол байсалды, түнеріңкі жүзбен эшелон бойын ақырын аралап, кей жерде қолымен ымдап командирлердің б і р і н шақырып алып әмір етіп, көзіне ілінген тәртіпсіздікке тыйым салып жүрді (Ахтанов). I ш е р і н ішіп болмай, а й т а р ы н айтып болмай, адам деген өле кете ме екен?! (Мүсірепов).

Синтаксистік негізгі қызметі тура толықтауыш емес сын есімдер мен сан есімдер, есімшелер табыс жалғауы жалғану арқылы затта-нып, объектілік мән алады,

Белгілі бір сөздің тура толықтауыш қызметінде жұмсалуы сабақ-ты етістіктермен тіркесіп, солардың жетегінде айтылғанда ғана мүм-кін жағдай екені мәлім. Қазақ тіліндегі сабақты етістіктер мағына-лық мәнері жағынан да көп түрлі және грамматикалық тұрғыдан да әр қилы. Бірсыпыра етістіктер түбір тұлғасында сабақтылық мән берсе, кейбір етістіктер аффикстер қосылып, туынды түбірге айналғанда ғана сабақтылық мән алады. Енді бір топ етістіктер контекст құрамында бірде салттық, бірде сабақтылық мән бере алады. Негізгі түбір тұлғасында сабақтылық мән беретін етістіктер: оқы, тоқы, іш, ат, сой, ой, біл, сез, көр, есті, шұқы т. б. Бұл топқа жататын етістіктер түбір күйінде-ақ әр уақытта өзіне бағынышты сөздің табыс септік жалғаулы (ашық, не жасырын) болып келуін, яғни тура толықтауыш қызметінде болуын қажет етеді. Сонымен қатар, негізгі түбір тұлғасында салттық мән беретін етіетіктерге өзгелік етіс аффиксі қосылғанда, олар алғашңы салттық мәннен ажырап, сабақтылық мәнге ие болады. Екінші сөзбен, бұрын істі істеуші субъектіге тікелей байланысты айтылатын етістік енді бұрынғы мәніне қоса тура толықтауышты қажет ететін болады: кіркіргіз, отыротырғыз, ауырауырт, ағарағарт, т. б. Мысалы, ол үйге кірді — дейтін болса, кір етістігі өзінің алдында тура толықтауышты қажет етіп тұрған жоқ. Егер, соңғы етістік тұлғасын өзгертіп ол үйге кіргізді болса, онда сол етістік тура толықтауышты қажет етіп, сөйлем құрамын толықтырып айтуды керек етеді, Сөйтіп, етістіктің лексика-грамматикалық қасиетіне лайық сөйлем құрамында бірде тура толықтауыштың орны жоқталады да, бірде оның ешбір қажеттігі болмайды. Екінші жағы-нан, сөйлем құрамында субъектіні білдіретін сөз қажетіне қарай са-бақты етістіктің жетегімен объектіге (тура толықтауышқа) айналуы да мүмкін: Ол үйге кірдіОны үйге кіргізді. Мал ауылға келдіМалды ауылға келтірді т. б. Алдыңғы сөйлемдерде бастауыш қызметіндегі сөздер кейінгі сөйлемдерде тура объектіге айналған. Мұндай

 

құбылыс, әрине, салт етістіктердің сабақтыға айналуы арқылы ғана мүмкін болып отырады.

Сабақты етістіктер баяндауыш қызметінде дара жұмсалмай, күр-делі етістік құрамында жұмсалғанда, немесе керек, қажет, тиіс т. б. модаль сөздермен бір тіркесте жұмсалғанда да өзінің тура толықтау-ышты қажет ететін қасиетінен айрылмайды, яғни оның сабақтылық мәніне нұсқан келмейді, мыс.: О рнын жаңа т а п т ы б і л ем (Мұстафин). Мен-ақ алып к е т е й і н б ұ л а р д ы (Мұстафин). Енді бізге ауылдағы адамдардың к ө ң і л-к ү й і н б іл у к е р е к (Мұқанов). Күрделі баяндауыш құрамындағы сабақты етістік әр түрлі аффикстермен күрделенуі де мүмкін. Ол жағдайда да сабақтылык мән сақталады: Енді ол Қарағандыны басқаратын Некрасовты біраз бөріктіріп а л ғ ы с ы к е л д і (Мүсірепов). Барар ж о л ы н, аңсар а р м а н ы н, алысар т ә с і л і н таныт қамыз ж о қ (Әуезов).

