Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Баяндауыш 3 страница. етістіктер тіркестері кездеседі




 

етістіктер тіркестері кездеседі. Мыс.: Өзі режиссер әрі драматург, домбыра тартады, скрипкада о й н а й д ы, нота таниды, білімді («Қазақ әдебиеті»). Егер халық тілінде қалыптасқан із сақталса, скрипка тартады болуға тиіс еді. Кейде пианинода ойнайды. дегеннің ізімен халық тілінде, ертеден бар тіркестің өзін өзгертіп, домбырада ойнау деп те сөйлеу иіндері кездеседі.

Жатыс жалғаулы сөздердің екі түрлі басты мағына беріп, екі түрлі синтаксистік қызмет атқаратыны белгілі. Олар бірде жанама толықтауыш болса, бірде пысықтауыш болады. Бұл, әрине, көбінесе сол сөздердің лексикалық мағынасына байланысты. Бірақ жатыс септікте қолданылатын кей сөздердің синтаксистік қызметі, соны-мен қатар, контекске және етістік-баяндауыштың мәніне де байланысты болады. Егер Тайман тоғызыншы класта оқиды дейтін сөйлемнің баяндауышын ауыстырып Тайман тоғызыншы класта отыр деп айтсақ, тоғызыншы класта тіркесі мекен пысықтауыш-тық мән алар еді. Сол сияқты жылқыда өт жоқ, ол жылқыда болды дейтін сөйлемдер құрамындағы жылқыда сөзінің синтаксистік қызметтері бірдей емес. Алғашңы сөйлемде жылқыда сөзі жанама толықтауыш та, соңғы сөйлемде мекен пысықтауыш. Бұл, — контексте қолданылу ерекшелігінің салдары. Жалпы жанама толықтауыш қызметінде жұмсалатындар орын-мекендік, кеңістіктік мән бере алмайтын, кімге? неге? дейтін сұрақтарға жауап болатын сөздер ғана.

Шығыс септікті жанама толықтауышты, көбінесе, меңгеретіндер қ орқу, үрку, қаймығу, жалтару тәрізді кісінің күйін, сезімін білдіре-тін етістіктер, кеңістік мәнге байланысты қолданылатын айығу, ары-лу, тазару тәрізді етістіктер және алу, шығу, қайту тәрізді етістік сөздер. Осы етістіктермен бір тіркесте айтылған есімдер ғана, көбінесе, шығыс септікте тұрып жанама толықтауыш болады. Кейде меңгеруші сөз қызметінде жақсы, артық, кем, кіші, үлкен тәрізді сын есімдер де жұмсалады. Меңгеруші етістіктер (баяндауыш қызметіндегі) салт та, сабақты да болуы мүмкін. Сабақты етістік баяндауыш қызметінде жұмсалса, шығыс септікті жанама толықтауышқа қоса тура толықтауыш айтылуы да мүмкін. Сөйтіп, кейбір сабақты етістіктер табыс пен шығыс септіктерінде қатар меңгереді. Әр қилы мағыналык, мәнерлер туғызады. Жанама толықтауыштың басқа түрлеріне қарағанда бұлардың қолданылу аясы да кең.

Себеп-салдарды білдіреді: Жабай өзінің білместігінен ұялыңқырап қалды... К е у і п қалғандықтан жаңа бүріліп келе жатқан жара сияқтанып т і л і м-т і л і м болған еріндерін ішіне қарай жымқырып, жалай жұтынып қояды (Мүсірепов).

Заттың тегін, неден жасалғанын білдіреді: Өнер-білім бар жұрт-тар т а с т а н сарай салғызды (Алтынсарин). Т а с т а н жер-ошақ жасап, шай қайнаттым (Мұстафин).

Кісінің, заттың, құбылыстың салыстырмалы ерекшелігін, белгісін білдіреді: Е ш т е н кеш жақсы. Сақалын сатқан к ә р і д е н еңбегін сатқан бала артық. Мұндай кезде Барлас Абайға күндізгі Барластан тіпті басқа боп көрінеді (Әуезов).

