Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 2 страница. 22 мемлекет лизингтік қызметті қолдау арқылы, мысалға салық жеңілдіктерін инвестициялауды қаржыландыруға




22 мемлекет лизингтік қызметті қолдау арқылы, мысалға салық жеңілдіктерін инвестициялауды қаржыландыруға бюджеттік шығындарды айтарлықтай азайтады. Әсіресе шағын кәсіпорын лизингті пайдалану арқылы өз кәсіпкерлік қызметінің дамуы, қосымша жұмыс орындарының ашылуына және тағы сол сияқты көптеген әлеуметтік – экономикалық мәселелердің шешілуіне ықпалын тигізеді.

 

б) лизинг алушы үшін.

23 тиімді, рентабельді жобасы бар кәсіпкер бірденнен көп көлемді қаржы шығындамай құрал жабдық алып, өз өндірісін бастауға мүмкіндік береді.

24 кәсіпорын мүлкіне салынатын салықты азайтады, яғни алынған мүлік жалгерлік мерзімі бітпегенше көп жағдайда жалға берушінің балансында тіркеледі.

25 ҚР «Қаржы лизингі туралы» заңына сәйкес барлық жылжымалы мүлік құралына жататын, лизинг обьектісі болып табылатын (негізгі құралдардың активті бөліміне қатысты) 3 коэффицент бойынша негізгі құралдарға жеделдетілген амортизациялық әдіс қолдануға рұқсат етілген.

26 лизинг алушының бухгалтерлік есебі жеңілдетіледі.Өйткені негізгі құралдар бойынша амортизациялық аударым, салық төлеу және қарызды басқару есебі лизингтік компаниямен жүргізіледі.

27 келісім шартта қарызды өтеудің ыңғайлы және икемді схемасын қарастыруға болады.

28 жоғарыда аталғандарға қоса банктегі лизинг алушының жағдайын қарастырайық. Бұл банк үшін тиімді, өйткені банк балансы жеңілдетіледі, ал ол өз кезегінде банктің экономикалық көрсеткіштерінде оң өзгерісті көрсетеді. Мысалға аяқталмаған өндіріс құны лизингке алғанда бірте-бірте өз құны құрамына енгізіледі де, ал ол «капитал» категориясына кері әсер етпейді.

в) лизинг беруші үшін.

29 лизингтік компания инвестор сияқты капиталға салған салымы үшін лизингтік кіріс алады. Мұнда тәуекелдік әдеттегі несие беруге қарағанда төменірек болады.

30 төлемдер толық өтеліп біткенше лизинг беруші заңды иесі болып табылады. Төлемді төлеу тәртібі бұзылған жағдайда құрал жабдықты қайтарып алуға құқығы бар.

31 лизинг алушының банкроттық жағдайында да лизинг берушінің құрал жабдықты қайтарып алып, өз міндеттемелерін өтеуге болады.

32 лизинг беруші лизинг алушыға ақшалай қаражат бермейді, оған бақылау жасау мүмкіндігі төмен. Керісінше оған тікелей өндіріс құралдарын береді.

33 қаржылық лизинг (3 жылдан кем емес) арқылы алған кірісіне салық төленбейді.

34 лизинг беруші кеден баждарын төлеуден босатылады, ҚР территориясына алыпкелінетін лизингке беру мақсатындағы құрал жабдықтар салықтан босатылады.

г) лизингтік мүлікті сатушы үшін.

35 лизинг дамуына тек лизинг алушылар ғана емес, сонымен бірге ірі өндірушілер де мүдделі, өйткені лизинг арқылы олардың өнімдерін өткізу нарығының шығындары кеңейіп жатыр. Лизингке берілген құрал жабдықтың бөлшек құралдарын сату арқылы, оларды жөндеу, модернизациялау жұмыстары арқылы кіріс көбейеді.

Сонымен қатар лизингтің обьективті кемшіліктері бар. Олардан келесілерді атап көрсетуге болады:

36 Инфляцияның елеулі өзгерісі жағдайында лизинг алушыға құрал жабдықты қалдық құн боиынша стып алу тиімсіз болуы мүмкін.