Сабақты етістіктер аффикстер арқылы есім сөздер тобына айнал-ғанда да өзіне бағынышты сөздің табыс септікте тұруын қажет етеді. Ондай есімдер баяндауыш қызметінде жұмсалса, оған бағынышты сөз тура толықтауыш болып ұғынылады. Оның көзі әрқашан қалт

е т к е н д і б а й қ а г ы ш, көңілі бар жәйді айтпай-ақ с е з г і ш (газеттен).

Жанама толықтауыш. Зат есімдер, немесе заттанып солардың орнына жұмсалған сөздер барыс, жатыс, шығыс, көмектес септікте-рінің бірінде тұрып, жанама толықтауыш қызметін атқарады. Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде жанама толықтауыштарды меңгеретіндер тек салт етістіктері емес, сабақты етістіктер болуы да мүмкін. Жанама толықтауыш сабақты етістікке қатысты болғанда, тура толықтауышпен қосарланып, бір толта қолданылады, мыс.: Түнде сойган тауықтың өкп е-б а у ы р ы н Ботакөз балтамен ұсатып, ақ ірімшік араластырып тәтті түшпәрә пісірген еді. Бала бір кезде көзін ж е ң і м е н сүртті (Мұқанов). Табыс жалғаулы тура толықтауышпен бір топта айтылған жанама толықтауыш көмектес септікте тұр. Бұл арада мынадай бір ерекшелік бар: жанама толықтауыш етістік-баяндауыштың мәнін жіктеуші екінші дәрежелі мүше ғана болады. Етістік-баяндауышқа тікелей қатысты, онымен тығыз байланысты, қалайда айтылуға тиіс мүше — тура толық-тауыш. Егер тура толықтауыш айтылмай қалса, оның орны жоқталып тұрады, ал, жанама толықтауыш айтылмаса байқалмайды. Өйткені, жанама толықтауыш етістік-баяндауыштың ықпалынан; соның мәнінен тумайды.

Барыс септікті жанама толықтауыштар: Сыйлы жолаушылар қайтарда соғатын боп, жеңгейге де, қарындасқа да көп-көп рахмет жаудырып, қайта-қайта бас шұлгып қимай қоштасты (Т. Әлімқұ -лов). Жасымда албырт өстім ойдан жырақ, А й л а г а, а ш у ғ а да жақтым шырақ (Абай).

Барыс септік жалғауын қабылдап, басқа сөз таптары да (сын есім, сан есім) жанама толықтауыш қызметін атқара алады: Бұл алқап, мал аңсап жейтін ащы мен тұщыға кенелген. Ол биыл о т ы з ғ а шығады (газеттен). Барыс септікті жанама толықтауыштарды меңге-ретін сөздер тек етістіктер ғана емес. Қазақ тіліндегі бірсыпыра есім сөздер де басқа сөздерді барыс септікте меңгере алады: Ол жасы-нан - ақ о қ у ғ а ж ү й р ік. Биік төсек жанында дөңгелек столга шынтқцтап, оңаша ғана отырған А б а й ғ а есіктен кірген самал да ж а й л ы (Әуезов). Көшпек, қонбақ е л г е сән (мәтел).

Жоғарғы мысалдардан көрініп отырғандай, барыс септікті жанама толықтауыштар іс-әрекетке ұшыраған жанама объектіні (кісіні,

 

затты) білдіреді. Жанама толықтауыштар етістік-баяндауыштың әсе-ріне тікелей емес, жанама ғана ұшырайды. Мысалы, мына сөйлемді талдап көрейік: Бір провокатор оны полицияның қолына алдап түсіріпті. Іс-әрекеттің әсеріне ұшыраған алғашңы объект — оны, содан соң ғана ойды әлде де жіктей, айқындай түсу үшін полицияның қолына — дейтін жанама толықтауыш айтылып тұр. Сөйлемді жана-ма толықтауышсыз да (полицияның қолына) айтуға болар еді, онан ой сындарлылығы бұзылмас та еді.

