Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 3 страница. Азаматтық –құқықтық реттеу.ҚР лизингтік операцияларын азаматтық құқықтық реттеу




 

Азаматтық –құқықтық реттеу. ҚР лизингтік операцияларын азаматтық құқықтық реттеу 1999 жылы қабылданған. Азаматтық кодекстің 29 бабы «Мүліктік қарыз» бойнша және 2000 жылы шілдеде қабылданған ҚР «Қаржылық лизинг» туралы заңымен реттеледі. Азаматтық кодекске 2004 жылы 18 наурызда өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Лизинг анықтамасы. Заңға сәйкес қаржылық лизинг (бұдан былай лизинг) – инвестициялық қызметтің бір түрі, лизинг беруші сатушыдан жабдықты лизинг алушыға кәсіпкерлік мақсатта уақытша пайдалануға 3 жылдан кем емес және белгілі бір төлем негізінде. Лизинг затын келісім бойынша лизингке беру келесі талаптардың біреуіне болса да жауап беруі керек:

лизинг затын лизинг алушының меншігіне беру немесе келесім шартта белгіленген баға бойынша лизинг алу құқығын беру.

лизинг мерзімі лизингке алынған заттың пайдалану мерзімінің 75%-нан асуы қажет.

жалпы лизинг мерзімі үшін төлемдердің ағымдағы құнының 90%-нан асуы қажет.

Халықаралық лизинг. Заңда көрсетілгендей халықаралық лизинг болып табылады, егер лизинг беруші немесе лизинг алушы тұлғаның біреуі ҚР резиденті болмаған жағдайда. Халықаралық лизингті валюталық реттеу заңнамаға сәйкес, лизинг затын еліміз территориясына лизинг алушымен – ҚР резидентімен кіргізген жағдайда 100 мың $ эквиваленттен асса және 180 күннен асатын келісім жасаса, онда ҚР Ұлттық банкінде тіркеуге тұруы тиіс.

Қайтара лизинг. Заңда қарастырылғандай лизинг келісімі бұзылған немесе мерзімі біткен жағдайында, лизинг затын қайталама лизингке беру мүмкіндігі бар. Қайтара лизингке берген жағдайында, лизинг беруші сатушыны жазбаша ескертуі керек. Онда лизинг заты жаңа лизинг алушыға берілгені жөнінде және берілген уақыт мерзімі көрсетілуі тиіс. Қайтара лизингте сатушымен және лизинг заты, лизингке берушімен таңдалған болып есептелінеді.

Лизингтік төлемдер. Заңда анықталғандай лизингтік төлемдер кезеңдік төлемдер ретінде, лизингтік келісім шарт мерзіміндегі жалпы лизингтік төлемдер жиынтығын көрсетеді. Бұл төлемде лизинг затының келісім шарт жасау кезіндегі құны мен лизингтік келісім шарт 2003 жылдан бастап ҚР барлық банктері қаржылық есептің халықаралық стандарттары бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда ҚР Қаржылық жүйесі дамыған, ашық және мемлекеттің араласуынан қорғалған.

Елімізде дамыған қаржы нарығымен зейнетақы жүйесі жұмыс жасайды. Ал банктік жүйеміз халықаралық банктік қызмет стандарттарына жауап береді. 2004 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіштер бойынша еліміздегі 35 банк қызмет жасайды, оның 3 мемлекеттік және 15 шет елдік қатысушыларымен құралған. Банктердің меншікті капиталының жиынтығы 38.6% өсіп, 223,4 млрд. тенгені құраған (валюталық эквиваленті 1,5 млрд. $ асады)

Банк активтерінің жиынтығы 39,3%-ға өсіп, 1,6 трлн. тенге(валюталық эквиваленті- 10,9млрд$).