Іс-қимылдың шығар арнасы болған объектіні білдіреді: Б а р оңештен бірдей оқ боратып, бізді жау атып жатыр (Мүсірепов). Он шақты тал қысқа шаш маңдайынан төмен түсіп, кірпігіне тірелген, оны да байқар емес (Әлімқұлов). С а б а д а н қымыз құй-дырып, ортасына қойдырып (Абай).

Іс-қимылдың өзгеруінің белгісін білдіреді: Ешнәрсе демесе де, Жолдасымның о с ы қарасынан жүрегім лоқсып қалғандай болды (Мүсірепов). Европада және дүние жүзілік көлемде өз билігін,

кеңейтуге көз алартуы Эрхардтың атом қаруын иемдену правосын өршелене т а л а п е т у і н е н көрінеді (газеттен).

Шығыс септікті жанама толықтауыш кейде істі істеген, орындаған субъектіні де білдіруі мүмкін. Бірақ ондай субъект грамматикалық тұлғаның ықпалымен жанама объект болып ұғынылады. Үлкен ұ с- т а з қ о л ы н а н талай жас тәрбие алып шықты (газеттен). Бұл сөйлем құрамындағы ұстаз қолынан тіркесі жанама толық-тауыш болумен бірге, логикалық субъект екені де айқын.

Кейбір жанама толықтауыш іс-әрекеттің тірелген, тура келген объектісін білдіреді. Сол ұрыста ол қ о л ы н а н ауыр жараланды (газеттен).

Іс-қимылдың тура объектісінің нендей заттан, пункттен, құбы-лыстан т. б. бөлініп, ажырап шыққандығын білдіреді. Олардың бұ-тақтарынан, не салбыраған мәуелерден алма мен алмұрттың, өрік пен әнжірдің, шие мен шабдалдың неше сорттарын кездестіресің (Мұқанов). Ендеше, осы естіген, көрген ж а й д ан жыр туғызса нетеді? Қызығатының бар ма? — деді (Әуезов). Ішінде қ азақтан төртеуміз (Мұқанов). Түстен бері осы қонақтар Абайдың үстіне келіп сәлем берісіп, түстік а с т а н, күндізгі ш а й д а н ішісті (Әуезов). Егер жанама толықтауыш қызметінде жиынтық зат атаулары жұмсалса, шығыс септікте олар сол зат түгелдей емес,бел-гілі бір ғана бөлігі ажырап шыққандығын білдіреді. Соңғы сөйлемдегі (түстік) астан, (күндізгі) шайдан дейтін сөздер сондай. Егер, ішілген заттың аумақ-көлемін айқындау керек болса, онда сөз табыс септікте (көбіне жасырын түрі) жұмсалып ол бір кесе шай ішті, немесе бір табақ ас ішті түрінде айтылар еді. Заттың аумақ-көлемін айқындау қажет емес реттерде шығыс септікті жанама толықтауыштар қолданылып процеске қатысы бар объект қана айтылады. Жанама толықтауыштардың осы тобымен байланысты сөйлем құрамында мынадай ерекшелік кездеседі: егер сөйлемде жанама толықтауыштардың басқа тобы жұмсалса, керегіне қарай сөйлем ішінде тағы да тура толықтауыш айтылуы мүмкін. Олардың бұтақтарынан, не салбыраған мәуелерден алма мен алмұрттың... неше сорттарын кездестіресің. Ал, сөйлем құрамындағы жанама толықтауыш жоғарғыдай жиынтық зат атауларынан жасалған болса, онда сөйлем ішінде тура толықтауыш қолданылуының мағыналық тұрғыдан ешбір қажеттігі болмай қалады. Қазіргі қазақ тілінде күндізгі шайдан шай ішісті деп сөйлеу норма да емес, оның үстіне ой айқындығы тұрғысынан да ешбір қажеттігі жоқ деп қаралады.