37 Қаржылық лизингті алғанда ҒТП нәтижесінде моральді тозуы мүмкін, бірақ лизингтік төлемдер келісім шарт мерзімі біткенше төленеді.

38 Лизингтік келісімге қатысушылар санының көп болуы лизингтік операцияны ұйымдастыруда қиындық туғызады, яғни әкімшілік шығындар мен лизингтік келісімді дайындауға кететін уақыт шығыны.

39 Лизинг берушіге құрал жабдықтың моральді тозу тәуекелі жүктеледі(әсіресе лизингтік келісім мерзімі оның амортизациялық мерзімінен аз болса), ал лизинг алушы үшін лизинг арқылы алған мүлік құны оны сатып алған кездегі құнынан жоғары болады.

40 Егер, лизингке алынған құрал жабдық жұмыстан шығып қалса да (бұзылу, сыну) лизингтік төлемдер толығымен төленеді.

41 Банк кредитімен салыстырғанда лизингтің қымбаттылығы. Бұл жағдайды былай түсіндіруге болады, яғни лизинг беруші жоғары комиссиондық төлем алады, өйткені оған берілген негізгі құралдың тозу тәуекелі жүктеледі. Сонымен бірге лизинг алушы келісімді бұзған жағдайда ескірген құрал жабдықпен қалу тәуекелі де бар. Ал ескірген құрал жабдықты екінші рет лизингке беру мүмкіндігі төмен.

1.4. Қазақстан Республикасында лизингтік қатынастарды нормативтік –құқықтық реттеу

 

Лизинг пайдаланудың тиімділігінде оның нормативтік – құқықтық базасы айтарлықтай роль ойнайды, яғни олар: лизинг механизмі, бухгалтерлік есеп жүесі, салықтық жеңілдіктер деңгейі.

ҚР лизингтік қатынастарды реттеудің нормативтік – құқықтық базасы келесілерді қамтиды:

1) Азаматтық – құқықтық реттеу:

42 ҚР Азаматтық кодкесі.

43 ҚР «Қаржылық лизинг туралы» заңы.

44 ҚР «ҚР қаржы лизингі туралы заңына кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы.

2) Салықтық реттеу:

45 ҚР Салық кодексі.

46 ҚР Үкіметінің «Лизинг беруші мен шет елден әкелінетін, яғни импортталатын құрал жабдықтың (қаржылық лизингке беру мақсатында) немесе негізгі құралдарды қосымша құн салығынан босатылатындардың тізімін бекіту туралы қаулысы.

3) Кедендік реттеу

4) Лизингтік операциялардың бухгалтерлік есебінің қағидалары.

Лизингтік қатынастарды реттеуде, оның құқықтық базасының дамуында 2004 жылы үлкен өзгерістер жасалды.

Ол біріншіден ҚР Салық кодексі және Қаржы лизингі туралы заңға 2004 жылы 10 наурызда енгізілген өзгерістер мен толықтырулар. Нәтижесінде Қазақстан әлемдік станарттарға жауап беретін, лизингтің дамуына жол ашатын заңға өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер мен толықтыруды енгізуді талқылауға атсалысқандар: Қазақстан қаржыгерлер Ассоциациясы, Ауыл шаруашылық министрлігі, ҚР парламентінің Аграрлық комитеті, сондай-ақ Қазақстанның лизингті дамыту қоры.

Қазақстанның жеке меншік секторын лизингтік қатынастарға ынталандыруға бағытталған пресс-конференцияда 2004 жылдың 26 ақпанда өткен Қазақстан Қаржыгерлер Ассоциациясы кеңесінің жетекшісі Сембаевтың айтуы бойынша қабылданған жаңа заңдық актілер мен өзгерістер бұрынғы Кеңес Одағы елдері ішіндегі ең икемді болып табылады.