Қазақстан лизингтік қызмет нарығы 2000 жылдан дами бастады. Жасалған лизингтік келісімдердің негізгі бөлігі мемлекеттің 100 % қатысуы мен құрылған «Қазагрофинанс» компаниясына тиесілі еді. Бұл компания ауылдағы әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында «Агро азық-түлік» бағдарлама аясында Үкіметпен құрылған еді. (кесте 7 бетте)

Қазақстандық коммерциялық банктер лизингтік қызметпен айналысу үшін, бөлек лизингтік компания құру арқылы жұмыс жасағанды жөн санайды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 20 –ға жуық лизингтік компания жұмыс жүргізіп жатыр, оның 8-і жергілікті банктердің еншілес компаниялары болып табылады. Олардың үлесіне еліміздегі лизингтің 51% -дан көбі тиесілі, ал 26 % «КазАгроФинанс» компаниясының еншісінде. Негізгі құралдарға жасалған жалпы инвестицияның құрамында лизинг 1% ғана құрайды. Бұл 2002 жылмен салыстырғанда 4 есе жоғары

 

1-кесте. Негізгі құралдарға жасалған инвестиция бойынша

Көрсеткіштер жыл жыл ауытқу
+/- %
Негізгі құралдарға жасалған инвестиция млн долл. АҚШ     Инвестиция көлемі, млн долл АҚШ     Лизингтік келісім үлесі 7797,4     21,1     0,26 8449,7     85,2     1,00 652,3     64,1     0,74 108,3     4есе     3есе

 

Лизингтік келісім мөлшері орташа есеппен 2003 жылы 168,9 мың $ құраған, лизингке берілген мүліктің ең төменгі құны 1,4 мың $ болған. Ал лизингке берілген мүліктің сол кездегі максималды құны 5,873 мың $ тең болды.

Проценттік ставкалары. Атап кетуіміз керек 2003-2004 жылдары лизинг нарығында пайыздық ставкаларының төмендеуі байқалады.

2003 жылы минималды пайыздық ставкасы 13 %, ал 2004 жылы нарықта жаңа ойыншылардың көбейуі мен бұл пайыздық көрсеткіш 9 %-ға төмендеді. Сонымен бірге максималды пайыздық көрсеткіш 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы 22-18 % төмендеді.

Лизингке берілген мүлік құны мен мерзімі. Лизинг келісім мерзімдері бойынша негізінен 3-4 жылдық келісімдер жасалған(КазАгроФинанс пен Астана финанс компанияларын қоспағанда, өйткені олардың ауыл шаруашылық техникасын 6-7 жыл мерзімге лизингке берілген). 2004 жылы орташа лизингтік келісім 133,1 мың $ болып, 2003 жыл көрсеткіштерімен салыстырғанда 13% жоғарлаған. Өткен жылы лизинг затының минималды құны 500$ құраса, максималды құны 4 млн.$ болды. Лизингтік компаниялар клиент бизнесінің түрлеріне ешқандай шектеу қоймайды. 2004 жылдың соңғы көрсеткіштері бойынша лизингтік компания клиенттерінің 95% шағын және орта бизнес кәсіпорындары құрайды. Лизингтік келісімдерді негізгі қаржыландыру көздері коммерциялық банктердің кредиті лизингтік келісімдердің 85% құрайды. Ал қалған бөлігі өз қаражаттары мен қаржыланады.

Ескерту: Коммерциялық банктер өз еншілес компанияларын Ұлттық банк бекіткен шектеулері бойыша өзінің меншікті капиталының 10% көлемінде ғана қаржыландыра алады.

2004 жылы Қазақстанның 6 лизингтік компаниясы 60 млн.$ несие алған.

Лизинг саласында тәжрибесінің өсуімен ҚЕХС(МСФО)-ға өтуіне байланысты 2005 жылы таға басқа лизингтік компаниялар сыртқы нарыққа шығару потенциалды мүмкіндіктер алады.

Лизингтік операциялардың басым бөлігі Алматы қаласы мен Алматы облысындарында жасалған. Лизингтік операциялар аймақтар бойынша тең емес, аймақтық экономикалық дамуына сәйкес. 2004 жылы жағдай біршама өзгерді Алматы қаласы мен Алматы облыстарында келісімдер біршама азайған, керісінше Астана қаласы мен Солтүстік Қазақстан облыстарында көбейген.

Солтүстік Қазақстан, Астана қаласында ірі келісімдер жасалған. Оңтістік Қазақстан, Батыс Қазақстан обылыстарында келісімдердің басым бөлігі жасалған.