Шығыс септік жалғауын қабылдап, жанама толықтауыш бола-тындар көлем-кеңістік, мезгілдік мән бере алмайтын зат есімдер, не-месе сондай мәнге ие болған сын есімдер мен зат есімдер, есімдіктер, т. б. Шығыс септік жалғауын қабылдайтын сөздер көп, бірақ басқа мағыналық топңа жататын ондай сөздер сөйлемнің басқа мүшелері болып жұмсалады.

Көмектес септікті жанама толықтауыштар. Көмөктес септікті жа-нама толықтауыштарды, көбінесе, шабу, кесу, сөйлесу тәрізді қимыл етістіктері, танысу, кездесу, ойласу тәрізді күй-қалыпқа байланысты айтылатын етістіктер меңгереді. Көмектес септік жалғауын қабыл-дап, жанама толықтауыш қызметін атқаратын сөздер де көбіне орын-мекендік, мезгілдік, қимыл-процестік мәні жоқ зат есімдер, немесе солардың мағынасына ие болған сөздер. Ондай сөздердің көмектес тұлғасында болуы меңгеруші етістіктің (баяндауыш қызметіндегі) ықпалы, соның лексика-грамматикалық мәнінің салдары. Егер шап-ты деген етістікті сөйлем баяндауышы қызметінде қолданатын бол-са,сол етістік мәнінен туатын бірінші сұрақ нені? одан соң сол мәнді

 

жіктей түсу үшін қойылатын екінші заңды сұрақ: немен?ағашты балтамен шапты. Дегенмен, сөйлем құрамында көмектес септік тұлғасында келген, бір ғана лексика-грамматикалық топқа жататын сөздердің синтаксистік мәні мен қызметі әр түрлі болып та келеді. Сондықтан да көмектес септікті жанама толықтауыштардың негізгі мағыналық топтарын білу қажет.

Істің істелу құралын, немесе істі істеу үшін жүмсалған объектіні білдіреді: Жалғыз-ақ алгаш жығылған күннің ертеңінде, әжесінің бұйрығы бойынша, бір қартаң қатын күн батарда Абайды далаға алып шығып, жаңа сойған қойдың өкпесімен қақты (Әуезов). Пакистандықтар үнділердің шептерін минометтермен және пулеметтермен атқылаған (газеттең).

Істі істеу үстіндегі бірлестікті, қоғамдастықты білдіреді: Андрей

Ж а б а й қ а р т п е н шүйіркелесе кетті (Мұқанов). Ақындық ша~ быт кейде осы а д ы р м е н көп сырласқандай болады (Әуезов). Көмектес септікті толықтауыштардың кейбірі заттың басқа бір өңкей заттардан айырықша белгісін де білдіруі мүмкін: Бұл екі кітапбұл ауыл, бұл өлкенің Абайдан басқа көп жанына әлі т і л і м е н де, сыры мен де ұғымсыз кітаптар (Әуезов). Жақсы і с і м е н жақсы (мәтел). А з ы ғ ы м е н жер мүсінді, е ң б е г і м е н е р мүсінді (мақал).