Нәтижесінде негізгі құралдарға жасалған инвестиция құрамында лизингтің үлесін дамыған елдердегі көрсеткішке жеткізеді. Қазіргі лизингтің құқықтық базасы өзіне қаржылық лизингтің дәстүрлі анықтамаларын қамтиды. Қаржылық есептің халықаралық стандарттары мен қабылданған жіктелу белгілеріне жауап береді.

Әлемдік банк институттың(International Finance Corporation) жорамалы бойынша 2004 жылы лизингтік инвестиция Q 170 млн.$, ал 2006 жылы 550 млн. $ жетеді дейді. Аталған өсулердің барлығы қабылданған заң мүмкіндігіне байланысты.

Лизингтік заңдылықа енгізілген толықтырулардың маңыздылығы:

47 қаржылық есептің халықаралық стандартарына жауап беретін лизинг анықтамасы.

48 қаржылық аренданың алғашқы 36 ай мерзімінде лизинг мүлігін талап еткен жағдайда салықтық жоғалтудан қорғау.

49 бір клиенттен екінші клиентке құралдарды қайта жалға беру мүмкіндігі

50 сублизинг пен қайтарымды лизингтің анықтамаларын нақтылау.

51 қарапайымдылығы, лизинг алушыдан құралдарды талап етудің соттық емес, қарапайым тәртібі.

Қазақстанда лизингті дамыту бағдарламасының жетекшісі Амангелді Омаровтың айтуы бойынша жаңа қабылданған заңның ең маңыздысы лизинг анықтамаларының өзгеруі, лизингтің пайдалану аясын кеңейтеді.

Заңның бұрынғы редакциясы бойынша аренда қаржы лизингі бола алады егер, бір мезгілде екі талапқа жауап берсе. Олардың ең бастысы қаржы лизингінің мерзімі алынған құрал жабдықтың пайдалану мерзімінің 80 %-нан асуы қажет. Лизинг мерзіміндегі минималды шектеу еліміздегі лизингтің дамуындағы кері жақтары еді.

Мысалға ҚР қабылданған амортизация нормасы бойынша компьютердің пайдалы қызмет ету мерзімі 10 жыл, онда лизинг мерзімі 8 жыл болуы керек. Ал бұл лизинг алушыға да лизинг берушіге де тиімді емес. Физикалық тозудан бұрын моральдік тозып кетеді. Тағыда ұқсас жағдай ғимарат лизингісінде, мұнда лизинг мерзімі 40-50 жыл болуы керек, ал ондай кең көлемді инвестициялар біздің елде кең көлемді жұмыс жасап жатқан жоқ. Жаңа редакция бойынша бұл шектеулер алынып лизингтің мерзімі минималды 3 жыл болып өзгертілді.

ҚР «Қаржылық инвестициясы туралы» заңына сәйкес келісімге қатысушы кәсіпкер, жеке тұлғалар және заңды тұлғалар бола алады. Лизинг беруші – бұл лизинг келісіміне қатысушы, яғни өз қаржысына немесе тартылған қаржысына құрал жабдық сатып ала отырып, оны келісім шарт негізінде лизинг алушыға береді. Бір лизинг келісімінде лизинг беруші бір мезгілде оның екінші қатысушысы бола алмайды. Сатушы болса бір мезгілде лизинг алушы ретінде де қатыса алады (қайтарымды лизингте).

Лизинг алушы – лизинг келісімінің қатысушысы, кәсіпкерлік мақсатта келісім шарт негізінде құрал жабдықты лизингке алушы. Келісм шарт бойынша құрал жабдықты лизингке беру үшін мына үш жағдайдың бір немесе бірнешеуіне жапуап беруі қажет.

Біріншіден, негізгі құралдарды лизингке алушының жеке меншігіне беру немесе сол негізгі құралдарды лизинг келісім шартында белгіленген бағамен алуға құқығын беру.

Екіншіден, қаржылық лизинг мерзімі негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің 75 %-нан жоғары болуы тиіс.