Лизингтік қызмет нарығында шешімін таппай жатқан мәселелер бар. 2004 жылы лизингке берілген мүліктердің құрылымында өндірістік құрал жабдықтардың үлесі өскен. Бұл өсім импорталған құрал жабдықтарға қосымша құн салығын төмендетуіне байланысты. Лизингтік компания жетекшілері айтуы бойынша импорт кезінде қосымша құн салығы салынбайтын мүліктердің тізімінде Қазақстанда қажетті позициялардың барлығы қамтылмаған, яғни шектеулі. Келесі басты мәселелердің бірі әсіресе шағын шаруа қожалықтары үшін сублизингтің дамуы.

«Қаржылық лизинг» туралы заңда сублизингті қаржылық лизингтің бір түрі ретінде нақты көрсетілген. Бірақ та қаржылық лизингтің салық заңдарының формалары толығымен сублизингті қамтымайды және оның дамуын қолдамайды.

Лизинг заты және көлік құралдарына меншік құқығын бөлу мәселесі де өзектілердің бірі. Қаржы лизингінің ерекше белгілерінің бірі, ол лизингке берілетін мүлікке меншік құқығы лизинг берушіде, ал лизинг алушыға тек пайдалану құқығы ғана беріледі. Тәжрибеде күнделікті лизинг заты болып табылатын көлік құралдарын тікелей лизинг алушыға да, лизинг берушіге де жүргізіледі. Екі вариантта да кемшіліктер бар, лизинг алушы көлік құралдарын есептен шығару тәуекелі немесе тіркеу процесінің қиындығы. Бұл мәселенің шешімі ҚР көлік құралдарымен оларға тіркемелерді есепке тіркеуге алу ережесіне өзгеріс енгізу қажет.

Лизингтік қызмет нарығының даму келешегі бүгінгі таңда қаржылық лизинг анықтамасы Қаржылық есептің халықаралық стандартына жақындаған. Сонымен бірге акционерлік компаниялардың Қаржылық есептің халықаралық стандартына (МСФО) өтуі компания жұмысы айқындылығын көрсетеді. Ал мұндай қызмет айқындылығы инвесторларды көптеп қызықтырады. Бұл аталған мәселені шешу әсіресе лизингке инвестиция тарту арқылы біз негізгі құралдарды тез жаңартуға мүмкіндік аламыз. Қаржылық лизинг шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда айтарлықтай негізгі механизмдердің бірі. Сәйкесінше лизингке сұраныс жақын жылдары жоғарлауы тиіс. Лизинтік компаниялар жорамалы бойынша Қазақстанда 2-3 жылда лизингтің көлемі 600 млн. $-ға жетеді. Бұл шамамен негізгі құралдарға инвестицияның 5% құрайды. Лизинг көлемінің ұлғаюы, дамуы лизингтік компаниялар арасында бәсекелестердің жоғарылауына, ал ол өз кезегінде лизингтік қызметтің сапасын пайыздық сыйақының төмендеуіне алып келеді. Лизингтік қызмет нарығы, инвесторлар және өндірушілер үшін де басты мәселе болып келе жатыр.

 

2.2. «Алекс» ЖШС-ң экономикалық қуатын талдау.

.

Алекс жауапкершілігі шектеулі серіктестігі негізінен минералды табиғи экологиялық таза су шығарумен айналысады. Шығарған өнімдері көптеген халықаралық сертификаттарға ие.

2-кесте “Алекс ”ЖШС-ң 2003-2004жж. Негізгі техника экономикалық көрсеткіштері

Негізгі көрсеткіштері өлшем бірлігі 2003 жыл 2004 жыл ауытқулар
  Өткізілген өнімнен түскен табыс мың тг. 6020639,0 6103870,0 83231,0 101,0
  Өткізілген өнімнің өзіндік құны мың тг. 5114009,0 4983124,0 -130885 97,0
  Жалпы табыс мың тг. 906630,0 913453,0 6823,0 100,7
  Кезең шығындары мың тг. 443919,0 421312,0 -22607,0 94,0
  Негізгі қызметтен түскен табыс мың тг. 462711,0 524744,0 62033,0 113,0
  Таза пайда мың тг. 291787,0 296563,0 4776,0 101,0
  Негізгі қорлардың орташа құны мың тг. 793210,0 1847632,0   2есе
  Қор қайтарымдылығы % 759,0 330,0 -429,0 -
  Қор сыиымдылығы % 13,0 30,0 17,0 -
  Персоналдың орташа тізімдік саны Адам 1013,0 1048,0 35,0 103,0
  Еңбек ақы қоры мың тг. 162355,5 182955,6 20600,1 112,0
  Орташа айлық еңбек ақы мөлшері мың тг. 13,4 14,5 1,2 108,0
  Еңбек өнімділігі мың.тг 5943,3 5824,3 -119,0 97,0
  Сату рентабельділігі % 4,5 4,7 0,2 -
  Өнімнің рентабельділігі % 5,7 5,9 0,2 -
  Қормен қорлану мың тг. 783,0 1763,0 980,0 2есе