Көмектес септікті толықтауыштар білдіретін мағыналар осы тә-різдес. Осыдан бұрын ескертілгендей, көмектес септікті сөздер сөйлем құрамында екіншібір қызмет — пысықтауыш мүшелер қызметінде де жұмсалады. Қолданылу сферасы мен жиілігін еске алсақ, сірә соңғы түрі мол болуы да мүмкін. Жалпы көмектес септікті сөздер (тіпті жоғарыда толықтауыш есебінде талданган-дардың кейбірі де) үстеулік мән беруге әлдеқайда бейім, ыңғайлы сезіледі. Мысалға жоғарыда келтірілген мына сөйлемді алайық: Абайды далаға алып шығып, жаңа сойған қойдың өкпесімен қақты (Әуезов). Осындағы өкпесімен деген сөзге баяндауыштың ыңғайы-мен қ алай? деп те сұрақ қоюға болар еді. Немесе: Ағашты б а л т а- м е н шапты — қ алай шапты? — түрінде де талдауға әбден болар еді. Дегенмен, көмектес септікті сөздердің бұл тобын жанама толықтауыш деп талдауға үлкен дәлел — олардың сөйлем құрамын-да етістік-баяндауышпен грамматикалық байланысқа түскенде де өздерінің заттық, объектілік мәнінен түғел айрылмауы. Зат есімдер тобына жататын, бірақ конкретті затты емес, дерексіз ұғымды білдіретін сөздер, не контекс ішінде сол мағынада қолданылған сөздер көмектес септікте жұмсалғанмен, сөйлем ішінде жанама толықтауыш ретінде ұғынылмайды, мыс.: Жаңа күн өзінің жаңа жорасын, жаңа тілегін жас көңілмен айтады. Шүкіман кішкене әзіл қатып, тағы да с э н м е н күліп... жігіттің өз-өзіне сенімділігін азырақ ажуа қып отырды. Жастар үріккендей боп түйілген қабақпен, шошынған жүзбен қарасады (Әуезов). Осы сөйлемдердегі жас көңілмен, сәнмен, қабақпен, жүзбен сөздеріне немен? дейтін сұрақ қоюға әсте келмейді. Бұл реттерде тек қана қалай? деген сұрақ қойылады, сөйлем мағынасы осы сұрақты қажет етеді. Сөйтіп, баяндауыш қызметіндегі етістіктің ықпалымен мұндай сөздер көмектес септікте үстеулік жаңа мән алады. Бұлар, әрине, жанама толықтауыш емес, пысықтауыш мүше деп қана қаралғаны жөн.

Бұл айтылғандардан басқа, туралы, жайында, жөнінде демеуле-рінің негізгі сөздермен тіркесі де жанама толықтауыштық қызметте жұмсалады, мыс.: Ж е ң і с т у р а л ы сұрастыра берсеңіз, көп-теген жәйттерді естисіз, бәрі де мақтау, ел ризалығы (газеттен). Мен сіздерге тек өзбеттеріңізбен оқу ж ө н і н е н ақыл бер-

мекшімін (Калинин). Негізгі сөздер мен осы демеулердің тіркесі сөй-лемде айтылған ойдың бағытын, бағдарын білдіреді.

 

Анықтауыш

 

Анықтауыштар сөйлемнің есімнен болған басқа мүшелерін анықтайды да, соғаң қатысты болады. Мысалы: С ә л д е л і кісі ернін анда-санда бір қимылдатып ұзақ отырып, жұрттың қары талған кезде алақандарын маймитып әкеп бетін сипады (Мұқанов). Анықтауыштың мән-мағынасы да сол анықталатын сөзбен бір тіркесте қарастырғанда ғана анық байқалады. Соның салдарынан, анықтауыш пен анықталатын сөз сөйлеуде де бір әуенмен, бір ғана ритмикалық топта ғана айтылады. Анықтауыш пен анықталушы сөздер тіркесінің мұндай тығыз бірлігі кейде сөйлеу практикасында олардың күрделі сөзге айнальш, қалыптасуына да негіз болатын тәрізді. Жарқабақ, қарағаш тәрізді біріккен сөздер мен Көктің көлі, Иіркөл, Талдықорган тәрізді жер-су аттары, әрине, о баста анықтауыш пен анықталушы сөздер тіркесі болғанына сөз жоқ. Дегенмен, осы ізбен анықтауыш пен анықталушы сөздер тіркесін бөліп-жаруға келмейтін бір ғана лексика-грамматикалык, единица деуге болмайды. Қазіргі қазақ тіліндегі анықтауыштар сөйлем құрамында лексикалық та, грамматикалық та дербестігі бар элемент ретінде өзіне лайық синтаксистік функцияны атқарады.