Үшіншіден, лизинг төлемдерінің ағымдағы құны толық лизинг мерзіміндегі негізгі құрал құнының 90%-нан көп болуы тиіс. Лизинг затына заң бойынша ғимарат, құрылыс, көлік, құрал жабдық, инвентарьлар, жер учаскелері және тағы да басқа тұтынылмайтын заттар жатады. Құнды қағаздар мен, табиғи ресурстар лизинг затына жатпайды. Сондай-ақ толықтыруда лизинг түлеріне де өзгертулер енгізілген. Ескі редакция бойынша келесідей түрлерге жіктелген.

1) Қайтарымды лизинг – бұл лизингтің бір түрі, мұнда сатушы лизинг затын лизинг берушіге сатады, мүлікті лизинг алушы ретінде өзіне қайтару талабымен.

2) Банктік лизинг – мұнда лизинг беруші ретінде банк болады.

3) Толық лизинг – ағымдық техникалық жөндеу жұмыстары лизинг берушімен жүргізіледі.

4) Таза лизинг – ағымдағы техинкалық жөндеу жұмыстары лизинг алушымен жүргізіледі.

Толықтыруда жаңадан тағы да мынадай түрлер енгізілді:

1) Қайтара лизинг – лизингтің бір түрі, келісім шарт уақытысының бітуімен немесе оны тоқтатумен байланысты лизинг затын лизинг беруші меншігіне қайтару.

2) Сублизинг – бұл лизингтің түрінде алынған құрал жабдықты лизинг алушы (сублизинг беруші) үшінші жаққа береді(сублизинг алушыға) кәсіпкерлік мақсатта уақытша пайдалануға. Сублизинг келісім шартымен, әр айда төлем төлеу міндеттемесі мен уақытша пайдалану құқығымен.

Сондай-ақ лизинг келісім шартының бұзылуы немесе уақытының бітуі, сонымен бірге лизинг алушының банкроттық жағдайында лизинг затына иелік ету құқығы да өзгеріске ұшырады. Лизинг алушы банкроттық немесе жойылу жағдайында лизинг затын қайтаруы тиіс. Бұл жағдайда лизинг затына арест салуға, конфискелеуге жол берілмейді.

Сонымен заңға енгізілген толықтырулар қайтарымды, қайтара, сублизинг және т.б. сұрақтарға нақты жауап береді.

Лизинг заңнамаларында жасалған оң өзгерістерге қарамастан мүдделі жақтар(лизингтік компаниялар, банктер мен инвесторлар) лизинг дамуына кері әсер ететін факторларды жою мақсатында, заң шығарушы органдармен жұмыс жасауды көздеп отыр.


2. «Алекс» ЖШС –ң шаруашылық қызметін және лизинг пайдалану тиімділігін талдау

2.1. Қазақстандағы лизинг дамуының қазіргі жағдайына талдау

 

Қазақтанда лизингтің қалыптасуы мен дамуының 15 жылдық тарихы бар. Оны біз келесі этаптарға бөліп көрсетуімізге болады.

Бірінші этап (1989-1992). Ішкі нарықта лизингтің туылуы. Бұл кезде көптеген лизингтік компаниялар құрылды. Олар бір реттік тәртіппен көп көлемде лизингтік операциялар жасады. Олар «КРАМДС – лизинг» 1989ж., «Казтех лизинг» 1990ж., «Инвестлизинг», «Техника Лизинг», Туран банктің еншілес кәсіпорны «Туранлизинг» 1991ж. және т.б.

Атап кететін жайт Қазақстан лизингінің дамуы еуропа құрылымымен ұқсас. Еуропадағы сияқты Қазақстанның да алғашқы лизинг компаниялары жобаларды қаржыландыруға артық қаражаттары бар банктерде құрылды. 1992 жылдың орта кезінде Қазақстанда коммерциялық банк құрамында 120 лизингтік компания және 20-ға жуық лизинг фирмалары жұмыс жасады.