Барыс септікті жанама толықтауыштар іс-әрекеттің орыны бола-тын, немесе барып тірелер затын, кейде тіпті мөлшерін де білдіруі мүмкін. Жоғарғы мысалдардағы... отызға шығады... тәрізді жанама толықтауыштар сондай. Кейде жанама толықтауыш кісінің айрықша қасиетін де білдіруі мүмкін (оқуға жүйрік). Сонымен, жанама толықтауыштың мәні кейде сол қызметте жұмсалған сөздің, не меңгеруші етістіктің лексикалық мәнімен ұласып, соның салдары болып отырады.

Кейде, сөйлем ішінде жанама толықтауыш пен тура толықтауыш қатар жұмсалғанда, тура толықтауыш іс-әрекет бағытталған объектіні білдіреді де, жанама толықтауыш іс-әрекетті жүзеге асыру-шы (не жүзеге асыратын) субъектіні де білдіретін кездері болады. Мысалы: — А, Рязанов мырза саған соны тапсырған екен ғой (Мүсірепов). Барыс жалғаулы жанама толықтауыш (саған) болашақ істі жүзеге асыратын субъектіні білдірген де, табыс жалғаулы тура толықтауыш іс-қимыл бағытталатын объектіні білдірген. Мұндай мағыналық ерекшелік баяндауыш қызметінде табыс, барыс септік-терінде бірдей меңгеретін сабақты етістіктер қолданылғанда ғана болуы мүмкін.

Жатыс септікті жанама толықтауыштар: О н ы ң әрекетінде байыпты іскерлік, тиянақты тындырымдылық жоқ (Ахтанов). Жаудыр к ө з і н д е бұрынғыдай ыстық наз жоқ, әлсіреген салқын-дық бар (Әлімқұлов).

Есім сөздер жатыс септікте тұрып, жанама толықтауыш қызметін атқарғанда, көбінесе, іс-қимылы таралған объектіні, зат, құбылыс-тың орны болған объектіні білдіреді. Соңымен бірге, жатыс жалғау-лы жанама толықтауыштар статикалық күй-қалыпты, әрекетті білдіретін етістіктермен тіркеседі. Есім сөздердің жатыс септікте тұруын қажет ететін етістіктер де, жатыс септікте жанама толықтауыш қызметінде қолданыла алатын сөздер де байырғы қазақ тілінде аса көп емес. Бірақ қазіргі әдеби тіл құрамында жатыс септік тұлғасы арқылы жанама толықтауыш қызметінде жұмсала алатын сөздердің сан жағынан молайғандығын айту керек. Әрқашан әдеби тілдің молығып, толығуымен, оның құрамындағы сөздердің тіркес құрау қабілеті артып, кеңейіп отырады. Бұл, әрине, халық тілінде жаңа ұғымдардың пайда болуымен, сөйлем құрамының күрделе-нуімен ұштасьш жататын құбылыс. Мыс.: С е с с и я н ы ң жұмысында кадрларды даярлау мәселелері үлкен орын алды... П л е- н у м ш е ш і м д е р і н насихаттауда, оларды жүзеге асыруға еңбекшілердің қалың бұқарасын жұмылдыруда коммунистік партияның идеялық өткір қаруыбаспасөзге жүктелетін міндет те зор («Соц. Қаз.»). Осы келтірілген сөйлемдер құрамындағы сөздердің жатыс септік жалғауын қабылдауы да, сөйтіп жанама толықтауыш қызметінде жұмсалуы да қазіргі әдеби тілде ғана мүмкін құбылыс. Әдеби тіл атқаратын функцияның, қолданылатын сферасының кеңеюінен барып пайда болған. Сөздердің жатыс септікте жанама толықтауыш қызметінде жұмсалу-ынан кейде халық тілінде қалыптасқан ізбен үйлеспейтін де факті-лерді кездестіруге болады. Қазіргі әдеби тілімізде пианинода ойнау, скрипкада ойнау т. б. тәрізді жатыс жалғаулы есім мен




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 1231; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.035 сек.