Анықтауыш қызметінде жұмсалатын негізгі сөздер — сын есім-дер. Ж а р а у, ж а т а ғ а н, қ а р а г е р ат пен қ а р а к ө к биені жетегіне алып Нұрыш келеді (Әлімқұлов). Сонымен бірге, сан есімдер де осы қызметте жұмсалуға лайық: Ат-сойылы, дайын отырған Бөкенші табынан жүз жігітті жүз боз атқа мінгізіп жіберіп, дәл күн батарда Жігітекке аттандырды (Әуезов).

Бұлардан басқа, анықтауыш қызметінде зат есімдер мен есімдік-тер, етістіктің есімге жақын топтары (есімшелер мен қимыл есімдері), т. б. сөздер де қолданылады. Бірақ ондай сөздер сөйлем, сөз тіркесі құрамындағы тұрған орыны, не арнаулы грамматикалық тұлға аркылы өздерінің бұрынғы мәнінен ажырап, сын-сапалық, тәндік мәнге ие болғанда ғана анықтауыш бола алады. Қараш пен Елеусіз қ и ы р ш ы қ жолмен шоқыта тасырлата жөнелді...Нұрша самарқау оянды да, алақанын шырағданныц сәулесіне тосып қалқалап қарады (Әлімқұлов). Саған кезкелген адам шешіліп сырын айта бермейді. Ертеңнен кешке дейін... б о с қ ы н халық ағылуда (Ахтанов).

Бірінші, үшінші, төртінші сөйлемдер құрамындағы қиыршық (зат есім), кезкелген (есімше), босқын (қимыл есімі) сөздері өздерінен соң тұрған есім сөздермен орын арқылы байланысып анықтауыштық мән алған. Егер олардың орнын өзгертіп есімдерден соң қойып айта-тын болсақ, олардың синтаксистік қызметі де өзгеріп кетер еді. Сон-дай-ақ, екінші сөйлем құрамындағы шырағдан зат есімінің анықтау-ыш қызметінде жұмсалуы да ілік жалғауына байланысты екені анық.

Анықтауыштар, негізінен, сөйлемнің бастауышын анықтайды, соның сындық сапасын, мөлшер санын, тәндік белгісін, әлде процес-суалдық ерекшелігін білдіреді: Қалиманың төркіндері бірінен соң біріне жылжып, соларда екі күн жатты (Мұқанов). Сол күні, құ-дай көрсетпесін, бір қатты боран басталып,... бар қой ығып кетіп қырылыпты... (Әуезов). Дегенмен, анықтауыштар тек қана бастау-ышқа қатысты болып қалмайды, ол есімнен болған толықтауышқа да, тіпті есім баяндауышқа да қатысты болып, солардың сындық сапасын, т. б. білдіріп тұрады.

 

Соңғы күндер көбінше домбыра алып, м ө л д і р күйлер, сұлу әндер тарта беруші еді (Әуезов). [ол] қысты күндері а у ы р жұмысқа жарамайды, (Мұқанов). Күйеуі де т ы м т ә у і р қызметкер (Ахтанов). Жүрек дірілі мен сұсы аралас е р е к ш е кескін (Ахтанов). Осы сөйлемдер құрамындағы мөлдір, сұлу, ауыр — сөздері толықтауыштарды (күйлер, әндер, жұмысқа) анықтаса, тым тәуір, ерекше сөздері есім баяндауыштарға (қызметкер, кескін) қатысты айтылып, солардың сындық сапасын білдіріп тұр.

Сөйтіп, әдетте, анықтауышты бастауыш тобына ғана қатысты деп қарайтын көзқарастың мызғымас заң бола алмайтындығы көрініп отыр. Қазіргі қазақ тілінде анықтауыштың сөйлемдегі орынын анықталатын сөз ыңғайында ғана айқындауға болады. Ол анықтала-тын сөздің ыңғайымен бірде сөйлемнің басқы позициясында келсе, бірде орта шенінде, бірде тіпті сөйлемнің соңғы бөлімінде де жұмса-луы мүмкін. Сонымен анықтауыштың сөйлемдегі мәнін жалпы сөй-лем құрамының ерекшелігінен қарастырмай, анықтауыш — анықта-лушы сөз байланысы тұрғысынан қарастырғанда ғана айқын түсіну-ге болады.