Олар келесі бағыттар бойынша лизингтік қызмет көрсетті:

Аймақтық көтерме делдалдық кәсіпорындар мен компаниялардың және облыстық, аудандық агроөнеркәсіптік кешеніндегі жабдықтаушы кәсіпорынның пунктерінің иелігіндегі техникалық құралдарды уақытша пайдалануға беру.

Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары.

Шет ел фирмалары мен біріккен кәсіпорын, сондай -ақ шет елдік компанияның халықаралық экспорт импорт және т.б. Бірінші этапта лизингтік компанияның негізгі клиенттері болып корпоративті кәсіпорындар жатады.

 

Екінші этап (1992-1994). Қазақстан эконмикасындағы қолайсыз жағдайдың туындауына байланысты лизингтік қызметке қысымның болуы. 1992 жылғы жаппай ырықтандырудың, баға еркіндігінің нәтижесінде гиперинфляция жағдайында көптеген маманданған лизингтік кәсіпорындар өз қызметтерін тоқтатты немесе делдалдық саудаға көшті.

Үшінші этап (1995-2000) – қазақстандағы лизингтік бизнесті мемлекеттік қолдау, ынталандыру, яғни лизингтік қызметтің жандану, инфрақұрылымның кең көлемді дамуы 1995 жылдан бастау алды. Тұрақты лизинг компаниялары құрыла бастады. Мұндай нәтижелер ҚР Үкіметімен қабылданған «лизингтік қатынастарды реттеу» туралы құқықтық – нормативтік актілер есебінен болды. Олардың негізгісі 1994 жылы қабылданған №266 «Шетел инвестициясы» туралы заңы. Онда отандық нарықта лизингтік қатынастардың дамуына мемлекет жағынан қолдау көрсету жағы қарастырылған. Негізгі бағыты болып, ауыл шаруашылық техниаксы нарығы болды. 1995 жылы Америкалық және Батыс Германиялық фирмалар мен ауыл шаруашылық техниаксын алуға қол жеткізілді.

1995 жылы лизинг бойынша өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптерге қызмет көрсететін «Азия лизинг» аймақтық компаниясы құрылды.

Сондай –ақ ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі жанынан лизингтік қор құрылды. «Кең Дала» АҚ 1995ж., «Агро-лизинг» АҚ 1995ж., «Cenral Asia Leasing» БК 1997ж., «КазАгроФинанс» 1999ж. 100% мемлекеттік қаржыландыруымен. Лизингтік операциялардың басым бөлігі мемлекеттің қаржыландыруымен жасалды. 1996-2000 ж.ж. лизингтік операцияларға мемлекет есебінен 4,5млрд. тенге қаржы жұмсалған. Лизингтік операцияларға мемлекеттің қатысуының оң және теріс жақтары болды.Оң жағы пайыздық ставканы төмендетсе(36-40 %-дан 12-15 %-ға), теріс жағы бақылау сапасын төмендетті. Техниканың негізгі бөлігі қайтарымдылығы төмен ауыл шаруашылығы ұжымдарына берілді. Олар облыстық әкімшіліктердің заңдық құқығы жоқ кепілдіктермен берілді. Жаппай қайтарымсыздықтың нәтижесінде мемлекеттік лизингтік қор таратылып, оның қызметі мемлекеттік қаржы –лизингтік компаниясы «КазАгроФинанс» ЖАҚ берілді.

2000 жылы 5 шілдеде қабылданған «Қаржылық лизинг» туралы заң лизингтік қатынастардың дамуының төртінші кезеңі банктік этаптың дамуының бастамасы болды. Бұл қабылданған заңда лизинг алушы, лизинг беруші, жабдықтаушы (сатушы) құқықтары мен міндеттері нақты көрсетілген. Лизинг алушының құқығын қорғауға көп көңіл бөлінген.