 

Жоғарыда келтірілген көрсеткіштер арқылы кәсіпорынның істеп жатқан жұмыстары тиімді ме, әлде тиімсіз бе екенін анықтай аламыз. Егер тиімсіз болса, оған қандай іс шараларды жүзеге асыруға болатындығын анықтауымыз қажет. Яғни кәсіпорын қызметінің тиімсіз болуына әсер еткен факторларды жою. Осы бөлімде ең 1- кестеде көрсетілген негізгі көрсеткіштерді талдап, оның өсуі мен төмендеуінің негізгі себептерін анықтап білуге тырысамыз.

Кестені қарастыратын балсақ 2 жыл бойынша мәліметтер арасында біршама айырмашылықтардың бар екендігін байқаймыз.

Енді сол өзгерістердің себебін анықтап талдап шығуға тырысайын.

1-ші көрсеткіш - өткізілген өнімнен түскен табыс деп аталады, және ол 2003 жылы 6020639 мың тг. құраса, 2004 жылы 6103870 мың теңгеге дейін көтерілген оның себебі 2004 жылы тауар шығару келісімі ұлғайған және жаңа технологияларды қолдану арқылы өнімнің өзіндік құны төмендеп отыр.

2-ші көрсеткіш өткізілген өнімнің өзіндік құны. Базалық жылы ол 5114009 мың теңгені құраса, есепті жылы бұл көрсеткіш 49833124мың теңгеге дейін төмендеп отыр. Өзіндік құнның төмендеуінің себебі жаңа технологияларды қолдануы болуы мүмкін. Сонымен қатар шикізатқа, электроэнергетикаға кететін шығындардың төмендеуі де әсер етуі мүмкін.

3-ші көрсеткіш – бұл жалпы табыс. 2003-жылы 906630 мың теңге болған болса, 2004 жылы мың 913453 теңгеге жеткен. Базалық жылмен салыстырғанда 6823 мың теңгеге өскен. Жалпы табыстың өсуінің негізгі себептерінің бірі өнімді шығаруға кеткен шығындарды азайтуы, өткізілген өнімнен түсетін табыстың өсуі болуы мүмкін.

4-ші көрсеткіш-кезең шығындарына тоқталатын болсақ, бұл көрсеткіш есепті жылы 443919 мың теңге болған болса, базалық жылы 421312 мың теңгеге дейін төмендеп отыр. Есепті жылы шығындар 22607 мың теңгеге дейін төмендеп отыр. Оның себебі 2004 жылы әкімшілік шығындар және пайыздар бойынша шығындардың төмендеуі болуы мүмкін.

5-ші көрсеткіш – негізгі қызметтен түскен пайда. Бұл көрсеткіш бойынша есепті жылы базалық жылмен салыстырғанда пайда 1,13есе, яғни 62003 мың теңгеге өсіп отыр. 2003 жылы негізгі қызметтен түскен пайда 462711 мың теңге болса, 2004 жылы 524744 мың теңгеге жетіп отыр. Себебі табыс өсіп отыр.

6-шы көрсеткіш таза пайда деп аталады. Кестеден көріп отырғанымыздай базалық жылмен салыстырғанымызда, есепті жылы таза пайда 1,01есе өсіп яғни ауытқушылық 4776 мың теңге құрап отыр.Бұның негізгі себебі өткізілген өнімнен түскен табыс пен жалпы табыс 2004 жылы өсіп отыр

7-ші көрсеткіш – негізгі қорлардың орташа құны. Бұл көрсеткіштің сапасы 2003 жылы 793210 мың теңгені құраса, ал 2004 жылы бұл сома 1847632 мың теңгеге дейін жетіп отыр. Ауытқу 1054422 мың теңгені құрап отыр. Көрсеткіш сапасының бұлай ауытқуының басты себебі есепті жылы тиімді жоғары негізгі қорларды игеру, яғни жаңа ғылыми техналогияларға сай техникаларды сатып алу болуы мүмкін.