Сөйлем құрамында бір сөзге бірнеше анықтауыштар қатысты бо-лып, бірыңғай анықтауыштар қатарын құрады: Олар автобустан түсіп, т ө р т қ а б а т т ы ш о м б а л, сүр үйге қарай бұрылды (Әлімқұлов). Мұндай бірыңғай анықтауыштардың ішінен сапалық, тұрақты сынды білдіретіндері анықталатын сөзбен іргелес келіп, арасына сөз салмай байланысады да, қалғандары алшақ тұрып байланыса береді. Әдетте, анықталатын сөзден ең шеткері тұратын-дар есімшелерден болған анықтауыштар.

Кейде іргелес тұрған анықтауыш пен анықталатын сөз біртұтас грамматикалық топ болып ұғынылады да, басқа анықтауыш сол грамматикалық топқа тұтас қатысты болып соны түгелімен анық -тайтын болады. Жоғарыдагы төрт жігіт Қодар денесін қаумалап, ілгерлі-кейінді толқытып тұрып, бір кезде тастап жіберді. Болыс өзі мен маңындағы атшабар, старшындарының аттарынан құрастырып төрт пәуескені екінді кезінде зорға жүргізді (Әуезов). Бірінші сөйлемдегі жоғарыдағы анықтауышы төрт жігіт тіркесін тұтасымен анықтап тұр. Сондай-ақ, екінші мысалдағы өзі мен маңындағы дейтін анықтауыштық тіркес атшабар, старшындары-ның аттарынан дейтін анықтауыштар мен анықталушы сөз тіркесіне тұтас қатысты айтылған. Мұндай анықтауыштар есімнен болған мүшені әр түрлі жағынан сипаттайтын болады. Сонымен қатар, бір ғана анықтауыштың екі, я үш түрлі анықталушы сөзге қатысты айтылуы да кездеседі: Сипағанда талғамай сипаса, инесін қадарда екі сирақтағы жара мен жарықты тауып алып қадайды (Мүсірепов). Міне, осының салдарынан өткен жылы қаладағы базалар мен қоймаларда көп товар жатып қалды (газеттен).

Анықтауыш пен анықталушы сөз арасындағы қатынастың мұн-

дай ерекшеліктері тек қана сөйлем құрамында болуы мүмкін. Бұлар сөз тіркесі аясына сыймайтын, сөйлемнің ритмикалық заңдылықта-рынан ғана туатын құбылыстар.

Анықтауыштар құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі болып келеді. Бір ғана сөзден жасалған анықтауыштар дара болады. Көңілдегі жел осылай басылды, бірақ ә л і т ө з і м д і, қ а й ы с п а с ерлік келген жоқ (Ахтанов). Екі я үш сөзден, сөздер тіркесінен жасалғандар күрделі анықтауыш болады. Аспанды қ а р а қ о ң ы р бұлт торлап алды... Ең шетіне б а р м а қ басындай май қойыпты. Ж а л ғ ы з-ж а ры м әйелдер, балалар тұра қалып, поезға қол

74

бұлғайды (Ахтанов). Күрделі анықтауыш жасайтын сөз тіркестері бөліп-жаруға келмейтін лексикалық единица есебінде ғана ұғынылады. Күрделі анықтауыштардың бірнеше жасалу жолдары бар. Солардың басты, негізгілері мынау:

1) Екі негізгі сын есімдердің өз ара тіркесіп барып басқа бір мү-шеге анықтауыш болып қолданылуы: Аспанды қ а р а қоңыр бұлт торлап алды. (Ахтанов). Астындағы қойшылар мінген қ а - р а к е р бесті үсті-үстіне ұрып отырмаса кейін қалып қоя береді (Майлин). С е ң г і р-с е ң г і р таулардан секіріп алып жөнелді (эпос);