Қабылданған заң көптеген банктерде еншілес лизингтік компаниялардың ашылуына түрткі болды. Статистикаға жүгінсек 2000 жылы жасалған лизингтік келісімдердің басым бөлігі әлі де мемлекеттің үлесінде, яғни мемлекет 100% қаржыландыруымен құрылған компанияларда. Бұл компаниялар Үкіметтің ауыл әлеуетін көтеру мақсатында құрылған еді. Жаңа қабылданған заң еліміздің алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері мен лизингтік компанияларының құрылуына ықпал жасады. 2000-2003 жылдары 9 лизингтік компания құрылды. Бұл этаптағы негізгі оқиға – 2003 жылы қаңтарда құрылған АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (ЮСАИД) мен Халықаралық қаржы корпорациясының бірлескен «Қазақстандағы лизингті дамыту» бағдарламасы. Аталған бағдарламаның мақсаты еліміздегі шағын және орта бизнеске лизинг арқылы инвестиция алуына мүмкіндік жасау және олардың қатысуымен жасалатын лизингтік келісімдер көлемін арттыру.

Халқаралық қаржы корпорациясы лизингтік қатынастарды дамытуда дамушы және дамыған елдерде көшбасшы болып табылады. Ол 35 елде лизингтік қатынастардың дамуына көмек көрсетіп, 30 жылда 50 елдің лизингтік секторына 1млрд. АҚШ доллар қаражат жұмсаған.

Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстанның лизингтік даму бағдарламасы келесілерді қамтиды:

лизингтің құқықтық – нормативтік базасын талдау, жетілдіру.

лизингтік қызмет нарығы қатысушыларын, банк мамандарын, лизингтік компания мамандарын оқыту және лизинг алушы кәсіпорындарға кеңес беру.

шет елдік те жергілікті де инвесторлармен байланыс орнату.

Лизингтің артықшылықтарын түсіндіре отырып, БАҚ арқылы жариялау, түсіндіру.

Бағдарламаға қолайлы құқықтық жағдай туғызу үшін мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жұмыс жасау керек. Шет елдік инвесторлар мен жергілікті кәсіпорындарға түсіндіру, кеңестік жұмыстар, қаржылық институттар мен жеке компанияларды оқыту үшін кең көлемді білімдік компаниялар жүргізу керек. Мамандардың бағалауы бойынша Халқаралық қаржылық корпорациясы 2003 жылы Қазақстанның лизингтік компаниясымен бірге 440 лизингтік келісімді қаржыландырған, ол 2002 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Келісімдердің жалпы құны 84 млн. $ құрап, оның 70 % шағын және орта бизнеске жұмсалған.

Алғашқы лизиннгтік компаниялар ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында мемлекеттің қатысуымен құрылды. Лизингке берілген ауыл шаруашылығы техникасының 60 %-ға жуығы «ҚазАгроФинанс», 27 % «Астана Финанс» ЖАҚ үлесіне тиесілі болды. Сонымен бірге бұл салада Ресей ауыл шаруашылық техникасын ұсынушы «Агромашлизинг» ЖАҚ қызмет жасайды.

Ал егер тек коммерциялық лизингтік компанияларды қарастыратын болсақ, лизингке тартылған құралдар ішінде 50% көлік құралдарымен жол жөндеу техникасы құрайды. Лизингтік компаниялар сұраныс жағдайында бірінші кезекте өндірістің жоғары өтімді құралдарын қаржыландырады. Бұл лизинг берушінің тәуекелін төмендетумен түсіндіріледі. Қазіргі біздің нарықта құрал жабдық пен жабдықтаушы қазақстандық, ресейлік және шет елдік компаниялар жұмыс жасауда. 2004 жылдан бастан Қазақстан Республикасының лизингтік дамуы 5 этабына көшті. Бұл дегеніміз кешенді қайта қарау, яғни лизингтік заңдарды жетілдіру.

Еліміздегі лизингтік компанияларының басым бөлігі Алматы қаласында орналасқан: Альфа Лизинг, Альянс Лизинг, АТФ лизинг, БТА лизинг, Казтранслизинг, Медикал лизинг Груп, Нуринвест.