8-ші көрсеткіш – қор қайтарымдылығы. Базалық жылы бұл көрсеткіш 759 %-ға тең болған болса, есепті 2004 жылы ол 330 %-ды құрап отыр. Бұл жердегі ауытқу 0,43 есе төмендеп отыр. Оның себебі негізгі қорлардың орташа құнының өсуі болып табылуы мүмкін.

9-шы көрсеткіш – қор сыйымдылығы деп аталады. Бұл көрсеткіш 2003 жылы 13%-ды құраса, 2004 есепті жылы 30 %-ға өсіп отыр, ауытқу 17%-ға тең. Көрсеткішке негізгі қорлардың орташа құны мен өткізілген өнімнен түскен табыс әсер етіп отыр. Кестеде көріп отырғанымыздай негізгі қорлардың орташа құны базалық жылды есептік жылмен салыстырғанда есепті жылы ол 2,30есе өсіп отыр. Қор сыйымдылығының даа өсуіне осы себеп былуы мүмкін

10-шы көрсеткіш – қызметкерлердің тізімдік саны. Базалық 2003 жылы қызметкерлердің саны 1013 адам болды, ал есепті жылы бұл көрсеткіш 35 адамға өсіп, 1048 адамға жетті. Бұның басты себебі өндіріс көлемін ұлғайтуға байланысты жаңа еңбек күші керек болады, сонымен қатар жаңадан сатып алынған техникалар бойынша да жоғары білімді мамандар жұмысқа алынды.

11-ші көрсеткіш – еңбек ақы қоры. Еңбекақы қоры 2003 жылы 162355,5 мың теңге болған болатын, ал 2004 жылы ол 20600,1 теңгеге өсіп, 182955,6мың теңгені құрап отыр. Бұл ауытқудың басты себебі 2004 жылы кәсіпорын қызметкерлерілің саны өскен болатын. Осы көрсеткіштің еңбекақы қорының өсуіне әсері мол.

12-ші көрсеткіш – орташа айлық еңбекақы мөлшері. Есепті жылы бұл көрсеткіш 13,356 мың теңге болған болса, 2004 жылы ол 1192 теңгеге жоғарылап, 14,548 мың теңгеге дейін жетті. Бұған кәсіп орындағы ынталандыру жұмыстары көп әсерін тигізді, яғни жұмысты жақсы істеген жұмысшыға жалақы деңгейін бір шама өсіріп отырды.

13-ші көрсеткіш – еңбек өнімділігі. Базалыық жылы бұл көрсеткіш 5943,3 мың теңге болса, есепті жылы 5824,3 мың теңгеге тең болып, есепті жылы 0,97есе өсіп отыр. Бұған әсер еткен көрсеткіш – жұмысшылардың санының көбейуі болып отыр.

14-ші көрсеткіш – сату рентабельділігі болып табылады. 2003 жылы бұл көрсеткіш 4,5%-ға тең болса, 2004 есепті жылы ол 4,7%-ға төмендеп, ауытқу 0,2%-ды құрап отыр. Оның себебі өткізген өнімнен түскен табыстың өсіуіне байланысты болып келеді.

15-ші көрсеткіш - өнімнің рентабельділігі. Базалық жылы бұл көрсеткіш 5,7%-ды құраса, есепті 2004 жылы ол 5,9%-ға көтеріліп, өсу 0,2%-ға тең болды. Көрсеткіштің бұлай өзгеруіне әсер еткен факторларға жалпы табыстың өсуі мен 2004 жылы өнімнің өзіндік құнының төмендеуін жатқызуға болады.

16-шы көрсеткіш – қор қарулану деп аталады. Бұл көрсеткіш 2003 жылы 783 мың теңгеге тең болса, есепті жылы ол 2,25 есе өсіп 1763 мың теңгені құрады. Оған әсер еткен 2004 жылы негізгі қорлардың орташа құнының 1054422 мың теңгеге артуы мен қызметкерлердің тізімдік санының ұлғаюы болып табылады.