2) Негізгі сын есім мен қатыстық сын есім тіркесі: Сұңғақ б о й- лы, к е ң жауырнды,... к е ң м а ң д а й л ы,,.. шолақтау дөңес мұрынды,...сүйірлеу иекті, толық мойынды, аршын т і к д е- н е л і Байжан жолыққан сайын Гүлнардың құмарлығын арттыра түсті (Мұқанов). Күрделі анықтауыштардың бұл тобының жасалуындағы мына бір ерекшелікті атап айту керек: ең әуелі негізгі сын есім мен зат есім тіркесі барып құралады да (кең маңдай, аршын тік дене, сүйірлеу иек, кең жаурын т. б.) сөйлем кұрамында басқа бір есімнен болған мүшеге қатысты болудың салдарынан барып, тіркестің соңғы компоненті — зат есім сын есімдік қосымшаны қабылдайды. Сөйтіп, алдыңғы сын есім (тіркестің бірінші компоненті) туынды сын есімнің (тіркестің екінші компоненті) анықтауышы болады да, оның өзі (туынды сын, есім — екінші компоненті) есімнен болған мүшемен тікелей байланысады. Мұндай анықтауыштардың анықталатын мүшемеи байланысын шартты түрде сатылы байланыс деп айтуға болар еді: кең —► маңдайлыжігіт. Күрделі анықтауыштардың бұл тобы қазіргі әдеби тілімізде кең жайылған құбылыс;

3) Негізгі сөздер мен көмекші есімдер тіркесі сын есім тудыратын -ғ ы\\-г і жұрнағын қабылдау арқылы күрделі анықтауыш болады: Т а ң алдындағы мұнар мен қалғыған Көкшетаудың биігінің басына қарап тұрды (Сейфуллин)... Екінді әлетінде тұрып далаға шықсам, ауылдың с ы р т ы н д а ғ ы белесте ішінде Қажыбай ақсақал бар бірталай адам сөйлесіп отыр екен (Майлин). Ү й ішіндегі үлкендер бала мінезіне сүйсініп қалды (Әуезов).

-ғ ы\\-г і жұрнағы арқылы негізгі, не туынды сын есімдердің зат есіммен тіркесі күрделі анықтауыш болады: Ж е л с із түндегі үнсіз ауаны қақ жарып ақырған отарбаның дауысы, жұмсақ, әдемі тынық түнде маужыраған, қалғыған төңіректі селк еткізді (Сейфуллин). Сілтеу есімдігі мен зат есім тіркесі де осы тәсілмен күрделі анықтауыш болады: С о л күнгі ауаның райы да әлі күнге есімнен қалмайды (Сейфуллин). Сан есімдер мен зат есімдер тіркесі де -ғ ы\\-г і аффиксі арқылы күрделі анықтауыш қызметінде жұмсалады: Е л у қадам жердегі нәрсе, қара-құра, завод үйлері көрінбейді (Сейфуллин). Осы ізбен күрделі сан есімдер де күрделі анықтауыш болады: Жұрттың он а л т ы д а - ғ ы баласы кісіге жалданып, я үйінде кәеіп етіп әке-шешесін асырап отыр (Майлин). Кейде қимыл есімдері де -ғ ы/-г і аффиксі арқылы (-дағы/-дегі) өз айналасына топталған сөздермен бірге күрделі анықтауыш бола алады: Жарыс озаттарының.. ө н -д і р і с резевтерін т о л ы қ пайдаланудағы тәжірибесін іліп әкетіп, бүкіл жұртшылыққа тарата білу керек («Соц. Қаз.»). -ған, -атын тұлғалы есімшелер мен зат есімдер тіркесі де –ғы // -гі аффиксі арқылы сол қызметте жұмсалады: Өткен түнгі оқиға оның есінен шықпай қойды (газеттен);




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-07-02; Просмотров: 728; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.03 сек.