Агромашлизинг, Астана –Финанс, Зерновая, КазАгроФинанс лизингтік компанияларының басты офистері Астанада орналасқан.

Еліміздегі лизинг компанияның көбеюі лизингтік индустрияның нақты дамуына және ауыл шаруашылығы мен шағын кәсіпкерліктің дамуына мол жағдай жасайды.

Лизингтік қызметтің негізгі тұтқалары болып отын энергетикалық, металлургиялық, көлік, сауда, ауыл шаруашылығы салалары жатады.

2004 жылы лизингтік келісімдер көлемін 2-есеге көбейтуді көздеп отыр. Аталған компаниялардың негізгі талап ететін заңдық және бухгалтерлік құжаттары жалпы ұқсас, бірақ кейбір ерекшеліктер бар: аванстық төлемнің көлемінде, пайыздық ставкаларында, лизингтік обьектінің минималды және максималды құнының көлемінде.Көпшілік компанияларда лизингтік келісімдер 40-350 мың $-ға дейін түрленуі мүмкін, ал бірқатар компаниялар ірі келісімдерді (2-4 млн.$ дейін) қаржыландырады. Лизингтің жылдық пайыздық ставкасы 18-22 % құрайды. Аграрлық саланы қолдау мақсатында мемлекеттік субсидия алатын кейбір компаниялар, ауыл шаруашылық секторы үшін біршама төмен ставкалар қолданылады. Халықаралық қаржы корпарациясының жорамалы бойынша лизингтік нарықтың кеңеюі коммерциялық лизингтік компаниялардың жылдық пйыздық ставкаларын 15-17% дейін төмендетеді. Яғни Ресейлік лизингтік ставкаларына сәйкес келеді. Халықаралық қаржы корпарациясының жүргізген зерттеуі бойынша 2006 жылы Қазақстанның лизингтік секторы кеңейіп 500-600 млн. $-ға көбейеді деген жорамал бар. Лизингтік нарықта көптеген жаңа компаниялар құрылып, банктер лизингтік келісімдерді тікелей қаржыландыра бастайды. Қазақстанның лизингтік саласының дамуы басқа Орта Азия елдерінің көрсеткіштерінен кем емес, тек жасалған лизингтік келісімдер көлемі бойынша Өзбекстаннан кейінгі орында. Бұрынғы постсоциалистік елдермен салыстырғанда еліміздің заңдық актілері лизингтің дамуына қолайлы болып табылады. Соңғы жылдары қабылданған заңдық актілер мен енгізілген өзгерістер лизингтік қызметтің қарқынды дамуына мүмкіндік жасап отыр.

Сондай -ақ 2004 жылы 10 наурызда қабылданған №532-11 «ҚР Қаржылық лизинг туралы» заңының қабылдануына байланысты лизинг қызметінің дамуында жаңа серпіліс туындады. Лизингтік қызметті құқықтық қамтамасыз етуіміз қажет, бірақ ол лизингтің дамуына толық жағдай болып табылмайды. Лизингтік сектордың жалпы қалыптасып, дамуы ол жұмыс істейтін экономиканың жағдайына байланысты. Бірінші кезекте шағын және орта бизнесті қаржыландыратын қаржы институттарына тәуелді. Соңғы жылдардағы экономикалық өсу жағдайында Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту мен инвестициялаудың ең тиімді механизмі болып табылады. Қазіргі уақытта лизингтік компаниялардың алдында өз портфельдерін барынша көп қатысушыларға бөліп беруі қажет, шағын және орта бизнесті қаржыландыруы керек, ал ол өз тәуекелінің төмендеуіне көмектеседі. Қазақстанның лизингтік қызмет нарығының дамуының айтарлықтай жоғары потенциалы бар. Лизинг икемді және жоғары пайдалы экономикалық тетік, яғни еліміздің басымды салаларына инвестиция тарту құралы, отандық өндіріс дамуын, шағын бизнеске қолдау көрсету және коммерциялық банктер үшін сенімді кіріс көзі болып отыр.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 912; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.