VIII. Біз жоғарыда кәсіпорынның техника экономикалық негізгі көрсеткіштерін қарастырып, талдадық. Ал енді «Алекс» ЖШС-ң қаржылық қызметін жеке-жеке талдап, есептеп көрсетейін.

 

 

I. Төлем қабілеттілік коэффиценттері:

 

Қарызды абсолютті ақша қаражаттары

жою коэф-ті =;

ағымдағы міндеттемелер

 

 

61352 58644

2003 жылы = =0,02; 2004жылы =

2809671 1020754

 

Оңтайлы мәні: 0,2-0,25

 

 

2) Жабудың (покрытия) ақша қаражаттары + қар. мін. салық + деб. мінд.

аралық коэфф-ті =

ағымдағы міндеттемелер

 

Оңтайлы мәні: 0,7-0,8

 

64325+808536

2003 жылы = = 0,3

 

 

58644 + 784483

2004 жылы = = 0,8

 

ағымдағы активтер

3) Төлем коэффиценттері =

ағымдағы міндеттемелер

 

2003 жылы = = 1,6

 

2004 жылы = = 1,8

 

3-кесте. «Алекс» ЖШС міндеттемелері бойынша көрсеткіштер

 

 

Көрсеткіштер Оңтайлымәні 2003жыл 2004жыл ауытқу
+/- %
Қарызды абсолютті жою коэфициенті 0,2-0,25 0,02 0,8 7,1 40,0
Жабдықтаудың аралық коэфициенті 0,7-0,8 0,3 0,8 0,5 20,0
Төлем коэфициентері 2-2,5 1,6 1,8 0,2 25,0

 

 

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау тек белгілі-бір уақыт аралығындағы кәсіпорынның қандай жағдайда тұрғанын ғана емес, сонымен бірге кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында тиімді басқару үшін де қажет.

1-ші көрсеткіш бойынша, яғни қарызды абсолютті жою коэффиценті бойынша көрсеткіш мәні оңтайлы емес. Себебі, 2003жылы да, 2004 жылы да көрсеткіш мәні оңтайлы мәннен төмен болып отыр.

2-ші жабдық аралық коэффиценті бойынша көрсеткіш мәні 2003 жылы 0,8-ге тең болып, оңтайлы мәнге тең болып отыр.

3-ші көсеткіш төмен коэффиценті мәні бойынша есепті жылы да, базалық жылы да оңтайлы мәннен төмен болып отыр.

 

ІІ. Қаржылық тұрақтылық коэффиценттері:

 

1) Қарыз капиталы мен мен- міндеттемелер жиынтығы

шіктік капитал қатынасы = меншікті капитал

 

 

Оңтайлы мәні: 1-ден жоғары емес.

 

2003 жылы = =1,5;

 

 

2004 жылы = = 0,5;

 

 

2) Міндеттемелер меншіктік капитал

коэффиценті =

кәсіпорын мүлкі (баланс сом)

 

 

Оңтайлы мәні; 0,7-ден жоғары.

 

2003 жылы = =0,3

 

2004 жылы = = 0,6

3) Қарыз капиталының қарыз капиталының жиынтығы

үлесі =

кәсіпорын мүлкі

Оңтайлы мәні; 0,3-тен төмен.

 

 

2003 жылы = = 0,6

 

2004 жылы = = 0,3

 

4-кесте. «Алекс»ЖШС-ң негізгі экономикалық көрсеткіштер

Көрсеткіштер Оңтайлы мәні 2003жыл 2004ж Ауытқу
  Қарыз капиталы мен меншік капитал қатынасы 1-ден жоғары емес 1,5 0,5 -1,0
  Меншіктік коэффицент 0,7-ден жоғары 0,3 0,6 0,3
  Қарыз капиталының үлесі 0,3-тен төмен 0,6 0,3 -0,3

 

ІІІ. Іскерлік белсенділік көрсеткіштері.

 

 

1) Капитал айналымының Өнімді өткізгеннен түскен табыс

жалпы коэффиценті =

Баланс соммасы

 

2003жылы = = 1,2;

 

 

2004 жылы = = 2,1;

 

2) Меншік капиталының Өнімді өткізгеннен түскен табыс




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-27; Просмотров: 815; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.1 сек.